Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
безгек.docx
Скачиваний:
30
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
46.13 Кб
Скачать

Диагностикасы.

Безгектің дифференциальды диагнозын висцеральды лейшманиозбен, іш сүзегімен, лептоспирозбен, гриппен, геморрагиялық қызбалармен, вирусты гепатиттермен, иерсениозбен жүргізеді.

Диагноз қою эпидемиологиялық анамнезге, аурудың анық клиникалық көріністеріне және зертханалық зерттеулердің деректеріне негізделген.

Эпидемиялогиялық анамнезде:

• ауру басталғанға дейін эндемиялық ошақта болу;

• ауру басталғанға дейін 3 ай бұрын гемотрансфузия, парентеральды манипуляция;

Безгектің диагностикасы безгектің инвазиялық үштігіне негізделеді:

• дұрыс интермитирлеуші қызба – дене қалтырауы, температураның жоғарлауы, терлеу;

• сарғыштану мен бірге дамыған анемия;

• спленомегалия және гепатомегалия;

Паразитологиялық диагностика клиникалық маңыздылығымен қатар, нақты диагноз қоюды қамтамасыз етеді, сонымен бірге ол эпидемиологиялық қадағалауда да үлкен орын алады. Плазмодияларды және оның түрін анықтау үшін қан препараттарын «жұқа жағындың және «қалың тамшың түрінде Романовский – Гимза әдісін қолданады. Бұл әдістер бір - бірін толықтырады. Олардың артықшылығы да, кемістігі де бар. Негізгі зерттеу әдісі болып «қалың тамшың есептеледі, өйткені бұл әдісте, «жұқа жағындығаң қарағанда, қан 30 – 40 есе көп көлемде зерттеледі, сондықтан паразитті табу мүмкіншілігі әлде қайда мол болады, әсіресе өте төмен паразитемия болғанда. Мұндай жағдай паразит тасымалдаушылық кезде жиі кездеседі.

«Қалың тамшының бекітілмеген (фиксацияланбаған) түрде бояйды, микроскоппен 100 қарау алаңын зерттейді. Плазмодияның ядросы қою - қызыл, цитоплазмасы – көгілдір немесе көк түске боялады. Безгектің барлық түрлерінде, тропикалық безгектен басқалары, “қалың тамшыда” және “жұқа жұғындыда” қоздырғыштың барлық даму кезеңдері анықталады. Тропикалық безгектің асқынбаған кезінде тек қана жас трофозойттар – дөңгелектер және 8 – 10 күннен кейін жартыай тәрізді гаметоциттер анықталады.

Эпидемиологиялық қадағалау мақсаты үшін кейбір серологиялық реакциялар – ЖИФР, ИФТ қолданылады. Қарсыдене 2- 3 ұстамалы қалтыраудан кейін анықталады. Қарсыдененің титрі 4 – 6 жұмадан кейін ең жоғарғы деңгейге жетеді. Қайта жұқтыру (реинфекция) болмаса қарсыдене титрі төмендейді және осы төменгі деңгей 2 жылға дейін сақталады. Серологиялық әдіс қан тапсырушылар (донорлар) арқылы безгек қоздырғышын жұқтыртпауды қамтамасыз етуде маңызды. ПТР – диагностикасын да пайдалануға болады, бұл әдіс өте сезімталдықпен және жоғарғы тәнділікпен сипатталады. Сызбада безгектің клиникалық - зертханалық диагностикалау алгоритмі келтірілген.

Емдеуі.

Безгектің химиотерапиясы келесі сатылардан тұрады:

І. Безгектің жедел көріністерін емдеу:

1. Препараттың табиғи топтары (хинин).

2. 4-аминохинолин туындылары: хлорохин (делагил), амодиахин (камохин), плаквинил.

3. Фоль қышқылының антогонистері: пириметамин (хлоридин), прогуанил (бигумаль).

ІІ. 3 – 4 күндік безгектің рецидивтерін емдеу (радикальды емі).

  1. 8-аминихинолин туындысы: примахин (родохин), хиноцид.

ІІІ. Асқынған безгектің емі.

Хинин, акрихин, делагил, бигумаль инъекциямен.

ІV. Безгектің дәріге тұрақты түрінің емі.

Сульфаниламидтер мен безгекке қарсы препараттар.

Фансидар – 1т.500мг сульфодоксин, 25мг пириметамин.

Метакельфин – 1т.500мг сульфален, 25мг пириметамин.

Дарахлор 1т.0,015г Дараприм (пириметамин) + 0,15 хлорахин.

Әсер ету түріне байланысты безгекке қарсы препараттар

4 топқа бөлінеді:

І. Гематошизотропты:

1. 4-аминохинолин туындысы (делагил).

2. Хинин, акрихин препараттары.

3. Фоль қышқылының антогонистері (пириметамин, прогуанил).

ІІ. Гистошизотропты:

  1. 8-аминохинолин туындысы: примахин, хиноцид.

  2. Фоль қышқылының антогонистері: пириметамин, бигумаль.

ІІІ. Гамонтоцидты:

  1. 8-аминохинолин туындысы: примахин, хиноцид.

ІV. Споронтоцидты:

  1. 8-аминохинолин туындысы: примахин, хиноцид.

  2. Фоль қышқылының антогонистері: пириметамин, бугумаль.

Асқынбаған безгектің емі.

Делагил 1 күн – 1,0г. 8сағ сайын 0,5г., 2 күн 0,5г. 1 реттен, 3 күн 0,5г 1 реттен (жедел клиникалық көріністерді үзу үшін).

Примахин 14 күндей 0,027 күніне 1 реттен (радикальды емдеу).

Асқынған безгектің емі.

Делагил 5% - 10мл бұлшық етке немесе көк тамыр ішіне (С.Д. – 30мл 5% бір реттік ерітінді) кейін ішке тағайындайды.

Бигумаль 1-ші күні С.Д. – 0,8г. (0,3-0,3-02 әр 6 сағ кейін), келесі 4 күндері. С.Д. – 0,3 бір реттік.

Акрихин – 1-ші күн – 4% - 2,5мл (0,1г) т/і, 4% - 5,0мл (0,2г) б/і

4% - 7,5мл (0,3г) б/і әр 6сағ кейін.

2-ші және 3-ші күндері 4% - 5мл (0,2г) б/і 6сағ аралығында

күніне 2 инъекция.

Хинин 1-ші күн 1. тамыр/і – 50%-1,0мл (0,5г)

2. тері астына енгізу - 50%-1,0мл (0,5г)

3. тері астына енгізу - 50%-2,0мл (1,0г)

2 – 14 күндей күнделікті тері астына – 1,0мл 2 рет (1,0г).

Патогенетикалық емі бірінші күндері оның қан тамыр өткізгіштігіне қарсы бағытталады: гормон 5мг/кг + 5% хинин (1,0) немесе 5% - 10мл (0,3) хлорохин 250мл 5% глюкоза ерітіндісі + антигистаминдік препарат.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]