Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kz-G-1-om2 / БӨҚ / ЖМ.Гистология1(Іскер.өлшеуіш құралдар).doc
Скачиваний:
77
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
882.18 Кб
Скачать

195. Нейроглия дамиды?

А) Мезенхимадан Б) Энтодермадан В) Мезодермадан Г) Жүйке пластикасынан Д) эктодермадан

196. Эмбриогенезде нейроциттердің дамуы:

А) Спонгиобласттан Б) Нейробластан В) Эпендимобласттан Г) Трофобласттан Д) Монобласттан

197. Жүйке талшығындағы остік цилиндрді құрайтын құрылым:

А) Рибосомалар Б) Митохондриялар В) Нейротубулалар Г) Нейрофиламенттер Д) Гранулярлы

198. Миелинді жүйке талшығының жүйке импульсін өткізу жылдамдығының қайсысы дұрыс:

А) 1-4 м/сек. Б) 5-120 м/сек. В) 120 м/сек көп.

199. Миелинсіз жүйке талшығының жүйке импульсін өткізу жылдамдығының қайсысы дұрыс емес:

А) 1-2 м/сек Б) 7-14 м/сек

В) 120 м/сек астам.

200. Нейроциттің цитосклеті. Барлығы дұрыс, тек мынадан басқа:

А) Микрофиламенттерден, нейрофиламенттерден және микротүтікшелерден тұрады. Б) Өсінділеріне органеллалардан тасымалдауға қатысады. В) Өсінділеріне ақуыздар мен медиаторларды тасымалдауға қатысады.

Г) Аксонда микротүтікшелердің бағытталған ориентациясы бар. Д) Дендрите микротүтікшелердің бағытталған ориентациясы бар.

201. Жүйке тінінің қалпына келу қабілеттілігі. Қайсысы дұрыс:

А) Жүйке тіні- тұрақты тін.

Б) Жүйке тіні- баяу қалпына келетін тін.

В) Жүйке тіні- жылдам қалпына келетін тін.

202. «Миелинді қабықша түзілген…»Жазылғандардың қайсысы дұрыс:

А) Жасушааралық заты тығыз, құрамында ақуыз және фосфолилиді бар.

Б) Шванн жасушасының плазмалық мембранасымен. В) Периневрияның маманданған бөлімімен. Г) Шванн жасушасының цитосклетінің элементтерімен. Д) Спиральді оралған аксон мембранасынан.

9. Эксперименте ұрықтың жүйке айдары алынып тасталған қандай структуралар дамуда бұзылады:

А) Жұлынның мотонейрондары.

Б) Симпатикалық ганглидің нейрондары.

В) Меланоциттер.

203. Механорецепторлы қызметі бар жүйке ұштығына не жатады:

А) Пашни денешігі.

Б) Гольджидің сіңірлі аңасы.

В) Бұлшықетті ұршық.

Г) Меркель жасушасының комплексі жүйке ұштығы.

11. Бос емес жүйке ұштығына жатады:

А) Пашни денешігі.

Б) Мейснер денешігі.

В) Руффини денешігі.

Г) Меркель жасушасының комплексі жүйке ұштығы.

204. Бұлшықетті-жүйке синапс.

А) Ацетилхалин-құрамы ашық синаптикалық көпіршік.

Б) Постсинаптикалық мембрана- хоменрецепторлардың көптеу жинақталған жері.

В) Жүйке терминалы Шванн жасушасымен қоршалған синаптикалық везикуласы синаптикалы саңылауға шығады.

205. Жазылғандардың қайсысы микрология үшін дұрыс:

А) Мезенхимадан дамиды.

Б) Мидың иммундық жауабына қатысады.

В) Жаңаруға қабілеттілігі.

Г) Көптеген лизосомалар.

Д) Нейрондар бетіндегі реті

Тақырыбы: Көру және иіс сезу ағзалары. Есту және тепе-теңдік сақтау, дәм сезу ағзалары.

206. Көздің торлы қабығының ішкі ядро қабатындағы нейрондары қайсы?

  • таяқша нейрондар

  • колба тәрізді

  • биполярлы, горизонталды және амакринді

  • ганглиозды

  • глиоциттер

207. Мөлдір қабықтың қай қабатында бір қабатты эпителий бар?

  • алдыңғы эпителийде

  • алдыңғы пластинкада

  • меншікті затында

  • артқы шектеуші пластинкада

  • артқы эпителийде

208. Торлы қабықтың қай қабатының бір қабатты эпителийі құрамында меланосомдар бар?

  • сыртқы ядролы

  • сыртқы торлы

  • пигментті

  • ішкі ядролы

  • ішкі торлы

209. Көздің торлы қабатының құрамында родрпсині бар жасушасы қайсы?

  • таяқша нейроны

  • колба тәрізді

  • биполярлы

  • амакринді

  • ганглиозды

210. Көздің торлы қабатының құрамында иодопсині бар жасушасы қайсы?

- таяқша нейроны

-колба тәрізді

-биполярлы

-амакринді

- ганглиозды

211. Таяқша және колба тәрізді нейрондар қандай шеткі жасушалардың өсіндісі?

- нейросенсорлы (фоторецептор)

-биполярлы

-ганглиозды

- радиалды

212. Торлы қабаттағы аксондары жүйке талшықтарын түзейтін жасуша қайсы?

-нейросенсорлы (фоторецептор)

-биполярлы

-ганглиозды

- горизонталды

-амакринді

213. Ішкі және сыртқы шектеушілік қабатты түзетін жасушалар қайсы?

-биполярлы

- горизонталды

-ганглиозды

-талшық тәрізді радиальды глиоциттер

-амакринді

214. Кестеде торлы қабық құрамындағы пигментоциттер көрінеді, бұлардың құрамындағы меланин түйіршіктерімен колба тәрізді нейрондардың арасында жасуша өсінділеріне дейін орналасқан. Осы қай мезгілдегі торлы қабықтың құрылысын көрсетеді?

  • қараңғыдағы

  • жарықтағы

  • ымырттағы

  • қартайған кездегі

  • ұрықтық кезеңдегі

215. Мөлдір қабықтың қай қабатындағы көп қабатты эпителий бар?

  • алдыңғы эпителийде

  • алдыңғы пластинкада

  • меншікті затында

  • артқы пластинкада

  • артқы эпителийде

216. Мөлдір қабықтың қай қабаты гомогенді дәнекер тінінен тұрады?

  • алдыңғы эпителийде

  • алдыңғы пластинкада

  • меншікті затында

  • артқы эпителий

  • артқы пласинка

217. Дәм сезу түйінінің құрамындағы жасушалар қайсы?

  • бокал және дәнді жасушалар

  • эндокринді ЕС, А жасушалары

  • нервтер мен глиоциттер

  • сенсоэпителий мен тіректік, базальды

  • бағаналы және кірпікшесіз шекті

218. Есту дағындағы эллипс және дөңгелек қапшықтардың құрамындағы жасушалар қайсы?

  • бокал тәрізді

  • түкті сенсорлы, тіректі эпителиоциттер

  • нервтер мен глиоциттер

  • кірпіксіз бағаналы

  • эндокринді АЕ

219. Сезім ағзаларының қайсысының құрамында желатин тәрізді, күмбез тәрізді заты бар?

  • тепе-теңдік

  • есту

  • дәм сезу

  • иіс сезу

  • көру

220. Спиральды ағзадағы туннелді қалыптастаратын жасушалар ?

  • ішкі және сыртқы сенсорлы

  • ішкі фаланг тәрізді

  • ішкі және сыртқы бағана тәрізді

  • сыртқы бағаналы

  • сыртқы шектеуші мен тіректі жасуша

221. Суретте спиральды ағзаның алмұрт тәрізді, стереоцилийі бар, 3-4 қатар болып орналасқан жасушасы көрінеді, осы қандай жасуша?

  • сыртқы түкті

  • ішкі саусақ тәрізді

  • сыртқы саусақ тәрізді

  • сыртқы шектеуші

222. Спиральды ағзаның цилиндр тәрізді, апикальды бөлігіне стереоцилийі бар? 3-4 қатар болып орналасқан қай түкті жасушалар?

  • сыртқы түкті

  • ішкі саусақ тәрізді

  • сыртқы саусақ тәрізді

  • сыртқы тіректік

223. Спиральды ағзаның кутикуласы қайда орналасады?

  • түкті жасушалардың бүйір бөлігінде

  • ядросында

  • базальды полюсінде

  • апикальды бөлігінде

  • жасуша сыртында

224. Апикальды полюсінде 60-80 қозғалмайтын түктері мен бір ғана киноцилиі бар жасуша қайсы?

  • спиральды мүшеде ішкі жасуша

  • спиральды мүшеде сыртқы жасуша

  • дәм сезу мүшесіндегі жасуша

  • нейросенсорлы иіс сезу жасушасы

  • тепе-теңдік мүшесіндегі жасуша

225. Спиральды ағзаның ішкі фаланг саусақ тәрізді жасушасы қайда орналасады?

  • бағана тәрізді сыртқы эпителиоциттің қасында

  • сыртқы саусақ тәрізді эпителиоциттің қасында

  • ішкі және сыртқы эпителиоциттің қасында

  • гензен жасушасының маңында

  • клаудиус жасушасының қасында

226. Спиральды мүшенің сезімтал эпителийінің шығу тегі қайсы?

  • энтодерма

  • эктодерма

  • мезодерманың сомиті

  • нефротом

  • спланхнотом

227. Ішкі құлақтың жорғақты лабиринтіндегі қан тамырлары жолағының эпителийі қандай?

  • бір қабатты жалпақ

  • көп қатарлы

  • көп қабатты, мүйізделген

  • көп қабатты мүйізделмеген

  • ауыспалы

  1. Жағдайлық есептер.

Тақырыбы: Цитология. Жасуша және жасуша емес құрылымдар. Плазмолемма. Гиалоплазма. Мембранды органеллалар. Жасушаның мембранасыз органеллалары. Косындылар.

Жасушаның ядросы. Жасушаның бөлінуі. Жасушалық цикл.

1.Электронды микроскоппен қарағанда, шеткері орналасқан 9 жұп және ортасында орналасқан 1 жұп микротүтікшелері бар структуралар клетканың бос бетінде орналасқан. Осы структуралар қалай аталады және олардың қызметтері қандай?

2. Клеткалардың бос бетінде негіздік фосфатаза ферментінің жоғарғы активтілігі анықталған. Электронды микроскоппен қарағанда осы клеткалардың бос беттері қалай көрінеді?

3.Электронды микроскоппен қарағанда, клетка цитолеммасының көптеген майда төмпешіктері мен ақшылт көпіршіктері көрінеді. Бұл қандай процессті көрсетеді?

4.Электронды микроскопен әртүрлі клеткаларды қарағанда, бірінің үсінде бір-екі микротүктер, ал екіншісінде жиегі көрінген. Осы клеткалардың қызметтері туралы қандай қорытынды жасауға болады.

5.Электронды микроскоппен жекеленген клеткаларды зерттегенде, біріеің бетінде жыбырлағыш кірпікшелерді, ал екіншісінде – десмосомалар көрінеді. Осылардың қайсысы бос, қайсысы байланыс жасайды?

6.Ішекті жиекті клеткалар қаптап жатады. Кейбір ауруларда клетка жиегі зақымдалады. Бұл жағдайда клетканың қандай қызметі өзгеріске ұшырайды. Неге?

7.Ткань кесіндісін метиленді жасыл-пиронинмен Браше әдісі бойынша бояғанда клетканың цитоплазмасы қызыл күрең түске боялады. Осылай боялу себебін түсіндіріңіздер. 2 тапсырманы қараңыз.

8.Бүйрек түтікшесіндегі клеткаларға улы затпен әсер еткенде ферменттердің тотығу-тотықсызданудың активтілігі бұзылады. Бұл қандай клетка ішідлік құрылыстың бұзылуына байланысты? 7 тапсырманы қараңыз.

9.Иондық радиацияның әсерінен кейбір клеткаларда белгілі бір органеллалар зақымдалады. Оның қалдықтары қандай жолмен шығарылады? 9-11 тап қар.

10.Жарақат бетінде бірінші реттік лизосомалар, көптеген фагосома мен екінші реттік лизосомалар құрамына кіретін клеткалар пайда болады. Бұл клеткалардың қандай функциональдымәні бар? 9-10 тап. Қар.

11.Зерттеуші алдында клетканың лизосомасы мен митохондриясын анықтау мәселесі алға қойылған. Оны қандай әдістермен анықтауға болады? Қандай белгілеріне қарай ажыратуға болады? 7-9 тап. Қар.

12.Клеткада Гольджи комплексі, дәнді эндоплазмалық торы жақсы дамыған, митохондриясы және клетка орталығы бар. Басқа клеткада митохондриясы өте көп, лизосомасы көп мөлшерде және дәнді, дәнсіз мембраналы эндоплазмалық торы көп емес. Осы клеткалардың атқаратын қызметі қандай? Бұларда белок синтезі жүре ме?

13.Зерттеушінің алдына қойылған тапсырма құрамында ДНҚ және РНҚ бар структураларды анықтау. Ол үшін қандай әдістерді қолдану керек? 14.Құрамында ДНҚ және РНҚ бар структураларды қандай белгілеріне қарап анықтауға болады? 2,3 тапсырманы қараңыз.

115.Клеткада екі жас жұлдыз фигуралары көрінеді. Бұл митоздың қандай кезеңі. Әр жұлдызда неше хромосома бар?

16.Адамның соматикалық клеткасында митотикалық бөліну нәтижесінде жас клеткалар пайда болды. Онда неше хромосома бар? Хромосома санының тұрақты сақталу механизмін түсіндіріңіз.

17.Клетка митоз жолымен бөлініп жатыр. Осы уақытта белок синтезі жүре ме?

18.Клетканы эксперимент арқылы ядролы және ядросыз жасанды екі бөлікке бөлген. Клетканың бұл бөліктерінің тіршілікке қабілеттілігі қандай?

19.Гистологиялық зерттеу барысында клетка ядросындағы хроматин мен ядрошықты дифференциялдау қажет болды. Қандай әдістер қолданылуы мүмкін?

20.Препаратта нерв клеткасының ірі ядросы мен ядрошығы көрінеді. Осы клеткадағы белок синтезінің активтілігін бағалаңыз.

Тақырыбы: Адам эмбриологиясы. Прогенез Эмбриональды дамудың алғашқы кезеңі. Эмбриональды ұрықтық кезеңі. Ұрықтан тыс ағзалар.

21. Препаратта жұмыртқа жасушасының әртүрлі даму сатыларында екендігі көрініп тұр. Жұмыртқа жасушасының ұлғаюымен, оның ішіне сарыуыз қосындыларының бір полюске көптеп жиналуын байқауға болады. Бұл жұмыртқа жасушасының қай түріне және қандай жануарлар түріне тән екендігін анықтаңыздар.

22Препараттағы ұрықтың бластомерлер саны жұп және өлшемді бірдей екендігі көрініп тұр. Осындай ұрықтарға бөлшектенудің қандай түрі тән екенін анықтаңыздар.

23. Препаратта көпіршік тәріздес орталықта орналасқан құралысты көп жасушалы ұрықты көруге болады. Осы ұрық дамудың қандай сатысында жүріп жатқанын және қандай жануарлар түріне жататын анықтаңдар.

24. Электронды микросуретте сперматозоидтар көлденең кесіліп көрсетілген. Біріншісінде митохондрияларымен қоршалған осьтік жіпшелерді, екіншісінде тек центриольдарды көресіңдер. Осы суреттерде клетканың қандай бөлімдерінің берілгенін анықтаңдар.

25. Тәжірибе кезінде қосмекенділердің ұрықтары екі бластомер болып келген сатысында, олардың біреуін күйдіру арқылы зақымдайық. Сонда қалғандары қандай күйге ұшырайды?

26.Зерттеушінің алдында термостатта 12 сағат инкубацияланған тауық ұрығының сериялы көлденең кесінділі препараттары жатыр. Препараттың біреуінде ұрық жапырақшалары жасушаларының тығыз жиынтығымен байланысқан. Ұрық дамудың қай стадиясында және қай деңгейде кесу жүргізілген?

27.Соңғы гаструляция кезеңіндегі қосмекенділердің ұрығына жасаған тәжірибеде бір ұрықтың бластопорының арқа (дорсальды) ернінің бет жағына басқа ұрықтың ішкі ернін (вентральды) орналастырған. Осыдан қандай нәтиже күтуге брлады? Осындай тәжірибе нәтижелерін ерте гаструла кезеңіне қолдануға бола ма?

28.Сарыуыз қапшығының негізгі кызметін ескере отырып қоректік заттардың қорға жиналуы және бірінші реттік эртиробласттардың түзілуі, қай балықтарға (терең сулардағы ма немесе таяз сулардағы ма) тән және де қан түйіршіктерінің аралшығының дамуы қайсысында жылдам бақыланатындығын анықтаңдар.

29.Ұрықтану үрдісінде жылтыр-жылтыр қабықшаның қажетті маңызы бары белгілі. Тәжірибеде жылтыр қабықшаны гиалуронидаза фермент арқылы жойып жібереді, осыдан кейін жұмыртқа жасушасы ұрықтандырылады. Ұрықтанудың қандай кезеңдері бұзылады?

30.Электрондық микросуретте ұрықтанған жұмыртқа жасушасының екі пронуклеусі көрінеді. Бірінде осьтік жіпшелер мен митохондриялар, екіншісінің жаңында полярлы денешіктер орналасқан. Осының қайсысы аналық, қайсысы аталық пронуклеус екендігін анықтаңдар.

31.Амниоцентез нәтижесінде алынатын, амнион сұйықтығын зерттегенде, ядроларында жыныстық хроматині бар (Барра денешігі) клеткалар табылған. Бұл факт нені дәлелдейді.

32.Не зиготада, не морулада, не бластоцистада қозғалу қабілеттілігі жоқ. Осыған қарамай бластоциста ұрықтанудың 6 тәулігінде жатыр қуысында болады. Оның қозғалуы қалай қамтамасыздандырылады?

33.Амниоцентез жолымен алынған, амнион сұйықтығында үлкен концентрациялы альфа-фетопротеин ақуызы табылған. Бұл факты нені дәлелдейді. Жүкті әйелге кандай кеңес беру керек?

Тақырыбы: Жабын эпителийі. Безді эпителий.

34. Эпителиймен астарланған ішектің атқарар қызметтерінің бірі-сору. Эпителийдің қандай түрі бұл жұмысты атқарады?

35. Қол басының алақан терісі және бастың шашы бар терісі көп қабатты түленетін эпителиймен жабылады. Осы эпителийлердің құрылысындағы айырмашылығы қандай, себебі не? Оларды препараттан табу керек.

36. Қуық қабырғасының созылу дәрежесіне байланысты, өтпелі эпителий көпқабатты немесе бірқабатты эпителийге ұқсас болуы мүмкін. Препаратқа қарап ағзаның созылу әлде ықшамдалу кезін белгілеңіздер.

37. Бездің препараты Шифф-йодты қышқылымен боялған. Бояу әсерінен клетка цитоплазмасына қызыл-күрең түске боялған зат анықталады. Бұл бездің секретінің құрамында қандай химиялық компоненттер бар?

38. Майлы бездің секретті түзіп шығаратын бөлімінің орта жағында зақымдалған көп жасушалар көрінеді. Бұл белгі нені аңғартады?

39. Секреторлы жасушаны зерттегенді цитоплазмасының дәу жерін алған, жақсы дамыған пластинкалы комплексі (Гольджи аппарат) көрінеді. Бұл суреттеме секреторлы айналыстың қандай кезеңіне сәйкес?

Тақырыбы: Эритроциттер. Тромбоциттер. Лейкоциттер. Эмбриональды және постэмбриональды қанның түзілуі.

40. Ядросы сегментті болып келген жасуша. Эритроциттен ірілеу. Жиі кездеседі. Цитоплазмасында әрең көрінетін қызыл-күлгін гранулалар бар. Бұл қандай жасуша?

41. Жасушаны белгілеңіздер. Жиі кездеседі. Көлемі эритроциттің шамасында. Ядросы бар клетка. Цитоплазмасы базофильді, жіңішке жиек тәрізді ядроны қоршап тұрады.

42. Цитоплазмасы оксифильді, ядросы болмайды. Саны көз алдында көп болады. Бұл қандай пішінді элементі?

43. Көлемі өте ұсақ, ядросы болмайды, азурмен бірқалыпты боялмаған эритроциттердің арасында кішкене тобымен орналасқан. Бұл қандай пішінді элементтер?

44. Дұрыс жауаптарды көріңіздер. Егер есептердің шешуінде қате жіберген болсаңыздар, әрекеттің 2 пунктінен бастап 4 пунктімен аяқтап бұл есептерді қайталап тағы да шығарыңыздар.

45. Цитологиялық анализде қан лейкоцитінен барабан таяқшасы тәрізді ядролық өсінді табылды. Бұл қан ер немесе әйел адамның қайсысына тән?

Тақырыбы: Борпылдақ талшықты қалыптаспаған дәнекер тіні. Тығыз және арнайы қасиеті бар дәнекер тіндері.

46. Сіңірдің, эластикалы байламның және лимфа безінің гематоксилин-эозинмен, пикрофуксинмен және азотты қышқыл күміспен сәйкес боялған гистологиялық препараттарын талдағанда, бұл ағзалардғы дәнекер тіннің ең көп болатын талшықтары әр түске боялған: сіңірде-қызғылт, байламда-сары, лимфа безінде-қара-қоңырлы. Осы талшықтарды атап беріңіздер.

47. Екі түрлі бұтақталған клеткалар мен көлденеңінен сызылған фибриллалардың электронды микрофотосуреттерін зерттегенде бір клеткада дамыған гранулярлы эндоплазмалық тор,ал екінші жасушада дамыған лизосомалар байқалады. Осы екі жасушасының қайсысы фибриллалардың құрылуына қатысады?

48. Организмге құрамында фермент гиалуронидазы бар препаратты енгізгенде, қан тамырлар қабырғасының және тамырлардың маңындағы болбыр талшықты дәнекер тіннің өткізгіш қасиеті қалай өзгереді және неге?

49. Эксперименталды жануарды көп уақытқа дейін витамин С-дан айырған. Соның нәтижесінде оларда дәнекер тіннің беріктігі жойылған және байламдардың босауы байқалған. Дәнекер тіннің осы осы өзгерістерін қалай түсіндіруге болады? Фибробласттар құрамында қандай өзгерістерді күтуге болады?

Тақырыбы: Шеміршек тіндері. Сүйек тіндері.

50. Орсеинмен боялған, шеміршекті тіннің екі препараты берілген. Бір препаратта қара-шиелі түсті талшықтар жақсы көрінеді. Бұл препарат шеміршекті тіннің қандай түріне жатады? 4-тапсырманы қараңыз?

51.Сүйек тінінің екі электронды микрофотосуреттерінде жасушалар көрсетілген: бір жасушаға гранулярлы эндоплазмалық тордың өте жақсы дамуы тән, екінші клетканың эндоплазмалық торы нашар дамыған, және бұл жасуша тығыз аралық затпен қоршалған. Суреттелген жасушаларды атаңыздар. 10-шы тапсырманы караңыз.

52. Поляризацияланған микроскоппен сүйек тінінің екі түрі зерттелген: а) бірнші зерттеуде сақина тәрізді әлде жартылай шеңбер тәрізді сәулелі геомертиялық фигуралар көрінеді, б) екінші зерттеуде-сәулелі құрылымдар ретсіз орналасқан. «а» және , «б» сүйек тіндерінің түрлерін белгілеңіздер, және түсінігін беріңіздер. 9-шы тапсырманы қараңыз.

53. Эксперименттегі жануарда жіліншік еті салынған. Сүйектің қалыпқа келуі толық бола ма, егерде: а) сүйектің сыртқы қабығы сақталса; б) сүйектің сыртқы қабығы сүйекпен бірге алынып кетсе? Оқулықта «сүйектің сыртқы қабығы» тақырыбын қараңыз.

Тақырыбы: Соматикалық типті бұлшықет тіні. Целомикалық және мезенхимді бұлшықет тіндері.

54. Тіннің түрін белгілеңіздер: а) әр клеткасы базальды мембранамен қоршалған жасушалы пласт; б) базальды мембранада орналасқан жасушалы пласт.

55. Бұлшық ет тіннің түрін белгілеңіздер: а) гематоксилин және эозинмен боялған препараттарда оксифильді талшықтар жақсы көрінеді, осы талшықтардың көптеген ядролары сарколемманың астында орналасқан; б) гематоксилин және эозинмен боялған препараттарда саркоплазманың оксифилиясы байқалады, бірақ ядорлы ортасында орналасқан, бұдан басқа, талшықтарды сегменттерге бөлетін қалқалар көрінеді.

56. Көлденең жолақ жолақ бұлшық ет талшықтардың түрін белгілеңіздер: а) миоглобині, митохондриялары көп; б) миоглобині аз, бірақ миофибриллары көп.

Тақырыбы: Жүйке тіні. Нейроциттер. Нейрология. Жүйке талшықтары. Синапстар.

57. Метилин көгімен боялған препаратта қара-көк түсті үйінділері бар нейроциттің өсіндісі қай түріне жатады?

58. Көз торқабығының биполярлы нейроцит (II) өзінің өсінділерімен фоторецепторлы нейроцитті (I), аксоны ми жаққа жолданған ганглиозды нейроцитпен (III) байланыстырады. Биполярлы нейроцит бірінші нейроцитпен және үшінші нейроцитпен қандай өсінділер арқылы байланысады? Биполярлы нейроцитке қоздыру импульсі қай бағытта беріледі?

59. Суретте көпөсінділі нейроцит және оның денесі мен өсінділерін қоршаған глия жасушалары көрінеді. Суреттің астына лемоциттер мен саттелиттер ганглия клеткаларына жатады деген белгі қойылған. Нейроциттің қай бөлшектерінде осы екі түрлі глиоциттер орналасқан? № 7,89 тапсырма

60. Препараттарда, біреуі осмий қышқылы, екіншісі азотты-қышқыл күміспен боялған көлденеңінен қиылған жүйке талшықтары көрінеді. Бірінші препаратта талшықтың белағашты цилиндрі ақ жарқын, бірақ қоршаған қабығы қара түсті. Екінші препаратта белағаш цилиндр қара, қабығы ақ жарқын. Бірінші және екінші препараттарда талшықтардың қандай түрлері көрсетілген? Осы екі талшықтың қабықтарының жеке түрін атаңыздар? № 8,9 тапсырманы караңыз.

61. Суретте сипанс көрсетілген. Оң жағында ұсақ көпіршіктер көрінеді, сол жағыда олар болмайды. Осы сипанстың қай жерінде пресинапстық бөлім орналасқан? Бұл сипанстың қоздыру импульсті өткізуінің бағыты қандай?

62. Ауруда паралич пайда болды, яғни параличке ұшыраған дене бөліктерінің қимылдауға мүмкідігі жоқ. Үш мүшелі рефлекторлы доғаның қандай структураларының бұзылуы параличке себеп болды?

63.Екі науқастың аяқ-қолы шаншуға жауап қайтармайды. Бірінші науқас шаншығанды да ауырғанды сезеді, ал екінші науқас шаншығанды да ауырғанды сезбейді. Үш мүшелі рефлекторлы доғаның қандай бөлшектері зақымдалған. Бірінші және екінші науқастың шаншығанда аяқ- қолы жауап бермейтініне себеп не болды?

64.Науқас терінің қатты қысқанын сезеді, ал бірақ ауырғандығын және терісіне сәл ғана тиіскенді сезбейді. Науқастың терісіндегі қандай рецепторлар зақымдалған, қайсылары зақымдалмаған?

Тақырыбы: Көру және иіс сезу ағзалары. Есту және тепе-тендік сақтау, дәм сезу ағзалары.

65. Науқас адам жақыннан жақсы көріп, ал алыстан нашар көреді. Бұл көз алмасының қай құрылымының қызметі нашарлағанының белгісі?

66. Науқас адамда көру анализаторының қыртысты бөлігі зақымдаланған. Бұл неге әкеліп соғады?

67. Альпинистер биік тауға шыққанда күннің жарығынан көру қабілеттері нашарлайды. Оның себебі не?

68. Адам жарықта жақсы көріп, ымыртта (күн батқаннан кейін) нашар көреді, бұл торлы қабықтың қандай құрылымына байланысты?

69. Жануар көзінің торлы қабығынан екі гистологиялық препарат берілген. Бірінде меланин түйіршіктері пигментоциттердің цитоплазмасында, ядро маңында орналасқан, ал екіншісінде пигмент түйіршіктері жасушалардың (меланин) өсіндісінде орналасқан, осы препараттар торлы қабықтан қай мезгілде алынып дайындалған?

70. Жарғақты лабиринттегі эндолимфаның тербелесіне есту аппараттарының жұмысы негізделген. Егер: а) есту нерві істен шықса; б) есту түйектерінің жұмысы өзгерсе; в) дабыл жорғағы қабынса (жарақаттанса); г) рецепторлы жасушалардың қызметі бұзылса, осылардың қайсысында есту апараттың қолданудың әсері зор

71.Адам салмақсыздық (невесомость) кезінде кеңістікті анықтай ала ма? Егер анықтай алса, қандай сезу мүшесімен?

72.Асқазан-ішек ауруларында тілдің үстін ақ қақ басады. Бұл нені көрсетеді? Дәм сезу бұзылады, неге?

73.Студенттің рефератында есту анализаторы біріншілік сезуге жатады, себебі бұл мүше есту көпіршігінен дамиды делінген. Осы дұрыс па?

74.Электронды суретте жасушаның апикальды бөлігінде жіңішке түктер көрінеді. Студент осыны есту мүшесінің жасушасы дейді, дұрыс па?

75.Есту анализаторының өткізгіш жолдарын талдау барысында студент бірінші нейрон денесінің орналасқан жерін анықтай алмады. Осы нейрон қайда орналасқан? Бұл қандай нейрон? Осы нейронның дендриті қандай жасушамен синапс түзеді?

Емтихан сұрақтары.

  1. Жасуша туралы ұғым. Жасуша (торша) тірі ағзаның ең кіші бөлігі. Жасушаның құрылысы мен эукариотты организм дегі қызметі. Жасуша емес құрылымдар ; сипласт, синцитий, жасуша аралық зат.

  2. Медицинадағы цитологияның маңызы. Жасушалықтеорияның қазіргі кездегі маңызы. Жануарлар жасушасының құрамы: цитоплазма мен жасуша қабығы , ядросы. Жасушаның арнайы қызметіне байланысты оның түрі мен көлемі (мөлшері). Жасуша құрамындағы компонеттері (құрылымдары)

  3. Цитоплазма. Жасуша тіршілігіндегі биологиялық мембрананың маңызы мен молекулярлық құрамы , негізгі қызметі.

  4. Жасуша қабығы. Цитолемма , мембрана үсті, мембрана асты, қабаттары. Құрылысының химиялық құрамына және қызметіне сипаттама. Зат алмасу механизмі: рецепциалық, адгезиялық жай – күйі. Эндо және экзоцитоз (ішкі және сыртқы) процестері.

  5. Жасуша аралық байланыстары. Әртүрлі байланыстардың қызметіне және құрылысына қарай сипаттама беру. Қарапайым байланыстар. Күрделі байланыстар (жасуша аралық контакт). Оның түрлері. Тығыз және туыс арқылы (нексустар), аралық демосомалық және саусақ тірі ағза тәрізді байланыстар.

  6. Цитоплазмадағы негізгі құрылымдар – қосындылар. Органеллалардың түрлері мен оларға анықтама беріп, сипаттау.

  7. Эндоплазмалы тор; Оның құрылысы мен қызметі, түрлері; түйіршікті, түйіршіксіз. Жасушаның атқаратын қызметіне байланысты түрлерінің ерекшеліктері. Зат алмасу кезеңіндегі тордың маңызы.

  8. Гольджи кешені (комплексі )- жасушадағы қызметі, құрылысы. Бездердің жасушадағы секторлық қызметке қатысуы. Мембраналы органеллалардың (құрылымдарының) маңызы.

  9. Лизасомалар – олардың құрылысы. Құрамындағы негізгі ферменттері. Ферменттердің жасушасының ас қорыту процесстеріндегі атқаратын қызметі. Біріншілік және екіншілік гетеро, аутофагосомалар. Организм жасушаларындағы лизосомалардың қорғаныс қызметін атқаруындағы ролі.

  10. Пероксисомалар – олардың құрылысы, ферменттік құрамы, қызметі.

  11. Митохондрий – құрылысы, негізгі ферменттік құрамы, қызметі митохондриялардың белок синтезінде арнайы атқаратын қызметі. Митохондриялардың репродукциясы (көбеюі). Митохондрийдің жасушалардың әртүрлі биоэнергетикалық кезеңіндегі құрылыс ерекшеліктері. мемранасыз органеллалар.

  12. Рибосомалар – құрылысы, химиялық құрамы, қызметі. Бос рибосомалар, полирибосомалар. Рибосомалардың жасушадағы басқа да компненттермен байланысы.

  13. Жасуша орталығы (центриолалар). Құрылысы. Жасушаның бөлінуі, оның сатылары. Интерфазадағы центриоланың қызметі.

  14. Микротүтікшелер – құрылысы, қызметі.

  15. Микрофибриллалар ме микрофиламенттер – актин, миозин және басқалары. Бұлардың химиялық құрамы , жалпы қызметіне сипаттама.Арнайы қызмет атқаратын органеллалар.

  16. Жасуша құрамындағы жалпы органеллалардан пайда болған (олардың өзгеруінен) арнайы қызмет атқаратын органеллалар. Микробүрлер, базальді қатпарлар, кірпікшелер, жіпшелер. Тонофибриллалар. Миофибриллалар. Нейрофибриллалар . Арнайы органеллалардың құрылысы мен қызметі. Жасушалардың маңызы.

  17. Жасуша қосындылары, анықтамасы, түрлері, организмнің тіршілігіндегі, жасуша құрамындағы қосындылардың – маңызы.

  18. Гиалоплазма – анықтамасы (сипаттамасы). Глиаплазманың физико – химиялық құрамы жайындағы мәлімет. Жасуша тіршілігіндегі зат алмасу мен цитоплазмадағы компоненттердің бір- біріне тұтастығын сақтаудағы гиалоплазманың маңызы. Ядро.

  19. Жасушаның өмір тіршілігіндегі эәне генетикалық информацияныы ұрпақтан – ұрпаққа (тұқым қуалау) берілу кезеңіндегі ядроның маңызы, әртүрлі жасушалардағы ядроның түрлері мен көлемі, ядро саны. Ядро мен цитоплазманың арасындағы қатынас. Жасушаның атқаратын қызметінің негізгі көрсеткіші- ядро. Ядро құрамындағы негізгі компоненттері, ядро қабығы, хромосомалары, ядрошық кариоплазма (нуклеоплазма).

  20. Ядро қабығы. Құрылысы . Ядро қабығының ядро мен цитоплазма арасындағы зат алмасуындағы маңызы. Ядро – цитоплазмалық байланыстағы саңылау комплексінің маңызы. Жасуша цитоплазмасындағы мемраналы жүйелермен ядро қабығының өзара қарым- қатынасы (байланысы).

  21. Хромосомалар. Интерфаза кезеңіндегі ядродағы хромосомалардың құрамы. Жасуша тіршілігіндегі хромосомалардың молекуляры – химиялық құрамы, оның маңызы. Хроматин туралы ұғым. Дифузды және гетерохроматин (конденсиалы). Жыныстық хроматин. Жасушаның бөліну кезеңіндегі хромосомалардың құрылысы мен маңызы (қызметі).

  22. Ядрошық. Құрылысы. Рибосомалардың түзілуіндегі және РНК – синтезіндегі ядрошықтың атқаратын қызметі, ядрошық пайда болуы кезіңіндегі ядрошықты құрушы хромосоманың маңызы. Ядрошықтың қызметінің тұрақтығы. Жасуша тіршілігінің шығу негіздері. Жасушадағы синтездік процесстер.

  23. Белокты және белоксыз заттар синтезіндегі жасуша құрамындпғы компоненттердің өзара қатынасы (байланысы). Секреция және олардың түрлері туралы ұғым.

  24. Жасушаның өмір тіршілігі (цикл). Тіршілік цикліне сипаттама. Цикл кезеңдері (митозды бөліну, өсу және дифференциялану, белсенді қызметтік кезеңі, қартайып тозу және өлу). Әртүрлі жасушалардың тіршілік – (өмір сүру) циклінің ерекшеліктері. Жасуша және оның құрамындағы компонеттердің репродукциясы.

  25. Митоздық кезең. Оның биологиялық маңызы мен сипаттамасы. Митоздың сатылары (интерфаза мен митоз). Митоздық сипаттамаларының өзіндік ерекшеліктері.

  26. Митоз. Биологиялық маңызы. Митоздың әр сатысындағы жасуша компонентеріндегі (құрылысындағы) өзгерістері. Митоздың әртүрлі сатыларындағы физико- химиялық әсерлерге беретін жасушаның сезімталдық қасиеті (сәулелі энергияға, улы заттарға, дәрілерге).

  27. Мейоз. Мейоздың сатылары. Мейоздың биологиялық маңызы. Ерекшеліктері.

  28. Эндорепродукция. Полиплодия- оның қызметі, биолгиялық маңызы. Полмплоидия шығу механизмі, Эндомитоз екі және одан да көп ядролы жасушалардың пайда болуы.

  29. Политения- жалпы ұғым беру. Биологиялық маңызы. Жасуша ішіндегі регенерация (ішкі даму). Жалпы морфо- функциональді қызметіне сипаттама. Биологиялық маңызы. Жасушаның зақымдаушы әсерлерге беретін жауабы.

  30. Жасушадағы қайтымды және қайтымсыз өзгерістері және олардың морфологиялық шығу тегі (белгілері). Жасуша тіршілігін сақтаудағы адаптация (бейімділік) процессінің маңызы. Жасушаның тіршілігінің жойылуы (өлуі) некроз ; апопноз- оның шығу жолдары. Эмбриология. Жалпы эмбриолгияның негізі.

  31. Адам эмбриологиясының даму сатылары. Прогенез. Ұрықтану, ұрықтың даму кезеңіндегі биологиялық ерекшеліктері болып саналады; индукция, детерминация, бөліну, жасушалардың орнын ауыстыру (көшу)- миграция, өсу , түрлену, жасушалардың өзара қатынасы мен бұзылуы жайындағы мәліметтер. Ұрықтан тыс (уақытша мүшелері) мүшелер және олардың құрылысы мен қызметі, Ұрықтың дамуындағы бұл мүшелердің маңызы.Адам эмбриологиясы.

  32. Адам эмбриологиясының қызметі мен маңызы. Медициналық эмбриологиясы. Сүтқоректілердің эмбриологиясының адам эмбриологясында алатын орны және маңызы. А. О. Ковваленко, А. Н. Северцев, П.П. Иванов пен А.В. Ивановтардың эмбриология іліміне қосқан үлестері. Адам ұрығының даму кезіндегі негізгі сатылары.

  33. Прогенез. Аталық және аналық жыныс жасушалары. Жыныс жасушаларының құрылысы мен қызметі. Олардың даму барысындағы негізгі кезеңдері.

  34. Ұрықтану. Ұрықтанудың биологиялық маңызы. Ұрықтың негізгі сатылары. Пронуклеустардың қосылуы. Қалыпты ұрықтану процесіне керекті (қажетті қолайлы) жағдайлар. Эмбриогенез.

  35. Зигота. Зиготаның құрылысы, цитоплазманың өзіндік ерекшеліктері, зиготаның геномы.

  36. Бөлшектену. Адам ұрығының бөлшектенуіне сипаттама. Бөлшектенудің әртүрлі сатысындағы ұрықтың құрылысы. Морцла, бластоциста, эмбриобласт пен трофобласт.

  37. Имплантация . Оның жүру механизмі. Имплантацияның сатылары . Адам имплантациясының ерекшеліктері.

  38. Гаструляция . Адам ұрығының гаструляциясына сипаттама. Гаструляцияның бірінші , екінші сатылары, олардың өзіндік ерекшеліктері. Ұрық жапырақшаларының пайда болуы.

  39. Ұрық жапырақшасының пайда болуындағы жасушалардың орын ауыстыру жолдары – миграциясы. Жасушалардың өзара орналасы барысы, эмбриональды индукция, детерминация, дифференциялануы (түрленуі). Ұрықтың бастамасы. Тіндер мен біліктік мүшелерінің пайда болуы. Нерв түтігінің пайда болуы – нейруляция. Ұрықтың біліктік мүшелерінің дамуы (нерв түтігі, хорда, ішек түтігі). Ұрықтың уақытша немесе ұрықтан тыс мүшелері.

  40. Хорион (сірлі), амнион (сульи) қабықтары. Сары уыз қабығы , аллантоис. Құрылысы мен қызметі, маңызы. Ұрықтан тыс мезодерма. Плацентаның (бала серігі) пайда болуындағы хорионның маңызы.

  41. Адамның плацентасы. Оның құрылысы мен қызметі. Жүктілік кезіндегі жатыр эндометрийінің өзгеруі (ерекшелігі), ұрық қабықтары. Ана – ұрық (нәресте) жүйесі. Эмбриональді гистогенез (тіндердің дамуы).

  42. Ұрықтың дамуы кезеңіндегі жасушалардың дифференциясынан (түрленуінен) тіндердің түзілуі. Гистогенез механизі. Индукция, детерминация, имиграция (орын ауыстыру), дифференциялануы (түрленуі)интеграция, жасушаның өлуі (жойылуы) (Шлемен, Руи). Жүктіліктің қауіпті кезеңдері жайындағы ұғым.

  43. Детерминация процессінің өзгеруінен пайда болатын ауытқулар мен кемтарлықтар. Адам ұрығының даму барысындағы қауіпті кезеңдері. Қауіпті кезеңдердің пайда болуына әсер ететін факторлар. Нәресте ағзаларының даму ерекшеліктері

  44. Постнатальды немесе туғаннан кейінгі нәресте тіршілігіне жалпы сипаттама. Нәрестенің даму кезеңдері. Эмбриональді және (постнатальді) туғаннан кейінгі негізгі функциональді жүйелердің даму теориялары (Анохин П.К.) Жалпы гистология (тін туралы ілім) .

  45. Тіндер- ағзалардың құрамындағы ең негізгі жасушалар мен олардың туындылары. Тіндердің құрамында жасуша, жасуша емес құрылымдары- симпласттар, жасуша аралық зат бар екенін білу.

  46. Тіндер жүйесін түзететін жасушалар. Жасуша популяциясы туралы ілім. Бағаналы жасушалар және олардың қасиеті. Жасуша детерминациясы мен дифференцировкасы (түрленуі). Жасушаның бөлінуі. Дифферондар. Жасуша детерминациясының, дифференциялануының молекуляры негізіндегі гендердің активтілігі (ерекшелігі) немесе белсенділігі.

  47. А.А. Заварзиннің тіндердің шығу тегі мен дамуындағы, параллелизм теориясы. Н.Г. Хлопитшиц дивергенттік даму теориясы мен оның қазіргі замандағы ғылыми ерекшеліктері.

  48. Тіндердің морфо- функциональді топқа және генетикалық түрге жіктелуі. Тіндердің жүйе түзудегі маңызы. Тіндердің мүшелеріндегі ішкі біртұтастығын сақтау маңызы (гомеостаз).

  49. Тіндердің қайта даму прцесстеріне қабілеттілігі (физиологиялық регенерациясы). Тіндердің реперативтік ренегерациясы. Тіндердің өзгергіштік қасиеті, метаплазия және оның мүмкіндіктері туралы ұғым. Эпителий тіндері мен бездер.

  50. Эпителий тіндердің организмдегі (ағзалардағы) орналасуына байланысты жалпы морфо- функциональді сипаттамасы. Эпителий тінінің шығуы тегі. Морфофункциональды және генетикалық жіктелуі. Н.Г. Хлопиннің эпителий тінін зерттеудегі қосқан үлесі. Эпителий тінінің жасуша аралық байланыстары. Эпителий жасушаларына тән арнайы органеллалар және олардың маңызы.

  51. Базальді мембрана. Эпителий тініне тән ерекшеліктер, жасушаларының полярлық қасиеті. Эпителий пласттік құрылысы. Әртүрлі эпителийдің пласттік құрылысы. Әртүрлі эпителийлердің құрылыс ерекшеліктері. Бір және көп қабатты эпителий. Көп қатарлы эпителий. Мүйізделген, мүйізделмеген эпителий. Ауыспалы эпителий. Эпителий тіндерінің регенерациясы (қайта дамуы) дифферондары. Әртүрлі эпителийдің құрамындағы камбиальді жасушаларының орналасу ерекшеліктері.

  52. Эпителийдің секреторлық қызметі. Бездер, олардың құрылысы және жіктелу ерекшеліктері. Секреторлық кезеңінің гистофизиологиясы. Без жасушасының секрет бөлу кезеңіндегі құрылыс ерекшеліктері. Секреттің (сол ) түрлері; голокринді, апокринді және мерикринді бездер. Секретті конвейрі мен мембрана ағыны. Ішкі ортаны байланыстырушы тіндер.

  53. Ағзаның ішкі ортасының біртұтастығын сақтаудағы тіндердің жалпы морфофункциональді сипаттамасы (гомеостаз). Бұл тіндердің шығу тегі мен жіктелуі. Қан мен лимфа.

  54. Қан мен лимфаның құрамы. Олардың атқаратын қызметі. Қанның формальды элементтері. Лимфа- лейкоциттері. Адам қанының құрамындағы жасушасыз құрылым- эритроциттер мен қан пластинкалары (тромбоциттер). Лейкоциттердің морфологиялық жіктелуі : түйіршікті – түйіршіксіз түрлері. Формалды элементтердің құрылысы мен қызметі. Қанның геограммасы мен лейкоцитарлы формуласы. Қанның жасқа және жынысқа байланысты ерекшеліктері. Нәресте, жаңа туған сәби қанның ерекшеліктері. Туғаннан кейінгі қанның динамикасының өзгеруі. Қан мен лимфаның физиологиялық регенерациясы туралы ұғым. Дәнекер тіндері.

  55. Дәнекер тіндерінің жалпы морфофункциональді сипаттамасы. Жіктелуі. Дәнекер тінінің жасушаларының жасқа байланысты ерекшеліктері мен жасуша аралық заты. Талшықты дәнекер тіні. Борпылдақ талшықты дәнекер тінінің жіктелуі.

  56. Борпылдақ дәнекер тінінің жасушалары. Фибробласстар, олардың шығу тегі мен түрлері. Дифференциялануы. Құрылысы мен цитохимиялық ерекшеліктері. Макрофагтар (сотоциттер), шығу тегі, құрылысы, қызметі. Макрофагтардың организмдегі қорғаныс қызметі. Оның маңызы. Мононуклеарлы- макрофагтық жүйе туралы ұғым.

  57. Адипоциттер (май жасушалары) шығу тегі. Құрылысы, цитохимиялық сипаттамасы: ақ және қоныр май тіні және бұлардың метаболистік маңызы. Адвентицияльды жасушалар, олардың шығу тегі мен әртүрлі дифференциялануына байланысты құрылысы мен маңызы. Перициттер, шығу тегі мен құрвлысы , қызметі мен дәнекер тінінің қалыпты кезеңіндегі олардың биогендік аминдер синтезіндегі атқаратын қызметі. Пигмент жасушалары немесе псигментоциттер, олардың шығу тегі, құрылысы мен қызметі. Жасуша аралық зат. Жалпы сипаттамасы мен құрылысы.

  58. Негізгі зат. Оның физико- химиялық қасиеті мен маңызы. Коллаген және эластин талшықтары, олардың маңызы, құрылысы, химиялық құрамы. Ретикулинді талшықтар. Жасуша аралық зат шығу тегі . Қан мен борпылдақ тінінің өзара қатынасы. Лейкоциттердің бұл тін үшін маңызы. Гистогенездегі регенерация процесстеріндегі қабынудағы борпылдақ дәнекер тіе жасушаларының маңызы. Организмдегі қорғаныс реакциясына қатысуы мен басқа түрлері.

  59. Тығыз талшықты дәнекер тіні. Олардың түрлері , қызметі құрылысы. Ретикулырлы тіннің құрылысы , гистофизиологиясының маңызы, май тіні, түрлері, құрылысы мен маңызы. Пигметті тіні. Кілегейлі тін. Сіңірді ағза ретінде талдау.

  60. Жалпы морфо- функциональды қасиеті. Түрлері. Шеміршек және оның сипаттамасы. Жалпы қасиеті, шеміршек жасушалары. Шеміршек тіндерінің түрлері. Бұл тіндердің гистохимиялық ерекшеліктері мен жасуша аралық заты. Шеміршек тіндерінің жасқа байланысты өзгерістері және хондрогенез процессі (дамуы).

  61. Шеміршек - мүше. Гиалинді, талшықты және эластинді шеміршек. Шеміршек қабығы. Оның маңызы. Шеміршек қабығының шеміршектегі өсуіндегі, қоректенудегі қайта дамуындағы маңызы. Сүйек тіндері.

  62. Морфо- функциональды сипаттамасы, түрлері. Сүйек тінінің жасушалары, остеоциттер, остебласттар, остеокласттар. Жасуша аралық заты, физико химиялық қаситеі мен құрылысы. Өрескел талшықты сүйек тіні.

  63. Қабыршықты сүйек тіні. Сүйек тінінің қайта дамуы (регенерациясы). Сүйектің дамуы. Тура және тура емес остеогенез. Сүйектің жасқа байланысты өзгеруі.

  64. Сүйек тіні. Сүйектің микроскопиялық құрылысы. Сүйек қабығы- периост. Сүйектің ішкі қабығы (эндост). Сүйек қабығының атқаратын қызметі, қоректенуідегі маңызы. Сүйектің эмбриогенезі. Эктоптикалық сүйек тінінің дамуы. Сүйек тінінің жарақаттаныуы мен физиологиялық регенерациясы. Сүйек тініндегі қантамырлар мен нервтері.

  65. Эмбриональды дәнекер тінінің орнына сүйектің пайда болуы. Сүйектің шеміршектен дамуы. Ағзаның (организм) сүйек тінінің қалыптасуы. Сүйектің өсуіне әсер ететін факторлар. Бұлшықет тіндері.

  66. Жалпы морфо- функциональды ерекшеліктері. Шығу тегі мен дамуы, бұлшықет тінінің жіктелуі, түрлері. Біріңғай салалы бұлшықет тіні. Дамуы, құрылысы, морфофункциональды және гистохимиялық сипаттамасы. Тегіс салалы миоциттер. Жиырылғыштық аппараттың құрамы. Тегіс салалы бұлшықет тінінің қайта дамуы, Жасқа байланысты өзгеруі (ерекшеліктері). Көлденең жолақты бұлшықет тіндері.

  67. Қаңқа бұлшықет тіні (дене бұлшықеті), Гистогенезі. Тіннің құрылысы. Ет тінінің құрылым бірлігі болып табылатын- симпласт бұлшықет талшықтары. Бұлшықет талшықтарының құрылысы, базальды мембрана, сарколеммасы, ядросы, жалпы және арнайы қызметатқаратын органеллалар. Саркотубулярлы жүйе. Миофибриллалар. Саркомер бұлшықет тініндегі морфофункциональды бірлігі. Әртүрлі бұлшықет талшықтары. Миосателлиттер. Қанға бұлшықет тінінің регенерациясы (бұлшықет қайта дамуы).

  68. Бұлшықет – мүше. Микроскопиялық құрылысы. Жүйкеленуі, жіктелуі, түрлері. Қандануы, васкуляризация. Мион. Бұлшықет талшықтарының сіңірмен байланысы. Бұлшықет тінінің регенерациясы (А.Н. Студицкий). Адам жасыны және істеген жұмысына қарай бұлшықет тінінің өзгеру ерекшеліктері.

  69. Жүректің ет тіні (целом типті). Гистогенеді дамуы. Түрлері, жіктелуі. Жирылғыш және өткізгіш жүрек бұлшықет жасушалары. Бұл екі жүрек бұлшықет жасуша түрлерінің құрылыс ерекшеліктері мен қызметі. Кардиомициттер, ондағы жалпы және арнайы қызмет атқаратын органеллалар. Олардың морфофункциональдық ерекшеліктері мен қызметі, қыстырма дискілерінің маңызы. Жүректің бұлшықет тінінің миокардтың регенерациялық қабілеті. Біріңғай салалы бұлшықет тіні.

  70. Бұлшықет тінінің мезенхимадан дамуы. Гистогенезі мен құрылысы. Морфофункциональды ерекшеліктері. Ет тінінің гистохимиялық ерекшеліктері. Бірыңғай – салалы бұлшықет тіні. Бұлшықет тінінің жиырылғыштық аппараты. Миоциттер қалпына келуі және жасқа байланысты ерекшеліктері. Ет тінінің эпидермальды және нейральды даму тегі.Олардың қызметі. Нерв тіні.

  71. Жалпы морфофункциональдық сипаттамасы. Шығу тегі. Гистогенез. Нейроциттер – нейрондар. Нейрондардың түрлері. Морфологиялық және функциональдық жіктелуі, нейрон денесінің құрылысы. Аксон мен дендриттері. Органеллалар, олардың түрлері, маңызы. Нейрондардағы зат тасымалдау процесстері. Нейромедиаторлар мен нейропепиттердің түзілуі. Нейросекреторлы жасуша (нейрондар),

  72. Нейроглия- жалпы сипаттамасы, негізгі түрлері.

  73. Макроглия. Глиоциттердің түрлері. Орталық глиоциттер (эпендимоциттер, астроциттер және олигодендроглиоциттер). Шеткі глиоциттер (ганглий глиоциттері), нейролемоциттер. Олардың құрылысы мен маңызы. Микроглия.

  74. Нерв талшықтары. Жалпы ерекшеліктері. Түрлері. Миелинді жіәне миелинсіз нерв талшықтарының құрылысы. Талшықтың миелену процессі. Нерв талшықтарының ренегерациясы мен дерегенерациясы.

  75. Нерв ұштары. Жалпы морфофункциональдық ерекшеліктері. Рецепторлы және эфферентті нерв ұштары мен құрылысы. Синапс туралы ұғым. Нейрон аралық синапс (байланыс). Олардың түрлер іжәне құрылысы. Нерв жүйесінің субстраты болып саналатын қарапайым және күрделі рефлекторлы доға.

Сезу ағзалары .

76. Сезу ағзаларына жалпы сипаттама беру. Анализатор ұғымының шығуына мән беру (сезiмтал жүйелер). Рецепторлы жасушалары мен рецепторлы механизмi. Сезу мүшелерiнiң жiктелуi. Шығу тегi мен рецепторлы жасушаларының құрылысы мен олардың өзара байланысы.

77. Көру ағзалары. Жалпы ерекшелiктерi. Шығу тегi мен эмбриональды дамуы. Көз алмасының жалпы құрылысы. Қабықтары, бөлiктерi мен олардың туындылары. Тiндiк құрамы. Негiзгi функциональдық аппараттары: диоптрикалық (жарық сындырушы), аккомодациялық, рецепторлы аппараты. Фоторецепторлық жасушалар (жарықты қабылдаушы), оладың механизмi (фоторецепциясьт). Нейрондық құрамы мен торлы қабығының глиоциттерi. Пигменттi қабығы. Сары дақ пен орталық шұңқыр. Көру жүйкесі. Оның құрылысы. Көз алмасының қантамырлы қабығы. Көздiң қосымша аппараты. Жасқа байланысты ерекшелiктерi.

78. Иiс сезу ағзалары. Жалпы ерекшелiктерi. Шығу тегi мен эмбриональды даму барысы. Рецепторлы және иiс сезу жасушалары. Тiректiк және базальды жасушалары. Иiс сезу мүшесінің гистофизиологиясы. Жасқа байланысты өзгеруi.

79. Дәм сезу ағзалары. Жалпы сипаттамасы мен даму барысы. Рецепторлы және иiс сезу жасушалары. Дәм сезу түйiндерiнiң инервациясы. Дәм сезу ағзыларының гистофизиологиясы.

80. Есту және тепе-теңдiк сақтау ағзалары. Бұл ағзалардың морфофункциональдық сипапамасы. Iшкi құлақ. Сүйектi және жарғақты лабиринттерi. Шығу тегi мен

эмбриональды дамуы. Жарғақты лабиринттерiнiң кiреберiс бөлiгi, есту қапшығы, жартылай иiлген ұлу каналы. Кiрпiкшелi және тiректiк жасушалар. Отолиттi (тасты) мембранасы мен күмбезi. Нервтенуi. Кiреберiс лабиринтiнiң гистофизиологиясы. Жарғақты лабиринтiнiң ұлу бөлiмi. Спиральды мүше. Кiрпiкшелi (сезiмтал) және тiректiк жасушалар нервтенуi, дыбыс қабылдау процесiнiң ерекшелiгi мен гистофизиологиясы.

Соседние файлы в папке БӨҚ