Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kz-G-1-om2 / жумыс багдарламасы / Жумыс багдарламасы.docx
Скачиваний:
22
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
565.55 Кб
Скачать

«Астана медицина университеті» АҚ

ЖБ-07.1.15

Шығарылған күні:31.08.2012

Гистология, цитология және эмбриология кафедрасы

Тексеріс күні:

Тексеріс

1бет 13

«Бекітемін»

Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор

Г.А. Жаксылыкова

«____» _________________________ 2008 г.

Жұмыс бағдарламасы

ГИСТОЛОГИЯ - 1 пәні бойынша

Пәннің коды: GIS 1205

051301 - « Жалпы медицина» мамандығы бойынша

Дәрістер: 18 сағат

Практикаклық сабақ: 54 сағат

Студенттердің өзіндік жұмысы: 36 сағат

Етихан: 3 семестр

Барлық сағат саны: 108 сағат

2 курс

3 семестр

Астана 2008

2. Бағдарлама

2.1 Кіріспе

Гистология – 1 бағдарламасына жасушаны зерттейтін – цитология, ұрықтың пайда болуы мен дамуын зерттейтін – эмбриология және тіндер туралы ілім – жалпы гистология пәні кіреді. Жалпы гистология, цитология және эмбриологияның бір пән болып бірігуі жай ғана емес, бұл пәндер өзара тығыз байланысады.

Гистология – 1 тірі материяның тіндік деңгейіндегі құрылыс ерекшеліктерінің жалпы заңдылықтарын зерттейді. Тіндер организмдегі ағзалардың даму кезеңіндегі, құрылысындағы ерекше тіршілігіне қажетті морфо-функциональді бірлігі.

Гистология – 1 медико-биологиялық ілімдер жүйесінің ішіндегі болашақ дәрігерлерге фундаментальді – теориялық білім беретін пәндердің бірі болып табылады. Гистология – 1 жалпы тіндердің тіндік құрамынын және ағзалардың құрылысының ерекшеліктерін жалпы даму заңдылықтарымен байланыстыра отырып зерттейді. Ағзалардың құрамындағы жасушалары мен тіндердің қалыпты жағдайдағы құрылысын, даму ерекшеліктерін білу, бұлардың әр түрлі биологиялық, физикалық, химиялық және тағы да басқада сыртқы әсерлерге қарсы тұрарлық қабілетін білу өте маңызды. Осыған байланысты гистологиялық зерттеу объектісі болып тірі және фиксацияланып бекітілген жасушалар мен тіндер, олардың жарықтық және электронды микроскопиялық зерттеулерден алынған кесінділері және микросуреттері жатады.

Қазіргі кезде гистологияның дамуы физика, химия, математика және информатика ілімдерінің жоғарғы деңгейдегі жетістіктерімен тығыз байланысты. Гистология медицина саласының ішіндегі маңызды орын алатын, әрі адам ағзасының құрылыс-қызметін, өмір бойғы тіршілігі мен патологиясына талдау беретін ілімдердің бірі болып саналады.

2.2 Пәннің мақсаты: студенттерді жасуша мен тіндердің, ағзалардың құрылысындағы құрылымдарының өмір тіршілігінде өтетін көптеген үрдістердің заңдылықтарын және олардың пайда болуын, дамуын, фундаментальді – теориялық түрде білгізге отырып, оған белгілі бір мақсатта әсер етуге қалыптастыру.

2.3 Міндеттері:

  • Жасуша мен оның туындыларының құрылыс - қызметін анықтай білу;

  • Тіндердің гистогенезін, құрылысын, гистофизиологиясын, қалпына келуін анықтай білу;

  • Әр түрлі ағзалардың, тіндердің арнайы атқаратын қызметтеріне байланысты ерекшеліктерін ажырата білу;

  • Микроскопиялық деңгейде гистологиялық препараттардан тіндерді ажырата білгізуге дағдыландырып, қалыптастыру;

2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі

Студентке қажет:

Білу:

  • Жасуша мен жасуша аралық заттардың, тіндердің және ағзалардың құрылысындағы құрылымдарының негізгі заңдылықтарын;

  • Оптикалық, электронды микроскопиялық және гистохимиялық зерттеулердің нәтижесінде тіндердің гистофизиологиялық ерекшеліктерімен олардың негізгі биологиялық үрдістерін қатысуын (қорғаныс, трофикалық және пролиферациялық);

  • Тіндердің эмбриональді даму кезеңдегі негізгі заңдылықтарын.

Анықтау:

  • Микроскопиялық, ультрамикроскопиялық деңгейде ағзалардың тіндеріндегі жасушасын және жасуша емес құрылымдарын ажырата білу;

  • Организмде кездесетін әр түрлі физиологиялық және қорғаныс – бейімделу реакцияларындағы ағзалардың жасушалары мен тіндеріндегі құрылыс ерекшеліктерін ажырата білу.

Дағдылану:

  • Құрғақ және иммерсиональді жүйе арқылы ағзалардан дайындалған гистологиялық препараттарды микроскопиялық зерттеу;

  • Хаттама құрастырып, гистологиялық препараттардың суреттерін салу.

2.5 Реквизиттке дейінгі: қалыпты анатомия, молекулярлық биология мен медициналық генетика, қалыпты физиология.

2.6 Реквизиттен кейінгі: патологиялық анатомия-1, патологиялық анатомия-2, патологиялық физиология-1, патологиялық физиология-2.