Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МКТ силлабус.doc
Скачиваний:
26
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
2.2 Mб
Скачать

14. Пән бойынша іі аралық бақылау бойынша бағалау критерийлері

Бақылау түрлері

Бағалау өлшемдері (критерии %)

1

Дәріске қатысуы

20%

2

Дәріске белсенді қатысқаны үшін

10%

3

Семинар (тәжірибе) сабақтарына қатысуы

10%

4

Семинар (тәжірибе) сабақтарына белсенді қатысуы

20%

5

СОӨЖ тақырыптары бойынша тапсырмаларды уақытылы тапсыруы және сапалы орындауы

30%

6

Пәндер бойынша силлабустарға сәйкес СӨЖ тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау

10%

ҚОРЫТЫНДЫ (%)

100%

15. Білім бағалаудың жалпы шкаласы

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Баллардың цифрлік эквивалент

Проценттік мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

А-

4,0

3,67

95-100

90-94

өте жақсы

В+

3,33

85-84

жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

қанағат

С

2,0

50-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1.0

50-54

F

0

0-49

қанағатсыз

Пән бойынша қорытынды баға проценттік мазмұнда былай анықталады:

А1 + А2

Қ% = ------------------- Х 0,6 + Е Х 0,4

2

А1 – 1 рейтингтің проценттік мазмұны

А2 – 2 рейтингтің проценттік мазмұны

Е – емтихан бағасының проценттік мазмұны

Қ% қорытынды проценттік мазмұндағы баға ең соңында жоғарыда көрсетілгендей (жалпы шкала) Қц цифрлік эквиваленттік бағаға ауысады.

  1. Дәрістік кешен (дәріс тезистері, дәріс конспектілері)

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Пән: Мемлекет және құқық теориясы Кредит саны:_________

Дәріс №10 Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы Құқық түсінігі, оның белгілері мен функциялары

Факультет_____________________________ Оқытушы __________________________________

Академиялық жыл 2012-2013 Курс 1 Семестр 2

Дәрістің мақсаты: Құқық туралы негізгі түсініктерді, құқықтың мәнін, маңызын, әлеуметтік құндылығын оқып үйрету.

Жоспары:

1. Құқық туралы негізгі теориялар.

2. Құқықтың түсінігі және мазмұны.

3. Обьективтік құқық және субьективтік құқық.

4. Құқық қызметінің жүйесі.

Дәрістің қысқаша мазмұны: Қоғам реттеусіз, яғни әр түрлі саладағы адам әрекетін тәртіпке келтірусіз өмір сүре алмайды. Адам әрекеті әлеуметтік және техникалық нормалар көмегімен ретке келтіріледі. Әлеуметтік норма – адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршіліктерін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, әлеуметтік экономикалық негізде айқындалған, сана-сезім еркімен қалыптастырылған адамдардың мінез-құлық ережесі.

Әлеуметтік нормалардың белгілері:

  • реттеу пәні қоғамдық қатынастар болып табылады;

  • жалпылық сипаты болады, олар адамдардың саналы-ерікті әрекеті нәтижесінде құрылады.

  • субъективті құрамы әлеуметтік аяның өкілдері ретіндегі адамдармен байланысты;

Әлеуметтік нормалар құқықтық, адамгершілік, діни, саяси, эстетикалық, әдет-ғұрыптық, корпоративтік және т.б. болып бөлінеді.

Адамгершілік нормалары – халықтың ұлттық ұғымымен жақсылық, зұлымдық туралы қоғамда қалыптасқан әлеуметтік норманың бір түрі. Діни нормалар – әр түрлі діни сенімдермен тағайындалған және белгілі бір дінді тұтынушылар үшін міндеттілік маңызы болатын әлеуметтік нормалар. Әдет-ғұрып – қауымдағы адамдардың қарым-қатынасын реттейтін географиялық, ұлттық, экономикалық факторларға байланысты тарихи қалыптасқан, ұрпақтан ұрпаққа беріліп дәстүрге айналған, қоғамдық әсер ету шараларымен қамтамасыз етілген әлеуметтік норманың бір түрі. Корпоративтік нормалар – қоғамдық ұйымдардың жарғыларында анықталған, ұйым мүшелеріне міндетті болатын әлеуметтік нормалар.

Құқықтың пайда болуы. Құқықтың қалыптасуының негізгі себептері мен жолдары. Құқықтың пайда болуы туралы негізгі теориялар:табиғи-құқықтық, теологиялық, нормативистік, марксистік, психологиялық, социологиялық.

Құқық философия мен теория категориясы ретінде шынайы мазмұнды құрай отырып, инструменталдық роль атқарады. Құқық түсінігіне, шығу жолына, мәні мен мағынасына қатысты ғылымда сан алуан көзқарастардың болу мүмкін. Бірақ құқықты өмірде қолдануға келгенде міндетті түрде біркелкі ойдың, көзқарастың тұрғысынан табылу керек. Егер құқық әртүрлі мағынада ұғынылатын болса, онда ол өзінің құндылығын, қоғамдық қатынастарды тұрақтандыру мен ретке келтірудегі ролін жоғалтушы еді. Құқық түсінудегі анықталғандық - қоғамдық қатынастардың анықталғандығы мен тәртібінің бастауы.

Құқыққа деген әртүрлі көзқарастар қоғамды демократияландырумен ұштасады, пікір плюрализміне сәйкес келеді. Субъективті, объективті факторлармен қатар, көзқарастардың көптігіне гносеологиялық та себеп бар. Таным барысында құбылыстың бір ғана жағына еліктеу, оны жоғары санап, өзгелерін жоққа шығару мүмкіндігі бар. Міне, осыдан құқықтың әртүрлі анықтамалары туындайды. Егер бір жақты анықтама өзгелерін алмастыруды мұрат тұтпаса, жалғыз дұрыс деген атауға ұмтылмаса, онда одан келетін еш жамандық жоқ. Құқықты терең түсіну үшін, егер ол шындыққа сәйкес келетін болса, кез-келген анықтама пайдалы. Ал, практикалық қолдану үшін құқықтың тұтас түсінігі болуы қажет.

Құқық көп жақты, күрделі құбылыс. Сондықтан оған берілетін анықтамалар да сан қырлы. Құқық (жалпы әлеуметтік мағынада) тиісті мүмкіндіктердің заңда көрсетілген, көрсетілмегендігіне қарамастан адамгершілік, әдет-ғұрып тұрғысынан әрекеттің негізделуі мен еркіндік ретінде танылады. Құқықтың функционалдық анықтамасы – қазіргі кездегі экономикамен негізделген халықтың, көпшіліктің еркін білдіретін, нормативті анықталған және бұзылудан тәрбиелеу, сендіру және қажетті жағдайда мемлекеттік мәжбүр ету шараларымен қорғалатын, қоғамдық қатынастарды реттеу қызметін атқаратын, құқықтық демократиялық мемлекет қалыптастыру мақсатында қоғамдық келісім құралы болатын нормалар жүйесі ретінде көрсетеді.

Құқыққа мынандай белгілер тән:

-еріктілік сипаты болады;

-жалпыға бірдей міндеттілік күші танылған;

-нормативтілік;

-мемлекетпен қалыптастырылады және қорғалады;

-жүйелілік;

-қоғамдық қатынастарды реттеу қызметін атқарады.

«Құқық» термині екі мағынада: обьективтік және субьективтік болып қолданылады, бірақ қай қайсысының да мағынасы толық ашылмаған. Бірінші мағынасында «құқық дегеніміз өмірдің заңдық тәртібі, мемлекетпен қорғалатын барлық құқықтық ережелердің жиынтығы», ал екінші жағдайда – құқық дегеніміз «жеке тұлғаның нақты құқық өкілдігіндегі абстрактылы ереженің нақты көрініс табуы».

Құқық мәнін анықтау барысында екі түрлі көзқарасты ескеру қажет.

1.Таптық қөзқарас, онда құқық экономикалық үстем таптың заңдастырылған еркін білдіретін, мемлекетпен кепілдендірілген нормалар жүйесі ролін атқарады.

2.Жалпы әлеуметтік көзқарас бойынша құқық қоғамның әр түрлі топтарының арасындағы келістіруші ролін атқарады.

Дегенмен де, құқық түсінігі тәріздес, оның мәнінің де жан-жақты көп қырлы екендігін естен шығармауымыз қажет. Осы тұрғыдан құқықтың діни, ұлттық, нәсілдік және тағы да басқа мәні болатындығын атап өту қажет. Құқық мәнін анықтайтын нормативистік, табиғи-құқықтық, тарихи-материалистік, әлеуметтік теориялар бар.

Құқықтүсінушіліктің негізгі типтеріне мыналарды жатқызады:

  • нормативистік;

  • әлеуметтік юриспруденция;

  • табиғи құқық теориясы;

  • философиялық құқықтүсінушілік.

Құқық – қоғамның мемлекеттік еркін, оның жалпыадамзаттық және таптық сипатын көрсететін жалпыға міндетті, формальды-анықталған нормалар жүйесі; мемлекетпен шығарылады немесе санкцияландырылады және бұзылудан мемлекеттік мәжбүр ету мүмкіндігімен қорғалады; қоғамдық қатынастарды өкімдік-ресми реттеуші болып табылады.(Байтин М.И.)

Құқық – көмегімен құндылық тағайындалымдар анықталынатын және бекітілетін, белгілі бір социумның өкілдерімен жалпы маңызды ретінде танылған және заңдық кепілдіктер жүйесі мен заңдық жауапкершілік шараларымен қамтамасыз етілген біртектестендірілген әрекет стандарттарының жиынтығы.(Ромашов А.И.)

Құқық – мемлекеттен бастау алатын және орындалуы онымен қамтамасыз етілетін әрекет тәртібі жүйесі. Сондықтан даулы мәселе құқықты қалай түсінуде емес, мәселе осы тәртіптің мән - мағынасын қоғамның қалай қабылдайтындығында - деп санайды Раянов Ф.М.

Экономика, саясат және құқық түсініктерінің арақатынасына тоқталмастан бұрын, олардың әрқайсысына жеке-жеке анықтама беру қажет. Экономика – нақты

қоғамның өндіріс тәсілі, өндірістік қатынастарының жиынтығы. Саясат – билікке байланысты таптардың, топтардың қатынасын сипаттайтын қоғамды басқару өнері. Құқық туралы жоғарыда баяндалды. Аталған құбылыстардың арақатынасына екі түрлі көзқарас анықталған.

Бірінші көзқарас бойынша олардың арасында басымдылығымен танылатын құбылыс жоқ, қоғам дамуындағы атқаратын ролі тең деп саналады. Себебі, қоғамдық қатынастардың пайда болуы мен қызмет етуінің алғашқы факторы ретінде адамдардың мүддесі танылады. Белгілі бір жағдайларда мүдде құқықта жүзеге асырылады да, содан кейін әлеуметтік байланыстардың өзге салаларына таралады. Бұл жағдайда құқықтың экономикаға тигізетін әсері туралы айтуға болады.

Екінші көзқарас бойынша экономика саясатты да, құқықты да анықтайды. Кейінгілер қондырмалық құбылыс болғандықтан, базиске (өндіріс тәсіліне) тәуелді болады. Дегенмен де экономиканың үстемдігі шартты, себебі саясат пен құқық экономиканың дамуына немесе кері кетуіне әсер ететіндей күшке ие. Бұнда да саясат экономика мен құқықтың дәнекері болып табылады.

Саясат пен құқықтың да арақатынасы екі түрлі. Кейбір жағдайда ықпал етуші фактор ретінде саясат үстемдігі танылса, кейде үстемдік құқыққа тиесілі болады.

Адамгершілік – адам әрекетін жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік тұрғысынан реттейтін нормалар мен қағидалар жүйесі. Адамгершілік пен құқық қоғамдық қатынастарды ретке келтіру барысында өзара әрекеттестікте болады. Олардың адам әрекетіне қоятын талаптары көбінесе ұқсас келеді. Ұқсастықтары мынада:

-әлеуметтік нормалардың ішіндегі ең әмбебап түрі, қоғамның барлық мүшелеріне таралады;

-реттеу объектілері қоғамдық қатынастар болып табылады;

-қоғамнан бастау алады.

Адамгершілік пен құқықтың өз алдына жеке құбылыстар болуына байланысты өзіндік ерекшеліктері де бар:

-шығу тегіне байланысты әртүрлі. Адамгершілік нормалары адамзат қоғамымен қатар пайда болса, құқық нормалары мемлекетпен бірге пайда болған;

-көрініс табу нысандары да әртүрлі. Адамгершілік адам санасында орын алса, құқық жазба нысандағы мемлекеттің арнаулы актілерінде көрініс табады;

-әрекет ету аймақтарына байланысты ажыратылады. Егер адамгершілік қоғамдағы барлық қатынастарды ретке келтіре алатын болса, құқық барынша маңызды бөлігін ғана қамтиды;

-қолданысқа енгізілу мерзімі де ерекше. Адамгершілік түйсікпен сараланған мезеттен бастап әрекет етсе, құқықтың заңды күшіне ену мерзімі нақты анықталады;

-қамтамасыз ету тәсілдері бөлек. Адамгершілік қоғамдық әсер ету шараларымен қамтамасыз етілетін болса, құқық нормалары мемлекеттің мәжбүр ету шараларымен қамтамасыз етіледі.

Ұлттық дәстүрлер және құқық. Еңбектік және отансүйгіштік дәстүрлер және құқық.

Глоссарий (терминдер): құқық, құқықтық қатынастар, құқықтық норма, заңды көзқарас, құқықтың функциясы.

№1 СӨЖ тапсырмасы: Мына сұрақтарды талдау:

  • Құқықты реттеу және құқықтық әсер ету

  • Құқықтық реттеу механизмі түсінігі

  • ҚРМ сатылары және негізгі элементтері

  • ҚРМ тиімділігі және тиімділікке ықпал етуші факторлар

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

  1. Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

  2. Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

  3. Рәсімдеу сапасы

  4. Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы: Мына еңбекті конспектілеу: Избасов Л. Ценностный подход к правопониманию // Правовая реформа в Казахстане. 1999.№4.

Тақырып көлемінде лекцияда қарастырылған сұрақтар бойынша түсініксіз мәселелерді талдау

Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Т.Ағдарбеков.Құқық және мемлекет теориясы. Қарағанды,2002 ж.

2.А.Қ Мұхтарова. Қ.Д Жоламан. А.Н Тәукелев. Мемлекет және құқық теориясы.А.1999ж.

3. С.Өзбекұлы. Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. А. 2006ж.

4. Коваленко А.И. Теория государства и права. Вопросы и ответы. Москва,1997.

5.Комаров С.А. Общая теория государства и права. Москва,1998.

6.Лазарев В.В. Общая теория права и государства. Москва, 1996.

7.Лазарев В.В., Липень С.В. Теория государства и права. Москва, 1998.

8.Малько А.В. Теория государства и права в вопросах и ответах. Москва, 1997.

Қосымша әдебиеттер:

  1. 1. Гегель Г. В. Ф. Философия права. М., 1990.

  2. Кленнер Г. От права природы к природе права. М., 1988.

  3. Лвйст О. Э. Три концепции права//Советское государство и право. 1991. № 12.

  4. Радъко Т. Н., Толстик В. А. Функции права. Н. Новгород, 1995.

  5. Явич Л. С. Сущность права. Л., 1985

  6. Избасова А. Ценностный подход к правопониманию ­// Правовая реформа в Казахстане.1999.№4.

  7. Карипбаев Б. Социокультурные и когнитивные прдпосылки права// Право и государство.2001.№2.

  8. Котов А. Государство и сфера права.// Правовая реформа в Казахстане.2001.№ 3.

  9. Котов А. Действующее право: понимание и система. Прав.реф. в Казахстане. № 3. 2000

  10. Матузов Н. И. Право в системе социальных норм // Правоведение. 1996. № 2.

  11. Нұсқабаев О., Әлиев Д. Құқық социологиясы: мәні, құрылымы және қызметі// Заң. 1999. №8.

  12. Тихонравов Ю. В. Основы философии права. М., 1997.

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

«Азаматтық қоғам» тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Азаматтық қоғамның түсінігі және мазмұны. Азаматтық қоғамның құрылымы.

Тақырыптар бойынша тест тапсырмалары, өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1. Құқық белгілерін атаңыз:

A) құқықтың жүйелігі;

B) құқықтың жалпыға бірдей міндеттілігі;

C) құқықтың жария (формальды) анықтылығы;

D) құқықтың мемлекет күшіне сүйенуі, қамтамасыз етілуі;

E) аталған белгілердің бәрі, сондай-ақ құқықтың реттеушілігі.

2. Құқықтың негізгі принциптерін атаңыз.

A) әлеуметтік әділеттілік;

B) азаматтардың заң және сот алдында тең құқықтылығы;

C) құқықтар мен міндеттердің біртұтастылығы

D) ізгілік (адамгершілік), демократизм;

E) аталғандардың барлығы.

3. Құқық принциптерінің термині қалай түсініледі?

A) құқықтың негізін құрайтын немесе құқықтың қалыптасу, даму қызметін атқару үрдістерінің жетекші бастаулары;

B) құқықта өз көрінісін тапқан мемлекеттің еркі;

C) қоғамдық қатынастарды реттеуші құқықтың ерекшеліктерін көрсететін құқық белгі-нышандарының жиынтығы;

D) құқықтық презумпциялар (болжамдар);

E) құқықтың пайда болуы туралы сан-алуан теориялар.

4. Экономикаға мемлекеттік-құқықтың араласудың шегін көрсетіңіз.

A) мемлекеттік-құқықтық жүйенің экономикаға қол сүғуы, оған араласу аясы мен шегі заң жөнімен белгіленеді;

B) меншіктің барлық түрлері заңмен бекітіледі және кепілдендіріледі;

C) шаруашылық, азаматтық-құқықтық және басқа дауарларды шешудің тәртіптік реті заң анық етіп белгіленген ережелерге бағындырылады;

D) экономика саласындағы құқық бұзушылықтар үшін заңды (құқықтық) жауапкершіліктер белгіленеді;

E) аталғандардың бәрі.

5. Құқықтық презумпциялар дегеніміз.....

A) құқық жөніндегі негізгі идеяар;

B) құқықта бекітілген заңдық айғақтардың бар немесе жоқ екендігін, білдіретін болжамдар;

C) құқықтың негізгі белгі-нышандары;

D) құқықтың негізгі қызметтері;

E) құқық нысандары.

6. Таптық қоғамға дейінгі әлеуметтік нормалар

A) қоғамдық ұйымдардың нормалары;

B) техникалық құралдарды пайдалану ережелері;

C) нормативті-құқықтық акт;

D) әдет-ғұрыптар, моралдық нормалар, салт-дәстүрлер;

E) нормативті келісім.

7. Құқықтың пайда болу жолдары:

A) мемлекеттің құқық шығармашылығы мен құдай еркіне байланысты;

B) мемлекеттің құқық шығармашылығы мен адамгершілік нормалары;

C) мемлекеттің құқық шығармашылығы мен мононормалардың әлеуметтік нормаға айналуы;

D) прецеденттік құқық пен құдай еркі;

E) әлеуметтік норманың құқықтық сипатқа ауысуы.

8. Нормативтілік, интелектуалды- ерікті сипат, мемлекеттік мәжбүрлеу мүмкіншілігімен қамтамасыз етілгендік, формалды анықталғандық, жүйелілік- бұл ненің белгілері?

A) саяси жүйенің;

B) нормативті-құқықтық актінің;

C) құқықтық мемлекеттің;

D) мемлекеттік биліктің;

E) құқықтың.

9. Құқықтың қай белгісінде құқықтық нұсқаулар әрекетінің жалпылық, міндеттілік, үздіксіздік, аумақтық ұйымдастырылғандығы деген түсініктер шоғырланған:

A) ерікті сипат;

B) жалпыға міндеттілік;

C) формалды анықталғандық;

D) жүйелілік;

E) нормативтілік.

10. Құқықтың басты қызметін атаңыз:

A) реттеу, қорғау;

B) бағалау;

C) тәрбиелеу;

D) танымдық;

E) мәдени.

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Пән: Мемлекет және құқық теориясы Кредит саны:_________

Дәріс №11 Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы Құқық жүйесі және қағидалары_____________

Факультет_____________________________ Оқытушы __________________________________

Академиялық жыл 2012-2013 Курс 1 Семестр 2

Дәрістің мақсаты:

Құқық нормаларының құқықтық институттарға, салаларға және бағынышты салаларға бөліну негіздерін көрсету.

Жоспары:

1. Құқықтық жүйенің ұғымы.

2. Құқық жүйесі ұғымының қағидалары.

3. Құқықтық жүйе және заңнама жүйесі.

4. Заңнаманың кешендік саласы.

5. Бұқаралық және жеке құқық.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

№23. Құқық жүйесі және заңнама жүйесі.

Құқық жүйесі түсінігі жғне оның «құқықтық жүйе» түсінігімен арақатынасы. Құқық жүйесін құрудың қағидалары. Құқықтық реттеу пәні мен әдісі құқықты салаларға бөлудің негізі ретінде. Құқық нормасы, құқық институты, құқық бһлімі және құқық салалары. Кешенді құқық салалары. Қазақстан Республикасы құқық салаларына сипаттама.

Құқық жүйесі және заң жүйесі. Қазақстан Республикасы заңнама жүйесі. Заңнаманың қазіргі жағдайына сипаттама беру.

Материалдық жғне процессуалдық құқық. Көпшілік және жеке құқық. Халықаралық және ұлттық құқық. Халықаралық құқықтың ұлттық құқықтан басымдылығы.

Қазақстан Республикасы құқықтық жүйесінің даму ерекшеліктері.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Ағдарбеков Қ. Мемлекет жғне құқық теориясы. Қарағанды, 2001.

  2. Байжанова Г.Т., Ғділбекова Қ.Қ. Мемлекет жғне құқық теориясы пғні бойынша мемлекет бөліміне арналған Дәрістер жинағы. Қарағанды, 2003.

  3. Байжанова Г.Т., Ғділбекова Қ.Қ. Мемлекет жғне құқық теориясы пғні бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі. Қарағанды, 2001.

  4. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тғуекелов А.Н. Мемлекет жғне құқық теориясы. Алматы, 1999.

  5. Ибраева А.С., Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет жғне құқық теориясы. Алматы, 1998.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Аюпова З. Вопросы соотношения правовой системы и нац.законодательства. Прав.реф.в Казахстане. № 4. 2001 г.

  2. Альмухамбетов Ж. О проблеме общего и особенного в правовой системе Казахстана. Фемида. № 12. 2000 г.

  3. Пузанов О. Об особенностях правовой системы РК. Наука Казахстана, 2000, № 3.

  4. Тихомиров Ю.А. Публичное право. Москва, 1996.

Глоссарий (терминдер): құқықтық нормалар, құқықтық институттар, құқық саласы, материалдық құқық, процессуалдық құқық, жариялық құқық, комплекстік құқық..

СӨЖ тапсырмасы:Қазақстан Республикасы құқық салаларына жалпы шолу. (конституциялық құқық, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, азаматтық іс жүргізу құқығы, қылмыстық іс жүргізу құқығы);

Ұлттық құқық пен халықаралық құқық ара қатынасын қарастыру.

№1 СӨЖ: ауызша және жазбаша.

№2 СӨЖ: Глоссарий

Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

1 Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру.

  1. Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

  2. Рәсімдеу сапасы

  3. Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы: Құқық жүйесінің құрылу қағидаларының ішінде дәстүрлі жүйе кең таралған. Осыған сғйкес келетін Қазақстан Республикасының құқық жүйесін сипаттауда құқық салаларын жетік білу аса маңызды. Соның ішінде әрбір саланың құқықтық реттеу пәні мен құқықтық реттеу әдістерін білу тіпті де қажет.

Тақырып бойынша туындайтын сұрақтарды оқып келіп оқытушымен пікір алмасу.

Үй тапсырмасы:

Дәрістің қарастырылатын сұрақтарына байланысты кесте сызасыз.

Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

Нормативті-құқықтық актілер:

  1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы, 2000.

  2. Қазақстан Республикасының конституциялық заңы «Республикалық референдім туралы» 25 наурыз 1995 ж. / Егемен Қазақстан, 30.05.1995.

  3. Қазақстан Республикасының заңы «Нормативті актілер туралы» заңы 24 наурыз 1998 ж./Парламент Жаршысы. 1998.№2-3.

Негізгі әдебиеттер:

1. Ағдарбеков Қ. Мемлекет жғне құқық теориясы. Қарағанды, 2001.

2. Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 2006.

3. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәуекелов А.Н. Мемлекет жғне құқық теориясы. Алматы, 1999.

4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. Москва, 1996

5. Ибраева А.С., Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет жғне құқық теориясы. Алматы, 1998.

6. Коваленко А.И. Теория государства и права. Вопросы и ответы. Москва,1997.

7. Комаров С.А. Общая теория государства и права. Москва,1998.

8. Лазарев В.В. Общая теория права и государства. Москва, 1996.

9. Лазарев В.В., Липень С.В. Теория государства и права. Москва, 1998.

10. Малько А.В. Теория государства и права в вопросах и ответах. Москва, 1997.

11. Марченко М.Н. Теория государства и права. Москва,1996, 1998.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Абельдинов А. Проблемы правотворчества и систематизации актов.Фемида. № 1-2.2000 г.

  2. Абельдинов А.К. Развитие нормотворчества в Казахстане. -Алматы: Жеты Жаргы,1998-28 с

  3. Амандыкова С.К. Некоторые проблемы становления законотворческого процесса в РК. Вест. КазГУ. № 3. 2001

  4. Власенко Н. А. Основы законодательной техники. Иркутск, 1995.

  5. Власенко Н. А. Язык права. Иркутск, 1997.

  6. Гаврилов О. А. Стратегия правотворчества и социального прогнозирования. М., 1993.

  7. Керимов Д. А. Культура и техника законотворчества. М., 1991.

  8. Канагатова К. Проблемы реализации права законодательной инициативы в РК. ПиГ. № 4. 2000

  9. Кусмангалиева Ж. Систематизация законодательства РК: проблемы и перспективы. Саясат. № 2. 2002 г.

  10. Кусмангалиева Ж. Классификация и систематизация законодательства РК. Прав.реф.в Казахстане. № 1. 2001 г.

  11. Крылов В. Законам – качественную научную и экологическую экспертизу. Прав.реф.в Каз-не. №2. 2001 г.

  12. Малиново, И. П. Философия правотворчества. Екатеринбург, 1996.

  13. Малъко А. В. Лоббизм и право// Правоведение. 1995. № 2.

  14. Окушева Р. Ответственность в правотворчестве: проблемы и перспективы развития. Прав.реф.в Казахстане. № 1. 2001 г.

  15. Табанов С.А. Құқықты жүйелендіру. Алматы, 1998.

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

«Құқықтық қатынастар» тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Құқықтық қатынас қоғамдық байланыстың ерекше түрі ретінде, Құқықтық қатынастың субьектілері, Құқықтық қатынастың обьектілері және олардың жіктелуі, Заңды дерек құқықтық қатынастың пайда болу, өзгеру, тоқтату негіздері ретінде.

.

Тақырыптар бойынша тест тапсырмалары, өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1. Құқық институты дегеніміз...

A) құқықтың ең алғашқы торшасы (жасушасы), яғни құқықтық норма;

B) құқық саласы;

C) толығымен бүтіндей алғандағы құқық;

D) белгілі қоғамдық қатынастарды реттейтін, орнықтылығы тұрақты құқықтық нормалар топтамасы;

E) құқықтың қызметі.

2. Құқықтық жүйелерді түрлерге жіктеудің басты айырымдық белгілері қандай:

A) құқықтық негіздері(нысандары);

B) мемлекеттік органдардың нақты іс-әрекеттері;

C) мемлекеттегі саяси құқықтық режимнің түрі;

D) заң шығарушының еркі;

E) қоғамдық құқықтық сана.

3. Құран- мұсылман құқығының негізі ретінде нені білдіреді?

A) исламның және барша мұсылмандардың қасиетті кітабы. Ол Мұхаммед пайғамбардың Меке және Мединада айтылған хадистерінен тұрады;

B) мұсылманның қасиетті аңыздары. Мұнда Мұхаммад пайғамбардың өмір жолы, міңез-құлықтары туралы айтылады. Осы хадистер мұсылмандар үшін жүріс-тұрыстың үлгілері болуы тиіс;

C) бұл исламның түсіндірмелері. Оларды ислам дінінің ғұламалары жасап шығарған;

D) бұл арнайы тәртіппен қабылданған мемлекеттің ресми актісі;

E) жоғарыда келтірілгендердің бәрі.

4. Мүліктік және онымен байланысты мүліктік емес жекелік қатынастарды құқықтың қай саласының нормалары реттейді?

A) жер құқығының нормалары;

B) қаржы (қаражат) құқығының нормалары;

C) азаматтық құқық нормалары;

D) әкімшілік құқық нормалары;

E) қылмыстық құқық нормалары.

5. Құқық жүйесінің салаларға бөлінуінің негізгі айырым белгілері қандай ?

A) заң шығарушының (құқық шығармашылығы ісімен шұғылданатын органның) шешіміне байланысты;

B) құқықтық реттеудің пәні мен әдісі;

C) құқық негіздерінің сипаты;

D) құқықтық сана;

E) іс жүзінде (практикада) қолданылуына байланысты.

6. Құқық жүйесі қандай құрамдық бөліктерден құрылады?

A) заң нормаларынан, құқық институттары мен құқық салаларынан;

B) нормативтік актілердің баптарынан, кодекстерден және басқа да негіздерден;

C) құқық салаларынан;

D) мемлекеттік органдардан;

E) келтірілген барлық белгілерден.

7. Лигитимділік нені білдіреді:

A) мемлекеттің белгі нышаның;

B) құқықтың белгі нышанын;

C) құқықтық салдардың болуының қандай жағдайларға байланыстылығын;

D) азаматтардың мүліктік және заңдық жағдайларының теңдігін;

E) қоғамның тиісті органының белгіленген тәртіп ретімен қабылданған заңына қолдау көрсетіледі.

8. Объективті құқық:

A) адам әректінің құқықтығы немесе құқыққа қарсылығың өлшемі, практикада тұлғаның заңдық құқықтары мен міндеттерінің бар-жоқтығын анықтаудың заңдық негізі болып табылатын нормалар жүйесінде көрінетін әлеуметті нормативті реттеуші;

B) тұлғаның мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормалардың тұлғаларға берген құқықтық мүмкіндіктері;

C) мемлекеттік-өкілдік нормативтік нұсқауларда объективтендірілген мемлекеттік ерік;

D) құқықты терең білу, түсіну, оның талаптарын саналы түрде орындау;

E) құқықтық нормаларды жүзеге асыру нәтижесінде қалыптасатын қоғамдық тәртіп.

9. Құқық функциялары /қызметі/:

A) декларативті, позитивті;

B) корпоративті, әлеуметтік;

C) ұлттық, нәсілдік;

D) реттеуші, қорғаушы;

E) әлеуметтік, авторитарлық;

10. Құқықтың қоғам өміріндегі мәні мен әлеуметтік орнымен анықталатын қоғамдық қатынастарға заңды әсер етудің негізгі бағыттары:

A) құқық жүйесі;

B) құқық мазмұны;

C) құқық саласы;

D) құқық түсінігі;

E) құқық қызметі.

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Пән: Мемлекет және құқық теориясы Кредит саны:_________

Дәріс № 12 Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы Құқық типтері және қазіргі кездегі негізгі құқықтық жүйелер

Факультет_____________________________ Оқытушы __________________________________

Академиялық жыл 2012-2013 Курс 1 Семестр 2

Дәрістің мақсаты: арнайы формацияның меншік қатынастары қалыптастырған құқықтың мәндік мазмұнын айқындайтын ерекшеліктердің жиынтығын қарастыру.

Жоспары:

1. Құқықтың тарихи типтері.

2. Феодалдық типтегі құқық.

3. Буржуазиялық құқық.

4. Социалистік құқық.

Дәрістің қысқаша мазмұны: Құқық типін анықтау қазіргі кезеңде екі түрлі нысанда жүзеге асырылады. Бірінші көзқарас бойынша құқық типі формациялық тұрғыдан анықталады. Оның басты өлшемі ретінде әлеуметтік-экономикалық белгілер алынады. Аталған көзқарас авторларының ойы бойынша базис (өндірістік қатынастардың типі) қоғам дамуының шешуші факторы болып табылады да, тиісінше қондырмалық құбылыстарды – мемлекет пен құқық типін анықтайды. Экономикалық базис типіне сай құл иеленуші, феодалдық, буржуазиялық және социалистік құқық типтері анықталған. Аталған көзқарастың ұтымды тұстарымен (құқықты әлеуметтік-экономикалық факторлардың негізінде бөлумен) қатар осал тұстары да бар. Ол құқықтың нақты тарихи, ұлттық-мәдени және арнаулы заңдық қасиеттерін ашып көрсетуге мүмкіндік бермейді.

Екінші көзқарас бойынша құқық нақты географиялық, ұлттық-тарихи, діни, арнаулы заңдық белгілеріне байланысты жіктеледі. Аталған өлшемдерге байланысты құқықтың мынандай типтері анықталған:

    1. Ұлттық құқықтық жүйелер. Ол белгілі бір мемлекеттің нақты тарихи құқығының, заңдық тәжірибенің және үстем құқықтық идеологияның жиынтығы.

    2. Құқықтық семьялар. Бұл қайнар көздердің, құқық құрылымының және оның қалыптасуының тарихи жолдары ұқсастығы негізінде ерекшеленген құқықтық жүйелердің жиынтығы. Құқықтық семьялардың мынандай түрлері танылған: жалпы құқық, романо-германдық құқық, славяндық құқық, мұсылмандық құқық, индустық құқық және тағы басқалар.

Бұл көзқарастың ұтымды жағы - онда құқықтың ұлттық-тарихи, нақты географиялық және техникалық-заңдық белгілері ажыратылған. Осал тұсы құқық табиғатындағы әлеуметтік-экономикалық факторлардың ролі толық бағаланбаған.

Қоғамның құқықтық жүйесі. Негізгі элементтері мен олардың сипаттамалары:заң ғылымы, құқықтық ұғымдар, заң техникасы. Заңды тәжірибе. Қазіргі кездегі құқықтық жүйелердің жіктелуі. Романо-германдық құқықтық жүйе, англо-саксондық құқықтық жүйе, дәстүрлі діни құқықтық жүйе.

Глоссарий (терминдер): құқықтық жүйе, заң техникасы, романо-германдық құқықтық жүйе, англо-саксондық құқықтық жүйе, дәстүрлі діни құқықтық жүйе.

№1 СӨЖ тапсырмасы: Келесі сұрақтарға өздігінен жауап жазу:

  • Құқық жүйесі ұғымы және оның мәні

  • Құқық жүйесін қалыптастыруға дәстүрлі көзқарас (құқықтық реттеу пәні мен әдісі құқықты салаларға жіктеудің негізі ретінде)

  • Құқық саласы, құқық бөлімі, құқықтық институт ұғымдары

  • Көпшілік және жеке құқық

  • Қазақстан Республикасы құқық салаларына жалпы шолу

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

  1. Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

  2. Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

  3. Рәсімдеу сапасы

  4. Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы: Мына тақырыптардың біреуіне реферат жазу:

  • Романо-германдық құқықтық жүйе

  • Англо-саксондық құқықтық жүйе

  • Дәстүрлі діни құқықтық жүйелер

  • Мұсылмандық құқықтық жүйе

Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Т.Ағдарбеков.Құқық және мемлекет теориясы. Қарағанды,2002 ж.

2.А.Қ Мұхтарова. Қ.Д Жоламан. А.Н Тәукелев. Мемлекет және құқық теориясы.А.1999ж.

3. С.Өзбекұлы. Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. А. 2006ж.

4. Коваленко А.И. Теория государства и права. Вопросы и ответы. Москва,1997.

5.Комаров С.А. Общая теория государства и права. Москва,1998.

6.Лазарев В.В. Общая теория права и государства. Москва, 1996.

7.Лазарев В.В., Липень С.В. Теория государства и права. Москва, 1998.

8.Малько А.В. Теория государства и права в вопросах и ответах. Москва, 1997.

Қосымша әдебиеттер:

1. Аюпова З. Вопросы соотношения правовой системы и нац.законодательства. Прав.реф.в Казахстане. № 4. 2001 г.

2. Аюпова З. Место и роль Закона РК «О нормативно-правовых актах» в формирующейся правовой системе РК. Право и государство. № 4. 2001 г.

3. Аюпова З. Определение категории правовой системы. Мысль. № 11. 2001 г.

4. Аюпова З.К. Правовая система – основа концепции современного демократического правового государства. Саясат, 2000, № 2-3, с.98-101

5. Альмухамбетов Ж. О проблеме общего и особенного в правовой системе Казахстана. Фемида. № 12. 2000 г.

6. Карбеков Б.З. К вопросу о понятии категории «правовая система». Саясат. №2. 2002 г.

7. Пузанов О. Об особенностях правовой системы РК (Наука Казахстана, 2000, № 3)

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

«Құқық жүйесі және заңнама жуйесі» тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Құқық жүйесі мен құрылымы, олардың мазмұны. Заңнама жүйесі.

Тақырыптар бойынша тест тапсырмалары, өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1. Нақты-географиялық, ұлттық тарихи, діни және арнаулы –заңдық белгілер негізінде құқық типі төмендегідей бөлінеді:

A) тарихи; өркениеттік;

B) феодалдық, буржуазиялық;

C) ұлттық құқықтық жүйелер, құқықтық отбасылар;

D) романо-германдық, мұсылмандық;

E) социалистік, англо-саксондық.

2. Құқық типологиясындағы хронологиялық көзқарасқа жатпайтын типті көрсетіңіз:

A) ежелгі ғасырлар құқығы;

B) орта ғасырлар құқығы;

C) жаңа кезең құқығы;

D) құлиеленушілік құқық;

E) ең жаңа кезеңдегі құқық.

3. Шаруалардың жеке тәуелділігі, сословиелік, партикуляризм, қарапайым халықты ашық экономикалық емес мәжбүрлеу сияқты белгілер тән құқық типін атаңыз:

A) феодалдық құқық;

B) буржуазиялық құқық;

C) социалистік құқық;

D) капиталистік құқық;

E) кеңестік құқық.

4. Құқықтың тарихи типіне жатпайтын құқық типін көрсетіңіз:

A) құлиеленушілік құқық типі;

B) феодалдық құқық типі;

C) буржуазиялық құқық типі;

D) социалистік құқық типі;

E) ең жаңа кезеңнің құқығы.

5. Құқық типологиясында қандай көзқарас өңдірістің түрлі тәсілдерінің ауысып отыруына негізделеді?

A) формациялық көзқарас;

B) өркениеттік көзқарас;

C) хронологиялық көзқарас;

D) тарихи көзқарас;

E) логикалық көзқарас.

6. Құқықтық жүйелерді түрлерге бөлуде басшылыққа алынатын басқа критерий:

A) заң шығарушының пікірі;

B) құқықтың нысандары /қайнар көздері/;

C) мемлекеттегі саяси-құқықтық режим түрі;

D) мемлекеттік органдардың практикалық қызметі;

E) мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысының түрі.

7. Қандай құқықтық жүйе үшін доктрина /құқықтық мектеп / құқықтың дәстүрлі қайнар көзі болып табылады ?

A) континенталдық құқықтық жүйе үшін;

B) діни-дәстүрлік құқықтық отбасы үшін;

C) англо-саксондық құқықтық жүйе үшін;

D) мұсылмандық құқықтық жүйе үшін;

E) континенталдық және мұсылмандық жүйелер үшін.

8. Қандай құқықтық жүйе үшін соттық прецедент құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады ?

A) континенталдық құқықтық жүйе үшін;

B) діни-дәстүрлік құқықтық отбасы үшін;

C) англо-саксондық құқықтық жүйе үшін;

D) мұсылмандық құқықтық жүйе үшін;

E) континенталдық және мұсылмандық жүйелер үшін.

9. Қандай құқықтық жүйе үшін нормативтік құқықтық акт құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады ?

A) континенталдық құқықтық жүйе үшін;

B) англо-саксондық құқықтық жүйе үшін;

C) мұсылмандық құқықтық жүйе үшін;

D) әдеттік құқық отбасы /семья/ үшін;

E) діни-дәстүрлік құқықтық отбасы үшін.

10. Азаматтық қоғамды негізгі ролді атқарып адами қатынастарды ұйымдастыратын қандай институт

A) еңбек ұжымы;

B) саяси партия;

C) қоғамдық қозғалыстар;

D) отбасы ұясы яғни әулет;

E) аталғандардың бәрі.

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Пән: Мемлекет және құқық теориясы Кредит саны:_________

Дәріс № 14 Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы Құқық нормасы

Факультет_____________________________ Оқытушы __________________________________

Академиялық жыл 2012-2013 Курс 1 Семестр 2

Дәрістің мақсаты: Қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі ретіндегі құқықтық нормалардың маңызын анықтау.

Жоспары:

1. Құқықтық норманың түсінігі мен маңызы.

2. Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және түрлері.

3. Құқық нормасы және нормативтік акт бабы арақатынасы.

Дәрістің қысқаша мазмұны: Әлеуметтік нормалардың маңызды түрі құқықтық нормалар. Құқықтық норма бұл мемлекетпен бекітілген, мақұлданған іс-әрекет тәртібі. Құқықтық норма - заңда және басқа қайнар көздерде мемлекет құқық обьектісінің заңды тыйым салынбаған әрекетін көрсететін өлшем ретінде саналатын жалпыға міндетті іс-әрекет тәртібі. Құқық нормаларына тән сипат жүйелік,формальды-айқындылық, жалпыға міндеттілік,әрекеттің көп мәрте қайталануы, адресаттардың белгісіздігі, мемлекеттің қамтамасыз етуі, белгілі бір құқықтар берумен қатар, міндеттер жүктеу.

Гипотеза, диспозиция, санкция әрекет тәртібі ретіндегі заңдық норманың құрылымдық элементтері. Гипотеза өмірлік жағдайларға сілтейтін солардың болуы арқасында оның диспозициясы жүзеге асатын заңдық норманың элементі.

Гипотезаның көмегімен анықталған, абстрактілі әрекет варианты нақты өмірлік жағдайларға, субьектілерге, уақытқа жеке бекітіледі. Диспозиция - құқықтық қатынастың қатысушылары орындауға тиісті әрекет тәртібіне сілтейтін заңдық норманың элементі.

Диспозиция заңдық норманың тұп тамыры - әрекет тәртібі. Диспозиция әрқашан да қүқықтық әрекеттің моделі. Осыған байланысты қылмыстық құқықтың кейде жалпы теоретикалық әдебиеттерінде гипотезаны диспозиция деп те атайды.

Заңдық норманың санкциясы оны логикалық аяқтайтын құрылымдық элементі. Құқықтық нормадағы санкцияның мазмұны заң әдебиетінде құқық бұзушы үшін пайда болатын мемлекеттік күштеу шаралары, жаза арқылы беріледі. Әрі осындай түсініктің шеңберінде санкцияның ұғымының әр түрлі бейнесі көрсетіледі.Санкция жинақтық түсінік:

а) онда ретроспективтік жауапкершілік шаралары;

б) ескертпелік әсер ету шаралары;

в) қорғау шаралары;

г) субьектінің әрекетінің нәтижесінде пайда болған жағымсыз салдар жинақталады. Олардың мәндік және біріктірушілік ерекшеліктерін жағымсыз салдарға көрсетеді (материалдық, ұйымдастырушылық немесе жеке сипаттағы айырулар), бұлар нормада тағайындалған әрекет тәртібін бұзған немесе оларды орындаудан қашатын субьектілерге қатысты пайда болады. Санкцияның түрлері: абсолютті айқын, біршама айқын және балама санкциялар.

Құқық нормаларының тағайындалуы мен реттеу мүмкіндігі туралы толық түсінік нормаларды әртүрлі негізде жіктеуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты құқық нормалары мынадай түрлерге бөлінеді:

1. реттеуші;

2. қорғаушы.

Әрбір норма адамның еркіне, санасына ықпал етеді, оның іс-әрекетін реттейді. Сондықтан реттеуші нормалар құқық тағайындаушы, онда қоғамдық қатынастарға қатысушыларға берілетін құқықтар мен міндеттерді жүктейтін нұсқаулар бар. Осыған байланысты олардың әрекеті тікелей реттеледі.

Қорғаушы нормалар құқықтық жауапкершілікті және басқа субъективті құқықтарды қорғайтын күштеу шараларын белгілейді. Бұл жерде адамдардың әрекетін реттеу жанама түрде асырылады. Құқық нормаларын қолданудың теориясы мен тәжірибесі үшін құқық нормалары мен олардың элементтерінің келесі жіктелуі неғұрлым маңызды .

а)реттеу пәніне байланысты;

б)қолдану аймағына байланысты;

в)бағыныштылығына байланысты;

г)құқық субьектілерінің әрекетіне әсер ету әдістеріне;

д)нұсқау үлгілеріне байланысты;

е)әрекет етуінің шегіне байланысты;

ж)құрылуына байланысты.

Құқық нормалары құқықтық реттеу пәніне байланысты конституциялық, азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, экологиялық және т.б. болып бөлінеді.

Қолдану аймағына байланысты нормалар жалпы, арнаулы және төтенше болып бөлінеді. Құқық нормалары нормада қалыптасқан тәртіпке байланысты міндеттеуші, өкілдік беруші, тыйым салушы және көтермелеуші нормалар деп бөлінеді. Құқық нормалары заң нормалары және заңға бағынышты акт нормалары деп бөлінеді. Нұсқау үлгілеріне байланысты құқықтық нормалар императивті, ұсынымдық, диспозитивтік болуы мүмкін..

Әрекет ету шегіне байланысты нормалар кеңістіктегі әрекетке байланысты жалпы және жергілікті, уақыт аралығындағы әрекетіне байланысты мерзімді және мерзімсіз, субьектілеріне байланысты жалпы, арнаулы, төтенше деп бөлінеді. Құқық нормаларының құрылысы бойынша реттеуші, дефинитивті, декларативті, өзге де нормалардың әрекетін реттейтін нормалар деп бөлуге болады.

Құқық нормасы мен нормативті-құқықтық акт бабы бір-біріне дәлме-дәл сәйкес келетін құбылыстар емес. Құқық нормасы гипотеза, диспозиция мен санкциядан тұратын әрекет тәртібі. Заң актісінің бабы мемлекеттік еріктің көрініс табу нысаны, құқық нормасының жүзеге асырылу құралы. Құқық нормасы мазмұнды құраса, заң бабы оның нысаны болып табылады.

Құқық нормасы мен нормативті акт бабының арақатынасы төмендегідей түрде болуы мүмкін:

  • әрекет тәртібін мазмұндай отырып, заң шығарушы құқық нормасының барлық үш элементін нормативті актінің бір бабына енгізуі мүмкін. Яғни, бір заң бабында бір құқық нормасы беріледі;

  • нормативті актінің бір бабына бірнеше құқық нормасын енгізуі де мүмкін;

  • құқық нормасының элементтерін сол нормативті актінің бірнеше баптарында беруі мүмкін;

  • құқық нормасының элементтерін бірнеше нормативті актінің бірнеше баптарында беруі мүмкін.

Мазмұндалу тәсілдеріне байланысты құқық нормасы мен заң бабының үш түрлі арақатынасы танылған:

    1. тікелей жазылу тәсілі; онда құқық нормасы нормативті акт бабында тікелей және нақты мазмұндалады;

    2. сілтемелі жазылу тәсілі; бұнда құқық нормасының белгілі бір бөлігі осы нормативті актінің басқа бабына сілтейді;

    3. бланкеттік жазылу тәсілі; онда норманың белгілі бір бөлігі өзге нормативті актіге немесе актілерге сілтенеді.

Глоссарий (терминдер): құқықтық нормалар, диспозиция, гипотеза, санкция, нормативтік актілер, субьективтік құқық.

№1 СӨЖ тапсырмасы: Келесі сұрақтарға өздігінен жауап жазу:

  • Құқық жүйесі ұғымы және оның мәні

  • Құқық жүйесін қалыптастыруға дәстүрлі көзқарас (құқықтық реттеу пәні мен әдісі құқықты салаларға жіктеудің негізі ретінде)

  • Құқық саласы, құқық бөлімі, құқықтық институт ұғымдары

  • Көпшілік және жеке құқық

  • Қазақстан Республикасы құқық салаларына жалпы шолу

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

  1. Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

  2. Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

  3. Рәсімдеу сапасы

  4. Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы: Мына еңбекті конспектілеу: Избасов Л. Ценностный подход к правопониманию // Правовая реформа в Казахстане. 1999.№4.

Тақырып көлемінде лекцияда қарастырылған сұрақтар бойынша түсініксіз мәселелерді талдау

Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Т.Ағдарбеков.Құқық және мемлекет теориясы. Қарағанды,2002 ж.

2.А.Қ Мұхтарова. Қ.Д Жоламан. А.Н Тәукелев. Мемлекет және құқық теориясы.А.1999ж.

3. С.Өзбекұлы. Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. А. 2006ж.

4. Коваленко А.И. Теория государства и права. Вопросы и ответы. Москва,1997.

5.Комаров С.А. Общая теория государства и права. Москва,1998.

6.Лазарев В.В. Общая теория права и государства. Москва, 1996.

7.Лазарев В.В., Липень С.В. Теория государства и права. Москва, 1998.

8.Малько А.В. Теория государства и права в вопросах и ответах. Москва, 1997.

Қосымша әдебиеттер:

  1. 1. Деготь В. А. Классификация норм советского социалистического права по их структуре. Саратов, 1989.

  2. Искаков А. Административно-правовые нормы и их особенности //Известия Министерства образования и науки РК, Национальной Академии наук РК. 1999. №4

  3. Кулапов В. Л. Рекомендательные нормы советского права. Саратов, 1987.

  4. Рыбушкин Н. Н. Запрещающие нормы в советском праве. Казань, 1990.

  5. Чернобель Г. Т. Структура норм права и механизм их действия //Правоведение. 1983. № 6.

  6. Чернобель Г. Т. Формализация норм права //Советское государство и право. 1979. № 4.

  7. Эффективность правовых норм. М., 1980

  8. Черняков А. Системный анализ: правовые нормы и действующее законодательство.// Правовая Казахстане.1999.№4.

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

«Құқықтың мәні. Құқықтың қайнар көздері.» тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Құқықтық норманың түсінігі мен маңызы.

Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және түрлері.

Құқық нормасы және нормативтік акт бабы арақатынасы.

Тақырыптар бойынша тест тапсырмалары, өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1. Корпоративтік нормалар:

A) жергілікті өкілетті органдармен өзінің қызмет ету мақсатына жету үшін шығарылатын нормалар;

B) қоғамдағы міңез-құлық ережелері;

C) мемлекеттік ұйымдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың бұйрықтарында, шешімдерінде бекітілген нормалар;

D) қоғамдық ұйымдардың қызмет ету мақсатына жету үшін шығарылған жарғы, ереже, шешімдерінде көрсетілген, бекітілген әрекет тәртібі;

E) белгілі мемлекеттің белгілі бір жерінде қоғамдық қатынастарды реттейтін міңез-құлық ережелері.

2. Әлеуметтік нормалар дегеніміз:

A) адамдар арасындағы қатынастарды реттеуші міңез-құлық ережелері;

B) адамдардың табиғатқа, техникаға, өңдіріс құралдары мен жабдықтарына қатынасын сипаттайтын ережелер;

C) заңда бекітілген техникалық нормалар;

D) тараптарға сырттан таңылатын міңез-құлық ережелері;

E) діни нормалар.

3. Құрылу тәсіліне қарай әлеуметтік нормалар қалай классификацияланады ?

A) жазбаша және ұйымдық;

B) саяси және ауызша;

C) моральдық және еңбек;

D) эстетикалық және техникалық;

E) стихиялы және саналы.

4. Тапсырма, рұқсат, тыйым түріндегі міңез-құлық ережесі болып табылатын құқықтық бастапқы элементі анықтамасына сәйкес ұғымды көрсетіңіз:

A) құқық нормасы;

B) құқық типі;

C) құқық нысаны;

D) құқық принципі;

E) моральдық норма.

5. Адамдардың қайырымдылық және зұлымдық, әділеттілік және әділетсіздік, ар, ұждан, парыз, т.б. туралы көзқарастары болып табылатын және қоғамда қалыптасатын міңез-құлық ережелері анықтамасына сәйкес ұғымды көрсетіңіз:

A) мораль нормалары;

B) құқық нормалары;

C) этика нормалары;

D) діни нормалар;

E) ұйымдардың, кәсіпорындардың нормалары.

6. Қандай әлеуметтік нормаға мемлекеттік мәжбүрлеу арқылы жүзеге асыру мүмкіндігі тән ?

A) моральдық нормаға;

B) құқықтық нормаға;

C) әдеттік нормаға;

D) корпоративтік нормаға;

E) діни нормаға.

7. Құқық беру және заңдық міндеттер жүктеу арқылы міңез құлық ережелерін бекітетін құқық нормасының элементі қалай аталады:

A) презумпция;

B) заңдық қызмет;

C) диспозиция;

D) гипотеза;

E) санкция.

8. Құқықтық нормалардың өздеріне ғана тән, олардың басқа әлеуметтік нормалардан ерекше белгі-нышандарын атаңыз

A) жалпыға бірдей міндеттілігі, нормативтілігі;

B) айқындық белгісінің болмысы;

C) реттеушілік сипаты;

D) тұлға тағайынының көрсетілмеуі;

E) келтірілген нышандарының бәрі.

9. Мемлекеттік мәжбүрлеуді жүзеге асырудың мүмкін болатыны әлеуметтік норманың қайсысына тән

A) әдет-ғұрыпқа;

B) құқық нормасына;

C) діни нормаға;

D) өнеге нормаларына;

E) дәстүрге.

10. Әлеуметтік нормалар:

A) қоғамдағы адам әрекетін реттеуші жалпы ережелер;

B) нормалар жүйесін құрайтын әлеуметтік нормативті реттеуші;

C) мемлекеттік-өкілдік нормативті нұсқауларда объективтендірілген мемлекеттік ерік;

D) құқықты өмірге, адамдардың шынайы әрекетіне енгізу;

E) құқықты теориялық игеруді көрсететін идеялар, түсініктер, конструкциялар.

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Пән: Мемлекет және құқық теориясы Кредит саны:_________

Дәріс № 15 Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы Құқықтың қайнар көздері

Факультет_____________________________ Оқытушы __________________________________

Академиялық жыл 2012-2013 Курс 1 Семестр 2

Дәрістің мақсаты: Құқық нысанының негізгі түрлерін қарастыру.

Жоспары:

1. Құқық негіздерінің түсінігі.

2. Құқық нысанынының мазмұны.

3. Құқықтық әдет-ғұрып.

4. Прецеденттік құқық нысаны.

5. Құқықтық доктрина.

6. Нормативтік-құқықтық акт.

Дәрістің қысқаша мазмұны: Құқық теориясында осы мәселеге қатысты дау әлі де болса дамылдамай отыр. Даудың басы кейбір ғалымдардың нормативті актілер, әдет-ғұрыптар мен прецеденттерді құқық нысаны деп тануы мен екіншілерінің аталған құбылыстарды құқықтың қайнар көзіне жатқызуында десек жаңылмаймыз. Құбылысқа әртүрлі анықтама беру оның мәнінің сан қырлылығын білдіреді дей отырып, аталған екі көзқарасты да қолдауға болатындығын ескеру керек. Аталған қос түсінікті де қолдануға болады, дегенмен де алдымен олардың әрқайсысының жеке мазмұнын анықтау маңызды.

Құқық түп нұсқасы ретінде құқықтың пайда болуы мен әрекет етуін мүмкін ететін факторларды айтады. Бұндай факторларға мемлекеттің құқықшығармашылық әрекеті, халық еркі және қоғам өмірінің материалдық жағдайлары жатқызылады. Құқық қайнар көзі құқықты тану барысында да қолданылатын термин. Бұл жағдайда оның мазмұнын құқықтың тарихи ескерткіштері (Ману заңдары, Орыс правдасы, Жеті Жарғы), археология мәліметтері, қолданыстағы құқық актілері, заңдық тәжірибе, келісім-шарттар, құқықтанушылардың еңбектері құрайды. Құқық қайнар көзінің бұдан да тар ауқымда қолданылатын түсінігі бар. Ол тәжірибеде нақты істі шешу барысында қолданылатын құжат. Бұнда мемлекеттік еріктің сомдалуын білдіретін құқықтың сыртқы нысаны көрініс табады.

Құқық нысаны – жалпыға бірдей міндетті, заңды маңызы бар, қоғамда орын алған құқық нормаларын ұйымдастыру тәсілі. Құқық нысаны мынандай ерешеліктерімен айшықталады:

  • азаматтардың нормативті бекітілген еркін бейнелейді, әлеуметтік-экономикалық базиспен негізделеді;

  • халықтың саяси билігін бекітеді және қамтамасыз етеді, оның мүддесіне қызмет етеді;

Құқық нысанының негізгі 4 түрі танылған: прецедент, әлет-ғұрыптық құқық, нормативті акт, нормативті келісім.

Прецедент - құзіретті мемлекеттік органның белгілі бір мәселе бойынша қабылдаған шешімінің осыған ұқсас өзге істерді қарағанда міндетті түрде қолданылуы. Прецедент әкімшілік және сот прецеденттері болып екі топқа бөлінеді. Англо-саксондық құқық жүйесінде қолданылады.

Әдет-ғұрып құқығы тарихи қалыптасқан ұрпақтан-ұрпаққа берілетін әдет-ғұрып, салт-дәстүр нормаларына мемлекеттік мәжбүр ету күші тағайындалатын құқық нысанының бір түрі. Қазіргі кезеңде көбінесе діни-ғұрыптық құқықтық жүйелерде (мұсылман құқығы, иудаистік және индустық құқықтарда) танылған. Қазіргі Қазақстанда дүниежүзілік нарықтық экономиканың талаптарына сәйкес азаматтық және банк құқығы салаларында істік айналым әдет-ғұрыптары қолданысқа енуде.

Нормативті құқықтық акт – құқық нормаларын бекітуге, өзгертуге немесе жоюға бағытталған, айқындалған тәртіпте қабылданатын мемлекеттік органның актісі. Үлкен екі топқа жіктеледі: заңдар және заңға бағынышты актілер.

Заң - мемлекеттің жоғарғы өкілді органы немесе тікелей халықтық дауыс беру (референдум) арқылы қабылданған, қоғамдық өмірдің маңызды мәселелерін реттейтін және жоғарғы заңдық күші болатын нормативті құқықтық акт. Оның белгілері.

  • заң шығару билігі органдарымен немесе тікелей халықтың дауыс беруімен қабылданады;

  • дайындау және қабылдау тәртібі Конституция мен парламент регламентімен анықталады;

  • халықтың еркі мен мүддесін көздеуі қажет;

  • барынша маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді;

  • жоғарғы заңдық күші болады.

Ол мынадан көрінеді: 1)өзге құқықтық актілердің барлығы заңнан бастау алуға және оған қарсы келмеуге тиісті, егер белгілі бір қайшылықтар болатын болса, заң үстемдігі танылады; 2)заңдар оны қабылдаған органнан басқа ешкімнің бекітуін қажет етпейді; 3)заңды қабылдаған органнан басқа ешкім оны қайтарып алуға немесе өзгертуге хақысыз.

Заңның өзі заңдық күшіне байланысты бөлінеді: конституциялық заңдар, заңдар. Конституциялық заңдар қоғамдық және мемлекеттік құрылымның аса маңызды мәселелерін реттейді және парламенттің басым көпшілік (депутаттардың 2/3 бөлігінің) даусымен қабылданады.

Заңға бағынышты акт дегеніміз заң негізінде және заңға сүйене отырып қабылданатын, қоғамдық қатынастардың заңмен реттелмеген бөлігін қамтитын, міндеттілік күш болатын нормативті-құқықтық актінің бір түрі. Оның түрлері:

  • Президенттің жарлықтары мен өкімдері;

  • Үкіметтің қаулысы, Премьер-Министрдің өкімі;

  • Министрліктер, ведомстволар мен мемлекеттік комитеттердің нормативті бұйрық, нұсқау, ережелері;

  • Мемлекеттік биліктің жергілікті органдарының қаулылары мен шешімдері;

  • жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешім, өкім, қаулылары.

Нормативті келісім – субъектілердің өзара мүддесін есепке алуды мүмкін ететін құқықтық қатынастар жүйесін жасайтын, әрі азаматтық қоғамның дұрыс өмір сүруін қамтамасыз ететін, оның субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайтын құқық нысаны. Нормативті келісім - құқықшығармашылық субъектілерінің жаңа құқық нормасын қалыптастыратын келісімі. Нормативті актілермен қатар қолданылуы мүмкін.

Нормативті актілер әрекеті кеңістік, уақыт және адамдар арасында таралады. Нормативті актілердің кеңістіктегі әрекеті территория ұғымымен анықталады. Нормативті актінің қабылдаған органның құзіреті қандай аумақта міндетті болса, актілер сол аумақта орындалады. Қазақстан Республикасының аумағына оның құрғақтағы аумағы, ішкі және территориялық сулар, әуе кеңістігі, жер қойнауы жатады. Сондай-ақ, шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктердің аумағы, ашық теңіздегі сауда кемелері мен әскери кеме, әуе кемесінің іші мемлекет аумағы ұғымына кіреді. Сондықтан, аталған жерлерде Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге заңға бағынышты актілерінің юрисдикциясы жүреді.

Нормативті актілердің уақыт аралығындағы әрекеті оның заңдық күшіне енуі және заңдық күшінен айырылуы түсініктерімен беріледі. Заңның уақыт аралығындағы әрекеті үш түрлі қағидаға сәйкес жүреді.

1.Заңның тікелей әрекеті. Қазақстан Республикасының заңдары қабылдағаннан кейін заңмен немесе Парламент палаталарының қаулыларымен өзге тәртіп анықталмаса, 10 күн мерзім ішінде заңдық күшіне енеді де содан кейін пайда болған қоғамдық қатынастарды реттейді.

2.Заңның кері күші. Заңның кері әрекеті немесе кері күші деп заңның заңдық күшіне енгеннен кейін де, соған дейін де пайда болған қоғамдық қатынастарды реттеуін айтамыз. Жалпы қағида бойынша заңның кері күшін қолдануға болмайды. Заңға кері күш беру екі түрлі жағдайда мүмкін деп саналады. Біріншісі, егер заңның өзінде кері күші болу мүмкіндігі туралы тікелей айтылатын болса, екіншіден, егер заң қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін немесе тіпті жоятын болса заңның кері күші танылады.

3.Заңның мерзімінен аса әрекет етуі. Кейбір жағдайларда заңдық күші жойылған заң актілері жаңа заң қабылданғанға дейін толықтай немесе белгілі бір бөлігінде қолданылуы мүмкін. Ол көбінесе азаматтық-құқықтық қатынастар аймағында қолданылады. Бірақ жалпы тәртіп бойынша бұндай заң әрекетіне де жол беруге болмайды.

Сонымен, нормативті актілер мынандай жағдайларда заңдық күшінен айырылады:

-актінің әрекет ету мерзімі аяқталғанда;

-бұрынғы әрекет еткен актінің орнына жаңа акт қабылданғанда;

-нақты органның актінің күшін жою туралы шешімі шыққанда.

Нормативті құқықтық актінің адамдар арасындағы әрекеті жоғарыда айтылған мәселелермен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының заңдары оның аумағындағы барлық мемлекеттік органдарға, кәсіпорын, мекеме, ұйымдарға, ҚР азаматтарына, осы аумақта тұрақты немесе уақытша тұратын шет ел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға міндетті. Дегенмен де аталған қағидадан ауытқу кездеседі. Арнаулы актілерге байланысты мемлекет басшыларының экстерриториялық құқығы болады. Олар қай мемлекеттің аумағында болса да, тек өз елдерінің заңдарына бағынады. Депутаттардың, дипломатиялық өкілдіктердің арнаулы қызметкерлерінің иммунитеті танылған. Сондай-ақ, шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың саяси құқықтары шектелген.

Глоссарий (терминдер): құқық нысаны, құқық актілері, әдет-ғұрып, нормативті келісім.

№1 СӨЖ тапсырмасы: Келесі сұрақтарға өздігінен жауап жазу:

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

  1. Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

  2. Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

  3. Рәсімдеу сапасы

  4. Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы: Мына тақырыптардың біреуіне реферат жазу:

  • Романо-германдық құқықтық жүйе

  • Англо-саксондық құқықтық жүйе

  • Дәстүрлі діни құқықтық жүйелер

  • Мұсылмандық құқықтық жүйе

Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Т.Ағдарбеков.Құқық және мемлекет теориясы. Қарағанды,2002 ж.

2.А.Қ Мұхтарова. Қ.Д Жоламан. А.Н Тәукелев. Мемлекет және құқық теориясы.А.1999ж.

3. С.Өзбекұлы. Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. А. 2006ж.

4. Коваленко А.И. Теория государства и права. Вопросы и ответы. Москва,1997.

5.Комаров С.А. Общая теория государства и права. Москва,1998.

6.Лазарев В.В. Общая теория права и государства. Москва, 1996.

7.Лазарев В.В., Липень С.В. Теория государства и права. Москва, 1998.

8.Малько А.В. Теория государства и права в вопросах и ответах. Москва, 1997.

Қосымша әдебиеттер:

1. Аюпова З. Вопросы соотношения правовой системы и нац.законодательства. Прав.реф.в Казахстане. № 4. 2001 г.

2. Аюпова З. Место и роль Закона РК «О нормативно-правовых актах» в формирующейся правовой системе РК. Право и государство. № 4. 2001 г.

3. Аюпова З. Определение категории правовой системы. Мысль. № 11. 2001 г.

4. Аюпова З.К. Правовая система – основа концепции современного демократического правового государства. Саясат, 2000, № 2-3, с.98-101

5. Альмухамбетов Ж. О проблеме общего и особенного в правовой системе Казахстана. Фемида. № 12. 2000 г.

6. Карбеков Б.З. К вопросу о понятии категории «правовая система». Саясат. №2. 2002 г.

7. Пузанов О. Об особенностях правовой системы РК (Наука Казахстана, 2000, № 3)

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

«Құқық жүйесі және заңнама жуйесі» тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Құқық жүйесі мен құрылымы, олардың мазмұны. Заңнама жүйесі.

Тақырыптар бойынша тест тапсырмалары, өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1. Заң дегеніміз:

A) қоғамның барлық мүшелерінің ерікті келісімі;

B) мемлекеттік органдар ресми түрде қабылдайтын кез келген құжат;

C) қоғамда көп мәрте қайталанатын тәртіп;

D) жоғары заңдық күші бар нормативтік акт;

E) қоғамда қалыптасқан әдет.

2. Құқықтық әдет деп нені атаймыз ?

A) біздің күндерімізге дейін жеткен кез келген әдет-ғұрып;

B) жазбаша нысандағы әдеттер;

C) белгілі бір қатаң бекітілген нысанда көрініс табатын, мемлекет тарапынан танылған және оның күшімен қамтамасыз етілетін әдеттер;

D) мемлекет қабылдайтын заңдар;

E) ежелгі адамдардың өмір сүру нормалары.

3. Қазақстан Республикасында құқықтың қайнар көзі болып табылады:

A) Құран және мемлекеттің заңдары;

B) заң және шарт;

C) заңдық прецедент және құқықтық әдет;

D) нормативтік құқықтық акт және нормативтік шарт;

E) Сунна және әдет.

4. Құқықты нормативтік тәсіл арқылы түсінудің басты идеясын көрсетіңіз

A) құқық- қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда жария түрде анықталған, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін нормалардың жиынтығы;

B) құқық- жазбаша және жазбашада емес міңез-құлық ережелері және басқада құқықтық құбылыстардың: құқықтық сана, құқықтық қатынастар, субъективтік құқықтар құқық қолдану актілерінің жиынтығы;

C) құқық- теңдік, әділдік, бостандық, ізгілік қағидаларына негізделген, норматив дәрежесіне дейін жоғарылатылған жиынтық;

D) құқық- мәдение пен өркение феномені;

E) құқық адамның табиғи жаратылысынан, оның ақыл парасатынынан, бүкіл жалпылық ізгілік принциптерінен туындайды. Сондықтан да құқық дегеніміз –ізгілік пен құқықтың негізгі идеялар мен принциптер, табиғи жаратылыс заңдары.

5. Заңға негізделген нормативтік акт дегеніміз...

A) кез келген ресми акті;

B) нотариус жасап, күәландырылған кез келгенжазбаша құжат;

C) заңдар жинағы;

D) діни қатынастарды реттейтін ережелер;

E) қатал түрде заңға сәйкес деп заң негізінде, заңды орындау үшін мемлекет басқару орны шығарған құқықтық акт.

6. Әрекет ету мерзіміне қарай заңдар қалай классификацияланады ?

A) ресми және ресми емес;

B) жазбаша және ауызша;

C) азаматтық және шетелдік;

D) референдумдар нәтижесінде қабылданған және билік органдары қабылдаған;

E) тұрақты және уақытша.

7. Құқықшығармашылық субъектісі бойынша заңдар қалай классификацияланады ?

A) ресми және ресми емес;

B) жазбаша және ауызша;

C) азаматтық және шетелдік;

D) референдумдар нәтижесінде қабылданған және билік органдары қабылдаған;

E) тұрақты және уақытша.

8. Мына актілердің қайсысы құқық қолдану актілеріне жатады:

A) Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң;

B) жол жүру ережелері;

C) Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік органдар жүйесін реформалаудың кезекті шаралары туралы» деген Жарлығы;

D) жеке тұлғалардан салық алудың тәртібі туралы Қаржы министрлігінің нұсқауы;

E) Қазақстан Республикасы Президентінің «Нақты тұлғаларды ордендермен марапаттау туралы» жарлығы, соттың шешімі немесе үкімі, жұмысқа қабылдау жөніндегі бұйрық.

9. Тәуелсіз егеменді Қазақстанның алғашқы Констиуциясы қашан қабылданды ?

A) 1995 ж. 30 тамызда;

B) 1991 ж. 16желтоқсанда;

C) 1990 ж. 25 қазанда;

D) 1993 ж. 28 қаңтарда;

E) 1992 ж. 1 қыркүйекте.

10. Актілердің тұлғаларды қамту әрекеттеріне кірмейтін белгілер:

A) саяси-құқықтық жағдай;

B) жынысы;

C) мүліктік ценз;

D) жасы;

E) кәсіби тиістілік.

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Пән: Мемлекет және құқық теориясы Кредит саны:_________

Дәріс № 16 Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы Құқықтық реттеу механизмі

Факультет_____________________________ Оқытушы __________________________________

Академиялық жыл 2012-2013 Курс 1 Семестр 2

Құқықтық реттеу механизмі дегеніміз құқықтық құралдардың тұтас жүйесінің көмегімен қоғамдық қатынастарға нәтижелі ықпал етуін қамтамасыз етілуі.

Құқықтық реттеу механизмі құқықтық реттеу ұғымынан туындайды. Сонымен құқықтың жалпы теориясындағы құқықтық реттеу механизмі рөлін және маңызын анықтаудан бастау алады. Құқықтық реттеу механизмі құқықтық болмыстағы – нормалар, құқықтық қатынастар, құқықтық актілер және тағы басқа құқықтық құралдарды біріктіріп, олардың тұтастығын қалыптастырып, оларды «әрекет етуші» динамикалы-жүйе түрінде, яғни құқықтық реттеудің нәтижелігін сипаттай келе, заңнаманың алдына қойған мақсатына құқықтық жағынан жетуге кепілдік беру қабілеттілігін көрсетеді. Сонымен қатар құқықтық жүйедегі құқықтық құбылыстар өздеріне тиесілі арнайы функцияларын атқару барысында өзара тығыз байланысқа және өзара әрекетеседі.

Құқықтық реттеу дегеніміз құқықтық (юридикалық) құралдар көмегімен қоғамдық қатынастарға және адамдардың жүріс-тұрыстарына ықпал ету.

Құқықтық реттеудің пәні болып әрқашанда құқық нормасымен реттелетін қоғамдық қатынастар табылады. Қоғамдық қатынастардың көп түрлілігі осы қатынастарды реттейтін құқық нормалардың әртүрін, жиынтығын анықтайды. Яғни, қоғамдық қатынастар өзінің түрлеріне сәйкес қандай да бір белгілері бойынша салаларға немесе топтарға бөлініп, тиісті белгілі бір құқық нормаларының жиынтығымен, тобымен реттеледі. Мысалы, еңбек қатынасы – белгілі бір құқық нормаларының жиынтығымен реттелетін қоғамдық қатынастың бір саласы. Сол сияқты отбасы қатынастары, мүліктік қатынастар бөлек құқық нормаларының жиынтығымен реттеледі. Сонымен, құқықтық реттеудің пәні – құқықпен не реттеледі? деген сұраққа жауап береді. Демек құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар.

Жалпы құқықтық реттеудің пәнін екі топқа бөлуге болады: біріншісі, материалдық және материалдық емес құндылықтарды өндіру, пайдалану, айырбастау бойынша туындайтын қоғамдық қатынастар; екіншісі, қоғамдағы қатынастарды ұйымдастыру, басқару және қорғау бойынша туындайды. Бірінші топтағы қоғамдық қатынастар жеке мүдделер және олардың жалпы әлеуметтік мүдделермен үйлесуі нақты көрініс табады. Олар тараптардың еркіндігіне негізделе отыра, әдетте реттеудің жеке құқықтық сипатын танытады. Ал екінші топтағы қоғамдық қатынастар реттеу аясы бойынша бұқаралық сипатта. Яғни бұл қатынастар қоғамдағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін, бұзылған құқықтарды қалпына келтіретін биліктік, өкілеттік құзыреттерді жүзеге асырумен негізделе туындайды. Аталған қатынастар алдымен жалпыәлеуметтік, жалпымемлекеттік мүдделерді және оларды жеке адамдардың мүдделерімен үйлестіре отырып реттейді.

Құқықтық реттеудің әдісі қоғамдық қатынастардың сипатымен және оған қатысушылардың құқықтық мәртебесімен анықталады.

Құқықтық реттеудің пәні – «құқық нені реттейді?» деген сұраққа жауап берсе, әдісі – «қалай реттейді» деген сұраққа жауап іздейді. Егер құқықтық реттеудің пәні материалдық критериясы болса, әдісі – формальді – заңи критериі болып табылады.

Құқықтық реттеудің әдісі – біртекті қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуде қолданылатын заңи құралдардың және тәсілдердің жиынтығы.

Құқық теориясында құқықтық реттеуде қолданылатын үш әдіс туралы көп кездеседі: рұқсат беруші, міндеттеуші, тыйым салушы. Рұқсат беруші дегеніміз субъект өз мүддесін іске асыру үшін белсенді әрекеттер жасау мүмкіндігіне ие болу. Міндеттеу әдісі бойынша адамға бұйрық, парыз арқылы белсенді әрекеттер жасауды жүктейді. Ал тыйым салу дегеніміз қандай да бір әрекетті жасауға тыйым салу, яғни заңда көзделмеген, рұқсат берілмеген әрекеттен бас тарту.

Құқықтық реттеудің басқа да тәсілдері: мысалға, заңи мүмкіндік беру (субъективтік құқық), белсенді және бәсең міндетті (тыйым) жүктеу.

Қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпал ету арнайы және құқықтық реттеу көптеген режимдер мен тәсілдер арқылы сипатталады. Сондықтанда екі тәсілге ғана тоқталу пікір-талас тудырады. Құқық теориясында, соның ішінде құқық шығармашылық тәжірибесінде құқықтық реттеудің алты арнайы тәсілін бөліп көрсетеді. Оларға мыналар жатады: тыйым салу, рұқсат беру, құқықтық өкілдік беру, міндеттеу, көтермелеу, санкциялау.

Тыйым салу – азаматқа немесе басқа тұлғаға құқық нормасы арқылы тыйым салынған әрекеттен бас тартуды жүктеген міндет. Рұқсат беру – тұлғаға белгілі жағдайда әрекет ету мүмкіндігін беру. Құқықтық өкілдік беру – азаматқа немесе басқа тұлғаға бөтен адамнан немесе бөтен тұлғадан белгілі жүріс-тұрысты талап ету мүмкіндігін беру. Жағымды міндет жүктеу – құқық нормасында бекітілген ұйғарым арқылы азаматқа, басқа да тұлғаларға бөтен, өкілетті тұлғаның пайдасына қандай-да бір әрекет жасау. Көтермелеу – тұлға құқыққа сай әрекет жасағаны үшін құқық нормасында бекітілген материалдық және/ немесе рухани игілікке, басқа тұлғамен салыстырғанда әдеттегіден артық талап қоюға ие болу. Санкция – мемлекет құқық нормасында жаза түрінде бекіткен шара.

Құқықтық реттеудің мынандай негізгі әдістері бар.

  • императивтік – тыйым салу, жазалауға негізделген биліктік өкім ету, субординация әдісі, императивтік әдіс құқықтық өкімдерден бас тартуға жол бермейді. Бұнда құқықтық қатынастың пайда болу негізі мемлекеттік – биліктік бұйрық болып табылады: соттық үкім, қылмыстық істі қозғау туралы қаулы; ол көбінесе әкімшілік және қылмыстық құқыққа тән болады.

  • диспозитивтік – ерік беруге негізделген, тараптардың теңдігі кодификация әдісі. Бұл әдіс құқықтық қатынасқа қатысушыларға өзара қатынастарын өз қалауларынша реттеуге құқық бере отырып, белгілі дәрежеде дербестік береді. Бұл әдіс азаматтық, отбасылық құқықтарға тән. Оған «егер заңда өзгеше көзделмесе» деген қаратпа тән болып келеді.

  • қолдау әдісі – қандай да бір лайықты мінез құлығы үшін мадақтау әдісі; ол көбінесе еңбек құқығында кездеседі.

  • ұсынбалы әдіс – қоғам мен мемлекет үшін нақты пайдалы кеңес беру әдісі. Ол кәсіпкерлік құқыққа тән.

Құқықтық реттеудің әдісі оның пәнімен анықталады. Мәселен, әкімшілік құқықтағы императивтік әдіс мемлекет басқару саласындағы субъектілерде болатын билік және бағыну қатынастарының сипатынан туындайды.

Егер әр құқық саласында өзінің реттеу пәні болса, онда құқықтық реттеу әдісі бірнеше құқық саласына тән болуы мүмкін (жоғарыда қара).

Құқықтық реттеу механизмі құрамдас әлементтерден тұрады, яғни оның құрамындағы құқықтық құбылыстар өзара қарым қатынасқа түсу нәтижесінде белгілі құрылымға ие болады.

Демек құқықтық реттеу механизмі инструментальды (құралдық) сипатта болғандықтан оның мазмұны ықпал етушы құқықтық құралдармен, яғни қоғамдық қатынастарға құқықтық әсер етуші құқықтық құбылыстармен сипатталады. Құрамдас элементтеріне институциональдық және нақты функциональдық қасиет тән.

Институциональдылығы: құқық жүйесінің субстанциялық, статистикалық жағын көрсететін элементтер құқықтық реттеу механизмі құрылымына жатады. Мысалы: құқық шығармашылығы, құқық қолдану құқық құбылысы болғанымен құқықтық реттеу механизмінің құрылымдық элементтер қатарына кұқық қолдану актілері, құқықтық-техникалық актілер кіреді.

Нақты функциональдылығы: құқықтық реттеу механизміне нақты әрекеттенентін құқықтық құбылыстар жатады. Мысалы заңдылық, құқықтық сана құқықтық жүйеде маңызды құқықтық құбылыс болғанымен құқықтық реттеу механизмінің элементтері емес олардың әрекет ететін құқықтық аясы немесе олардың әрекет етуіне жағда тұғызатын құқықтық факторы болып табылады.

Құқықтық реттеудің сатылары:

  1. құқықтық нормалардың қалыптасуы және әрекет етуі сатысы – қоғамдық қатынасқа қатысушылардың жүріс-тұрысын бағыттайтын, олар үшін құқықтық режимді көрсететін нормалар (НҚА);

  2. құқықтар мен міндеттердің туындайтын сатысы —-қарастырылған жағдайға сай құқық норма негізінде нақты субъектілердің құқықтары мен міндеттерінің пайда болуы немесе жүріс-тұрыстарының даралануы;

  3. құқықтар мен міндеттердің іске асырылуы сатысы – құқық нормасында баяндалған және осы жағдайға қатысушы субъектінің жүріс-тұрысының нақты өрнектелуі арқылы өмірге енуі, яғни қоғамдық қатынасқа қатысушылардың нақты жүріс-тұрыстары арқылы іске асуы;

  4. құқықтың қолданылу сатысы (қосымша саты) – құзыретті мемлекеттік органдар арқылы жекеленген биліктік құқық қолдану актісінің қабылдануы.

Көрсетілген сатыларға тоқтала отырып құқықтық реттеу механизмінің элементтерін анықтауға болады:

  • құқықтық норма;

  • құқықтық қатынас;

  • құқықтар мен міндеттерді іске асыру актілері;

  • құқық қолданудың жеке ұйғарымы (қосымша элементі).

Тақырыптар бойынша тест тапсырмалары, өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1. Заңнама жүйесі:

A) құқық нормалары;

B) құқықтың ішкі мазмұнын және құрылымдық сипатын қамтитын нормативті-құқықтық актілердің жиынтығы;

C) құқық нормасының мазмұны;

D) объективті жүйе;

E) құқық нормасының бір қалыпты құрылымы.

2. Заң нормаларының кеңістіктегі күші дегеніміз...

A) құқықтық нормалардың күші белгілі тұлғалар шеңберінде ғана болады;

B) құққытық нормалардың күші белгілі уақыттта байланысты болады;

C) құқықтық нормалардың күші белгілі аумақ шегінде болады;

D) құқықтық нормалардың күші белгілі тұлғаларға жүрмейді;

E) аталғандардың бәрі.

3. Нормативті-құқықтық актілердің уақыттағы әрекеті:

A) жалпы және уақытша;

B) мерзімсіз және жедел;

C) конституциялық және төтенше;

D) жалпы мемлекеттік және жергілікті;

E) тұрақты және уақытша.

4. Заңның кері күші:

A) болашақта болатын оқиғаларға бағытталған әрекеттер;

B) заңдық күші жойылған заң жаңа заңның арнайы нұсқауымен жеке мәселелер бойынша әрекет етуін жалғастыру мүмкіндігі;

C) заңның заңдық күшіне енген күннен бастап тек «алда» болатын оқиғаларға ғана тарауы;

D) нормативті-құқықтық актінің оның заңды күшіне енуіне дейінгі болған фактілер және олардан туындаған құқықтық жағдайларға таралуы;

E) заңның әрекет ететін мерзімнің өтуі.

5. Нормативтік-құқықтық акт:

A) құқық нормаларын бекітуге, өзгертуге немесе жоюға бағытталған, айқындалған тәртіпте қабылданатын мемлекеттік органның актісі;

B) мемлекетпен танылған, тарихи қалыптасқан ұрпақтан ұрпаққа беріліп, дәстүрге айналған міңез-құлық ережесі;

C) құқықтың ішкі мазмұнын және құрылымдық сипатын қамтитын нормативті-құқықтық актілердің жиынтығы;

D) белгілі қоғамдық қатынастардың нақты қатысушыларының заңды құқықтары мен міндеттерінің байланысы;

E) азаматтардың барлық жалпы құқықтары, бостандықтары және міндеттерінің жиынтығы.

6. «Құқық нормасы –құқықтық норма принциптері ретінде» дегеніміз ...

A) жалпы ережелері бар нормалар;

B) құқық нормасының элементтерін анық білдіретін нормалары жоқ нормалар;

C) қоғамдық қатынастарға қатысушылардың жүріс-тұрыс ережелерін нақтылайтын нормалар;

D) тыйым салатын нормалар;

E) міндеттейтін нормалар.

7. Мемлекетпен танылатын және қамтамасыз етілетін қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін жалпыға бірдей міндетті әрекет тәртібі:

A) құқық

B) құқық нормасы

C) құқықтық әрекет

D) құқытық сана

E) құқықтық мәдениет

8. Заңдық нормаға тән емес белгіні көрсетіңіз:

A) жалпыға бірдей міндетті нормативтілік;

B) формальдық анықтылық;

C) адресаттың нақтылы еместігі;

D) мемлекеттің кепілділігі;

E) діни тиістілігі.

9. Құқықтық реттеу тәсілдері бойынша құқық нормаларының түрлерін атаңыз:

A) өктемдік – сөзсіздік, диспозитивтік, көтермелеу, ұсыныстық нормалар;

B) заңдық және заң негізінде жасалған нормалар;

C) жалпы сипаттағы және шектеулі сипаты бар нормалар;

D) материалдық нормалары мен іс жүргізу нормалары;

E) өкілеттікті білдіретін, міндеттейтін, тыйым салатын нормалар.

10. Құқық нормасының құрылымы:

A) өзіне құқықтық жобасы жоқ әртүрлі нұсқаулардан тұратын жүйелер;

B) норманың ішкі құрылымы, оның өзара байланысқан бөліктерінің жиынтығы;

C) өзара байланысты, келісілген және өзара іс-әрекеттелген заң құралдарының жиынтығы;

D) белгілі қоғамдық қатынастардың нақты қатысушыларының заңды құқықтары және міндеттерінің байланысы;

E) азаматтардың барлық жалпы құқықтары, бостандықтары және міндеттерінің жиынтығы.

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Пән: Мемлекет және құқық теориясы Кредит саны:_________

Дәріс № 17 Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы Құқықтық қатынас____

Факультет_____________________________ Оқытушы __________________________________

Академиялық жыл 2012-2013 Курс 1 Семестр 2

Дәрістің мақсаты:

Құқықтық қатынастардың қоғамдық байланыстың ерекше түрі ретіндегі маңызын көрсету.

Жоспары:

1.Құқықтық қатынастар ұғымы.

2.Құқықтық қатынастардың пайда болуының шарттары. Заң маңызы бар фактілер.

3.Құқықтық қатынастардың субьектілері.

4.Құқықтық қатынастар субьектілерінің субьективтік құқықтары мен құқықтық міндеттері.

5.Құқықтық қатынастардың обьектісі.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Құқықтық қатынас - қатысушылардың субъективті құқықтары мен заңды міндеттері болатын, құқық нормалары мен заңда көрсетілген фактілерге сәйкес туындайтын, ерік-ықтиярды білдіретін қоғамдық қатынастар.

Құқық нормасы құқықтық реттеудің статистикалық жағдайын білдіретін болса, құқықтық қатынас оның динамикалық, яғни қозғалыстағы жағдайын көрсетеді. Құқықтық қатынас абстрактілі құқықтық нормаларды жекеленген байланыстар, яғни белгілі бір субъектілер үшін субъективті құқықтар мен заңды міндеттер деңгейіне аударуға мүмкіндік береді.

Құқықтық қатынастардың белгілері:

  • әлеуметтік субъектілер арасындағы екі жақты нақты байланысты көрсететін қоғамдық қатынас;

  • құқық нормасы негізінде пайда болады (құқық нормасының жалпы талаптары нақты субъектіге және оның жағдайына байланысты дербестенеді);

  • адамдар арасындағы субъективті құқықтар мен заңды міндеттер көмегімен жүзеге асырылатын байланыс;

  • ерікті қатынастар болып табылады, себебі оның пайда болуына қатысушылардың ең болмаса біреуінің еркі қажет;

  • қатынас белгілі бір объектінің, құндылықтың төңірегінде жүргізіледі;

  • мемлекеттің мәжбүр ету күшімен қорғалатын және қамтамасыз етілетін қатынас.

Құқықтық қатынас күрделі құрамға ие. Оның құрамының элементтері қатарына мыналар жатады:

  • субъект;

  • объект;

  • субъективті құқық және заңды міндет (заңдық мазмұн).

Қоғамдық қатынастар құқықтық қатынастың материалдық мазмұнын құрайтын болса, субъективті құқықтар мен заңды міндеттер оның заңды мазмұнын білдіреді. Құқықтар мен міндеттер арқылы құқықтық қатынасқа қатысушылардың заңды байланысы жүзеге асырылады.

Субъективті құқық – субъектіге жеке мүддесін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін заңды мүмкін болатын әрекет мөлшері. Оның негізгі ролі, маңызы субъектіге өз мүддесін қанағаттандыруға, белгілі бір құндылықтарға қол жеткізуге мүмкіндік беру болып табылады. Субъективті құқықтың құрылымы:

  • өкілді жанның белгілі бір әрекетке мүмкіндігі;

  • міндетті жаннан әрекеттің белгілі бір түрін талап ету мүмкіндігі;

  • құқығын қорғау үшін құзіретті мемлекеттік органға қайырылу мүмкіндігі;

  • белгілі бір әлеуметтік құндылықты пайдалану мүмкіндігі.

Заңды міндет дегеніміз өкілді жанның мүддесін қанағаттандыру үшін тағайындалған заңды қажетті әрекет өлшемі. Міндеттілік субъективті құқықты жүзеге асыру кепілі. Заңды міндеттілік құрылымына мыналар кіреді:

  • белгілі бір әрекеттерді жасау немесе олардан бас тарту міндеті;

  • өкілді жанның талаптарына бет бұру қажеттілігі;

  • аталған талаптарды орындамаған жағдайда заңды жауапкершілік тарту қажеттілігі;

  • контрагентке құндылықтарды пайдалану құқығына кедергі келтірмеу.

Субъективті құқық пен заңды міндеттер арасындағы айырмашылықтар:

  1. егер субъективті құқық өз мүддесін қанағаттандыруға бағытталса, заңды міндет өзгенің мүддесін қанағаттандыруға бағытталған;

  2. субъективті құқық мүмкін болатын әрекет мөлшері болса, заңды міндет тиісті әрекет мөлшерін көрсетеді.

Құқықтық қатынас субъектілері құқықтарға және айқындалған міндеттерге ие болатын құқықтық қатынасқа қатысушылар. Құқықтық қатынас субъектілері өзінің құқық, әрекет қабілеттілігін пайдаланған құқық субъектісі. Құқық субъектісі деп заңдық нормалар негізінде жеке құқықтық қатынастарға түсетін, жеке құқықтар мен заңды міндеттерге ие болатын жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларды айтамыз. Құқықтық қатынас субъектілері екі топқа жіктеледі: жеке және ұжымдық. Жеке субъектілерге мыналар жатады:

  • азаматтар;

  • екі азаматтылығы бар адамдар;

  • азаматтығы жоқ адамдар;

  • шет ел азаматтары.

Ұжымдық субъектілерге мыналар жатады:

  • мемлекет;

  • мемлекеттік ұйымдар;

  • мемлекеттік емес ұйымдар.

Жеке құқықтық қатынастар аймағындағы ұжымдық субъектілер заңды тұлға белгісіне ие. Заңды ұйым - меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.

Құқықтық қатынас субъектілері мәселесін көтергенде құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік туралы ерекше тоқталу қажет. Құқық қабілеттілік – азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті. Құқық қабілеттілік адамға тумысынан беріледі, өлгенде жойылады. Кейбір жағдайда анасының құрсағындағы тіршілік белгісін берген балалардың да құқыққа қабілеттілігі танылады. Мысалы, мұрагерлік құқықта.

Әрекет қабілеттілік құқық субъектілерінің өз әрекетімен құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі. Әрекет қабілеттілік субъектінің психикалық және жастық қасиеттеріне байланысты. Қазақстан Республикасында толық әрекет қабілеттілік 18 жастан бастап танылады. Әрекет қабілеттіліктің бірнеше түрі кездеседі:

-толық әрекет қабілеттілік (18 жастан басталады);

-жартылай әрекет қабілеттілік (14 пен 18 жас аралығында);

-шектелген әрекет қабілеттілік (ішімдікке немесе нашақорлыққа салынуына байланысты өзін немесе отбасын ауыр материалдық жағдайға әкелетін болса, жақын туыстарының өтінішімен немесе прокурордың талабымен 18 асқан азамат сот арқылы әрекет қабілеттілігі шектеледі);

-әрекет қабілеттілігінің болмауы. Жүйке ауруларымен ауруына байланысты кәмелетке толған субъект өз әрекетіне жауап бере алмайтын жағдайда болса, сот органының шешімімен әрекет қабілетсіз деп танылады.

Қазіргі кезде азаматтық құқықта 16 толған жасөспірімдер еңбек шарты бойынша еңбек ететін болса немесе ата-анасының немесе қамқоршыларының келісімімен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын болса, толық әрекет қабілетті деп сот арқылы тануға рұқсат етіледі.

Құқық субъектілік – мемлекетпен танылған құқық, құқықтық қатынас субъектісі болу қабілеті (құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттіліктің бірлігі). Ұжымдық субъектілер құқықсубъектілікке ие болады.

Құқықтық қатынастың объектісі деп құқықтық қатынасқа түсуші субъектінің жеке құқықтары мен заңды міндеттерін жүзеге асыру арқылы өз қажеттіліктерін (рухани, мүліктік, әлеуметтік игіліктер) мүдделерін қанағаттандыруын айтамыз.

Құқықтық қатынастың пәні деп материалдық немесе рухани құндылықтарды, сондай-ақ құқықтық қатынастың пайда болуына себеп болатын адам әрекетін айтамыз.

Объектіні түсінудің екі түрлі жағы танылған:

  • құқықтық қатынастың объектісі болып тек адам әрекеті танылады;

  • құқықтық қатынастың объектілері сан қырлы.

Олардың қатарына:

  1. материалдық құндылықтар (мүлік, зат, құндылықтар);

  2. материалдық емес құндылықтар (адам өмірі, денсаулығы, намысы, ар-ұяты);

  3. рухани шығармашылық туындылары (әдебиет, өнер, музыка, ғылым, т.б.);

  4. құқықтық қатынасқа қатысушылардың әрекетінің нәтижесі;

  5. бағалы қағаздар мен құжаттар жатқызылады.

Құқықтық қатынастар әр түрлі негіздер бойынша топтастырылады. Құқықтық реттеу пәніне байланысты құқықтық қатынастар конституциялық құқықтық қатынастар, азаматтық құқықтық қатынастар, қылмыстық құқықтық қатынастар, экологиялық құқықтық қатынастар, әкімшілік құқықтық қатынастар, еңбектік құқықтық қатынастар және т.б. болып бөлінеді.

Сипатына байланысты материалдық және процессуалдық болып бөлінеді. Функционалдық роліне байланысты реттеуші (құқық нормасы немесе шарт негізінде пайда болады) және қорғаушы (мемлекеттік мәжбүр ету мен заңды жауапкершілікті жүзеге асырумен байланысты) болып екіге бөлінеді.

Заңды міндеттерінің табиғатына байланысты құқықтық қатынастар белсенді және бәсең болып жіктеледі.

Қатысушыларының құрамына байланысты құқықтық қатынастар қарапайым және күрделі болып ажыратылады. Қарапайым құқықтық қатынас екі субъектінің арасында жүзеге асады. Мысалы, сатып алу - сату шарты. Ал күрделі құқықтық қатынастар бірнеше субъектінің арасында жүзеге асады. Мысалы, қылмыстық жазаны өтеу.

Құқықтық қатынастар әрекет ету мерзіміне байланысты қысқа мерзімді (айырбас) және ұзақ мерзімді (азаматтық) болып бөлінеді.

Жақтардың анықталу дәрежесіне байланысты салыстырмалы, абсолютті және жалпы құқықтық қатынастар болып айырылады.

Салыстырмалы құқықтық қатынас деп екі тарап та дербес және нақты анықталған және бір-біріне қатысты құқықтар мен міндеттердің иесі болып табылатын құқықтық қатынастың бір түрін айтамыз. Абсолютті құқықтық қатынас деп субъективті құқық иесі ғана нақты анықталған, өзге субъектілердің барлығына оның субъективті құқығын бұзбау міндеті жүктелген құқықтық қатынастың түрін айтамыз.

Жалпы құқықтық қатынастар жеке тұлға мен мемлекет арасындағы құқықтық қатынасты туындататын заңдардан бастау алатын қатынастың бір түрі. Нақты құқықтық қатынастар нақты заңдық фактінің негізіндн пайда болатын жеке тұлғалардың өзара немесе белгілі бір ұйыммен, мекемемен қарым қатынасын реттейтін құқықтық қатынастың бір түрі.

Заңды факт деп құқық нормасы құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін немесе тоқтатылуын байланыстыратын өмірлік нақты мән-жайларды айтамыз. Заңды фактілер құқықтық қатынастардың алғы шарты болып табылады. Олардың моделі заңдық норманың гипотезасында тіркеледі. Заңды фактілерді де әр түрлі негізде жіктеуге болады.

Туындайтын нәтижелерінің сипатына байланысты:

  • құқық қалыптастырушы;

  • құқық өзгертуші;

  • құқықты тоқтатушы болып бөлінеді.

Құқықтық қатынасқа қатысушылардың еркіне байланысты:

  • оқиға;

  • әрекет болып бөлінеді.

Оқиға құқықтық қатынастың пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына әсер ететін, адамдардың еркінен тыс өтетін заңдық факт. Оған баланың туылуы, төтенше оқиғалар т.б. жатады.

Әрекет құқықтық қатынасқа түсуші субъектінің еркіне байланысты болады да екіге бөлінеді: құқықтық және құқыққа қарсы. Құқықтық әрекеттің өзі екіге бөлінеді: заңдық актілер және заңдық әрекет. Заңдық акт белгілі бір заңдық нәтижелерге жетуге бағытталған әрекет. Заңдық әрекет жанның ой-пиғылынан тыс заңдық нәтижелердің пайда болуына әкелетін әрекеттер.

Құқыққа қарсы әрекеттер қылмыстық, азаматтық, әкімшілік, тәртіпшілік болады.

Кейде құқықтық қатынастың пайда болуына, өзгеруіне немесе жойылуына бір факті аздық етеді , бұндайда заңдық құрам әрекет етеді.

Глоссарий (терминдер): өндірістік қатынастар, идеологиялық қатынастар, құқық субьектілері, заңды маңызы бар фактілер, жеке тұлға, заңды тұлға, әрекет қабілеттілік, субьективтік құқық, құқықтың обьектісі, монистік көзқарас, плюралистік көзқарас, және т.б.

СӨЖ тапсырмасы:

№1 СӨЖ: Реферат

Студенттің өзіндік жұмысының ең басты түрлерінің бірі реферат жазу. Реферат Мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша жазылады және ол компьютер үлгісіндегі 3-4 беттен аспауы керек. Реферат: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырыптың жан-жақтылығын, мақсатын және талабын және тақырыпты зерттеуде қандай әдебиеттерді пайдаланғаныңызды көрсетесіз. Негізгі бөлімде реферат тақырыбын ашып: ол қысқа әрі жеке зерттеуіңізді көрсетіп, салыстырмалы анализ жасаңыз. Қорытынды бөлімде өз тұжырымдамаңызды көрсетесіз. Сондай ақ әдебиеттер тізімін көрсетесіз: 1) нормативтік құқықтық актілер; 2) негізгі әдебиеттер; 3) қосымша әдебиеттер. Реферат ауызша қорғалады, белгіленген ұпайға сәйкес бағаланады.

Рефератты бағалау критерийлері:

  1. Тақырыптың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы

  2. Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді терең оқып, дұрыс талдау жүргізіп, оны дұрыс жаза білуі

  3. Қажетті қортындылардың жасалуы

  4. Материалдардың жоспарға сайкес қисынды және рет-ретімен жазылуы

  5. Жұмыстың әдеби тілмен дұрыс жазылуы және оның дұрыс рәсімделуі

Реферат тақырыптары:

  1. Құқықтық қатынас қоғамдық байланыстың ерекше түрі ретінде.

  2. Құқықтық қатынастың субьектілері.

  3. Құқықтық қатынастың обьектілері және олардың жіктелуі.

  4. Заңды дерек құқықтық қатынастың пайда болу, өзгеру, тоқтату негіздері ретінде.

  5. Нарықтық экономиканы құруға бағытталған қоғамдағы құқықтық қатынастың ерекшеліктері.

  6. Заңдық техника және оның нормативтік актілерді жүйелеудегі орны.

№2 СӨЖ: Глоссарий

Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

1 Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

  1. Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

  2. Рәсімдеу сапасы

  3. Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы: «Құқықтық қатынас» тақырыбы бойынша арнаулы терминдерді пайдалана отырып, сөзжұмбақ құрастыру.

Тақырып көлемінде лекцияда қарастырылған сұрақтар бойынша түсініксіз мәселелерді талдау

Тақырып бойынша туындайтын сұрақтарды оқып келіп оқытушымен пікір алмасу.

Үй тапсырмасы:

Дәрістің қарастырылатын сұрақтарына байланысты кесте сызасыз.

Негізгі әдебиеттер:

1. Ағдарбеков Қ. Мемлекет жғне құқық теориясы. Қарағанды, 2001.

2. Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 2006.

3. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәуекелов А.Н. Мемлекет жғне құқық теориясы. Алматы, 1999.

4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. Москва, 1996

5. Ибраева А.С., Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет жғне құқық теориясы. Алматы, 1998.

6. Коваленко А.И. Теория государства и права. Вопросы и ответы. Москва,1997.

7. Комаров С.А. Общая теория государства и права. Москва,1998.

8. Лазарев В.В. Общая теория права и государства. Москва, 1996.

9. Лазарев В.В., Липень С.В. Теория государства и права. Москва, 1998.

10. Малько А.В. Теория государства и права в вопросах и ответах. Москва, 1997.

11. Марченко М.Н. Теория государства и права. Москва,1996, 1998.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Ашимов А. Организация - юридическое лицо.// Право и государство. 2000. №3.

  2. Варламова В. И. Правоотношения: философский и юридический подходы //Правоведение. 1991. № 4.

  3. Грецов Ю. И. Проблемы теории правового отношения. Л.,1981.

  4. Дудин А. П. Объект правоотношения. Саратов, 1980.

  5. Дудин А. П. Диалектика правоотношения. Саратов, 1983.

  6. Исаков В. Б. Юридические факты в советском праве. М., 1984.

  7. Кропачев Н. М., Прохоров В. С. О понятии правовых отношений//Правоведение. 1985. № 3.

  8. Протасов В. Н. Правоотношение как система. М., 1991.

  9. Раимбеков Е. Понятие правовых отношений и их виды. // Фемида. 2001. №10

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

«Құқықтық қатынастың субьектілері» тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Құқықсубьектілік, әрекетқабілеттілік, деликтқабілеттілік, Құқықтық мәртебе, Мемлекет құқықтық қатынастың ерекше субьектісі ретінде.

«Құқықтық қатынастардың обьектілері және олардың жіктелуі» тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Құқықтың обьектісі, Монистік көзқарас, Плюралистік көзқарас.

Тақырыптар бойынша тест тапсырмалары, өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1. Типтік құқық нормалары:

A) құқық қорғаушы, реттеуші;

B) жалпы, арнайы;

C) категориялы, диспозитивті;

D) заң шығарушы, декларативті, заңға бағынышты;

E) абсолютті, салыстырмалы.

2. Типтік емес құқық нормалары:

A) қорғаушы, реттеуші;

B) тұрақты, уақытша;

C) императивті, диспозитивті;

D) декларативті, дефинивті;

E) бланкетті, сілтемелі.

3. Тұлғалар шеңбері бойынша төмендегі құқық нормлары анықталады:

A) қорғаушы, реттеуші;

B) жалпы, ерекше;

C) категориялы, диспозитивті;

D) заң шығарушы, декларативті;

E) бланкетті, сілтемелі.

4. Диспозицияның қандай түрі міңез-құлықты нақтылы көрсетпей, құқық субъектісін басқа нормаға сілтейді ?

A) сипаттамалы;

B) бланкеттік;

C) қарапайым;

D) сілтеме;

E) жанама.

5. Міңез-құлық ережелерін бекіту тәсіліне қарай ерекшеленетін құқық нормаларын атаңыз:

A) үзілді-кесілді, диспозитивтік;

B) заңдық нормалар және заңға тәуелді нормалар;

C) жалпы әрекет нормалары және шектеулі әрекет нормалары;

D) материалдық нормалар және процессуалдық нормалар;

E) міндеттеуші және тыйым салушы нормалар.

6. Нормативтік құқықтық актінің кіріспе бөлімі қалай аталады ?

A) гипотеза;

B) преамбула;

C) атауы;

D) мазмұны;

E) презумпция.

7. Төменде аталғандардың қайсысы құқықтық норманың гипотезасының түріне жатпайды ?

A) баламалы, анықталған, салыстырмалы анықталған;

B) баламалы;

C) анықталған, салыстырмалы анықталған;

D) баламалы, анықталған;

E) сілтеме, сипаттамалы, баламалы.

8. Құқықтың қай салаға тиісті екендігіне қарай құқық нормалары қалай классификацияланады ?

A) моральдық нормалар және діни нормалар;

B) діни нормалар және этикалық нормалар;

C) этика нормалары және моральдық нормалар;

D) конституциялық құқық нормалары, азаматтық құқық нормалары;

E) әдеттік нормалар және этикалық нормалар.

9. Мемлекеттік органдар қағидаларын, институттарын немесе құрылымын құратын және құқықтық реттеудің бастапқы шегін анықтайтын нормалар:

A) белгілі анықталған;

B) дефинитивті;

C) жариялы-құқықтық;

D) құрылтайшы;

E) міндеттеуші.

10. Төменде аталғандардың қайсысы құқықтық норманың диспозициясының түріне жатпайды ?

A) баламалы;

B) сілтеме;

C) сипаттамалы;

D) бланкеттік;

E) абстрактілі.

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Пән: Мемлекет және құқық теориясы Кредит саны:_________

Дәріс № 18 Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы _Құқық шығармашылық_және заңнама жүйесі_

Факультет_____________________________ Оқытушы __________________________________

Академиялық жыл 2012-2013 Курс 1 Семестр 2

Дәрістің мақсаты:

Құқықшығармашылық қызметінің қоғамдық қатынастарды реттеудегі маңызын көрсету.

Жоспары:

1. Құқықшығармашылықтың жалпы сипаттамасы және ұғымы.

2. Құқықшығармашылықтың негізгі қағидалары.

3. Құқықшығармашылықтың негізгі сатылары.

4. Заңдарды және басқа да мемлекеттің нормативтік- құқықтық актілерін қабылдау және оларды жариялау.

5. Заңнаманы жүйелеу.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Құқықшығармашылық үрдісі және заңнамаларды жүйелеу.

Әрбір мемлекет қоғамдық қатынастарда құқық нормасында реттелетін, қамтамасыз етілетін, қорғалатын және сақталатын заңдылық және құқықшығармашылық көмегі арқылы анықталған тәртіп орнатады. Құқықтық аймақтағы шығармашылық – мемлекеттік еріктің заңға айналуын білдіретін мемлекеттік әрекет, құқық қалыптастыру үрдісінің соңғы, қорытындылаушы кезеңі.

Сонымен, құқықшығармашылық деп заңды актілерді жасау, жарыққа шығару не болмаса олардың заңды күшін жою, олардың алға қарай тиімділігін дамытуға бағытталған құқық қалыптастыру процессінің соңғы сатысы ретінде қоғамдағы объективті жағдаймен айқындалған мемлекет органдарының арнаулы қызметін айтамыз.

Оның белгілер:

  • белсенді, шығармашылық, мемлекеттік әрекет болып табылады;

  • нәтижесінде басым түрде нормативті-құқықтық актілерде орын алатын заңдық нормалар қалыптастырылады;

  • қоғамды басқарудың маңызды құралы;

  • құқық шығармашылық деңгейі мен мәдениеті қоғамдағы демократия мен өркениеттіліктің бейнесі болып табылады.

Құқықшығармашылыққа мынандай қағидалар тән:

  • ғылымилық (нормативті актілерді дайындау барысында әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайларды зерттеу қажет);

  • кәсібилік (арнаулы мамандар айналысуы керек);

  • заңдылық (заңға сәйкес және заң негізінде орындалуы);

  • демократизм (азаматтардың қатысу дәрежесін көрсетеді);

  • жариялылық (қоғамның мәліметтік хабарлылығын көрсетеді).

Құқықшығармашылық күрделі әрекет болғандықтан біртектес болуы мүмкін емес. Сондықтан ол әр түрлі негіздер бойынша жіктеледі. Субъектілерінің сипатына байланысты былай бөлінеді:

  1. Халықтың тікелей құқықшығармашылығы. Мемлекеттік және қоғамдық өмірдің маңызды мәселелері бойынша тікелей халықтық дауыс беру (референдум) жолымен заңдар қабылданады. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы тікелей халық еркімен қабылданған акт.

  2. Мемлекеттік органдардың құқық шығармашылығы. Қазақстан Республикасында нормативті құқықтық актілерді қабылдау құқығына Қазақстан Республикасының Парламенті, Президенті, Үкіметі және өзге де мемлекеттік органдар ие.

  3. Қоғамдық ұйымдардың құқықшығармашылығы немесе санкцияланған құқықшығармашылық. Мемлекет белгілі бір жағдайларда қоғамдық ұйымдардың актілерін немесе әдет-ғұрып нормаларын мемлекеттің рұқсат беру күшімен заңдастыруы мүмкін.

Құқықшығармашылық маңыздылығына байланысты заң шығару және заңға бағынышты актілерді шығару деп екі үлкен топқа жіктеледі. Заң қабылдау құқығына мемлекеттегі ең жоғарғы өкілді орган құзіретті болады және оның актілерінің жоғарғы заңдық күші танылады.

Заңға бағынышты нормативті актілерді қабылдау Президентке, үкіметке, министрліктер мен ведомстволарға, мемлекеттік комитеттерге, мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, кәсіпорын, мекеме, ұйым басшыларына берілетін құқық.

Құқықшығармашылық процесі кезектілікпен жүргізілетін ұйымдастырушылық әрекеттердің жиынтығы, нормативті актілерді жасау және оның нұсқауларын адресаттарға жеткізу технологиясы. Заңшығармашылықтың бірінші кезеңі заң жобасын дайындау болып табылады.

Заңдық бастамашылық дегеніміз конституцияда анықталған, соған өкілеттілігі бір белгілі бір субъектілердің заң жобасын дайындап, оны заң шығарушы органға енгізуі және оның заң жобасы бойынша шешім қабылдау міндеттілігі. Қазақстан Республикасында заңдық бастамашылық құқығы ҚР Үкіметі мен Парламент депутаттарының тобына берілген.

Екінші саты заң жобасын талдау деп аталады. Ол парламенттің төменгі палатасында – Мәжілісте заң жобасын ұсынған субъектінің баяндамасын тыңдаумен басталады. Аса маңызды заң жобалары бүкілхалықтық талдауға түседі. Заң жобасын талдау бап бойынша немесе толықтай түрде жүзеге асырылады.

Үшінші саты заңды қабылдау сатысы. Заң алдымен Мәжілісте, соңынан Сенатта қабылданады. Заң қабылдаудың екі түрлі тәртібі бар: заңдар көпшілік даусымен, яғни депутаттардың 50% + 1 дауыс жолымен немесе конституциялық заңдар басым көпшілік даусымен, депутаттардың үштен екі бөлігінің даусымен қабылданады. Парламент палаталарымен қабылданған заң актілері Президенттің қол қоюына жіберіледі. Қол қойылған заңдар іске асырылады.

Төртінші саты заң актілерінің жарық көруі және заңды күшіне ену сатысы деп аталады. Жарияланбаған заңдар қолданылмайды. Қазақстан Республикасында ресми жариялану органдары ретінде Парламент жаршысы, Президент пен үкімет актілерінің жинағы, Егеменді Қазақстан танылған. Заңдардың заңды күшіне енуінің арнаулы тәртібі бар. Ол «Нормативті-құқықтық актілер туралы» заңда көрсетілген.

Нормативті актілерді жүйелендіру түсінігі. Жүйелендірудің қажеттілігі мен мақсаты. Жүйелендірудің аспектілері: а) нормативті актілерді сырттай жүйелендіру; ә) нормативті актілерді іштей жүйелендіру.

Нормативті-құқықтық актілерді жүйелендіру түрлері. Кодификация түсінігі және оның заңдарды жүйлендірудегі ролі.

Инкорпорация және оның түрлері. Нормативті актілердің хронологиялық және жүйелік жинағы. Бас инкорпорация. Ресми және биресми инкорпорация. Заңдардың консолидациясы түсінігі.

Заңдық техника және оның құқықшығармашылық, құқыққолдану және заңдарды жүйелендірудегі маңызы. Құқықтық актілердің тілі.

СӨЖ тапсырмасы:

№1 СӨЖ: Реферат

Студенттің өзіндік жұмысының ең басты түрлерінің бірі реферат жазу. Реферат Мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша жазылады және ол компьютер үлгісіндегі 3-4 беттен аспауы керек. Реферат: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырыптың жан-жақтылығын, мақсатын және талабын және тақырыпты зерттеуде қандай әдебиеттерді пайдаланғаныңызды көрсетесіз. Негізгі бөлімде реферат тақырыбын ашып: ол қысқа әрі жеке зерттеуіңізді көрсетіп, салыстырмалы анализ жасаңыз. Қорытынды бөлімде өз тұжырымдамаңызды көрсетесіз. Сондай ақ әдебиеттер тізімін көрсетесіз: 1) нормативтік құқықтық актілер; 2) негізгі әдебиеттер; 3) қосымша әдебиеттер. Реферат ауызша қорғалады, белгіленген ұпайға сәйкес бағаланады.

Рефератты бағалау критерийлері:

  1. Тақырыптың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы

  2. Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді терең оқып, дұрыс талдау жүргізіп, оны дұрыс жаза білуі

  3. Қажетті қортындылардың жасалуы

  4. Материалдардың жоспарға сайкес қисынды және рет-ретімен жазылуы

  5. Жұмыстың әдеби тілмен дұрыс жазылуы және оның дұрыс рәсімделуі

Реферат тақырыптары:

  1. Нормативтік-құқықтық актілер актілер түсінігі, оның ерекшеліктері.

  2. Нормативтік-құқықтық актілер түрлері.

  3. Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеу.

  4. Құқықшығармашылық және оны негіздейтін факторлар.

  5. Құқықшығармашылық және заңшығармашылық үрдісінің сатылары.

  6. Құқықшығармашылықтың қағидалары.

  7. Заңдық техника және оның нормативтік актілерді жүйелеудегі орны.

№2 СӨЖ: Глоссарий

Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

  1. Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

  2. Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

  3. Рәсімдеу сапасы

  4. Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы: Құқықшығармашылық түсінігі және түрлерін талдау.

Құқықшығармашылық үрдісінің сатыларын білу. НҚА әрекет етуі.

Тақырып бойынша туындайтын сұрақтарды оқып келіп оқытушымен пікір алмасу.

Үй тапсырмасы:

Дәрістің қарастырылатын сұрақтарына байланысты кесте сызасыз.

Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

Нормативті-құқықтық актілер:

  1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы, 2000.

  2. Қазақстан Республикасының конституциялық заңы «Республикалық референдім туралы» 25 наурыз 1995 ж. / Егемен Қазақстан, 30.05.1995.

  3. Қазақстан Республикасының заңы «Нормативті актілер туралы» заңы 24 наурыз 1998 ж./Парламент Жаршысы. 1998.№2-3.

Негізгі әдебиеттер:

1. Ағдарбеков Қ. Мемлекет және құқық теориясы. Қарағанды, 2001.

2. Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 2006.

3. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәуекелов А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1999.

4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. Москва, 1996

5. Ибраева А.С., Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет жғне құқық теориясы. Алматы, 1998.

6. Коваленко А.И. Теория государства и права. Вопросы и ответы. Москва,1997.

7. Комаров С.А. Общая теория государства и права. Москва,1998.

8. Лазарев В.В. Общая теория права и государства. Москва, 1996.

9. Лазарев В.В., Липень С.В. Теория государства и права. Москва, 1998.

10. Малько А.В. Теория государства и права в вопросах и ответах. Москва, 1997.

11. Марченко М.Н. Теория государства и права. Москва,1996, 1998.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Абельдинов А. Проблемы правотворчества и систематизации актов.Фемида. № 1-2.2000 г.

  2. Абельдинов А.К. Развитие нормотворчества в Казахстане. -Алматы: Жеты Жаргы,1998-28 с

  3. Амандыкова С.К. Некоторые проблемы становления законотворческого процесса в РК. Вест. КазГУ. № 3. 2001

  4. Власенко Н. А. Основы законодательной техники. Иркутск, 1995.

  5. Власенко Н. А. Язык права. Иркутск, 1997.

  6. Гаврилов О. А. Стратегия правотворчества и социального прогнозирования. М., 1993.

  7. Керимов Д. А. Культура и техника законотворчества. М., 1991.

  8. Канагатова К. Проблемы реализации права законодательной инициативы в РК. ПиГ. № 4. 2000

  9. Кусмангалиева Ж. Систематизация законодательства РК: проблемы и перспективы. Саясат. № 2. 2002 г.

  10. Кусмангалиева Ж. Классификация и систематизация законодательства РК. Прав.реф.в Казахстане. № 1. 2001 г.

  11. Крылов В. Законам – качественную научную и экологическую экспертизу. Прав.реф.в Каз-не. №2. 2001 г.

  12. Малиново, И. П. Философия правотворчества. Екатеринбург, 1996.

  13. Малъко А. В. Лоббизм и право// Правоведение. 1995. № 2.

  14. Окушева Р. Ответственность в правотворчестве: проблемы и перспективы развития. Прав.реф.в Казахстане. № 1. 2001 г.

  15. Табанов С.А. Құқықты жүйелендіру. Алматы, 1998.

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

«Құқықшығармашылық және оны негіздейтін факторлар» тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Құқықшығармашылықтың жалпы сипаттамасы және ұғымы, құқықшығармашылықтың негізгі қағидалары, Құқықшығармашылықтың негізгі сатылары.

Тақырыптар бойынша тест тапсырмалары, өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1. Құқық шығармашылық принциптерін, яғни заң нормаларын жасаушы субъектіге норма шығарушының құзыры берілгендердің қызмет принциптерін көрсетіңіз:

A) демократизм;

B) заңдылық;

C) ғылымилық;

D) кәсібилік;

E) аталғандардың бәрі.

2. Заң қабылдауға құқықты орган:

A) Үкімет;

B) Жоғарғы Сот;

C) Парламент;

D) министрлік;

E) ведомстволық.

3. Юрисдикция ұғымы нені білдіреді ?

A) құқық субъектісінің бекітілген тыйымдарды ұстануына негізделген құқықты жүзеге асыру нысаны;

B) заңдық нормаларды нақтылы өмір жағдайларын қатысты қолдану тәжірибесі;

C) заңдық істерді қарауға және оларбойынша заңдық міндетті шешімдер шығаруға құқықты құзыретті органдардың қызметі ;

D) заңды қолданумен байланысты нақтылы өмірлік жағдай;

E) құқықшығармашылық процестің сатысы.

4. Заңдық бастамашылық субъектілері:

A) ҚР Президенті;

B) облыс әкімі;

C) ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы;

D) ҚР Үкіметі, ҚР Парламенті депутаттары;

E) ҚР Президенті, ҚР Парламенті депутаттары.

5. Заңдық бастамашылық:

A) субъектінің белгіленген әлеуметтік игілікті пайдалануға талпынуында байқалған, заңнамасында көрініс тапқан және белгілі бір дәрежеде мемлекетпен кепілдендірілген құқықтық мүмкіндік;

B) ҚР негізгі заңында бекітілген белгілі субъектілердің заңды қабылдау туралы ұсыныс жасау және тиісті заң жобасын енгізу құқығы;

C) бұзылған немесе даулы құқықты, не болмаса заңмен қорғалатын мүддені қорғаудың негізгі құралы;

D) ҚР заңшығарушы органдарының құқықшығармашылық қызметі үрдісіндегі басқарушылық шешімдерге «қысым көрсету топтарының» әсер ету құралы;

E) заңбұзбаушы әрекет тәртібіне құқықтық баулу.

6. Заң шығармашылық үрдісі:

A) нақты деректерге, субъектілерге, шынайы қоғамдық өмірдің қатынастарына қатысты заң шегінде негізделген құқықтық нормаларды жүзеге асыру бойынша мемлекеттің заңдық және ұйымдастырушылық қызметі;

B) құқықтық актілерде халықтың еркін қалыптастыру және бекіту, бұл актілерді өзгерту немесе жою бойынша кезеңдеңдірілген үрдісі;

C) қоғам мен мемлекеттің құқықтық талаптарын тану және бағалау үрдісі, тиісті үрдіс көлемінде өкілетті субъектілердің құқықтық актілерді қалыптастыруы және қабылдауы;

D) құқық құрылуын формальді белгіленген жалпы сипаттағыүйғарымдарға бекітетін мемлекеттік қызмет;

E) келесі сатылардан тұратын, кезекті жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық әркекеттердің жүйесі: заңдық бастамашылық, заң жобасын талқылау, заңды қабылдау, ҚР Президентінің заңға қол қоюы, заңды жариялау.

7. Ішкі мазмұнын өзгерту арқылы нормативтік құқықтық актілерді бір ізділікке салу процесі анықтамасына сәйкес ұғымды көрсетіңіз:

A) құқық жүйесі;

B) заңнаманы жүйелеу;

C) консолидация;

D) құқықтық жүйе;

E) кодификация.

8. Оның ішкі мазмұнын өзгертусіз нормативтік материалды белгілі бір тәртіппен біріктіру жолымен жүйелеу нысаны дегеніміз не?

A) инкорпорация;

B) заңнаманы жүйелеу;

C) консолидация;

D) құқықтық жүйе;

E) кодификация.

9. Құқықты жүйелендіру:

A) мемлекеттің ескірген ережелерден босату мақсатында, қолданыстағы заңнманы қайта өңдеу бойынша қызметі ;

B) өмірдің талаптарына сай, заңнаманы жаңарту бойынша мемлекеттің қызметі;

C) заңнаманы реттеу және оны тұтас жүйеге келтіру бойынша жүргізілетін мемлекеттік органдардың қызметі;

D) әдет-ғұрыптарға сәйкес қызмет;

E) өмірдің талаптарына және әдет-ғұрыптарға сәйкес қызмет.

10. нормативті актілерді жүйелендірудің түрлері:

A) пролонгация, инаугурация;

B) промульгация, ратификация;

C) инкорпорация, кодификация, консолидация;

D) демократизация, социализация;

E) юридизация.

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАН УНИВЕРСИТЕТІ

Пән: Мемлекет және құқық теориясы Кредит саны:_________

Дәріс № 19 Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы Құқықты іске асыру

Факультет_____________________________ Оқытушы __________________________________

Академиялық жыл 2012-2013 Курс 1 Семестр 2

Дәрістің мақсаты:

Құқықтық нормалардың іс жүзіне асуының әлеуметтік маңыздылығын көрсету.

Жоспары:

1.Құқық нормаларын іс жүзіне асыру ұғымы және әдістері.

2.Құқық қолданудың негізгі сатылары.

3.Құқықтағы кемшіліктер және оларды толықтырудың тәсілдері.

4.Заң коллизиясы және құқық нормаларының бәсекелестігі.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Құқықтық қоғамда халық бір жағынан, ал мемлекет екінші жағынан өз тарапынан құқық нормаларының талаптарын орындауға міндеттеме алады. Осы тұрғыдан алғанда құқықты іске асыру мәселесі екі жақты сипатқа ие болады және оны қарастыру екі бағытта жүргізіледі. Бірінші бағыты мемлекет органдары мен лауазымды тұлғалардың тарапынан құқыққа мойын сұнумен анықталса, екінші бағыт азаматтар мен олардың ұйымдары мен бірлестіктері әрекетінде құқықты іске асырумен ерекшеленеді.

Соңғы нәтиже ретіндегі құқықты іске асыру белгілі бір әрекет жасау немесе одан бас тарту талабы мен нақты жасалған әрекеттер арасында толық сәйкестікке жетуді білдіреді. Құқықты іске асыру арқылы заң шығарушы мүдделі болған нәтижеге, пайдалы мақсатқа жетуге болады. Әрине мақсатқа жету құқықты іске асыру ауқымынан тыс болады, дегенмен де құқықтанушыны заң талап еткен әрекеттер қызықтырады.

Үрдіс ретіндегі құқықты іске асыру объективті және субъективті жақтарымен сипатталады. Объективті жағынан ол белгілі кезектілікпен анықталған құралдармен және анықталған мерзімде әрі орында құқық нормаларында көрсетілген заңды әрекеттерді жетілдіруді білдіреді. Субъективті жағынан құқықты іске асыру субъектінің жүзеге асырылатын құқықтық талаптарға қатынасымен, нұсқалынған әрекеттерді жасау сәтіндегі оның еркімен сипатталынады. Ол құқықты іске асыруға өз еркімен, мүдделілігімен баруы немесе жағымсыз салдардан қорыққандықтан баруы мүмкін. Бастысы – әрекет түріне, оны жасаудың орны мен уақыты шарттарына қойылатын талаптарды мүлтіксіз орындау болып табылады. Міндетті шарттардың біреуін бұзуға жол берілетін болса, құқықты іске асыру болмаған деп саналады.

Құқық теориясында құқық нормаларын іске асырудың әр түрлі нысандары танылған. Құқық нормасының мазмұнымен негізделген құқықты іске асыру әрекетінің сипатына байланысты төрт нысан танылған: құқықты сақтау, орындау, пайдалану және қолдану.

Сақтау арқылы тыйым салушы нормалар іске асырылады, бұл нысанның мәні – тыйым салынған әрекетті жасаудан бас тарту болып табылады. Субъектінің әрекеті пәстігімен айқындалады немесе қазақшаласақ «сен тимесең, мен тимен» қағидасына сүйенеді деуге болады.

Орындау керісінше субъектіден міндеттеуші құқықтық нұсқауларды жүзеге асырумен байланысты болатын белсенді әрекеттерді талап ететін іске асыру нысаны болып табылады. Бұнда субъект өзіне жүктелген белсенді әрекетке деген міндеттілікті атқарады.

Құқықты пайдалану субъектінің өкілеттілігін жүзеге асыруға бағытталған, сондықтан да бұнда оның ерік-жігеріне байланысты белсенді мінез-құлық та, пәс әрекет те жасалуы мүмкін. Құқықты пайдалану - рұқсат беруші нормалардан бастау алатын мүмкіндіктерді жүзеге асырудан көрінетін құқықты іске асыру нысаны. Ол азаматтардың құқықтарын қорғауы, меншік объектілеріне заңдық жарлық ету құқығы, сайлау құқығын пайдалануы түрінде кездеседі.

Расын айтқанда құқықты іске асыру туралы оны орындауға қатысты ғана айту жөн. Бұнда өзге құқықтық құралдармен бірге кепілдендірілген нәтижелерге жетуді қамтамасыз ететін заңдық нормаларда танымал әрекет тәртібі қалыптастырылады, олар соңынан нақты, тікелей мағынасында фактілі қатынастарға ауысуға, яғни өмірде жүзеге асырылуға тиісті.

Құқықтық жүйенің тереңіне бойлайтын пайдалану және сақтау тәріздес құқықты іске асыру нысандарына жүгінсек алдымен анықталған тұжырым дәлелдене түседі. Бұл тұрғыда құқық реттеуші және тиімді қорғаушы әлеуметтік механизм ретінде көрінеді. Ол жоғарғы деңгейдегі ұйымдастырушылыққа сүйене отырып, экономикалық, жалпы әлеуметтік заңдылықтардың қызметін көрсететін құқықтық әрекет жасауға барынша мүмкіндік беріп, оны кепілдендіруі қажет. Және оның қызметі адам, олардың ұжымы әрекетін, қажеттіліктері мен мүддесін экономикалық, жалпы әлеуметтік, соның ішінде психологиялық көтермелеудің, реттеудің барлық жүйесімен терең, біртұтас өзара байланыс пен өзара әрекеттестікте болуымен сипатталады. Міне, осы тұрғыда құқықтық нысанды дамытудың, оның мүмкіндіктері мен қорларын пайдаланудың, құқықтың ролін қоғамдағы әлеуметтік, материалдық, рухани және өзге реттеушілер кешенімен үйлестіре отырып көтерудің анық жолы көрінеді. Құқыққа осындай көзқарас оған қарапайымдатылған түсінік беру мен оның ролін жөнсіз көтеру тәріздес әрекеттердің алдын алып, қоғам өміріндегі құқықтың шынайы құндылығын ашуға, оның әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі заңды ролін анықтауға мүмкіндік береді.

Құқықтық реттеу үрдісіне оның соңғы сатысында, ал кейбір жағдайларда құқықтық қатынастар пайда болған кезде құқықты қолдану қосылады. Құқық қолдану - құзіретті органдардың нақты өмірлік жағдайларға қатысты құқық нормаларын жүзеге асыруындағы мемлекеттік-биліктік ұйымдастырушы әрекеті. Құқық қолдану құқық шығармашылықтан кейінгі екінші маңызды, құқықтық реттеуге мәнді ықпалы бар фактор. Құқық шығармашылық органдары құқықтық жүйеге қоғамдық қатынастарға қатысушылардың мінез-құлқының жалпы бағдарламаларын енгізсе, құқық қолдану органдары басталған реттеуді әрі қарай қағып алып кетіп, заңдық нормаларды өмірге енгізуді қамтамасыз етеді.

Құқық қолдануды туындататын жағдайлар ішінде құқықтық қатынастардың пайда болуымен байланысты түрлері де бар. Бірақ басым түрде құқық қолдануды анықтайтын жағдайлар оның басты функциясын – құқықтық реттеу үрдісінде мемлекеттік-биліктік қамтамасыз етілу әрекетінің қажеттілігін көрсетеді. Ал бұл жағдайлар өз сипатына байланысты құқықтық реттеу үрдісінде мемлекеттік мәжбүрлеуді пайдалануды талап етеді. Жалпы алғанда тарих мемлекеттік бұйырымдарды іске асыруға адам еркін көндірудің екі негізгі құралын таниды: ол марапаттауға уәде ету және белгілі бір құндылықтардан айырумен қорқытып, мәжбүрлеу.

Құқықтық мемлекетте жазалаушы және мәжбүр етуші шаралардың аймағы мен көлемі күрт өзгереді де, құқықтық нұсқаулардың «өзін-өзі қамтамасыз етуіне» мүмкіндіктер ашылады.

Құқық қолданудың ерекше белгілері:

  • құзіретті мемлекеттік органдармен (сот, әкім) қолданылады;

  • биліктік сипатта болады;

  • сатылардан тұрады: істің фактілі және заңды негізін табу, шешім қабылдау;

  • тиісті жеке биліктік акт қабылдаумен байланысты.

Құқық қолдану актісі – құзіретті субъектінің құқықтар мен заңды міндеттердің бар-жоқтығын және тиісті норманың негізінде олардың мөлшерін анықтау мақсатымен жасалатын мемлекеттік-өкілді жеке анықталған акт.

Құқық қолдану актісі:

  • нормативті акті негізінде қолданылады;

  • нормативті актіде мазмұндалған құқық нормаларын нақты жағдайларға, қатынастарға қатысты нақтыландырады;

  • жекеленген (индивидуалды-анықталған) сипаты бар;

  • құқық нысаны болып табылмайды және бір мәрте қолдануға ғана арналған;

  • тиісті қоғамдық қатынастардың пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына негіз болатын заңдық факт қызметін атқарады.

Құқықтың мақсаты адамдардың өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандырумен анықталады. Сондықтан да мемлекеттік ерікті құқықты іске асыру субъектілерінің еркімен сәйкестендірудің мән-мағынасы өте зор.

Глоссарий (терминдер): заң аналогиясы, құқықтың аналогиясы, лоббизм, заң коллизиясы, нормалар бәсекелестігі және т.б.

СӨЖ тапсырмасы:

№1 СӨЖ: Реферат

Студенттің өзіндік жұмысының ең басты түрлерінің бірі реферат жазу. Реферат Мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша жазылады және ол компьютер үлгісіндегі 3-4 беттен аспауы керек. Реферат: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырыптың жан-жақтылығын, мақсатын және талабын және тақырыпты зерттеуде қандай әдебиеттерді пайдаланғаныңызды көрсетесіз. Негізгі бөлімде реферат тақырыбын ашып: ол қысқа әрі жеке зерттеуіңізді көрсетіп, салыстырмалы анализ жасаңыз. Қорытынды бөлімде өз тұжырымдамаңызды көрсетесіз. Сондай ақ әдебиеттер тізімін көрсетесіз: 1) нормативтік құқықтық актілер; 2) негізгі әдебиеттер; 3) қосымша әдебиеттер. Реферат ауызша қорғалады, белгіленген ұпайға сәйкес бағаланады.

Рефератты бағалау критерийлері:

  1. Тақырыптың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы

  2. Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді терең оқып, дұрыс талдау жүргізіп, оны дұрыс жаза білуі

  3. Қажетті қортындылардың жасалуы

  4. Материалдардың жоспарға сайкес қисынды және рет-ретімен жазылуы

  5. Жұмыстың әдеби тілмен дұрыс жазылуы және оның дұрыс рәсімделуі

Реферат тақырыптары:

1.Құқық нормаларын іс жүзіне асыру ұғымы және әдістері.

2.Құқық қолданудың негізгі сатылары.

3.Құқықтағы кемшіліктер және оларды толықтырудың тәсілдері.

4.Заң коллизиясы және құқық нормаларының бәсекелестігі.

№2 СӨЖ: Глоссарий

Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

1 Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

  1. Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

  2. Рәсімдеу сапасы

  3. Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы: «Құқықты жүзеге асыру» тақырыбы бойынша арнаулы терминдерді пайдалана отырып, сөзжұмбақ құрастыру.

Тақырып көлемінде лекцияда қарастырылған сұрақтар бойынша түсініксіз мәселелерді талдау

Тақырып бойынша туындайтын сұрақтарды оқып келіп оқытушымен пікір алмасу.

Үй тапсырмасы:

Дәрістің қарастырылатын сұрақтарына байланысты кесте сызасыз.

Негізгі әдебиеттер:

1. Ағдарбеков Қ. Мемлекет жғне құқық теориясы. Қарағанды, 2001.

2. Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 2006.

3. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәуекелов А.Н. Мемлекет жғне құқық теориясы. Алматы, 1999.

4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. Москва, 1996

5. Ибраева А.С., Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет жғне құқық теориясы. Алматы, 1998.

6. Коваленко А.И. Теория государства и права. Вопросы и ответы. Москва,1997.

7. Комаров С.А. Общая теория государства и права. Москва,1998.

8. Лазарев В.В. Общая теория права и государства. Москва, 1996.

9. Лазарев В.В., Липень С.В. Теория государства и права. Москва, 1998.

10. Малько А.В. Теория государства и права в вопросах и ответах. Москва, 1997.

11. Марченко М.Н. Теория государства и права. Москва,1996, 1998.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Григорьев Ф. А. Акты применения права. Саратов, 1995.

  2. Завадская Л. Н. Механизм реализации права. М., 1992.

  3. Мурзаев К. Применение права судебными органами.// Вестник КазГУ. 2001.№4.

  4. Саутпаева Б. Практика применения действующего законодательства.// Фемида. 1999. №7.

Решетов Ю. С. Реализация норм советского права. Казань,1989

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

«Құқық нормаларын іс жүзіне асыру» тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Құқық нормасын іс жүзіне асыру ұғымы, әдістері, құқық қолданудың негізгі сатылары.

Тақырыптар бойынша тест тапсырмалары, өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1. таралу аясына қарай құқық институттары қалай классификацияланады?

А) салалық және салааралық;

В) қорғаушы және реттеуші;

С) материалдық және салааралық;

D) референдум және еңбек шарты институты;

Е) материалдық және процессуалдық.

2. Құқық жүйесі:

А) құқықтың құқық нормасын институтқа, бағынышты салаларға және құқық салаларына бірлескендігін білдіретін қоғамдық қатынастардың сипатымен шартталған құқықтың ішкі құрылысы;

В) әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұлттық, діни, мәдени және тарихи себептер;

С) объективті түрде өмір сүретін қоғамдық қатынастар;

D) құралдар, ережелер және нормалар жүйесі;

Е) заңға қол жеткізуді қамтамасыз ету;

3. Құқық жүйесінің салаларға бөлінуінің негізгі айырым белгілері қандай?

А) заң шығарушының шешіміне байланысты;

В) құқық реттеудің пәні мен әдісі;

С) құқық негіздерінің сипаты;

D) құқықтық сана;

Е) іс жүзінде қолдануға байланысты.

4. Құқықтық реттеудің пәні:

А) құқықтың қоғамдық қатынастарының белгілі аумағына әсер ету тәсілдерінің, әдістерінің жиынтығы;

В) адамның қызметінің спецификасымен шартталған қоғамдық қатынастардың белгілі саласы;

С) қатысушыларының субьективті құқылары және заңды міндеттері бар қоғамдық қатынас;

D) қалыптасқан шартты түрдегі мүлкі бар ұйым;

Е) азаматтардың барлық құқықтарының, бостандықтарының жиынтығы.

5. Құқық саласы:

А) қоғамдық қатынастарға белсенді әсер ететін мінез-құлық ережесі;

В) құрамында нақты өмірлік мән-жайларға бағытталған нұсқаулары бар құқық нормасының бөлігі;

С) өзінің ерекше әдісімен қоғамдық қатынастардың сапалы біртекті аясын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы;

D) қоғамдық ұйымдардың олардың әрекет етуінің мақсаттарына жету үшін белгіленген мінез-құлық ережесі;

Е) әлеуметтік-нормативтік реттеуші.

6. Құқық институты:

А) біртекті қоғамдық қатынастардың белгіленген жағын немесе түрін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы;

В) қоғамдық қатынастардың белгіленген тобын реттейтін құқықтық нормалардың тәртіптелген жиынтығы;

С) сапалы біртектілік, құқықтық қатынастарының белгіленген саласының өзгешелігі;

D) белгіленген мемлекеттің жалпы құқығының құрылымдық бөлшегі;

Е) біртекті құқық институттарының жүйесі.

7. Құқық нормаларын салалар бойынша бөлудің негізгі критерийін атаңыз:

А) заң шығарушының пікірі;

В) қоғамдық реттеу сипаты;

С) құқықтық реттеудің тақырыбы және әдісі;

D) олардың әрекеттерінің салдарларының сипаты;

Е) олардың әрекеттерінің процесі.

8. Құқық жүйесінің ішіндегі біркелкі қоғамдық қатынастардың белгілі бір аясын реттейтін құқықтық нормалардың оқшауланған жиынтығы анықтамасына сәйкес ұғымды көрсетіңіз:

А) заңнаманың кешенді саласы;

В) құқық саласы;

С) заңнама саласы;

D) құқық институты;

Е) құқық жүйесі.

9. Құқықтық реттеудің әдісі:

А) құқықтың қоғамдық қатынастарының барлық салаларына әсер ету әдістерінің біріктірілген жүйесі;

В) құқықтың қоғамдық қатынастарының белгілі бір саласына әсер ету әдістері, тәсілдері, құралдарының жиынтығы;

С) органдардың, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық бірлестіктердің және азаматтардың өкілеттіліктерінің, құқықтарының және міндеттерінің жиынтығы;

D) құқықпен реттеленетін қоғамдық қатынастарының қатысушыларының құқықтары және міндеттерін анықтау тәртібі;

Е) қоғамдық қатынастарының нақты түрін реттеуінің ортақтығымен біріккен, бір немесе бірнеше құқық салаларының ішінде объективті ерекшеленген өзара байланысты құқық нормаларының жиынтығы.

10. Құқық жүйесінің ішіндегі біркелкі қоғамдық қатынастардың белгілі бір түрін реттейтін құқықтық нормалардың оқшауланған жиынтығы анықтамасына сәйкес ұғымды көрсетіңіз:

А) құқық институты;

В) құқық саласы;

С) құқық жүйесі;

D) құқық нормасы;

Е) құқық саласының бөлігі.

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Пән: Мемлекет және құқық теориясы Кредит саны:_________

Дәріс № 23 Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы Құқықтық сана және құқықтық мәдениет

Факультет_____________________________ Оқытушы __________________________________

Академиялық жыл 2012-2013 Курс 1 Семестр 2

Адамдардың жүріс тұрысына ықпал ету мазмұнын сезіну және ой елегінен өткізудегі құқықтық сананың рөлін көрсету.

Жоспары:

1. Құқықтық сана-қоғамдық сананың формасы.

2. Құқықтық сана ұғымы, құрылымы, түрлері.

3. Құқықтық сана және құқық қолдану.

4. Құқықтық сана және оның деформацияға ұшырауы.

5.Құқықтық мәдениет

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Құқықтық сана қоғамдық сананың үлгісі ретінде. Құқықтық сана түсінігі, негізгі қызметтері: танымдық, бағалық және реттеушілік. Құқықтық сана түрлері: субъектісі бойынша – жеке, топтық, қоғамдық. Құқықтық сана деңгейлері: кәдуілгі, кәсіби және ғылыми құқықтық сана.

Құқықтық сана құрылымы. Құқықтық идеология және құқықтық психология. Қоғамдық пікір және оны зерттеу тәсілдері. Жеке құқықтық сана.

Құқықтық сананың құқық нормаларына және құқықтың құқықтық санаға әсері. ¤зара байланыс каналдары.

Конформизм. Заңды тыңдау. Құқыққа құрметпен қарау және оны қазіргі кезеңде қалыптастыру процесстері. Лауазымды тұлғалар мен азаматтардың құқықтық санасы. Құқықтық тәрбие.

Құқықтық нигилизм түсінігі. Құқықтық нигилизм қоғам тарихындағы даму кезеңдері. Қоғамның нарықтық экономикаға, саяси-құқықтық жаңаруға, адамгершілік және демократиялыққа көшу жағдайларында құқықтық нигилизмді жою жолдары.

Құқықтық мәдениет: түсінігі, әрекет ету аймақтары мен нысандары. Құқықтық мәдениет қоғам мәдениеті жүйесінде. Құқықтық мәдениеттің құқықтық мемлекет қалыптастырудағы маңызы. Қазіргі заңгер әрекетіндегі құқықтық мәдениет. Лауазымды тұлғалар мен азаматтардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын көтеру – Қазақстан Республикасында демократиялы, тәуелсіз және құқықтық мемлекет қалыптастырудың негізгі шарты.

Глоссарий (терминдер): құқықтық идеология, құқықтық психология, пролетарлық құқықтық сана, корпоративтік құқықтық сана, социум, эмпирикалық сана, доктриналдық сана, құқықтық нигилизм, құқықтық инфантилизм, құқықтық идеализм, құқықтық демогогия.

СӨЖ тапсырмасы:

№1 СӨЖ: Реферат

Студенттің өзіндік жұмысының ең басты түрлерінің бірі реферат жазу. Реферат Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша жазылады және ол компьютер үлгісіндегі 3-4 беттен аспауы керек. Реферат: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырыптың жан-жақтылығын, мақсатын және талабын және тақырыпты зерттеуде қандай әдебиеттерді пайдаланғаныңызды көрсетесіз. Негізгі бөлімде реферат тақырыбын ашып: ол қысқа әрі жеке зерттеуіңізді көрсетіп, салыстырмалы анализ жасаңыз. Қорытынды бөлімде өз тұжырымдамаңызды көрсетесіз. Сондай ақ әдебиеттер тізімін көрсетесіз: 1) нормативтік құқықтық актілер; 2) негізгі әдебиеттер; 3) қосымша әдебиеттер. Реферат ауызша қорғалады, белгіленген ұпайға сәйкес бағаланады.

Рефератты бағалау критерийлері:

  1. Тақырыптың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы

  2. Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді терең оқып, дұрыс талдау жүргізіп, оны дұрыс жаза білуі

  3. Қажетті қортындылардың жасалуы

  4. Материалдардың жоспарға сайкес қисынды және рет-ретімен жазылуы

  5. Жұмыстың әдеби тілмен дұрыс жазылуы және оның дұрыс рәсімделуі

Реферат тақырыптары:.

  1. Құқықтық сананың құқықтық идеология және құқықтық психология сияқты құрылымдарының осы үрдіске қатысуы.

  2. Құқықтық сананың басқа да қоғамдық санамен өзара әрекеттенуі.

  3. Құқықтық сана құрылымы,түрлері.

  4. Құқықтық сана және құқық қолдану.

  5. Құқықтық сана және оның деформацияға ұшырауы.

№2 СӨЖ: Глоссарий Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

1 Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

2 Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

  1. Рәсімдеу сапасы

  2. Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы: «Құқықтық мәдениет» тақырыбы бойынша арнаулы терминдерді пайдалана отырып, сөзжұмбақ құрастыру.

Тақырып көлемінде лекцияда қарастырылған сұрақтар бойынша түсініксіз мәселелерді талдау

Тақырып бойынша туындайтын сұрақтарды оқып келіп оқытушымен пікір алмасу.

Үй тапсырмасы:

Дәрістің қарастырылатын сұрақтарына байланысты кесте сызасыз.

Негізгі әдебиеттер:

1. Ағдарбеков Қ. Мемлекет жғне құқық теориясы. Қарағанды, 2001.

2. Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 2006.

3. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәуекелов А.Н. Мемлекет жғне құқық теориясы. Алматы, 1999.

4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. Москва, 1996

5. Ибраева А.С., Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет жғне құқық теориясы. Алматы, 1998.

6. Коваленко А.И. Теория государства и права. Вопросы и ответы. Москва,1997.

7. Комаров С.А. Общая теория государства и права. Москва,1998.

8. Лазарев В.В. Общая теория права и государства. Москва, 1996.

9. Лазарев В.В., Липень С.В. Теория государства и права. Москва, 1998.

10. Малько А.В. Теория государства и права в вопросах и ответах. Москва, 1997.

11. Марченко М.Н. Теория государства и права. Москва,1996, 1998.

Қосымша ғдебиеттер:

10. Алтыбасарова М. Гражданская культура как условие демократической консолидации в Казахстане. Евразийское сообщество. № 1. 2000 г.

11. Аюпова З. О проблеме соотношения процессов возрождения и модернизации в правовой культуре и правовой системе. Евразийское сообщество. № 4. 2001 г.

12. Аграновская Е. В. Правовая культура и обеспечение прав личности. М.,1988.

13. Ибраева А.С. Культура и цивилизация и их значение для понимания правовой культуры. Вестник КазГУ. № 3. 2000

14. Ильин И. А. О сущности правосознания. М., 1993.

15. Кейзеров Н. М. Политическая и правовая культура. Методологические проблемы. М., 1983.

16. Кистяковский Б. А. В защиту права (Интеллигенция и правосознание) //Вехи. Интеллигенция в России. М., 1991.

17. Матузов Н. И. Правовой нигилизм и правовой идеализм как две стороны "одной медали" /Правоведение. 1994.№ 2.

18. Нарикбаев М. Правовая культура и исторические традиции- условия эффективности правовых реформ.// Право и государство. 2000. №4.

Семитко А. П. Развитие правовой культуры как правовой прогресс.

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

«Құқықтық сана және құқық қолдану актілері » тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Құқықтық сананың құқық қолданумен ара қатынастары, Құқықтық сана құқық жасау қажеттілігін анықтайтын негізгі көрсеткіштердің бірі.

«Құқықтық сананың деформацияға ұшырауы» тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Құқықтық нигилизм, Құқықтық инфантилизм, Құқықтық идеализм, Құқықтық демагогия.

Тақырыптар бойынша тест тапсырмалары, өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1. Кәдімгі құқықтық сананың басқаша атауын көрсетіңіз:

А) ғылыми;

В) доктриналды;

С) эмпирикалық;

D) грамматикалық;

Е) кәсіптік.

2. Кәсіптік құқықтық сана дегеніміз...

А) маман-заңгерлер ортасында қалыптасатын ұгымдар, түсініктер, идеялар, сенімдер;

В) құқықты жүйелі, теориялық игеруді білдіретін идеялар, тұжырымдар, көзқарастар;

С) адамдардың құқық туралы жалпы түсініктері;

D) құқық туралы жасөспірімдер мен жеткіншектердің түсініктері;

Е) құқық туралы құқықбұзушылардың түсініктері;

3. Құқықтық сананың құрылымының элементтерін көрсетіңіз:

А) құқықтық түсінік және құқықтық шынайылық;

В) құқықтық нигилизм және құқықтық идеология;

С) құқықтық информатизм және мәдениет;

D) құқықтық реттеу және құқықтық механизм;

Е) құқықтық идеология және құқықтық психология.

4. Адамдардың құқықтық шындыққа қатысты бағалаулары, сезімдері, көңіл-күйлері, эмоциялары анықтамасына сәйкес ұғымды көрсетіңіз:

А) құқықтық идеология;

В) қарапайым идеология;

С) құқықтық психология;

D) теріс қылық;

Е) құқықтық реттеу.

5. Құқықтық сана дәрежесі бойынша қалай ажыратылады?

А) жекелей, топтық;

В) жекелей, кәдімгі;

С) топтық, теориялық;

D) кәдімгі және теориялық;

Е) топтық, кәдімгі;

6. Ұйымның, ұжымның және жеке тұлғаның құқық нормаларына қайшы келмейтін қызметінің қызметінің қоғамдық пайдалы, заңдық мәнді бөлігі ұғымына сай заңдық мәнді мінез-қылықтың қандай түрі анықталып тұр?

А) құқыққа қайшы мінез-қылық;

В) әшейін бейтарап мінез-қылық;

С) құқыққа сай мінез-қылық;

D) теріс қылық;

Е) құқықбұзушылық.

7. Құқықтық сана құқық субъектілері бойынша қалай ажыратылады?

А) жекелей, топтық, ұйымдық;

В) жекелей, топтық, қоғамдық;

С) топтық, ұйымдық, жекелей;

D) логикалық, топтық, ұйымдық;

Е) топтық, логикалық, қоғамдық;

8. Құқықтық реттеушілік қабілетіне сенімсіздік білдіруге, заңдарды елемеуге негізделетін құқықтық сананың жағдайы:

А) құқықтық идеология;

В) құқықтық психология;

С) құқықтық нигилизм;

D) құқықтық мәдениет;

Е) құқықтық норма.

9. Құқықтық нигилизм дегеніміз:

А) құқықтың мүмкіндіктеріне сенбеу, заңдарды мойындамау, құқықтың әлеуметтік және жеке құндылықтарын жоққа шығару;

В) құқықтың қоғам үшін қажеттілігін негіздейтін қоғамдық-саяси ойдың бағыты;

С) мемлекеттің пайда болу теориясы;

D) құқықтың негізгі принципі;

Е) қоғамдық ұйымның нормасы.

10. Құқықтық нигилизмге тән емес белгіні көрсетіңіз:

А) құқықтың өміріндегі ролінің төмендеуі;

В) төмен құқықтық мәдениет;

С) құқықты құрметтемеу;

D) құқықты мойындамау;

Е) құқыққа сай мінез-қылық.

Лекциялық сабақтар тезистері

№10. Құқықтың түсінігі мен мәні.

№13 Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық

Қоғам реттеусіз, яғни әр түрлі саладағы адам әрекетін тәртіпке келтірусіз өмір сүре алмайды. Адам әрекеті әлеуметтік және техникалық нормалар көмегімен ретке келтіріледі. Әлеуметтік норма – адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршіліктерін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, әлеуметтік экономикалық негізде айқындалған, сана-сезім еркімен қалыптастырылған адамдардың мінез-құлық ережесі.

Әлеуметтік нормалардың белгілері:

  • реттеу пәні қоғамдық қатынастар болып табылады;

  • жалпылық сипаты болады, олар адамдардың саналы-ерікті әрекеті нәтижесінде құрылады.

  • субъективті құрамы әлеуметтік аяның өкілдері ретіндегі адамдармен байланысты;

Әлеуметтік нормалар құқықтық, адамгершілік, діни, саяси, эстетикалық, әдет-ғұрыптық, корпоративтік және т.б. болып бөлінеді.

Адамгершілік нормалары – халықтың ұлттық ұғымымен жақсылық, зұлымдық туралы қоғамда қалыптасқан әлеуметтік норманың бір түрі. Діни нормалар – әр түрлі діни сенімдермен тағайындалған және белгілі бір дінді тұтынушылар үшін міндеттілік маңызы болатын әлеуметтік нормалар. Әдет-ғұрып – қауымдағы адамдардың қарым-қатынасын реттейтін географиялық, ұлттық, экономикалық факторларға байланысты тарихи қалыптасқан, ұрпақтан ұрпаққа беріліп дәстүрге айналған, қоғамдық әсер ету шараларымен қамтамасыз етілген әлеуметтік норманың бір түрі. Корпоративтік нормалар – қоғамдық ұйымдардың жарғыларында анықталған, ұйым мүшелеріне міндетті болатын әлеуметтік нормалар.

Құқықтың пайда болуы. Құқықтың қалыптасуының негізгі себептері мен жолдары. Құқықтың пайда болуы туралы негізгі теориялар:табиғи-құқықтық, теологиялық, нормативистік, марксистік, психологиялық, социологиялық.

Құқық философия мен теория категориясы ретінде шынайы мазмұнды құрай отырып, инструменталдық роль атқарады. Құқық түсінігіне, шығу жолына, мәні мен мағынасына қатысты ғылымда сан алуан көзқарастардың болу мүмкін. Бірақ құқықты өмірде қолдануға келгенде міндетті түрде біркелкі ойдың, көзқарастың тұрғысынан табылу керек. Егер құқық әртүрлі мағынада ұғынылатын болса, онда ол өзінің құндылығын, қоғамдық қатынастарды тұрақтандыру мен ретке келтірудегі ролін жоғалтушы еді. Құқық түсінудегі анықталғандық - қоғамдық қатынастардың анықталғандығы мен тәртібінің бастауы.

Құқыққа деген әртүрлі көзқарастар қоғамды демократияландырумен ұштасады, пікір плюрализміне сәйкес келеді. Субъективті, объективті факторлармен қатар, көзқарастардың көптігіне гносеологиялық та себеп бар. Таным барысында құбылыстың бір ғана жағына еліктеу, оны жоғары санап, өзгелерін жоққа шығару мүмкіндігі бар. Міне, осыдан құқықтың әртүрлі анықтамалары туындайды. Егер бір жақты анықтама өзгелерін алмастыруды мұрат тұтпаса, жалғыз дұрыс деген атауға ұмтылмаса, онда одан келетін еш жамандық жоқ. Құқықты терең түсіну үшін, егер ол шындыққа сәйкес келетін болса, кез-келген анықтама пайдалы. Ал, практикалық қолдану үшін құқықтың тұтас түсінігі болуы қажет.

Құқық көп жақты, күрделі құбылыс. Сондықтан оған берілетін анықтамалар да сан қырлы. Құқық (жалпы әлеуметтік мағынада) тиісті мүмкіндіктердің заңда көрсетілген, көрсетілмегендігіне қарамастан адамгершілік, әдет-ғұрып тұрғысынан әрекеттің негізделуі мен еркіндік ретінде танылады. Құқықтың функционалдық анықтамасы – қазіргі кездегі экономикамен негізделген халықтың, көпшіліктің еркін білдіретін, нормативті анықталған және бұзылудан тәрбиелеу, сендіру және қажетті жағдайда мемлекеттік мәжбүр ету шараларымен қорғалатын, қоғамдық қатынастарды реттеу қызметін атқаратын, құқықтық демократиялық мемлекет қалыптастыру мақсатында қоғамдық келісім құралы болатын нормалар жүйесі ретінде көрсетеді.

Құқыққа мынандай белгілер тән:

-еріктілік сипаты болады;

-жалпыға бірдей міндеттілік күші танылған;

-нормативтілік;

-мемлекетпен қалыптастырылады және қорғалады;

-жүйелілік;

-қоғамдық қатынастарды реттеу қызметін атқарады.

«Құқық» термині екі мағынада: обьективтік және субьективтік болып қолданылады, бірақ қай қайсысының да мағынасы толық ашылмаған. Бірінші мағынасында «құқық дегеніміз өмірдің заңдық тәртібі, мемлекетпен қорғалатын барлық құқықтық ережелердің жиынтығы», ал екінші жағдайда – құқық дегеніміз «жеке тұлғаның нақты құқық өкілдігіндегі абстрактылы ереженің нақты көрініс табуы».

Құқық мәнін анықтау барысында екі түрлі көзқарасты ескеру қажет.

1.Таптық қөзқарас, онда құқық экономикалық үстем таптың заңдастырылған еркін білдіретін, мемлекетпен кепілдендірілген нормалар жүйесі ролін атқарады.

2.Жалпы әлеуметтік көзқарас бойынша құқық қоғамның әр түрлі топтарының арасындағы келістіруші ролін атқарады.

Дегенмен де, құқық түсінігі тәріздес, оның мәнінің де жан-жақты көп қырлы екендігін естен шығармауымыз қажет. Осы тұрғыдан құқықтың діни, ұлттық, нәсілдік және тағы да басқа мәні болатындығын атап өту қажет. Құқық мәнін анықтайтын нормативистік, табиғи-құқықтық, тарихи-материалистік, әлеуметтік теориялар бар.

Құқық түсінушіліктің негізгі типтеріне мыналарды жатқызады:

  • нормативистік;

  • әлеуметтік юриспруденция;

  • табиғи құқық теориясы;

  • философиялық құқықтүсінушілік.

Құқық – қоғамның мемлекеттік еркін, оның жалпыадамзаттық және таптық сипатын көрсететін жалпыға міндетті, формальды-анықталған нормалар жүйесі; мемлекетпен шығарылады немесе санкцияландырылады және бұзылудан мемлекеттік мәжбүр ету мүмкіндігімен қорғалады; қоғамдық қатынастарды өкімдік-ресми реттеуші болып табылады.(Байтин М.И.)

Құқық – көмегімен құндылық тағайындалымдар анықталынатын және бекітілетін, белгілі бір социумның өкілдерімен жалпы маңызды ретінде танылған және заңдық кепілдіктер жүйесі мен заңдық жауапкершілік шараларымен қамтамасыз етілген біртектестендірілген әрекет стандарттарының жиынтығы.(Ромашов А.И.)

Құқық – мемлекеттен бастау алатын және орындалуы онымен қамтамасыз етілетін әрекет тәртібі жүйесі. Сондықтан даулы мәселе құқықты қалай түсінуде емес, мәселе осы тәртіптің мән - мағынасын қоғамның қалай қабылдайтындығында - деп санайды Раянов Ф.М.

Экономика, саясат және құқық түсініктерінің арақатынасына тоқталмастан бұрын, олардың әрқайсысына жеке-жеке анықтама беру қажет. Экономика – нақты

қоғамның өндіріс тәсілі, өндірістік қатынастарының жиынтығы. Саясат – билікке байланысты таптардың, топтардың қатынасын сипаттайтын қоғамды басқару өнері. Құқық туралы жоғарыда баяндалды. Аталған құбылыстардың арақатынасына екі түрлі көзқарас анықталған.

Бірінші көзқарас бойынша олардың арасында басымдылығымен танылатын құбылыс жоқ, қоғам дамуындағы атқаратын ролі тең деп саналады. Себебі, қоғамдық қатынастардың пайда болуы мен қызмет етуінің алғашқы факторы ретінде адамдардың мүддесі танылады. Белгілі бір жағдайларда мүдде құқықта жүзеге асырылады да, содан кейін әлеуметтік байланыстардың өзге салаларына таралады. Бұл жағдайда құқықтың экономикаға тигізетін әсері туралы айтуға болады.

Екінші көзқарас бойынша экономика саясатты да, құқықты да анықтайды. Кейінгілер қондырмалық құбылыс болғандықтан, базиске (өндіріс тәсіліне) тәуелді болады. Дегенмен де экономиканың үстемдігі шартты, себебі саясат пен құқық экономиканың дамуына немесе кері кетуіне әсер ететіндей күшке ие. Бұнда да саясат экономика мен құқықтың дәнекері болып табылады.

Саясат пен құқықтың да арақатынасы екі түрлі. Кейбір жағдайда ықпал етуші фактор ретінде саясат үстемдігі танылса, кейде үстемдік құқыққа тиесілі болады.

Адамгершілік – адам әрекетін жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік тұрғысынан реттейтін нормалар мен қағидалар жүйесі. Адамгершілік пен құқық қоғамдық қатынастарды ретке келтіру барысында өзара әрекеттестікте болады. Олардың адам әрекетіне қоятын талаптары көбінесе ұқсас келеді. Ұқсастықтары мынада:

-әлеуметтік нормалардың ішіндегі ең әмбебап түрі, қоғамның барлық мүшелеріне таралады;

-реттеу объектілері қоғамдық қатынастар болып табылады;

-қоғамнан бастау алады.

Адамгершілік пен құқықтың өз алдына жеке құбылыстар болуына байланысты өзіндік ерекшеліктері де бар:

-шығу тегіне байланысты әртүрлі. Адамгершілік нормалары адамзат қоғамымен қатар пайда болса, құқық нормалары мемлекетпен бірге пайда болған;

-көрініс табу нысандары да әртүрлі. Адамгершілік адам санасында орын алса, құқық жазба нысандағы мемлекеттің арнаулы актілерінде көрініс табады;

-әрекет ету аймақтарына байланысты ажыратылады. Егер адамгершілік қоғамдағы барлық қатынастарды ретке келтіре алатын болса, құқық барынша маңызды бөлігін ғана қамтиды;

-қолданысқа енгізілу мерзімі де ерекше. Адамгершілік түйсікпен сараланған мезеттен бастап әрекет етсе, құқықтың заңды күшіне ену мерзімі нақты анықталады;

-қамтамасыз ету тәсілдері бөлек. Адамгершілік қоғамдық әсер ету шараларымен қамтамасыз етілетін болса, құқық нормалары мемлекеттің мәжбүр ету шараларымен қамтамасыз етіледі.

Ұлттық дәстүрлер және құқық. Еңбектік және отансүйгіштік дәстүрлер және құқық.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Гегель Г. В. Ф. Философия права. М., 1990.

  2. Кленнер Г. От права природы к природе права. М., 1988.

  3. Лвйст О. Э. Три концепции права//Советское государство и право. 1991. № 12.

  4. Радъко Т. Н., Толстик В. А. Функции права. Н. Новгород, 1995.

  5. Явич Л. С. Сущность права. Л., 1985

  6. Избасова А. Ценностный подход к правопониманию ­// Правовая реформа в Казахстане.1999.№4.

  7. Карипбаев Б. Социокультурные и когнитивные прдпосылки права// Право и государство.2001.№2.

  8. Котов А. Государство и сфера права.// Правовая реформа в Казахстане.2001.№ 3.

  9. Котов А. Действующее право: понимание и система. Прав.реф. в Казахстане. № 3. 2000

  10. Матузов Н. И. Право в системе социальных норм // Правоведение. 1996. № 2.

  11. Нұсқабаев О., Әлиев Д. Құқық социологиясы: мәні, құрылымы және қызметі// Заң. 1999. №8.

  12. Тихонравов Ю. В. Основы философии права. М., 1997.

№11. Құқықтың құрылымы және жүйесі

Құқық жүйесі түсінігі және оның «құқықтық жүйе» түсінігімен арақатынасы. Құқық жүйесін құрудың қағидалары. Құқықтық реттеу пәні мен әдісі құқықты салаларға бөлудің негізі ретінде. Құқық нормасы, құқық институты, құқық бөлімі және құқық салалары. Кешенді құқық салалары. Қазақстан Республикасы құқық салаларына сипаттама.

Құқық жүйесі және заң жүйесі. Қазақстан Республикасы заңнама жүйесі. Заңнаманың қазіргі жағдайына сипаттама беру.

Материалдық және процессуалдық құқық. Көпшілік және жеке құқық. Халықаралық және ұлттық құқық. Халықаралық құқықтың ұлттық құқықтан басымдылығы.

Қазақстан Республикасы құқықтық жүйесінің даму ерекшеліктері.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Ағдарбеков Қ. Мемлекет және құқық теориясы. Қарағанды, 2001.

  2. Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша мемлекет бөліміне арналған дәрістер жинағы. Қарағанды, 2003.

  3. Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі. Қарағанды, 2001.

  4. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәуекелов А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1999.

  5. Ибраева А.С., Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1998.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Аюпова З. Вопросы соотношения правовой системы и нац.законодательства. Прав.реф.в Казахстане. № 4. 2001 г.

  2. Альмухамбетов Ж. О проблеме общего и особенного в правовой системе Казахстана. Фемида. № 12. 2000 г.

  3. Пузанов О. Об особенностях правовой системы РК. Наука Казахстана, 2000, № 3.

  4. Тихомиров Ю.А. Публичное право. Москва, 1996.

№12. Құқық типтері және қазіргі кездегі негізгі құқықтық жүйелер.

Құқық типін анықтау қазіргі кезеңде екі түрлі нысанда жүзеге асырылады. Бірінші көзқарас бойынша құқық типі формациялық тұрғыдан анықталады. Оның басты өлшемі ретінде әлеуметтік-экономикалық белгілер алынады. Аталған көзқарас авторларының ойы бойынша базис (өндірістік қатынастардың типі) қоғам дамуының шешуші факторы болып табылады да, тиісінше қондырмалық құбылыстарды – мемлекет пен құқық типін анықтайды. Экономикалық базис типіне сай құл иеленуші, феодалдық, буржуазиялық және социалистік құқық типтері анықталған. Аталған көзқарастың ұтымды тұстарымен (құқықты әлеуметтік-экономикалық факторлардың негізінде бөлумен) қатар осал тұстары да бар. Ол құқықтың нақты тарихи, ұлттық-мәдени және арнаулы заңдық қасиеттерін ашып көрсетуге мүмкіндік бермейді.

Екінші көзқарас бойынша құқық нақты географиялық, ұлттық-тарихи, діни, арнаулы заңдық белгілеріне байланысты жіктеледі. Аталған өлшемдерге байланысты құқықтың мынандай типтері анықталған:

    1. Ұлттық құқықтық жүйелер. Ол белгілі бір мемлекеттің нақты тарихи құқығының, заңдық тәжірибенің және үстем құқықтық идеологияның жиынтығы.

    2. Құқықтық семьялар. Бұл қайнар көздердің, құқық құрылымының және оның қалыптасуының тарихи жолдары ұқсастығы негізінде ерекшеленген құқықтық жүйелердің жиынтығы. Құқықтық семьялардың мынандай түрлері танылған: жалпы құқық, романо-германдық құқық, славяндық құқық, мұсылмандық құқық, индустық құқық және тағы басқалар.

Бұл көзқарастың ұтымды жағы - онда құқықтың ұлттық-тарихи, нақты географиялық және техникалық-заңдық белгілері ажыратылған. Осал тұсы құқық табиғатындағы әлеуметтік-экономикалық факторлардың ролі толық бағаланбаған.

Қоғамның құқықтық жүйесі. Негізгі элементтері мен олардың сипаттамалары:заң ғылымы, құқықтық ұғымдар, заң техникасы. Заңды тәжірибе. Қазіргі кездегі құқықтық жүйелердің жіктелуі. Романо-германдық құқықтық жүйе, англо-саксондық құқықтық жүйе, дәстүрлі діни құқықтық жүйе.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Ағдарбеков Қ. Мемлекет және құқық теориясы. Қарағанды, 2001.

  2. Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша мемлекет бөліміне арналған дәрістер жинағы. Қарағанды, 2003.

  3. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәуекелов А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1999.

  4. Ибраева А.С., Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1998.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Аюпова З. Вопросы соотношения правовой системы и нац.законодательства. Прав.реф.в Казахстане. № 4. 2001 г.

  2. Аюпова З. Место и роль Закона РК «О нормативно-правовых актах» в формирующейся правовой системе РК. Право и государство. № 4. 2001 г.

  3. Аюпова З. Определение категории правовой системы. Мысль. № 11. 2001 г.

  4. Аюпова З.К. Правовая система – основа концепции современного демократического правового государства. Саясат, 2000, № 2-3, с.98-101

  5. Альмухамбетов Ж. О проблеме общего и особенного в правовой системе Казахстана. Фемида. № 12. 2000 г.

  6. Карбеков Б.З. К вопросу о понятии категории «правовая система». Саясат. №2. 2002 г.

  7. Пузанов О. Об особенностях правовой системы РК (Наука Казахстана, 2000, № 3)

№14. Құқық нормасы

Әлеуметтік нормалардың маңызды түрі құқықтық нормалар. Құқықтық норма бұл мемлекетпен бекітілген, мақұлданған іс-әрекет тәртібі. Құқықтық норма - заңда және басқа қайнар көздерде мемлекет құқық обьектісінің заңды тыйым салынбаған әрекетін көрсететін өлшем ретінде саналатын жалпыға міндетті іс-әрекет тәртібі. Құқық нормаларына тән сипат жүйелік,формальды-айқындылық, жалпыға міндеттілік,әрекеттің көп мәрте қайталануы, адресаттардың белгісіздігі, мемлекеттің қамтамасыз етуі, белгілі бір құқықтар берумен қатар, міндеттер жүктеу.

Гипотеза, диспозиция, санкция әрекет тәртібі ретіндегі заңдық норманың құрылымдық элементтері. Гипотеза өмірлік жағдайларға сілтейтін солардың болуы арқасында оның диспозициясы жүзеге асатын заңдық норманың элементі.

Гипотезаның көмегімен анықталған, абстрактілі әрекет варианты нақты өмірлік жағдайларға, субьектілерге, уақытқа жеке бекітіледі. Диспозиция - құқықтық қатынастың қатысушылары орындауға тиісті әрекет тәртібіне сілтейтін заңдық норманың элементі.

Диспозиция заңдық норманың тұп тамыры - әрекет тәртібі. Диспозиция әрқашан да қүқықтық әрекеттің моделі. Осыған байланысты қылмыстық құқықтың кейде жалпы теоретикалық әдебиеттерінде гипотезаны диспозиция деп те атайды.

Заңдық норманың санкциясы оны логикалық аяқтайтын құрылымдық элементі. Құқықтық нормадағы санкцияның мазмұны заң әдебиетінде құқық бұзушы үшін пайда болатын мемлекеттік күштеу шаралары, жаза арқылы беріледі. Әрі осындай түсініктің шеңберінде санкцияның ұғымының әр түрлі бейнесі көрсетіледі.Санкция жинақтық түсінік:

а) онда ретроспективтік жауапкершілік шаралары;

б) ескертпелік әсер ету шаралары;

в) қорғау шаралары;

г) субьектінің әрекетінің нәтижесінде пайда болған жағымсыз салдар жинақталады. Олардың мәндік және біріктірушілік ерекшеліктерін жағымсыз салдарға көрсетеді (материалдық, ұйымдастырушылық немесе жеке сипаттағы айырулар), бұлар нормада тағайындалған әрекет тәртібін бұзған немесе оларды орындаудан қашатын субьектілерге қатысты пайда болады. Санкцияның түрлері: абсолютті айқын, біршама айқын және балама санкциялар.

Құқық нормаларының тағайындалуы мен реттеу мүмкіндігі туралы толық түсінік нормаларды әртүрлі негізде жіктеуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты құқық нормалары мынадай түрлерге бөлінеді:

1. реттеуші;

2. қорғаушы.

Әрбір норма адамның еркіне, санасына ықпал етеді, оның іс-әрекетін реттейді. Сондықтан реттеуші нормалар құқық тағайындаушы, онда қоғамдық қатынастарға қатысушыларға берілетін құқықтар мен міндеттерді жүктейтін нұсқаулар бар. Осыған байланысты олардың әрекеті тікелей реттеледі.

Қорғаушы нормалар құқықтық жауапкершілікті және басқа субъективті құқықтарды қорғайтын күштеу шараларын белгілейді. Бұл жерде адамдардың әрекетін реттеу жанама түрде асырылады. Құқық нормаларын қолданудың теориясы мен тәжірибесі үшін құқық нормалары мен олардың элементтерінің келесі жіктелуі неғұрлым маңызды .

а)реттеу пәніне байланысты;

б)қолдану аймағына байланысты;

в)бағыныштылығына байланысты;

г)құқық субьектілерінің әрекетіне әсер ету әдістеріне;

д)нұсқау үлгілеріне байланысты;

е)әрекет етуінің шегіне байланысты;

ж)құрылуына байланысты.

Құқық нормалары құқықтық реттеу пәніне байланысты конституциялық, азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, экологиялық және т.б. болып бөлінеді.

Қолдану аймағына байланысты нормалар жалпы, арнаулы және төтенше болып бөлінеді. Құқық нормалары нормада қалыптасқан тәртіпке байланысты міндеттеуші, өкілдік беруші, тыйым салушы және көтермелеуші нормалар деп бөлінеді. Құқық нормалары заң нормалары және заңға бағынышты акт нормалары деп бөлінеді. Нұсқау үлгілеріне байланысты құқықтық нормалар императивті, ұсынымдық, диспозитивтік болуы мүмкін..

Әрекет ету шегіне байланысты нормалар кеңістіктегі әрекетке байланысты жалпы және жергілікті, уақыт аралығындағы әрекетіне байланысты мерзімді және мерзімсіз, субьектілеріне байланысты жалпы, арнаулы, төтенше деп бөлінеді. Құқық нормаларының құрылысы бойынша реттеуші, дефинитивті, декларативті, өзге де нормалардың әрекетін реттейтін нормалар деп бөлуге болады.

Құқық нормасы мен нормативті-құқықтық акт бабы бір-біріне дәлме-дәл сәйкес келетін құбылыстар емес. Құқық нормасы гипотеза, диспозиция мен санкциядан тұратын әрекет тәртібі. Заң актісінің бабы мемлекеттік еріктің көрініс табу нысаны, құқық нормасының жүзеге асырылу құралы. Құқық нормасы мазмұнды құраса, заң бабы оның нысаны болып табылады.

Құқық нормасы мен нормативті акт бабының арақатынасы төмендегідей түрде болуы мүмкін:

  • әрекет тәртібін мазмұндай отырып, заң шығарушы құқық нормасының барлық үш элементін нормативті актінің бір бабына енгізуі мүмкін. Яғни, бір заң бабында бір құқық нормасы беріледі;

  • нормативті актінің бір бабына бірнеше құқық нормасын енгізуі де мүмкін;

  • құқық нормасының элементтерін сол нормативті актінің бірнеше баптарында беруі мүмкін;

  • құқық нормасының элементтерін бірнеше нормативті актінің бірнеше баптарында беруі мүмкін.

Мазмұндалу тәсілдеріне байланысты құқық нормасы мен заң бабының үш түрлі арақатынасы танылған:

    1. тікелей жазылу тәсілі; онда құқық нормасы нормативті акт бабында тікелей және нақты мазмұндалады;

    2. сілтемелі жазылу тәсілі; бұнда құқық нормасының белгілі бір бөлігі осы нормативті актінің басқа бабына сілтейді;

    3. бланкеттік жазылу тәсілі; онда норманың белгілі бір бөлігі өзге нормативті актіге немесе актілерге сілтенеді.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Деготь В. А. Классификация норм советского социалистического права по их структуре. Саратов, 1989.

  2. Искаков А. Административно-правовые нормы и их особенности //Известия Министерства образования и науки РК, Национальной Академии наук РК. 1999. №4

  3. Кулапов В. Л. Рекомендательные нормы советского права. Саратов, 1987.

  4. Рыбушкин Н. Н. Запрещающие нормы в советском праве. Казань, 1990.

  5. Чернобель Г. Т. Структура норм права и механизм их действия //Правоведение. 1983. № 6.

  6. Чернобель Г. Т. Формализация норм права //Советское государство и право. 1979. № 4.

  7. Эффективность правовых норм. М., 1980

  8. Черняков А. Системный анализ: правовые нормы и действующее законодательство.// Правовая Казахстане.1999.№4.

№15. Құқық нысандары (қайнар көздері)

Құқық теориясында осы мәселеге қатысты дау әлі де болса дамылдамай отыр. Даудың басы кейбір ғалымдардың нормативті актілер, әдет-ғұрыптар мен прецеденттерді құқық нысаны деп тануы мен екіншілерінің аталған құбылыстарды құқықтың қайнар көзіне жатқызуында десек жаңылмаймыз. Құбылысқа әртүрлі анықтама беру оның мәнінің сан қырлылығын білдіреді дей отырып, аталған екі көзқарасты да қолдауға болатындығын ескеру керек. Аталған қос түсінікті де қолдануға болады, дегенмен де алдымен олардың әрқайсысының жеке мазмұнын анықтау маңызды.

Құқық түп нұсқасы ретінде құқықтың пайда болуы мен әрекет етуін мүмкін ететін факторларды айтады. Бұндай факторларға мемлекеттің құқықшығармашылық әрекеті, халық еркі және қоғам өмірінің материалдық жағдайлары жатқызылады. Құқық қайнар көзі құқықты тану барысында да қолданылатын термин. Бұл жағдайда оның мазмұнын құқықтың тарихи ескерткіштері (Ману заңдары, Орыс правдасы, Жеті Жарғы), археология мәліметтері, қолданыстағы құқық актілері, заңдық тәжірибе, келісім-шарттар, құқықтанушылардың еңбектері құрайды. Құқық қайнар көзінің бұдан да тар ауқымда қолданылатын түсінігі бар. Ол тәжірибеде нақты істі шешу барысында қолданылатын құжат. Бұнда мемлекеттік еріктің сомдалуын білдіретін құқықтың сыртқы нысаны көрініс табады.

Құқық нысаны – жалпыға бірдей міндетті, заңды маңызы бар, қоғамда орын алған құқық нормаларын ұйымдастыру тәсілі. Құқық нысаны мынандай ерешеліктерімен айшықталады:

  • азаматтардың нормативті бекітілген еркін бейнелейді, әлеуметтік-экономикалық базиспен негізделеді;

  • халықтың саяси билігін бекітеді және қамтамасыз етеді, оның мүддесіне қызмет етеді;

Құқық нысанының негізгі 4 түрі танылған: прецедент, әлет-ғұрыптық құқық, нормативті акт, нормативті келісім.

Прецедент - құзіретті мемлекеттік органның белгілі бір мәселе бойынша қабылдаған шешімінің осыған ұқсас өзге істерді қарағанда міндетті түрде қолданылуы. Прецедент әкімшілік және сот прецеденттері болып екі топқа бөлінеді. Англо-саксондық құқық жүйесінде қолданылады.

Әдет-ғұрып құқығы тарихи қалыптасқан ұрпақтан-ұрпаққа берілетін әдет-ғұрып, салт-дәстүр нормаларына мемлекеттік мәжбүр ету күші тағайындалатын құқық нысанының бір түрі. Қазіргі кезеңде көбінесе діни-ғұрыптық құқықтық жүйелерде (мұсылман құқығы, иудаистік және индустық құқықтарда) танылған. Қазіргі Қазақстанда дүниежүзілік нарықтық экономиканың талаптарына сәйкес азаматтық және банк құқығы салаларында істік айналым әдет-ғұрыптары қолданысқа енуде.

Нормативті құқықтық акт – құқық нормаларын бекітуге, өзгертуге немесе жоюға бағытталған, айқындалған тәртіпте қабылданатын мемлекеттік органның актісі. Үлкен екі топқа жіктеледі: заңдар және заңға бағынышты актілер.

Заң - мемлекеттің жоғарғы өкілді органы немесе тікелей халықтық дауыс беру (референдум) арқылы қабылданған, қоғамдық өмірдің маңызды мәселелерін реттейтін және жоғарғы заңдық күші болатын нормативті құқықтық акт. Оның белгілері.

  • заң шығару билігі органдарымен немесе тікелей халықтың дауыс беруімен қабылданады;

  • дайындау және қабылдау тәртібі Конституция мен парламент регламентімен анықталады;

  • халықтың еркі мен мүддесін көздеуі қажет;

  • барынша маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді;

  • жоғарғы заңдық күші болады.

Ол мынадан көрінеді: 1)өзге құқықтық актілердің барлығы заңнан бастау алуға және оған қарсы келмеуге тиісті, егер белгілі бір қайшылықтар болатын болса, заң үстемдігі танылады; 2)заңдар оны қабылдаған органнан басқа ешкімнің бекітуін қажет етпейді; 3)заңды қабылдаған органнан басқа ешкім оны қайтарып алуға немесе өзгертуге хақысыз.

Заңның өзі заңдық күшіне байланысты бөлінеді: конституциялық заңдар, заңдар. Конституциялық заңдар қоғамдық және мемлекеттік құрылымның аса маңызды мәселелерін реттейді және парламенттің басым көпшілік (депутаттардың 2/3 бөлігінің) даусымен қабылданады.

Заңға бағынышты акт дегеніміз заң негізінде және заңға сүйене отырып қабылданатын, қоғамдық қатынастардың заңмен реттелмеген бөлігін қамтитын, міндеттілік күш болатын нормативті-құқықтық актінің бір түрі. Оның түрлері:

  • Президенттің жарлықтары мен өкімдері;

  • Үкіметтің қаулысы, Премьер-Министрдің өкімі;

  • Министрліктер, ведомстволар мен мемлекеттік комитеттердің нормативті бұйрық, нұсқау, ережелері;

  • Мемлекеттік биліктің жергілікті органдарының қаулылары мен шешімдері;

  • жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешім, өкім, қаулылары.

Нормативті келісім – субъектілердің өзара мүддесін есепке алуды мүмкін ететін құқықтық қатынастар жүйесін жасайтын, әрі азаматтық қоғамның дұрыс өмір сүруін қамтамасыз ететін, оның субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайтын құқық нысаны. Нормативті келісім - құқықшығармашылық субъектілерінің жаңа құқық нормасын қалыптастыратын келісімі. Нормативті актілермен қатар қолданылуы мүмкін.

Нормативті актілер әрекеті кеңістік, уақыт және адамдар арасында таралады. Нормативті актілердің кеңістіктегі әрекеті территория ұғымымен анықталады. Нормативті актінің қабылдаған органның құзіреті қандай аумақта міндетті болса, актілер сол аумақта орындалады. Қазақстан Республикасының аумағына оның құрғақтағы аумағы, ішкі және территориялық сулар, әуе кеңістігі, жер қойнауы жатады. Сондай-ақ, шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктердің аумағы, ашық теңіздегі сауда кемелері мен әскери кеме, әуе кемесінің іші мемлекет аумағы ұғымына кіреді. Сондықтан, аталған жерлерде Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге заңға бағынышты актілерінің юрисдикциясы жүреді.

Нормативті актілердің уақыт аралығындағы әрекеті оның заңдық күшіне енуі және заңдық күшінен айырылуы түсініктерімен беріледі. Заңның уақыт аралығындағы әрекеті үш түрлі қағидаға сәйкес жүреді.

1.Заңның тікелей әрекеті. Қазақстан Республикасының заңдары қабылдағаннан кейін заңмен немесе Парламент палаталарының қаулыларымен өзге тәртіп анықталмаса, 10 күн мерзім ішінде заңдық күшіне енеді де содан кейін пайда болған қоғамдық қатынастарды реттейді.

2.Заңның кері күші. Заңның кері әрекеті немесе кері күші деп заңның заңдық күшіне енгеннен кейін де, соған дейін де пайда болған қоғамдық қатынастарды реттеуін айтамыз. Жалпы қағида бойынша заңның кері күшін қолдануға болмайды. Заңға кері күш беру екі түрлі жағдайда мүмкін деп саналады. Біріншісі, егер заңның өзінде кері күші болу мүмкіндігі туралы тікелей айтылатын болса, екіншіден, егер заң қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін немесе тіпті жоятын болса заңның кері күші танылады.

3.Заңның мерзімінен аса әрекет етуі. Кейбір жағдайларда заңдық күші жойылған заң актілері жаңа заң қабылданғанға дейін толықтай немесе белгілі бір бөлігінде қолданылуы мүмкін. Ол көбінесе азаматтық-құқықтық қатынастар аймағында қолданылады. Бірақ жалпы тәртіп бойынша бұндай заң әрекетіне де жол беруге болмайды.

Сонымен, нормативті актілер мынандай жағдайларда заңдық күшінен айырылады:

-актінің әрекет ету мерзімі аяқталғанда;

-бұрынғы әрекет еткен актінің орнына жаңа акт қабылданғанда;

-нақты органның актінің күшін жою туралы шешімі шыққанда.

Нормативті құқықтық актінің адамдар арасындағы әрекеті жоғарыда айтылған мәселелермен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының заңдары оның аумағындағы барлық мемлекеттік органдарға, кәсіпорын, мекеме, ұйымдарға, ҚР азаматтарына, осы аумақта тұрақты немесе уақытша тұратын шет ел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға міндетті. Дегенмен де аталған қағидадан ауытқу кездеседі. Арнаулы актілерге байланысты мемлекет басшыларының экстерриториялық құқығы болады. Олар қай мемлекеттің аумағында болса да, тек өз елдерінің заңдарына бағынады. Депутаттардың, дипломатиялық өкілдіктердің арнаулы қызметкерлерінің иммунитеті танылған. Сондай-ақ, шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың саяси құқықтары шектелген.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Алимжан К. Вопросы теории обычного права. Алматы, 2003.

  2. Ахметова Н.С. ХҮІІІ-ХІХ ғас. Қазақтардың әдет-ғұрып заңдары. Қарағанды. 1997.

  3. Баймаханов М.Т. О некоторых формах воздействия Конституции на развитие и функционирование текущего законодательства. ПиГ. № 1. 2001

  4. Богдановская И. Ю. Прецедентное право. М., 1993.

  5. Зивс С. Л. Источники права. М., 1981.

  6. Кросс Р. Прецедент в английском праве. М., 1978.

  7. Конституция. Закон. Подзаконный акт. М., 1994.

  8. Куандыков М. Судебный прецедент как фактор устойчивого развития государства.// Вестник КазГУ. 2000. №2.

  9. Куандыков М. К вопросу о понятии источников права //Вестник КазГУ.2001.№2.

  10. Марченко М.Н. Проблемы правопонимания в связи с исследованием источников права.Вестник МГУ.2002. №3.

  11. Сюкияйнен Л. Р. Мусульманское право. М., 1986.

  12. Тихомиров Ю. А. Теория закона. М., 1982.

  13. Тлембаева Ж. Роль конституционного закона в правовой системе Казахстана.//Право и государство. 2000. №1-2.

  14. Черняков А. Вопросы воплощения идеи права в Конституции РК. Прав.реф.в Казахстане. № 3. 2000 г.

  15. Шахаманов С. О практике государственной регистрации нормативных-правовых актов. Прав.реф.в Казахстане. № 3.2001 г.

№17. Құқықтық қатынастар

Құқықтық қатынас - қатысушылардың субъективті құқықтары мен заңды міндеттері болатын, құқық нормалары мен заңда көрсетілген фактілерге сәйкес туындайтын, ерік-ықтиярды білдіретін қоғамдық қатынастар.

Құқық нормасы құқықтық реттеудің статистикалық жағдайын білдіретін болса, құқықтық қатынас оның динамикалық, яғни қозғалыстағы жағдайын көрсетеді. Құқықтық қатынас абстрактілі құқықтық нормаларды жекеленген байланыстар, яғни белгілі бір субъектілер үшін субъективті құқықтар мен заңды міндеттер деңгейіне аударуға мүмкіндік береді.

Құқықтық қатынастардың белгілері:

  • әлеуметтік субъектілер арасындағы екі жақты нақты байланысты көрсететін қоғамдық қатынас;

  • құқық нормасы негізінде пайда болады (құқық нормасының жалпы талаптары нақты субъектіге және оның жағдайына байланысты дербестенеді);

  • адамдар арасындағы субъективті құқықтар мен заңды міндеттер көмегімен жүзеге асырылатын байланыс;

  • ерікті қатынастар болып табылады, себебі оның пайда болуына қатысушылардың ең болмаса біреуінің еркі қажет;

  • қатынас белгілі бір объектінің, құндылықтың төңірегінде жүргізіледі;

  • мемлекеттің мәжбүр ету күшімен қорғалатын және қамтамасыз етілетін қатынас.

Құқықтық қатынас күрделі құрамға ие. Оның құрамының элементтері қатарына мыналар жатады:

  • субъект;

  • объект;

  • субъективті құқық және заңды міндет (заңдық мазмұн).

Қоғамдық қатынастар құқықтық қатынастың материалдық мазмұнын құрайтын болса, субъективті құқықтар мен заңды міндеттер оның заңды мазмұнын білдіреді. Құқықтар мен міндеттер арқылы құқықтық қатынасқа қатысушылардың заңды байланысы жүзеге асырылады.

Субъективті құқық – субъектіге жеке мүддесін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін заңды мүмкін болатын әрекет мөлшері. Оның негізгі ролі, маңызы субъектіге өз мүддесін қанағаттандыруға, белгілі бір құндылықтарға қол жеткізуге мүмкіндік беру болып табылады. Субъективті құқықтың құрылымы:

  • өкілді жанның белгілі бір әрекетке мүмкіндігі;

  • міндетті жаннан әрекеттің белгілі бір түрін талап ету мүмкіндігі;

  • құқығын қорғау үшін құзіретті мемлекеттік органға қайырылу мүмкіндігі;

  • белгілі бір әлеуметтік құндылықты пайдалану мүмкіндігі.

Заңды міндет дегеніміз өкілді жанның мүддесін қанағаттандыру үшін тағайындалған заңды қажетті әрекет өлшемі. Міндеттілік субъективті құқықты жүзеге асыру кепілі. Заңды міндеттілік құрылымына мыналар кіреді:

  • белгілі бір әрекеттерді жасау немесе олардан бас тарту міндеті;

  • өкілді жанның талаптарына бет бұру қажеттілігі;

  • аталған талаптарды орындамаған жағдайда заңды жауапкершілік тарту қажеттілігі;

  • контрагентке құндылықтарды пайдалану құқығына кедергі келтірмеу.

Субъективті құқық пен заңды міндеттер арасындағы айырмашылықтар:

  1. егер субъективті құқық өз мүддесін қанағаттандыруға бағытталса, заңды міндет өзгенің мүддесін қанағаттандыруға бағытталған;

  2. субъективті құқық мүмкін болатын әрекет мөлшері болса, заңды міндет тиісті әрекет мөлшерін көрсетеді.

Құқықтық қатынас субъектілері құқықтарға және айқындалған міндеттерге ие болатын құқықтық қатынасқа қатысушылар. Құқықтық қатынас субъектілері өзінің құқық, әрекет қабілеттілігін пайдаланған құқық субъектісі. Құқық субъектісі деп заңдық нормалар негізінде жеке құқықтық қатынастарға түсетін, жеке құқықтар мен заңды міндеттерге ие болатын жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларды айтамыз. Құқықтық қатынас субъектілері екі топқа жіктеледі: жеке және ұжымдық. Жеке субъектілерге мыналар жатады:

  • азаматтар;

  • екі азаматтылығы бар адамдар;

  • азаматтығы жоқ адамдар;

  • шет ел азаматтары.

Ұжымдық субъектілерге мыналар жатады:

  • мемлекет;

  • мемлекеттік ұйымдар;

  • мемлекеттік емес ұйымдар.

Жеке құқықтық қатынастар аймағындағы ұжымдық субъектілер заңды тұлға белгісіне ие. Заңды ұйым - меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.

Құқықтық қатынас субъектілері мәселесін көтергенде құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік туралы ерекше тоқталу қажет. Құқық қабілеттілік – азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті. Құқық қабілеттілік адамға тумысынан беріледі, өлгенде жойылады. Кейбір жағдайда анасының құрсағындағы тіршілік белгісін берген балалардың да құқыққа қабілеттілігі танылады. Мысалы, мұрагерлік құқықта.

Әрекет қабілеттілік құқық субъектілерінің өз әрекетімен құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі. Әрекет қабілеттілік субъектінің психикалық және жастық қасиеттеріне байланысты. Қазақстан Республикасында толық әрекет қабілеттілік 18 жастан бастап танылады. Әрекет қабілеттіліктің бірнеше түрі кездеседі:

-толық әрекет қабілеттілік (18 жастан басталады);

-жартылай әрекет қабілеттілік (14 пен 18 жас аралығында);

-шектелген әрекет қабілеттілік (ішімдікке немесе нашақорлыққа салынуына байланысты өзін немесе отбасын ауыр материалдық жағдайға әкелетін болса, жақын туыстарының өтінішімен немесе прокурордың талабымен 18 асқан азамат сот арқылы әрекет қабілеттілігі шектеледі);

-әрекет қабілеттілігінің болмауы. Жүйке ауруларымен ауруына байланысты кәмелетке толған субъект өз әрекетіне жауап бере алмайтын жағдайда болса, сот органының шешімімен әрекет қабілетсіз деп танылады.

Қазіргі кезде азаматтық құқықта 16 толған жасөспірімдер еңбек шарты бойынша еңбек ететін болса немесе ата-анасының немесе қамқоршыларының келісімімен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын болса, толық әрекет қабілетті деп сот арқылы тануға рұқсат етіледі.

Құқық субъектілік – мемлекетпен танылған құқық, құқықтық қатынас субъектісі болу қабілеті (құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттіліктің бірлігі). Ұжымдық субъектілер құқықсубъектілікке ие болады.

Құқықтық қатынастың объектісі деп құқықтық қатынасқа түсуші субъектінің жеке құқықтары мен заңды міндеттерін жүзеге асыру арқылы өз қажеттіліктерін (рухани, мүліктік, әлеуметтік игіліктер) мүдделерін қанағаттандыруын айтамыз.

Құқықтық қатынастың пәні деп материалдық немесе рухани құндылықтарды, сондай-ақ құқықтық қатынастың пайда болуына себеп болатын адам әрекетін айтамыз.

Объектіні түсінудің екі түрлі жағы танылған:

  • құқықтық қатынастың объектісі болып тек адам әрекеті танылады;

  • құқықтық қатынастың объектілері сан қырлы.

Олардың қатарына:

  1. материалдық құндылықтар (мүлік, зат, құндылықтар);

  2. материалдық емес құндылықтар (адам өмірі, денсаулығы, намысы, ар-ұяты);

  3. рухани шығармашылық туындылары (әдебиет, өнер, музыка, ғылым, т.б.);

  4. құқықтық қатынасқа қатысушылардың әрекетінің нәтижесі;

  5. бағалы қағаздар мен құжаттар жатқызылады.

Құқықтық қатынастар әр түрлі негіздер бойынша топтастырылады. Құқықтық реттеу пәніне байланысты құқықтық қатынастар конституциялық құқықтық қатынастар, азаматтық құқықтық қатынастар, қылмыстық құқықтық қатынастар, экологиялық құқықтық қатынастар, әкімшілік құқықтық қатынастар, еңбектік құқықтық қатынастар және т.б. болып бөлінеді.

Сипатына байланысты материалдық және процессуалдық болып бөлінеді. Функционалдық роліне байланысты реттеуші (құқық нормасы немесе шарт негізінде пайда болады) және қорғаушы (мемлекеттік мәжбүр ету мен заңды жауапкершілікті жүзеге асырумен байланысты) болып екіге бөлінеді.

Заңды міндеттерінің табиғатына байланысты құқықтық қатынастар белсенді және бәсең болып жіктеледі.

Қатысушыларының құрамына байланысты құқықтық қатынастар қарапайым және күрделі болып ажыратылады. Қарапайым құқықтық қатынас екі субъектінің арасында жүзеге асады. Мысалы, сатып алу - сату шарты. Ал күрделі құқықтық қатынастар бірнеше субъектінің арасында жүзеге асады. Мысалы, қылмыстық жазаны өтеу.

Құқықтық қатынастар әрекет ету мерзіміне байланысты қысқа мерзімді (айырбас) және ұзақ мерзімді (азаматтық) болып бөлінеді.

Жақтардың анықталу дәрежесіне байланысты салыстырмалы, абсолютті және жалпы құқықтық қатынастар болып айырылады.

Салыстырмалы құқықтық қатынас деп екі тарап та дербес және нақты анықталған және бір-біріне қатысты құқықтар мен міндеттердің иесі болып табылатын құқықтық қатынастың бір түрін айтамыз. Абсолютті құқықтық қатынас деп субъективті құқық иесі ғана нақты анықталған, өзге субъектілердің барлығына оның субъективті құқығын бұзбау міндеті жүктелген құқықтық қатынастың түрін айтамыз.

Жалпы құқықтық қатынастар жеке тұлға мен мемлекет арасындағы құқықтық қатынасты туындататын заңдардан бастау алатын қатынастың бір түрі. Нақты құқықтық қатынастар нақты заңдық фактінің негізіндн пайда болатын жеке тұлғалардың өзара немесе белгілі бір ұйыммен, мекемемен қарым қатынасын реттейтін құқықтық қатынастың бір түрі.

Заңды факт деп құқық нормасы құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін немесе тоқтатылуын байланыстыратын өмірлік нақты мән-жайларды айтамыз. Заңды фактілер құқықтық қатынастардың алғы шарты болып табылады. Олардың моделі заңдық норманың гипотезасында тіркеледі. Заңды фактілерді де әр түрлі негізде жіктеуге болады.

Туындайтын нәтижелерінің сипатына байланысты:

  • құқық қалыптастырушы;

  • құқық өзгертуші;

  • құқықты тоқтатушы болып бөлінеді.

Құқықтық қатынасқа қатысушылардың еркіне байланысты:

  • оқиға;

  • әрекет болып бөлінеді.

Оқиға құқықтық қатынастың пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына әсер ететін, адамдардың еркінен тыс өтетін заңдық факт. Оған баланың туылуы, төтенше оқиғалар т.б. жатады.

Әрекет құқықтық қатынасқа түсуші субъектінің еркіне байланысты болады да екіге бөлінеді: құқықтық және құқыққа қарсы. Құқықтық әрекеттің өзі екіге бөлінеді: заңдық актілер және заңдық әрекет. Заңдық акт белгілі бір заңдық нәтижелерге жетуге бағытталған әрекет. Заңдық әрекет жанның ой-пиғылынан тыс заңдық нәтижелердің пайда болуына әкелетін әрекеттер.

Құқыққа қарсы әрекеттер қылмыстық, азаматтық, әкімшілік, тәртіпшілік болады.

Кейде құқықтық қатынастың пайда болуына, өзгеруіне немесе жойылуына бір факті аздық етеді , бұндайда заңдық құрам әрекет етеді.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Ашимов А. Организация - юридическое лицо.// Право и государство. 2000. №3.

  2. Варламова В. И. Правоотношения: философский и юридический подходы //Правоведение. 1991. № 4.

  3. Грецов Ю. И. Проблемы теории правового отношения. Л.,1981.

  4. Дудин А. П. Объект правоотношения. Саратов, 1980.

  5. Дудин А. П. Диалектика правоотношения. Саратов, 1983.

  6. Исаков В. Б. Юридические факты в советском праве. М., 1984.

  7. Кропачев Н. М., Прохоров В. С. О понятии правовых отношений//Правоведение. 1985. № 3.

  8. Протасов В. Н. Правоотношение как система. М., 1991.

  9. Раимбеков Е. Понятие правовых отношений и их виды. // Фемида. 2001. №10.

№18. Құқықшығармашылық және заңнама жүйесі

Әрбір мемлекет қоғамдық қатынастарда құқық нормасында реттелетін, қамтамасыз етілетін, қорғалатын және сақталатын заңдылық және құқықшығармашылық көмегі арқылы анықталған тәртіп орнатады. Құқықтық аймақтағы шығармашылық – мемлекеттік еріктің заңға айналуын білдіретін мемлекеттік әрекет, құқық қалыптастыру үрдісінің соңғы, қорытындылаушы кезеңі.

Сонымен, құқықшығармашылық деп заңды актілерді жасау, жарыққа шығару не болмаса олардың заңды күшін жою, олардың алға қарай тиімділігін дамытуға бағытталған құқық қалыптастыру процессінің соңғы сатысы ретінде қоғамдағы объективті жағдаймен айқындалған мемлекет органдарының арнаулы қызметін айтамыз.

Оның белгілер:

  • белсенді, шығармашылық, мемлекеттік әрекет болып табылады;

  • нәтижесінде басым түрде нормативті-құқықтық актілерде орын алатын заңдық нормалар қалыптастырылады;

  • қоғамды басқарудың маңызды құралы;

  • құқық шығармашылық деңгейі мен мәдениеті қоғамдағы демократия мен өркениеттіліктің бейнесі болып табылады.

Құқықшығармашылыққа мынандай қағидалар тән:

  • ғылымилық (нормативті актілерді дайындау барысында әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайларды зерттеу қажет);

  • кәсібилік (арнаулы мамандар айналысуы керек);

  • заңдылық (заңға сәйкес және заң негізінде орындалуы);

  • демократизм (азаматтардың қатысу дәрежесін көрсетеді);

  • жариялылық (қоғамның мәліметтік хабарлылығын көрсетеді).

Құқықшығармашылық күрделі әрекет болғандықтан біртектес болуы мүмкін емес. Сондықтан ол әр түрлі негіздер бойынша жіктеледі. Субъектілерінің сипатына байланысты былай бөлінеді:

  1. Халықтың тікелей құқықшығармашылығы. Мемлекеттік және қоғамдық өмірдің маңызды мәселелері бойынша тікелей халықтық дауыс беру (референдум) жолымен заңдар қабылданады. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы тікелей халық еркімен қабылданған акт.

  2. Мемлекеттік органдардың құқық шығармашылығы. Қазақстан Республикасында нормативті құқықтық актілерді қабылдау құқығына Қазақстан Республикасының Парламенті, Президенті, Үкіметі және өзге де мемлекеттік органдар ие.

  3. Қоғамдық ұйымдардың құқықшығармашылығы немесе санкцияланған құқықшығармашылық. Мемлекет белгілі бір жағдайларда қоғамдық ұйымдардың актілерін немесе әдет-ғұрып нормаларын мемлекеттің рұқсат беру күшімен заңдастыруы мүмкін.

Құқықшығармашылық маңыздылығына байланысты заң шығару және заңға бағынышты актілерді шығару деп екі үлкен топқа жіктеледі. Заң қабылдау құқығына мемлекеттегі ең жоғарғы өкілді орган құзіретті болады және оның актілерінің жоғарғы заңдық күші танылады.

Заңға бағынышты нормативті актілерді қабылдау Президентке, үкіметке, министрліктер мен ведомстволарға, мемлекеттік комитеттерге, мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, кәсіпорын, мекеме, ұйым басшыларына берілетін құқық.

Құқықшығармашылық процесі кезектілікпен жүргізілетін ұйымдастырушылық әрекеттердің жиынтығы, нормативті актілерді жасау және оның нұсқауларын адресаттарға жеткізу технологиясы. Заңшығармашылықтың бірінші кезеңі заң жобасын дайындау болып табылады.

Заңдық бастамашылық дегеніміз конституцияда анықталған, соған өкілеттілігі бір белгілі бір субъектілердің заң жобасын дайындап, оны заң шығарушы органға енгізуі және оның заң жобасы бойынша шешім қабылдау міндеттілігі. Қазақстан Республикасында заңдық бастамашылық құқығы ҚР Үкіметі мен Парламент депутаттарының тобына берілген.

Екінші саты заң жобасын талдау деп аталады. Ол парламенттің төменгі палатасында – Мәжілісте заң жобасын ұсынған субъектінің баяндамасын тыңдаумен басталады. Аса маңызды заң жобалары бүкілхалықтық талдауға түседі. Заң жобасын талдау бап бойынша немесе толықтай түрде жүзеге асырылады.

Үшінші саты заңды қабылдау сатысы. Заң алдымен Мәжілісте, соңынан Сенатта қабылданады. Заң қабылдаудың екі түрлі тәртібі бар: заңдар көпшілік даусымен, яғни депутаттардың 50% + 1 дауыс жолымен немесе конституциялық заңдар басым көпшілік даусымен, депутаттардың үштен екі бөлігінің даусымен қабылданады. Парламент палаталарымен қабылданған заң актілері Президенттің қол қоюына жіберіледі. Қол қойылған заңдар іске асырылады.

Төртінші саты заң актілерінің жарық көруі және заңды күшіне ену сатысы деп аталады. Жарияланбаған заңдар қолданылмайды. Қазақстан Республикасында ресми жариялану органдары ретінде Парламент жаршысы, Президент пен үкімет актілерінің жинағы, Егеменді Қазақстан танылған. Заңдардың заңды күшіне енуінің арнаулы тәртібі бар. Ол «Нормативті-құқықтық актілер туралы» заңда көрсетілген.

Нормативті актілерді жүйелендіру түсінігі. Жүйелендірудің қажеттілігі мен мақсаты. Жүйелендірудің аспектілері: а) нормативті актілерді сырттай жүйелендіру; ә) нормативті актілерді іштей жүйелендіру.

Нормативті-құқықтық актілерді жүйелендіру түрлері. Кодификация түсінігі және оның заңдарды жүйлендірудегі ролі.

Инкорпорация және оның түрлері. Нормативті актілердің хронологиялық және жүйелік жинағы. Бас инкорпорация. Ресми және биресми инкорпорация. Заңдардың консолидациясы түсінігі.

Заңдық техника және оның құқықшығармашылық, құқыққолдану және заңдарды жүйелендірудегі маңызы. Құқықтық актілердің тілі.

Нормативті-құқықтық актілер:

  1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы, 2000.

  2. Қазақстан Республикасының конституциялық заңы «Республикалық референдім туралы» 25 наурыз 1995 ж. / Егемен Қазақстан, 30.05.1995.

  3. Қазақстан Республикасының заңы «Нормативті актілер туралы» заңы 24 наурыз 1998 ж./Парламент Жаршысы. 1998.№2-3.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Абельдинов А. Проблемы правотворчества и систематизации актов. Фемида. № 1-2. 2000 г.

  2. Абельдинов А.К. Развитие нормотворчества в Казахстане. -Алматы: Жеты Жаргы,1998-28 с

  3. Амандыкова С.К. Некоторые проблемы становления законотворческого процесса в РК. Вест. КазГУ. № 3. 2001

  4. Власенко Н. А. Основы законодательной техники. Иркутск, 1995.

  5. Власенко Н. А. Язык права. Иркутск, 1997.

  6. Гаврилов О. А. Стратегия правотворчества и социального прогнозирования. М., 1993.

  7. Керимов Д. А. Культура и техника законотворчества. М., 1991.

  8. Канагатова К. Проблемы реализации права законодательной инициативы в РК. ПиГ. № 4. 2000

  9. Кусмангалиева Ж. Систематизация законодательства РК: проблемы и перспективы. Саясат. № 2. 2002 г.

  10. Кусмангалиева Ж. Классификация и систематизация законодательства РК. Прав.реф.в Казахстане. № 1. 2001 г.

  11. Крылов В. Законам – качественную научную и экологическую экспертизу. Прав.реф.в Каз-не. №2. 2001 г.

  12. Малиново, И. П. Философия правотворчества. Екатеринбург, 1996.

  13. Малъко А. В. Лоббизм и право// Правоведение. 1995. № 2.

  14. Окушева Р. Ответственность в правотворчестве: проблемы и перспективы развития. Прав.реф.в Казахстане. № 1. 2001 г.

  15. Табанов С.А. Құқықты жүйелендіру. Алматы, 1998.

№19. Құқықты жүзеге асыру

Құқықтық қоғамда халық бір жағынан, ал мемлекет екінші жағынан өз тарапынан құқық нормаларының талаптарын орындауға міндеттеме алады. Осы тұрғыдан алғанда құқықты іске асыру мәселесі екі жақты сипатқа ие болады және оны қарастыру екі бағытта жүргізіледі. Бірінші бағыты мемлекет органдары мен лауазымды тұлғалардың тарапынан құқыққа мойын сұнумен анықталса, екінші бағыт азаматтар мен олардың ұйымдары мен бірлестіктері әрекетінде құқықты іске асырумен ерекшеленеді.

Соңғы нәтиже ретіндегі құқықты іске асыру белгілі бір әрекет жасау немесе одан бас тарту талабы мен нақты жасалған әрекеттер арасында толық сәйкестікке жетуді білдіреді. Құқықты іске асыру арқылы заң шығарушы мүдделі болған нәтижеге, пайдалы мақсатқа жетуге болады. Әрине мақсатқа жету құқықты іске асыру ауқымынан тыс болады, дегенмен де құқықтанушыны заң талап еткен әрекеттер қызықтырады.

Үрдіс ретіндегі құқықты іске асыру объективті және субъективті жақтарымен сипатталады. Объективті жағынан ол белгілі кезектілікпен анықталған құралдармен және анықталған мерзімде әрі орында құқық нормаларында көрсетілген заңды әрекеттерді жетілдіруді білдіреді. Субъективті жағынан құқықты іске асыру субъектінің жүзеге асырылатын құқықтық талаптарға қатынасымен, нұсқалынған әрекеттерді жасау сәтіндегі оның еркімен сипатталынады. Ол құқықты іске асыруға өз еркімен, мүдделілігімен баруы немесе жағымсыз салдардан қорыққандықтан баруы мүмкін. Бастысы – әрекет түріне, оны жасаудың орны мен уақыты шарттарына қойылатын талаптарды мүлтіксіз орындау болып табылады. Міндетті шарттардың біреуін бұзуға жол берілетін болса, құқықты іске асыру болмаған деп саналады.

Құқық теориясында құқық нормаларын іске асырудың әр түрлі нысандары танылған. Құқық нормасының мазмұнымен негізделген құқықты іске асыру әрекетінің сипатына байланысты төрт нысан танылған: құқықты сақтау, орындау, пайдалану және қолдану.

Сақтау арқылы тыйым салушы нормалар іске асырылады, бұл нысанның мәні – тыйым салынған әрекетті жасаудан бас тарту болып табылады. Субъектінің әрекеті пәстігімен айқындалады немесе қазақшаласақ «сен тимесең, мен тимен» қағидасына сүйенеді деуге болады.

Орындау керісінше субъектіден міндеттеуші құқықтық нұсқауларды жүзеге асырумен байланысты болатын белсенді әрекеттерді талап ететін іске асыру нысаны болып табылады. Бұнда субъект өзіне жүктелген белсенді әрекетке деген міндеттілікті атқарады.

Құқықты пайдалану субъектінің өкілеттілігін жүзеге асыруға бағытталған, сондықтан да бұнда оның ерік-жігеріне байланысты белсенді мінез-құлық та, пәс әрекет те жасалуы мүмкін. Құқықты пайдалану - рұқсат беруші нормалардан бастау алатын мүмкіндіктерді жүзеге асырудан көрінетін құқықты іске асыру нысаны. Ол азаматтардың құқықтарын қорғауы, меншік объектілеріне заңдық жарлық ету құқығы, сайлау құқығын пайдалануы түрінде кездеседі.

Расын айтқанда құқықты іске асыру туралы оны орындауға қатысты ғана айту жөн. Бұнда өзге құқықтық құралдармен бірге кепілдендірілген нәтижелерге жетуді қамтамасыз ететін заңдық нормаларда танымал әрекет тәртібі қалыптастырылады, олар соңынан нақты, тікелей мағынасында фактілі қатынастарға ауысуға, яғни өмірде жүзеге асырылуға тиісті.

Құқықтық жүйенің тереңіне бойлайтын пайдалану және сақтау тәріздес құқықты іске асыру нысандарына жүгінсек алдымен анықталған тұжырым дәлелдене түседі. Бұл тұрғыда құқық реттеуші және тиімді қорғаушы әлеуметтік механизм ретінде көрінеді. Ол жоғарғы деңгейдегі ұйымдастырушылыққа сүйене отырып, экономикалық, жалпы әлеуметтік заңдылықтардың қызметін көрсететін құқықтық әрекет жасауға барынша мүмкіндік беріп, оны кепілдендіруі қажет. Және оның қызметі адам, олардың ұжымы әрекетін, қажеттіліктері мен мүддесін экономикалық, жалпы әлеуметтік, соның ішінде психологиялық көтермелеудің, реттеудің барлық жүйесімен терең, біртұтас өзара байланыс пен өзара әрекеттестікте болуымен сипатталады. Міне, осы тұрғыда құқықтық нысанды дамытудың, оның мүмкіндіктері мен қорларын пайдаланудың, құқықтың ролін қоғамдағы әлеуметтік, материалдық, рухани және өзге реттеушілер кешенімен үйлестіре отырып көтерудің анық жолы көрінеді. Құқыққа осындай көзқарас оған қарапайымдатылған түсінік беру мен оның ролін жөнсіз көтеру тәріздес әрекеттердің алдын алып, қоғам өміріндегі құқықтың шынайы құндылығын ашуға, оның әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі заңды ролін анықтауға мүмкіндік береді.

Құқықтық реттеу үрдісіне оның соңғы сатысында, ал кейбір жағдайларда құқықтық қатынастар пайда болған кезде құқықты қолдану қосылады. Құқық қолдану - құзіретті органдардың нақты өмірлік жағдайларға қатысты құқық нормаларын жүзеге асыруындағы мемлекеттік-биліктік ұйымдастырушы әрекеті. Құқық қолдану құқық шығармашылықтан кейінгі екінші маңызды, құқықтық реттеуге мәнді ықпалы бар фактор. Құқық шығармашылық органдары құқықтық жүйеге қоғамдық қатынастарға қатысушылардың мінез-құлқының жалпы бағдарламаларын енгізсе, құқық қолдану органдары басталған реттеуді әрі қарай қағып алып кетіп, заңдық нормаларды өмірге енгізуді қамтамасыз етеді.

Құқық қолдануды туындататын жағдайлар ішінде құқықтық қатынастардың пайда болуымен байланысты түрлері де бар. Бірақ басым түрде құқық қолдануды анықтайтын жағдайлар оның басты функциясын – құқықтық реттеу үрдісінде мемлекеттік-биліктік қамтамасыз етілу әрекетінің қажеттілігін көрсетеді. Ал бұл жағдайлар өз сипатына байланысты құқықтық реттеу үрдісінде мемлекеттік мәжбүрлеуді пайдалануды талап етеді. Жалпы алғанда тарих мемлекеттік бұйырымдарды іске асыруға адам еркін көндірудің екі негізгі құралын таниды: ол марапаттауға уәде ету және белгілі бір құндылықтардан айырумен қорқытып, мәжбүрлеу.

Құқықтық мемлекетте жазалаушы және мәжбүр етуші шаралардың аймағы мен көлемі күрт өзгереді де, құқықтық нұсқаулардың «өзін-өзі қамтамасыз етуіне» мүмкіндіктер ашылады.

Құқық қолданудың ерекше белгілері:

  • құзіретті мемлекеттік органдармен (сот, әкім) қолданылады;

  • биліктік сипатта болады;

  • сатылардан тұрады: істің фактілі және заңды негізін табу, шешім қабылдау;

  • тиісті жеке биліктік акт қабылдаумен байланысты.

Құқық қолдану актісі – құзіретті субъектінің құқықтар мен заңды міндеттердің бар-жоқтығын және тиісті норманың негізінде олардың мөлшерін анықтау мақсатымен жасалатын мемлекеттік-өкілді жеке анықталған акт.

Құқық қолдану актісі:

  • нормативті акті негізінде қолданылады;

  • нормативті актіде мазмұндалған құқық нормаларын нақты жағдайларға, қатынастарға қатысты нақтыландырады;

  • жекеленген (индивидуалды-анықталған) сипаты бар;

  • құқық нысаны болып табылмайды және бір мәрте қолдануға ғана арналған;

  • тиісті қоғамдық қатынастардың пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына негіз болатын заңдық факт қызметін атқарады.

Құқықтың мақсаты адамдардың өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандырумен анықталады. Сондықтан да мемлекеттік ерікті құқықты іске асыру субъектілерінің еркімен сәйкестендірудің мән-мағынасы өте зор.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Григорьев Ф. А. Акты применения права. Саратов, 1995.

  2. Завадская Л. Н. Механизм реализации права. М., 1992.

  3. Мурзаев К. Применение права судебными органами.// Вестник КазГУ. 2001.№4.

  4. Саутпаева Б. Практика применения действующего законодательства.// Фемида. 1999. №7.

  5. Решетов Ю. С. Реализация норм советского права. Системный анализ. Казань,1989.

№23. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет

Құқықтық сана қоғамдық сананың үлгісі ретінде. Құқықтық сана түсінігі, негізгі қызметтері: танымдық, бағалық және реттеушілік. Құқықтық сана түрлері: субъектісі бойынша – жеке, топтық, қоғамдық. Құқықтық сана деңгейлері: кәдуілгі, кәсіби және ғылыми құқықтық сана.

Құқықтық сана құрылымы. Құқықтық идеология және құқықтық психология. Қоғамдық пікір және оны зерттеу тәсілдері. Жеке құқықтық сана.

Құқықтық сананың құқық нормаларына және құқықтың құқықтық санаға әсері. ¤зара байланыс каналдары.

Конформизм. Заңды тыңдау. Құқыққа құрметпен қарау және оны қазіргі кезеңде қалыптастыру процесстері. Лауазымды тұлғалар мен азаматтардың құқықтық санасы. Құқықтық тәрбие.

Құқықтық нигилизм түсінігі. Құқықтық нигилизм қоғам тарихындағы даму кезеңдері. Қоғамның нарықтық экономикаға, саяси-құқықтық жаңаруға, адамгершілік және демократиялыққа көшу жағдайларында құқықтық нигилизмді жою жолдары.

Құқықтық мәдениет: түсінігі, әрекет ету аймақтары мен нысандары. Құқықтық мәдениет қоғам мәдениеті жүйесінде. Құқықтық мәдениеттің құқықтық мемлекет қалыптастырудағы маңызы. Қазіргі заңгер әрекетіндегі құқықтық мәдениет. Лауазымды тұлғалар мен азаматтардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын көтеру – Қазақстан Республикасында демократиялы, тәуелсіз және құқықтық мемлекет қалыптастырудың негізгі шарты.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Ағдарбеков Қ. Мемлекет және құқық теориясы. Қарағанды, 2001.

  2. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәуекелов А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1999.

  3. Ибраева А.С., Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1998.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Алтыбасарова М. Гражданская культура как условие демократической консолидации в Казахстане. Евразийское сообщество. № 1. 2000 г.

  2. Аюпова З. О проблеме соотношения процессов возрождения и модернизации в правовой культуре и правовой системе. Евразийское сообщество. № 4. 2001 г.

  3. Аграновская Е. В. Правовая культура и обеспечение прав личности. М.,1988.

  4. Ибраева А.С. Культура и цивилизация и их значение для понимания правовой культуры. Вестник КазГУ. № 3. 2000

  5. Ильин И. А. О сущности правосознания. М., 1993.

  6. Кейзеров Н. М. Политическая и правовая культура. Методологические проблемы. М., 1983.

  7. Кистяковский Б. А. В защиту права (Интеллигенция и правосознание) //Вехи. Интеллигенция в России. М., 1991.

  8. Матузов Н. И. Правовой нигилизм и правовой идеализм как две стороны "одной медали" /Правоведение. 1994.№ 2.

  9. Нарикбаев М. Правовая культура и исторические традиции- условия эффективности правовых реформ.// Право и государство. 2000. №4.

  10. Семитко А. П. Развитие правовой культуры как правовой прогресс. Екатеринбург, 1996.

  11. Соколов Н. Я. Профессиональное сознание юристов. М., 1988.

  12. Щербакова Н. В. Правовая установка и социальная активность личности. М., 1986.

  13. Щербакова Н. В. Проблемы правовой установки личности. Ярославль, 1993.

  14. Шуляк Л. Логическое мышление как условие правовой культуры юриста. Прав.реф.в Казахстане. № 1. 2000 г.

  1. Пәнді игеру үшін ұсынылатын әдістемелік нұсқаулықтар (реферат, глоссарий, эссе, персоналий, кесте, кроссворд және т.б.)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы

«Бекітемін»

кафедра меңгерушісі, з.ғ.к.,доцент

__________________ А.Наурызбай

«____» ___________ 2012ж.

Хаттама №­­___

«МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ» ПӘНІ БОЙЫНША

РЕФЕРАТ ЖАЗУҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Мамандығы: 5В030100 «Юриспруденция»

5В030300 «Құқық қорғау қызметі»

5В030200 «Халықаралық құқық»

5В030200 «Кеден ісі»

Дайындаған:

мемлекет және құқық теориясы мен тарихы

кафедрасының аға оқытушысы,

құқық магистрі Ж.К Молдашева

Астана 2012

Мазмұны

1.

Реферат жазудың мақсаты мен міндеттері

2.

Рефераттың жоспары мен құрылымы

3.

Рефератты рәсімдеу

4.

Рефератты бағалау критерийлері

5.

Қосымша А (титулдық бетін рәсімдеу үлгісі)

6.

Реферат тақырыптарының тізімі

Кіріспе

Реферат жазу және оны қорғау студенттің оқу материалын жақсы меңгергенін, нормативтік актілер мен әдеби қайнар көздерімен жұмыс істеу дағдысын, зерттеудің методологиясын игергенін, мәселенің тарихнамасымен таныс екендігін, зерттеліп отырған объект бойынша субъективтік көзқарасын жеке дәлелді түрде көрсете алатынын және қорытындылай білу қабілетін көрсетуі қажет.

Реферат - заңтану саласындағы өзекті тақырыптардың бірін теориялық немесе экспериментальды зерттеуден тұрады. Жұмыста студент кәсіби міндеттерді жеке шешуге мүмкіндік беретін қажетті теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдыларды меңгеру деңгейін көрсетуі қажет.

Реферат – студенттің күрделі әлеуметтік болмыстарды ғылыми талдау әдістерін меңгеру деңгейін, теориялық және тәжірибелік қорытындылар беру қабілетін, зерттеліп отырған саладағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуді жетілдіру бойынша негізгі ұсыныстар бере білу қабілетін көрсетуі тиіс.

Реферат жазудың мақсаты мен міндеттері

Реферат жазуда келесі мақсаттар көзделеді:

  • Теориялық және тәжірибелік білімді жүйеге келтіру, бекіту және кеңейту, нақты ғылыми және өндірістік мәселелерді шешу кезінде осы білімді пайдалану;

  • Жеке жұмыс істеу қабілетін дамыту және өңделетін мәселелер мен сұрақтарды шешу кезінде зерттеу және тәжірибелеу әдісін меңгеру жұмыста қарастырылған проблемалар мен сұрақтарды шешу кезінде зерттеудің әдістемесін үйренуі тиіс.

Рефераттың жоспары мен құрылымы

Егер студент тақырып бойынша жұмысқа бірінші рет кіріссе, жоспарды бірден құрастыруға болмайды, ең алдымен рефератта қарастырылуы тиіс сұрақтар мен мәселелердің өрісін анықтап алу қажет. Ол үшін тақырыпты толығыырақ ашатын бірнеше негізгі жұмыстарды зертеу қажет, ал гере мәселе теория жүзінде жеткілікті өңделмесе юрисдикциялық органдарын құқық қолдану қызметінің тәжірибесін зерттеуі тиіс. Тек содан кейін ғана жоспарды құруға кірісуге болады.

Жоспар рефераттың бөлімдері мен параграфтардың аттарынан ғана емес, сонымен қатар әр бөлімде ашып көрсетілетін негізгі сұрақтардың тізімінен құрылуы тиіс. Сұрақтардың кезектілігіне үлкен назар аудару қажет, әрбір тараудың алдыңғы тараумен байланысы болуы керек. (Жоспарды құрудың үлгісін А қосымшасынан қараңыз)

Жасалған жоспарды оқытушымен талқылау керек, оқытушы жоспарда ескерілмеген мәселелерді көрсетуі мүмкін және мазмұнының тереңдігі мен жүйелігін толық қамтамасыз ету үшін сұрақты дұрыс тұжырымдауға көмектеседі.

Әдебиеттерді зерттеп, қажетті материалдарды жинаған соң ғана рефератты жазуды бастау керек.

Реферат жұмыстың құрылымы келесі элементтерден тұрады:

  • титулдық бет

  • мазмұны

  • кіріспе

  • негізгі бөлім

  • қорытынды

  • пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Рефераттың бірінші беті – титулдық бет. Титулдық бетке реттік сан нөмірі қойылмайды. Келесі беттер нөмірленеді.

Рефераттың кіріспесінде жұмыстың жалпы сипаттамасы беріледі, тақырыптың өзектілігі дәлелденеді. Мәселені ғылыми зерттеудің деңгейі қарастырылады. Жұмыстың жаңалығы, мақсаты, міндеттері зерттеудің объектісі мен пәні көрсетіледі, теориялық құндылығы немесе тәжірибелік мәні, зерттеу әдістері, жұмыстың эмприкалық негізі мен реферат құрылымының қысқаша сипаттамасы көрсініс табады.

Рефераттың негізгі бөлімі бірнеше бөлімдерден тұрады. Жұмыстың негізгі бөлімінде студент жоспарлы мақсатқа жету үшін, кіріспеде анықталған міндеттерді шешеді.

Қортындыда тақырыптың сипатына және рефераттың зерттелу тереңдігіне байланысты студент өз көзқарасын, қорытындысы мен ұсыныстарын тұжырымдайды. Олар заңдық нормаларды қолданудың теориялық мәселелерін, қарастырылатын салалардағы заңдаманы жетілдіру жолдарын, сұрақтарды қарастыруы мүмкін.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Қорытындыдан кейін қолданылған қайнар көздердің библиографиялық тізімі беріледі. Библиографиялық тізім – қолданылған қайнар көздердің библиографиялық сипаттауын құрайтын библиографиялық аппараттың элементі. Мұндай тізім жұмыстың негізгі бөліктерінің бірі болып табылады. Өйткені автордың жеке шығармашылық жұмысын көрсететін және жүргізілген зерттеудің дәрежесінің деңгейі туралы қорытынды жасауға қолданылған қайнар көздердің тізімінің ықпалы жоғары.

Рефератты рәсімдеу

Рәсімдеуге қойылатын талаптар. Реферат таңдалған тақырып бойынша жүргізілген зерттеудің нәтижелері бар қолжазба. Ол міндетті түрде компьютерде терілуі тиіс.

Жұмыс көлемі – «А4» форматындағы қағазда 5-7 парақ түсіндірме хат, компьютерде – парақтың бір жағында, бір интервал аралығында, кегль – 14, шрифт—Times New Roman немесе KZ Times New Roman.. Беттер барлық қосымшаларымен бірге бірыңғай номерленуі тиіс.

Рефераттың бірінші парағы (парақта номер қойылмайды) титулдық парақ болып табылады. Келесі парақ - мазмұны (төмендегі үлгіні қараңыз). Материалдарды орналастырудың кезектілігі мазмұнға сәйкес болуы керек. Жұмыстың әрбір құрылымдық элементін жаңа парақтан бастау қажет. Бөлімшелердің атауын орналастырғанда бұл ережені орындау қажеттілігі жоқ. Әдебиеттер тізімі жұмыс мәтінінде сілтемесі бар және рефераттың мазмұны қолданылған әдебиеттерден тұрады.

Үлгі

Мазмұны

Кіріспе

1 Тақырыптың атауы

1

Құжаттың бірінші бөліміндегі бөлімшенің нөмірленуі

.1

1.2

1.3

2 Тақырыптың атауы

2

Құжаттың екінші бөліміндегі бөлімшенің нөмірленуі

.1

2.2

2.3

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Бөлімдердің атауларының соңында нүкте қойылмайды. Мәтін мен атаулар арасында 1 интервал қалдырылады (10 мм).

Қолданылған қайнар көздер тізімі.

Егер жұмыста интернеттен алынған қайнар көздер пайдаланылса, көрсетілуі тиіс: Http: // president.kremlin.ru / events / 264.html.

Рефератты бағалау критерийлері

Реферат бағалау критерийлері

1

Тақырыптың ғылыми және тәжірибелік маңыздығы

2

Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді терең оқып, дұрыс талдау жүргізіп, оны дұрыс жаза білді.

3

Қажетті қортындылар мен жалпыламаларды жасады

4

Материалдарды жоспарға сәйкес қисынды және рет ретімен жазды

5

Жұмысты әдеби тілмен дұрыс жазды және оны дұрыс рәсімдеді

Қосымша А

РЕФЕРАТ жұмысының титулдық бетін рәсімдеу үлгісі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «______________________________________________»

Орындаған:___________ ________

/аты-жөні, курсы, тобы/

Қабылдаған:________________ __

/аты-жөні, қызметі, ғылыми дәрежесі/

Бағасы:________________________

/ пайыз, балл, әріптік/

Қорғалған күні: «_ _» __________ 2012ж.

Астана-2012

Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша

реферат тақырыптарының тізімі:

  1. Құқықтық мемлекеттің тарихи аспектілері

  2. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет

  3. Құқықтық мемлекеттің негізгі қағидалары

  4. Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет қалыптастырудың теориясы мен тәжірибесі.

  5. Ш.-Л. Монтескье және Дж. Локктың еңбектеріндегі құқықтық мемлекет идеясы.

  6. ҚР құқықтық реформалардың негізгі бағыттары

  7. «Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет қалыптастыру теориясы мен тәжірибесі»

  8. ҚР азаматтық қоғамның даму перспективалары.

  9. Қоғамдық бірлестіктердің қоғам дамуындағы ролі

  10. Әлемнің құқықтық жүйелері:

  11. Романо-германдық құқықтық жүйе

  12. Англо-саксондық құқықтық жүйе

  13. Дәстүрлі діни құқықтық жүйелер

  14. Мұсылмандық құқықтық жүйе

  15. Латын Америка елдерінің құқықтық жүйесі

  16. Скандинавия елдерінің құқықтық жүйесі

  17. Қиыр Шығыс елдерінің құқықтық жүйесі

  18. Құқық шығармашылық процесінің ғылыми сапасын көтеру.

  19. Қазақстан Республикасының құқық шығармашылық қызметі.

  20. Жастардың құқықтық санасын көтеру және мәселелері

  21. Қазіргі кезеңде жастарды құқықтық тәрбиелеу

  22. Құқықтық сана және құқықтық мінез құлық

  23. Ауыл жастарын адамгершілік-құқықтық тұрғыдан әлеуметтендіру мәселелері

  24. Құқықтық идеологияны қалыптастыру мәселелері

  25. Құқықтық нигилизм себептері, нысандары және онымен күрес жолдары

  26. Жеке тұлға құқықтық мәдениеті

  27. Құқықтық ықпал ету механизміндегі құқық нормасы

  28. Құқықтық реттеу әдістері

  29. Өлім жазасына көзқарас

  30. Құқық бұзушылықтарды алдын-алу жолдары

  31. Әлемдік құқықтық тәртіпті қалыптастыру мәселелері

  32. Құқықты қолдану құқықты іске асырудың ерекше нысаны

  33. Конформизм және тұлғаның конформистік жүріс тұрысы.

  34. Құқыққа сай әр түрлі мінез құлыққа деген мемлекеттің және қоғамның қатынасы.

  35. ҚР құқықтық саятатының негізгі басымдықтары

  36. Адам құқықтары мен бостандықатырын қорғалуын қамтамасыз етудің құқықтық аспектілері

  37. Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын ұлттық және халықаралық институттар

5. Курстық жұмыс жазуға арналған әдістемелік нұсқаулық

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы

«Бекітемін»

кафедра меңгерушісі, з.ғ.к.,доцент

__________________ А.Наурызбай

«____» ___________ 2012ж.

«МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ» ПӘНІ БОЙЫНША

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ЖАЗУҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Мамандығы: 5В030100 «Юриспруденция»

5В030300 «Құқық қорғау қызметі»

5В030200 «Халықаралық құқық»

Астана 2012

«Мемлекет және құқық теориясы» пәні бойынша реферат жазуға арналған әдістемелік нұсқаулықты дайындаған: мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының аға оқытушысы, юриспруденция магистрі З.Л. Танатарова.

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының мәжілісінде талқыланды.

«____» ___________ 2012ж. Хаттама № ___

Кафедра меңгерушісі ______________________________ А.Наурызбай

(қолы, аты-жөні)

Ұлттық құқық жоғары мектебінің оқу әдістемелік кеңесінде мақұлданды.

Мазмұны

1.

2.

Кіріспе

Курстық жұмысты жазудың мақсаты мен міндеттері

3.

4.

Жұмыс жетекшісін бекіту

Курстық жұмыстың жоспары мен құрылымы

5.

Курстық жұмысты рәсімдеу

6.

7.

Курстық жұмысты қорғауға дайындау

Қорытынды

8.

Қосымша А (титулдық бетін рәсімдеу үлгісі)

Қосымша Ә (мазмұнын рәсімдеу үлгісі)

Қосымша Б (әдебиеттерін рәсімдеу үлгісі)

9.

Курстық жұмыс тақырыптарының тізімі

Кіріспе

Курстық жұмысты жазу және оны қорғау студенттің оқу материалын жақсы меңгергенін, нормативтік актілер мен әдеби қайнар көздерімен жұмыс істеу дағдысын, зерттеудің методологиясын игергенін, мәселенің тарихнамасымен таныс екендігін, зерттеліп отырған объект бойынша субъективтік көзқарасын жеке дәлелді түрде көрсете алатынын және қорытындылай білу қабілетін көрсетуі қажет.

Курстық жұмыстарының тақырыптары кафедрамен бекітіледі.

Заңгердің курстық жұмысы – заңтану саласындағы өзекті тақырыптардың бірін теориялық немесе экспериментальды зерттеуден тұрады. Жұмыста студент кәсіби міндеттерді жеке шешуге мүмкіндік беретін қажетті теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдыларды меңгеру деңгейін көрсетуі қажет.

Заңгердің курстық жұмысы – студенттің күрделі әлеуметтік болмыстарды ғылыми талдау әдістерін меңгеру деңгейін, теориялық және тәжірибелік қорытындылар беру қабілетін, зерттеліп отырған саладағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуді жетілдіру бойынша негізгі ұсыныстар бере білу қабілетін көрсетуі тиіс.

Курстық жұмысты жазудың мақсаты мен міндеттері

Курстық жұмысты жазуда келесі мақсаттар көзделеді:

  • мамандық бойынша теориялық және тәжірибелік білімді жүйеге келтіру, бекіту және кеңейту, нақты ғылыми және өндірістік мәселелерді шешу кезінде осы білімді пайдалану;

  • жеке жұмыс істеу қабілетін дамыту және өңделетін мәселелер мен сұрақтарды шешу кезінде зертеу және тәжірибелеу әдісін меңгеру курстық жұмысты қарастырылған проблемалар мен сұрақтарды шешу кезінде зерттеудің әдістемесін үйрену;

Заңгердің курстық жұмысы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер мен статистикалық мәліметтерді қолдана отырып, шығармашылық сипатта болуы тиіс.

Курстық жұмыстың орындау барысында студент өзінің ғылыми және тәжірибелік білімін дәрежесін, тәуелсіздік деңгейін, теориялық дайындылығын және зерттеген тақырып бойынша негізгі концепцияларын көрсету. Қорытындыда орындалған жұмыс қойылған талаптарға сай және қорғауға жіберу мүмкіндігі қарастырылу қажет.

Курстық зерттеудің ұсынылған тақырыптарымен танысу барысында тізімдегі кейбір тақырыптар құқық саласының жалпы мәселелерін, ал кейбір тақырыптары арнайы мәселелерді қарастыратынын байқауға болады. Белгілі бір тақырыптар бойынша әдебиеттер өте көп, ал кейбір тақырыптар бойынша басылымдар саны аз болуы мүмкін. Бірақ ғылыми әдебиеттердің жетіспеушілігі, тақырыптың аз өңделуі сияқты қиыншылықтардан қорқу қажет емес. Аз зерттелген мәселе өз бетінше жұмыс істей алу қабілетін, мақсатты ғылыми ізденісті көбірек көрсетуге мүмкіндік береді. Тақырыпты басқа себептермен де таңдауы мүмкін. Курстық жұмыстың тақырыбы кафедра шешімімен бекітіледі. Онымен бір мезгілде курстық жұмыстың ғылыми жетекшісі болады. Студент өзінің курстық жұмысының тақырыбын мүмкін болатын ғылыми жетекшісімен алдын-ала келісіп, онымен жетекшілік ету туралы сұрақты шешу керек.

Жұмыс жетекшісін бекіту

Кафедра меңгерушісі кафедра оқытушылары құрамынан жұмыс жетекшілерін тағайындайды.

Курстық жұмыстың жетекшісі келесі міндеттерді атқарады:

  • курстық жұмыстың тақырыбы бойынша бағдар беріп, жұмыстың құрылымы мен міндеттерін түсіндіреді;

  • студенттерге курстық жұмыстың орындалуының барлық мерзіміне жұмыстың календарлық кестесін құрастыруға көмек көрсетеді;

  • тақырып бойынша қажетті негізгі және қосымша әдебиеттер, нормативтік құқықтық актілер, анықтамалық материалдар және өзге де қайнар көздер туралы мәліметтер береді;

  • кестеге сәйкес студенттермен кездесіп, қажет болған жағдайларда кеңестер береді;

  • жұмыстың орындалуын тексереді.

тексеру нәтижесінде ғылыми жетекші ескертпелер берсе, жұмыстың тиісті бөлімдері немесе жұмыс толықтай ескертпелерге сәйкес қайта өңделіп, жетілдірілуі тиіс.

Курстық жұмыстың жоспары мен құрылымы

Егер студент тақырып бойынша жұмысқа бірінші рет кіріссе, жоспарды бірден құрастыруға болмайды, ең алдымен курстық жұмыста қарастырылуы тиіс сұрақтар мен мәселелердің өрісін анықтап алу қажет. Ол үшін тақырыпты толығырақ ашатын бірнеше негізгі жұмыстарды зерттеу қажет, яғни библиографиямен жұмыс, ал егер мәселе теория жүзінде жеткілікті өңделмесе, юрисдикциялық органдарын құқық қолдану қызметінің тәжірибесін зерттеуі тиіс. Тек содан кейін ғана жоспарды құруға кірісуге болады.

Жоспар курстық жұмыстың бөлімдерінің атаулары мен әр бөлімнің мазмұнын ашатын негізгі сұрақтардың тізімінен құрылуы тиіс. Сұрақтардың кезектілігіне үлкен назар аудару қажет, әрбір тараудың алдыңғы тараумен байланысы болуы керек.

Жасалған жоспарды жетекшімен талқылау керек, жетекші жоспарда ескерілмеген мәселелерді көрсетуі мүмкін және мазмұнының тереңдігі мен жүйелігін толық қамтамасыз ету үшін сұрақты дұрыс тұжырымдауға көмектеседі.

Әдебиеттерді зерттеп, қажетті материалдарды жинаған соң ғана курстық жұмысты жазуды бастау керек. Курстық жұмыстың құрылымы, бөлімдер мен бөлімшелердің саны бойынша ешқандай арнайы ережелер жоқ. Ол курстық жұмыстың тақырыбына және студенттің қолындағы жиналған материалына тәуелді анықталады.

Курстық жұмыстың құрылымы келесі элементтерден тұрады:

  • титулдық бет

  • мазмұны

  • кіріспе

  • негізгі бөлім

  • қорытынды

  • пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Курстық жұмыстың бірінші беті – титулдық бет. Титулдық бетке реттік сан нөмірі қойылмайды. Титул беті курстық жұмыстың бірінші беті құжатты қажетті жағдайда өңдеу және іздестіру үшін қажет болып табылатын ақпарат дерек көзі ретінде қызмет етеді.

Титул бетіне келесі мағлұматтар келтіріледі:

- курстық жұмыстың орындалған, ұйымның атауы,

- курстық жұмыс орындалған, кафедра атауы,

- кафедра меңгерушісінің бекітілген қолы,

- жұмыстың түрі - курстық жұмыс,

- «тақырыбына» деген сөздің көрсетілуімен, курстық жұмыс тақырыбының, атауы,

- мамандықтың атауы және коды,

- сол жағында «орындаған», қарама-қарсы оң жағынан студенттің тегі және аты жөні,

- бір жол төмен «ғылыми жетекшінің ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы» және тегі мен аты жөні,

- қала және жыл көрсетіледі. А қосымшасын қараңыз.

Жұмыстың мазмұнына курстық жұмысы бөлімдерінің атаулары мен тиісті бөлімдерін және бөлімшелерінің басталатынын көрсететін беттердің нөмірлері берілуі қажет.

Кіріспе бөлімінде курстық жұмыстың жұмыстың жалпы сипаттамасы беріледі, тақырыптың өзектілігі дәлелденеді. Мәселені ғылыми зерттеудің деңгейі қарастырылады. Жұмыстың жаңалығы, мақсаты, міндеттері зерттеудің объектісі мен пәні көрсетіледі, теориялық құндылығы немесе тәжірибелік мәні, зерттеу әдістері, жұмыстың эмприкалық негізі мен курстық жұмысының құрылымының қысқаша сипаттамасы көрсініс табады.

Курстық жұмыстың негізгі бөлімі бірнеше бөлімдерден тұрады. Әрбір бөлім бірнеше бөлімшелерден тұруы мүмкін және әрбір бөлімшенің жекелеген тармақшаларының болуына жол беріледі. Жұмыстың негізгі бөлімінде студент жоспарлы мақсатқа жету үшін, кіріспеде анықталған міндеттерді шешеді, яғни, орындалатын курстық жұмыстың мәні, мазмұны, әдістемесі мен негізгі қорытындыларын білдіретін мәліметтер келтіріледі.

Қорытындыда тақырыптың сипатына және курстық жұмыстағы оның зерттелу тереңлігіне байланысты студент өз көзқарасын, қорытындысы мен ұсыныстарын тұжырымдайды. Олар заңдық нормаларды қолданудың теориялық мәселелерін, қарастырылатын салалардағы заңдаманы жетілдіру жолдарын, сұрақтарды қарастыруы мүмкін.

Қолданылған қайнар көздер тізімі. Қорытындыдан кейін қолданылған қайнар көздердің библиографиялық тізімі беріледі. Библиографиялық тізім – қолданылған қайнар көздердің библиографиялық сипаттауын құрайтын библиографиялық аппараттың элементі. Мұндай тізім жұмыстың негізгі бөліктерінің бірі болып табылады. Өйткені автордың жеке шығармашылық жұмысын көрсететін және жүргізілген зерттеудің дәрежесінің деңгейі туралы қорытынды жасауға қолданылған қайнар көздердің тізімінің ықпалы жоғары.

Курстық жұмысты рәсімдеу

Рәсімдеуге қойылатын талаптар. Курстық жұмыс таңдалған тақырып бойынша жүргізілген зерттеудің нәтижелері бар қолжазба. Ол міндетті түрде компьютерде терілуі тиіс. Жұмыс көлемі – «А4» форматындағы қағазда 20-25 парақ түсіндірме хат, компьютерде – парақтың бір жағында, бір интервал аралығында, кегель – 14, шрифт—Times New Roman немесе Times New Roman KZ. Курстық жұмысты келесі өлшемдерді (параметрлерді) пайдаланып орындайды: сол шеті—30 мм, оң шеті – 10 мм, үстінен – 20 мм, астынан – 20 мм. Курстық жұмыстың парақтары араб цифрларымен нүктесіз номерленеді, номер парақтың астыңғы ортасында қойылады. Беттер барлық қосымшаларымен (кестелер, диаграммалар, сызбалар т.б) бірге бірыңғай номерленуі тиіс.

Курстық жұмыстың бірінші парағы (парақта номер қойылмайды) титулдық парақ болып табылады. Келесі парақ – мазмұны.. Курстық жұмыс бөлімдерінің барлық құжаттың өн бойында абзацтан кейін араб сандарымен белгіленіп нүктесіз қойылған реттік нөмірлері болуы қажет. Бөлімшелер бөлімдер аясында нөмірленуі қажет. Бөлімше нөмірі, нүктемен бөлінген бөлім мен бөлімше нөмірлерінен тұрады. Бөлімше нөмірінен кейін нүкте қойылмайды. Бөлімдер екі немесе бірнеше бөлімшеден тұрады. Ә қосымшасын қараңыз.

Материалдарды орналастырудың кезектілігі мазмұнға сәйкес болуы керек. Жұмыстың әрбір құрылымдық элементін жаңа парақтан бастау қажет. Бөлімшелердің атауын орналастырғанда бұл ережені орындау қажеттілігі жоқ. Әдебиеттер тізімі жұмыс мәтінінде сілтемесі бар және курстық жұмыстың мазмұны қолданылған әдебиеттерден тұрады.

Курстық жұмыстың құрылымдық элементтерінің атаулары «Мазмұны», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі», құрылымдық элементтерінің басында жазылуы тиіс.

Бөлімдер мен бөлімшелердің атауларының соңында нүкте қойылмайды. Бөлімдер мен бөлімшелердің атаулары парақтың соңғы жазулары болмауы тиіс. Мәтін мен атаулар арасында 1 интервал қалдырылады (10 мм).

Курстық жұмыстың құрамына кестелер немесе графиктер енгізуге жол беріледі. Кестені немесе графикті номерлеу бүкіл курстық жұмыс шеңберінде реттік болуы мүмкін. Кесте сөзі және оның реттік саны кестенің жоғарғы оң бұрышынан номерленуі қажет. Бір интервалдан кейін кестенің атауы көрсетіледі.

Кестеге сілтеме жасаған жағдайда кестенің номері мен кесте орналасқан бетті көрсету қажет. Кесте бір параққа сыймаған жағдайда оны келесі параққа жалғастыруға болады, онда келесі парақта жоғарғы оң жағында жазбаша әріптермен «кестенің жалғасы» деп жазылып, оның номері қойылады.

Қолданылған қайнар көздер тізімін рәсімдеуге ерекше назар аудару қажет. Қайнар көздер туралы мәліметтерді курстық жұмыстың мәтінінде сілтемелердің орналасу тәртібіне сәйкес жазу керек және номерлеу араб цифрларымен нүктесіз жазылады.

Егер оқулық бір автормен немесе үш адамнан аспайтын авторлармен ұжымымен жазылса, оның библиографиялық сипатталуы автордың немесе авторлардың тегі мен иннициалдарын көрсетуден басталады. Содан кейін кітаптың толық атауы; нүкте; тирэ; кітап шығарылған қаланың атауы; қос нүкте; кітапты басып шығарылған баспа атауы, үтір; кітаптың шығарылған жылы; нүкте; тирэ; жалпы парақтың саны беріледі. Егер кітап үлкен авторлық ұжыммен жазылса немесе автор мүлдем көрсетілмесе, кітаптың атауы көрсетіледі.

Егер жұмыста мерзімді басылымдарда немесе жинақтарда жарияланған мақала материалдары пайдаланылса, ол мынадай тәртіпте рәсімделеді: автордың тегі және инициалдары; мақала атауы; екі көлбеу сызықша (//) ; мақала жарияланған мерзімді басылымның немесе жинақтың атауы; тирэ; басылым жылы; нүкте; номер; нүкте; тирэ; мақаланың бірінші және соңғы беттері

Егер жұмыста интернеттен алынған қайнар көздер пайдаланылса, қайнар көздің сілтемесі жазылуы тиіс: Http: // president.kremlin.ru / events / 264.html.

Б қосымшасын қараңыз.

Курстық жұмысты қорғауға дайындау

Курстық жұмыстың жетекшісі жұмысты тексеріп, мақұлдағаннан кейін қолын қояды. Жетекші пікірінде жұмыстың әрбір бөлімі бойынша студентпен жүргізілген жұмысқа сипаттама беріледі, тақырыптың ғылыми жаңалығы, кемшіліктері көрсетіледі. Студенттің курстық жұмысының қойылған талаптарға сай екендігі кафедраның нормобақылаушысымен тексеріледі және қорғауға дейін бір апта бұрын кафедраның лаборантына тапсырады. Қорғау күні, сағаты және комиссия мүшелері тағайындалып, хабарландыру тақтасында ілінеді. Талаптарға сай жазылған курстық жұмыс кафедраның профессорлық оқытушылық құрамынан құрылған комиссия мүшелерінің алдында жария қорғайды.

Қорытынды

Курстық жұмысты жазу, рәсімдеу және қорғау бойынша әдістемелік нұсқауды аяқтай отырып, курстық жұмыстарда кездесетін кейбір кемшіліктердің қайталануын болдырмау үшін оларға назар аудару қажет.

Курстық жұмыста студентдің таңдаған тақырыбының негізгі идеясын дәлелдейтін, нақты азаматтық –құқықтық істерді қараудың мол тәжірибесі көп қарастырыуы керек.Тәжірибелік материалдар студентге юрисдикциялық органдардың қызметін жақсартуға, қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты өзінің дәстүрлі және дәстүрлі емес ұсыныстарын айтуға мүмкіндік береді.

Мазмұны бойынша жақсы курстық жұмыстың құндылығын кейде төмендететін кемшіліктер қатарына тұжырымдаудың келеңсіз формасы, ескі нормативтік актілерді қолдану, қате жазу және нашар рәсімдеу жатады.

Жұмысқа ұқыпты қарау, қорғаудың оң нәтижесін мақсат тұту, жетекшімен тығыз іскерлік байланыс – студентге жұмысты табысты дайындауға , қорғауға мүмкіндік береді.

Қосымша А

Курстық жұмыстың титулдық бетін рәсімдеу үлгісі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ АҚ

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пән: ____________________________________________________

Тақырыбы: «______________________________________________»

Орындаған:___________ ________

/аты-жөні, курсы, тобы/

Жұмыс жетекшісі:________________ __

/аты-жөні, қызметі, ғылыми дәрежесі/

Комиссия төрағасы: ________________ __

Комиссия мүшелері: ________________ __

________________ __

________________ __

Бағасы:________________________

/ пайыз, балл, әріптік/

Қорғалған күні: «_ _» __________ 2012ж.

Астана-2012

Қосымша Ә

Курстық жұмыстың мазмұнын рәсімдеу үлгісі

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ............................................................................................................3

1. БӨЛІМ АТАУЫ (бас әріптермен)..............................................................6

1

Құжаттың бірінші бөліміндегі бөлімшенің нөмірленуі

.1

1.2

1.3

2. БӨЛІМ АТАУЫ (бас әріптермен)...............................................................14

2

Құжаттың екінші бөліміндегі бөлімшенің нөмірленуі

.1

2.2

2.3

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................22

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................25

ҚОСЫМША А................................................................................................26

ҚОСЫМША Б.................................................................................................27

Қосымша Б

Курстық жұмыстың әдебиеттерін рәсімдеу үлгісі

1 Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: «Жеті Жарғы», 2008.

  1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауы. // «Егемен Қазақстан». - 2007 жылғы 1 наурыз. – № 55.

  2. Мами К.А. Становление и развитие судебной власти в Республике Казахстан. – Астана: «Елорда», 2001.

  3. Сулейменова Г.Ж. Суд и судебная власть в РК. – Алматы, 1999.

  4. Мами К. Независимость судей – главный принцип справедливого правосудия // Қаржы қаражат. – 2002. – №3.

  5. Жоламан Қ.Д., Мұхтарова А.Қ., Тәуекелов А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы, 1999.

  6. Табанов С.А. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2003.

  7. Права человека. Учебное пособие. // Под ред. Сарсенбаева М.А. – Алматы, 1999.

  8. Бусурманов Ж.Д. Евразийская концепция прав человека. Монография. –Алматы: КазГЮУ, 2006.

  9. Http: // president.kremlin.ru / events / 264.html.