Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Cаясаттану каз.2 кредит.doc
Скачиваний:
195
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.26 Mб
Скачать

Саяси ой дамуының негізгі кезеңдері. Қазақстанның саяси ойларының тарихы.

Жоспар:

1. Құлдық дәурінің саяси ой-пікірлері. Ежелгі Шығыс, Грек және Рим ойшылдарының саяси идеялары.Орта заман саяси ойы.

2. Қайта өрлеу дәуірінің ойшылдарының саяси көзқарастары

3. Жүсіп Баласағұни, Қорқыт ата т.б. саяси көзқарастары.

4. XIX-ХХ ғ.ғ. Қазақстандағы саяси ой.

Әдебиеттер тізімі:

Хан И.Г. Саясаттану – Алматы, 2003 ж.

Қуандыков. Саясаттану негіздері. Алматы, 1998 ж.

Жамбылов Д.А. Саясаттану негіздері. Алматы, 2000 ж.

Василик М.А. Политология. М., 2000 ж.

Политология. Курс лекций. Под. ред. Мустафина Т.Т. Алматы, 1993 ж.

Панарин А.С. Философия политики. М., 1996 ж.

 

Саяси ойлар тарихы адамзат өмірінде ерекше орын алатын сөзсіз қажетті ғылыми, мәдени мұра болып табылады. Ғасырлар бойы жинақталған зерттелген, қоғамның пайда болуы мен дамуы олардың саяси жүйелерінің қызметтері туралы мол мағлұматтар береді. Саяси ілімдер тарихынан хабардар болу, оны танып білу бүгінде жүріп жатқан тіршілік үшін, қоғам, мемлекет, үкіметтер үшін өте қажет. Әлемдік деңгейдегі ойшылдардың саяси ілімдер тарихына қосқан ғылыми зерттеулері адамзат баласы үшін маңызы өте зор.

Саяси ілімдердің аяғынан тік тұрып қалыптасу кезеңі адамзаттың діни-мифологиялық танымынан өтіп ақыл-ойға сүйенген мезгілімен қабаттас келді. Сондай-ақ, бұл кезең қоғамдық өндірістің даму сатысындағы таптар мен мемлекеттің шығуымен тұстас еді.

Б.э. дейінгі (І-ІІ мың жылдықты) ежелгі Египеттіктердің қытайлықтардың, үнділердің, гректердің, римдіктердің әлеуметтік саяси түсініктері діни-аңызға негізделген сипатта болды. Олардағы өкімет билігі, басқару тәртіптері көбінесе құдаймен байланыстырылды.

Б.э.д. VIII -VI ғасырларда сол кездегі өмірде, тіршілікте адамдар арасындағы қатынастарда оның ішінде мемлекет, билік, құқық, ұғымдары, бұрын беймәлім болып келген өзге де жаңа пікірлер айтыла бастады. Соңдай-ақ, діни-аңызға негізделген көзқарастардан біртіндеп арылу тенденциясы да байқалды. Ендігі жерде өмірге көзқарас көбінесе ғылыми негізге сүйене бастады. Көзқарастардың бұлай өзгеруіне Заратуштраның (Перссия), Конфуцийдің, Мо-цзының (Қытай), Будданың (Индия) ілімдері басты рөл атқарды.

Ежелгі Қытай ойшылы Конфуций (б.з.д. 551-479 ж.ж.) өзінің саяси доктринасын моралды максималарға негіздендірді, үлгілі адам концепциясын жасады. Конфуций бойынша, ондай адам адмгершілікті (жень), адал, таза ниетті болуы керек. Ойшыл идеяларын жанұйя, қоғамға, мемлекет ұйымдастыруға байланыстырған. Конфуций ел басқарудың «адамгершілікті басқару» принципін ұсынды. Басшы адам негізгі шешім қабылдауда тұрақты және адал болып өз халқының жағдайын ойлап түру керек деген. Дана адам-басқарушы жақсы біледі – адамның бәрі абырой мен байлаққа үмытылады, ал кедейлік пен беделсіздіктен қашады. Жалпы айтқанда, Конфуций үшін әлеуметтік дифференциацияны жақтау және қоғам мүшелері арасында міндеттерді иерархиялық бөлу сипаттамалы.

Гректің ғүлама ойшылы Гераклит б.э. дейінгі шамамен 520-460 жылдарда өмір сүрген. Ол: "Әлемде бәрі қозғалысқа түсіп, бәрі біртіндеп өзгеріске ұшырайды" - дей келіп әлеуметтік теңсіздік жаратушы күш арқылы реттеледі деп түсінеді. Аристократия жағыңдағы Гераклит құлдықтың сақталуын қорғап, мемлекеттегі зандардың тұрақты болуына үлкен мән береді.

Гераклит: "қарама-қарсылықтар бірінсіз-бірі өмір сүре алмайды. Яки белгілі бір қарама-қарсылық, екінші бір қарама-қарсылыққа өтеді. "Суық жылынады, жылылық суынады, ылғал кебеді, құрғақ ылғалданады" деген тұжырымға сүйенген ол өмір мен өлімді, түзу мен қисықты, жақсылық пен жамандықты, күн мен түнді, жоғары мен төменді бір таяқтың екі ұшы іспетті деп біледі. Бұлар бір-бірімен бірлестікте әрі қарама-қарсылықта. Қарама-қарсылық өзара мәңгі күресте.

Демокрит (б.э. дейінгі 460-370 жылдар шамасында) өмір сүрген, құлдық демократияны жақтаған, антикалық материализмнің өкілі болды. Егер адамдар бір-бірін күндемесе, зияндық жасамаса, бір-біріне сенсе онда заңдардың да қажеті шамалы деген пікір айтады. Сондай-ақ, ол қоғамның пайда болуы мен даму сырын зерттеуге талпынады.

Әйгілі ежелгі грек ойшылдары Платон және Аристотель алдынғы тарихи материалдарды талдап саяси өмір туралы біртүтас ілім құрастырған. Платонның (б.з.д. 427-347) мемлекет жайлы ойының философиялық негізі – идеализм болып табылады, ол мемлекеттің идеалды ұлгісін құрастыруін мақсат еткен. Идеалды мемлекет туралы Платон «Мемлекет», «Заңдар», «Софист», «Парменид» еңбектерінде айтады, бұнда ол адал мемлекетті адам мен салыстырады, мысалы: адамның жанының үш бастамасына (ақылдығы, каһарлығы мен қозулығы) мемлекеттің үш бастамасы сәйкес (келісімділігі, қорғаныстығы, іскерлігі). Ал осы соңғы үш бастамаға елдің ұш қатары сәйкес: басшылар, жауынгерлер, жұмысшылар. Адалдыққа келгенде, осы әр қатардың адамдары тек өз қатарымен араласып тек өзінің ісімен айналысуы керек, сонымен басқа қатардың жұмысымен араласпасын дейді. Және де осы бастамалар бір бірінің алдында иерархиялық бағынуда болғаны міндетті, мысалы: ақылды бастаманың өкілдері - философтар басшы болу керек, қаһарлық – жауынгерлер елін қорғау керек, қозулық бастаманың өкілдері - жұмысшылар ел басшыларына жағдайын жасап бағынуі міндет.

 Платон бойынша, ең дұрыс идеалды мемлекетті іріктелген, асыл тұқымның адамдары басқарады, басшысы бір болса – монархия, ал ақ сүйекті басшылары бірнеше болса – аристократия болады. Платон аристократиялық басқаруды идеалды деп белгілейді және оған керісінше нашар мемлекеттті басқару түрлерін көрсетеді. Егер елде осындай иерархиялық бағыну жойылса, жер мен ұйлер жеке меншікке айналса, құлдар еркін адам қатарына қосылса, таза асыл тұқымды ақ сүйекті адамдар шекке шығарылып, атаққұмарлық адамдардың билігі - тимократия орнайды. Бұл мемлекеттің адамдары басшылыққа дана, ақылды адамды жолатпайды, және байлық біршама адамның қолында ғана болғандықтан олигархия азғантай бай адамдардың билігі орнайды. Сонымен, кедейлік көбееді, бай адамдарға жек көрушілік белгілі бір уақыттан кейін міндет түрде төнкеріске келтіреді, ал осының нәтижесінде халық билігідемократия пайда болады. Платон бойынша, осы кезде «шексіз бостандық» адамдарды бұзады, қара тобыр адамдар билікке сайлаған адамын шығарады, ал қара тобыр халық көбіне сауатсыз болғандықтан билікке ешқандай дайынғы жоқ адамды шығарады. Ондай адамның билігі белгілі бір уақыттан кейін тиранияға қатал, мейірімсіз, езуші адамның билігіне айналады. Сондықтан, тирания – басшылықтың ең нашар түрі. Платон айтқан: «Заңға бағынбайтын мемлекет тез қирайды, ал егер де басшы – заң болса мемлекет өрлейді, елі Құдайлардың ризалығында болады».

Аристотель (б.з.д. 384-322) мемлекет деген де оны Полисежелгі грек еліндегі қоғам мен мемлкеттің саяси-экономикалық ұйымы, қала-мемлекетті айтады. Негізгі саяси еңбектері - «Саясат», «Афиналық полития», «Этика», «Риторика». Аристотель бойынша, биліктің дұрыс түрі – монархия, аристократия, политияны жатқызады. Ал бұрыс түріне – тирания, олигархия мен демократияны.

Аристотель бойынша, демократия белгілі бір уақыттан кейін охлократияға – қара тобыр адамдардың билігіне айналады. Жалпы айтқанда, ойшыл демократияның барлық түріне қарсы болған. Аристотель: «адам – саяси жануар» деген.

Орта Заман саяси ой діннің ықпалы түседі. Үкімет басында дін иелері болды. Билік Құдайдың құдіретінен деп шығарылды. Осы заманның көрнекті өкілдері – Аврелий Августин, Фома Аквинский және көптеген басқалары. А.Августиннің саяси көзқарасы «Құдай қаласы туралы» деген еңбегінде баяндалған.

Христиан дінінің теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225-1274) өмір сүрді. Оның саяси көзқарастары "Билеушілердің басқаруы туралы", "Теологияның жиынтығы" деген еңбектерінде қаралды.

Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын котолик дінінің қағидаларына бейімдеуге тырысты. Атап айтсақ ол Аристотельдің адам қоғамдық және саяси тірі жәндік деген пікірін негізге алды. Жалғыз адам әу бастан өз мұқтаждығын, қажеттілігін жеке - дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан бірігіп мемлекет болып өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел баста жазылған деп түсіндірді. Мемлекеттік биліктің мақсаты - "ортақ игілікке" жету, адамдарға лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау. Ол үшін феодалдық-сословиелік жіктелудің сақталуы шарт. Жоғарғы сословиеге бәрі бағынуы тиіс. Фоманың ойынша, билік құдайдың құдіретімен орнайды және соның бұйрығымен жүзеге асырылады. Билік басындағылардың халыққа жасаған жақсылықтарының бәрі бір жаратушының арқасы деп түсіндірді. Сондықтан патшалық билік жоғары діни билікке бағынуы тиіс. Оның пайымдауынша аспанда құдай, жерде Рим папасы билеуі керек. Ол биліктің монархиялық түрін жақтады. Осыған ұқсас саяси көзқарас мұсылман дінінде де орын алды. Онда билік дін басыларының қолында болуын көздеді. Құранның талабы бойынша қай мұсылман болмасын Аллаға, оның өкіліне және билік иесіне бағынуы тиіс.

Әйгілі араб ойшылы Ибн Хальдун (1332-1406 жж.) өмір сүрген. Ол "өзінің Тарихқа кіріспе" деген еңбегіңце қоғам мен билік түрін ғылыми талдап береді. Адамның жануардан айырмашылығы сол ол билікті қажет етеді деген пікір айтады. Оның осы пікірі екі түрлі саяси қағидаға негіз болды:

 а) қоғамдық топтардың өзара дау-жанжалын шешудің қағидасы;

 б) басшы топтар билігінің шеңберлі айналу түрінің қағидасы.

  1. Қайта Өрлеу дәуірінің көрнекті өкілдері – Никколо Макивелли, Жан Боден.

Никколо Макиавелли (1469-1527) буржуазиялық жаңа саяси ойдың негізін салушы болды. Оның атақты шығармалары «Патша» («Государь», «Тақсыр»), «Тит Ливийдың бірінші онкундігі жөніндегі ойлар», «Флоренция тарихы». Макиавелли дінге қарсы болды. Саясаттану ғылымына жасаған жаңалығы: саясатты теологиялық түсінуден арылтып, саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдеді. Шындықтың тәжірибесі сенім емес, тәжірибе дейді, өткенді түсініп, осы күнгіні басқаратын – тәжірибелі ғылым. Саяси ойға «мемлекет» ұғымын алғашқы рет еңгізген. Оның әйгілі қағидалары: «Мақсат амалды ақтайды», «Басшы астындағы бағыныштылардың сүйіспеншілігіне бөлінбесе де қаһарына ұшырамас үшін елді қорқытып қатал болу керек» және басқалары.

Томас Мюнцер (1493-1525 жж.) Германиядағы Ұлы шаруалар көтерілісі кезіндегі "халық реформасы" ағымының ірі саяси қайраткері. Ол қоғамда шешуші рөл атқаратын саяси бағдарлама жасауды ұсынды. Бағдарламадағы негізгі талап, жеке меншікті жою мүліктерді біріктіріп, таптық айырмашылықтарды теңсіздікті, болдырмау жалпы бірдей теңдікті кіргізуді жақтады. Мюнцердің мұндай негізсіз, қарапайым коммунизмі кейіннен діни мазмұн алып өзгеріске ұшырады. Ниеті түзу прогресшіл рөл атқарғанымен, оның іс жүзіне асуы өте күрделі еді.

Мюнцердің замандастары алғашқы социалист утопистер Т. Мор мен Т. Кампанелла да халық мүддесін ойлап, келешек адамды адам қанамайтын қоғам туралы өз ойларын, тұжырымдарын білдірді.

Жаңа заманның буржуазиялық революциялары арқылы орналды, Ұлы Француз революциясының ұраны: бостандық, теңдік, бауырмашылық болды. Осы кездің әйгілі ойшылдары – Т.Гоббс, Джон Локк, Шарль Луи Монтескье, Жан Жак Руссо. Осы ойшылдардың еңбегінде қоғамдық келесімдік теориясы пайда болды. Бұл дәуірдің ағылшын ойшылы Томас Гоббс «мемлекет- жасанды дене, басындылар – тұтастың бөлігі» деген.

XVII-XVIII ғ.ғ. Солтүстік Американың Атлантикалық жағалауы Британия колонияларына айналды. Метрополия – коластында колониялары бар мемлекет. Колониялар метрополиядан толық тәуелді болатын. Америка халқының демократия жолында азаттық күресі Томас Джефферсон (1743-1826) атымен байланысты. Ол сол кездегі АҚШ-тың «Тәуелсіздік Декларациясы» авторы.

19 ғасырда коммунисттік және утописттік көзқарастарды қалыптастырған француз ойшылы Фурье болатын. Осы заманда утописттік социализм ілімін қалыптастырған – Сен-Симон, Фурье, Оуэн.

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: конфуцийшылдық, полис, монархия, аристократия, тимократия, полития, олигархия, тирания, охлократия, демократия, республика, утопия, марксизм, топтық күрес.

Дәріс№ 3. Саясат қоғамдық өмір жүйесінде. Саясаттың субъектілері.

Жоспар:

1. Салыстырмалы саясаттану түсінігі, түрлері.

2. Саясаттану субъектілері.

3. Саясаттанудың өнегелік және демократиялық мәні.

Әдебиеттер тізімі:

Хан И.Г. Саясаттану – Алматы, 2003 ж.

Қуандыков. Саясаттану негіздері. Алматы, 1998 ж.

Жамбылов Д.А. Саясаттану негіздері. Алматы, 2000 ж.

Василик М.А. Политология. М., 2000 ж.

Политология. Курс лекций. Под. ред. Мустафина Т.Т. Алматы, 1993 ж.

Панарин А.С. Философия политики. М., 1996 ж.

1. XX ғасырдың 50-шы жылдарында саясаттану пәнінде салыстырмалы саясаттану өрісі қалыптасты. Жалпы келгенде, салыстырмалы саясаттың негізінде – бихевиористтік және жүйелі әдіс тәсілдері жатады.

Көптеген әлеуметтік ғылым секілді, саясаттану өз пәнін басқа құбылыстармен, феномендармен салыстыру арқылы зерттейді. Мысалы, ежелгі заманның ойшылдары, Платон мен Аристотель салыстыру арқылы дамытқан. Нақты осы салыстыру әдісі негізінде Аристотель өзінің басқару теориясын қалыптастырған: монархия, олигархия, демократия. Сонымен қатар, Аристотель салыстыру тәсілі арқылы ежелгі грек-полистердің саясатын зерттеген.

Салястыру әдісін көп қолданған Ш.Л.Монтескье.

Осы салыстырмалы әдіс кеңінен әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарда 19 ғасырда қолданды. Кейбір оның бөліктері Германиядағы Совинья тарихи құқықтық мектебіне сипатамалы болды. Осы мектептердің ықпалымен 19 ғасырдың аяғында салыстырмалы саясаттың әдіснамасы қалыптасты. Оның қалаушыларының бірі – Фриман Э., ол өзінің «Салыстырмалы саясаттану» деген әйгілі еңбегінде кең таралған тезисті шығарды: «Тарих – ол саясаттың өткені, ал саясат – ол қазіргінің тарихы». Конституциалды мекемелердің тарихын зерттеу үшін салыстырмалы филология мен саясаттың тәсілдерін қолданып, Фримен әр елдің және мемлекеттің тарихи кезеңдерінің ұқсас қасиеттерін тауып, оны бір себеп арқылы түсіндіруге тырысқан.

Салыстырмалы әдіс АҚШ-та ерекше кең колданған. Сонымен, осында өз алдына саясаттанудың тарихи бағыт қалыптасты. Өнің өкілдері – Г.Б.Адамс, А.Уайт, Дж.Барджес және басқалары Американың саяси мекемелерінің тарихи қалыптасуын ежелгі германдардың басқаруынан көрген.

2. Саясаттану субъектілері.

Саясаттану субъектілері дегеніміз – әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер, саяси партилар, қозғалыстар жатады.

Субъект – белсенді іс-әрекет жасаушы, сана мен жігері бар жеке адам, немесе әлеуметтік топ.

Саясаттың субъектісі деген де өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер еңгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым немесе әлеуметтік топты айтады.

Саясат субъектісінің құрамы, іс-әрекет түрлері мен тәсілдері, көздеген мақсат-мүдделері және тағы басқа қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады. Саясаттың бас субъектісі – адам. Адамдарды саяси жұмысқа итермелейтін негізгі себеп – мұқтаждық пен мүдде.

Тұлғаның саяси өмірге белсене араласуының жан жақты маңызы бар. Мұндай қатынас арқылы адамның барлық қабілетін дамытуға мүмкіндік жасалады. Азаматтық қоғам мен саяси институттардың арасында тығыз байланыс орнайды.

Тұлға саяси субъект те, объект те бола алады. Адамдардың өз бойында мұндай қасиеттерді орнықтыруы үшін қоғамның құрылымында да қажетті өзгерістер жүзеге асуы тиіс. Адамның өзін еркін сезінуі, бостандығы тікелей заң жүзінде бекітілген құқығымен қорғалады. Адамның бостандыққа деген құқы іс жүзінде адамның жеке меншік құқымен өлшенеді. Адамның өмір сүруін қамтамасыз ететін жеке меншігі болмайынша, өзін емін-еркін сезіне алмайды. Қазір бізде меншікке деген көзқарастың өзгеруі, меншіктің түрлі формаларының өмір сүруіне еркіндік алуы азаматтық қоғамды қалыптастыруға қолайлы алғышарттар жасауда.

Биік парасатты адам қоғам алдындағы өзінің жауапкершілігін де жете түсінеді, соның нәтижесінде ол қоғам мүшелеріне міндетті деп танылған барлық талаптар мен міндеттерді бұлжытпай орындауға, қоғам, мемлекет алдындағы жауапкершіліктерін мүлтіксіз жүзеге асыруға, парыздарын өтеуге әрдайым бейім тұрады.

Әрбір адамда саяси, әлеуметтік, экономикалық құқықтары болады.

Қоғамның әлеуметтік құрылымы мен жіктелуін оқып-білудің маңызы өте зор. Себебі, қоғам өзінің қандай әлеуметтік топтардан, ал олар қандай жай-күй, жағдайда тұратындығын білуі керек. Олардың іс-әрекеті барлық қоғам институттарының қызмет ету сапасын, қоғам дамуының бағытын анықтайды. Қоғамның тұрпаты, саяси және мемлекеттік құрылымы оның қандай әлеуметтік топтардан тұратындығына, олардың қайсысы жетекшілік, қайсысы тәуелді жағдайда екендігіне байланысты.

Қоғамның жіктелуі және оның саясатқа әсері

Адамның қоғамдағы орны көптеген әлеуметтік белгілерімен сипатталады. Оған ұлты, тұратын жері, қоғамдық өндіріске қатысуы, қоғамдық еңбек бөлінісіндегі орны, кәсібі, білімі, табыс мөлшері, саяси билікті іске асыруға қатынасы және т.б. жатады.

Осындай бір немесе бернеше әлеуметтік белгілерімен бірлескен адамдар жиынтығын әлеуметтік топ дейді. Мысалы, жұмысшы, шаруа, зиялылар, орыстар, немістер, студенттер, зейнеткерлер, ауыл адамдары, қала адамдары, ой еңбегімен шұғылданатындар және т.б.

Адам саяси процесте белгілі бір әлеуметтік топтың өкілі немесе мүшесі ретінде қатысады. Олар жалпы қоғамдық өмірдің, оның ішінде саяси процестің басты субъектісі болып табылады. Сондықтан қандай да болмасын саяси іс-қимылдың сыртында біреулердің топтық мүддесі тұрады.

Қоғам үнемі даму үстінде, соған байланысты кейбір әлеуметтік топтар құрып, жаңа топтар пайда болады.

Олардың барлығы саяси үрдіске не белсенді не енжар араласуы мүмкін. Әрине, мұның бәрі сол топтардың, қауымның мүдделеріне, талаптарына және мұқтаждықтарына байланысты.

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: субъект, жеке тұлға, индивид, тарихы қозғаушы күштер, саяси процесс.

Дәріс 4. Саяси элита және саяси көшбасшылық.

Жоспары:

1. Саяси элита ұғымы, негізгі теориялар.

2. Саяси көшбасшылық.

3. Саяси көсбасшылықтың типологиясы мен функциялары.

Әдебиеттер тізімі:

Хан И.Г. Саясаттану – Алматы, 2003 ж.

Қуандыков. Саясаттану негіздері. Алматы, 1998 ж.

Жамбылов Д.А. Саясаттану негіздері. Алматы, 2000 ж.

Василик М.А. Политология. М., 2000 ж.

Политология. Курс лекций. Под. ред. Мустафина Т.Т. Алматы, 1993 ж.

Панарин А.С. Философия политики. М., 1996 ж.

1. «Элита» термині француз тілінен elite – іріктелген, таңдалған деп аударылады. 17 ғасырдан бастап, бұл термин таңдалған, атақты, жоғары мәртебелі адамдарды атауға қолданған.

Элита теориялары - әр әлеуметтік структураның қажетті бөлігі деп жоғарғы, ерекше құқықтары бар қатарды мойындаған әлеметтік-саяси концепцияларының жиынтығы.

Саясаттың сан алуан субьектілерінің оған ықпалы, әрине әр түрлі. Жеке азаматтар және әлеуметтік топтар күнделікті саяси өмірге тікелей қатынаса бермейді. Күнделікті саясатпен адамдардың ерекше қабаты айналысады , оларды ерекше басшы топ атайды. Саяси элита аталымын қалай түсінуге болады.

20ғ бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі , байлығы, беделі , билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді . Бұл аталымның этимологиялық маңызының екі аспектісі бар. Оның біріншісі элита өзіне белгілі бір сапалық қасиеттерді , айқын белгіленген интенсивті белгілерді жинақтайды. Екінші аспектісі , осы белгілерді кң жоғарғы өлшеммен бағалайды . Өзінің алғашқы этимологиялық маңызы бойынша элита түсінігінде ешқандай ізгіліктілікке, демократиялыққа қарсылық жоқ. Әдетте, жоғары сапалы жылқы тұқымы , дәннің тұқымы, спорт саласындағы элита т.б түсініктер пайдаланылады. Демек, адамзат қоғамында да адамдар арасында табиғи және әлеуметтік айырмашылықтар орын алып, бұл жағдайлар олардың басқару саласындағы мүмкіндіктерінің әр түрлілігінен, саяси және қоғамдық процестерге әр түрлі ықпалынан көрінеді. Осының өзі саяси элитаны айқын бейнелеген саяси- басқарушылық сапаны иеленуші ретінде сипттауға негіз болады.

Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші таңдаулыларға және олардың дегенін істейтін бағыныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады. Мысалы, Конфуций (б.з.б 551-479) адамдарды асыл азаматтарға және төменгі адамдарға бөлді. Платон билеуші-философтарға, әскерлерге, егіншілер мен кәсіпшілерге ажыратты. Алайда элитарлық теорияны көзқарастар жүйесі ретінде 20ғ басында итальян ғалымдары Г. Моска, В.Парето, неміс Р. Михельс және т.б қалыптастырды.

Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын “Cаяси ғылым негіздері” деген еңбегінде негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарылушыларға бөлінеді деді. Оған ұйтқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені жатқызды. Осы үш қасиет , оның ойынша, адамға басқарушылар ( элита ) қатарына кіруге жол ашады.

«Элита» терминін ғылымға алғаш енгізген Вильфредо Парето (1848-1923). Ол бойынша элита билік басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуның арқасында келеді. Ол идея жүзеге асқанда олардың энергиясы азайып, ізденісі баяулай бастайды. Олардың орнына жаңа идеямен жаңа элита билік басына келеді. Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни, бір элита екіншіні алмастырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып оытрады.

Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен бағынушыларға бөлінеді деді. Оған ұйытқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені жатқызады.. Осы үш қасиет адамға басқарушылар қатарына енуге жол ашады.

Саяси элита дегеніміз қоғамда билікті, байлықты және танымалдылықты иеленген жоғарғы топ. Қоғамның екіге басқарушыларға және бағынушыларға немесе элита мен бұқараға бөлінуі табиғи нәрсе, оған әсер еткен бірнеше факторларды айта кетуге болады. Олар:

Еңбектік бөлінуі;

Әлеуметтік құрылымның иерархиялы түрде болуы;

Басқарушы қызметтің жақсы сипатты иеленуі;

Көпшіліктің билікке, саясатқа қызықпауы.

Саяси элита бірнеше түрге бөлінеді. Олар:

Жоғарғы элита;

Ортаңғы элита;

Әкімшілік элита.

Саяси элитаның қалыптасуына байланысты екі жүйе қалыптасқан. Гильдия және антрепренерлік.

Антрепренерлік түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері, көпшілік жұртқа ұнай білу қабылеті басты орын алады. Мұнда кандидаттың байлығына. Кәсібіне, біліміне, мамандығына онша мән берілмейді. Жеке басының ерекше қабылеті мен қасиеттері арқасында элита құрамына өте алады. Элита да ол кандидаттың жеке принциптері мен көзқарастарына тосқауыл қоймайды.

Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяу болса да анық көтеріліп отырады. Мұнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар қойылады.

Оған кандидаттық білімі, адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі, партиялық стажы және т.с.с. жатуы мүмкін. Егер элитаның идеясына қарсы пікірлері болса ол кандидаттың элитаға өтпей қалуы мүмкін.

Антрепренерлік жүйе көбіне демократиялық қоғамда қалыптасса, гильдия жүйесі авторитарлық және тоталитарлық қоғамдарды кең таралған.

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: элита, іріктелген, гильдия, антрепренелік, көсбасшылық, басшылық.

Дәріс 6. Билік саяси феномен ретінде.

Жоспар:

1.Билік мәні, тұжырымдамалары

2. Биліктің негізі, ресурстары, элементтері

1. Билік мәні, тұжырымдамалары

Билік жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі анықтамалар мен тұжырымдамалар бар. Солардың негізгілеріне қысқаша тоқтала кетейік.

Телеологиялық анықтама билікті белгілі бер мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді. Мысалы, ағылшын ойшылы Т. Гоббс (1588-1679) билік болашақта игілікке жетудің құралы және өмірдің өзі өле-өлгенше билік үшін үздіксіз ұмтылыс деп жазды.

Бихевиористік анықтама бойынша билік деп басқа адамдардың жүріс-тұрысын, өзін-өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс-әрекеттің ерекше түрі.

Инструменталистік анықтама билікті белгілі бір құралдарды, амалдарды (зорлық-зомбылық, күштеу сияқты шараларды) пайдалану, қолдану мүмкіндігі деп біледі. Мәселен, Американың белгілі саясаттанушысы Р. Даль (1915 жылы туған) билік бір адамға екінші адамды өз еркімен жасамайтын іс-әрекетті жасауға мәжбүр ету мүмкіндігін береді дейді.

Структуралистік анықтама билікті басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынастың ерекше түрі деп ұғады. Олар кейбір адамдарды туғанынан, табиғатынан әміршіл, басқарғысы келіп тұратын болады, ал басқалары көнбіс, көнгіш, басқа біреу өз ырқын билеп, басқарып, жол көрсетіп тұрғанын ұнатады, қалайды дейді. Солардың арасында, олардың ойынша, билік қатынастары туады.

Конфликтік анықтама билікті дау-жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің құралы деп түсіндіреді.

Біраз ғалымдар билікті кең мағынасында басқаларға тигізілетін жалпы ықпал ретінде қарайды.

П. Моррис, А, Гидденс сияқтылар, жоғарыдағы көзқараспен келіспей, билікті біреуге немесе бірдеңеге тигізетін жай ғана ықпал, әсер емес, оларды өзгертуге бағытталған іс-әрекет дейді.

Америка саясаттанушылары Г. Лассуэл мен А. Каплан «Билік және қоғам» деген кітабында билікті шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігі ретінде сипаттайды.

Биліктің объектісі және субъектісі болады. Ол саяси өзгерістерге байланысты ауысып отырады.

2. Биліктің негізі, ресурстары, элементтері

Әдетте, «билік» деген сөз әр түрлі мағынада қолданылады. Оны ықпал ету бағытына, объектісіне байланысты былай етіп бөледі: ата-аналар билігі, мемлекеттік, экономикалық, саяси, әлеуметтік, құқықтық, әскери, рухани билік және т.б.

Саяси билік бар жерде теңсіздік бар. Мұнда біреулер билік етуге құқыты да, екіншілері оларға бағынуға міндетті. Бұл теңсіздік неден туады?Ол үшін саяси биліктің қарамағында теңсіздікті қамтамасыз ететін әдіс-құралдары бар. Оған жататындар:

Экономикалық қор. Қандай саяси билік болмасын оған қаржы-қаражат керек. Ұлттық валюта, алтын қор, материалдық құндылықтар, пайдалы қазба байлықтары және т.б. кіреді. АҚШтың Конституциясында кез келген АҚШ азаматы Президент бола алады деп көрсетілген. Бір тарихтағы президенттердің бірде-бірі кедей отбасынан шықпаған.

Әлеуметтік әдіс-құралдар. Үстемдік етіп отырған билік өзін қолдайтын, оның одан әрі өмір сүруіне мүдделі адамдар іздейді. Ондай рөлді ең алдымен оның мәртебелі, абыройлы, жалақысы мол қызметтерді атқаратын, көптеген жеңілдіктермен пайдаланатын қызметкерлері орындайды. Оларға көптеген рөлдер мен статустар беріледі.

Күш жұмсау құралдары. Олар мемлекетті қорғайды, ішкі тәртіпті сақтайды, саяси билікті құлатуға әрекет етушілерге мүмкіндік бермейді. Оған жататындар: әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, түрме және т,б,

Ақпарат құралдары. Қоғамдық пікір тудырып, саяси өмірге ықпал ету жағынан оны төртінші билік деп те атайды. Кейбір саяси қайраткерлер кім теледидарды бақыласа, сол бүкіл әлемді бақылай алады деп санайды. ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры деп тегін айтылмаған.

Саяси биліктің өзіндік қызметтері болады. Оған жататындар: қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру; оның саяси өмірін ұйымдастыру (ол мемлекет пен қоғам, таптар мен топтар, ассоциациялар, саяси институттар, мемлекеттік басқару органдары мен аппараттары, партиялар, азаматтар және т.б. арасындағы қатынастарды қамтиды); әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару; өкімет органдары, саяси емес процестерге басшылық ету,; саяси және басқа да қатынастарды бақылау және түптеп келгенде, белгілі бір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты, ашық және жабық қоғамды құру, қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қорғау; дау-дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу; қоғамдық келісімге, мәмілеге келу және т.б.

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: билік, билік легитимділігі, легализация, легитимация.

Дәріс 7. Саяси жүйе. Саяси режим және оның түрлері.

Жоспар:

1. Саяси режим ұғымы.

2. Антидемократиялық режимдер

Саяси режим деп саяси билікті жүзеге асыруға қолданатын әдіс-тәсілдердің жиынтығын және қоғамдағы еркіндік деңгейін айтамыз.

Қазіргі кезде саяси режимдерді үлкен екі топқа бөледі: демократиялық және антидемократиялық режимдер.

Демократия көне грек ойшылы Геродоттың еңбегінде кездеседі. Жалпы ежелге дәуірдің ойшылдары демократияны биліктің нашар түрі деп сынаған.

Демократиялық режимге халықты биліктің қайнар көзі деп санап, оған мемлекеттік істерді шешуге құқық берілген және ол үшін қажетті жаңдайлар жасалған биліктің түрі, қоғамның мемлекеттік-саяси құрылысы жатады. Мұндай тәртіпте азаматтардың негізгі құқықтары мен еркіндіктеріне кепілдік беріледі. Саяси мәселелер ашық талқыланады, биліктің шектен тыс шоғырлануына жол берілмейтін тетіктер жасалады, азаматтарға қолайлы құқықтар мен еркіндіктер, олардың саяси көңілін білдіру түрлері айқыедалады, жалпыға бірдей сайлау құқығы орнатылады.

Сонымен қатар, демократиялық режим мынадай белгілермен сипатталады:

Билік көзі халықта;

Сөз бостандығы;

Сайлаудың ашық жүргізілуі;

Азаматтардың тең құқықты болуы;

Азшылықтың көпшілікке бағынуы;

Демократиядағы ең негізгі фундамент ретінде сайлауды айтуға болады. Адал, шынайы сайыс арқылы, жүйелі түрде өткізілетін сайлау. Ол амал-айласыз, қулықсыз жүргізілсе және оны шынайы жүргізудің жолы табылғанда ғана адал болады. Егер мемлекеттік билік бір партияның қолында болса да сайлау адалдыққа жатпайды. Шынай сайыс арқылы дегенде өзінің кандидатурасын еркін ұсынуға мүмкіндігі бар әр түрлі топтар мен жеке тұлғалардың болуын айтады. Егер бір топтар қатысып, екіншілері қатыса алмайтындай болса, онда сайлау жарыс арқылы өтпегендігі.

Демокатияның негізгі тұжырымдамалары: плюралистік (М.Вебер, Г. Ласки және басқалары); ұжымдық (К. Маркс) және либералистік (Дж. Локк, Ш. Монтескье)

Антидемократиялық режим түрлеріне тоталитаризм және авторитаризм жатады.

Антидемократиялық режимдер

Тоталитарлық (латынның total - бүтін, тұтас деген ұғымын білдіреді) режим деп қоғам, адам өмірінің барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған мемлекеттік-саяси құрылымды айтамыз. Онды өндіріс, экономика, бұқаралық ақпарат құралдары, білім, мәдениет, адамдардың жеке өмірі – бәрі тек мемлекеттің бақылауында болады. Сөз бостандығы болмайды. Жеке меншік, бәсекелестік, нарықтық қатынастарға жол берілмейді. Азаматтық қоғамның элементтері жұмыс істегенімен, ол тұтасымен мемлекеттің қарамағында. Жеке басқа табынушылық, бір партияның идеялық күштілігі байқалады. Халық дін ретінде бір идеологияға сенеді, бағынады. Барлық іс-әрекеттер алдын ала жоспарланған, жоғарыдан түсетін бұйрық арқылы жүзеге асырылады, жекелікке, даралыққа жол берілмейді. Мемлекеттің идеясына қарсы шыққандарды «халық жауы» деп құртады. Оппозицияны болдырмайды.

Тоталитаризмнің үш түрі ХХ ғасырда болған. Ол Италиядағы Муссолини кезіндегі фашизм, Германиядағы Гитлер кезіндегі национал-социализм және Кеңес Одағындағы Сталин негізін салған коммунизм. Бұл мемлекеттегі идеологияның күштілігінен осы елдер өз уақытында ірі мемлекеттерге айналды.

Авторитарлық режим тоталитарлық қоғамнан демократиялық қоғамға өтетін кезең, бұл күшті тәртіпке негізделген, жеке адамның билігі қалыптасқан режим.

Авторитарлық режим Иордания, Индонезия, Морокко, Сауд Аравиясында, бұрынғы Кеңес мемлекеттерінде және т.б. елдерде қалыптасқан.

Авторитарлық режим кезінде тоталитаризмнің де демократияның да белгілері кездесе береді бұл қоғам өзінің қатаң тәртібі мен тұрақтылығымен ерекшеленеді, себебі мұнда қоғамды өзгеріске ұшырататын идеялар мен топтарға жол бермейді, заң жүзінде оларға қатаң бақылау жасалынға. Қоғамда сайлау, көппартиялық жүйе қалыптасқанымен ол мемлекетке тәуелді. Азаматтар биліктен алшақтатылған, билікті бақылай аламйды. Басқарудың күш көрсету құралдарын пайдалана отырып жүргізілетінін көруге болады. Мемлекет басында тұрған адам өзінің үстемдігін шексіз жүргізе алады. Оны шектейтін демократиялық элементтер, мемлекеттің тармақтарының болуы формалді түрде. Тағы да бір ерекшелік: мемлекет тұтас бақылаудан бас тартқан. Адам саяси жүйеден басқа әлеуметтік, экономикалық, мәдени және тағы да басқа салаларды өз таңдауын жүзеге асыра алады.

Әрине, әр халық өзіне лайық саяси режимді қалыптастыра алады. Бұған тек жоғарыдағы мемлекеттік билік қана емес сонымен бірге халықтың менталитеті де әсерін тигізеді. Сондықтан қай елде қандай режимнің қалыптасып, дамуы үлкен күрделі үрдіс болып табылады.

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: режим, демократия, авторитаризм, тоталитаризм, демократура, диктобланда, дәстүрлі қоғам.

Дәріс 8. Қазіргі заман демократия моделдері мен теориялары.

Жоспар:

1. Демократия мәні, пайда болуы және ерте замандағы демократия жайлы ұғымдар

2. Қазіргі кездегі демократияның негізгі теориялары

Демократия мәні, пайда болуы және ерте замандағы демократия жайлы ұғымдар

Демократия ұғымын бірнеше мағынада қолдануға болады: 1) мемлекеттің типі мен жалпы саяси жүйесі; 2) мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез келген ұйымның ұйымдастыру түрі; 3) қоғамдық құрылымның мұраты (идеалы) және соған сәйкес көзқарастар.

Демократияның классикалық теориясы антикалық дәуірден бастау алады. Бірақ өзіндік ерекшелігі ең алдымен барлық адамдар тең, бәрі де саяси шешімдерді қабылдауға қатысуы керек деген тезиске байланысты. Оны «Қоғамдық келісім» атты еңбегінде Ж.Ж. Руссо жан-жақты қарастырады. Оның ойынша, саяси процеске тартылған өз бетінше саналы іс-әрекет жасайтын, ақылды адамдар қосылғанда жаңа сапа пайда болады. Олар жабылып ортақ игілік теориясын ойлап табады. Бұл идея саясаттың басшы принципіне айналады және ортақ ерік, жігер, қайрат негізінде қалыптасады. Бәрі бас қосқан сайыстан кейін нашар жақтары алынып тасталып, жақсылыққа жету жолдары іздестіріледі. Сөйтіп, жалпы жұрттың ықтиярын, көзқарастарын жинап, топтастырып ортақ игілікке жетудің шешімін қабылдайды. Бұл тұжырымдама ХІХ ғасырға дейін басымдық етті.

Иозеф Шумпетер (1883-1950) австрия әлеуметтанушысы өзі аттас «шумпетерлік» теорияның негізін қалады. Оның ойынша, жалпы ықтиярлық, тілек барлық халықтың еркімен қалыптаспайды, оны жасайтын соған мүдделі кәсіби топтар. Демек, демократия ешқашан халықтың басқаруы болған емес. Халық тек белгілі бір арадағы институтты сайлайды. Ол өз кезегінде ұлттық атқарушы органды немесе үкіметті қалыптастырады. Бұдан кейін көпшілік іс жүзінде саясаттан шектейді. Сондықтан демократиялық тәсіл – Шумпетердің ойынша, жеке адамдардың халық дауысын алу үшін бәсекелік күрес нәтижесінде жететін институционалданған шаралар жүйесі. Қорыта келгенде, басқаратын халық емес, жеке адамдардың арасында бәсекелік күрес жүреді, ал халық бұл күресте солардың біріне дауыс береді.

Шумпетердің ойынша, демократияның ойдағыдай жұмыс істеуі үшін төрт жағдай керек:

Маңызды мемлекеттік қызметтерге сайлауға болатын айтарлықтай білікті, маман өкілдер тобы болуға тиіс.

Саяси органдар халық, негізінен, жақсы қабылдап, оларға өз көзқарастарын айта алатын шешімдер қабылдауы тиіс. Олай болмаса, шешімдердің легитимдігі жөнді болмайды.

Жауапкершілікті толық сезінетін, қызмет орнының абыройын жоғары бағалайтын дайындығы бар жақсы ұйымдасқан бюрократия болуы керек. Ол құрам орта тап өкілдерінен құралуы тиіс.

Саяси теорияның ғана емес, саяси мәдениеттің де элементі болып табылатын демократиялық өзін-өзі бақылау болғаны өте маңызды.Саяси процеске қатысушы әрбір адам өзін-өзі тежеп отырмаса, қандай демократия болуы мүмкін.

Қазіргі кездегі демократияның негізгі теориялары

Плюралистік, элитарлық, экономикалық, «ақпараттық демократия» және маркстік теорияларының идеялары негізінде демократияның үш түрін атап көрсетуге болады: тура,

плебисцитарлық, өкілдік. Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауда, билік жүргізуге тікелей араласады. Оның жақсы жақтары: халықты саясаттан

шеттетпейді, саяси жүйенің тұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырады; халықтың белсенділігін дамытып, тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне, танытуына жол ашады; саяси институттар мен қызмет адамдарын бақылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етеді, билікті теріс пайдаланудан сақтайды, басқарушы элитаның халықтан алшақтауына, шенеуліктердің бюрократталуына жол берілмейді.

Плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді. Оларға сайлау арқылы заңның немесе басқа шешімнің жобасын қабылдау немесе қабылдамау құқығы беріледі. Оны әдетте президент, үкімет, партия немесе басқа бастамашы топ дайындайды. Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатынасу мүмкіндігі аз. Оны біраз жағдайларды екіұшты сұрақтар қою және т.с.с. арқылы ұйымдастырушылар айласын асыру үшін де пайдаланады.

Өкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті органдарына беріледі. Азаматтар өздерінің көзқарастарының, мақсаттарының, бағдарламаларының жақындығына байланысты депутаттарды сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады. Оның жақсы жақтары – еңбектің айқын бөлінуі, шешім қабылдайтын адамдардың құзыреттілігі мен жауапкершілігі. Осал жағы – сайлау аралығында халықтың биліктің шеттетілуі, басқарудың бюрократиялануы, авторитарлық үрдістің өрістеуі және т.б.

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: демократия, демократизация, плюралисттік, тікелей демократия, классикалық либерализм, коллективисттік демократия.

Дәріс 10. Ел басқару түрлері мен мемлекеттік құрылым.

Жоспар:

  1. Мемлекет ұғымы.

  2. Мемлекеттің құрылымы.

Г. Гегель «Әрбір мемлекет өзіне сәйкес, сай келетін мемлекетті құрады».

Мемлекет ұғымы екі мағынада қолданылады. Біріншісі, «ел», «жұрт» деген мағынада тұтас территориясы халқымен алып түсіндірілсе, екіншісінде тек жоғарыды қолында билігі бар басшылар тобын ғана айтады.

Мемлекеттің белгілері:

Территория

Тәуелсіздік немесе егемендік

Мемлекеттік билік

Халық

Салық салу құқығы

Мемлекеттің пайда болуы туралы бірнеше тұжырымдамалар бар. Олар:

Қоғамдық келісім теориясы (Дж. Локк, Т. Гоббс);

Т. Гоббс: Мемлекет әлеуметтік келіспеушіліктерді шешуге және күш көрестуді легитимді қылдыру үшін құрылған.

Дж. Локк: Мемлекет билікті шектеу мақсатында құрылған

Зорлық-зомбылық тұжырымдамасы (Л. Гумплович);

Маркстік концепция (К. Маркс);

Теологиялық тұжырымдама (А. Августин);

Патриархалдық теория (Конфуцийден бастау алады).

Мемлекет түрлері мен қызметі

Мемлекет бірнеше түрлерге бөлінеді.

Басқару түріне байланысты: монархия (абсолюттік, дуалистік және конституциялық) және республика (президенттік, парламенттік және аралас).

Абсолюттік монархияға Сауд Аравиясы, Катар, Кувейт, Оман, Бруней жатады.

Конституциялық монархияға Бельгия, Испания, Люксембург, Монако, Ұлыбритания, Дания, Швеция, Нидерланды, Жапония, Норвегия жатады.

Дуалистік монархияға жататындар: Иордания, Марокко, Тунис.

Абсолютік монархияның белгілері:

  • монарх билігі Конституция немесе заңдармен шектелмеген;

  • Парламент жоқ, немесе оның іс-қимылы барынша шектелген.

Конституциялық монархияның белгілері:

  • Конституция монарх билігін шектейді;

  • монарх мемлекет символы ретінде, бірақ нақты биліктік құзыреті жоқ;

  • үкімет монарх алдында жауапты емес.

Дуалистік монархия белгілері:

  • билік монарх пен парламент арасында бөлінген;

  • монарх үкіметті тағайындайды;

  • монарх парламент шығарған заңға вето жариялай алады.

Парламенттік республикаға жататындар: Италия, Германия, Израиль, Индия, Греция, Австрия.

Президенттік республикаға жататындар: АҚШ, Индонезия, Иран, Ирак, Кипр, Швейцария (бұл мемлекетте үкіметтің міндетін президент атқарады, ол Парламент (Федералдық Жиын) арқылы Федералдық Кеңес (Үкімет) мүшелерінен бір жыл мерзімге сайланады, бір-ақ рет).

Президенттік республика белгілері:

  • Президент мемлекет басы және атқарушы билікті басқарады;

  • Президент үкіметті құрады;

  • Үкімет президент алдында жауапты;

  • Президент парламент шығарған заңдарға вето қоя алады.

Парламенттік республика белгілері:

  • Мемлекеттегі басты күш Парламент болып табылады;

  • Президентті парламент сайлайды;

  • Үкімет парламент алдында жауапты;

  • Үкімет парламентте көп орын иеленген партия арқылы құрылады;

  • Парламент үкіметке сенімсіздік вотумын жариялай алады.

Аралас республикаға жататындар: Франция, Перу, Португалия, Финляндия, Исландия.

Оның белгілері:

  • Президент жалпы сайлау арқылы сайланады;

  • Президент кең құзыреттерге ие;

  • Президент пен атқарушы билікті басқаратын премьер-министр Парламент алдында жауапты.

Мемлекеттік құрылымына байланысты: унитарлық (Польша, Франция, Турция, Египет, Япония, Швеция), федеративтік (Россия, АҚШ) және конфедеративтік болып бөлінеді.

Унитарлық мемлекетті біріктіреді:

  • ортақ Конституция;

  • ортақ заң шығарушы орган;

  • ортақ әкімшілік-территориялық бөліну;

  • ішкі шекараның болмауы;

  • ортақ саясат.

Унитарлық мемлекеттің кемшіліктері:

  • заң шығарушы аппараттың икемсіздігі;

  • аймақтардың мәселелерін ескермеу;

  • этностық топтардың пікірімен санаспау.

Федеративті мемлекет белгілері:

  • бірнеше Конституция, азаматтық құқық бар;

  • федеративті және аймақтық сот және атқарушы билік қатар жұмыс істейді;

  • территориялық бірліктердің өз бетімен федерациядан шығуға құқығы жоқ;

  • саяси салада орталыққа бағынған.

Конфедерация белгілері:

  • ортақ Конституция жоқ, тек құжаттарды қабылдағанда бірігеді;

  • азаматтық ортақ емес;

  • ортақ конфедеративтік сот жүйесі жоқ.

Діни белгісіне байланысты: зайырлы және діни болып бөлінсе, саяси режимнің қалыптасуына байланысты демократиялық, авторитарлық және тоталитарлық болып үшке бөлінеді.

Негізгі приоритетті қызметіне байланысты құқықтық және әлеуметтік деп бөлеміз.

Қазақстан Республикасы осылырдың ішінде қайсына жатады?

Мемлекет негізгі екі қызмет атқарады: ішкі және сыртқы. Ішкі қызметіне жататындар:

  • экономикалық салады мемлекет кәсіпкер, жоспаршы, уйлестіруші ретінде мәселелерді шешеді;

  • әлеуметтік өмірді ұйымдастырады;

  • заңдылықты қамтамасыз етеді;

  • мәдени-тәрбиелік салада жұмыс атқарады;

  • Сыртқы қызметіне жататындар:

  • мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау;

  • өзін-өзі билеу, егемендігін сақтау;

  • ауқымды мәселелерді шешуге араласу;

  • басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасау;

Сайып келгенде мемлекеттің басты міндеті – қоғамның тұрақтылығын орнатып, қалыпты тіршілігіне жағдай жасау.

Негізгі ұғымдар: унитарлы мемлекет, федерация, монархия, конфедерация, республика, парламенттік республика, президенттік республика.

Дәріс 11. Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам.

Ж о с п а р ы:

1. Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам мәні

2. Қос ұғымның бір-біріне қажеттілігі мен өзара қатынасы

1. Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам мәні

Бұл екі ұғым көптің аузына соңғы жылдары ғана ілікті. Бұрын 20-жылдары, кейінірек алпысыншы жылдардың басында біршама қолға алынып, кейін ұмыт болған-тын. Оның есесіне жалпы халықтық мемлекет және қоғамдық өзін-өзі басқару тіркестері қолданыла бастаған.

Қазір азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет қайтадан құжаттарға еніп, ғалымдар ден қоя бастады. Ал шындығында бұл екі ұғымның мән-мазмұны неде, ара-қатынасы қандай, шығыстық ойда қандай көрініс тапқан? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік.

Азаматтық қоғам тарихи жағынан мемлекеттен бұрын пайда болған,\. Азаматтық қоғам-адамдардың өмір сүруіне, тіршілік етуіне қажетті өзара қарым-қатынасының шарты. Өйткені адам тіршілік ету үшін бір-бірімен қатынас жасап, өзара қауымдасып еңбек етеді. Сөйтіп адамдар жаңа материалдық игіліктер жасайды, сол игілікті бөлісу, айырбастау, бірлесіп пайдалану үшін, бір сөзбен айтқанда, тіршілік тоқырап қалмау үшін түрлі әрекеттер жасайды, отбасы құрылып, бала сүйеді, топтарға, ұйымдарға бірігіп өз мүдделерін қорғайды. Адамдардың қауымдасуы өзінің белгілі бер даму кезеңінде өз қауымдастарының жеке бастары мен отбасы мүшелерінің, бірлестіктері мен ұжымдарының мүддесін қорғау, тыныштығын қамтамасыз ету үшін саяси күшті қажет етеді. Мұндай күш ретінде өмірге мемлекет келеді.

Азаматтық қоғам мен мемлекет бірлесіп, ынтымақтасып қатар бой түзеп өмір сүреді. Бірін бірі тежеп, бір бірінің қызмет аясына араласып, іштей текетіреске де барып отырады.

Мемлекет өзін азаматтық қоғамның өзу туғызып, оны соның өзі асырап, оның іс-әрекетін бақылап отырғанын кейде ұмытып, бар билікті өзуысында ұстауға тырысады. Азаматтық қоғам өз ықпалын әлсіреткен жағдайда, мемлекет өзінің зор күшіне еніп, жыртқышқа айналады. Қоғамның бүкіл ұңғыл-шұңғылына араласып, адамды басып-жаныштайды, адам бостандығы мен құқын аяққа басуға дейін барады.

Адамның өзі дүниеге келтірген саяси күш – мемлекет бірте-бірте оның өзіне ауыз салады, экономикалық қыспаққа салады, алым-салықты үдетіп, саяси жағынан қыспаққа алады, құқықтарын шектейді, заңсыздықтарға барып, адамдарды кейде жазықсыздан-жазықсыз жазалайды, айдауға жіберіп, түрмелерге жабады. Осыған орай адам мемлекеттің зорлық зомбылығын шектеуді қажет етеді. Азаматтық қоғамға иек артып, соның мемлекетті шектеу ықпалын пайдаланып, соған арқа сүйемек болды. Азаматтық қоғамды дамытуға күш салды.

Азаматтық қоғамды қалыптастыру, оны дамытуды мемлекет атаулыны жұтып қою немесе оны қоғамнан аластау деп түсіндеу керек. Бір сөзбен айтқанда, құқытық мемлекет дегеніміз азаматтық қоғамның қалыптасуының, оның жетіліп дамуының заңды жемісі деген сөз.

Көпшілік арасында азаматтық қоғам мен ұлттық мемлекетті бір біріне қарсы қойып, оларды бірін бірі теріске шығаратын антиподтық ұғым деп түсіну кеңінен етек алып отыр. Бұл әрине дұрыс емес. Азаматтық қоғам мемлекеттің ұлттық сипатына ешқандай да қарсылық көрсетпейді, керісінше ол құқытық мемлекеттің қалыптасуына қызмет етеді.

Құқықтық мемлекет орнықпайынша, әкімшіл-әміршіл жүйе бой көрсетуден танбайды, жеке адамның заңды құқы аяққа тапталып, мүлт кеткен шалыс қадамы жазаланып отырылады. Төрт-бес күнге көршілес елге барып қайту үшін де мемлекеттен

рұқсат сұрап, әуре-сарсаңға түседі. Мемлекет өз үстемдігін толық жүргізіп, адамдардың жеке ісіне, отбасына, сенім-нанымына да қол сұғып, жөн-жосықсыз араласудан біржола

арыла алмайды. Мұны тәртіпке келтіріп, мемлекеттің шексіз билігіне шектеу жасап, оның бәрін әділ қабылданған заңдармен реттеп, заңдастырып отыру – құқықтық мемлекеттің қызметі.

Азаматтық қоғам ұлт мүддесіне қарсы әрекет етпейді. Керісінше, адам құқығын қорғауға күш салады. Алайда, азаматтық қоғам мен ұлттық мемлекет деген ұғымдар қарсы қоюшылық та осындайдан туған. Бұл екі ұғым бір-біріне қарсы болатындай емес, екеуі екі деңгейде өрбитін ұғымдар. Азаматтық қоғам мемлекеттің ұлттық сипатына емес, мемлекеттің адам құқығы аяқ асты ететін әрекеттеріне қарсы бой көтереді, нағыз демократия үшін күреседі. Осыны ажырата білген абзал.

2. Қос ұғымның бір-біріне қажеттілігі мен өзара қатынасы

Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы бір бірімен өзара тығыз байланысты.

Азаматтық қоғам дегеніміз мемлекеттен өзін тәуелсіз сезінетін өндірушілер, игілікті жасаушылар, өздерін өздері басқарып отыратын кәсіпкерлер, кәсіподақтар, партиялар мен қозғалыстар, мәдени бірлестіктер, ғылыми қоғамдар, отбасы және дін ұжымдарының жиынтығы болып табылады. Ол мемлекеттің болат құрсауынан біртіндеп құтылып, жаңа әлеуметтік қауымдасуға бет алады. Азаматтық қоғамда адамның мәртебесі биіктеп, мәні арта түседі. Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін қызмет етеді. Бүкіл әлеуметтік топтар, қауымдар заң жүзінде белгіленген құқықтар мен мүмкіндіктергі ие болып, өз мүдделерін қорғауға мұрсат алады.

Азаматтық қоғам адамдар қауымдасуының жаңа сипаттағы биік белесі болып табылады. Бұл қоғамның қалыптасуы тек материалдық игіліктердің даму дәрежесімен ғана өлшенбейді, ол қоғам мүшелерінің рухани жетілу дәрежесімен, биік кескін-кейпімен сипатталады. Мұндай белес-дәреже біз үшін таяқ тастам жерде немес анау қырдың астында болмай тұрғаны белгілі. Сондықтан да азаматтық қоғам алғаш тәуелсіздік алған мемлекеттерде – алда тұрған жаңа белес.

Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы да бір жылдың ісі емес. Бұл мемлекет тұсында нендей бір таптың, партияның, топтың, билеуші бюрократияның диктатурасына жол бермейді, оның есесіне қоғам мүшелерінің барлығына мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға қатысуға. Лауазымды қызметтер атқаруға кең жол ашылады.

Демократиялық жағдайда қабылданған заңдар алдында мемлекет те, қоғамның әрбір мүшесі де бірдей жауапты. Заң мемлекетке де, азаматқа да бірдей қызмет етеді. Құқықтық мемлекет жағдайында заң қағидалары әрбір азаматтың бостандығын, пікір әрқилылығын, жариялылықты қорғауға тиісті. Құқықтық мемлекет беделге бас июшіліктен, шындықтан, әділдіктен жалтарудан аулақ болуға тиіс.

Азаматтық қоғам адамдардың өздерін еркін сезінуін, бас бостандығын, азаматтық қадір қасиетін, ар-ожданын қамтамасыз етеді.

Азаматтық қоғам тұсында адамдардың теңдік, қауіпсіздік құқықтары толық жүзеге асырылады. Адамның теңдігі дегеніміз олардың заң алдында бірдей құқықпен пайдалануы деген сөз, заң әрбір адамды қорғаса да, жазаласа да әрбір адамға ол бірдей талап қояды.

Адамдардың қауіпсіздігі – азаматтық қоғам үшін ең мәртебелі әлеуметтік ұғым.

Құқықтық мемлекетті орнықтыру да адамдардың ежелгі арманы болатын. Құқықтық мемлекетте заң емес, құқық қалай жүзеге асырылатыны арқылы саяси институттар мен олардың әрекеттеріне баға беріледі. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру биліктің ара-жігін ажыратып, оларды даралауға тікелей байланысты болмақ.

Құқықтық мемлекет - адам қоғамының өмір сүру формасының ең жетілген жоғары, биік сатысы. Жаңа тұрпаттағы мұндай сатыға мемлекеттік құрылым өз бетімен келмейді.

Ол көп шарттарға байланысты. Құқық жүйесі – қондырма, базистің өзгеруімен бірге ол да жаңа сипат алады. Заңды адамдар жазады, бірақ бұл олардың ойына келгенін қағазға түсіреді деген сөз емес. Заң қоғамдық құбылыстардың дамуын қамтамасыз ететін шынайы ішкі байланыстарды бейнелейді.

Халық ежелден еркіндікке, бостандыққа ұмтылған. Осы жолда небір тар жол, тайғақ кешулерді бастан кешірген.

Дәріс 12. Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар.

Жоспар:

1. Саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мәні, түрлері, ерекшеліктері

2. Партиялық және сайлау жүйелерінің ерекшеліктері

1. Саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мәні, түрлері, ерекшеліктері

«Партия» деген ұғым латын тілінен аударғанда «бөлік, бөлшек» деген мағынаны білдіреді. Алғашқы партиялар ежелгі Грецияда пайда болған. Жалпы партиялардың даму кезеңдері:

аристократиялық котерийлер (үйірмелер);

саяси клубтар;

көпшілік партиялар.

Саяси партиялардың түрлері өте көп. Мысалға: кадрлық, көпшілік, консерваторлық, реформаторлық, революциялық, заңды, заңсыз, басқарушы, оппозициялық, оңшыл, солшыл, орталық, парламенттік және антипарламенттік болып бөлінеді. Бұл партиялардың идеяларында, бағдарламаларында ерекшеліктері көрсетілген.

Қоғамдағы партиялардың санына байланысты, бірпартиялық, қоспартиялық және көппартиялық жүйелер қалыптасады.

Партиялардың негізгі қызметтері:

жекелеген пікірлерді, мүдделерді біріктіру, жүйелеу, қоғамдық деңгейге көтеру;

басқа партиялармен бәсекелестікте болу;

белсенді мүшелерін саяси элитаға енгізу;

мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы байланысты тұрақты ету, дамыту;

қоғамның дамуына байланысты белсенді жұмыстар атқару.

Саяси партиялардың қоғамдық ұйымдардан айырмашылығы, олардың басты мақсаты – мемлекеттік билікке ұмтылу, ал қоғамдық ұйымдар билікке ұмтылмайды, тек өзінің алдына қойған жалғыз мәселесін шешуге тырысады.

Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар көп. Олардың бағдарламалары, алдарына қойған мақсаттары анық көрсетілген. Партиялардың демократиялық қоғамды орнатуда маңызы өте зор. Қазақстандық партиялар әлі қалыптасу үстінде деп айтуға болады.

2. Партиялық және сайлау жүйелерінің ерекшеліктері

Мемлекеттің саяси жүйесіндегі маңызды буыны – сайлау. Оның сипаты өкіметтің сайланбалы органдары құрамына әсер ететіні сөзсіз.

Сайлау жүйесі дегеніміз - өкімет органдарына ашық сайлаумен байланысты және сайлау тәртібін айқындайтын қалыпты қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Оның негізгі құрамдас бөліктері төмендегідей:

берілген дауысты санау тәсілі мен депутаттық мандат беру мағынасында алып қарағанда, сайлаудың саяси ұйымдастырылуы бейнеленеді;

сайлау процесі сайлаудың тікелей ұйымдастрыу жағын көрсетеді.

Сайлаушылардың берген даусын санау тәсілі мен депутаттық мандат беру ретіндегі сайлау жүйесі дамыған шетелдерде абсолютті көпшілікті мажоритарлық жүйе (Франция), пропорционалды жүйе (Австрия, Бельгия, Франция), аралас жүйе түрінде қолданылады.

Енді осы сайлау жүйелеріне байланысты қолданылатын сайлау кампаниялары, жарнама, ПР, сайлау үлгілеріне тоқталып, олардың Қазақстанда қолдану ерекшеліктеріне мән беруге тырысамын. Демократия көшіне бет алған тәуелсіз мемлекетіміздің кәсіби тұрпатта кемелденуін саралаудың мақсатты жолында төл сайлау жүйесін жетілдіру үшін әлемдік өркениет тәжірибесіне де назарымызда аударуымыз қажет деп ойлаймын.

Жоғарыда айтылғандарды қарасақ, алыс және жақын шет елдердегі саяси технологиялар тәжірибелерін және либералдық демократиялық дамуын зерттеудегі әдіснамалық негіздің пайда болуы мен даму тарихына деген қызығушылық заңды және негізі бар құбылыс болып табылады. Соңғы жылдары қазақстандық қоғам терең, сапалы өзгерістерді басынан өткеруде, ол әлеуметтік-саяси жүйенің фундаменталды параметрлерін радикалды құрастыруымен байланысты. Мемлекеттің саяси іс-әрекетке монополиясынан бас тартуы, плюралистік және полисубъекті ретінде қазақстандық саяси өмірдің қалыптасуы жаңа парадигмаларды қажет етеді және практикалық қайта құру саласында, саяси нақтылықты теориялық ұғыну жағынан да осындай талаптар бар.

Дәріс 13. Саяси мәдениет, саяси идеология. Қазақстан Республикасының ұлттық идеясы.

Жоспар:

1. Саяси мәдениет ерекшелігі, құрылымы

2. Саяси әлеуметтену кезеңдері, түрлері және агенттері

1. Саяси мәдениет ерекшелігі, құырылымы

Саясаттану ілімінде бұл тақырыптың маңызы зор. Ол нақтылы саяси жүйенің сипатын, қазіргі саяси тәртіптің мәнін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін, саяси процестердің даму жолын және бағытын түсінуге жол береді.

Саяси мәдениет дегеніміз, қоғамдағы саяси идеялардың, принциптердің, құндылықтардың, саяси дәстүрдің жиынтығы. Ол қоғамдағы кез келген саяси іс-әрекетті бағыттап, бақылай алады. Саяси мәдениеттің бірнеше элементтері бар. Олар:

Саяси стереотип (қағида) – саяси билік, саясат туралы қарапайым, эмоционалды сезімге негізделген білімсіз түсінік.

Саяси сана – саналы және санасыз, рационалды және иррационалды, нормативті және эмперикалық сезімдер мен түсініктердің жиынтығы.

Саяси менталитет – ірі әлеуметтік топтардың әлеуметтік- психологиялық сапалы тұрақты жағдайы.

Саяси белгі – саясаттағы коммуникативті қызмет атқарушы.

Саяси әлеуметтену – адамның қоршаған ортаның құндылықтарын меңгере отырып, сол ортаға бейімделу процесі.

Бұдан басқа саяси мәдениетке идеология, дін және саяси ориентация кіреді. Қоғамның саяси өмірінде дін айтарлықтай орын алады. Бұрынғы Кеңес Одағы кезінде дін қудалауға түсіп, саяси өмірден шететтілуінің, атеистік идеологияның үстемдік етуінің салқыны өз сарқыншағын Қытай қоғамына да қалдырды.

Бұл жұмыста көңіл аударатын бір мәселе – мемлекет пен діннің ара қатынасы.

2. Саяси әлеуметтену кезеңдері, түрлері және агенттері

Саяси әлеуметтену адам өмірінде маңызды орын алады. Оның басты кезеңдері:

Саясилану;

Персонификация;

Идеологизация;

Институционализация.

Саяси әлеуметтену агенттеріне жататындар:

отбасы;

дос, жолдастар;

мектеп;

БАҚ;

саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар.

Саяси әлеуметтенудің екі түрі бар: тікелей әлеуметтену және қосалқы әлеуметтену.

Тікелей әлеуметтену дегеніміз, мемлекеттің өзі мүдделі болып келеді. Ол өз азаматтарын өзі тәрбиелеп, олардың саяси әлеуметтенуін өзі қадағалайды.

Ал қосалық саяси әлеуметтенуде, бұған мемлекет араласпайды, тұлға өз қабылеті мен тілегі бойынша сол қоғамына бейімделіп, сол мемлекеттің құндылықтарын меңгереді.

Дәріс 14. Саясаттағы дағдарыстық және қақтығыстық жағдайлар.

Жоспар:

1. Саяси дау-жанжал және дағдарыс

2. Этносаяси дау-жанжалдарды шешу жодары

1. Саяси дау-жанжал және дағдарыс

Жанжал деп әрбір қарсы жақты қолайсыздықта ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама-қарсы мүдделердің, пікірлердің, көзқарастардың қайшы келуін, елеулі келіспеушілікті, өткір таласты айтамыз.

Саяси жанжалдар өзінің даму барысында бірнеше кезеңдерден өтеді. Алғашқы кезеңде кмкілжіңдерге негіз туады. Қоғамның кейбір салаларында қиындықтар пайда болады. Оларға айтарлықтай мән бермесе, өрби түседі. Мысалы, адамдардың өмір сүру деңгейі төмендейді, құқық сақтау, адамгершілік тәртіптері бұзылады. Әділетсіздікті бұрынырақ сезетін қарсы жақтың алдыңғы қатарлы адамдары өздерінің келіспеушіліктерін білдіре бастайды. Келесі кезеңде келіспеушілік, наразылық ашық айтылып, алғашқы қақтығыстар болуы мүмкін. Билікті халық мойындағанда, оның заңдарын дұрыс түсініп, өз ерістерімен орындағанда билік. Сонда оның беделі де, халықты бағындыратын сиқырлы сыры да болады. Ал мынадай кикілжіңде басқарушы элитаның қылмыстары ашылып, беделдері кетіп, оларға деген сенімсіздік туады. Одан кейін екі жақтың арасында ашық қарсылықтар, қақтығыстар болады. Егер мұның бәріне жол табылып, шешілмесе, дау-жанжал өркениетті түрден шығып, қарулы қақтығысқа айналады.

2. Этносаяси дау-жанжалдарды шешу жолдары

Сондықтан қазір көбіне шиеленістерді дер кезінде шешуге тырысады. Оның екі жолы бар:

Шиеленісті мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады. Онда екі жақ бірін-бірі ұғынысып, өзара кешірімділік жасасып, ортақ келісімге келеді.

Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады.

Екі жақты татуластырудың кең тараған түрі – кліссөздер. Ол арқылы қарсы жақтың пікірі, дәлелдері белгілі болады, күштің арақатынасы айқындалады, келісімнің шарттары анықталады.

Этносаяси жанжал тудыратын мәселелердің бірі – этникалық ұлтшылдық. Ол идеология немесе қозғалыс ретінде көрініс беруі мүмкін. Ондай этнос негізгі үш мақсатты алға қояды:

автономия мен өзін-өзі басқаруды қамтамасыз ету;

белгілі бір жерге, аумаққа иелік ету құқығын алу;

өз мәдениетін жалпымемлекеттік мәдениетпен бірдей мәртебеге жеткізу.

Дәріс 15-16. Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар. Қазіргі заман әлемдік саяси процессінің ерекшелігі. Әлемнің геосаяси құрылымындағы Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік қызығушылықтары.

Жоспар:

1. Қазақстанның геосаяси жағдайы

2. Қазіргі кездегі әлемдік саясаттағы күрделі мәселелер

Қазақстанның геосаяси жағдайы

ХХІ ғасырда интеграциялық үрдістер әлемдік жүйедегі өзара байланыс пен өзара тәуелділікке алып келеді.

Қазақстанның Шығыс пен Батыстың арасындағы байланысты орнатудағы орнының ерекшелігіне байланысты осы елдің саясаткерлерінің саяси ойларына шолу жасалық.

Президентіміз Назарбаев Н.Ә. былай деп өз ойын айтады: «Біздің басымдықтарымыз сол күйі өзгеріссіз қалуы тиіс – белсенді, жан-жақты және теңестірілген сыртқы саясат, ол ХХІ ғасырдың үніне қарсы айтылған жауап, ұзақмерзімді ұлттық мүддені қамтамасыз етуге бағытталған».

Президент Қазақстанның Шанхай Ынтымақтастық ұйымына аса назар аударады, ТМД-ні реформалауға дайын екенін ескертеді. Оның Шығыс елдеріне қатысты жаңа ойларының бірі Орталық Азия мемлекеттерінің достастығына байланысты.

XV ғасырдың аяғына дейін Орталық Азия әлемдік экономикадағы маңызды аймақтардың бірі болды. Біздің аймақ Батыс пен Шығысты байланыстырып отырды. Халықтар территорияларға, ұлттарға бөлінбеді. Жібек жолының тоқтауынан бұл аймақ арта қалды. Енді 500 жылдан кейін бұл жер қайтадан әлемдік экономика үшін маңызды экономикалық аймақ бола бастады. Біз өзіміздің транзиттік мүмкіндіктерімізді бекіте бастадық, әлемдік нарықта құнды тауарларды таситын елдің бірі бола бастадық. Ол: мұнай, газ, кен және ауылшаруашылық шикізаттары. Қазірден белгілі, бұрынғы Жібек жолын жаңғыртатын мұнай газ жолдары мен авто- және темір жодарды салу басты мақсат болып отыр.

Міне, осының бәрі Азияда сенім шаралары мен қауіпсіздік орнатуға бағытталған жемісті дипломатикалық қызмет болашағына айтарлықтай көлеңке түсіреді. Кейбір азия елдерін мүдделері бойынша топтастыруға талпыныстар болған жоқ деп айтуға болмайды. СЕНТО, СЕАТО, АНЗЮС және басқа әскери – саяси блоктарға сілтеме жасасақ та жеткілікті. Алайда бұл ұйымдар егес сипатындағы нақтылы міндеттерді шешу үшін құрылғандықтан олардың қызметтері аймақта бұрынғыдан да үлкен тұрақсыздық туғызды. Екі алып держава АҚШ пен КСРО және екі бітіспес қоғамдық-саяси жүйелердің қарама қарсы тұру дәуірінде әскери-саяси блоктардың қызметінен басқаша нәтиже күту мүмкін емес болатын.

Аймақтық интеграцияның сәтті мысалдарын АСЕАН мемлекеттері неғұрлым анығырақ көрсеткен тәрізді. 1968 жылы Сингапур, Малайзия, Тайланд, Филиппин, Индонезия жаңа АСЕАН бірлестігін құрды. Осы ұйымды құру туралы мәлімдемеде оның басты мақсаты негізінен халықтардың экономикалық гүлденуіне жәрдемдесу, кооперация мен интеграция негізінде тиісті мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты қалыпқа келтіру деп көрсетілген болатын. Алайда мұқият бақылаушылар үшін бұл бірлестіктің шын саяси мәні құпия емес те еді.

Міне, осының бәрі Азияда сенім шаралары мен қауіпсіздік орнатуға бағытталған жемісті дипломатикалық қызмет болашағына айтарлықтай көлеңке түсіреді. Кейбір азия елдерін мүдделері бойынша топтастыруға талпыныстар болған жоқ деп айтуға болмайды. СЕНТО, СЕАТО, АНЗЮС және басқа әскери – саяси блоктарға сілтеме жасасақ та жеткілікті. Алайда бұл ұйымдар егес сипатындағы нақтылы міндеттерді шешу үшін құрылғандықтан олардың қызметтері аймақта бұрынғыдан да үлкен тұрақсыздық туғызды. Екі алып держава АҚШ пен КСРО және екі бітіспес қоғамдық-саяси жүйелердің

қарама қарсы тұру дәуірінде әскери-саяси блоктардың қызметінен басқаша нәтиже күту мүмкін емес болатын.

Аймақтық интеграцияның сәтті мысалдарын АСЕАН мемлекеттері неғұрлым анығырақ көрсеткен тәрізді. 1968 жылы Сингапур, Малайзия, Тайланд, Филиппин, Индонезия жаңа АСЕАН бірлестігін құрды. Осы ұйымды құру туралы мәлімдемеде оның басты мақсаты негізінен халықтардың экономикалық гүлденуіне жәрдемдесу, кооперация мен интеграция негізінде тиісті мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты қалыпқа келтіру деп көрсетілген болатын. Алайда мұқият бақылаушылар үшін бұл бірлестіктің шын саяси мәні құпия емес те еді.

Қазіргі кездегі әлемдік саясаттағы күрделі мәселелер

Терроризмнің кең таралуына, оынң өте-мөте Азия құрлығында көбірек етек алуына байланысты бұл құбылыстың табиғаты жөнінде әр түрлі пайымдаулар пайда болуда. Кейбір саясаттанушылар тіпті әлде бір террористік өркениеттің пайда болғаны, қазіргі заманғы әлемді батыстық үлгіде жаңғыртуға, яғни, жаһандастыруға өзіндік жауап ретінде деген сәуегейлікті де айтады. Белгілі зерттеуші С. Хантингтонның пікірінше, терроризмнің тамырлары «батыс имперализмі» саясатында және оның жиырмасыншы ғасырдың басым көпшілігі бойына мұсылман әлемінде үстемдік жүргізуінде жатыр. Сонымен қатар, «бұл мұсылман халықтарының өз мемлекеттері ішіндегі сыбайлас жемқорлыққа, үкіметтердің тиімсіз жұмысы, олардың қуғын-сүргін әрекеттеріне және өздері осы режимді қолдайды деп білетін батыс елдеріне қарсы жауабы».

Жаһандастыру жағдайында - әлемдегі экономикалық, мәдени және қаржылық байланыстардың бір біріне тартылысуы және бірігуі кең көлем алып, күшеюде – біз көбіне «орын кеңістігінде» емес, «ағымдар кеңістігінде» өмір сүреміз. Бұл кеңістік «қысқарып» келеді, уақыт «жоғалып келеді», біз «қысылып бара жатырмыз» және сондықтан да бәріміз бірігіп те келе жатқандаймыз.

Алайда адамзат қауымы өзінің даму барысындағы ең бір күрделі кезеңді басынан өткеруде, әлем бір жағынан ұйымдасқан, екінші жағынан хаосқа кірген, бір жағынан жаһандасуда, екінші жағынан локалдықты жақтайды, бір жағынан бірігеді, екінші жағынан бөлінеді.

Саясаттанушылар ескертеді: әлемде үлкен соғыс жүріп жатыр, бірақ ол атыссыз, оқсыз, соғыс тіршілік үшін соғыс. Бұл соғыстың жаңа түрі - әлемді билеу үшін психологиялық және экономикалық соғыс. Бәсекелестік әлемде әмбебап кредоға, идеологияға айналған. Трансұлттық компаниялар планетаны тұтас бір жаһанды базар деп есептейді. Жаһандастыру мемлекеттер арасындағы өзара бейбітшілікке қауіп тудырады – осы жағдайда қарамағында, яғни қол астында жаңа технологиялар мен арзан, бірақ жоғары білікті жұмыс күшін иеленген кейбіреулер ғана бекіп, өзін өзі көрсетіп тұрақтап қала алады.

Сонымен бірге кең таралған пікірлер де бар. Мысалы, жаһандастыру саяси билік пен ұлттық мемлекеттерді басқаруды құртуға әкеледі, бұл Д. Беллдің формуласы бойынша «үлкен тұрмыстық мәселелерге бұл кішкентай болуы, керісінше кішкентайларға- тым үлкен болуы мүмкін». Бұл жағайда жаһандастырудың бесігі – Батыс болғандықтан, олар жаһандастыру тенденцияларын ойлап шығаруда.

Студенттердің өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Саясаттану пәні деген не?

  2. Саясаттану пәні қашан қалыптасты?

  3. Парадигма деген не?

  4. Саясаттану зерттеудегі қандай парадигмаларды айталасыз?

  5. Бихевиоризм деген не?

  6. Саясаттанудың теологиялық концепциясының мәні не де?

  7. Конфуцийдің негізгі идеялары не де?

  8. Платонның саяси көзқарасы қандай?

  9. Аристотельдің атақты еңбектерін атаңыз?

  10. Орта заман саяси ойдың ерекшелігі не де?

  11. Н.Макиавеллидің саясаттану пәніне еңгізген жаңалығы?

  12. АҚШ тәуелсіздігінің декларациясының авторы кім?

  13. Қазақ халқының алғашқы ұстазы?

  14. Қазақ халығының атақты ғалымы, этнография зерттушісі?

  15. Қазақ даласында алғашқы мектеп қашан ашылды?

  16. «Жас қазақ» қоғамдық-саяси ұйымының басқарушысы кім?

20. Мына пікір-таласқа сіздің позицияныз қандай:

бір жағы бойынша, құқықтық мемлекеттің заң алғышарттығы, қажеттілігі және үстемділігі болуы керек,

екінші жағы бойынша, құқықтық мемлекетте жеке адамның бостандығы, оның қызығуларымен құқықтығының қорғауы ұстем болу керек.

  1. Қай мемлекетте бірпартиялы жүйе? Қай мемлекет екіпартиялы және көппартиялы?

  1. 3.АҚШ, Германия және Қазақстан еліндегі лоббизм қалай іске асады?

  2. 4.Идеология және пропаганда қалай ерекшелінеді? Қандай идеология бейсаналы түрде еңгізіледі?

  3. 5.Батыс-Шығыс-Қазақстан саяси мәдениетінің ерекшеліктерін салыстырыңыз.

  4. 6.Тарихи материалдарды еске алып, нақты саяси шиеленіс жағдайы қашан және неден пайда болғанын талдаңыз.

  5. «Басшы халықтың сүйіспеншілігіне бөлінбесе де каһарына ұшырамас үшін елді қорқытып қатал болуы керек» - кімнің сөзі?

  1. Адам – саяси жануар деген сөйлем кімдікі?

  1. Мемлекеттің теократиялық концепциясы нені білдіреді? Оның негізін салушы кім?

  2. Абсолютті суверенитет деген не? Бұл теорияның қалаушысы кім?

  3. Мемлекет ұғымын саясатқа еңгізген кім?

  4. Американ саяси ғылымдар ассоциациясы қай жылы құрылды?

  5. Мемлекетті «саяси агрегат», «саяси қоғам» деп салыстырмалы түрде қараған кім?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]