Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

5-таырып.оамны леуметтік жктелуі

.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
35.53 Кб
Скачать

5-тақырып. Қоғамның әлеуметтік жіктелу (стратификациясы) және әлеуметтік мобильділік теориясы

1. Қоғамның әлеуметтік топқа жіктелуі.

2. Әлеуметтік жіктелу теориясы және оның мәні.

3. Әлеуметтік мобильділік және оның түрлері.

4. Қазіргі Қазақстандағы әлеуметтік жіктелу мен мобильділік үдерісі.

1.Сабақтың мақсаты: қоғамның әртүрлі жіктен тұратынын ұғындыру, әлеуметтік мобильдік теориясымен таныстыру, бұларды Қазақстан тәжірибесінде көрсету.

1. Қоғамның әлеуметтік жіктелуі туралы айтпас бұрын, оның құрылымын не құрайды дегенді айқындап алған жөн. Әлеуметтік құрылым дегеніміз қоғамның ішкі құрамы, қызмет жағынан бір-біріне тәуелді және бір-бірімен тұрақты байланысты болатын әлеуметтік элементтердің жиынтығы. Ал оның элементтері болып индивидтер, әлеуметтік қауымдастық және әлеуметтік институттар саналады.

Қоғамның әртүрлі топқа жіктелуі ертеден белгілі. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы ІV ғасырда өмір сүрген гректің ұлы ойшылы Платон тұңғыш рет қоғамның құрылымын талдауға ұмтылып, оның негізгі үш әлеуметтік жіктен тұратындығын атап көрсеткен болатын. Біріншісі - мемлекетті басқарушы философтар, екіншісі – мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жауынгерлер не күзетшілер, үшіншісі – мемлекеттің өмірін қамтамасыз ететін егіншілер мен қолөнершілер.

Адамдардың жікке бөлінуі құлдық және феодалдық қоғамда айқындала түсті. Жоғары жікке- құл иеленушілер,феодалдар, дворяндар, дін иелері, ал төменгі жікке — қолөнершілер, құлдар, шаруалар, көпестер жатқан. Жіктік мәртебелер атадан балаға мұра ретінде беріліп отырған.

ХVIII—XIX ғасырларда Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерінде "тап" деген ұғымның мәні негізделіп, қоғамда таптардың бар екеңдігін мойындалды. Мысалы, позитивистік көзқаратың ірі өкілі, ағылшын философы Сен-Симон (1780-1825) қоғам дамуын таптармен байланыстырды,өз шығармаларында жұмысшы табын азат ету туралы жазды. Ал К. Маркс қоғамның таптық құрамын негіздеп, алғаш оның әлеуметтік құрылымы (яғни,қоғамды таптарға, топтарға, жікке бөлу) теориясын жасады және ол бұлай бөлудің негізгі, бастыбелгісінөндірістік құрал-жабдықтарына меншік нысанымен байланыстырды.

Қазақтың тұңғыш ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов да өз кезіндегі патрирхалдық-феодалдық қоғамның құрылымына ой жіберіп, оныең ірі екі әлеуметтік топқа: бір жағынан, сұлтандар мен билер, байлар мен қожалар болып, қазақ қоғамының мәртебелі тобына, екінші жағынан, «дала пролетариаты» деп атап, кедейлер тобына бөлген болатын. Қоғамдағы әлеуметтік топтар жөнінде Ыбырай Алтынсаринде де, Абайда да ойлар бар.

ХІХ ғасырда теориялық әлеуметтануда қоғамның құрылымы мен дамуы туралы марксистік және позитивистік көзқарастар болды. Марксистік ілім бойынша, қоғамның құрылымы жеке меншікке негізделген негізгі екі таппен айқындалады. Сондай-ақ таптың белгілерін бойына толық сіңіре қоймаған әлеуметтік жіктердің болатыны да атап көрсетілді. Ал қоғамның құрылымы туралы позитивистік тұжырым (трактовка) экономикалық және әлеуметтік саяси қатынастардың субъектілерінің диапозонын, шеңберін кеңейтті. Мысалы, М. Вебер қоғамның тапқа жіктелуінің объективті экономикалық негіздері бар деген К. Маркстың ойымен келісе отырып, басқа да факторларды атап көрсетті. Біріншіден, М. Вебер таптық айырмашылықтар тек меншіктің болу, болмауымен байланысты емес, сол сияқты адамдардың жоғары білімінің болуына, мамандық түріне, кәсіби дәрежесі мен шеберліктеріне де байланысты дейді. Екіншіден, М. Вебер адамның мәртебесін - саяси партияға, яғни билікке қатысуын да жіктеудің өлшемдеріне енгізеді. Қоғамдағы тапқа бөлінуге әсер ететін осы факторларды ескере отырып, ол 4 түрлі таптарды атап көрсетеді: капитал иелері, интеллектуалдар мен менеджерлер, басқарушылар, дәстүрлі ұсақ буржуазия мен жұмысшы.

Сондай-ақ позитивті ұстанымдағы әлеуметтанушылар қоғамның әлеуметтік құрамын марксистер сияқты тек өзара күрес жағдайымен ғана емес, жарасымдылық пен өзара тәуелділік арқылы түсіндірді. Мысалы, Э.Дюркгейм «Қоғамдық еңбектің бөлінуі» атты ең басты еңбегінде өзінің әлеуметтанулық тұжырымының өзегін құраған әлеуметтік келісім мен ынтымақтастық (теория солидарности) теориясын зерттеген болатын.

2. ХХ ғасырда осындай ойлар әлеуметтік жіктелутеориясын жасауға негіз болды. М.Вебер, П.Сорокин, Т.Парсонс, Р.Мертон және т.б. таптық түсінікті алып тастамай, әлеуметтік құрылымның негізгі элементі ретінде ғылыми айналымға жік немесе страта деген түсінік ендірді. "Страта" латын тілінде жік, қабат деген сөзден туған, ол геологияда жер қыртысының қабаттарын білдіреді. Әлеуметтік жіктердің (қауымдастық) арасындағы қарым‑қатынас, қызмет ету ерекшеліктері, өзгерістері мен дамуы әлеуметтік құрылымның басты өзегі саналып, ол әлеуметтік жіктелу (стратификация) теориясы деп аталады.

Әлеуметтік құрылымды зерттегенде әлеуметтік жіктелу теориясы қоғамдағы барлық топтардың әлеуметтік-экономикалық, саясижағдайын айтарлықтай толық және терең сипаттайтындай белгілерді (өлшемдерді) басшылыққа алады: меншікке ие болудың сипаты, табыстың мөлшері, мұрагерлік, білімнің деңгейі, мамандық мәртебесі, кәсіби шеберлікпен белсенділік, биліктің аумағы, ұлттық ерекшеліктер және т.б. Осылардың негізінде әлеуметтік жіктің жоғары, орташа және төменгі сияқты басты үш деңгейі айқындалады. Сондай-ақ әлеуметтік топтар бір белгінің негізінде жіктелсе (мысалы, табысының мөлшеріне немесе билік жүргізуге қатысына қарай т.т.) ол бір өлшемдік жіктеуге жатады. Егер бірнеше белгінің негізінде болса, ол көп өлшемдік жіктелу болып саналады.

Қазіргі әлеуметтік жіктелу (стратификация) теориясының негізін салушы, ресейлік және американдық ғалым П.А. Сорокин (1889-1968) болды. Ол қоғамдағы адамдардың жоғары және төменгі топтарға жіктелуіне әсер ететін факторларретінде экономикалық, кәсіби, саяси белгілерді атап көрсетті. Бұл айырмашылықтар адамдардың табыс, білім дәрежесі, билікке қатысы және мамандықмәртебесі жағынан теңсіздікке әкеледі. Сонымен қатар П.А.Сорокиннің ойынша, адамдарды жіктелуге әкелетін белгілер бір-бірімен сабақтас, байланысты.Байлығы бар жоғары экономикалық топтардың өкілдерібір жағынан жоғары саяси және кәсіби топтарға жатса, екінші жағынан, олардың билікке,жоғарыкәсіби топтарға енуіне мүмкіндігімол. Сондай-ақ билігі бар адамның жоғары кәсіби дайындығы да бар,байлығы да бар болады.

Ал американдықәлеуметтанушы Т. Парсонс қоғамдағы әлеуметтік жіктелуді үш топқа біріктіреді. Біріншісіне- адамның туа бітті факторлары: дене бітімі, этникалық тегі, жыныстық, жастық ерекшеліктері, туыстық байланыстары мен интеллектуалдық қабілеті және т.б.;Екіншісіне ‑қызмет түрі, мамандығы және кәсіби деңгейі;Үшінші топқа материалдық және рухани құндылықтар мен артықшылықтар жатқызылды.

Қазіргі әлеуметтанушылар арасында қоғамның әлеуметтік құрылымын 4 жіккебөлу тұрақталды. Олар мыналар:жоғары тап, орта тап, жұмысшы табы және төменгі тап.Жоғары тапқа ірі меншік иелері - қаржы және өнеркәсіп магнаттары, жоғары билік элиталары ‑ мемлекет президенттері, премьер-министрлер, министрлер, жеке ведомстволар мен мекеме басшылары және т.б. жоғары санаттағы шенеуніктеркіреді. Бұлардың қоғамдағы үлес салмағы аз, олар дамыған елдерде шамамен халықтың 1%-ын құрайды.Алайда, олар жоғары мәртебесі мен шамадан тыс байлығы арқасында қоғамның экономикалық және саяси өмірінде шешуші рөл атқарады. Осымен қатар кейбір елдерде жоғары тапқа білім және мәдени дәрежелері, қоғамдағы мәртебелері жоғарышенді әскери топтар мен шығармашылық интеллигенцияның танымал өкілдері де жатады.

Адамзат дамуының соңғы кезеңінде өз қатарына әртүрлі әлеуметтік топтардың, мамандықтардың өкілдерін біріктірген орта таптың қоғамдағы рөлі ерекше.Олархалықтың 50-60 пайызын құрайтындықтан және жоғары мамандық иелерінен тұратын негізгі интеллектуалдық күш болудың нәтижесінде қоғамдағы әлеуметтік тәртіп пен тұрақтылықтың тірегі болып отыр.

Орта таптың өкілдері де сан алуан. Олар тұрақты, сенімді қызмет орындары, жоғары табыстары және заман талабына сай өмір салттары бар мәдениет, білім, ғылым, денсаулық, дін салаларының қызметкерлер, орта және шағын кәсіп иелері, маманданған жұмысшылар және т.б. Әрине,олар экономикалық және саяси тұрғыдан тәуелсіз, тиісті меншік (жер, құңды қағаздар, қозғалмайтын мүліктері, т.б.) иелері. Алайда, орта таптың өз ішінде оның өкілдерінің билікке қатыстарына, кәсіби және білім деңгейлеріне, табыстарының көлеміне қарай:а) жоғары орта тап;ә) орташаорта тап;в) төменгі орта тап болып жіктеледі.

Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс заманында жұмысшы табы еңбегінің мазмұны, сипаты, оның бейнесі өткен дәуірдегіден мүлдем өзгерді. Олардың тұрақты табыстары, белгілі бір дәрежеде білім және кәсіби дайындықтары жеткілікті. Сол себепті олар механикалаңдырылған және автоматтандырылған өндіріс салаларында ‑ зауыттар мен фабрикаларда, ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен халыққа қызмет көрсету салаларында белсенді еңбек ете алады.

Төменгі тап та құрамы жағынан сан алуан. Оларға арнайы мамандықтары жоқ жұмысшылар, жұмыссыздар, қайыршылар, босқындар, қылмыскерлер және т.б. жатады. Бұлардың көпшілігінің тұрақты табыс көздері болмағандықтан, олар абсолюттік кедейшілік жағдайда өмір сүреді.

3. Қандай бір қоғам болмасын оның әлеуметтік құрылымы тұрақты өзгеріске ұшырап отырады. Бір құрылымдағы адамдар екінші бір құрылымға ауысып, олардың қоғамдағы рөлдері мен мәртебелері үздіксіз қозғалыста болады. Мұндай өзгерісті ғылыми жағынан тұңғыш негіздеп, арнайы «әлеуметтік мобильдік» теориясын жасаған атақты американ әлеуметтанушы П.А. Сорокин. Ол бұл терминді 1927 жылы енгізген.

Сонымен адамдың белгілі бір әлеуметтік топтан, таптан, жіктен екінші әлеуметтік жағдайға ауысуын "әлеуметтік мобильдік" дейміз. Бұл индивидтер мен топтардың әлеуметтік кеңістік пен құрылымдағы өз мәртебелері мен рөлдерінің өзгеруіне байланысты орындарын ауыстыруы. Бұл арада П. Сорокинғылыми айналымға ендірген әлеуметтік кеңістік туралы түсініктің орны бөлек.

Әлеуметтік мобильдік жеке немесе ұжымдық болуы мүмкін. Ұжымдық мобильділік қоғам өмірінде, құрылысында ірі өзгерістер тудырады. Бұл экономикалық немесе саяси-идеологиялық салада кездеседі. Сондай-ақ мобильдіктің тік және көлденең сызықтың бойымен болатын екі типі бар. Тік мобильдік - жоғары өрлеу және төмен құлдырау, яғни кері кету бағытында бір жіктен екінші бір жікке ауысуының нәтижесіңде индивидтің әлеуметтік жағдайының өзгеруі. Көлденең мобильдікте индивид тек көлденең сызық бойында қозғалысқа түседі де, оның әлеуметтік жағдайы мен мәртебесі ешбір өзгеріске ұшырамайды.

Әлеуметтанушылар сондай-ақ мобильдік құбылысының екі өлшемін атап жүр. Олар - мобильдіктің жылдамдығы және көлемі. Әлеуметтік мобильдіктің жылдамдығы белгілі бір уақыт пен кеңістіктегі әлеуметтік иңдивидтің жоғары өрлеуі немесе төмендеуінің қарқынымен өлшенеді. Жоғары өрлеу мен төмендеудің уақыты әртүрлі болуы мүмкін. Мәселен, біреулер жылдам жоғары мәртебеге ие болып жатса, екінші біреулер ондай дережеге түрлі сатылардан өтіп, ұзақ уақыт жібереді. Ал мобильдіктің көлемі өзінің әлеуметтік мәртебесін өзгерткен индивидтің санымен өлшенеді.

Әлеуметтік мобильдіктің жылдамдығы мен қарқыны неге байланысты деген сұрауға ғалымдар әртүрлі пікірлер білдіреді. Дегенмен бұл,біріншіден, жеке тұлғаның сапалық қасиеттеріне байланысты; Екіншіден, жеке адамның тік өрлеу бағытында қоғамның қуатты экономикасы мен саяси жүйенің демократиялық сипатына байланысты. Мұндай дамыған елдерде халықтың үштен екі бөлігі мобильді болып келеді және вертикалды өрлеу бағытындағы мобильдіктің көлемі жоғары. Американ әлеуметтанушылары АҚШ-тағы әлеуметтік мобильдіктің қарқынын зерттеу нәтижесінде тік жоғары бағыттағы мобильдік басым деген қорытындыға келген. Батыс ғалымдары постиндустриалдық қоғамдарда "орта таптың" тік бағыттағы көтерілу үлесі өсіп отырғандығын айтады.

3. Тік мобильдік жоғары өрлеу және төмен құлдырау, яғни кері кету бағытында болады.

Британ әлеуметтанушысы Э. Гидденс тік мобильдікке жан-жақты талдау жасап, өз қоғамындағы төмен құлдыраудың себептерін адамның психологиялық күйзеліске ұшырауынан (мысалы, жақын адамынан айырылу, сәтсіздіктерге ұшырау, т.б.) деп түсіндірген. Осыған байланысты индивидөзінің бұрынғы мәртебелік дәрежесінен айырылады. Бұған индивидтің жұмысынан босауы да жатады.

Көлденен мобильдікте индивид тек көлденең сызық бойында қозғалысқа түседі де, оның әлеуметтік жағдайы мен мәртебесі ешбір өзгеріске ұшырамайды.

Әлеуметтік мобильдікке әсер ететін факторлар бар және олар микро және макро деңгейде қарастырылады. Бірінші деңгей индивидтің тікелей өзін қоршаған әлеуметтік орта, сондай-ақ өзінің өмірлік ресурстары. Екінші деңгей – бұл қоғамдағы экономиканың жағдайы, ғылыми-техникалық даму деңгейі, саяси режимнің сипаты және т.т.

4. Нарықтық экономика Қазақстан қоғамның әлеуметтік құрылымына зор әсер етіп отыр. Бұл меншік нысанының алуан түрлілігі құрылымның күрделене түсуін күшейтті. Меншіктің жеке, корпоративтік, акционерлік, ұжымдық, жартылай жеке, жартылай мемлекеттік және т.б. сияқты жаңа типтері қалыптасуда. Орта, кішігірім мекемелерге, сауда үйлеріне, мейманханаларға, дүкендерге, әртүрлі акционерлік қоғамдарға қожалық ететін топтар пайда болды. Соның нәтижесінде тәуелсіздіктің 20 жылында жаңа әлеуметтік және экономикалық жағдайдан құрамы жағынан сан алуан таптар, топтар, жіктер пайда болды, бұл үдеріс күшейе түсуде. Олар: бизнесмендер, кәсіпкерлер, фермерлер, банкирлер, алуан түрлі жеке фирмалардың, дүкендердің, қонақ үйлерінің, мейманханалардың және т.б. жеке меншік иелері. Мұндай топтардың қатарына кеше айлығынан басқа ештеңесі жоқ мұғалімдер, дәрігерлер, мәдение қызметкерлері және т.б. қосылды. Осылардың нәтижесінде Қазақстанда ауқатты, дәулеті орташа, кедей адамдар пайда болды. .

Қазақстанда меншік иелері – ірі, орта және шағын кәсіпкерлікпен айналысатын бизнесмендер тобы қалыптасу үстінде, оларқоғамның ілгерілеп дамуына елеулі ықпал ететін заңды әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Бірақ олардың көлемін санмен көрсету әзірге қиын. Еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік тұрақтануында орта және шағын бизнестің рөлі зор. Сондықтан бұл бағытты дамытуға мемлекет тарапынан кейінгі кезде көп көңіл бөлініп отыр.

Қазіргі қазақ қоғамының кейбір әлеуметтік жікке бөлінуінің бағыттары біршама өзгерістерге ұшырады. Мүліктік белгілер бойынша қатты бөліну жүріп жатыр. Ең байлар және ең кедейлер жіктері қалыптасуда. Сонан соң жұмыспен қамтылу құрылымында да өзгерістер бар. Жаңа мамандықтар алу, өз-өзінің жұмыс табуы дәстүрге айналды.

Осы жағдайларды ескере отырып, Қазақстаңдағы әлеуметтік иерархияны шартты түрде жоғары тап, орта тап, төменгі тап деп бөлуге болады. Алайда бұлардың өзі бір текті емес, әртүрлі деңгейде.

Қазіргі Қазақстан қоғамында бір таптың, топтың, жіктің екінші бір тапқа, топқа, жікке тік ауысуыжәне көлденең сызықтары арқылы қозғалуы біршама жиі болып отыр. Мысалы, республикада бұдан 4‑5 жыл бұрын орташа табысы бар немесе кедей адамдар қазіргі уақытта бай коммерсанттарға, бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, банкирлерге айналды, көбі өз алдына мекеме, мейманхана, қонақ үйлердің, дүкендердің және т.б. қожайындары болды. Бірақ, бұлардың кейбіреулері қайтадан қарыздар болып, кедейшілікке ұшырауда.Мұндай құбылыстардың болып тұруы республикада нарықтық экономиканың әлі жетілмегендігімен, қоғамдағы демократиялық үдерістердің әлсіздігімен, әлеуметтік әділеттілік принциптерінің тиісінше қорғалмауымен, заңдылықтардың қатаң сақталмауымен, қоғам мүшелерінің құқықтарының кейде бұрмалануымен түсіндіруге болады.

Қазіргі қазақ қоғамының кейбір жікке бөліну бағыттарын былайша белгілеуге болар еді.Жұмыспен қамтылу құрылымында өзгерістер баяу жүріп жатыр. Өндіріс орындары мен ауыл шаруашылық саласының қарқынды дами алмауы адамдарды өз бетімен жұмыс табуға мәжбүрлеп отыр. Мүліктік белгілер бойынша қатты бөліну жүріп жатыр. Ең байлар және ең кедейлер жіктері жылдам қалыптасуда. Қоғамның әлеуметтік сипатын анықтайтын орта таптың қалыптасуы баяу жүруде. Мұның сан алуан себептері бар.

Бақылау сұрақтары

1. Әлеуметтік жіктелу (стратификация) дегеніміз не?

2. «Әлеуметтік жік» ұғымы нені білдіреді?

3. Әлеуметтік стратификация теориясының негізі салушы кім?

4. "Әлеуметтік мобильділік" дегеніміз не?

5. Тік және көлденен мобильдіктерді түсіндір?