Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
казахский 1.doc
Скачиваний:
224
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
194.05 Кб
Скачать

51. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Арал экологиясы - ..... әлемнің мәселесі.

А) барша

52. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – ... адал адамзаттың отан сүйгіштігінің белгісі.

А) барша

53. Жалпылама мәнді сөзі бар сөйлемді керсетіңіз.

А) Туған жердің тауы да, тасы да - бәрі де ыстық маған.

54. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді белгілеңіз.

Оған .... мәрте айтқан соң жауап берді.

А) бірнеше

55. Көп нүктенің орнына қажетті нұсқасы қойыңыз.

Адамның ... кездері жабырқап отыратын сәттері де болады.

А) кейбір

56. Белгісіздік мәнін білдіретін сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.

А) Біреулер дүкенге барса, біреулер базарға барады.

57. Көп нүктенің орнына тиісті нұсқаны қойыңыз.

...дің қатесі – ...ге сабақ.

А) Біреу

58. Белгісіздік мәнін білдіретін сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.

А) Сөзін әлденеше қайталап, нықтап отыратын.

59. Белгісіздік мәнін білдіретін сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.

А) Бұл түйінді басқа біреу шеше алмайды.

60. Қимыл иесі белгісіз нұсқаны көрсетіңіз.

А) Кейбіреулер ісіне енжар қарайды.

61. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Бұл жөнінде ... мәселе қозғалған жоқ.

А) ешқандай

62. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

... де менің анамдай тамақ дайындай алмайды.

А) Ешкім

63. Болымсыздық мәнін білдіретін сөзі бар сөйлемді керсетіңіз.

А) Одан басқа ешкім де ауыз су мәселесіне мән бермепті.

64. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Адам үшін өмірден бағалы ... жоқ.

А) ештеңе

65. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді белгілеңіз.

Кішкентай баласымен ... бара алмай қалды.

А) ешқайда

66. Болымсыздық мәнін білдіретін сөзі бар сөйлемді керсетіңіз.

А) Ауылдағы ешбір жан сайлауға салғырттықпен қарамады.

67. Сөйлемді толықтырыңыз.

Бүгін ол әдемі киініп ... .

А) алыпты

68. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Астана Саммитіне келетін шетелдіктерге қонақүйлер... .

А) бөлініпті

69. Бұрын орындалып кеткен іс-әрекетті көрсетіңіз.

А) Қонақ та кеше кешке бақты аралап қайтыпты.

70. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Ол қандай мәселелерді талқылау керектігін ... .

А) айтыпты

71. Бұрын орындалған іс-әрекетті керсетіңіз.

А) Таңертең теледидардан қызық хабар айтылыпты.

72. Бұрын орындалған іс-әрекетті керсетіңіз.

А) Әпкем таңғы асқа тәтті тоқаштар мен сусындар әзірлепті.

73. Бұрын орындалған іс-әрекетті керсетіңіз.

А) Анам кешкі асқа манты пісіріпті.

74. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Отандық өнімдер тұтынушылардың көңілінен ... жүр.

А) шығып

75. Көп нүктенің орнына қажетті тіркесті қойыңыз.

Далаға шықсам, жаңбыр ... .

А) жауып жатыр

76. Осы сәтте орындалып жатқан іс-әрекетті білдіретін сөйлемді көрсетіңіз.

А) Айымгүл ағасына хат жазып отыр.

77. Сөйлемді толықтырыңыз.

Бүгін күн ....

А) бұлттанып тұр

78. Көп нүктенің орнына қажетті тіркесті қойыңыз.

Ол дүкеннен азық-түлік ... .

А) алып тұр

79. Осы сәтте орындалып жатқан іс-әрекетті білдіретін сөйлемді керсетіңіз.

А) Алмас оны туған күнімен құттықтап, тілек айтып тұр.

80. Осы сәтте орындалып жатқан іс-әрекетті білдіретін сөйлемді керсетіңіз.

А) Біздің сынып Наурыз мерекесіне дайындалып жатыр.

81. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.

Дәрігер дәрісімен ғана ..., тілімен де емдейді.

А) емдемейді

82. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Ағам ұсақ-түйек нәрселерге көңіл ... .

А) аудармайды

83. Орындалмаған іс-әрекетті көрсетіңіз.

А) Ал Асқар Нұрсұлуды да, Жанарды да танымайды.

84. Мақалды толықтырыңыз.

Ас қадірін тоқ ..., Ат қадірін жоқ... .

А) білмес

85. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді белгілеңіз.

Еліміз ғылым-білімсіз алға ... .

А) жылжымайды

86. Орындалмаған іс-әрекетті көрсетіңіз.

А) Жас маман әлі жұмыс жайын жақсы түсінбеді.

87. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Ұлттық мәдениеті жоқ ел ешқашанда егеменді ел ... емес.

А) болмақ

88. Көп нүктенің орнына тиісті сөз тіркесін қойыңыз.

Мен уақытымды бос ... .

А) өткізбек емеспін

89. Мақсатты түрде орындалмаған қимылды табыңыз.

А) Қалижан ағасына мұғалімнің ескертпесі туралы айтпақшы емес.

90. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Бұл мәселені бүгін ... емеспін.

А) талқыламақ

91. Көп нүктенің орнына қажетті тіркесті қойыңыз.

Енді ол досымен жиі... .

А) кездеспек емес

92. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Осыдан кейін ол ауыр жұмыс ... емес.

А) істемек

93. Мақсатты түрде орындалмаған іс-әрекетті табыңыз.

А) Осы демалыста студенттер жорыққа шықпақ емес.

94. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз:

A) Мәтінде халықаралық фестиваль туралы ақпарат беріледі.

95. Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.

A) Халықаралық фестиваль тарихы

96. Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны таңдаңыз.

A) «Азия даусы» сайысы – халықаралық байқау.

97. Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты таңдаңыз.

A) «Азия даусына» Өзбекстаннан келген «Карс» тобы қатысты.

98. Мәтіннің бірінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.

А) Фестиваль - өнер мен достықтың мерекесі

99. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Жұмыс аяқталайын ... жатыр.

A) деп

100. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Балжан анасына көмектесіп ... керек.

A) болса

101. «Деп» қимылдың жасалуға дайын екенін білдіретін қызметін көрсетіңіз.

A) Гүл ашылмайын деп тұр.

102. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыз.

Ертең ауа райы ашық ... жақсы ... еді.

A) болса, болар

103. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Айдар мына шаруаны тез істеп ... екен.

A) болса

104. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Бакуде орнатылған тутұғыр әлемдегі ең биік нышан ... саналып келген болатын.

A) деп

105. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

«Оқып білім мен ғылымды меңгер», -... өсиет етті бабам.

A) деп

106. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Спортты денсаулықтың кепілі... білемін.

A) деп

107. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Болашақта заңгер боламын ... отырмын.

A) деп

108. «Де» етістігі мақсат мәнін білдірген сөйлемді көрсетіңіз.

А) Дана досының жағдайын сұрайын деп келді.

109. Сөйлеушінің мақсатын білдіріп тұрған сейлемді белгілеңіз.

А) Туған күнімді мейрамханада өткізейін деп мәзірді қарай бастадым.

110.Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Ол дәрігердің қабылдауына ертең келетін .... үйіне қайтты.

A) боп

111. Сөйлемді толықтырыңыз.

Шахматтан өтетін жарысқа бес жұп қатысатын .... қуанып қалдық.

A) болып

112. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Осадан кейін тіл тазалығын сақтау туралы БАҚ ... бастады.

A) жазғыштай

113. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Болған жағдайды ... отыра бердім.

A) білмегенсіп

114. Кенеттен (байқаусызда) орындалған іс-әрекетті көрсетіңіз.

А) Қатты сасқалақтаған Айман жарыста құлап қалғанын айтып қойды.

115. Төл сөздің төлеу сөзге айналған толық нұсқасын белгілеңіз.

Әкеме «Бүгін жұмыстан ертерек сұранып кел, ағамның қызының бүгін тойы екенін ұмытпа», - деді анам.

A) Анам әкеме жұмыстан ертерек сұранып келуді, ағасының қызының тойы екенін ескертті. B) Әкем анама ертерек жұмыстан келуді тапсырды, себебі бүгін - туған күн кеші.

116. Толымды және дұрыс жауапты белгілеңіз.

Көңілін сұрап барған әріптестеріне емдеуші дәрігер: «Берген дәріні ішпейді, жастығының астына тастай береді. Ауруға ем керек, дәріні ішпесе, қалай жазылады?» - деп айтыпты.

A) Көңілін сұрап барған әріптестеріне емдеуші дәрігер берген дәріні ішпейтінін, жастығының астына тастайтынын, ауруды дәрімен емдемесе, жазылмайтынын айтыпты.

117. Жас маманның не туралы айтқанын көрсетіңіз.

«Біз жаңа технологияны өндіріске қарқынды түрде енгізуіміз керек», - деді жас маман.

A) Жас маман жаңа технологияны өндіріске қарқынды түрде енгізу керектігін айтты.

118. Сәуленің сөзін басқа адамға жеткізіп тұрған нұсқаны табыңыз.

«Қаражат жетпейтін сияқты», - деді Сәуле.

A) Сәуле қаражаттың жетпейтінін айтты.

119. Төл сөздің төлеу сөзге айнапған толық нұсқасын белгілеңіз.

Бауыржан Момышұлы:

- Басыңдағы бақыттың қадірін қонғанда білмейсің, ұшқанда білесің, - дейді екен.

A) Бауыржан Момышұлы бастағы бақыттың қадірі қонғанда емес, ұшқанда білінетінін айтады екен.

120. Толымды және дұрыс жауапты белгілеңіз.

- Театр өзін-өзі қаржыландыра алмайды, - деді актер.

A) Актер театрдың өзін-өзі қаржыландыра алмайтындығын айтты.

121. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырыңыз.

«Тіл жоқ жерде ұлт жоқ», - деген Ш. Айтматов.

A) Ш. Айтматов тіл жоқ жерде ұлт болмайтынын айтқан.

122. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырыңыз.

Ы. Алтынсарин: «Байлық - қанағат пен еңбекте», - деген.

A) Ы. Алтынсарин байлықтың қанағат пен еңбекте екенін айтқан.

123. Төлеу сөздің төл сөзге айналған түрін табыңыз.

С. Сейфуллин тіршіліктің негізі - еңбек екендігін айтқан.

A) С. Сейфуллин: «Тіршіліктің негізі - еңбек», - деді.

124. Сөйлемдегі ой желісіне толық сай келетін нұсқаны көрсетіңіз.

Б. Момышұлы отбасының өнегесі - Отан өнегесі екендігін айтқан.

A) «Отбасының өнегесі - Отан өнегесі», - деді Б. Момышұлы.

125. Төл сөзді табыңыз.

A) «Жақсы сөз - жарым ырыс», - деген ғой дана халқымыз.

126. Төл сөзді көрсетіңіз.

A) Айнұр одан: «Енді не істемекшісің, Кәмшат?» - деп сұрады.

127. Төл сөзді табыңыз.

А) «Бауыржан өте батыл адам болған», -дейді көзі көргендер.

128. Төл сөзді көрсетіңіз.

A) «Әлия мен Мәншүк - шығыстың қос жұлдызы», - деді тарихшы ағай.

129. А. Байтұрсыновтың өз сөзін көрсетіңіз.

А. Байтұрсынов тіл жойылса ұлт жойылатынын жазған.

A) «Тіл жойылса, ұлт та жойылады».

130. Мекеме басшысының өз сөзін табыңыз.

Мекеме басшысы көп балалы отбасыларға қаржылай көмек көрсетілетіні туралы хабарлады.

A) «Көп балапы отбасыларға қаржылай көмек көрсетіледі».

131. Наташа орыс қызы болса да, қазақ тілін ... меңгерген екен.

A) жетік

132. Бекер сөзіне мағыналас сөзді көрсетіңіз.

A) бостан-босқа

133. Іс-әрекеттің қалай істелгенін сипаттайтын қатарды көрсетіңіз.

A) Біраз уақыттан соң Ержан көлігін әрең-әрең жөндетті.

134. Іс-әрекеттің қалай істелгенін сипаттайтын сөзді көрсетіңіз.

A) Қатысушылардың ішінде бастық болмаған соң ол емін-еркін сөйледі.

135. Көп нүктенің орнына сәйкес сөзді қойыңыз.

Мақпал қазақ халық әндерін өте ... айтады.

A) жақсы