Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Экология б

.docx
Скачиваний:
26
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
20.86 Кб
Скачать

Білім беру саласы: «Таным»

Экология негіздері

Айы,апта Тақырыбы

Бағдарлама мазмұны

Әдіс-тәсілдері

Көрнекіліктер

Ескерту

1

Қыркүйек

2 апта «Көкөністер мен жемістер, олар қандай?»

Балаларды көкөністер мен жемістердің сыртқы түрі, түсі, атауларымен қияр, қызанақ, сәбіз, шалқан, алма, алмұрт тани білуге үйрету.

Қостілділік компонент:

Көкөніс – овощи, жемістер – фрукты, алма – яблоко, қызанақ – помидор.

Ғажайып сәт Түсіндіру, көрсету.

Д/о: «Таны да ата»

Көкөністер мен жемістер суреті, муляждар.

2

4 апта

«Өсімдіктер әлемі»

Ағаштарды (1-2 түрін) ажыратып, атай білуді қалыптастыру.

Қостілділік компонент:

Ағаш-дерево

Ғажайып сәт Түсіндіру көрсету.

Ағаштар суреті.

3

Қазан айы

2 апта «Шөптер»

Шөптерді ажыратып,түсін атай білуге үйрету. Қостілділік компонент:

Шөп-трава,жасыл-зеленый.

Ғажайып сәт Түсіндіру, көрсету.

Шөптердің суреті.

4

4 апта

«Кіп кішкентай алқызыл гүл»

Гүлдерді ажыратып, атай білуді қалыптастыру (ауладағы және бөлмедегі гүлдейтін өсімдіктер), ауладағы гүлдермен шөптердің түстерін атау.

Қостілділік компонент:

Гүл-цветок

Ғажайып сәт Түсіндіру, көрсету.

Гүлдер суреті,түрлі түсті ваза,түрлі түсті гүлдер.

5

Қараша айы

2 апта «Ағаш және оның бөліктері»

Баланың назарын ағаштың негізгі бөліктеріне аудару(діңін,бұтақтарды,жапырақтарды)

Қостілділік компонент:

Ағаш-дерево,бұтақ-ветвь, жапырақ-листья.

Ғажайып сәт Түсіндіру, көрсету.

Әр түрлі жапырақтар.

6

4 апта

«Әртүрлі жапырақтар»

Түсі, көлемі, пішіні бойынша жапырақтарды ажыратуға жаттықтыру

Ғажайып сәт Түсіндіру, көрсету.

Әр түрлі жапырақтар.

7

Желтоқсан айы

2 апта «Өсімдіктердің бөліктері»

Өсімдік бөліктері туралы түсінік беру (сабақ, жапырақ, гүл)

Қостілділік компонент:

жапырақ- листья, гүл-цветок.

Ғажайып сәт Түсіндіру, көрсету.

Өсімдіктер суреті.

8

4 апта «Өсімдіктерді күту»

Су құйу тәсілдері жайында;өсімдіктерді күтіп-бағуғу ынтандылу.

Қостілділік компонент:

Өсімдік-растение, күтіп-бағу-ухаживать

Ғажайып сәт Түсіндіру, көрсету.

Су құйғыш, өсімдікті күтіп бағуға арналған құралдар.

9

Қаңтар айы

2апта.

«Үй жануарлары»

Үй жануарлары (мысық, ит, сиыр, жылқы, ешкі, шошқа және т.б.)мен олардың төлдерін (мысықтың баласы, күшік, бұзау, лақ, тарай, т.б.) ажыратуды және атауды үйрету

Қостілділік компонент:

мысық-кошка , ит-собака, сиыр-корова, жылқы-лошадь, ешкі-коза.

Ғажайып сәт Түсіндіру, көрсету.

Үй жануарлары мен олардың төлдері суреті.

10

4 апта «Үй құстары»

Үй құстары (әтеш, тауық, қаз, үйрек, т.б.) мен олардың балапандарын ажратуды, атауды (балапан, үйректің балапаны, т.б) үйрету

Қостілділік компонент:

Әтеш-петух, тауық-курица, үйрек-утка, қаз-гусь.

Ғажайып сәт Түсіндіру, көрсету.

Үй құстары мен оның балапандарының суреті.

11

Ақпан айы

2 апта.

«Жабайы аңдар»

Орман мекендеушілері-аңдарды(түлкі, қоян, аю, қасқыр, тиін және т.б.) ажырату және атау.

Қостілділік компонент:

Жабайы аңдар-дикие животные, түлкі-лиса, қоян-заяц, аю-медведь, қасқыр-волк.

Ғажайып сәт Түсіндіру, көрсету.

Аңдардың суреті.

12

2 апта.

«Құстар»

Құстарды ажрату және атауды(торғай, қарға, кептер, және т.б.) үйрету.

Қостілділік компонент:

Птицы-құстар, торғай-воробей, қарға-ворона.

Ғажайып сәт Түсіндіру, көрсету.

Құстардың суреті.

13

Наурыз айы

2 апта.

«Жануарлардың (құстардың) несі бар?»

Әрқайсысының өздеріне тән ерекшеліктерін анықтау (әтештің әдемі айдары, қоянның ұзын құлағы, аю үлкен,оның құлақтары кішкентай,құйрығы жоқ;әтештің қалай шақыратынын, мысық пен иттің қалай дыбыс шығаратынын білу)

Қостілділік компонент:

Мысық-кошка, ит-собака, әтеш-петух,қоян-заяц, аю-медведь.

Ғажайып сәт.

Сурет арқылы түсіндіру.

Д.о. «Не қалай дауыстайды?»

Жануарлар мен құстар суреті.

14

4 апта

«Менде не

бар?»

Жануарлардың кейбір дене мүшелерін (басы, құйрығы, аяғы) ажыратуға және атай білуге үйрету.

Қостілділік компонент:

Басы-голова, аяғы-ноги, құйрығы-хвост.

Ғажайып сәт Түсіндіру.

Сурет арқылы көрсету.

Жануарлар суреті, мысық пен балалардың суреті.

15

Сәуір айы

2 апта.

«Міне біз қандаймыз...»

Құстармен олардың қимыл-әрекетін бақылау (сайрайды, ұшады, шоқиды,су ішеді). Балаларды құстар мен (аквариумдағы) балықтарға жем беруге үйрету.

Қостілділік компонент:

Ұшады-летает, сайрайды-поет,балық-рыба.

Ғажайып сәт Түсіндіру, көрсету.

Аквариумдағы балық, құстар суреті.

16

4 апта «Жыл мезгілдері»

Табиғаттағы жыл мезгілдерінің (көктем, жаз, күз, қыс) ауысуымен олардың ерекшеліктерін (қыста суық, қар; жазда ыстық, күн қыздырады; көктемде мұздар еріп, жылғалардан су ағады, ағаштар бүршік жарады; күзде желді, суық, жаңбыр жауып, ағаштың жапырақтары түседі) байқау. Жыл мезгілдерін сырт белгілеріне қарай ажыратып, оларды атау.

Қостілділік компонент:

Көктем – весна, жаз – лето, күз – осень,

қыс – зима.

Ғажайып сәт Түсіндіру, көрсету.

Жыл мезгілдерінің суреті.

17

Мамыр айы

2 апта

«Табиғат

ашық – жарық, күншуақ, жайлы жылы...»

Ауа райындағы өзгерістер мен табиғаттағы айырмашылықтарды байқау. Табиғат құбылыстары мен адамдардың оларға қарым – қатынасына ( жаңбыр жауғанда сыртқы киім мен етіксіз серуендеуге болмайды; жазда күн ыстық, бас киім кию керек; қыста күн суық, адамдар тон, мойын орама жылы етік пен жылы бас киім және т.б. киеді) назарларын аудару.

Қостілділік компонент:

Жылы – тепло, салқын – холодно, жаңбыр – дождь.

Ғажайып сәт түсіндіру, көрсету.

Табиғат құбылыстарына байланысты суреттер.

18

4 апта

«Су не үшін керек?»

Балаларды судың қасиетімен таныстыру. Тұрмыстағы ( суда шомылады, сумен жуынады, сумен кір жуады, т.б.) және табиғаттағы (жылғалар ағады, сулар тамшылайды, өзен, тоған) су жайлы білу. Ойлау қабілеттерін дамыту.

Қостілділік компонент:

Су – вода, жылы – тепло, суық – холодно.

Ғажайып сәт түсіндіру, көрсету, тақпақ оқу, бақылау.

Жуынып жатырған балалар суреті, жасыл табақтағы жылы су, қызыл табақтағы салқын су.

Барлығы: 18