Шешендікке машықтану жолдары.
-
Жұрт алдында сөйлеуге негіз болатын неше себеп бар?
-
Жұрт алдында сөйлеуде идеяның тууынан бастап, оның жүзеге асырылуының соңғы нүктесіне дейінгі аралықты қамтитын әрекеттер неше бөлімге тармақталады?
-
Жұрт алдында сөйлеуде идеяның тууынан бастап, оның жүзеге асырылуының соңғы нүктесіне дейінгі аралықты қамтитын әрекеттер 5 бөлімге тармақталады. Олар ғылым тілінде қалай аталады?
-
Риторикалық канондардың бірінші бөлімі инвенция деп аталады. Инвенция дегеніміз не?
-
Болашақ мазмұнды ойды жүйелеп орналастыру қалай аталады?
-
Жұрт алдында сөйлеуде ескерілетін басты неше қағида бар?
-
Меморио дегеніміз- ...
-
Жұрт алдында сөйлеуге дайындық неше сатыдан тұрады?
-
Нақты сөзге дайындықтың алғашқы кезеңі.
-
Көпшілік алдында сөйлеудің неше тәсілі бар?
-
Ең тиімді, ең ұтымды тәсіл?
-
Үздіксіз жаттығу үстінде шыңдалып, жетіле, ұштала түсетін қасиет?
-
Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы неше бөлімнен тұрады?
-
Сөз құрылымын анықтаудың негізі- ...
-
Жоспардың неше түрі болады?
-
Негізгі жоспар қандай 2 түрде жасалады?
-
Тыңдаушының назарын сөз мазмұнына бұру, ойына түрткі жасау арқылы негізгі бөлімде айтылар тұжырымдарды қабылдауға дайындау бөлімі қалай аталады?
-
Шығарманың төрттен бір бөлігін қамтитын сөйленетін сөздің бөлімдері.
-
Жұрт алдында сөйленетін сөздің түйінді мәселелерін, ойға өзек болған негізгі идеяны таратып, жүйелеп түсіндіру қай бөлімнің міндеті болып табылады?
-
Бір нәрсені ғылыми түрде жан-жақты зерттеу, талдау арқылы заттар мен құбылыстар ойша бөлшектенеді, олардың негізгі белгілері сараланады. Бұл талдаудың логикалық тәсілдерінің қайсысы?
-
Анализге қарама-қарсы логикалық процесс.
-
Екі немесе бірнеше нәрселер мен құбылыстардың басты белгілерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ойша сараптау қалай аталады?
-
Баяндауда автордың жалпылама ойдан жалқыға, бүтіннен бөлшекке қарай ауысуы қалай аталады?
-
Дәлелдемелердің неше түрі бар?
-
Айтылған немесе жазылған сөздің тұжырымды түйінін, шешімін жасау, ойды қорыту арқылы сөз өтімділігін арттыру, тыңдарманға ой салу – қай бөлімнің міндеті?
-
«Қорыта айтқанда», «Сонымен» т.б. сөз оралымдары сөздің қай бөлімінде қолданылады?
Пікірталас мәдениеті.
-
Белгілі бір қоғамдағы айтыс, тартыс, дау қалай аталады?
-
Пікірталасқа қатысатын адам неше мәселені білуі шарт?
-
Пікірталасқа қатысушылардың санына қарай қалай бөлінеді?
-
Пікірталас қалай жүзеге асады?
-
Тақырыптан ауытқымау, өзін дұрыс ұстай білуі, сөйлеу шеберлігі, регламент сақтау- кімдерден тікелей талап етіледі?
-
Қатысушылардың дөңгелене қойылған үстел басында бір-біріне қарап отырып бетпе-бет сөйлесуі пікірталастың қай түрінде жүзеге асады?
-
Дискуссия қай елдің сөзі?
-
Пікір таластыра отырып әр түрлі көзқарастардың тоғысуы нәтижесінде дұрыс, ортақ бір шешімге келуді мақсат ететін пікірталас түрі?
-
«disput» - латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
-
Ойталқыда баяндамашы айтылған пікірлерге жауап береді. Түйінді сөзді кім қорытады?
-
«Дебат» қай елдің сөзі?
-
Ойкөкпарда әр топтың мүшелері кім деп аталады?
-
Ең залалсыз, жоспарсыз, күнделікті өмірде жиі кездесетін қарапайым сөз қақтығыстары қалай аталады?
-
Полемика грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
-
Сөйлеушінің жеке беделінен гөрі оның шешендігі, ұстанған бағыт-бағдары шешуші рөл атқаратын пікірталас түрі?
-
Түркі тілдес халықтардың ішінде қазақ халқында ғана сақталып қалған пікірталас түрі?
-
Қазақ айтысындағы ерекшелік.
-
Пікірталаста тойтарыс берудің бір шарты қарсыластың әлдебір жаңсақ айтқан пікірін мүлт жібермей дәл аңдау, оны өз пайдасына айналдыру, болмашы қателігі арқылы негізгі пікірлерін теріске шығару қалай аталады.
-
Сайыс үстінде айтылған белгілі-бір тұжырымдардың жалғандығын не негізділігін нақты заттарды, құбылыстарды, жағдайларды келтіре отырып дәйектеу тойтарыс берудің қай түрі?
-
Шешендік мәдениеттің басты талабы?
-
«Өлшеп айтылса ғана жөнді сөз болады.» Кімнің сөзі?