Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экзамен муг багыттары.docx
Скачиваний:
407
Добавлен:
11.02.2016
Размер:
74.15 Кб
Скачать

8. Іс-әрекетті зерттеу: жағдаяттық жазбалар

Философиялық еңбектерде жағдаят дегеніміз – байланыстың, қызметтің уақыттық-кеңістік шарттарының субъективтілік және объективтілік бірліктері деп беріліп, тұлғаның әлеуметтік таратушысы, нақты бір мәдениеттің, дамыған даралықтың өкілі ретінде қарастырылады. Педагогикада «жағдаят» ұғымы балаға тәрбиелік әсер мүмкіндігімен салыстырылып, баланы тәрбиелеумен, дамытумен,  қалыптастырумен байланысы оны педагогикалық қызмет деңгейінде қарастыруға мүмкіндік береді. Жағдаят педагогикада  әдіснамалық тұғыр ретінде негізделмегенімен, жалпы педагогикада «педагогикалық жағдаят», «проблемалық жағдаят», «тапсырмалық жағдаяттар», «мәнге бағытталған жағдаят» болып ғылыми түсінік ретінде қолданылып жүрген ұғым екенін білеміз.  Сонымен, «жағдаят» ұғымының педагогикалық санаға енуі бұл кездейсоқ дүние емес, ол педагогикалық шындықтың терең жатқан заңдылықтарын ашуға мүмкіндік береді. Демек, қазіргі студент, ертеңгі маманның кәсіби тәжірибе жинақтауы жоғары оқу орнының қабырғасында жүріп-ақ педагогикалық жағдаяттарды шешуде іс-әрекет тәсілдерін оңтайлы пайдаланып, ажырата білуінің мәні ерекше болып табылады. ● Проблемалық жағдаяттар - қарама-қайшылық, конфликт, фактілердің сәйкес келмеуі, оны шешуге қажетті білім мен біліктің болмауы, шешу тәсілдерінің белгісіздігі т.б. құралған- оқу тапсырмасының күрделі түрі. Проблема – анағұрлым күрделі, көпке белгісіз, сирек кездесетін, дәстүрлі емес тапсырма. ● Оқу-танымдық жағдаяттар – теориялық білімді ұғыну, игеру, кеңейту, тереңдету мен бекітуге бағытталған, қандай да бір тақырыпты, курсты, пәнді танудың әуел басында құрылуы тиіс.

Проблемалық жағдаяттар тудыру әдістемесі: оқушыларды қарама-қайшылыққа әкелу; қарама-қайшылықты практикалық әрекетпен ұштастыру; мәселеге байланысты түрлі көзқарастар қарастыру; салыстыру, жалпылау, негіздеу, нақтылау, жинақтауға үйрету.

Проблемалық жағдаяттарға қойылатын дидактикалық талаптар: Қарама-қайшылыққа байланысты танымдық қиындыққа кез келу; Жағдаятты кең түрде айту мүмкіндігі; Оқушылардың танымдық-ізденушілік әрекетін белсендіретіндей етіп құрылуы; Оқушының мүмкіндігіне сай келуі.

9. Іс-әрекетті зерттеу: сұхбат және әңгімелер

Жалпы педагогикалық тәжірибеде, мысалы оқытушыны зерттеу үшін байқау әдістерін (атап айтқанда, күнделік жазу әдісі), әңгіме (сауалнама, сұхбаттасу) және тест жүргізуді пайдаланған дұрыс.

Әңгіме әдісі. Бақылау мәліметтерін әңгіме әдісі арқылы түскен материалдармен толықтырады. Әңгіме әдісін дұрыс қолдану үшін арнайы жоспар жасап, онда негізгі сұрақтар мен жаңа сұрақтардың және әңгіме жасаудың әдістері мен тәсілдерінің нақты көрсетілгені жөн. Педагогикалық құбылыстарды анықтау үшін әңгіме мұғалім мен сынып жетекшілері, мектеп басшылары мен ата-аналар және басқа да қажетті адамдармен жүргізіледі. Сұхбат — әңгімелесудің ерекше түрі ретінде, ол туралы хабарлар, сұхбат алынып отырған адам туралы аңпарат алу үшін ғана емес басқа да адамдар, оқиғалар, т.б. туралы мәліметтер алу үшін қолданылады.

Сұрақ-жауап әдісінің мынандай түрлері бар: Әңгіме- сұхбат. Бұл ұйымдастырылуы мен мазмұны жағынан еркін диалог, оның кезінде әңгімелесушілер арасында бейресми және еркін қатынастар орын алады. Әңгіме- сұхбаттар әңгімелесушілердің әртүрлі шеңберлерінде жүргізіледі ( мектеп директоры, оның орынбасарлары, ата- аналар, оқушылар, білім берудің әртүрлі деңгейдегі басшылары). Олардың білім беру саласының жағдайымен ондағы өзгерістерге кәсіби баға беруі басқа әдістер арқылы ақпараттарға маңызды қосымша болып табылады. Сұхбат-әңгіме- сұхбаттың бір түрі. Әңгіме-сұқбаттың бұл түрі зерттеу объектісінің өз іс-әрекеті туралы өзінің түсінігінің динамикасын белгілеуге көмектеседі, ол өзіндік  пікірмен қоса психологиялық- педагогикалық анализдің тақырыбы болып табылады. Сұхбат зерттеушінің жоғары кәсібилігін және тәжірибесін қажет етеді.