Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ANGTIGENDER.doc
Скачиваний:
30
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
103.94 Кб
Скачать

Антигендер

Антигендердің анықтамасы. Антигендердің құрылымы: антигендік детерминанттар, гаптендер, тасмалдаушылар. Валенттілік туралы түсінік. Антигендердің түрлері. Біріншілік және екіншілік аутоантигендер. Кешендік және айқаса-әрекеттесетін антигендер. Тимусқа тәуелді және тимусқа тәуелсіз антигендерге иммундық жауаптың қалыптасу механизмі. Антигендердің негізгі қасиеттері: бөгделік, антигендік, иммуногендік, арнайылық. Антигендік арнайлықтың түрлері.

Антигендер иммундық жауаптың ынталандырушысы мен реттелуінің негізгі факторы.

Антигендер – иммундық жауап туыдыратын, яғни ағзадан бөгде затты шығаруға бағытталған арнайы серпілістерге қатысатын, генетикалық бөгде зат болып табылатын, жоғары молекулалық химиялық қосылыстар. Макромолекулалар, әсіресе нәруыздар мен полиқанаттар антигендер болып табылады.

Антигендердің құрылымдық сипаттамасы

Иммундық жауап антигеннің барлық макромолекуласына емес, оның антигендік детерминант деп аталатын белгілі бір бөлігіне қарсылық көрсетеді.

Антигендік детерминанттың қазіргі кездегі атауы – эпитоптар.

Эпитоп – иммундық жауап кезінде түзілетін антиденелер мен эффекторлы Т-лимфоциттердің арнайлылығын қамтамасыз ететін жеке химиялық және құрылымдық сипаты бар антиген молекуласының бір бөлігі.

Антигендік детерминанттардың саны молекула құрылымы мен оның өлшеміне байланысты болады. Бір тасмалдаушыда бірнеше антигендік детерминанттар болуы, мүмкін, мысалы, жұмыртқа альбуминінің молекуласында кем дегенде 5 детерминант, күл токсиндердінің молекуласында – 8 детерминант, ал тиреотропин молекуласында – 40 детерминанттан көп болады.

Эпитоптың құрылымы антидененің белсенді орталығына немесе Т-жасушалық рецепторына комплементарлы. Антиген мен антидененің әрекеттесуі негізінде кеңістік құрылымының сәйкестілігі жатыр, неғұрлым антиген мен рецептор арасында кеңістіктің сәйкестілігі көп болса, соғұрлым олардың әрекеттесу деңгейі жоғары болады. Мұнда антигендік эпитоптың және де антигенді байланыстырушы рецепторлардың белсенді орталығының өлшемдері үлкен рөл атқарады, өйткені рецепторлардың белсенді орталықтары ойық тәріздес, ол ойық антигендік детерминанттарымен толтырылады.

В-лимфоциттермен танылатын және оларға қарсы антиденелер түзілетін эпитоптарды – В-жасушалық эпитоптар немесе гаптендер (синонимдер) деп аталады. В-жасушаларды әрбір клоны белгілі гаптенге әсер етеді.

Антиген құрылымы мен химиялық құрылысын зерттеуге үлкен үлес қосқан Нобель сыйлығының лауреаты (1930ж.) К. Ландш-тейнер гаптен деген терминді енгізген. Гаптендер - өлшемі үлкен емес химиялық топшалар. Олар табиғи антиген молекулаларының құрамдас бөлігі немесе шығу тегі экзогендік болуы мүмкін, мысалы, дәрілік заттар және олардың метоболиттері, азық-түлік, ауыл шаруашылық, тұрмыстық және өнеркәсіптік өнімдер болып табылады. Гаптен нәруыз-тасмалдаушымен байланысқан кезде ғана иммуногендік қасиетке ие болады.

Антиген молекуласының негізгі бөлігін тасмалдаушы деп атайды. Ол антиген молекуласының 97% (гаптен емес) құрайды. Антиген тасмалдаушысының құрамында өзінің антиген детерминанттары болады. Олар тасмалдаушы детерминанттар деп аталады.

Бұл детерминанттар Т-лимфоциттерін танып, оларға қарсы жасушалық иммунитет серпілістері бағытталады, сондықтан оларды тағы Т-жасушалық эпитоп деп те атайды.

Тасмалдаушы детерминанттары гаптеннің құрамына және өлшеміне қарағанда үлкен. Нәруыздық антигендер де әдеттер қысқа пептидтер, олардың құрамында орта шамамен 6-дан 20-ға дейін аминқышқылдық қалдықтары болады.

Сонымен, кез-келген антигенді молекуланың бетінде орналасқан екі функционалдық бірлікті: тасмалдаушы және гаптен ретінде қарауға болады.

Нағыз антиген молекуласының тасмалдаушылары нәруыздар, полиқанаттар, сонымен қатар липополиқанаттар және нуклеин қышқылдары болып табылады. Жасанды антигендер тасмалдаушы рөлін жасанды полипептидтер, полиқанаттар, полиэлектролиттер және басқа органикалық полимерлер атқарады.

Липидтер мен стероидтар антигенді емес, бірақ гаптен рөлін атқаруы мүмкін және нәруыздармен әрекеттескенде антидене түзілісін туғызады.

Ағзаға бөгде тасмалдаушы детерминанттан тұрмайтын, бірақ құрамында бөгде гаптені бар антигендер болады. Бұл антигендер ағзаның өз нәруыздарымен қосылып (бөтен шаптен+өз нәруызы), жасушалық жауап емес, тек гуморалдық жауап шақырады.

Гаптеннің рөлінде, мысалы, пикрил қышқылы болса, ол тері нәруыздарымен қосылып антигендік қабілетіне ие болады, терінің аллергиялық серпілісін шақырады. Пенициллиннің ыдырау өнімі –пенициллинге дәрілік аллергия серпілісі патогенезінің негізінде жатқан бензилпенициллин қышқылы қан сарысуының нәруыздарымен байланысып кейбір жағдайда антидене түзілуін шақырады.

Гаптендерді зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы бар. Көптеген биологиялық белсенді қосылыстар пептидті жән стероидтық гормондар, циклдық Амф және ГМф, төменгі молекулалы, иммуногенді емес қосылыстар болып табылады. Олардың иммуногендік нәруыздарымен коньюгациясы нәтижесінде антигаптендік антидене түзіледі. Мұндай антиденелерді ағзаның биологиялық сұйықтықтарында талдауға түскен қосылыстардың деңгейін анықтау үшін тест-жүйесінде қолданылады. Оғам мысал ретінде - әйелдердің жүкті екенін зәрдегі хориондық гонадотропиннің сәйкес антиденелер көмегімен анықтау.

Гаптен сөзінің мағынасы антиген валенттілігінің мағынасымен тығыз байланысты. Антигеннің валенттілігі антиген молекуласының құрамына кіретін әр-түрлі гаптендердің санымен анықталады. Валенттілік осы берілген антигендерге әсер ететін В-лимфоциттер клонының санымен сәйкес келеді. Табиғи антигендердің көпшілігі поливалентті, мысалы, бактериалдық жасушаның валенттілігі бірнеше ондықтан 200-300-ге дейін тербеліп өзгеруі мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]