Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ISIKKE__1178_ARSY_IMMUNITET.doc
Скачиваний:
85
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
288.77 Кб
Скачать

Ісікке қарсы иммунитет

Жасушалардың қатерлі ісікке айналу механизмдері жайлы қазіргі көзқарастар. Ісік жасушаларының антигендік құрамы. Ісік дамуындағы иммунитет тежелуінің маңызы. Ісікке қарсы иммунды жауаптың ерекшеліктері. В-жүйенің ісікке қарсы иммуиитеттегі рөлі. Онкологиялық аурулардың қан сары-суындағы кедергі факторлары. Ісікке қарсы иммунитеттің жасушалық механизмдері. Ісік және иммунды жүйенің өзара қарым-қатынасы. Қатерлі ісіктің иммунды диагностикасы. Қазіргі кездегі қатерлі ісіктің иммунды емі.

Қатерлі ісіктермен күрестің жетістігі қалыпты жасушалардың қатерлі ісік жасушаларына ауысу механизмін білуге байланысты. Бұл - маңызды сұрақ. Бір жағынан —ол обыр ауруы кезіндегі иммун­ды жүйенің терең зерттелуімен, ал екінші жағынан дертті анықтау және емдеу тәсілдерін жетілдіруге әкеледі. Ісік иммунологиясын зерттеу, ең алдымен генетика, вирусология, ісіктің молекулалық биология аймағындағы жетістіктерге сыбайлас, сонымен қатар, жаңа иммунологиялық тәсілдердің ашылуы арқылы жасушалық және гуморалдық факторлардың маңызы, жасуша-аралық белсенді нәруызды медиаторлардың маңызды әсерлерімен және ісікпен иммунды жүйенің өзара ықпалдастығы терең зерттелуімен анықталады.

Жасушалардың қатерлі ісікке айналу механизмдері жайлы қазіргі көзқарастар.

XX ғасырдың 80-ші жылдарына дейін канцерогенездің (рак ауруының пайда болу) молекулярлы механизмдері туралы түсінікгер толық емес болған. Зерттеушілер организмдегі (ағзадағы) көптеген қатерлі жасушалар пайда болу себебінің алуан түрлерін дәлелдеді. Бұл мәселе жұртшылықтың "обыр - көп себепті" деген тұжырымын айқындады. Расында, зерттеушілер дәлелдегендей, қатерлі ісі ДНҚ өзгеретін кең спектрлі химиялық және физикалық рак туғызатын заттармен (канцерогендермен) шақырылады. 60-70-ші жылдары қатерлі ісіктердің тұқымқуалаушылық себептері дәлелденіп, ісік тудыратын бірқатар вирустардың тізбегі ашылған.

60-шы жылдардың ортасында, Л.А. Зильбер ашқан вирусты-генетикалық теория жасушалардың қатерлі ісікке айналу себебін және оны зерттеуге бағытталған жаңа механизмдерді түсіндіруде аса маңызды рөл атқарды. Бұл теорияның негізгі жағдайлары кейін бірқатар зерттеулермен дәлелденді. Қазіргі кезде, көбінесе, кездейсоқ пайда болған қатерлі ісіктер онкогенді вирустармен шақырылады деп саналады. Онкогенді вирустың жасушаға әсері -ДНҚ құрылымында өзгеріс шақырады. Бұл өзгерістер жасушаларды реттейтін жүйелер арасындағы қатынасты бұзады, соның әсерінен олар қадағалаудан шығып, реттеуге бағынбай дамылсыз өніп-өсіп, яғни көбейіп, ісік ұясына алып келеді.

Соңғы 20 жыл ішінде өткізілген көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары, бұл теорияны анықтайтын бірқатар дәлелдерді тапты жә­не сонымен қатар, молекулярлы генетика, биохимия, иммунология салаларының үлкен жетістіктері канцерогенездің молекулярлы-генетикалық негіздері жайлы жаңа теренделген көзкарасқа әкеліп отыр. Айтатын болсақ, қалыпты жағдайда жасуша бөлінуін қадағалайтын тендер ашылған, сонымен қатар, осы алынған тендер жұмысына көмектесетін тағы басқа да ұсақ молекулярлы заттар ашылған. Ісік гендерінің белгілі бір тобында мутация, яғни жасушалардың өзгеруі арқылы қатерлі ісік жасушаларының туылымы дәлелденген. Мұндай мутациялар өз бетінше кездейсоқ жағдайда пайда бола алады, бірақ канцерогендер олардың жиілігін жоғарылатады.

Барлық геномның аз ғана бөлігін кұратын гендердің екі тобы ісік үрдістерін реттеуде аса қызмет атқарады. Өздерінің жалпы қалыпты дене құрылысында, олар жасушаның өмірлік циклын қадағалайды; ол күрделі үрдіс және ағзаның реттеу қасиетіне бағынбайтын биохимиялық серпілістерден тұрады.

Гендердің 1 -ші тобы - протоонкогендер, олар жасушаның бөліну үрдісін арттырады; 2-ші тобы - ісік тежеуші (супрессиялаушы) гендер, олар бұл үрдісті кейін қайтарып, басып отырады.

Мутацияның (өзгерудің) нәтижесінде протоонкогендер карциногенді онкогенге айналуы мүмкін, олар жасушалардың аса артық көбеюін шақырады. Мутация онкогендерді реттейтін белоктардың түзілуін шақыруы мүмкін және оны одан да зор белсенді түрде жүргізеді.

Жасуша бөлінуін реттеуге қатысатын гендердің 2-ші тобы, 1-ші топ гендерінің әсерін басып тастауды камтамасыз етеді. Оған митоз циклына кіретін жасушалардың қосылуын бәсендететін гендердің өнімдері кіреді. Бұл гендер ісік тежеуші (супрессиялаушы) гендер деп аталады. Ісік супрессиялаушы (тежеуші) гендер мутация арқылы белсенділігі азайып, ісік өсуіне көмектеседі. Бұл жағдайда, жасушалардың шамадан тыс өнуін алдын алатын бақылайтын супрессиялы белоктар белсенділігі не төмендейді, не мүлде жойылады.

Гендердің пролиферациясын «қоздырушы» және оны "басып тастаушысы " қарым-қатынасы дұрыс болса, ол жасушалык, бөл-ну аса нәзік үрдісін қамтамасыз етеді: жасушаға сыртқы ортадан берілген кез келген уақытта түсетін белгі жасуша бөлінуіне әкелетін қосылу және өшу (белсендіру және бәсендету) үрдістерін қамтамасыз етеді. Мұндай ісік супрессиялаушы тендер'тобының бұзылуы немесе жабылуы қатерлі ісік туындататын жасушалардың сансыз өсуіне әкеледі.

Қатерлі ісік дамуы үшін жасушалық өсуді қадағалаушы бірнеше гендер іске кірісуі тиіс. Протоонкоген мен ісік супрессиялаушы гендерінен басқа, ісікке айналу үрдісінде басқагендер топтарының мутантты түрлері де қатысуы мүмкін. Біріншіден, ол - жасушаның инвазивті (қатыгездік) өсуін шектеуші және метастаздану (бегелме ісік беру) қабілеттілігін шектеуші гендер, т.б.

Әдетте, жаңадан пайда болатын ісіктің қатерленуіне, көп жылдар қажет. Бірақ, кепшіддс жағдайда, бүл үрдіс мутантты онкогендер мен ісік тежеуші гендердің ата-аналарынан балаларына берілу арқылы үдетіле алады. Онкогендерді тасымалдаушы болып құрамына осы гендері бар онковирустар жатады, сонымен бірге сол гендерді жасушалар ДНҚ тікелей (ДНҚ-құрамды онковирустар бар жағдайда) немесе қайталама транскриптаза арқылы (РНҚ-құрамды онкогенді ретровирусы бар жағдайда) онковирустар тасымалдай алады.

Қатерлі ісікке бейімділік тудырушы гендердің тізімі күннен күнге өсуде. Сонымен қатар, ғалымдар тұқьм қуалаушьшыктың сбебін іздестіруде, бұл жағдай қатерлі ісікті ерте анықтауда тиімді болады. Дерттің емінде жаңа тәсілдер іздестірілуде, олар жаңа ашылған канцерогенездің (рак ауруының пайда болу жолдары) миискулярлық механизміне негізделген және ғалымдар қазіргі кезде ісіктің генді емін іздестіруде.

Соңғы 20 жыл ішінде, жаңа білімдерге қарамастан, қатерлі ісіктің пайда болуы, дамуы, сонымен қатар жаңа емдеу тәсілдерін қарастыру жақтары дамылсыз зерттелуде. Осыған қарамастан, ісік емік табуда үлкен үлес әлі де жоқ.

Оның бірден-бір себебі ісік жасушаларының сау жасушалардан айырмашылығының өте аздығына байланысты. Ісікті емдеу квзінде, арнайы емес емдер жиі қолданылады. Ісік жасушаларына қарсы емдеу сау тіндерді де жарақаттайды, сөйтіп дәрілік зат немесе қолданған сәуле мөлшері белгілі бір зиянсыз деңгейде болғаны жөн. Бірақ, бұл жағдайдың аумағындағы да өзгерістер жақсаруда.

Осы жоғарыда айтылған мәліметтерден, мынадай тұжырым шығаруға болады: қатерлі ісік жасушалары генетикалық құрылым жағынан сау жасушалардан айырмашылығы шамалы. айырмашылықтар онша білінбеуі мүмкін, бірақ олар бар. Ісіктің осындай маңызды мінездемесі ісікке қарсы арналған емнің арнайы тәсіліне әкеледі. Бұл мәселені шешуге және түсінуге әкелетін қадамдарды, қиыншылықтарды түсіну үшін қатерлі ісік дамуындағы иммунологиялық өзгерістерге тоқталу қажет.