Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гисто реферат.docx
Скачиваний:
41
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
4.75 Mб
Скачать

Тақырыбы: Жүректің өткізуші жүйесінің морфофункциялық ерекшеліктері

Жоспары:

● Жүректің өткізгіш жүйесінің жасушалары

Атиптілік кардиомиоциттер

● Жүректің өткізгіш жүйесінің құрылысы

Синустық-журекшелік түйін

Жүрекше-қарыншалық түйін

Гис будасы

Пуркинье талшықтары

● Жүректің өткізгіш жүйесінің микроскопиялық құрылымы

Микрофотографиялар

● Жүректің өткізгіш жүйесінің бұзылыстарымен сипатталатын патологиялар

●Синустық-жүрекше түйінінің орналасу варианттарына сипаттама

●Жүректің өткізуші жүйесі бұзылыстарымен сипатталатын шынайы клиникалық жағдайлар

●Әр түрлі патологиялық жағдайлардағы жүректің өткізуші жүйесінің өзгерістерін ультраструктуралық диагностикалау

●Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі немесе Гис шоғыры сол аяқшасының блокадасы

●Симптомсыз пароксизмнен зардап шегетін әйелдердің өткізуші жүйесінің көрсеткіштері

Жүректің өткізгіш жүйесі (systema condusene cardiacum ) –ырғақты түрде электр импульстерін өндіріп, оларды бір бөлімнен басқасына өткізу арқылы жүрекше мен қарынша жиырылуының үйлесімділігін жүзеге асыратын, жүрек автоматизмін қамтамасыз ететін жүйе. Өткізгіш жүйесінің құрамына синусты журекше түйін ,журекше қарынша түйіні, жүрекше-қарынша шоғыры- Гис шоғыры және Пуркинье талшықтары жатады.

Атиптілік кардиомиоциттер

Атиптілік немесе өткізуші кардиомиоциттер жүректің өткізгіш жүйесін құрайды. Бұл жүйе электр импульстерін генерациялап жиырылғыш кардиомиоциттерге табыс ететін синустық-журекшелік, жүрекше-қарыншалық түйіндерден, Гис будасы мен оның бұтақтары Пуркинье талшықтарынан тұрады. Жүректің өткізгіш жүйесі үш түрлі өткізгіш кардиомиоциттерден құрылған. Олар әр түрлі сандық арақатынастарда жүректің өткізуші жүйесінің бөліктерінің құрамына кіреді. Олардың жұмысшы кардиомиоциттерден айырмашылығы – жиырылғыштығы нашар, бірақ электр импульстерін өткізу қабілеті жоғары.

Пейсмекер жасушалары(pacemaker-ритм,серпіліс тудырушы P-жасушалар) қойнау-жүрекше түйінінің орталық бөлігін құрайды. Олардың негізгі функциясы – жүрек автоматизмін қамтамасыз ететін жиырылтқыш импульстерді генерациялау. Р-жасушалардың өлшемдері кішкентай – 10 мкм-ге дейін, пішіні-көпбұрышты. Саркоплазмасының перифириясында ретсіз орналасқан аз ғана миофибрилдері бар, гликогені және митохондриялары да аз. Т-түтікшелері жоқ. Саркоплазмалық торы нашар дамыған. Бұл жасушалардың мембраналары өздігінен натрий иондарын жасуша ішіне өткізу, ал калий иондарын – жасушадан шығару қасиетіне ие. Осының арқасында олар спонтанды (өзінен-өзі) деполяризацияға және электр импульстерін генерацилауға қабілетті. Сөйтіп, Р-жасушалар жүректің қысқарылуына серпіліс беріп тұратын, жиілігі минутына 60-80 импульстерді өндіреді. Пейсмекер жасушалары вегетативтік қимыл нерв ұштарымен өте жақсы иннервацияланған. Сондықтан, жүрек бұлшықет тіні автоматизмге ие болғанымен, жүректің қысқарылу қарқыны және ырғақтық жиілігі нерв жүйесі тарапынан да бақылауда болады.

Пейсмекер жасушаларынан шыққан импульстер жүрекшенің жұмысшы кардиомиоциттеріне және жүрекше-қарынша түйінінің өтпелі кардиомиоциттеріне беріледі.

Өтпелі (аралық) кардиомиоциттер морфологиясы мен локализациясы бойынша пейсмекер және жұмысшы кардиомиоциттер арасында аралық сипатқа ие. Олар қойнау-жүрекше және жүрекше-қарынша түйіндерінің құрамына жатады. Өтпелі кардиомиоциттердің функциясы – қозуды Р-жасушалардан Пуркинье талшықтарының жұмысшы кардиомиоциттеріне және өткізуші кардиомиоциттеріне жеткізу.Өтпелі кардиомиоциттердің пішіні ұршық тәрізді, саркоплазмасында бір-біріне бұрыштап орналасқан орташа дамыған миофибрилдері және митохондриялары, саркоплазмалық торының цистерналары, Гольджи комплексінің диктиосомдары бар. Кейбіреулерінің сарколеммалары қысқа Т-түтікшелерді құрайды. Жасушалар бір-бірімен қарапайым контакттар немесе күрделілеу құрылған ендірме дискілер арқылы байланысқан. Өтпелі кардиомиоциттер де электр импульсін өндіруге қабілетті, бірақ олардың жиілігі минутына 30 – 40. Қалыпты жағдайда ырғақтың бұл қосымша көзі шектелінген.

Өткізуші Пуркинье кардиомиоциттері – жүректің өткізуші жүйесінің соңғы элементтері – Пуркинье талшықтарын құрайды. Өлшемі бойынша олар жұмысшы кардиомиоциттерден ірілеу. Ашық түсті саркоплазмасында көптеген ұсақ митохондриялары және көп мөлшерде гликогені бар. Жолақты жіңішке миофибрилдері әр түрлі бағытта өтеді, сондықтан жасушада көлденең жолақты сызылымдары жоқ. Өткізуші кардиомиоциттерде саркоплазмалық тор нашар дамыған, Т-түтікшелері мүлде жоқ. Ендірме дискілері де жоқ, жасу шалардың түйіскен беттерінің плазмолеммалары 2-8 нм аралыққа дейін жақындасқан. Мұнда десмосомдар және кең саңылаулы контакттар қалыптасқан. Соңғыларының арқасында импульстер Пуркинье талшықтары арқылы қарыншаның жұмысшы (жиырылғыш) кардиомиоциттеріне өте жоғары жылдамдықпен жетеді.