Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лаб_ЦИУ_2каз.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
164.35 Кб
Скачать

20

Лабораториялық жұмыс № 2

"АCТ электрлік және метрологиялық сипаттамаларын бақылау "

Жұмыстың мақсаты: - АСТ-тің метрологиялық сипаттамаларын құрылғысын және мұмыс істеу принципін оқып үйрену .

1 Ф7077/1 түрлендіргіші

1.1 Қолдану аясы

Ф7077/1 түрлендіргіші тұрақты және тез өзгеретін детерминантты үлкен жиілікті спектрі бар белгілерді сандық кодқа түрлендіру үшін қажет.

1.2 Техникалық деректері.

1.2.1 Кірістік белгінің өзгеру шегі:

минус 10 В-тан плюс 10 В-қа және минус 1 В-тан плюс 1 В-қа дейін.

1.2.2 Жиілік бойынша кірістік белгінің жұмыс диапазоны :

Ф7077/1 – 0-ден5,0 кГц.

1.2.3. Негізгі жолдамалы статистикалық ауытқу (пайыздық мөлшерде) өлшенетін шамадан аспайды, және де мына формула арқылы тағайындалады:

мұндағы: С = 0.5 және d = 0.3 Ф7077/1 үшін

Uк – белгінің жұмыс істеу диапазонының соңғы мәні ;

Uх –түрленетін өлшемнің мәні.

Ықтимал құрастырушысының мәндер шегі бір квант мөлшерінен артық бола алмайды.

1.2.4 Динамикалық қателік құрастырушысының орташа квадраттық мәні (кірістік белгінің жұмыс істеу диапазонындағы жиілік шамасының өлшеу шегі бойынша) мына формуламен анықталады:

Мұндағы: - Гц шамасындағы кірістік белгінің энергетикалық спектрінің шекті жилігі;

‑өзегеру шегіне келтірілген кірістік белгінің орташа квадраттық дисперсиясы ;

‑Кірістік белгінің орташа квадраттық дисперсия мәні;

Uпр – кірістік белгінің өзгеру шегі.

1.2.5 Түрлендіру уақыт шамасы (мкс) – 8ден аспайды.

1.2.6 Түрлендіргіштің шығыстық коды потенциалды параллель екілік нормальды.

Екілік кодтың сандық разряды, полярлы разрядты есептегенде – 11ге тең.

1.2.7 Түрлендіргіштің кірісі келесі параметрлермен сипатталады:

‑ кірістік так шамасы 2 мкА-ден аспайды;

‑ кірістік кедергі шамасы 1,0 Мом-нан кем емес;

‑ кірістік сыйымдылығы 50 пФ-тан аспайды.

1.2.8 Номиналды кернеу шамасындағы қоректену тоғы :

плюс 15,0 В – 80 мА асады;

минус 15,0 В – 80 мА аспайды;

плюс 5,0 В – 500 мА аспайды.

Ауытқу шамасы 10 мВ аспайды.

1.2.9 Түрлендіргіш ішкі қосылымды белгілердің жұмысын қамтамасыз етеді: периодты, периодты емес уақыт интервалы Тпр түрлендіргіш уақытынан кем емес.

1.2.10 Түрлендіргіштегі кодты ақпарат алдыңғы және соңғы түрлену кезінде сақталады.

Кодты ақпаратты оқу 1.2.11 ж. пункті бойынша жүзеге асырылады.

1.2.11 Шығыстық кодталған және басқару белгілері келесі параметрлерге ие болады:

а) “0” цифрлі көрсеткіш үшін белгінің номиналды амплитудалық мәні 0-ден плюс 0,4В-қа , ал “1” сандық көрсеткіш үшін плюс 2,4-тен плюс 5,0В –қа сәйкес болуы керек;

б) қосу белгінің импульстік ұзақтылығы 1,0 мкс артық емес және 0,2 мкс кем болмауы керек;

в) қосу фронтының импульстік ұзақтылығы және кодты ақпаратты оқу уақыты 0,02 мкс кем болмауы керек;

г) белгінің фронттық ұзақтылығы 0,2 мкс-тан аспауы керек;

д) кодталған белгінің полярлы разрядтылығы келесі параметрлермен сәйкес келеді :

“1” – кірістік кернеудің оң полярлығы ;

“0” – кірістік кернеудің теріс полярлығы ;

е) жұмыс уақытында 4 мкс Ф7077/1 үшін және 2 мкс қосу белгісі беріледі;

ж) түрлендірудің тоқтау белгісі кернеудің “1” шамасынан “0” шамасына өту кезінде байқалады.

1.2.12 Түрлендіргіштің алдын-ала қыздыру уақыты 30 минуттан аспайды.

1.2.13 Кернеу тербелісі кезіндегі түрлендіргіштің ауытқу шамасы негізгі шамадан аспайды.(1.2.3.пункт)

1.2.14 Қоршаған ортаның әсерінен 20±20С түрлендіргіш көрсеткішінің әр 100С температураға сәйкес ауытқу шамасы негізгі шаманың жартысынан аспайды.

1.2.15 Магнит өрісінің 400 А/м 50 ± 1 Гц жиілік әсерінен көрсеткіштің өзгеруі 3.2.пунктте келтірілген формула мәнінен аспайды.

1.2.16 Түрлендіргіштің қоректену тізбегі және корпусы арасындағы изоляцияның электр беріктігі 20±50С температурада, 80% қатыстық ылғалдылықтағы 1 минут шамасында 0,5 кВ кернеуін ұстап тұруы керек.

1.2.17 Түрлендіргіштің қоректену тізбегі және корпусы арасындағы изоляцияның кедергісі кем болмауы керек :

а) 20±50С температурада, 80% қатыстық ылғалдылықта 40 Мом,

б) 500С температурада, 50-80% қатыстық ылғалдылықта 10 МОм .

1.2.18 Жұмыс кезінде түрлендіргіш 25 Гц жілігі және 0,1 мм. амплитудан аспайтын тербеліске төзімді .

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]