- •Құрылыстың нормалары және ережелері ғимараттар мен имараттар негiздері основания зданий и сооружении
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Негiздердi жобалау Жалпы нұсқаулар
- •Негіз есептерінде ескерілетін жүктемелер мен әсерлер
- •Топырақ сипаттамаларының нормативтік және есептік мәндері
- •Жерасты сулары
- •Iргетастарды орналастыру тереңдігі
- •3. Ауа температурасының аралығындағы мәндері кезінде kh коэффициентін 1-кестеде көрсетілген жақын кіші мәнге дейін дөңгелектеп алады.
- •Негіздің деформациялар жөніндегі есебі
- •Негіздің көтергіштік қабілет жөніндегі есебі
- •Негіз деформацияларын тӨмендету шаралары жӘне олардың имаратқа тигізетін Әсері
- •3. Шөкпелi топырақтарға тұрғызылатын имарат негiзiн жобалау ерекшелiктерi
- •4. Iсiнетiн топырақтарға тұрғызылатын имараттар негiзiн жобалау ерекшелiктерi
- •5. Сумен қаныққан биогендiк топырақтарға және лайларға тұрғызылатын имарат негiзiн жобалау ерекшелiктерi
- •6. Элювиалды топырақтарға тұрғызылатын имарат негiзiн жобалау ерекшелiктерi
- •7. Тұздалған топырақтарға тұрғызылатын ғимарат негiздерiн жобалау ерекшелiктерi
- •8. Үйiлген топырақтарға тұрғызылатын ғимарат негiзiн жобалау ерекшелiктерi
- •9. Қазылған аумақтарда тұрғызылатын имарат негiздерiн жобалау ерекшелiктерi
- •10. Сейсмикалық аудандарда тұрғызылатын имарат негiздерiн жобалау ерекшелiктерi
- •11. Электрберiлiстiң әуелiк желiлер бағандарының негiздерiн жобалау ерекшелiктерi
- •12. Көпiрлер бағандарының және үйiндi астындағы құбырлардың негiздерiн жобалау ерекшелiктерi
- •13*. Карстталған аумақтарда тұрғызылатын имарат негiздерiн жобалау ерекшелiктерi
- •14*. Iсiнетiн топырақтарға тұрғызылатын имарат негiздерiн жобалау ерекшелiктерi
- •15*. Шайылатын топырақтарға тұрғызылатын имарат негiздерiн жобалау ерекшелiтерi
- •16*. Топырақтарды бекiтуді жобалау
- •17*. Топырақтарды жасанды тоңазытуын жобалау
- •18*. Су төмендетуді жобалау
- •Ширек шөгінділі құмды топырақтардың меншікті ілінісуінің сn, кПа (кгс/см2), ішкі үйкеліс бұрышының n, град. Және деформация модулінің нормативтік мәндері е, мПа (кгс/см2)
- •Ширек шөгінділі шаңды-балшықты сары емес топырақтардың меншікті ілінісуінің сn, кПа (кгс/см2), ішкі үйкеліс бұрышының n, град. Және деформация модулінің нормативтік мәндері е, мПа (кгс/см2)
- •Шаңды-балшықты сары емес топырақтардың деформация модулінің нормативтік мәндері
- •Негiз деформацияларының есебi1 Шөгулерді анықтау
- •Kc коэффициенті
- •Km коэффициенті
- •Iргетас кренін анықтау
- •K коэффициенті
- •Ke коэффициенті
- •Негіз топырақтарының шөгуін анықтау
- •Iсінетін топырақтардан тұратын негіз деформацияларын анықтау
- •Kg коэффициенті
- •Суффозиялы шөгудi анықтау
- •Негіз топырақтарының есептік кедергілері
- •Iрі сынықты топырақтардың есептік кедергілері r0
- •Құмды топырақтардың есептік кедергілері r0
- •Шаңды-балшықты (шөкпейтін) топырақтардың есептік кедергілері r0
- •Шөкпелі топырақтардың есептік кедергілері r0
- •Үйілген топырақтардың есептік кедергілері r0
- •Электрберілістің әуелік желілер бағандарының жұлып алынатын іргетастарына арналған қайта төгу топырақтарының есептік кедергілері r0
- •Негіздің шектік деформациялары
- •Негiзгi әрiптiк белгiлеулер Сенімділік коэффициенттері
- •Топырақтың сипаттамалары
- •Жүктемелер, кернеулер, кедергiлер
- •Негiздер мен ғимараттар деформациялары
- •Геометриялық сипаттамалар
ҚР ҚНжЕ 5.01-01-2002
Құрылыстың нормалары және ережелері ғимараттар мен имараттар негiздері основания зданий и сооружении
Енгізілген күні – ___.__200_ж
Осы нормалар ғимараттар мен имараттар1 негіздерін жобалау кезінде сақталуы қажет.
Осы нормалар гидротехникалық имараттардың, жолдардың, аэродром жабындарының, мәңгітоң топыраққа тұрғызылатын имараттардың негіздеріне, сондай-ақ қада іргетастарының, терең бағандардың және динамикалық жүктемелері бар машиналар астындағы іргетастардың негіздеріне қолданылмайды.
1. Жалпы ережелер
1.1. Имараттар негіздері мына негіздемелерге байланысты жобалануы қажет:
а) құрылысқа арналған инженерлік-геодезиялық инженерлік-геологиялық, инженерлік-гидрометерологиялық ізденістердің нәтижелері;
б) имараттардың қызметін, құрылымдық және технологиялық ерекшеліктерін, іргетастарға әсер ететін жүктемелерді сипаттайтын деректер, және оларды пайдалану шарттары;
в) іргетастар немесе тағы басқа жерасты құрылымдар материалдарының физика-механикалық қасиеттерін және топырақтардың беріктік пен деформациялық сипаттамаларын ең толық пайдалануымен қамтамасыз ететін нұсқасын қабылдауға арналған жобалық шешімдердің (келтірілген шығындардың бағалауы бар) мүмкін болатын нұсқалардың техника-экономикалық салыстырулары.
Iргетастар мен негіздерді жобалау кезінде құрылыстың жергілікті жағдайларын, сондай-ақ ұқсас инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық жағдайлардағы ғимараттарды пайдаланудың, құрылыс жүргізудің және жобалаудың бар тәжірибесін ескеру қажет.
1.2. Құрылысқа арналған инженерлік ізденістер ҚНжЕ талаптарына, мемлекеттік стандарттарға және құрылысқа арналған топырақтардың инженерлік ізденістері мен зерттеулері бойынша басқа нормативтік құжаттамаларға сәйкес өткізілуі тиіс.
Күрделі инженерлік-геологиялық жағдайлары бар аудандарда: егер ерекше қасиеті бар (шөгетін, ісінетін және басқа) топырақтар шыққан жағдайларда немесе қауіпті геологиялық құбылыстардың (карсттардың, жылжымалардың және т.с.с.) дамуы мүмкін болған жағдайларда, сондай-ақ қазылып жатқан аумақтардағы инженерлік ізденістерді мамандандырылған ұйымдар орындауы қажет.
1.3. Негіз топырақтары ізденістер нәтижелерінің баяндамаларында, негіздер, іргетастар және имараттың басқа жерасты құрылымдарының жобаларында ҚР СТ 25100-2002-ге сәйкес аталуы тиіс.
1.4. Инженерлік ізденістер нәтижелерінің құрамында құрылыс алаңшаларының инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық жағдайларының мүмкін болатын өзгерістерінің болжамдары бар іргетастардың өлшемдері мен орналастыру тереңдігін
___________
1
Ресми басылым
анықтауға, іргетастар мен негіздердің түрлерін таңдауға қажетті деректер, сондай-ақ оларды игеру жөніндегі инженерлік шаралардың көлемдері мен түрлері болуы тиіс.
Негіздерді жобалауға тиісті инженерлік-геологиялық негіздемелерсіз немесе олардың жетіспеушілігі болған жағдайда жол берілмейді.
1.5. Негіздер мен іргетастардың жобасы бойынша құрылыс ауданын көгалдандыру, аз өнімді немесе бұзылған ауыл шаруашылық жерлерін қалпына келтіру (рекультивациялау) және т.б. мақсаттармен соңынан қолдану үшін топырақтың өсімдік қабатының кесіліп алынуы қарастырылуы қажет.
1.6. Күрделі инженерлік-геологиялық жағдайларда тұрғызылатын жауапты имараттардың негіздері мен іргетастарының жобаларында негіз деформацияларының нақты өлшеулерін жүргізуді қарастыру қажет.
Негіз деформацияларының нақты өлшеулері жаңа немесе толық тексерілмеген имарат құрылымдарын немесе оның іргетастарын қолданған жағдайда, сондай-ақ егер негіз деформацияларының өлшеулері бойынша имаратта жобалауға арнайы талаптар болған жағдайларда да қарастырылуы қажет.