Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MEST.docx
Скачиваний:
67
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.99 Mб
Скачать

1) Форматтар

Сызбаларды өлшемдері келісім бойынша тағайындалған қағазға салады. МЕСТ 2.301-68* бойынша негізгі және осымша сызба форматтары, басқа да құжаттар бекітіледі. Формат сыртқы жіңішке қоршау сызығымен аңықталады. Сызба форматтарының ішкі қоршауы қағаздың үстінгі, оң және төменгі жақтарынан, формат шетінен 5 мм қашықтықта, ал сол жағынан 20 мм қашықтықта үздіксіз жуан сызықпен жүргізіледі.

6.1-Сурет - а4 форматынан басқа форматтарды безеңдіруге мысал

Ауданы 1 кв.м, өлшемдері 1189*841 мм формат және оны қысқа қабырғасына параллель тең екіге бөлу арқылы жасалған форматтар негізгі форматтар ретінде алынады. Негізгі форматтардың белгілеулері мен өлшемдері 6.1-кестеде көрсетілген.

Ішкі қоршаудың оң жақ бұрышының төмеңгі жағына сызбаның негізгі жазбасы жазылады. Негізгі жазбаның мазмұны, орналасуы және өлшмдері СТП 02073458-0104-92 бойынша көрсетіледі.

6.1-кесте. МЕСТ 2.301-68* бойынша негізгі форматтардың белгілеулері мен жиектерінің өлшемдері.

Формат жиектерінің өлшемдері: 841*1189(А0)594*841(А1)420*594(А2)297*420(А3)210*297(А4)

А4 форматының бетінде негізгі жазба қысқа қабырғасына жазылады. Негізгі жазба және қоршау сызбасы (тұтас жуан негізгі сызық) тұтас жіңішке сызықпен жүргізіледі. Тапсырмадағы негізгі жазба 6.2-суретте көрсетілген.

6.2-Сурет - Сызбаның негізгі жазуы (штампы)

2) Масштабтар

Тетікбөлшектің нақты шамасынан кескін неше есе үлкен не кіші екенін көрсететін санды масштаб деп атайды.

Масштаб дегеніміз – нәрсенің сызбадағы ұзындығының оның дәл ұзындығына қатынасы масштаб таңдау сызбаның кескініне, күрделігіне және заттың өлшеміне байланысты.

МЕСТ 2.302-68* масштаб қатарын, оның барлық сызбалардағы белгілеуін береді.

Кішірейту масштабтары 1:2; 1:2.5; 1:4; 1:5; 1:15; 1:20; 1:25; 1:40; 1:50; 1:75; 1:100; 1:200; 1:400; 1:500; 1:800; 1:1000;

Нақты шама 1:1;

Үлкейту масштабтары 2:1; 2.5:1; 4:1; 5:1; 10:1; 20:1; 40:1; 50:1; 100:1;

Сызбаның негізгі жазбасы осы көрсетілген масштабта мынадай 1:1; 1:2; 2:1; т.б. қатынаста аңықталуы керек, ал басқа жағдайда (1:1); (1:2); (2:1); т.б.

Сызбада бейнеленген заттың қолданылған масштабқа байланысты негізгі өлшемі алынады.

3)Мест 2.303-68* Сызықтар түрлері және олардың тағайындалуы.

Сызбаның айқындылығы мен жеңіл оқылуы үшін оны әр түрлі жуандықтағы және кескіндегі сызықтармен безендіреді.Сызбада қолданылатын сызықтардың түрлерін және өлшемдерін МЕСТ 2.303-68 тағайындаған. Осы стандартқа сай сызықтар 1кестеде сипатталған. Жуан тұтас негізгі сызықтың жуандығы S сызбаның пішіміне, мөлшеріне және кескіннің күрделігіне байланысты 0,5 ммден 1,4 мм-ге дейінгі аралықта болады. Үзілме, нүктелі үзілме сызықтар сызықшаларынан басталады, сызықшаларымен аяқталады және сызықшалармен қиылысады. Кескіндегі шеңбердің диаметрі 12мм-ден кем болса, онда центрлік сызық ретінде пайдаланылатын үзілме нүктелі сызықты тұтас жіңішке сызықпен алмастыру керек.Тұтас ирек сызықтарды және тұтас тіркесінді сызықтардың сынықтары қолдан жүргізіледі. Өлшем сандары және жазулар сызба сызықтары мен қиылыспауға тиіс. Сызба рамкасы, кестелер, негізгі жазулар мен сипаттізімдер жуандығы S тұтас сызықтармен орындалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]