Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

4 глава. Охрана труда

.docx
Скачиваний:
65
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
49.33 Кб
Скачать

4 Еңбек қорғау

4.1 Зиянды және қауіпті өндірістік факторларды саралау

Еңбек қорғау - бұл құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профидакикалық, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын еңбек-қызмет процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамту жүйесі.

Еңбек қорғау саласында қазіргі кезде келесі негізгі ұғымдар белгіленеді: қауіпті өндірістік фактор, зиянды өндірістік фактор, жұмыс орны, өндірістік санитария, қауіпсіз техника, өрт қауіпсіздігі, өндірістік сәтсіз оқиға және т.б.

Өндірісте жағымсыз санитарлы-гигиеналық жағдайлардан өндірістік зияндылықтар болады. Мәселен, жұмыс орындарындағы жағымсыз микроклимат, жұмыс зонасында зиянды қосындылар, жағымсыз жарық, шу, діріл, иондағыш сәулелер т.б.

Өндірісітік қауіптіліктер мен зияндылықтар арасында айқын межені өткізуге болмайды. Бір жағымсыз фактор жарақатқа және кәсіби ауруға әкеліп соғуы мүмкін (мысалы, көзге түскен өндіріс шаңының бөлшекетері жарақатқа, ал шаңнан – силикоз ауруы пайда болады; жылудың артық мөлшерінен адам күйіп жарақат алса, организмді ыстық соғуы мүмкін).

Толық қауіпсіз және зиянсыз өндіріс болмайды. Еңбекті қорғау курсының мақсаты – студенттерді өнеркәсіп орындарын жобалау, құрылысын жүргізген және оны пайдаланған кездерінде еңбек қорғау мәселелерін теориялық және практикалық жағынан шешім қабылдап дайындау.

Еңбекті қорғауды басқару деп (ЕҚБ) - ұйымдастырушылық, техникалық, санитарлы-гигиеналық, емдеу-профилактикалық шараларын іске асыратын жоспарды жүзеге асыруды ұйымдастыра отырып, жұмыскердің денсаулығын, еңбекке жарамдылығын және қауіпсіздігін сақтауға бағытталған еңбек үрдісін айтамыз.

Еңбекті қорғаудың басқару объектісі – жүмыс орындарында, өндірістік бөлімшелерде, цехтарда, тұтастай мекемеде қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелер мен функцияналдық қызметтердің әрекеті болып табылады [59].

Әр ұйым өзінің басқару түрімен жұмыскерлер санына қарамастан «Еңбекті қорғау қызметін ұйымдастыру туралы» бұйрық шығарады. Бұл бұйрықта еңбекті қорғау саласында кім жауапты екені айқын көрсетіледі.

Еңбекті қорғау – бұл әлеуметтік-техникалық ғылым, өндірістік қауіпті жағдайларда және кәсіптік зияндарды зерттейді, оларды болдырмай шараларын жасайды немесе оқыс жағдайлардың, кәсіптік аурулардың алдын алу тәсілдерін қарастырады. Толық қауіпіз не зиянсыз кәсіпорындар мүлдем жоқ. Еңбекті қорғаудың мақсаты жұмыс істеушінің қауіпсіздігіне және ауырмауы үшін қолайлы жағдай жасап, еңбек өніміділігін барынша жоғары көрсете алатындай жағдайлармен қамтамасыз ету. Еңбек өнімділігі адамның денсаулығы мен жұмыс істеу қабілетін сақтау, адам еңбегін, жұмыс мезгілін үнемдеу, оның белсенді жұмыс істеу уақытын ұзарту, өнімнің жоғары сапасын көтеріп, қоғамдық еңбекті үнемдеу, негізгі өндірістік қорларды қолдануды жақсарту, апаттар санын азайту және т.б. арқылы артады.

Еңбек жағдайларын жаксарту және онын қауіпсіздігі өндірістік жарақаттануды, кәсіптік ауруларды төмендетеді, бұл еңбекшілердің денсаулығын сақтайды және сонымен қатар қолайсыз жағдайларда жұмыс барысындағы төленетін жеңілдіктер мен қосымша ақша төлемдерін азайтады.

Еңбек жағдайларын жақсарту әлеуметтік жақсы нәтижелер береді – қызметкерлердің денсаулығы артады, жұмысы қанағаттандырады, еңбек тәртібі артады, өндірістік және қоғамдық белсенділік пен баска да еңбекшілердің жоғары сатылы дамуын сипаттайтын көрсеткіштер жоғарылайды.

Азаматтардың еңбек еркінділігіне сай Конституциялық құқығына байланысты туындайтын Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының еңбек туралы Заңы реттейді, ол Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және жекелеген қызметкерлер категориялы арасында еңбек қатынастарын реттейтін Заң мен басқа да нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Бұл Заң 1 қаңтар 2000 жылдан бері жұмыс істеді [59].

Еңбек жағдайлары – деп қызмет барысында адамның денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігіне әсер ететін өндіріс факторларының жиынтығын атайды. Еңбек жағдайлары өндіріс технологиясы, еңбек процестері және айналадағы санитарлық – гигиеналық орта арқылы қалыптасады.

Әр еңбек процесі адам мен сыртқы ортаның өз ара әрекеттілігі болып табылады. Онда әрқашан энергия жұмсалып отырады. Сол жұмсалатын ой және физикалық энергияның мөлшерін еңбек өнімділігі деп атайды. Мұнда адамның жұмысқа ең жоғары қабылеттілігі жұмыс орнында қолайлы және қауіпсіз жағдайлар жасалғанда ғана жүзеге асырылады, яғни жақсы микроклимат, жұмыс зонасында өндірістік қауіптіліктер мен зияндылықтар жоқ, шамадан тыс ой және физикалық жүктемелер болмауы т.б.

Егер еңбек жағдайлары қолайсыз болса, жұмыскерлерге тез шаруашылық пайда болады. Ол үздіксіз түрде болып тұрса, адамды әбден қажуға әкеліп соғады. Қажыған адамның жұмысқа қабілеттілігі азайып, денсаулығы төмендеп, зақымдану мен кәсіби аурулардың пайда болу мүмкіндігі жоғарлайды [60].

Өндірісте жағымсыз факторлар табиғаты, біліну түрі және адамға тигізетін әсері бойынша мынандай топтарға бөлінеді:

  • физикалық факторлар - жылжымалы машиналар мен механизмдер, қондырғыларын қозғалмалы бөлшектері, электр тоғы, жағымсыз микроклимат, қолайсыз жарық, үлкен мөлшерлі шу мен дірілдер т.б.

  • химиялық факторлар – улағыш және зиянды заттар, газдар, булар және шаңдар.

  • биологиялық факторлар – ауру туғызатын микробтар, вирустар, бактериялар, өсімдіктер және жәндіктер т.б.

  • психологиялық факторлар – физикалық, психикалық және эмоциялық т.б.

Өндірістік зақымдану мен кәсіби аурулар еңбек жағдайларының кешірілмейтін нәтижесі болып есептеледі. Жағымсыз еңбек жағдайлары тіпті ауыр салдары болғанның адам денесіне зиянды әсерін тигізеді. Ешқандай техника құралдарын, қандай жаңа болмасын, пайдалану барысында адам денсаулығына қауіп туғызатын болса, оларды әбден жетілген, сенімді деп есептеуге болмайды. Сондықтан керекті шараларды қолданып, жұмыс орындарында қолайлы жағдайларды жасау үшін жарақат пен кәсіби ауруларды әрқашан зерттеп, талдап отыру керек.

Кәсіпорындарда түрлі жағдайлардың әсерңмен кенеттен адамның организміне кенеттен зақым келтіріп, денсаулығын шұғыл төмендететін еңбек процестерінің жағымсыз факторларын өндірістік қауіптіліктер деп атайды. Мәселен, машиналар мен механизмдердің ашық қозғалмалы бөлшектері, құрал - жабдықтарың өткір істік жиектері, ыстық заттар мен от-жалындар, корпусында тоқ пайда болған электр қондырғылары, ауада көп мөлшерде улағыш заттардың болуы т.б.

Адам организмінің зақымдану мүмкіндігін туғызатын әртүрлі жағдайлардың тоғысуын қауіпті оқиға деп санайды. Ал егер бұл жағдайлар адам организміне зақым келтірсе, мұндай оқиғаны жазатайым оқиға деп атайды. Сонымен, жазатайым оқиға деп адам организмәне өндірістік қауіптіліктің әсерінен кенеттен зақым келтіретін кездейсоқ оқиғаны айтады.

Өндірістік жарақат – деп адамның уақытша немесе тұрақты еңбекк жарамсыздығын туғызатын организмнің зақымдалуын айтады [61].

Өндірістік жағдайларында кеәбір факторлар адамның денсаулығына әрдайым, үздіксіз, уақыт бойы зиянды әсерін тигізіп тұрады, ал оның зардабы біраз уақыттан кейін ғана білінеді. Сонымен, адам организміне әрқашан және көп уақыт бойы зиянды әсерін тигізетін еңбек процестерінің және санитарлық ортаның жағымсыз факторларды өндірістік зияндылықтар деп атайды.

Мұндай зияндылықтарға жататындар: жұмыс орындарында жағымсыз метеорологиялық жағдайлар; ауаның көп шаңдығы мен газдылығы; шу мен діріл, ультрадыбыс, радиоактивтік тағы басқы зиянды сәулелер; жұмыс орындарының қолайсыз жарықтылығы; жұмыс кезінде адам денесінің қолайсызқалпы; өндіріс бөлмелері мен жұмыс орындарының ластығы тағы басқалар.

Өндірістік зияндылықтар әртүрлі ауруларды туғызады, олар кәсіби аурулар деп аталады. Сонымен кәсіби аурулар – деп адам организмінде өндірістік зияндылықтардың әсерінен пайда болып, әрі қарай өрістеуге шалдықққан ауру процесін айтады. Кәсіби аурулардың тізімінде 30-дан артық аурулар белгіленген.

Өндірістік зақымдықтың қауіптіліктен өзгешелігі сонда, ол адам денсаулығын лезде емес, біртіндеп, ұзақ уақыт бойы төмендетеді және пайда болып болған ауру тұрақты түрде өтеді. Кейбір зияндылықтардың айналадағы ортада бар-жоғын сезім мүшелерімен айыруға болмайды. Бұл жағдай олардың зияндылығын жоғарлатады [61].

Технологиялық қауіпті әсер ететін факторлар:

Өндірістік шу - өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік кешендердің техникамен қайта жабдықталуы, көлік жылдамдығының артуы, ой еңбегін жеңілдететін, әрі жылдамдататын техникалық құралдардың енгізілуі, тұрмыстық техниканың дамуы және басқа да қазіргі заманғы жетістіктер шудың қоршаған ортаның экологиялық маңызды факторына айналуына әкеп соқты. Шу адам денсаулығының нашарлауының, жаңа ұрпақтың даму деңгейінің төмендеуінің, адамның әлеуметтік және кәсіби белсенділігінің кемуінің бір себебі болып табылады. Бұл фактордың әсер етуінің салдарынан қоғамның жоғалтатын нәрсесі көп-ақ. Соның кесірінен өнеркәсіп жыл сайын 5% еңбек ресурстарын жоғалтады, ал әрбір 10 децибелге шу деңгейі ұлғайғанда жұмыс қабілеттілігі 10-12 пайызға кеміп, жылына бір жұмысшыға жұмсалатын шығын 25 пайызға артады. Демек, адамды шудан қорғау мәселесінің маңызы өте зор.

Діріл дегеніміз - берік денелердің немесе механикалық жүйелердің тепе-тең қалыптағы механикалық тербелмелі қозғалысын айтады. Тербеліс келесі параметрлермен сипатталады: тербелу жиілігі, f Гц; ығысу амплитудасы, А, м; тербеліс жылдамдығы (виброжылдамдық), V, м/с; тербелмелі үдеу (виброүдеу), W, м/с2. Виброжылдамдықтың шеткі шамасы ретінде V0=5·10-8, м/с; ал виброүдеу шамасы ретінде W0=3·10-4, м/с2; санаудың басы болып табылады.

Дірілдің абсолюттік параметрлерінің өте кең диапозонымен өзгеруінен виброакустикалық өлшеулер тәжірибесінде салыстырмалы деңгейдегі параметрлер қолданылады.

Дірілдің жалпы және жергілікті түрі бар. Жалпы діріл тірегіш беттің үстімен тұрып тұрған немесе отырған денеге өтіп, бүкіл ағзаның тербелуіне әкеледі. Локальді (жергілікті) діріл - бұл механикаланған аспаптармен жұмыс жасау кезіңдегі бөлек дене мүшелерінің тербелуін айтамыз. Кейбір жағдайларда екі түрлі діріл астына түсу мүмкін [62].

Жалпы дірілдеудің пайда болатын көздері 3 категорияға бөлінеді :

- транспорттік,өзі жүретін машиналардың қозғалысынан пайда болатын (автомобильдер, тракторлар, локомотивтер және т.б.);

- транспорттік-технологиялық, стационарлық қалыптағы немесе өнеркәсіптік орындарда және аландарда жұмыс жасайтын машиналардың қозғалысынан пайда болатын (экскаваторлар, крандар, бетон қалаушылар, авто тиегіштер және т.б.);

- технологиялық, стационарлық қалыпта жұмыс жасайтын машиналардан пайда болады (станоктар, насостар, вентиляторлар, пресстар, электрлік машиналар және басқа қондырғылар).

Дірілдеу кәсіпшілік зияндылық және оның жоғары деңгейлері денсаулыққа және жұмыс қабілеттілігіне зиянды әсерін тигізеді.

Адамның әр түрлі ішкі құрылыстары мен дене мүшелерін (бас, бүйрек, ұлтабар, жүрек және т.б.) белгілі салмағымен бір-бірімен серпімді элементтерімен жалғанған және өз тербелу жиілігі бар тербелмелі жүйе ретінде қарастыруға болады.

Ішкі құрылыстардың көбісінде өз тербелу жиілігі 6-12 Гц диапазонда болғандықтан жалпы дірілдеу қауіпті құрайды. Сондықтан сырттан осындай тербелу жиілігі адам ағзасында ішкі құрылыстарда резонанстық әсер тигізіп, олардың ығысуына, механикалық зақымдануына және жыртылуына әкеледі. Ұзақ уақыт бойы дірілдеу негізінен орталық жүйке жүйесіне зақым келтіріп, ағзаның физиологиялық функциялары зақымдап, адамда бас ауруы, айналуы, ұйқысыздық, жүрек жұмысын зақымдап, жұмыс қабылеттілігі жоғалады. Жергілікті дірілдеу қол тамырларында, саусақтардың, білектердің қан айналысы нашарлау және жүрек тамырларының түйілуіне, қолдардың байлану және организмда басқа патологиялық өзгертулерге әкелуі мүмкін [62].

Дірілдің негізінде пайда болған ағзада комплекстік өзгертулер дірілдік ауру деп аталады. Бұл емі қиын, мүгедекке жиі әкеліп соқтыратын, ауыр кәсіби ауру.

Адам ағзасына тербелістің тигізетін зиянды әсері оның жиілігіне, ұзақтығына және бағытына байланысты. Вертикалды толқындарға ағза өте сезімтал, дірілдеп тұрған беттің үстінде тұрған адамның аяғынан басына дейін толқын өтеді. Бір мезгілдегі толқын, шуыл және төмен температураның әсері адамға өте зиянды. Ауырлық күшінің үдеуінен толқын үдеуі 1% (яғни 0,1 м/с2) жеткенде - адамдарда толқынның шектеулі сезіну пайда болады, ал 4-5% (яғни 0,4-0,5 м/с2) жеткенде - адам жағымсыз әсер сезеді. Барлық техникалық дамыған елдерде толқындық ауру басқа кәсіби аурулардың арасынан санынан да, ауырлығынан да бірінші орында тұр.

Өндірісте жұмыс орындарын қолайлы жарықтандыру еңбек қорғаудың басты мәселелерінің бірі болып табылады. Орынды жасалған қолайлы жарық еңбек ету жағдайын жақсартады, көз талуын азайтады, адамның көңіл күйін және белсенділігін көтеріп жұмыс өнімділігі мен сапасын арттырады.

Жарық организмі ортамен сырттың байланысын қамсыздандырады, адам көру - көз ақпаршысы, барлық адамда көздер арқылы миға 90% сыртқы әлем туралы хабар түседі. Жарық, көздерге іс әрекет және олар арқылы орталық жүйке жүйесіне, бүтін адам организміне ықпалын тигізеді.

Жақсы жарықтандыру орналастырған кезде тыныс органдардың қызметі күшейеді, организмде зат алмасу жақсарады, көз кермеулігі жойылады, қоршаған заттардың айыруы жеңілденеді, еңбек өнімділік және шығарылатын өнім сапасы жоғарылайды. Жарық барлық организм қызметін қоздырады, ал қараңғылық оны жояды. Сергек көңіл - күй және жоғары белсенділік жұмыс істеушілердің орнында түзу жұмысшы орындардың нормалы жарықтандыруының тәуелділігі болады [63].

Жарықтың жеткіліксіздігі көздің алыстан көрмеушілік қабілеттілігін аласартады, көз талады, бас ауырады, организм тез қажиды, айналадағы заттардың көрінісі азаяды, адамның жұмысқа деген қабілеттілігі және еңбек өнімділігі кемиді. Қоршаған заттарды айыру және сақтық белгілерді ажыратуда қиналады, ол өндірістік травматизм себебіне әкеліп соқтырады. Өте көп жарықтылық та пайдасыз болады. Бұл жағдайда көз шағылысып ауырады, көзді сығырайтып жұмуға тура келеді, адамның жүріс қимылы өзгереді, травматизмге және хабардың жоғалтуына әкеліп соқтырады.

Сондықтан жұмыскерлердің организміне зақым келмеу, денсаулығын сақтау және жарақаттану болмау үшін өңдірісте жұмыс орындарында қолайлы жарықтылық жасауға ерекше көңіл бөлу керек. Өндірістік жарықтандыру гигиенаның маңызды факторы болып келеді және оған жоғары талаптар қойылады.

Жарық көздерінің түріне байланысты өңдіріс жарығының үш типі болады табиғи, жасанды және аралас. Табиғи жарық күндізгі жарықтан жасалынады, адамға ең қолайлы іс әрекет атқарады, энергия шығынын талап етпейді. Бірақ ол тұрақты емес, метерология және маусымдық шарттардың күн уақыттарынан тәуелді болады. Табиғи жарықтандыру жоғарыдан, жанынан және аралас болады.

Жасанды жарықтандыру электрлік жарықтың қайнар көзінен тұрады. Жасанды жарықтандыруды құрылымдық атқарылуы бойынша ол жалпы, жергілікті және аралас болады. Функционалды тағайындалуы бойынша ол жұмыстық, апаттық, эвакуациалық, кезекшілік, қорғаушылыққа бөлінеді. Жасанды жарықтың қайнар көзі қыздыру шамдары және газ санатты шамдар болып табылады. Бұл шамдардың артықшылықтары және кемшіліктері болады. Сондықтан газ санатты шамдар үлкен сапаға ие болады, онда олар өндірістік орналастыруларды жарықтандыруына кең қолданылуға арналған [63].

4.2 Шаңдану және онымен күресу

Шаң (тозаң) ауаға көтеріліп, онда көпке дейін қалқып жүрген қатты заттардың бөлшектерін (ұнтағын) айтады.

Өндірістік шаң деп өте ұсақ заттардың бөлшектерін айтады, өңдірістік процестерде және ауада көпке дейін қалқып жүру амалын құрайды. Шаң көбінесе технологиялық процестердің нәтижесінде пайда болады, мысалы, қатты заттарды жарып уатқанда, ұсақ заттарды елеп, алмастырып, артып, тасымалдағанда, заттарды өңдегенде, кейбір химиялық, жылулық тағы басқа процестерді жүргізгенде пайда болады.

Шаң тозаңдалған газбен бірге, оның ішіндегі дисперсиялық жүйесін құрайды. Бұл жүйеде тозаң дисперсиялық фаза, ал газ дисперсиялық орта деп аталады. Ауаға көтерілген шаңды аэрозоль деп атаса, әр заттың бетіне ауадан тұнып отырған шаңды аэрогель дейді. Өңдірістік жағдайларда аэрозоль мен аэрогель өзара әрекетте болып бір – бірімен алмасып отырады.

Шаң пайда болу жағдайына, заттық құрамына, тозаң бөлшектерінің ірілігіне, дисперсиялық, зияндылығына және жарылу қауіптілігіне байланысты құрылады. Шаңдар пайда болу жағынан: органикалық және органикалық емес болып бөлінеді [63].

Органикалық шаңдарға өсімдіктер тозаңы жатады (ағаш, ұн, қант, мақта, қант және т.б.), жануарлар тозаңы (жүн, тері, мүйіз, сүйек т.б.), сонымен қатар химия өндіріс заттарының тозаңы (пластмасс, химиялық талшықтар және химиялық реакциялардың басқа органикалық өнімдері жатады).

Органикалық емес шаңдарға металдар тозаңы жатады (мыс, темір, мырышты, қорғасын, алюминий және т.б.) және минералдар тозаңы (кварц, цемент, әк, асбест, керамика және т.б.). Өңдірісте көбінесе біркелкі емес бірнеше аралас шаңдар болады.

Шаң бөлшектерінің ірілігіне қарай мынадай топтарға бөледі:

1 Ірі шаң, бөлшектерінің өлшемі 500-100 мкм, ауада сақталмайды, тез отырады, шаң ұстағыш құралымен оңай ұсталады.

2 Ұсақ шаң, бөлшектерінің өлшемі 100-10 мкм, ауада аз уақыт сақталады, тынық ауадан үдемелі жылдамдықпен отырады, бұл шаңды ұстау үшін циклондар, фильтрлер, ылғалды шаң ұстағыштар т.б. құралдар қолданылады.

3 Майда шаң, бөлшектерінің өлшемі 10-0,1 мкм, ауада көп уақыт сақталады, тынық ауада өте баяу тұрақты жылдамдықпен отырады, жай көзге көрінбей тек микроскоппен көруге болады, бұл шаңды ұстау үшін мата фильтр, электрофильтр, ылғалды шаң ұстағыш т.б. құралдар қолданады.

4 Өте майда шаң, бөлшектерінің өлшемі 0,1 мкм кем, ауадан еш уақытта отырмайды, әрқашан қалқып жүреді, бұл шаңды ультрамикроскоппен ғана көруге болады, оны ұстап тұру үшін электрофильтр және арнайы құралдар пайдалану керек [64].

Дисперсиялық шаңдар келесі топтарға бөлінеді:

- гравитациялық;

- стокстовтік;

- броундық.

Бөлшектер сыныбы тұндыру жылдамдығымен анықталады, яғни аэрозольдің ауа ағынындағы жүріс тұрысын айтады.

Гравитация бөлшектері ауада сақталмайды, тез отырады, шаң ұстағыш құралмен оңай ұсталады.

Стокстік ауада аз уақыт сақталмайды, тынық ауадан үдемелі жылдамдықпен отырады да кішкентай бөлшек тұнығы стокстіктің тұрақты мағынасымен сипатталады.

Броундық кішкентай бөлшектері орташа қозғалыс заңдарына бағынады да және ағымнан бөлінбейді.

Шаң бөлшектерінің ірілігімен оның физика - химиялық қасиеттері өзара байланысты: тозаң бөлшектерінің жалпы сырт бетінің ұлғаюы, оның адсорбция қабілеттілігіне, коагуляцияға отыруға, жарылуға қабілеттілігі, электрлік қасиеттері т.б. Шаңның бөлшектері электр зарядтармен қуатталады: тотықтырған оттегінің кішкентай бөлшектерімен және металл еместер, ереже бойынша заттардың дұрыстылығы, ал нағыз тотықтар және металдарға керісінше болады. Белгі және шаңның қуатталған мөлшері ауада тұндырудың ықпалына маңызды нәтижені көрсетеді [64].

Жарылу қауіптілігі жағынан қарағанда шаңдар жарылатын (көмір, ұн, қант, күкіртті, ағаш т.б.) және жарылмайтын (цемент, кварц, тас, нәсіл т.б.).

Зияндылық жағынан шаң улы (қорғасын, сынап, мышьяк, мыс т.б.) және улы емес шаңдарға (тек, көмір, цемент, темір, ағаш т.б.).

Усыз шаңның өзі көп мөлшерде болса адам организміне зиянды әсерін тигізеді. Ол адамның терісін ластап бүлдіреді, ісік, қабыну ауруларын туғызады (язва, дерматит, экзема т.б.), дененің май және тері саңылауларын бітеп тастайды, тер шығу және жылу алмасу процестерін бұзады. Шаң көзге түсіп зақым келтіру мүмкін. Кейбір шаңдар адамның ас қорту мүшелеріне кіріп оларды әр түрлі ауруларға шалдықтырады.

Егер адам тозаңдалған ауамен көп уақыт дем алса, онда жұтқан шаңның салдарынан кәсіби өкпе ауруына шалдығады, яғни жалпы алғанда пневмокониоз деп атайды. Пневмокониоздың қандай тозаңнан тууына қарай бірнеше түрлері болады: силикоз - кварц (кремнезем немесе кремнийдің қос тотығы SiО2) тозаңынан, сидероз – темір рудасы тозаңынан, антракоз – тас көмір тозаңынан, асбестоз – асбест тозаңынан т.б.

Біздің ҚР-да жұмыс зонасының ауасында шаңның мынадай ақырғы шекті концентрациясы белгіленген:

- тозаң құрамында кремнеземнің мөлшері 70% артық болса SiО2 - 1мг/ м3;

- егер кремнеземнің мөлшері 10 - 70% дейін болса SiО2 - 2 мг/ м3;

- кремнеземнің мөлшері 10 % кем болса - 4 мг/м3;

- аллюминий, оның тотығы мен қорытпасының шаңы-2 мг/ м3;

- цемент шаңы (кремнезем 10 % дейін) - 3 мг/ м3;

- цемент, балшық, минералдар және олардың қоспаларының шаңы - 6мг/м3;

- басқа минералдар және өсімдіктер шаңдары - 10 мг/ м3.

Өңдірісте пневмокониоз ауруын азайту мәселесі инженерлік – техникалық, медико - санитарлық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық шараларын жүргізу арқылы шешіледі. Осы шаралардың ішінде жұмыс зоналарының ауасының тозаңдылығын азайтуға, оны әрдайым бақылап отыруға өте көп мән берілуі керек [64].

4.3 Шаң-тозаңды есептеу

Ауадағы концентрациялық шаңды оптикалық әдіспен анықтауға болады, ол жарық ағынының регистрациялық принципімен негізделген, шаңдатылған ауа арқылы және фильтрлік ДПВ материалы, ФПГ құралдарымен, ИПИ; радиоизотптық әдіс, бета және альфа бөлшектері шаңдатылған фильтрлік материал арқылы регистрациялық принцип негізделген, ПРИЗ, ИЗВ құралдарымен; электрометрлік әдіс, аэрозоль бөлшектерінің электрондалған зарядымен салыстырмалы регистрациялық принципі негізделген, ИКП құралдарына; акустикалық әдіс.

Осы жұмыста ауаның шаңдығын өлшеуіне арналған салмақтық әдіс қарастырылады және әдіске арналған құралдар қолданылатын.

Салмақтық әдіс шаңдалған ауаны соруында негізі салынған сүзгі арқылы, шаң бөлшектерін жібермей ұстап қалады. Фильтрдің салмағын басты және соңғы сұрыптаудан кейін, сонымен қатар сорылған ауа саны, ауа шаңының бірлігінде анықтауға болады [65].

Ауаның тозандылығын салмақтық әдіспен анықтау үшін қолданылатын керекті құралдар:

- АФА типті фильтрлер;

- патрон – фильтрлермен ауаның сынамаларын алуға арналған тозаңқабылдағыш;

- АЭРА аспираторы;

- тозаң камерасы;

- аналитикалық сорылған ауаның көлемін өлшейтін аспап;

- секундомер.

Өндірісте қолданылатын көмiрді өңдеу кезінде және материалдардың үрлеуінде көтерілген шаңды лақтыру және барынша бiр жолғы шаң көтерілуін төмендегiше есептелінеді:

G = АМ + ВМ, (4.1)

Мұндағы G- көмiрді өңдеуге және материалдардың үрлеуде барынша бiр жолғы лақтыру, г/стiң жанында шаң көтер;

АМ –материалды өңдеу кезіндегі (салу, күйiн өзгерту, орын ауыстыру) барынша бiр жолғы лақтыру, г/с;

ВМ - материалдың статистикалық сақтауы кезіндегі барынша бiр жолғы лақтыруы г/с.

Материалдың өңдеуiнiң барынша бiр жолғы лақтыру төмендегiше (4.2) формула) есептелінеді:

АМ = (К1∙К2 ∙К3∙К4∙К5 ∙К7∙ Т∙106∙В')/3 600, (4.2)

Мұндағы АМ - (салу, күйiн өзгерту, орын ауыстыру)материалдың өңдеуiнiң барынша бiр жолғы лақтыру , г/с;

К1 - Материалдағы шаң-тозаң фракциясының таразының молшері , 0, 052;

К2 - ауыспалы тозаңдағы 0, 02 көтер шаң мөлшері;

К3 – (желдiң соғуында болатын жылдамдығы) жергiлiктi ауа райын есепке алатын коэффициент 1, 4,

К4 - шаң туғызудың шартты түйiнінiң қорғаныштығының дәрежесi сыртқы әсер ,есепке алатын коэффициентi, 0, 2;

К5- материалдың ылғалдылық есепке алатын коэффициенті, 0,01;

К7 - материалдың iрiлiк есепке алатын коэффициенті 0,4;

Т - қайта өңделетiн материалдың жиынтық саны, 4,11 т/сағ;

В' - қайта себудің биiктiк есепке алатын коэффициенті 0,7.

Статистикалық сақтауында материалдың барынша бiр жолғы лақтыруы ((4.3) формула) төмендегiше есептелінеді:

ВМ = К3∙К4∙К5 ∙К7 ∙С∙П, (4.3)

Мұндағы ВМ - материалдың статистикалық сақтауы кезіндегі барынша бiр жолғы лақтыруы г/с.

К3–жергiлiктi ауа райы есепке алатын коэффициент (жел өтуде ие болатын жылдамдығы ) 1,4;

К4 - шаң туғызудың шартты түйiнінiң қорғаныштығының дәрежесi сыртқы әсер ,есепке алатын коэффициентi, 0, 2;

К5- материалдың ылғалдылық есепке алатын коэффициенті, 0,01;

К6 - жиналатын материалдың бетiнiң профиль есепке

алатын коэффициенті, 1,3;

К7 - материалдың iрiлiк есепке алатын коэффициенті 0,4;

С - материалдың 1 м2, бетiнен нақты көтерілген шаң жиынтығы 0, 005 болгандағы меншiктi алып кету ;

П- тозаңданған беттік, 510 м2.

Материалдарды өңдеу және материалдардың үрлеуі кезіндегі жалпы лақтыру келесі формуламен анықталады , т/жыл ((4.4) формула):

М = АВ+ВВ, (4.4)

Мұнда М – материалдарды өңдеу және материалдардың үрлеуі кезіндегі жалпы лақтыру, т/жыл;

АВ – материалдарды өңдеу кезіндегі жалпы лақтыру, т/жыл;

ВВ - материалдардың үрлеуінде және жалпы лақтыру кезінде т/жыл.

Материалдардың өңделуі кезіндегі жалпы лақтыру келесі жолмен анықталады ((4.5) формула):

, (4.5)

Мұндағы АВ– материалдарды өңдеу кезіндегі жалпы лақтыру, т/год;

АМ - (салу, күйiн өзгерту, орын ауыстыру) материалдың өңдеу барынсындығы барынша бір жолғы лақтыру г/с;

t1 – Материалдарды өңделудің жылдық мерзімі , 284 сағат.

Материалдардың өңделуі кезіндегі жалпы лақтыруды келесі әдіспен анықталады т/жыл ((4.6) формула):

(4.6)

Ауаға лақтырылатын көмір шаңының сапасын анықтау:

АМ = (0,0052∙0,02∙1,4∙0,2∙0,01∙0,4∙4,11∙106∙0,7)/ 3600 = 0,000927 г/с;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]