- •Жеті жарғы» заңдар жинағының қазақ хандығының саяси өміріндегі орны.
- •«Қазақстан-2030» дамыту стратегиясы - кәсiби мемлекеттiң құрастыруы туралы.
- •Авторитарлық саяси тәртiп.
- •Адам мен азамат құқығы мен бостандығы туралы қр- ның Конституциясы.
- •Адамның негiзгi құқықтары туралы қазiргi политология.
- •Азаматтық тұжырымдама - негiзгi теориялық жiберу, саяси қайта туу ойлары.
- •Ашықтықтың ұғымы. Ашықтықтың түрлерi.
- •Билiктiң бөлiнуi бұл заңға сүйенген мемлекеттiң қағидасы
- •Демократиялық саяси тәртiптiң негiзгi тармақтары.
- •Еуропалық орта ғасырдың саяси ойы. Августин Блаженский мен Фома Аквинский оқулары.
- •Жаңғырту шарттарындағы саяси социализация және азаматшылықтың құрастырылуы.( н.Назарбаев «Тарих шежіресінде»)
- •Заңға сүйенген мемлекет: ұғым және қағидалар.
- •Қазiргi американдық политология: р.Даль, г.Алмонд, д.Истон, г.Лассауэлл тағы басқалар.
- •Қазiргi қоғамдағы политологияның функциялары.
- •Қазiргi политологиядағы элиталардың құрастыруындағы мәселе
- •Қазiргi француздардың саяси ойы: р.Арон. М.Дюверже тағы басқалар.
- •Қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары.
- •Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі.
- •Қазақстандағы саяси жүйенiң өзгеруi. (тоталитаризмынан демократияға)
- •Қазақстандағы ұлттық қатынас мәселелері
- •Қоғамның саяси жүйесi: мәні және құрылымы.
- •Марксизмдiк саяси тұжырымдама.
- •Мемлекеттiк басқарудың формалары.
- •Николо Макиавеллидің саяси көзқарастары.
- •Платонның саяси көзқарастары.
- •Политология ғылым ретінде.
- •Политологияның зат және объект ұғымдары
- •Политологияның әдiстерi.
- •Сайлау жүйелерiнiң негiзгi түрлерi және ұғымдары.
- •Саясат- бұл әлеуметтiк құбылыс. Орны және қазiргi қоғамдағы саясаттың рөлi.
- •Саясатқа деген адамның негізгі қарым-қатынас түрлері
- •Саясаттағы адамның орны мен рөлі туралы негiзгi тұжырымдамалар.
- •Саясаттың мәні және табиғаты. Оның табиғатын анықтау жолдарының алуан түрлiгi.
- •Саяси ғылымның тарихы: дiни, заң және саяси – социологиялық дәстүр.
- •Саяси жетекшiлiктiң негiзгi тұжырымдамалары.
- •Саяси жүйелердің типологиясы.
- •Саяси көзқарастар және XX ғасырдың бiрiншi жартысының басындағы қазақ либералды интеллигенциясының тағдыры
- •Саяси Қазақстан мәдениетi: дамытудың күйлері және перспективалары.
- •Саяси мәдениеттiң типологиясы және функциялары.
- •Саяси партиялардың классификациясы.
- •Саясаттын мәні және табиғаты. Оның табиғатын анықтау жолдарының алуан түрлігі.
- •Саяси плюрализм және көп партиялылықты дамыту - қазақстандық қоғамның ары қарай демократтандыруының шарты.
- •Саяси процесс және жаңғырту.
- •Саяси процесстiң бiр түрi сияқты төңкерiс, реформа, көтерiлiс, бүлiк.
- •Саяси сана- бұл қоғамдық сананың формасы.
- •Саяси элита және элиталардың негiзгi тұжырымдамаларының ұғымы.
- •Сыртқы саясат, халықаралық саясат ұғымдары, айырмасы
- •Томас Гоббстың саяси көзқарастары.
- •Үкімет, оның негізінің мәні және қорлары.
- •Шарль Монтескьенiң саяси көзқарастары.
Жеті жарғы» заңдар жинағының қазақ хандығының саяси өміріндегі орны.
Жәңгірдің баласы Тәуке хан 1680 жылы таққа отырғанда қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси және экономикалық жағдайы ауыр еді. Рубасылар, сұлтандар өзінше бөлек билегісі келді. Орта Азия билеушілерімен қарым-қатынас тұрақсыз еді. Мұның бәрі қазақ мемлекетінің тұтастығына, сыртқы шапқыншылықтан қорғануға нұқсан келтірді. Сондықтан хандық өкімет билігінің беделін көтеріп, ақсүйектердің бөлініп, оқшаулануын тоқтату, халықты біріктіру үшін Тәуке хан «Жеті жарғы» деп аталған қазақ әдет-ғұрып заңдарының жиынтығын жасатты. Онда құқықтық тәртіп пен мемлекеттік құрылымның негізгі принциптері айқындалды. Атап айтқанда, жер дауы, жесір дауы, құн дауы, мал мүлік дауы, ұрлық-қарлық, айып-жаза, алым-салық және т.б. қаралады. «Жеті жарғы» нормалары қаулаған дау-дамайларды тежеп, рулар арасындағы тартыстарды бәсеңдетті, қоғам ішіндегі ала ауыздық азайып, ел бейбіт өмір сүрді.
«Қазақстан – 2030» стратегиясы – ұлттық қауіпсіздік туралы.«Адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибесі мемлекеттің алға басуы және тұрақты өсуі жүзеге асырылатын қажетті шарттардың бастауында оның ұлтының қауіпсіздігі мен мемлекеттілігінің сақталуы тұрғанына куә. Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды турде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет. Қазақстан саясатының стратегиялық бағыты үшін уақыты жағынан үздіксіз болуы керек. Бұл Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының бірінші стратегиялық басымдығы болуға тиіс». Содан Қазақстанның 2030 стратегиясында қазіргі кездегі және жақын болашақтағы ұлттық қауіпсіздігіне төнуі ықтимал қауіптің тікелей әскери басып кіру және мемлекеттің аумақтық тұтастығына қатер төндіру сипатында болмайтындығы туралы айтылған. Ресейдің де, Қытайдың да, Батыстың да және мұсылман елдерінің де бізге шабуыл жасауға итермелейтін сылтауы жоқ екені айдан-анық. Өз қауіпсіздігіміз бен аумақтық тұтастығымызды қамтамасыз ету үшін: Ресеймен арадағы сенім мен теңқұқылы қарым-қатынасымызды дамыту,ҚХР-мен өзара тиімді негіздегі осындай сенім мен тату көршілік қатынастарымызды жалғастыру. Қазақстан Қытайдың гегемонизмге қарсы, көршілес елдермен достыққа бағытталған саясатын құптайды.Біз Орталық Азия мемлекеттерімен,Таяу және Орта Шығыс елдерімен де қарым-қатынастарымыз тиісті деңгейде нығайта беру.Америка Құрама Штаттарын қоса алғанда, басты демократияшыл индустриясы дамыған мемлекеттермен байланысын күшейту. Бұл елдер және гүлденген Қазақстанды құрудың өздерінің ұлттық мүдделеріне сай келетінін ұғына бастады.Үшіншіден, БҰҰ, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік, Азиялық, Еуропалык, және Ислам даму банктері сияқты халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен қолдауын барынша пайдалана отырып, бұл Қазақстанға халықаралық қауымдастық тарапынан қолдау көрсетілуін қамтамасыз ететіндігі айтылған. Еліміздің ұлттық егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау үшін сенімді негіз бола алатын бай табиғи ресурстарды игеру де қарастырылған.