Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОБЖ АКНИЕТ.docx
Скачиваний:
48
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
130.92 Кб
Скачать

Арнаулы мақсаттағы бөлімшелерін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету

 

2004.20.12 № 13-III Заңымен (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 22-бап өзгертілді

22-бап. Қазақстан Республикасыныңтерроризмге қарсы іс-қимылдыжүзеге асыратын мемлекеттік органдарының арнаулы мақсаттағы бөлiмшелерiн материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының терроризмге қарсы іс-қимылдыжүзеге асыратын арнаулы мақсаттағы бөлiмшелерiн материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8-тарау. Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті жүзеге асыру

Аңдылығын бақылау мен қадағалау

 

2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

23-бап. Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметтің жүзеге асырылуын бақылау

Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметтің жүзеге асырылуын бақылауды терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.

 

2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

24-бап. Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметтің заңдылығын жоғары дәрежеде қадағалау

Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде заңдардың дәл және бірізді қолданылуын жоғары дәрежеде қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оған бағынысты прокурорлар жүзеге асырады.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Астана, Ақорда, 1999 жылғы шілденің 13-ы.

 

                            № 416-І ҚРЗ

 

 

 

 

Дін мемлекеттен бөлек десек те, қоғам бәрібір діннен бөлек бола алмайды

Бақытжан САТЕРШИНОВ, философия ғылымының докторы:

 

Бақытжан Меңлібекұлы, қазір қоғамда экстремистік ағымдардың лаңкестік әрекеттерге баруы орын алып жүр. Бір айта кетерлігі, осындай оқиғаның астарын діннен іздейміз. Осы жөнінде сіздің пікіріңізді білсек.

 – Әлемдік діндер, дәстүрлі діндер, оның ішінде ислам діні – ізгілікті, бейбітшілікті, аман­дықты, саулықты, жақсылықты насихаттайтын дін. «Ислам» сөзінің өзі сәлем, амандық дегенді білдіреді. Яғни ислам діні, басқа да этикалық дәстүрдегі діндер сияқты, әлеуеті жағынан қоғамға жағымды ықпал ете алады. Біз тоталитарлық режимнің шекпенінен шықтық. Ол кезде атеизм үстемдік етті. Тәуелсіздік алғалы бері ислам діні қоғамымызға қайта орала бастады. Соңғы кезде дінге жаппай бет бұрудың жағымды үдерістерімен қатар, жағымсыз жағы да байқалып отыр. Тұтастай алғанда, сарапшылардың пікірінше, біздің елімізде діни ахуал тұрақты деп есептеледі. Өйткені егемендік алғалы бері Елбасы дінаралық татулық, рухани келісім саясатын жүргізіп келеді. Көршілес елдермен және басқа да посткеңестік елдермен салыстырғанда, біздің елімізде ірі ұлтаралық, дінаралық қақтығыс болған жоқ. Мұны осы оң саясаттың нәтижесі деп бағалауымыз керек. Тек соңғы екі жылдың көлемінде Ақтөбеде, Атырауда, Таразда үш ұйықтасақ түсімізге кірмейтін, бүгінге дейін таңсық болып келген террористік актілер орын алды. Осыдан кейін діни ахуалға тереңірек мән беріп қарау мәселесі көтерілді. Тағы бір жайт – жастар арасында жатжерлік діни ағымдардың идеологиясы тамырын жайып үлгергені аңғарылып отыр.

 

 – Бұған себепті Тәуелсіздік алғаннан кейін қабылданған дін туралы заңның жұмсақтығынан іздеу керек шығар. Мұнымен қоса шетелден оқып келген жастардың да қандай діни біліммен қаруланып келгені белгісіз ғой.

 – Шындығында, ар-ождан, дін тұту бостандығы әр адамның фундаментальды құқығы ретінде Ата Заңда да бекітілген. Бұл құқыққа қол сұғуға заңдық және құқықтық негізде де жол берілмейді. 1992 жылы қабылданған «Діни наным-сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заң мейлінше демократияшыл еді. Соның жұмсақтығын пай­даланған жат діни ағымдар өздерінің уағыз-насихаттарын емін-еркін жүргізіп келді. Осы кезде діни ұстаным, ар-ождан бостандығын ұстана отырып, өзіміздің рухани қауіпсіздігі­мізді қалай сақтап қаламыз деген мәселе туындады. Сондықтан осыдан бір жарым жыл бұрын Дін істері агенттігі құрылды. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» арнайы Заң қабылданып, нәтижесінде еліміздегі діни ағымдардың, конфессиялардың картасы белгілі дәрежеде айқындалды. Бұған дейін елімізде 46 конфессияның өкілдері мен 4 мыңнан аса діни ұйым бар делінсе, қайта тіркеудің нәтижесінде бұлардың шамамен үштен бірі қысқарып, едәуір азайды. Үкімет демократиялық дамуымызға және рухани тәуелсіздігімізге нұқсан келмейтіндей іс-қимылдар жасауда, осыған сай жұмыс, саясат жүргізіліп жатыр.

 

 – Қоғамда діни толеранттылық деген термин жиі қолданылып жүргені белгілі. Бірақ толеранттылықтың да өз шегі бар шығар?

 – Иә, бұл терминді соңғы жылдары жиі қолданып жүрміз. Оны әркім әрқалай түсінеді. Толеранттылық төзімділікті, хош көрушілікті білдіреді. 1995 жылы ЮНЕСКО-ға мүше мемлекеттер бірауыздан қостаған Толеранттылық декларациясы қабылданып, онда бұл терминге анықтама берілген. Соған сәйкес, толеранттылық адамзаттың бай да алуан түрлі мәдениетін, өмір сүру тәртіптері мен пікірлерінің әртүрлілігін қабылдауды, құр­меттеуді және қолдауды білдіреді. Демек, толеранттылық енжар көнбістікті білдірмейді, өз негізінде басқа азаматтардың негізгі еркіндіктері мен адамдардың жалпы құқықтарын мойындау жататын белсенді ұстанымды аңғартады. Демек, жер бетіндегі ұлттардың, халықтардың, мәдениеттердің, діндердің әр алуандылығын, дербестігін мойындауды да білдіреді деген сөз. Кәдуілгі санада, көп адамның ойында «Біз қашанғы төзімді бола береміз? Оның шегі бола ма?» деген сауал тұрады. Бұл жерде мынаны айта кету керек. Мысалы, алдыңғы қатарлы кейбір елдер қаншалықты демократиялы мемлекет болса да, әр ұлттың өркениеттік дамуында өзіндік ерекшеліктері, діні, ділі көрініс беретінін мойындағысы келмейді. Демократияшыл принциптерді арқау ете отырып, өзінің мәдени экспансиясын дамушы елдерге таңса, соған көндірсе, бұл толеранттылықтың теріс жағын көрсетеді. Бұл – бір қыры. Екінші негізгі қыры – толеранттылық сабырлылықтың, ұстамдылықтың, төзімділіктің мағынасын береді. Яғни терминнің өзі құлағымызға түрпідей естілгенімен, бұл – қазақтың қанында, бойында бар қасиет. Егер толеранттылықты біздің дәстүрлі қоғамдағы саяси мағынасына бұрсақ, Шыңғысханның өзі басқа діндерге, мәдениеттерге толеранттылық көрсеткен. Жаулап алған жерінде әркімнің өз мәдениетін өзіне қалдырып, дамытып отырған. Қазақ халқы – ықылым заманнан ислам дінін бойына сіңірген халық. Құранның сөзі, аяттар мен хадистер салт-санаға еніп кеткен. Мақал-мәтелдің көбі хадистердің мағынасымен бірдей. Ислам дінінде өзге ұлт өкілдеріне, діндерге төзімділіктің рухы басым. Исламның, Құран мен сүннеттің рухын қазақ халқының бойына сіңіргені соншалық – толеранттылық, сабырлылықпен қабысып жататын қасиет көп. Кеңпейілділігі, қонақжайлылығы, дініне, тіліне, нәсіліне қарамай сұхбатқа ашықтығы, тіпті тойқұмарлығы да толеранттылықтың жан-жақты қырын ашып көрсетеді.

 

Дегенмен біздің сабырлылығымызды, төзімділігімізді пайдаланып кетіп жатқандар да көп екенін мойындамасқа болмайды ғой...

 

  – Әрине, егер әділетсіздік орын алса, оған қарсылық білдіру керек. Бірақ соғысу, мәж­бүрлеу формасында емес. Бұл – адамшылдыққа қарсы форма. Басқа да қарсы тұрудың әдісі көп қой.

 

Мәселен...

 – Қоғамда туындаған өзекті мәселелерді сұхбат алаңдарына, дөңгелек үстелдер мен жиындарда талқылап, сол саланы терең меңгерген сарапшылардың, тараптардың пікір­лерін тыңдап, бір мәмілеге келу. Және ол келісімді мамандардың тар шеңберінде ғана қалдырмай, БАҚ арқылы бұқаралық санаға тарату керек. Қазақта «Келісіп пішкен тон кел­те болмайды» деген бар. Лаңкестердің айтқанына ілесіп, міндетті түрде қолға қару алу керек емес қой. Қазақы дәстүрлі түсінікте «лаңкес» деп, әдетте, айқай-шу, ұрыс-керіс, дау-дамай тудырушы, яғни қалыптасқан тұрақтылықты бұзушы адамдарды айтқан. Қазіргі күні «лаңкес» сөзі көбіне діни төзімсіздікпен байланыстырылып, діни және саяси экстремистерге, террористерге қатысты ғылыми әдебиеттерде де, ақпарат құралдарында да, ауызекі әңгімеде де қолданылып жүр. Экстремистер мен террористер қоғамның бейбіт өміріне іріткі салатындықтан, бұл терминнің бүгінгі қолданысы өзінің дәстүрлі ұғы­мына сай келетін сияқты. Оның үстіне, осыған дейін қарым-қатынаста орын алып келген келіспеушіліктер мен қақтығыстарды күшпен және әскери үстемдікпен реттеудің тарихи қалыптасқан практикасы көнеріп, жаңа әлемдік тәртіпке сай, қатар өмір сүріп аралас-құраластық жасаудың баламалы құрылымдарына деген қажеттілік туындады. Қақ­тығыстардың жаhандануына сұхбатқа негізделген өзара келісімді жаhандандыруды қарсы қою керектігі сезілді, адамзаттың мұнан басқа таңдауы да болмай тұр. Бейбітші­лікті, тұрақтылықты, қауіпсіздікті қамтамасыз ету әлемдегі адамзаттық болмыстың рухани негіздерін сақтап қалатын діндер мен мәдениеттер арқылы іске асатыны даусыз. Өзге дін мен мәдениетті, өзге пікірлерді мойындамайтын төзімсіздіктің бір түбірі діни фанатизм мен буквализмнен келіп шығады.

 

Демек, елдің бірлігін, тұтастығын сақтау үшін төзімділіктің маңызы зор дейсіз ғой...

 – Өте зор. Елбасының жыл сайынғы Жолдауларын, мемлекетіміз үшін маңызды деген стратегиялық құжаттарды қарасаңыз, елдің бірлігі деген мәселе алдыңғы қатарда тұрады. Ол қай кезде сақталады? Бұл өзара ынтымақ, бірлік болған кезде сақталады. Тұтастықты бұзу, ынтымақты ыдырату бір демде. Егер трансұлттық корпорациялардың қаржылық мүмкіндігін ескерсек, әлемге ықпалын жүргізіп отырған геосаяси күштердің пиғылын ескерсек, кез келген дамушы мемлекетті аяқасты ыдыратып жіберуге қауқары жетерлік. Қазір басқа елдердегі жағдайды көріп отырмыз. Араб елдеріндегі ахуалдан хабарыңыз бар. Түркияның өзінде де бейберекетсіздік болып жатыр. Оның артында белгілі бір күштер тұр. Мұның жанында Қазақстан – Тәуелсіздігіне 20 жыл енді толған жас мемлекет. Осы жағын ескеру керек. Толерантты принципті ұстанып, оны санаға сіңіре білу керек. Жалпы, қазақтың осы күнге талай қырғыннан аман жетіп, Тәуелсіздігіне қол жеткізуінің астарында сабырлылық, төзімділік қасиеті жатыр. Төзімділікті қазақтың төл қасиеті десек те болады.

 

Ал патриотизм мен толеранттылықты арттырудағы мемлекеттің ұстанымы қандай болуы керек?

 – Қазір әлемнің кез келген жерінен бір дінді ғана ұстанып, бір ұлттан ғана тұратын елді табу қиын. Ал Қазақстан – көпэтносты, көпдінді һәм унитарлы мемлекет. Дінаралық толеранттылықты ұстанбасақ, тұтастықты сақтап тұру қиынға түседі. Әрине, халықтың 70 пайызға жуығы ислам дінін ұстанады дейміз. Бірақ православ дінінің рөлін де, басқа дін өкілдерін де теріске шығара алмаймыз. Араб халифатының дәуірлеген тұсын, Алтын Орда, Осман империясын алсаңыз, толеранттылық болған. Бағдат, Шам, Каир, Бұқара, Самарқан қаласы әр алуан дінді ұстанатын өкілдер бейбіт қатар тұратын ортағасырлық мегаполистер болатын. Адамның мәдени, ұлттық, діни тұрғыдан әр текті болуы – табиғи нәрсе. Толеранттылық – екі адам бір-бірінің пікірін тыңдай білуі. Патриотизмді дамыту үшін алдымен толеранттылық керек. Біздің патриотизм қай кезде көрінеді? Олимпиаданың жеңіс тұғырында еліміздің туы желбіреген кезде патриотизм сезімі туады. Ол орыс болуы мүмкін, православ дінінің өкілі болуы мүмкін, бәрібір. Бастысы, Қазақстан мемлекетінің атынан шығып отыр. Әрине, ұлтты сүю керек, жанашыр болу керек. Бірақ шектен шықпау қажет. Ұлтшылдық шектен шықса, соңы әсіреұлтшылдыққа әкеліп соғады. Оның астарында – этноцентризм, ал оның астарында эгоцентризм жатады. Тіпті өз-өзіне ғашық болумен сипатталатын этнонарциссизмнің көріністерін де байқауға болады. Бұл өзімшілдік, менмендік, астамшылық деген сөз. Бұл – дінде мүлдем құпталмайтын нәрсе. Егер қазіргі заманғы тарихқа үңілсек, ұзақ жылдар бойы отаршылдықтың бұғауынан шыққан көп елдерде өз-өзіне сенімсіздік көріністерін байқауға болады. Соны жасыру ниетімен өз кеуделерін өздері соғады. Өзімізді қадірлейтін болсақ, өзгенің бізді қадірлейтінін қаласақ, әсірешілдік дегеннен аулақ болу қажет.

 

Астамшылдық дегеннен шығады, қоғамдағы радикалды діни ағымдардың іс-әрекеті соған әкеле жатқан жоқ па? Біз олардан қалай сақтануымыз керек?

 – Діни ағымдардың атын атап, түсін түстемесек те, жұрттың аузында Ираннан, Сауд Арабиясындағы жамағаттан, Пәкістан жақтан келіп жатқан ағымдар бар. Кейбір ағымдар өздерін «сәләфтар» деп атайды. Бұл «бұрынғылар» дегенді білдіреді. Бұл мұсылманның алтын заманын, төрт халифаттың заманындағы құндылықтарды білдіреді. Былай қарасаңыз, атында тұрған еш сөкеттік жоқ. Бірақ олар (өзара жиһадшылар мен тәкфіршілер деп бөлінеді) діннің ізгі рухын бойларына сіңіре алмай, діни білім таяз­дығынан мақсат-мүддесі күмәнді жат ағымдардың жетегінде кетеді. «Дәстүр дұрыс емес, егер намаз оқымасаң, сен кәпірсің» деп өздері үкім шығара берсе, діннен алыс нәрсе – сол. Бұл жеке адамның өзіне, отбасына, қоғамға белгілі бір дәрежеге қауіп төндіреді. Оқшаулануға әкеледі. Жастар жат пиғылды ағымның идеологиясын қабылдайды да, отбасынан алшақтай береді. Тіпті ата-анасына қарсы келетіндерін көріп жүрміз. Дінде бұл мүлдем дұрыс емес. Сондықтан осы жағынан қауіп бар. Жастарға көбірек түсіндіріп, айта беруіміз керек. Заңнамалық жолмен тыйым салу бір бөлек, екіншіден, БАҚ арқылы, имамдардың тікелей уағызы арқылы көбірек жұмыс істеуіміз керек. Үшінші, мектепте, ЖОО-да дінтану пәнін оқытуды қолға алып, басқа әлемдік діндердің канондары мен догматтарымен қатар, исламның да ақида, фикх негіздерімен таныстыру керек. Сонда жеткіншекте белгілі бір дүниетаным қалыптасады. Қоғамда қалыптасқан діни жағдайға сай елімізде дінтану ғылымы мен пәні қолға алынуда. Біз зайырлы мемлекет болғандықтан, дінтануды зайырлы сипатта оқытуымыз керек. Маман тапшылығы сезіледі. Мектептерде дінтануды тарихшылар, қоғамтанушылар оқытып жүр. Бірақ дінтану мамандығы бойынша бакалавр, магистр дипломдарын алып шыққан мамандар көбейе бастады. Дінтану оқулығын қайта жазу туралы ұсыныс түсуде. Білім және ғылым министрлігі дінтануды бесінші сыныптан бастап оқытуға қатысты және оқулықтың мазмұнын жетілдіруге пікірімізді сұрап жатыр. Біз өз ойымызды білдірдік. Біздіңше, ертерек бастау керек, оқулықтың мазмұнын тереңдете түсу керек. Дінтанушы маман теологиядан да терең хабары болуы тиіс. Ал қазір буыны бекімеген жас бала жат ағымның жетегінде кетуде. Ата-анаға қарсы келіп, дәстүрді теріске шығару осыдан келіп шығады.

 

Дұрыс айтасыз, қазір қазақтың бағзыдан қанына сіңісіп кеткен салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты да теріске шығаратындар бар. Өздерінше пәтуа ойлап тапқысы келеді. Осы дұрыс па?

 – Тәкфіршілер қазақы дәстүрдің көбін теріске шығарады. Сәлем беру, беташар т.б Қазақ – әуелден исламның құндылықтарын бойына да, ойына да сіңірген халық. Біз исламның сунниттік бағытындағы Әбу Ханифа мәзһабын ұстанамыз. Исламның 90 пайызын сунниттер құрайды. Төрт мәзһабтың 50 пайыздан астамы – ханафилер. Төрт мәзһабта ахидалық мәселерге келгенде бір-бірінен айырмашылығы жоқ. Әбу Ханифа мәзһабы да, басқалары сияқты, Құран мен сүннетті қайнаркөз ретінде алдыңғы орынға қояды. Одан кейін иджманы, яғни ислам ғұламаларының бірауыздан келісіп шығарған пәтуаларын мойындайды. Бұл иджтихадқа негізделеді. Иджтихад – ыждағаттылықпен ақылдасып, келісілген нәрсе. Ханафилік мәзһаб содан кейін қоғамдық өмірдегі әлеуметтік реттеудің көзі ретінде тікелей дінге қайшы келмейтін дәстүрге иек артады. Қазақ халқына ислам осы мәзһаб бойынша сіңген, тараған. Зерттеушілер 114 сүреден тұратын Құранды да әртүрлі топқа: меккелік, мәдиналық, дүниетанымдық, ахуалдық сүрелер деп бөледі. Көптеген фундаменталистік бағыттағы ағымдар ахуалдық сүрелерге тістей жабысып алады. Мұсылман қауымы қалыптасқанда мүшріктермен арада болған қақтығысқа байланысты түскен сүрелерді сол күйінде қоғамда пайдаланып, фанатизмге солайша ұрынады. Қазақ халқы негізгі ислам принциптерін ұстанды. Хадистерді басты ұстаным етіп алған. Не десек те, дұрыс нәрсе – көпшілік жағында. Экстремистік топтардың идеясын көпшілік мұсылман қолдамайды. Олар қашанда ат төбеліндей аз қауым. Сол сияқты хадисте орта жолды ұстаныңдар деген принцип бар. «Дінді ауырлатпаңдар, жеңілдетіңдер» дейді. ХХ ғасырдың басында Мәшһүр Жүсіп Көпеевті де қазіргі діни ахуалға ұқсас жағдай алаңдатқан. Сол кезде де қазақ даласына шеттен дінді үйретушілер ағылып келе бастаған. Ол 1913 жылы «Қазақ» газетіне жарияланған «Туысқан бауырыма хат» атты мақаласында: «Қазақ даласына дін үйретемін деп ноғай, татар молдалары, Орта Азия билігінен сарт молдалар, сондай-ақ алдыңғы Азиядан әпенділер өз ел­деріндегі биліктен қашып келді. Қазақ мақалында бұрынғы әулие өткен ата-бабалары ай­тып кеткен: «Қойды шартық бүлдіреді, елді қортық бүлдіреді» деп. Сол мақалдың хақиқатын, міне, біздер көзімізбен көріп, қолымызбен ұстағандай болып нандық. Қазақ ішіне кім келеді? Онан қашқан, мұнан қашқан, жамандықпен көзін ашқан келеді».

 

Ата Заң сенім бостандығына кепілдік береді. Бірақ шексіз еркіндікке жол жоқ. Алайда «ішкі сүзгі» мәселелері адамның ішінде болуы керек дегенді қалай түсінесіз?

– Сенім бостандығын тым еркін, демократияшыл түрде пайдалана берсек, келеңсіз жағдайларға ұрынамыз. Бетімен кеткен еркіндік бейберекетсіздікке апарады. Бұл тұр­ғыда мемлекеттің діни мәселеге араласуы дұрыс. Дін мемлекеттен бөлек десек те, қоғам бәрібір діннен бөлек бола алмайды. Сарапшылардың пікірінше, дін мен мемлекет ара­қатынасының, зайырлылық ұстанымның екі үлгісі болады. Біріншісі – белсенді секу­ляризм. Бұл дінді шектейді. Адамның жеке өмірінен асып, қоғамдық өмірге араласуын шектейді. Екіншісі – жұмсақ секуляризм дінді адамның табиғи құқығының бірі ретінде қа­растырып, мемлекеттік іске, қоғамдық өмірге араласуға рұқсат береді. Бұл соңғысы Ұлыбританияда, Канадада қолданылады. Біз қалыптасу үстіндегі мемлекетпіз. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет идеясын толық жүзеге асырдық дей алмаймыз. Тіпті толеранттылық мәдениет пен толеранттылық сана әлі қалыптасқан жоқ. Сондықтан бұл тұста мемлекеттің қадағалауы, реттеуі міндетті түрде қажет.

 

Исламды лаңкестіктің діні ретінде көрсетіп жүрген жағдайлар кездеседі. «Ислам серік болмайды, ол – дұшпан» деген пікір бар. Сіздіңше, қалай?

  – 2011 жылы Бүкіләлемдік ислам экономикалық форумының ашылымында Президент Нұрсұлтан Назарбаев бұл мәселеге ден қойып, өз сөзінде жаһандық БАҚ дін мен терроризмнің арасына теңдік белгісін қойып, исламды дискредитациялауына, демо­низациялауына алаңдаушылық білдірді. «Бейбітшілік пен қайырымдылықтың, төзімділік пен әділеттіліктің діні ретіндегі» исламның жағымды бейнесін қалыптастыруға күш-жігер жұмсаудың қажеттілігін айтты. Көп жағдайда болып жатқан оқиғаларға шұғыл талдау жасайтын сарапшылардың, журналистердің ғылыми теориямен қатар, теологиядан, иман негіздерінен терең хабары болмағандықтан, үстірт баға береді. Олардың арасында дінтанудың «сәнге» айналуынан желігіп, қоғамда қалыптасқан «исламдағы эндогендік радикализм» туралы жалаң стереотиптердің жетегінде жалпы дүрмекке ілесіп жүргендер де жоқ емес. Шындығында, басқа да барлық әлемдік діндер сияқты, ислам мен лаңкестіктің үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Сонымен қатар террористік актілердің орын алуы себепті лаңкестік пен ислам дінінің теңдік белігісін қоятын жағдайлар көп кездеседі. Екіншісі, исламофобиялық көңіл күйлерден пайда болады. Исламофобия Батыста, Еуропада пайда болып, тамырын жайып отыр. Ислам дінінің ішкі мәнін түсінбей жатып, оған күйе жағу, қаралау орын алуда. Таяуда Бостондағы терактіге байланысты ресейлік диакон Андрей Кураев «Қылыш ислам дінінің бесігінде жатыр» деген сұхбат беріпті. Бұл – исламофобиялық көзқарастың шектен шыққан түрі. Исламды қорқынышты етіп көрсетудің бір көрінісі. Бұл – үстірт пікір. Сондықтан терең ғылыми-зерттеулер мен БАҚ арқылы исламның ізгі рухын дәлелдеп көрсету арқылы мұндай пікірге тосқауыл қоя аламыз.

 

***** «Алаш айнасы» басылымынан, 10-шілде, 2013 жыл.

  • Жаңалықтар »

    • Еліміздегі Ислам жаңалықтары

    • Әлем мұсылмандары жаңалықтары

    • Сұхбаттар мен мақалалар

  • Мақалалар »

    • Сенім

    • Хұтбалар

    • Джиһад

    • Фиқһ

    • Тәрбие

    • Әр түрлі

  • Аудио »

    • Ақида

    • Фиқһ

    • Құран тәпсірі

    • Сүннет

  • Кітапхана »

    • Ақида

    • Фиқһ

    • Джихад

    • Тәрбие

    • Басқа кітаптар

  • Діни өлеңдер

  • Фотоблог

  • Форум

Басты>Жаңалықтар>Еліміздегі Ислам жаңалықтары> Қазақстанда тыйым салынған діни және өзгеде ұйымдардың тізімі