Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Эталонды базалар мен ралдар лк

.pdf
Скачиваний:
6
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
360.61 Кб
Скачать

«Эталондық базалар мен құралдар» пәні

Бӛлімнің, (тақырыптың) атауы

Сабақтардың түрлері бойынша еңбек

 

 

сыйымдылығы, сағ.

 

 

дәріс-

практи-

зертха-

СОДЖ

СДЖ

 

тер

калық

налық

1

2

3

4

5

6

1.Қазақстанның мемлекеттік

1

-

-

1

1

эталондарының (Мэт) тарихы

 

 

 

 

 

2. Түзусызықтықтан және түзубеттіктен

1

-

-

1

1

ауытқуды ӛлшейтін саладағы ұзындық

 

 

 

 

 

бірлігінің Мэт-і

 

 

 

 

 

3.(0,1-100 мм) ұзындық бірлігінің Мэт-і

-

-

1

2

2

4.(100-1000 мм) ұзындық бірлігінің Мэт-і

-

-

1

1

1

5.Метр - ұзындық бірлігінің Мэт-і

1

-

-

2

2

6.Сыну кӛрсеткіші бірлігінің Мэт-і

-

1

-

1

1

7.Жазық бұрыш бірлігінің Мэт-і

-

-

1

1

1

8.Гір 1 кг – масса бірлігінің Мэт-і

1

-

-

2

2

9. Гір жиынтығы - масса бірлігінің Мэт-і

-

-

1

1

1

10.Күш бірлігінің Мэт-і

1

-

-

1

1

11. Бринелль шкаласы бойынша қаттылық

-

1

-

1

1

бірлігінің Мэт-і

 

 

 

 

 

12. Виккерс шкаласы бойынша қаттылық

-

1

-

1

1

бірлігінің Мэт-і

 

 

 

 

 

13. Роквелл шкаласы бойынша қаттылық

-

1

-

1

1

бірлігінің Мэт-і

 

 

 

 

 

14. Тӛменгі абсолюттік қысым бірлігінің

-

1

-

1

1

Мэт-і

 

 

 

 

 

15. (14*102-1720*102 Па) абсолюттік қысым

1

-

-

1

1

бірлігінің Мэт-і

 

 

 

 

 

16. (5*103-106 Па) артық қысым бірлігінің

-

-

1

1

1

Мэт-і

 

 

 

 

 

17. МП-6, МП-60 артық қысым бірлігінің

-

1

-

1

1

Мэт-і

 

 

 

 

 

18. 250 МПа дейін артық қысым бірлігінің

-

-

1

2

2

Мэт-і

 

 

 

 

 

19. 4*103 Па дейін қысым айырымы

-

1

-

1

1

бірлігінің Мэт-і

 

 

 

 

 

20. Поверка қондырғысы «BRООKS

-

1

-

1

1

СОМРАСТ PROVER»

 

 

 

 

 

21.Сұйықтықтың тығыздығы бірлігінің

1

-

-

1

1

Мэт-і

 

 

 

 

 

22.Мэт – плотномер DE

-

1

-

1

1

23. Дән және дәнді дақылдар

1

-

-

2

2

ылғалдылығының Мэт-і

 

 

 

 

 

24. pH шкаласының Мэт-і

-

-

1

1

1

25.Қатынасты ылғалдылық бірлігінің Мэт-і

-

-

1

2

2

26.

Температура бірлігінің Мэт-і

1

-

-

1

1

27.Қатты денелердің сызықтық ұлғаю

-

-

1

1

1

температуралық коэффициентінің Мэт-і

 

 

 

 

 

28.Сұйықтықтың меншікті электр

-

1

-

1

1

ӛткізгіштіктің Мэт-і

 

 

 

 

 

29.Тұрақты электр тоқтың күш бірлігінің

1

1

-

2

2

Мэт-і

 

 

 

 

 

30.Айнымалы электр тоқтың күш бірлігінің

1

1

-

2

2

Мэт-і

 

 

 

 

 

31.

Электр кедкргі бірлігінің Мэт-і

1

1

1

2

2

32.

0,1-1 В айнымалы электр кернеу

-

-

1

1

1

бірлігінің Мэт-і

 

 

 

 

 

33.

300 В дейін электр кернеу бірлігінің

-

-

1

1

1

Мэт-і

 

 

 

 

 

34.

Электр сыйымдылық бірлігінің Мэт-і

1

1

1

1

1

35.

Индуктивтік бірлігінің Мэт-і

1

1

1

1

1

36.

Уақыт пен жиілік бірліктерінің Мэт-і

1

-

1

1

1

Барлығы

15

15

15

45

45

3 Дәрістердің қысқаша жазбасы 1 тақырып. Қазақстанның мемлекеттік эталондарының (Мэт) тарихы (1 сағат)

Дәріс жоспары

1.Революциядан бұрын даму периоды.

2.СССР бірінші онжылдығы.

3.1992 жылға дейінгі период.

4.Қазіргі күй.

Қазақстанда метрологиялық қызмет 1923 жыл деп саналады, ӛйткені сол жылы Семей қаласында мӛлшер мен салмақ Басты палатасы қарамағындағы Томскінің поверкалау палатасының Семей бӛлімшесі ұйымдастырылған болатын.

Бұл бӛлімше салмақ және ӛлшем түрінде берілетін материалдар мен басқа бұйымдарды, ӛнімдерді есепке алу үшін ӛлшем мен таразыларды, оған қоса әр түрлі айырбастау, сату және сатып алу, енбек ақы есептеу үшін жұмыс кӛлемін бағалау ж.с.т.б. қолданатын барлық мемлекеттік, әскери және азаматтық мекемелерде, дәріханаларда, қоғамдық және жеке меншікті, саудалық және ӛндірістік кәсіпорындарда болатын ӛлшеу құралдарын (ӚҚ) поверкалау және таңбалау жұмыстарын атқаруға иеленді. Томск поверкалау палатасынан рұқсат алмай, ешкімде мӛлшерлер мен таразыларды оңдауға құқығы болмады.

1925 жылының 1 қазанда Семей қаласында Қазақстан тарихында алғашқы рет тәуелсіз мӛлшер мен салмақ поверкалау палатасы ұйымдастырылды. Басында ол екі аймақты қамтамасыздандырды. Штатта жеті қызметкер болды. Жыл бойы палатада 3000 астам ӚҚ бірліктері поверка мен таңбалаудан ӛтетін болды. 1925 жылы Семей палатасына 5 бӛлімше құратын болды: Алматы, Орал, Фрунзе, Петропавловск және Ақтӛбе бӛлімшелері. 1929 жылдың 1 қазанда Семей Поверкалау Палатасы Қазақ ӛлкесінің мӛлшер мен салмақ палатасы деп түрлендірілді.

Жай ӛлшеіуш құралдарды (гірлер мен таразылар) поверкалау мен таңбалау бастапқы жұмыстар қарапайым болмасын, Палатаның қызметі ӛлке экономикасының бастапқы аяқ басуына маңызды себепкер болды.

Қазақ ӛлкелік Мӛлшер мен салмақ поверкалау палатасы 1931 жылы Қазақ Ӛлкелі стандарттау Бюросы деп аталатын болды, ал сол жылдың 1 қазанда Бюро ӛз жұмысын Алматыда бастады.

Қазақ Ӛлкелі стандарттау Бюросы 1933 жылдан бастап ҚазССР Ішкі істер қалық комиссариаты (НКВД) қарамағындағы мӛлшер мен салмақтар Уәкілдік Орталық басқармасының Басқармасы деп аталатын болды. 1935 жылы ҚазССР НКВД қарамағындағы мӛлшер мен салмақ Бӛлімі деп аталды. Ал 1938 жылы ҚазССР Совнарком қарамағындағы мӛлшер мен ӛлшеуіш приборлар бойынша уәкілдік комитетінің Басқармасы болып аталды.

Республикада метрология дамуына Ұлы Отан Соғысы кезінде Москва, Ленинград және

СССР басқа қалаларының ӛндірістік кәсіпорындарын эвакуациямен кӛшіргені ӛте қуатты импульс берді. Машина жасау саласындағы қолданатын аспаптарды поверкалау түрлері кӛбейетін болды. Сол кәсіпорындарында ведомстволық метрологиялық қызмет ӛз поверкалау қондырғылар кӛмегімен орындалатын.

1950 жылға қарай Басқарманың 5 облыстағы штаты 143 адамға жетті.Қазақстан Мемстандарт мамандары Россия Федерацияның бастайтын метрологиялық институттарда (ВНИИМС, ВНИИФТРИ, ВНИИМ им. Д.И. Менделеева) ӛлшеу түрлеріне байланысты стажировкалардан ӛтті.

Қазақстанда метрология 60-шы жылдары қарқындап дамыды. Бұл уақытта лайықты қондырғылармен қамтамасыздандырылған 2 және 3 разрядты облыстық лабораториялар құрылыс кӛтерді.

1971 жылдың қаңтарында Қазақ Республикалық Мемстандарттың басқармасы құрылды. Оның негізгі мақсаттары былай белгіленді: елдегі метрология және стандартизация жүйесін жетілдіру және даму негізгі бағытын айқындау, ӛндірістің техникалық деңгейін және ӛнім сапасын, оның жобалау, жасау және қолдану шығындарын азайту жолында эффективтік әдіс ретінде метрология және стандарттаудың қолдану саласын кеңейту.

Мемлекеттік қадағалау саласында Мемстандарттың міндеттері мен құқығы стандарттар мен техникалық шарттарды енгізу және тәртіпке келтіруінде, ӛлшеуіш техниканың күйі мен қолдануында мемлекеттік қадағалау эффективтілігін күшейтуге және кӛтеруге бағытталған болатын.

70-ші жылдардың бас кезінде ең жаңа 2 және 3 разрядты қондырғылармен қамтамасыздандырылған лабораториялар Ӛскӛменде, Целиноградта, Шымкентте, Жамбылда және басқа обылыстарда салынды. 1975 жылы стандарттарды және ӛлшеуіш техниканы мемлекеттік қадағалайтын Қазақ Республикалық лабораториясы (КазРЛНГ) Қазақ Республикалық метрология және стандартизация орталығы (КазРЦМС) деп ұйымдастырылды.

80-ші жылдарда Қазақстанның эталондық базасы Қазақ стандартизация және метрология орталығында орналастырылды (КазЦСМ). Оның құрамында ондаған қазіргі заманғы поверкалау лабораториялар, стандарттар мен ӛлшеу құралдарын мемлекеттік қадағалайтын бӛлімдер, ұйымдастыру-әдістемелік бӛлімдер, сынайтын және есптейтін оралықтар ұйымдастырылды. КазЦСМ поверкалау лабораториялары 5 мың дана жоғары дәлдікті қондырғылармен қамтамасыздандырылды. Бұл Орталық Батыс Сібір және Орта Азия кәсіпорындарының кейбір ӛлшеу құралдардың поверкасын қамтамасыздандырды. 80-ші, 90-шы жылдар арасында республиканың метрологиялық қызметі құрамында Қазақ Республикалық басқарма, 7 стандарттау және метрология орталықтары (ЦСМ), 13 мемлекеттік қадағалау лабораториялары (ЛГН) және 27 министерство мен ведомствалардың аппаратында құрылған ведомствалық метрологиялық қызмет орындары болды. Сонымен 40 базалық метрологиялық қызмет орындары 700 кәсіпорындар мен ұйымдардың метрологиялық қызмет орындарына басшылық жасады.

Республика Мемстандарттың аймақтық мекемелері шаруашылық есепке кӛшуімен байланысты 1991 жылы 19 облыстық стандарттау, метрология және сертификаттау орталықтары (ЦСМС) ашылды, ал Қазақ Республикалық Мемстандарттың басқармасы атқарушы орган ретінде Қазақстан Республикасының Үкімет құрамына енді.

1992 жылы Республика Қазақстан егеменді мемлекет болған кезде басқа республикалармен байланыстар жойылуы, халық шаруашылық салалары ыдыраған жағдайлар бүкіл экономикадағы ӛзгерістер әрине Мемстандартта да ӛзгерістерге келтірді. Мемсандарттың шешетін кӛп мақсаттар туды, ол республикадағы ӛлшеу деңгейін тӛмен түсірмей сақтап қалу, Қазақстан ұлттық эталондық базасын жасау және нығайту, ұлттық нормативтік құжаттарды жасап оларды халықаралық шарттарға сәйкес келтіру – гармонизация.

Осы мақсаттарды шешу үшін 1993 жылының 18 қаңтарында Қазақстанда «Ӛлшеу бірлігі туралы» заң қабылданды. Ол заң республиканың метрологиялық инфрақұрылымын басқаруды заңнамалы принциптерге ауыстыруға жол берді. Оның орынына 2000 жылдың 7 маусымда «Ӛлшеу бірлігін қамтамасыздандыру туралы» Республика Қазақстан Заңы қабылданды. Бүгінгі күнге дейін оған 4 ӛзгерту енгізілді.

Стандарттау, метрология және үйлесімдікті бағалау саласындағы жұмыстарды халықаралық практикаға кӛшу үшін «Техникалық реттеу туралы» Заң Қазақстанда қабылданды, ал 26.11.2004 жылы шыққан Үкімет қауылы бойынша бұрынғы Республика Қазақстан индустрия және сауда Министерство қарамағындағы стандарттау, метрология және сертификация бойынша 1237 Комитет енді Республика Қазақстан индустрия және сауда Министерство қарамағындағы техникалық реттеу және метрология Комитеті деп аталатын болды. 11.11.2007 жылы Қазақстанда «Лицензиялау туралы» Заң жаңа редакциямен қабылданды. Лицензияланатын қызмет түріне ӛлшеу құралдарын жасау және ремонттау жұмыстары жатады.

Республикада метрологиялық қызметтің құқықтық негізін Заңдарға қоса ҚР Үкіметінің 8 қауылы және ҚР Мемстандарттың 11 бұйрықтары құрайды.

Қазіргі уақытта ҚР метрологиялық қызметті атқаратын бірнеше мың жұмыскерлері бар мемлекеттік метрологиялық қызмет орыны және заңды тұлғалар, жеке тұлғалар метрологиялық қызмет орындары.

Республикада метрологиялық әрекетті бағыттап басқаратын техникалық реттеу және метрология Комитеті (ҚР Мемстандарт), ӛлшеу бірлігін қамтамасыздандыратын Мемлекеттік жүйесінің саласында қолданба жұмыстарды РГП «Қазақстан метрология институты» атқарады, салалар мен ӛнеркәсіп орындарында метрологиялық қызметті сол ұйымдардың арнайы бӛлімдер әлде жауапты мамандар атқарады.

Республикада метрологиялық әрекет «Ӛлшеу бірлігін қамтамасыздандыру туралы» Республика Қазақстан Заңына сәйкес орындалады. Республикада заңнамалы негізінде Халықаралық бірлік жүйесі қолданады. Әзірше республиканың Нормативтік фондын 116 мемлекеттік стандарттар және ӛлшеу бірлігін қамтамасыздандыру саласының нормативтік құжаттары, оған қоса 2000 астам мемлекеттер аралық деңгедегі нормативтік құжаттар (ГОСТ, әдістемелік нұсқаулар, ұсыныстар, ӛлшеу құралдарын поверкалау әдістемелері, ӛлшеу ӛткізетін әдістемелер) құрады. Нормативтік фонд күннен күнге ӛсе береді.

2002 жылдан бері 101 заттардың құрамы және қасиеттерінің стандарттық үлгілерінің Мемлекеттік қызметі жұмыс атқарады, 2005 жылы жиілік пен уақыт Мемлекеттік қызмет орыны және физикалық константалар мен затар мен материалдардың қасиеттері туралы стандарттық анықтамалық мәліметтер Мемлекеттік қызмет орыны құрылды.

РГП «Қазақстан метрология институты» стандарттау және метрология саласында халықаралық және региондық ұйымдармен әрекеттесіп Қазақстан ӛкілі болып саналады. Ол 1992 жылдан бері стандарттау бойынша Региондар арасындағы ассоциацияның (МАС), стандарттау, метрология және сертификация бойынша Мемлекеттер аралық Кеңестің (МГС), 1993 жылдан бері метрология, аккредитация, стандарттау және сапа бойынша Орта Азиаттық ынтымақтастықтың (ЦАС МАС-К), 1994 жылдан бері заңнамалы метрологияның Халықаралық ұйымының (МОЗМ) толық мүшесі, 2005 жылдың қыркүйектен бері мӛлшемдер мен салмақ Генералдық конференцияның (ГКМВ) ассоциациялған мүшесі. 2007 жылдың 6 қыркүйекте Парижде ӛлшеу Халықаралық ұйымының Генралдық кеңесінің (ИМЕКО) 50-ші мәжілісінде РГП «Қазақстан метрология институты» 38-ші ИМЕКО мүшесі болып сайланды. Осы ұйымдар шегінде халықаралық стандарттар мен нормативтік құжаттар дайындалады, стандарттық үлгілер жасалып қолданады, шама бірліктерінің эталондары салыстырудан ӛтеді.

Ұсынылған әдебиеттер [2,6,11] СДЖ арналған бақылау тапсырмалары

1.Семей бӛлімшесінің функциялары

2.Алматыдағы Бюро жұмысы

3.Республика аймағындағы метрологиялық қызметтің дамуы

4.Қазақстан Республикасында метрологияның жетістіктері

2 тақырып. Түзусызықтықтан және түзубеттіктен ауытқуды өлшейтін саладағы

ұзындық бірлігінің Мэт-і (1 сағат)

Дәріс жоспары

1.Орындайтын қызметі.

2.Жұмыс принципі.

3.Метрологиялық сипаттамалары.

Біздің елде ӛлшеудің бірлігін қамтамасыздандыру үшін түзусызықтықтан және түзубеттіктен ауытқуды ӛлшейтін саладағы ұзындық бірлігінің Мемлекеттік эталонын қолданып, ӛлшеу бірлігін қайталайды, сақтайды және ӛлшейтін жұмыс құрылғыларға шама беріледі. Ол эталон қатты тастан кӛпір түрінде жасалған, жұмыс бетінің ұзындығы 4 м. Эталон қырдың және әр түрлі конструкциялардың беттерінің түзулігін поверка жасау үшін қолданады. Детальдар беттерінің жазықтығын ӛлшеуге бұл эталон қолданады.

Эталон құрамына кіретін:

-жұмыс беті 4 м ұзындығы бар қатты тасты кӛпір ( тікбұрышты параллелепипед формалы, үстінгі жұмыс беті түзусызықтықтан нормаланған ауытқумен бет профилін қайталайтын түзусызықтықтан ауытқу мӛлшері);

-екі автоколлиматор (бӛліктер бағасы 0,2");

-жүргізу механизмі және екі айналы шағылыстырушысы бар ӛлшеуіш каретка. Метрологиялық сипаттамалары:

-10 тәуелсіз байқауларда орта квадраттық ауытқу 0,2∙L мкм–ден аспайды;

-жойылмаған систематикалық қателік 0,15∙L мкм;

-осы эталонда түзусызықтықтан және түзубеттіктен ауытқуды ӛлшейтін саладағы ұзындық бірлігін қайталаудың кеңейтілген анықталмағандығы сенімділік ықтималдығы 0,95 және қамту коэффициенті k=2,04 болғанда 0,73 мкм құрайды.

Ұсынылған әдебиеттер [3,5,6,11] СДЖ арналған бақылау тапсырмалары

1.Автоколлиматорлардың қызметі

2.Орта квадраттық ауытқу нені айқындайды

3.Жойылмаған систематикалық қателік нені айқындайды

4.Неге қамту коэффициенті екіге тең алынған

5.Сенімділік ықтималдық нені сипаттайды

6.Осы бірлік қайда қолданады

3 тақырып. Метр - ұзындық бірлігінің Мэт-і (1 сағат)

Дәріс жоспары

1.Метрдің алғашқы эталоны

2.Қазіргі заманғы метр эталоны

3.Жұмыс принципі

4.Метрологиялық сипаттамалары

1791 ж. Франция Ұлттық жиналысы жердің меридианының тӛртінші бӛлшегінің 1/10000000 бӛлігінің ұзындығын негізгі ұзындық бірлігі деп қаулы қабылдады. Париж меридианының ұзындығын геодезиялық әдіспен ӛлшеп, келіскен ұзындықты тауып, 1799 жылы метрдің затты үлгісі (прототип) жасалды. Платинадан жасалған шектелген мӛлшер, соңынан «архивтік метр» деп аталып кеткен үлгі, 90 жыл бойы метрдің жалғыз эталоны болып қызмет етті. Мӛлшер мен салмақ Халықаралық бюросы 1889 жылға дейін платина-иридий қоспасынан архивтік метрдің 34 копиясын жасады. Солардың арасынан №6 копия «архивтік метрге» ең жақын болғандықтан халықаралық метрдің пртотипі деп саналатын болды, ал қалған копиялар метрлік конвенцияға кол қойған мемлекеттерге таратылды. Ресейге екі копия №28 және №11 берілді, олардың арасынан №28 копия 1918 жылы бірінші Мемлекеттік метрдің эталоны деп тағайындалды. Ол 1968 жылға дейін жаңа эталон қабылдағанша осы қызметін атқарды. Жаңа эталон ұзындық бірлігін сәуле кӛмегімен айқындайтын болды, яғни жаңа бірліктің ӛлшемі криптон-86 қызғылт сары толқынының 1650763,73 ұзындығына тең болып саналды.

Осы бірліктің және Мемлекеттік бірінші метр эталонының негізінде материяның екі іргелі қасиеттері қолданған: квант-механикалық сипаты бар оптикалық сәуленің атомдық тегі және электрмагниттік толқындардың интерференция құбылысы.

XVII Мӛлшер мен салмақ Генералдық конференциясы 1983 жылы метрдің жаңа айқындауын қабылдады: «Метр – вакуумда 1/299792458 секунданың ұзақтығында сәуленің жүретін жолының ұзындығы». Жаңа эталон негізінде жиілік пен уақыт бірлігінің эталоны жатыр.

Уақыт-жиілік-ұзындық бірліктерінің бірлестірген эталонын жасау метрологияда қазіргі физиканы қолданудың, іргелі физикалық константаларға негізделген табиғи эталондарға кӛшу бағдарламасын орындағанда елеулі қадам болды. Ол жолда кӛптеген техникалық қиыншылықтарды шешу нәтижесімен бірлестірілген эталонды жасауға мүмкіндік берді. Бірлестірілген эталонды жасау үшін бір физикалық процесте екі физикалық шамалардың бірліктері қолданылады, уақыт бірлігі және ұзындық бірлігі. Ол процес – вакуумда жазық электрмагниттік толқынның таралуы, іргелі тұрақтылық – вакуумдағы сәуле жылдамдығы с =

299792458 м/с, және кеңістік пен уақытты байланыстыратын c = λ ν ӛрнегіне негізделген (ν – жиілік, λ – толқын ұзындығы).

Метр эталоны ӛлшеу бірлігін қамтамасыздандыру үшін жұмыстық эталондар кӛмегімен республикада кӛп қолданатын жұмыстық ӛлшеу құралдарына ұзындық бірлігінің ӛлшемін беруге және оны сақтауға, қайталауға арналған.

Метр эталоны – ол ӛлшеу құрылғыларының кешені, оның құрамында:

-йод Model 100 бойынша стабилизацияланған гелий-неондық лазер;

-гетеродинді жүйе;

-бағдарламалық қамтамасыздандыру LaserCal 3.0.

Метрологиялық сипаттамалары:

-Абсолюттік жиіліктің дәлдігі 2,5 1011 (12 kHz);

-жиіліктік тұрақтылығы (Аллан вариациясы):

1 с аралықта 1 10 -11 ,

10с аралықта 3 10 -12,

100с аралықта 1 10 -12 ,

1000с аралықта 3 10-13 .

Сонымен, эталон ретінде гелий-неондық лазер негізіндегі лазерлік гетеродиндік жүйе қолданады. Лазердің жиілігі йод кӛмегімен тұрақталады, толқын ұзындығы 0,633 нм, жүйенің жұмысын басқаратын компьютер.

Ұсынылған әдебиеттер [2,3,5,6,7,10,11]

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары

1.Алғашқы метр эталонының формасы және қолданған материал

2.Лазерлік метр эталонының жұмыс принципі

3.Майкельсон интерферометрі

4.Фабри-Перо интерферометрі

4 тақырып. Гір 1 кг – масса бірлігінің Мэт-і (1 сағат)

Дәріс жоспары

1.Диапазонның масса эталоны

2.1 кг масса эталоны

3.Жұмыс принципі

4.Метрологиялық сипаттамалары

Масса бірлігінің мемлекеттік эталоны кӛмегімен 1 мг бастап 1 кг дейін диапазондағы масса бірлігінің ӛлшемі қайталанады, сақталады және беріледі.

Метрологиялық сипаттамалары:

Мемлекеттік эталон масса бірлігінің қайталауын 4∙10-4 бастап 5∙10-2 мг дейін кеңейтілген анықтамалғандықпен (сенімділік деңгейі 0,95 болғанды, қаму коэффициенті k=2) қамтамасыздандырады.

Эталон құрамы:

-номиналдық масса мәндері 1 мг бастап 1 кг дейін гірлер жиынтығы;

-эталондық таразы АХ205, НПВ 220 г, НмПВ 50 г, d=0,01 мг,

-эталондық таразы АХ26, НПВ 22 г, НмПВ 0,2 г, d=0,001 мг,

-эталондық таразы UMХ5, НПВ 5,1 г, НмПВ 1 мг d=0,1 мг,

-компаратор АТ106/А,НПИ 111 г, НмПИ 0,2 г, d=0,001 мг,

-компаратор АТ1005/А, НПИ 1109 г, НмПИ 100 г d=0,01 мг.

Жұмыс принципі: масса бірлігінің шамасын 0 разрядтың эталондық гірлерге, 0 және 1 разрядтың гірлеріне (дәлдік кластары Е1 және Е2) беру компаратор кӛмегімен салыстыру операциясымен орыдалады.

Қолдану саласы: қандай болсын саладағы ӛлшеулер осы эталонмен байланысты. Мысалы, табиғи құбылыстар, материалдық және энергетикалық ресурстар қасиеттері туралы ақпарат алу үшін, материалдардың, шикізаттардың, жартылай дайын ӛнімдердің, ӛнімдердің кӛлемі және сапасы туралы ақпарат алу үшін, қоршаған ортаның күйі, адамдардың денсаулығын сақтау және қоғау туралы және материалдық объектілердің қасиеттері туралы басқа ақпаратты алу үшін. Бұндай сапалы ақпарат қоғамның материалдық және ғылыми потенциалының айнасы, қоғамдық ӛндірістің дамыған деңгейін кӛрсетеді. Ӛлшеу әдістерімен тапқан ақпарат барлық басқару мекемелерінің қызметімен күрделі байланысты. Массаны ӛлшеу саланың аумағы ең үлкен деп саналады. Масса ӛлшеу бірлігін қамтамасыздандыру ғылымның және ӛндірістің барлық салаларында қолданады: машина жасау, приборлар жасау, микроэлектроника, транспорт, қорғаныс ӛндірісі, ғылыми зерттеулер, ӛнімді есептеу мен бақылау жүйелері, ауыл шаруашылығы және с.т.б.

Масса бірлігінің мемлекеттік эталоны – килограмм (1 кг жалғыз гір).

Республикада ӛлшеу бірлігін қамтамасыздандыру үшін жұмыстық эталондарға әлде жоғары дәлдікті жұмыстық ӛлшеу құралдарына масса бірлігінің ӛлшемін (компаратор кӛмегімен) беру, оны сақтау және қайталау

Эталон – ол ӛлшеу құралдарының кешені, оған кіретін:

-номиналдық масса ӛлшемі 1 кг бір даналы гір, тікбұрышты цилиндр формалы үстінгі бетіне полировальникпен «11» деген таңба жазылған. Гірдің диаметрі 54 мм, биіктігі 55 мм;

-бӛлмедегі ауа температурасын ӛлшейтін арнайы термометрлер, бӛліктер бағасы 0,20С;

-бӛлмедегі ауа ылғалдылығын ӛлшейтін 100%-дық аспирациондық психрометр. Метрологиялық сипаттамалары:

- қателік мәнінің орта квадраттық ауытқуы S 0,02 мг;

- эталон-гір 1 кг ендігі поверкалау арасындағы тұрақсыздықғы У = 0,04 мг.

Масса бірлігінің ӛлшемін – 1 клоиграмм, сақтау және қайталау үшін және 1а, 1 разрядтың үлгілік гірлерге, оған қоса дәлдігі 1 класс гірлерге сол ӛлшемді беру үшін осы эталон арналған.

Масса бірлігінің ӛлшемін жұмыстық эталондарға әлде басқа жоғары дәлдікті жұмыстық құралдарға беру үшін компараторлар қолданады. Олар ӛте кішкентай айырымды табуға мүмкіндік береді.

Поверкалық ӛлшеулерді тез және ыңғайлы ӛткізу үшін осы бір даналық 1 кг эталонға қоса гір жиынтығы арналған. Жиынтық диапазонын 1 г бастап 500 г дейін 12 гір құрайды. Формалары басы бар циліндр түрлі жасалған. Бастарына салмақтарымен байланысты цифрлар басылған: 500;

200; 200; 100; 50; 20; 20; 10; 10; 5; 2; 2; 1.

Олардың мтрологиялық сипаттамалары:

-12 гірдің орта квадраттық ауытқулары 8 10-4 бастап 1,2 10-2 мг дейін құрады;

-гірлер жиынтығының ендігі поверкалау арасындағы тұрақсыздығы 16 10-4 бастап 2∙10 -2 мг дейін құрады.

Бұл жиынтық та масса бірлігінің ӛлшемін 1-ден 500 г дейін диапазонда 1а, 1 разрядтың үлгілік гірлерге, оған қоса дәлдігі 1 класс гірлерге беру үшін арналған.

Ұсынылған әдебиеттер [2,3,5,6,7,10,11] СДЖ арналған бақылау тапсырмалары

1.Масса эталоны

2.Масса эталонын сақтау

3.Гірлердің сипаттамалары

4.Компараторды қолдану әдістері

5 тақырып. Күш бірлігінің Мэт-і (1 сағат)

Дәріс жоспары

1.Орындайтын қызметі

2.Жұмыс принципі

3.Метрологиялық сипаттамалары

Мемлекеттік эталон күш бірлігін 5∙103 бастап 2∙106 Н дейінгі диапазонда қайталау және сақтау үшін арналған, оған қоса республикада ӛлшеу бірлігін қамтамасыздандыру үшін жұмыстық эталондар кӛмегімен әлде тура ӛлшеу жұмыстық құрылғыларға сол бірлік ӛлшемін беру үшін арналған.

Мемлекеттік эталон жоғары дәлдікті ӛлшеуіш техникалық құрылғылардың тобынан құрылған. Топқа 4 электрондық күш ӛлшеуіш приборлар енген, олар күш бірліктерін мына диапазондарда қайталайды:

-5∙103 бастап 05∙104 Н дейін;

-1∙104 бастап 1∙105 Н дейін;

-1∙105 бастап 1∙106 Н дейін;

-2∙105 бастап 2∙106 Н дейін. Метрологиялық сипаттамалары:

-5∙103 бастап 5∙104 Н дейін диапазонда 0,06 % және

-5∙104 бастап 2∙106 Н дейін диапазонда 0,1 % аспайтын сенімділік ықтималдығы 0,99 болып

ӛлшеу нәтижесінің (0) қателігінің сенімділік шектерінің рұқсат етілген мәндерінің шегімен. Мемлекеттік эталон күш бірлігін 5∙103 бастап 2∙106 Н дейін диапазонда қамтамасыз етеді. Кеңейтілген анықталмағандығы (Up) қалыпты үлестірім және k=2 жағдайларда мына

шектерде жатыр:

 

 

- 5 103

бастап 5 104

H дейін диапазонда

0,1%;

- 5 104

бастап 2∙106

H дейін диапазонда

05 %.

Мемлекеттік эталон тура ӛлшеу әдіспен эталондық 2 разрядтың күш ӛлшейтін машиналарға күш бірлігінің ӛлшемін беруге қолданады.

Мемлекеттік эталон жылжыма болуы мүмкін.

Ұсынылған әдебиеттер [2,3,5,6,7,10,11] СДЖ арналған бақылау тапсырмалары

1.Табиғаттағы күштің кӛріністері

2.Механикада күшті ӛлшеу

3.Гравитация мен күш

4.Гравитациондық, электр және магниттік ӛрістерді бірліктіргендегі күш бірлігі

6 тақырып. (14*102-1720*102 Па) абсолюттік қысым бірлігінің Мэт-і (1 сағат)

Дәріс жоспары

1.Тӛмен абсолюттік қысым бірлігінің мемлекеттік эталоны

2.Жұмыс принципі

3.Метрологиялық сипаттамалары

Қысыммен байланысты стандарттарда қолданатын диапазондармен айырылатын бірнеше эталондар бар.

Төмен абсолюттік қысым бірлігінің мемлекеттік эталон кӛмегімен тӛмен абсолюттік қысым бірлігінің ӛлшемі қайталанады, сақталады және беріледі.

Тӛмен абсолюттік қысым бірлігінің мемлекеттік эталоны ӛлшеу құрылғыларының кешені болып жасалған. Оның құрамына енгізілген:

-сыйымдылық манометр 1,3 10-3 бастап 13,3 Па дейін диапазонда ӛлшейтін;

-сыйымдылық манометр 0,13 бастап 13,3 103 Па дейін диапазонда ӛлшейтін;

-қысымды тудыратын және ұстап тұратын аппараттар.

Метрологиялық сипаттамалары:

ӛлшенетін шамаға қатынасты 0,06∙10-2 аспайтын ӛлшеу нәтижесінің орта квадраттық ауытқумен мемлекеттік эталон тӛмен абсолюттік қысым бірлігін 1,3∙10-3 бастап 13,3∙103 Па дейін диапазонда қайталауды қамтамасыз етеді.

Жұмыс принципі: тӛмен қысымды, яғни атмосфералық қысымды сирету арнайы камераның ішінде вакуум-насоспен қамтамасыз етеді. Мемлекеттік эталонның негізгі ӛлшейтін элемент орынында Baratron 690 типті сыйымдылық манометрлері қолданады. Олар тӛмен абсолюттік қысымды тура әдіспен ӛлшейді. Электрондық басқару жүйесі керекті дәлдікпен берілген диапазонда автоматтық режимде қысымды тудырады және ұстап тұрады.

Қолдану саласы: Тӛмен абсолюттік қысым бірлігінің мемлекеттік эталоны сыйымдылық манометрлерді, вакуумметрлерді және қысым датчиктерді поверкадан және калибровкадан ӛткізгенде қолдануға арналған.

14 102 бастап 1720 102 Па дейін ӛлшеу диапазонында абсолюттік қысым бірлігінің мемлекеттік эталоны.

Метрологиялық сипаттамалары:

ӛлшенетін шамаға қатынасты 0,0002% аспайтын ӛлшеу нәтижесінің орта квадраттық ауытқуы (S0) және ӛлшенетін шамаға қатынасты 0,0001% аспайтын жойылмаған систематикалық қателікпен (Ӛ) мемлекеттік эталон 14 102 бастап 1720 102 Па дейін ӛлшеу диапазонында абсолюттік қысым бірлігін қайталауын қамтамасыздандырады.

Қалыпты үлестірім және k=2 жағдайда кеңейтілген анықталмағандық (Up) абсолюттік қысым бірлігінің мәнін тапқанда ±0,001 % арасында орналасады.

Осы эталон қысым бірлігін айтылған диапазонда сақтауға және қайталауға арналған, оған қоса тура салыстыру әдісін қолданғанда 0 разрядтың жұмыстық эталондарға абсолюттік қысым бірлігінің ӛлшемін беруге арналған.

14∙102 бастап 1720 102 Па дейін ӛлшеу диапазонында артық қысым бірлігінің мемлекеттік эталоны.

Эталон құрылымы: артық қысым бірлігінің мемлекеттік эталоны ӛлшеу құрылғылардың кешені болып мына бӛлшектерден тұрады:

-PG7000 базалық модуль;

-5∙103 бастап 5,5∙105 Па дейін диапазонда ӛлшейтін модуль «поршень-цилиндр» РС7100/7600-10ТС;

-40 103 бастап 10 106 Па дейін диапазонда ӛлшейтін модуль «поршень-цилиндр» РС7100/7600-200;

-MS 7002-55 моделінің жүктер жиынтығы;

-MPC 13000 моделінің қысым реттеушісі;

-СОМРАSS бағдарламалық қамтамасыздандыру.

Метрологиялық сипаттамалары: 5 103 бастап 5,5 105 Па дейін диапазонда ӛлшейтін шамаға қатынасты 0,1 Па+6,5ррm аспайтын орта квадраттық ауытқумен және 40-103 бастап 10-106 Па дейін диапазонда ӛлшейтін шамаға қатынасты 1Па+10ррm аспайтын орта квадраттық ауытқумен артық қысым бірлігін қайталауды мемлекеттік эталон қамтамасыздандырады.

Жұмыс принципі: артық қысым бірлігінің мемлекеттік эталоны істейтін негізіне жүкпоршеньді манометр принципі алынған. Бұл манометр әрекеттесетін қысымды оған теріс белгілі

ауданға белгілі күшті тудырған қысыммен тең қылдырып айқындайды. Ауданды есептеу үшін цилиндр ішінде вертикаль осі бойынша айналатын поршень қимасын алады. Күшті есептегенде поршеньге әсер ететін барлық салмақтар бір біріне қосылады (жүктердің салмақтары, жүк қабылдайтын құрылғының салмағы, тағы басқа әсер, күштер). Қысымнан туған күш жүкпен тудырған күшке тең болған кезде поршень астындағы қысым тұрақталады да, поршень бір қалыпта тұрады.

Қолдану саласы: артық қысым бірлік ӛлшемін 0 разрядтың жұмыстық эталонға беру, оған қоса қысым калибраторының жоғары дәлдікті түрлендіргіштерді поверкадан ӛткізу. Олар кӛбінесе жылу-энергетикалық кешендердің, мұнай-газ-химикалық ӛндірістік кешендердің, гидрометеорологияның және машина жасау саласындағы бақылау-ӛлшеуіш приборлар жүйесінде қолданады.

МП-6, МП-60 артық қысым бірлігінің мемлекеттік эталоны. Эталон құрылымы:

-0,04 бастап 0,6 МПа дейін және 0,1 бастап 6,0 МПа дейін қысым ӛлшейтін диапазонымен жүк-поршеньді ӛлшеуіш колонкалар;

-массасының номиналдық мәні 0,1 бастап 5 кг дейін арнайы жүктердің жиынтығы;

-гидростатикалық қысымды тудыратын және ұстайтын, гған қоса бірлік ӛлшемін беретін қондырғылар.

Метрологиялық сипаттамалары:

-ӛлшеу диапазоны 0,04 бастап 6,0 МПа дейін;

- k=2 болғанда, стандарттық кеңейтілген анықталмағандық 1,3∙10-5

аспайды (МП-6

эталондық жүк-поршеньді манометрдің поршеньдік ӛлшекіш жүйесі үшін);

 

- k=2 болғанда, стандарттық кеңейтілген анықталмағандық 1,4∙10-5

аспайды (МП-60

эталондық жүк-поршеньді манометрдің поршеньдік ӛлшекіш жүйесі үшін);

 

-әрбір гірдің массасының нақты мәнін табу және эталондық манометрдің қозғалатын бӛлшектер массасын табу қателігі l 10-5 аспайды;

-0,04 бастап 0,6 МПа дейін ӛлшеу диапазонында сезу деңгейі 3 Па аспайды;

-1 бастап 6,0 МПа дейін ӛлшеу диапазонында сезу деңгейі 30 Па аспайды.

Жұмыс принципі: мемлекеттік эталонның жұмыс принципі тығыздалмаған поршень принципіне негізделген. Керекті қысым мәні поршеннің жүк қабылдайтын құрылғысына жүктерді салғанмен тудырылады.

Қолдану саласы: артық қысымның мемлекеттік эталоны 0,04 бастап 6,0 МПа дейін ӛлшеу диапазонында 1 разрядтың 0,02 дәлдік класының артық қысым манометрлеріне жүк-поршеньді әдісімен қысым бірлік ӛлшемін беруге және сол диапазонда қысым мәнін сақтауға, қайталауға арналған.

250 МПа дейін артық қысым бірлігінің мемлекеттік эталоны. Эталон құрылымы:

-0,04 бастап 0,6 МПа дейін ӛлшеу диапазоны бар МП-6 типті жүк-поршеньді манометр;

-0,1 бастап 6,0 МПа дейін қысым ӛлшейтін диапазонымен жүк-поршеньді манометр. Метрологиялық сипаттамалары:

-ӛлшеу нәтижелерінің орта квадраттық ауытқуы (S0) 2∙10-5 қатынасты бірліктен аспайды;

-кеңейтілген анықталмағандық (Up) қалыпты үлестірім және k=2 жағдайда ±7,1∙10-5 қатынасты бірліктер шегінде.

Қысым айырымдары үшін қысым бірлігінің мемлекеттік эталонының ӛлшеу диапазоны

4 103 Па дейін. Бұл эталонды мемлекеттік эталон комплектісінің негізгі бӛлшегі – ПМКМ типті алып жүретін микроманометр.

Метрологиялық сипаттамалары:

-мемлекеттік эталонныңшама бірлігін қайталайтын ӛлшеу диапазоны 1∙102 бастап 4∙103 Пас дейін жатыр;

-ӛлшеу нәтижесінің орта квадраттық ауытқуы (S0) 0,1 Па аспайды;

-ӛлшеудің жойылмаған систематикалық қателігі (Ӛ) 0,4 Па аспайды;

-кеңейтілген анықталмағандық қалыпты үлестірім және k=2 жағдайда ±0,4 Па шектерде

жатады.

Бұл мемлекеттік эталонды 1 разрядтың жұмыстық эталондарға (ПМКМ, МКМ-3 және МКМ-4 типті микроманометрлерге) қысымдар айырымы үшін қысым бірлік ӛлшемін беруге қолданады.