Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Друмендік заттар

..docx
Скачиваний:
42
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
45.13 Кб
Скачать

Қазақстан – Ресей Медициналық университеті

Жалпы және клиникалық фармакология кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Дәрумендік препараттар.

Студентің аты-жөні: Үмбетжан А.Н

Оқытушы: Туганбаева Н.Е

Курс: 3

Факультеті: Стоматология

Тобы: 303 Б

Алматы 2015-2016 оқу жылдары

Жоспар:

  • Кіріспе

  • Негізгі бөлім

  • Суда еритін дәрумендер препараттары

  • Майда еритін дәрумендер препараттары

  • Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Дәрумендік препараттар

Дәрумендер зат алмасуына қатысуы кѳбінің коферменттер немесе олардың негізгі құрамдас бѳліктері болуына байланысты. Дәрумендердің көбі ағзада синтезделмейді. Әдетте олардың кѳзі тағамдық ѳнімдер болып табылады. Ағзада тек В3 (теріде ультракүлгін сәуленің әсерінен) және никотинамид (триптофаннан) түзіледі. Бірқатар дәрумендер (К дәрумені және т.б.) микро-организмдерден тоқ ішекте түзіледі. Белгілі жағдайларда айқын немесе айқын емес дәрумендік жетіспеушілік (гиповитаминоз, авитаминоз) дамуы мүмкін. Витаминдер мѳлшерінің тағам құрамында аз болуы жетіспеушіліктің жиі кездесетін себебі. Сонымен катар, асқазан-ішек жолы қызметінің кейбір патологиялық ѳзгерістері дәрумендердің сорылуын бұзуы мүмкін. Кейбір жағдайларда, ағзаның дәруменге қажеттігі жоғарылауында (мысалы, жүктілік, тиреотоксикоз, қызба) гиповитаминоз дамуы мүмкін. Дәрумендер жетіспеушілігін құрамында кѳкѳністер, жемістер, жануар тектес ѳнімдер бар диетамен толтыруға болады. Бұл, әрине, гиповитаминозды жоюдың колайлы және қарапайым жолы, себебі, тағам құрамында витаминдер кешені бар. Бірақ, бұл кезде дәрумендерді мѳлшерлеу қиын. Егер дәрумендердің сорылуы бұзылған болса, тағам дық дәрумендерді қолдану тиімсіз. Гипо-және авитаминозды емдеуде фармацевтикалық ѳнеркѳсіпте шығарылатын витаминдік препараттар маңызды рөл атқарады. Олар барлық жағынан да қолайлы. Ең алдымен оларды алу жыл мезгіліне тәуелді емес. Витаминдік препараттарды дәл мѳлшерлеуте болады. Энтералды енгізу кажет әсерді бермесе, онда оларды парентералды колданады. Бірақ, гипервитаминоз - витаминдік препараттармен улану (әсіресе майда еритін) мүмкіндігін ескерген жөн. Дәрумендер препараттарын 2 топқа бѳледі: 1)суда еритін дәрумендер препараттары; 2)майда еритін дәрумендер препараттары.

Суда еритін дәрумендер препараттары

Бұл топқа дәрумендердің едәуір саны, соның ішінде В тобының дәрумендері, С дәрумені және т.б. жатады. Тиамин (В дәрумені) үлкен мѳлшерде бидай ұнының кебегінде, күріште, бұршақта, ашытқыда, басқа да өсімдік және жануар тектес ѳнімдерде кездеседі. Тиамин ішектен сорылып, фосфорланады және тиаминпирофосфатқа айналады. Бұл түрде ол кетоқышқылдардың (пирожүзім, а-кетоглутар) тотығудан декарбоксилденуіне қатысатын декарбоксилаза мен глюкозаның пентозофосфаттық жолмен ыдырауына қатысатын транскетолазаның коферменті болып табылады. Тиаминнің жетіспеушілігінде көмірсу алмасуы күрт бұзылады, одан кейін метаболизмнің басқа да түрлері. Қанда және тіндерде пирожүзім және сүт қышқылы жиналады. В-гиповитаминозы полиневрит, бұлшықет әлсіздігі дамуына, сезімталдықтың бұзылуына әкеледі. Осы витаминнің ауыр жетіспеушілігінде (бери-бери ауруы) парез және паралич дамуы мүмкін. Сонымен қатар, жүрек-тамыр жүйесінің кызметі де бұзылады. Кейде тахикардия, жүрек дилатациясы, ісінумен жүретін жүрек шамасыздығы дамиды. Диспепсиялық бұзылыстарда байқалады. Тиамин тұздарын парентералды жолмен (бұлшықетке) енгізгенде препараттардың био жеткіліктігі жоғары. Олардың ішектен сорылуы шектеулі. Ортаның сілтілігі жоғарылағанда тиаминнің бұзылатынын ескерген жөн. Тиаминнің белгілі мѳлшері тіндерде қорға жинайды. Тиамин және оның айналдыру ѳнімдері ағзадан бүйрек арқылы шығарылады. Тиаминді оның жетіспеушілігінде, невритте, невралгияда, парезде, радикулитте, бірқатар тері ауруларында, асқазан-ішек жолының, жүрек-тамыр жүйесінің патологиялық жағдайларында қолданады. Тәжірибеде қолдану үшін тиамин бромиді және тиамин хлориді (ішке және парентералды тағайындайды) шығарылады. Тиамин препараттарын қолданғанда әдетте уытты әсерлер дамымайды. Кейде аллергиялық реакциялар байқалады. Рибо­флавин (В2 витамині) үлкен мөлшерде бауырда, бүйректе, жұмыртқада, сүт ѳнімдерінде, ашытқыда, дәнді дақылдар құрамында көп кездеседі. Тиаминнің дифосфорлы эфирі болып табылатын кокарбоксилаза препараты (тиаминдирофосфат, котиамин) шығарылады. Карбоксилаза коферменті болып табылады. Жүрек ритмі бұзылғанда, коронарлық қан айналымының бұзылыстарында, әр түрлі себепті ацидозда, қант диабетіне байланысты кома алды және комалық жағдайларда қолданады. В-гипо- және авитаминозда тағайындамайды. Бұлшықетке және көктамырға енгізеді. Ішектен сорылып, рибофлавин АТФ катысуымен фосфорланады және келесі коферменттік түрге айналады: ФМН және ФАД. Екі коферментте дегидрогеназа және оксигеназа құрамында тотығу-тотықсыздану үрдістеріне қатысады. Рибофлавин құрамына кіретін ферменттер тобын әдетте, флавиндік ферменттер деп атайды. Рибофлавин жетіспеушілігінде ангулярлы стоматит (хейлоз) - езуде, ерінде жарықтар пайда болады. Глоссит (тілдің бүртіктері тегістеледі, тіл кошқыл кѳкшіл түсті), мұрын және құлақ калқаны маңындағы терінің зақымдалуы байқалады. Васкулярлы кератит (мүйізді қабат айналасындағы конъюнгтиваның тамырлары кеңейеді) тән. Жарықтан қорқу, көзден жас ату дамиды. Кейде кѳздің қараңғыда кѳруі (гемералопия) бұзылады. Рибофлавин жетіспеушілігі кѳп жағдайда анемияға әкеледі. Рибофлавин асқазан-ішек жолынан жақсы сорылады. Едәуір мѳлшѳрде тіндерде қорға жиналады. Бүйрек арқылы шығарылады. Рибофлавинді оның жетіспеушілігінде, сонымен қатар, кератитте, конъюнктивитте, иритте, бірқатар тері және жұқпалы ауруларда, сәуле ауруында қолданады. Ішке және жергілікті тағайындайды. Рибофлавин мононуклеотид парентералды қолданылады. Рибофлавинді қолданғанда әдетте уытты әсерлер дамымайды. Никотин қышқылы және никотинамидті РР витамині деп белгілейді. Никотин қышқылы ағзада никотин кышкылының амидіне айналады деген мәлімет бар. Соңғысы екі негізгі коферментгер: никотинамид динуклеотиді НАД (кодегидраза1) және НАДФ (кодегидраза П ) түзілуіне қатысады. Олар дегидрогенезалармен тыныс алудың белгілі кезеңінде сутегінің акцепторы (протоны) және электроны болып тотығу үрдістеріне қатысады. Никотинамид ағзада жартылай триптофаннан түзіледі. Тағамда РР витамині болмаса пеллагра дамиды. Оның негізгі белгілері диарея, дерматит (терінің ашық бѳліктерінің қабынуы тән) және деменция (ақыл-ойдың жүре пайда болған кеміссіздігі). Сонымен қатар, глоссит (тілдің қабынуы), гастрит және басқа симптомдар байқалады. Никотин қышқылының дәрумендік кызметтен басқа айқын, бірақ қысқа уақыт тамырды кеңейтуші әсері бар. Бұл беттің қызаруы , бастың айналуы, артериялық қысымның тѳмендеуі, тахикардиямен және т.б көрінеді. Никотинамидтің мұндай қасиеті жоқ. Никотин қышқылы қанда холестерин және бос май қышқылдарының мѳлшерін азайтып, липид алмасуына әсер етеді. Никотин қышқылы және никотинамид асқазан-ішек жолынан жақсы сіңіріледі. Өзгермеген қосылыстар және олардың айналу өнімдері бүйрек арқылы шығарылады. Никотин қышқылын және никотинамидті пеллаграда, бауыр ауруларында, қышқылдығы төмендеген гастритте, тері ауруларында ішке және парентералды қолданады. Никотин қышқылын кейде тамырлар спазмында, сонымен қатар, гиполипидемиялық зат ретінде тағайындайды. Екі қосылыста аз уытты. Никотин қышқылы тамырдың кеңеюіне байланысты тамырлық реакциялар шақыруы мүмкін. Оны ұзақ қолданғанда бауырдың майлы дистрофиясы дамуы мүмкін. Бұл асқынуды алдын алу үшін метионинді (бауырдан майдың артық мөлшерінің жұмсалуына ықпал ететін амин қышқылы ) қолданған жѳн. Пантотен қышқылы (В5 дәрумені) табиғатта кең таралған. Әсіресе, оның көп мөлшері ашытқыда, бауырда, жұмыртқада, балық уылдырығында, дәнді дақылдарда, түсті капустада табылғаи. Пантотен қышқылы ішек микрофлорасымен синтезделеді. Пантотен қышқылының оңға айналатын изомерінің физиологиялық белсенділігі бар. Ол ағзада кофермент А түзілуіне қатысады. Зат алмасуында соңғысының маңызы өте зор: ол май қышқылдарының тотығуына және биосинтезіне, кетоқышқылдардың декарбоксилденуіне (мысалы, пирожүзім, кетоглутар), лимон қышқылның (трикарбон қышқылдарының цикліне кіріп), кортикостероидтардың, ацетилхолиннің синтезіне қатысады. Кофермент А-ның негізгі қызметі, ол қышқылдар қалдығыыың (ацилді) акцепторы және тасымалдаушы болып табылады. Пантотен қышқылының жетіспеушілігі адамдарда мүлдем болмайды. Егер оны арнайы диета тағайындап жасанды жолмен шақырса қажу, ұйқының бұзылуы, бас ауыруы , диспепсиялық бұзылыстар, парестезия, бұлшықет ауыруы және т.б. бұзылыстар байқалады. Пантотен қышқылы асқазан-ішек жолынан жақсы сорылады. Үлкен мөлшерде бірқатар мүшелерде: ж үректе, бауырда, бүйректе, бүйрек үсті безінде анықталады. Өзгермеген түрде (2 /3 - бүйрек арқылы, 1 /3 ішекпен) шығарылады. Медициналық тәжірибеде кальций пантотенаты (ішке, жергілікті және парентералды) қолданылады. Препаратты неврите, невралгияда, кейбір аллергиялық реакцияларда, тыныс мүшелерінің ауруларында, ойық жарада, күйіктерде, операциядан кейінгі ішек атониясында, стрептомицинттің және мышьяк қосылыстарының уытты әсерлерін жою үшін қолданады. Кальций пантотенатының уыттылығы төмен. Жанама әсерлерінен кейде диспепсиялық бұзылыстар байқалуы мүмкін. В6 дәрумені деп 3 қосылысты: пиридоксин (пиридоксол, пиридоксаль және пиридоксамин) атайды. Барлық топты белгілеу үшін әдетте бірінші қосылыстың аты -пиридоксин колданылады. В6-дәрумендік бар заттар көп мөлшерде ашытқыда, дәнді дақылдарда, ірі бұршақтарда, бананда, етте, балықта, бауырда, бүйректе кездеседі. Пиридоксин, пиридоксаль және пиридоксаминнің айналатын негізгі коферменттік түрі пиридоксальфосфат (сонымен қатар, пиридоксаминфосфат түзіледі). Пиридоксальфосфат азоттың алмасудың көптеген үрдістеріне қатысады: трансаминдену, дезаминдену және аминқышқылдарының декарбоксилденуі, құрамында күкірт , оксиаминқышқылдары бар триптофанның, аминқышқылдарының метаболизміне және т.б. Ересектерде В6 дәруменнің жетіспеушілігі сирек байқалады. Ол балаларда дамуы мүмкін (тырысулар, дерматит). Пиридоксальфосфат синтезін бұзатын, туберкулезге қарсы изоникотин қышқылының гидразиді (изониазид және т.б.) тобына жататын препараттармен ұзақ емделу В6 витамині жетіспеушілігінің себебі болатыны ұмытпаған жөн. В6 дәрумендер жетіспеушілігін жасанды жолмен арнайы диета тағайындау арқылы шақырғанда бетте себореялық дерматит, глоссит, стоматит, тырысулар байқалады. Пиридоксинді енгізген соң аталған көріністер жойылады. Пиридоксин асқазан-ішек жолынан жақсы сорылады. Ағзада химиялық айналымға түседі. Оның метаболиттері бүйрек арқылы шығарылады. Медициналық тәжірибе үшін пиридоксин гидрохлориді шығарылады. Оны изоникотин қышқылының гидразидін, антибиотиктерді қабылдағанда, физикалық үлкен жүктемеде, жүктілік токсикозында дамыған В6 дәрумені жетіспеушілігінде қолданады. Сонымен қатар препаратты паркинсонизмді, радикулитті, сәуле ауруын, жеңіл және орташа деңгейдегі гепатитті, бірқатар тері ауларын емдеуде тағайындайды. Оны ішке және парентералды енгізеді. Препарат науқастармен жақсы кѳтеріледі. Кейде аллергиялық реакциялар дамиды. Пиридоксин мен қатар аталған кѳрсетулерде оның коферменттік түрі пиридоксальфосфат қолданылады. Фолий қышқылы (птероилглутамин қышқылы) 3 құрылымдық элементтен тұрады: птериндік туынды, парааминобензой қышқылы және L-глутамин қышқылынан. Фолий қышқылының кѳп мөлшері жаңа кѳконістерде (салатта, саумалдықта, помидорда, сәбізде), бауырда, бүйректе, жұмыртқада, ірімшікте және т.б. ѳнімдерде кездеседі. Ішек микрофлорасымен синтезделеді. Бауырда фолий қышқылы белсенді коферменттік түрі - 5,6,7,8- тетрагидрофолий қышқылына айналады. Соңғысының негізгі қызметі кѳміртегі бар топтарды (формилді, метилді, оксиметилді және метилен) қосып алу және тасымалдау. Тетрагидрофолий кышқылы нуриндер синтезіне, тікелей емес - пиримидин синтезіне, аминқышқылдарының ѳзгеруіне, гистидин алмасуына, метионин синтезіне, яғни нуклеин қышқылының және ақуыздардың метаболизміне қатысады. Фолий қышқылы жетіспеушілігінде макроцитарлы анемия дамиды. Лейкопения, агранулоцитоз, тромбоцитопения болуы мүмкін. Асқазан-ішек жолы (глоссит, стоматит, ойық жаралы гастрит, энтерит пайда болады) зақымдалады. Фолий қышқылы аш ішектен сорылады. Қан сарысуында оның негізгі бөлігі байланысқан күйде болады. Үлкен мѳлшерде бауырда қор болып жиналады. Едәуір мөлшерде жұлын сұйықтығында анықталады. Фолий қышқылының айналу өнімдері бүйрек арқылы шығарылады. Фолий қышқылын макроцитарлы анемияда, балалар мен жүкті әйелдерде мегалобласты анемияда, спруда және т.б. қолданады. Препаратты ішке енгізеді. В12 дәрумені жѳнінде айтқанда, әдетте назарда цианокобаламин болады. Дегенмен, цианокобаламиннің бірқатар аналогтары мен туындыларының (соның ішінде табиғи тектес) В12 витаминдік белсенділіктері бар. Сонымен "В12 витамині" түсінігі жинақталған сипат алды. В12 витамині әсіресе, үлкен мөлшерде сиырдың бауырында және бүйректе кездеседі. Табиғатта тек микроорганиздермен синтезделеді. Бұл жол В12 витаминін ѳнеркәсіпте алғанда да пайдаланылады. Адамның тоқ ішегінде ВІ2 витаминінің микроорганизмдермен синтезделуінің В12 витаминін реттеу үшін маңызы жоқ себебі, оның сорылуы негізінен аш ішекте жүреді. В12 витаминінің белсенді коферменттерінің негізгі қызметі (В12 коферменті және метилкобаламин) - жылжымалы метилді топтарды (трансметилдену үрдісі) және сутегін тасымалдау. Осы үрдістер нәтижесінде ақуыз және нуклеин қышқылдарының алмасуына (метионин, ацетат, дезоксирибонуклеотидтер және т.б.) әсері жүзеге асады. В12 дәрумені қан жасау үрд ісі, эпителиалды жасушалар түзілуі, жүйке жұмысының қызметі (миелин түзілуіне катысады), өсу және регенерация үрдісі үшін қажет. Цианокобаламин жетіспеушілігінде (цианокобаламин сорылуын бұзатын, асқазан мен аш ішектің патологиясына байланысты) мегалобласты анемия (пернициозды немесе қатерлі анемия, Аддисон-Бирмер анемиясы) дамиды. Асқазан-ішек жолы (тіл ашық- қызыл түсті, тегіс, химиялық тітіркеңдіргіштерге жоғары сезімтал, асқазанның шырышты қабатының атрофиясы, ахилия) және жүйке жүйесі (парестезия, ауру сезімдері, жүрістің бұзылуы) зақымдалады. Цианокобаламин аш ішекте ("Каслдың сыртқы факторы ") сорылады. Бұл асқазанда "Каслдың ішкі факторымен" әсерлескен соң жүзеге асады. Соңғысы цианокобаламиннің абсорбциясын қамтамасыз ететін гликопротеин болып табылады. Егер "Каслдың ішкі факторы" қандай да бір себептен болмаса (мысалы, асқазанның резекциясы нәтижесінде), цианокобаламинді парентералды енгізген жөн. Қан сарысуында цианокобаламин негізінен ақуыздармен байланысқан күйде болады. Үлкен мөлшерде бауырда қорға жиналады. Асқазан-ішек жолының бездерімен (әсіресе, өт арқылы) және де бүйрек арқылы шығарылады. Препарат науқастармен жақсы кѳтеріледі. Кейде қан ұюының жоғарлауын шақырады. Эритроциттер мен лейкоциттердің саны қалыптан жоғарылағанда цианокобаламин мөлшерін төмендетеді. В тобы дәрумендерінің қатарына көптеген авторлар пангам қышқылын және холин хлоридін жатқызады. Дегенмен, оларды витамин тәрізді заттар немесе физиологиялық белсенді биогенді қосылыстар деп бағалаған дұрыс. Бұл заттардың тағамда жетіспеушілігінде адамдарда гипо- немесе авитаминоз дамымайды. Пангам қышқылы және холин хлоридінің коферменттік түрлері белгісіз. Олардың биохимиялық үрдістерге қатысуы метил тонтарының донаторы болуына байланысты. Оларды бауыр ауруларында (циррозда, гепатитте), атеросклерозда, маскүнемдікті емдеуде қолданады. Пангам қышқылын миокардтың дистрофиялық зақымдануында, стенокардияда тағайындайды. Пангам қышқылының препараты кальций тұзы түрінде (кальций пангаматы) шығарылады, ішке енгізеді. Аскорбин қышқылы (С дәрумені) маңызды биологиялық рѳл атқарады. Едәуір мөлшерде кѳкѳністерде, жемістерде, жидектерде, итмұрында, қарақаттың жапырағы мен жидектерінде кездеседі. Жоғары температураның, оттегінің, аскорбатоксидаза (өсімдіктердегі фермент), ауыр металдардан (әсіресе, мыс) әсерінен аскорбин қышқылы ыдырайды. Ол адам ағзасында синтезделмейді. Аскорбин қышқылының негізгі әсерлері тотығу-тотықсыздану үрдістеріне қатысуна байланысты. Соңғысы аскорбин - қышқылының дегидро аскорбин қышқылына айналуы нәтижесінде жүзеге асады. Бұл үрдіс қайтымды және сутегі атомын тасымалдаумен ж үреді. Аскорбин қышқылы дәнекер тіннің негізгі заттары (мукополисахаридтер - гиалурон және хондроитин күкірт қышқылы ) түзілуінде және оның жетіспеушілігінде тамырлардың жандыздануы және жарылғыштығы байқалатын, регенерация үрдістері баяулайтын коллаген синтезіне қатысады. Аскорбин қышқылының кортикостероидтар түзілуіне, тирозин алмасуына, фолий қышқылының белсенді түрі -тетрагидрофолий қышқылына айналуына, бірқатар ферменттердің белсенденуіне қатысатыны анықталған. Аскорбин қышқылының жетіспеушілігі гиповитаминоз, ал кейбір ауыр жағдайларда авитаминоз (қыр құлақ немесе скорбут) дамуына әкеледі. Қыр құлақ кезінде қажу, терінің құрғауы , теріде геморрагиялық бөртпе (әдетте перифолликулярлы), қызыл иекпен қан ағулармен жүретін гингивит, тістің босауы және түсуі, бұлшық етке қан құйылу, қол-аяқтың ауыруы, ішкі мүшелер жағынан бұзылыстар (геморрагиялық энтероколит, плеврит, гипотония, жүрекгің , бауырдың зақымдануы және т.б.) байқалады. Иммунитет зардап шегетіндіктен, жұқпалы ауруға қарсы тұру төмендейді.

Майда еритін дәрумендер препараттары

Бұл топтың витаминдері А,О,Е,К витаминдерін біріктіреді. А дәруменіне құрылымы ұқсас қосылыстар кіреді: ретинол (А дәрумені-спирт, А витамині, аксерофтол), дегидроретинол (Аз дәрумені), ретиналъ (ретинен, А дәрумені-альдегид), ретиной қышқылы (А дәрумені-қышқыл) және олардың эфирлері мен кеңістік изомерлері. А витамині (эфир-пальмитат түрінде) жануар ѳнімдерінде: балық майында (треска, палтус, теңіз алабұғасы), бауырда, сиырдың сары майында және басқа да сүт тағамдарында кездеседі. Әртүрлі ѳсімдіктерде және жартылай жануарлар ѳнімдерінде А- продәрумендер - каротиндер (а, Р, ү-изомерлер) кездеседі. Ағзада олар А витаминіне айналады. Өте кең тараған және өте белсенді изомер р- каротин. р-каротиннің 1 молекуласының ферменттік ыдырауы (гидролизі) А витаминнің 2 молекуласының түзілуіне әкеледі. Каротиннің едәуір бѳлігі сәбізде, петрушкада, қымыздықта, саумалдықта, бүргенде, шетенде, итмұрында, ѳрікте кездеседі. А дәруменінің зат алмасуына әсерінің негізгі бағыты анықталмаған. Ол тотығу-тотықсыздану үрдістерінде (қанықпаған байланыстар санының кѳптігінен) маңызды рѳл атқарады. А дәрумені мукополйсахаридтер, ақуыз, липидтер синтезіне қатысатыны жѳнінде мәлімет бар. А витаминінің фоторецепция үшін маңызы зор. А витамині жетіспеушілігінде қараңғыға бейімделудің бұзылуы немесе ақшам соқырлық (мұндай жағдайды гемералопия немесе "тауық соқыр" деп атайды) дамуы осының куәсі болып табылады. Соңғысының себебі мынандай. Торлы қабатта әлсіз карқынды жарыққа сезімталдығы жоғары арнайы жасушалар (таяқшалар) бар. Олардың құрамына опсин ақуызымен байланыскан ретинальдан (А витаминінің альдегид түрі) тұратын жарыққа сезімтал родопсин пигменті кіреді. Жарықтың әсерінен бұл кешен ыдырап, жүйке импульстерінің генерациясын тудырады. Алғашқыда бірқатар аралық қосылыстар түзіледі. Ыдырау үрдісі ретиналь және опсин түзілуімен аяқталады. Дегидрогеназа ферменті әсерінен ретиналь А дәруменіне тотықсызданады. Қараңғыда А витаминінен әлсіз жарықта кѳру ѳткірлігін жоғарылататын кѳру пурпурының қарқынды түрде қайта синтезделуі жүреді. Кѳру пурпурының негізгі айналу кезеңдері қарапайым түрде. А витамині жетіспеуішілігіне гемералопия дамуынан басқа, шырышты қабатпен тері эпителиінің закымдануы тән. Бұл кезде эпителийдін, әр түрінің кѳпқабатты жалпаққа айналуы жүреді. Мүйіздену үрдісі күшейеді. Тері құрғайды, папулезді бѳртпелер, терінің түлеуі байқалады. Кѳздің шырышты қабыны зақымдалады. Сілекей бездерінің секрециясы азаяды. Қасаң қабықтың құрғауы (ксерофтальмия) А витаминінің авитаминозында оның жұмсаруына және некрозына (кератомаляция) әкеледі. Ауыр жағдайларда бұл мүлдем соқырлықтың себебі болуы мүмкін. Сонымен қатар, кейде тыныс жолдарының, асқазан-іш ек жолының, зәр шығару жүйесінің зақымдануы байқалады. А витаминінің жетіспеушілігінде тері және шырышты қабық тосқауылдарының бұзылуы ағзаға инфекция енуіне қолайлы жағдай туғызады, қабыну үрдістерін дамытады. Жараның жазылуы, олардың гралуляциясы және эпителизациясы баяулайды. А витаминінің авитаминозы гипохромды анемияның дамуына әкелуі мүмкін. Ағзаның инфекцияға резистентілігнің жоғарылауы А витаминінің иммунитете ынталандырғыш әсер етуіне байланысты. Соңғысының қатерлі ісік үрдістерінің дамуын алдын алуда маңызы зор болуы мүмкін. А витамині негізінен аш ішекте сорылады. Оның дисперсиялануы және абсорбциясы үшін өт қышқылдары қажет. Осыған байланысты өт түзілуінің жетіспеушілігінде А витаминінің гиповитаминозы дамуы мүмкін. Мұндай жағдайларда А витамині препараттарын парентералды енгізу қажет. Сорылғаннан кейін А витамині лимфатикалық жолдармен бауырға түсіп, едәуір мөлшерде ретинол пальмитат түрінде қорға жиналады. Қанға босап шыққан ретинол оның тіндерге тасымалдануын қамтамасыз ететін қан сарысуы ақуыздарымен байланысады. Ағзада А витамині толық химиялық айналдыруға ұшырайды. Бұл кезде түзілген метаболиттер мен конъюгаттар бүйрек және ішек арқылы шығарылады. Тағамдық ѳнімдермен түсетін каротиндер ішектің шырышты қабатында А витаминіне айналады. Олар осы кезден бастап биологиялық белсенділікке ие болады. А витамині препараттарын және каротиндерді А витаминінің жетіспеушілігін емдеу және алдын алу үшін, кейбір тері ауруларында (мүйіздену үрдістері бұзылғанда), қасаң кабықтың және торлы кабықтың бірқатар гидролиз циклынан өтеді — реэстерификация бірқатар патологиялық жағдайларында, күйіктерді, үсіктерді емдеу үшін, жұкпалы ауруларда, асказан-ішек жолының патологиялық жағдайларында қолданады. А витаминінің препараттарын ішке, бұлшықетке, жергілікті тағайындайды. Миллифамм және халықаралық бірлікпен (ХБ) мѳлшерлейді. А витаминнің 1 мг 3300 ХБ (1 Х Б = 0,3 мкг) құрайды . А витаминдік белсенділігі бар препараттар ретінде әртүрлі дәрілік қалыптар: ретинолацетаты және ретинол пальмитаты, А витаминінің концентраты, балық майының препараттары, бүрген майы (құрамында каротин, каратиноидтар және басқа қосылыстар бар) шығарылады.

А витаминін үлкен мѳлшерде ұзақ қолдану жедел және созылмалы гипервитаминозға әкелуі мүмкін. Жедел жағдайларда бастың ауыруы, ұйқышылды қ, лоқсу, құсу, жарықтан қорқу, тырысулар байқалады. А витаминінің созылмалы гипервитаминозында терінің зақымдануы (терінің құрғауы, пигментация), шаштың түсуі, тырнақтың сынғыштығы, сүйек және буын аймақтарында ауыру сезімі, гиперостоз (әсіресе, балаларда), бауырдың, кѳкбауырдың ұлғаюы, диспепсиялық бұзылыстар, бастың ауыруы пайда болады. А витаминінің гипервитаминозын емдеу А витаминін қабылдауды тоқтату болып табылады.

Соңғы екі он жылда ретинол метаболиттері және оның синтетикалық туындылары үлкен назар аудартты. Бұл заттар тобын ретиноидтар деп атайды. Олар ретиной қышқылына сезімтал және жасуша ядросында орналасқан арнайы рецепторлармен әсерлеседі. Ретиноидтардың бірқатар тері ауруларында - акне (безеу), псориазда, кератизация үрдісі бұзылғанда (мысалы, ихтиозда) және т.б. тиімді екені кѳрсетілген. Бірқатар препараттар жағылма, крем, лосьон, гель ерітінді түрінде ж ергілікті қолданылады. Солардың бірі третиноин (ретиной қышқылы, весаноид). Оның емдік әсері май бездерінің секрециясын тежеуге, кератинизацияны калыпқа келтіруге, қабынуды азайтуға байланысты. Эпидермис арқылы препараттың бар жоғы 10% ѳтеді, сондықтан резорбтивті (уытты ) әсері дамымайды.

Тәжірибе жүзінде изотретиноин және басқа ретиноидтар тератогенді әсер көрсетеді. Сондықтан, бала туатын жастағы әйелдерге қолданар алдында жүктіліктің жоқтығына сенімді болу керек. Сонымен қатар, емдеуден 1 ай бұрын, емдеу барысында және емдеуден кейін 2 ай бойы 100% контрацепцияны қамтамасыз еткен жөн. Ретинолдың синтетикалық ароматтық туындысына этретинат (тигазон) жатады. Ол асқазан-ішек жолынан жақсы сорылады. Био жеткіліктігі, -50% . Препарат негізгі әсерлері бойынша изотретиноинға ұқсас. Липофилдігі жоғары . Ағзада өте ұзақ (2-3 жылға дейін) сақталады. Т1/2=100 күн . Ағзада этретинаттан белсенді метаболит ацитретин. Бірақ, ол эстерификацияланады және кайтадан этретинатқа айналады. Изотретиноинға қарағанда алопецияны, терінің, түлеуін, бауыр қызметінің бұзылуын, гиперлипидемияны жиірек шақырады; аса қауіпті жанама әсері-тератогендігі. Ретинойдтарға қызығушылық олардың зор табыспен тек дерматологиялық практикада қолданылуына ғана байланысты емес. Аталған топ қосылыстарының әртүрлі қатерлі ісіктерді емдеу және алдын алу үшін қолданылатын заттар ретінде болашағы зор екені кѳрсетілген. Бұл терінің рагы және оның рак алды жағдайлары, бірқатар гемобластоздар және салмақты қатерлі ісіктер жөнінде айтылған. Бірақ, ретиноидтардың қатерлі ісіктерге қарсы белсенділігі әліде мұқият зерттеулерді талап етеді.