Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Реферат Ғылыми әдістер.docx
Скачиваний:
76
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
55.13 Кб
Скачать

1.2. Ғылыми танымың эмпириялық және теориялық деңгейлері.

Ғылыми таным эмпириялық және теориялық деңгейлерге бөлінеді. Жалпы ғылыми әдістердің кейбірі тек эмпириялық деңгейде (бақылау, эксперимент, өлшеу), басқалары тек теориялық деңгейде (идеалдау, формалау), тағы бірқатары эмпириялық және теориялық деңгейде (модельдеу) қолданылады.

Эмпириялық және теориялық – ғылыми танымның негізгі формаларын, сондай-ақ ғылыми білімнің құрылымдық компоненттері мен деңгейлерін сипаттайтын категориялар. Ғылыми таным Эмпириялық және теориялық зерттеулерге бөлінеді. зерттеу тікелей объектіге бағытталып, бақылау мен тәжірибе деректеріне сүйенеді. Теориялық зерттеу ғылымының түсінік аппаратын жетілдірумен және дамытумен байланысты және объективті ақиқаттың нақты байланыстары мен заңдылықтары тұрғысынан алғанда оны жан-жақты танып-білуге бағытталған. Зерттеудің екі түрі де бір-бірімен табиғи байланыста және бірін-бірі ғыл. танымның біртұтас құрылымында деп біледі. Эмпириялық зерттеу бақылау мен тәжірибенің жаңа деректерін анықтай отырып, теориялық зерттеудің дамуына жәрдемдеседі, оның алдына жаңа міндеттер қояды. Екінші жағынан, теориялық зерттеу ғылымның мазмұнын байытып, оған нақты сипат бере отырып, фактілерді түсіндіру мен көріп-білудің жаңа перспективаларын ашады, эмпир. зерттеуді бағдарлап, оған жөн сілтеп отырады. Ғылым жаңа эмпир. деректермен толыға отырып дамиды. Өмірде ғана көрінетін қозғалысты шын мәніндегі ішкі қозғалысқа айналдыруды көздеген ғылым міндетін эмпир. таныммен тығыз байланысты теор. ойлау жүйесі шешеді. Эмпириялық және теориялық мәселесінің диалект.-материалистік шешімі гносеологияның, методологияның және ғыл. логиканың болжамдарды тексерудің ғылым заңдарын білдіретін білімнің және бақылау мен тәжірибе деректерін қалыптастыратын білімнің арақатынасын, идеализацияның, типологияның, түсіндірудің табиғаты, т.б. маңызды мәселелерді пысықтау негізі болып табылады. Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған:

1) бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау;

2) суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту;

3) өлшеу- объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру;

4) тәжірибе жасау – құбылысқайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталакғанына байланыстыөзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау.

Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми әдістерге төмендегілер жатқызылады:

1) формаландыру - зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын абстрактылы-математикалық модельдер құру;

2) аксиомаландыру – дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру;

3) гипотетикалық - дедуктивтік әдіс – нәтижесінде эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың жүйесін жасау.

Зерттеу әдістерінің классификациясы аса күрделі мәселе болғанның өзінде де, дәстүрлі түрде оларды үш топқа: жалпы ғылыми, интерғылыми және жеке ғылыми әдістерге бөлу қабылданған. Жалпы ғылыми әдістер барлық ғылым салаларына тән және оларды біріктіретін зерттеу объектісінде пайдаланылатын логикалық әдістерді, яғни: бақылау мен тәжірибе, анализ бен синтез, жорамал мен гипотеза, индукция мен дедукция, аналогия, классификация мен систематизация, генетикалық әдіс, т.б. біріктіреді. Интерғылыми әдістерге – экстрополяция, интерполяция, модельдеу, ретроспекция, эксперттік бағалау, т.б. жатады. Жеке ғылыми әдістердің көптеген ғылыми топтары бар.