Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

1178_ylmys_subyektisi

.docx
Скачиваний:
23
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
20.53 Кб
Скачать

Қылмыс құрамы және қылмыс құрамын қылмыс субьектісі бойынша саралау

Мақсаты: Қылмыс құрамының түсінігі, оған құқықтық анықтама беру.

Қылмыс құрамын қылмыс субьектісі бойынша саралау .

Кілт сөздері: Қылмыс, әрекет, әрекетсіздік, қылмыс құрамы, қылмыс субьектісі, қылмысты саралау.

Жоспары:

1. Қылмыс құрамының түсінігі .

2. Қылмыс субьектісінің түсінігі.

3. Қылмыс құрамын қылмыс субьектісі бойынша саралау.

Қылмыс деп істелінетін іс-әрекетті істеген адамды қылмыстық жауапқа тарту үшін (ондай адамды қылмыстық субъектісі деп атайды) ол адамның белгілі қасиеті болу керек. Қылмыстық заң бойынша белгіленген қасиет қоғамға қауіпті іс-әрекет істеген адамда болмаса ол адамды қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.

Қылмыстық заң арқылы тыйым салынған іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) жасаған және ол ісі үшін қылмысты жауап беруге қабілеті жететін тұлға қылмыстық құқық бойынша қылмыстың субъектісі деп танылады.

Қылмыс әр уақытта да белгілі бір іс-әрекеттің көрінісі, нәтижесі болып табылады.

Әрекет дегеніміз – адамның қылмыстық заң тиым салған нәрселерді істеуі, ал әрекетсіздік дегеніміз адамның заң, нормативтік кесімдер, нұсқаулар немесе жарлықтар, бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы.

Қылмыс дегеніміз – қылмыстық заңдармен тиым салынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздікті айтамыз. Қылмыстың белгілеріне мыналар жатады:

1. Қоғамға қауіптілігі

2. Заңға қайшылығы

3. Айыптылығы

4. Жазаланатындығы.

Қылмыстың санаттары деп оларды нақты белгілері бойынша топқа бөлуді айтамыз. Қылмыстар сипатына, қоғамға қауіптілік дәрежесіне және кінәнің түріне байланысты мынадай санаттарға бөлінеді:

- онша ауыр емес;

- ауырлығы орташа;

- ауыр;

- аса ауыр.

Қылмыстық Кодекстің 11-бабына сәйкес қылмыс жасағаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан:

1. қасақана жасаған әрекеті – 2 жыл, абайсызда жасаған әрекеті – 5 жылдан аспайтын мерзімге – онша ауыр емес;

2. қасақана жасаған әрекеті – 5 жыл, абайсызда жасаған әрекеті – 5 жылдан аспайтын мерзімге – ауырлығы орташа;

3. қасақана жасаған әрекеті – 12 жылдан астам мерзімге – ауыр;

4. қасақана жасаған әрекеті – 12 жылдан астам мерзімге немесе өлім жазасы көзделсе – аса ауыр санатына жатады.

Қылмыстың құрамы дегеніміз – бұл қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан құралатын белгілерінің жиынтығын айтамыз. Ондай белгілер 4 топқа бөлінеді:

- қылмыстың объектісі;

- қылмыстың объективтік жағы;

- қылмыстың субъектісі;

- қылмыстың субъективтік жағы.

1. Қылмыстың объектісі – қылмыскердің қиянат жасайтын және де қылмыстық заңдармен қорғалатын қоғамдық қатынатсар.

2. Қылмыстың объективтік жағы – ол қылмыстың сыртқы көрінісіне жататын белгісі.

3. Қылмыстың субъектісі – ол қылмыс жасаған уақытта ақыл-есі дұрыс және 16 жасқа толған жеке адам. Кейбір ауыр қылмыстар үшін (кісі өлтіру, зорлау, адам ұрлау және т.б.) қылмыстық жауатылыққа адам 14 жастан тартылады.

4. Қылмыстың субъективтік жағы – бұл қылмыстың ішкі мәнін, мазмұнын білдіреді.

Қылмыс құрамы құрастырылуына байланысты материалдық және формальды болып жіктеледі.

Материалдық құрамда қылмыстың аяқталу сәті қоғамға қауіпті зардаптың тууына байланысты болса, формальды құрамда зардапты тосып жатпай-ақ, қоғамға қауіпті әрекетті жасаудың өзі қылмыстың аяқталғандығын көрсетеді.

Кез келген адам қылмыс субъектісі бола алмайды, тек қылмыстық заңға сәйкес белгілі бір белгілерге ие адамдар ғана субъект болады. Олардың қатарында қылмыстық заңмен бекітілген жас мөлшері мен есі дұрыстық жатады. Қылмыстық кодексте қылмыстық жауапкершілік он төрт жастан бастап туындайтын жеке қылмыстардың түрлері келтірілген. Ол тізім мынадай құрамнан тұрады: а) жеке адамға қарсы ауыр қылмыстар: қасақана адам өлтіру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру не денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру, зорлау және нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану, адамды ұрау; ә) мүліктік қылмыстардың кейбір түрлері: ұрлық, тонау, қарақшыық, қорқытып алушылық, автокөлік немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру жазаны ауырлататын мән – жайлар; б) қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың кейбірі: терроризм, адамды кепілге алу, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау, қаруды, оқ – дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу, ауырлататын мән – жайлардағы бұзақылық, тағылық, өлгендердің мәйіттерін жіне олар жерленген жерді қорлау, көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру және т.б. Қылмыс жасаған кезде 16 жасқа толған адам қылмыстық жауапқа тартылады. Ал 14 жасқа дейінгі жас балалар қ қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Қылмыс жасаған кезде өз әрекетінің (не әрекетсіздігінің) қоғамға қауіптілігі мен нақты сипатын сезінген және әрекеттеріне басшылық етпеген адам есі дұрыс деп танылады.

Қылмыс жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы жүйке ауруы, жүйкесінің уақытша бұзылуы, ақылының кемдігі немесе өзге жүйке дертіне ұшырауы салдарынан өзінің іс - әрекетінің (не әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам есі дұрыс емес деп танылады. Есі дұрыс емес адам қылмыс субъектісі бола алмайды, сондықтан қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.   Көптеген ғасырлар бойы ақыл – есі дұрыс емес қылмыскерді қылмыстық жауапкершіліктен босатпайтын. Ақыл – есі дұрыс емес адамға қатысты өлім жазасын қоданбаудағы алғашқы жағдай Дэниел Мак – Нагтеннің жағдайы деуге болады, ол 1843 жылы Ұлыбритания премьер – министірінің хатшысын атып өлтірген. «Мак – нагтен заңы» дұрыс емес қылмыскерді сотқа емес, психиатриялық ауруханаға жіберу туралы қаулы етті. Мысалы, қылмыс жасаған тұлғаның әлеуметтік - психологиялық және биологиялық белгілері қылмыс құрамының құрылуына қамтылмайды. Криминология саласы әлеуметтік құбылыстарды зерттейтін неше түрлі ғылымдармен қатар, жаратылыс ғылымдарының да (медицина, биология, соның ішінде генетика және т.б.) тәсілдері мен әдістерін қолдана отырып, қылмыскердің жеке басының мәселесін зерттейді. Криминологияда жеке бастың белгілері негізгі үш құрамға топтастырылады:

1. Жеке бастың әлеуметтік бейнесі (статусы), ол жеке бастың белгілі бір әлеуметтік топқа (сыныпқа) жататындығын, әлеуметтік демографиялық сипатын (жасы, жынысы, білімі, отбасылық жағдайы және т,б.) зерттеумен анықталады.

2. Жеке бастың әлеуметтік орны (рөлі), бұл жеке тұлғаның отбасының, еңбек ұжымының мүшелігінен, қоғамдық қатынастар жүйесіндегі азаматтылығынан тұратын қызметінің жиынтығы.

3. Жеке бастың адамгершілік психологиялық сипаты (мінездемесі), ол оның әлеуметтік құндылықтар мен атқарылатын әлеуметтік міндеттеріне қатынасын білдіреді (мысалы, кездейсоқ қылмыскерлер, құныққан маман қылмыскерлер және т.б.) қылмыскердің жеке басының белгілерінің қылмыстық - құқықтық маңызы, кей жағдайларда жазаның жеке басқа қарай ықшамдалып берілуіне, немесе одан мүлде босатылуына ықпал жасауы мүмкін. Жазаның түрі мен мөлшерін анықтау, жазаны жеңілдетуші немесе ауырлатушы мән - жайлар ретінде, шартты жазаға соттау мәселесін шешуде кінәлінің жеке басы есепке алынады. Алайда жеке бастың белгілерінің (қылмыстық субъектісінің белгілерінен айырмашылығы) қылмыстық - құқықтық мағынасы болмауы да мүмкін. Көптеген қылмыстарда кінәлінің жынысы, оның кәмелеттік жасқа толу - толмауы, білімі мен айналысатын қызметі, тіпті де, әсері етпейді. Бұл белгілер, әдетте, қылмыстық жауаптылық пен жазаға да ықпалды емес. Ал қылмыстарды, сонымен қатар, оны жасаушы тұлғаларды криминологиялық тұрғыдан сипаттау үшін бұл белгілердің маңызы өте зор. Осы белгілер ескеріле отырып, мысалы, тиісті қылмыстардың алдын-алу шаралары анықталуы мүмкін.

Қылмыстың арнайы субъектісі

Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың жалпы субъектісінен басқа арнайы субъект деген ұғым бар. Қылмыстың арнайы субьектісі деп - қылмыс субъектісінің жалпы белгілерінен (дені сау, ақыл-есі дұрыс, белгілі бір жасқа жеткен тұлға) басқа ҚК-тің Ерекше бөлімінің нормаларымен қарастырылған қосымша белгілермен сипатталатын субъектіні айтамыз. Бұл белгілер мына төмендегідей болуы мүмкін:

- Субъектінің азаматтығына қарай: Мемлекеттік опасыздықтың субъектісі болып тек қана Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады, ал шпионаждың субъектісі болып шет ел азаматы немесе азаматтығы жоқ адамдар ғана болады.

- Жынысына қарай: зорлаудың (ҚР ҚК 120 - бап) орындаушысы болып тек қана ер адам ғана болып табылады.

- Қызмет бабына және кәсіби міндетіне қарай: техникалық қауіпсіздік немесе еңбек қорғаудың басқа да ережелерін бұзудың субъектісі осы ережелерді сақтауға міндетті тұлға ғана бола алады.

- Әскери қызметке қатыстылығына қарай: бүл қылмыстардың субъектісі әскерге шақыру бойынша не келісім-шарт бойынша Қазақстан Республикасының қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында әскери қызмет атқарушы немесе әскери қызметшілер, сондай-ақ әскери қызмет аткарудың белгіленген тәртібі бойынша жиындардың өту кезеңіндегі запастағы азаматтар болып табылады.

- Басқа да негіздерге қарай: мысалы, куәгерлер, аудармашы, сарапшылар.

Арнайы субъектінің белгілері - бұл қылмыс құрамының қосымша белгілері. Қылмыс құрамының басқа элементтерін сипаттаушы (қылмыстың объективті және субъективті жағын) факультативті белгілер сияқты, олардың ерекшелігі мынада:

- Қылмыс құрамының құрылымдық белгілері бола алады, бұларсыз қылмыс құрамы болмайды. Мысалы, банкротқа ұшырау кезіндегі заңға қарсы әрекеттердің субъектісі тек борышты ұйымның иесі немесе жетекшісі, сол сияқты жеке кәсіпкер бола алады. Егер бұл әрекеттерді кәсіпорынның басқа қызметкері жасаса, қылмыс құрамы болмайды.

Жазаны жеңілдетуші немесе ауырлатушы жағдай ретінде оны жеке басқа қарай бейімдеуде маңызды болуы мүмкін.

Бақылау сұрақтары:

  • Қылмыс дегеніміз не?

  • Қылмыс құрамы дегеніміз не?

  • Әрекет және әрекетсідік дегеніміз не?

  • Қылмысты субьектісі бойынша саралау дегеніміз не?

  • Қылмыстың арнайы субъектісі дегеніміз кім?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]