Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих сессия.docx
Скачиваний:
24
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
33.61 Кб
Скачать

11)Түргеш қағанатының құрылуы,Тан әулеті және арабтармен күресі.

Түргеш қағанаты (704-756 жж.).

Батыс түрік қағанатындағы 16 жылға созылған (640-657 жж.) екі тайпаның (Дулу мен Нишаби) арасындағы соғыс қағандықтың саяси жағынан мүлде әлсіретеді. Батыс түрік қағанатының мұндай іштей әлсіреп жатқанын білген Қытай Тан империясы оның жеріне басып кіреді. Түрік тайпалары, әсіресе, түргештердің саяси белсенділігінің арқасында өздерінің ұзақ жылдарға созылған соғыстың нәтижесінде тәуелсіздігін жеңіп алады. Сөйтіп, VIII ғасырдың басында Батыс түрік қағандығы құлап, оның орнына түргеш қағандығы пайда болады (704 ж.). Олардың билеуші әулетінің атасы Үш-Елік қаған (699-706 жж.) болды. Ол Жетісудан Бөрішадты қуып шығып, Ташкенттен бастап, Бесбалыққа дейін төселіп жатқан жерде өз үкіметін орнатады. Ол ордасын Шу бойындағы Суябқа орналастырды. Оның екінші ордасы Іле өзені жағасындағы Күнгіт қаласында болатын.Саяси әкімшілік билік қағандықтың ең жоғарғы атағы Басқағанның қолында болды. Ол қағандықты 20 әкімшілік аймақтарға бөлген. Әрбір әкімшілік аймақты тархандар басқарған, аймақтар 7000 әскер жинаған.

Түргеш қағанаты (704-756 жж.) Түргештер дулы тайпа құрамының ішіне жатады, түргештердің өзі – қара және сары түргеш болып бөлінгені белгілі. (Кейбір тарихи деректер бойынша, «сары» және «қара» деген тайпа бөліктері этниқалық емес, саяси жағынан қарастырғаны жөн. Демек, Сақал қаған болған кезде түргеш кағанаты екіге бөлініп кетеді. Біревінде Сақал өзі қаған болған, ал екіншісінде халықты басқарған Сулық. Сақалға бағынатын халықты «сары түргеш» деп атаған, ал Сулыққа бағынған халықты – «қара түргеш».) Түргеш қағанаттың саяси өмірі тарихта Орта Азияға шапқыншылық жасаған арабтармен тығыз байланыстырады. 7-ғ. бас кезінде Араб түбегінде Араб мемлекеті қалыптасты. Ислам мемлекеттік дінге айналады. Осы дінді таратушы Мұхаммед 632 ж. қайтыс болғаннан кейін, арабтар ислам дінін тарату үшін жаулаушылық соғыстар бастады.  Арабтар Орта Азияға жаулауы басталған кезде, Қазақстан мен Орта Азияның басым бөлігі Батыс Түркі қағанаты қол астында болды. Арабтарға қарсы күресте Жетісуда өкімет басына келген түргештер болды. Оның негізін салған Үш-еліг қаған (699-706 жж.). Оның ордасы Шу бойындағы Суяб қаласы болды. Екінші (кіші) ордасы Іле өзені жағасындағы Күнгіт қаласында орналасты. Үш-еліг-қаған елді 20 түтіктікке (еншілікке) бөлді, оның әрқайсысының 7 мыңнан әскері болды. Үш-еліг-қаған Қытай империясымен және Согд мемлекетімен саяси бірлестік құрып, арабтарға қарсы күреседі.

12)Қарлұқ мемлекетінің этносаяси тарихы,әскери-әкімшілік жүйесінің ерекшеліктері.

Қарлұқ қағанатының Қазақстан тарихындағы орны: Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.). Қарлұқ тайпаларынын мекені - Алтай манында орналысқан. 8 ғ. бастап қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады. Қарлұқтардың арқасында 751 ж. арабтар Талас бойында түріктермен болған шайқасты жеңеді. Осы кезден бастап қарлұқ тайпалары күшейіп, олардың патшасы өз билігін Алтайда орнатады. 755 ж. қарлұқтар Жетісуда түргештерді женеді. Түргештердің жартысы қарлұқтарға бағынады, ал қалғаны шығысқа таман көшуге мәжбүр болды. Қарлұқтар туралы деректер 5 ғасырға жатады. Ол "бұлақ" деген атпен белгілі. Түркі руна ескерткіштерінде "үш қарлұқ" атын алтай тауы мен Балқаш көлінің шығыс жағалауы арасын қоныс еткен көшпелі тайпалар бірлестігіне айтады. 7 ғ. ортасында қарлұқ бірлестігі құрамына бұлақ, шігіл мен ташлық кірген. Көсемдері Елтабар деп аталған. 766 жылы түргеш қағандарының қос ордасы Тараз бен Суябты қоса, бүкіл Жетісу қарлұқ жабғысының қоластына көшеді. Олар ерте феодалдық мемлекет құрады. Араф географы Әл-Марвази (12 ғ.) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғанын айтады. Қарлұқ конфедерациясына Жетісу мен оңтүстік Қазақстанның тухси, шігілдер, әзкіштер, халаджылар, чаруктер, барысхандар, т.б. түркі тілдес тайпалар кірген. 8-10 ғғ. Қарлұқ тайпалары Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдың орта ағысына дейінгі көсіліп жатқан территорияны қоныс етеді. Балқаш пен Ыстықкөл арасы, Шу, Іле, Талас өзендері бойында, Отырарға дейін көшіп жүреді. Олардың билеушісі джабғу, 840 жылдан бастап каған атағын алды. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес, қала орталықтары да болды. Қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олардың ішінде Тараз, Құлан, Мерке, Атлалық, Тұзын, Балық, Барысқан және т.б. Қарлұқ қалалары Ұлы Жібек жолы бойында орналасты. Қарлұқ қағанаты ішкі қырқыс, өкіметті алу жолындағы, қоныс-өрісті иемдену жолындағы талас-тартыс мемлекетті ыдыратты. 940 (942) ж. қарлұқ мемлекетінің астанасын - Баласағұнды - Шығыс түркістандағы түріктер - Тянь-Шянь жағынан қоныс аударған чығыл және ягма тайпалары - жаулап алады. Осыдан кейін Жетісуда билік қараханидтерге тап болады. Сонымен, 940 жылы қарлұқ мемлекеті өмір сүруін тоқтатты. 13)Оғыз мемелекетінің құрылуы.Басқа мемлекеттерімен этносаяси байланыстары.

Оғыз мемлекетінің құрылуы

Оғыз тайпасының бастапқы мекендеген аумағы Жетісудың батысы болды. Түркештер мұрасы үшін болған қарлұқтар мен оғыз тайпаларының арасындағы күрес нәтижесінде Жетісуда билікке қарлұқтар келіп (756 жылы), оғыз тайпалары батысқа Сырдарияға қарай қоныс аударды. Бұл кезде Сырдарияның орта, төменгі ағыстары мен Арал теңізі аралығында араб деректеріндегі Сырдарияның Кангар атауымен аталған кангар тайпалары мекендеген еді. VIII ғасырда кангар атауының орнына жаңа печенег деген атау қалыптасты. VIII ғасырдың басында Сырдария алқабы печенег - кангар тайпаларының басшылығымен біріккен саяси конфедерацияға енді. Саяси орталығы Отырар қаласы болды. VIII ғасырдың 2- жартысында печенег- кангарлар Жетісудан ығысқан оғыз тайпаларымен кездесіп Сырдария алқабы үшін күрес басталды. Нәтижесінде, оғыз тайпалары печенег - кангарларды талқандап Сырдарияның орта, төменгі ағыстарын Арал өңірін тұтастай иеленді. IX ғасырдың соңында оғыз шонжарлары Аралдың солтүстік өңіріндегі билікті өз қолдарына алып, Жайық, Еділ өзендерінің бойына қоныс тепті. Қаратау бөктері, Шу бойы, Балқаш маңы, Орал, Ырғыз, Ембі, Ойыл, өзендері тұтастай оғыздар мекеніне айналды. Бұл оқиғалар оғыздардың саяси топтасуына себепші болды. Араб деректерінің мәліметтеріне қарағанда, IX ғасырдың соңы - X ғасырдың басында оғыздарда мемлекет қалыптасты. Оғыз конфедерациясына кангар печенегтер, Арал, Каспийдің солтүстік төңірегінің тайпалары енді. Оғыздармен бірге Сырдарияға көшкен халаж, қарлұқ тайпалары, Шу мен Талас аңғарын мекендеуші жағр, шарұқ тайпалары да кірді. Шығыс Түрік тайпаларының кейбір топтары да болды. Олардың ішінде имек кимек тайпалары, байандұрлар, имурлер, кай тайпалары бар. Махмұд Қашғари «Диуани лұғат – ат түрікте» XI ғасырда оғыздарда 22 тайпа болды деп, олардың тізімін береді. Әл- Марвази 12 тайпадан тұрды деген пікірді ұстанады. Келесі бір дерек «Джами ат– Тауарих» оғыздар екі үлкен тайпалық топтан- бұзұқтар мен ұшұқтардан тұрғандығын мәлімдейді. Оғыз мемлекеті кең байтақ аумақты алып жатты. Батыста Ырғыз, Жайық, Жем, Ойыл, Арал маңын, Шығыста Балқаш көлінің оңтүстігіне дейінгі жерлерді, Сырдария аңғарын, Қаратау баурайын, Шу өңірін мекендеді. Оңтүстікте Хорезм, Мәуереннахр, Хорасанмен шектесті. Оғыз мемлекетінің астанасы Янгикент немесе Жаңа Гузия қаласы болды. Янгикент өте қолайлы жерде орналасқан қала еді. Қала Хорезм, Мәуереннахрмен шектесіп, Кимектер даласы арқылы Сарысу, Кеңгір, Есіл, Нұра бойларына баратын маңызды керуен жолының үстінде орналасты. Оғыз мемлекетінің билеушісі «жабғу» лауазымына ие болды. Жабғу билігі мұрагерлік жүйеге негізделді. Жабғу мұрагерлері «Инал» атағына ие болған. Жабғудың «Күл-еркін» лауазымына ие орынбасарлары және «Сюбашы» аталған әскер басшылары сарай өмірінде үлкен роль атқарды. Сонымен қатар, оғыз мемлекетінің бір ерекшелігі жабғудың әйелі – «хатун» билікке араласты. Мүліктік теңсіздік малға жеке меншікке негізделді. Ибн Фадлан «бай оғыз он мың бас жылқысы бар оғыз»,- деп көрсетеді. Деректерде мұндай бай топтар бай, бек, әмірлер деп аталады. Кедей топ М.Қашғаридің «Диуани лұғат –ат түрікінде» ерлер деп аталған. Олар малға қарау, киім тігу, тамақ даярлау сияқты үй жұмыстарымен айналысқан. Махмұд Қашғари «Оғыз кедейлері ятуктер соғыстарға қатыстырылмаған», - деп жазады. Кедей ауырып қалған жағдайда, оларды құлдар сияқты қараусыз далада қалдырған. М. Қашғари оларды йоксул, джиған деп атайды. Оғыздардың Хорезммен, Хорасанмен экономикалық байланыстары интенсивті,яғни қарқынды түрде жүріп, олардың малдары Хорасанда үлкен сұранысқа ие болды. Ірі сауда орталығы- Сырдарияның орта ағысындағы Сауран қаласы.. Хорасаннан оғыздар еліне лазуритке ұқсас малахит пен азурит әкелінген.

Этникалық қауымдастығының қалыптасуы.

9 ғасыр бас кезінде оғыздардың көсемі қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, қанғар-печенег бірлестігін күйретеді, сөйтіп Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірі мен Жетісу даласын басып алады. 9 ғасыр соңында олар хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңеді де, Орал мен Еділ арасын қоластына қаратады.

14)Қимақ қағанаты:ру-тайпалық құрамы,құлауының себептері.

Этникалық және тайпалық құрамы

Деректемелерде қимақтардың этникалық және тілі жағынан түріктерге жататындығына тікелей еш күмән келтірілмейді. Керісінше, олар туралы жазғандардың бәрі қимақтардың бірауыздан негізгі түрік тайпаларының қатарына жатқызған. Жазбаша деректемелерде қимақ этнонимінің уақыты жағьшан алғаш рет айтылуы VIII ғасырға жатады. Араб географы Ибн Хордадбехтің (IX ғ.) деректері бойынша саяси және әлеуметтік жағынан манызды түрік халықтарының тізімінде қимақтар тоғыз-ғүздармен, оғыздармен, печенегтерменқарлұқтарменқыпшақтармен, азқишилермен, түргештермен қатар аталады.

Қимақ қағанатының құлауы

X ғасырдың аяғы XI ғасырдың басында Қимақ мемлекеті ыдырайды. Оның құлауының екі себебі болды. Негізінен алғанда, өзін-өзі билеуге және өз мемлекеттілігін құруға ұмтылған қыпшақ хандарының қимақтардың орталық билігіне бағынбауына байланысты ішкі сипаттағы себеп. Сонымен қатар XI ғасырдың басында қоныс аудара бастаған көшпелі Орталық Азия тайпалары қоныс аударуының ықпалымен болған сыртқы оқиғалар. Тайпалардың қоныс аударуының негізгі себебі — 916 жылы Солтүстік Қытайда қидандардың Ляо мемлекетінің кұрылуы болды. Бұл держава жерінің батысқа қарай ұлғаюы көшпелі тайпалардың одан әрі ығысуына әкеп соқты. Тайпалардың орасан зор қоныс аударуының жаңғырығы орта ғасырлардағы көптеген деректемелерде: араб-парсы, орыс, армян, венгр, Византия, сирия және т.б. деректемелерінде көрініс тапты. Бұл деректемелерден ең алдымен араб ғалымы әл-Марвазиді (XII г.) атап өткен жөн, онын шығармаларында сол көшу жөнінде мейлінше кұнды ақпарат сақталған, ол тайпалардың қоныс аударуын былайша суреттейді: «Олардың (түріктердің) арасында кұндар деп аталатын бір топ адам бар, олар кытай қағанынан қорқып, Қытай жерінен келді. Олар — несториан сарынындағы христиандар. Өздерінің аймақтарынан олар жайылымның жеткіліксіздігінен кетті.Икинджи ибн Қошқар Хорезмшах солардың (арасынан) шыққан. Олар (құндар) қайлар деп аталатын халықтан теперіш көрді. Бұлар олардан көп те күшті болатын. Бұлар оларды жайылымнан қуды. Сонда құндар шарлар жеріне келіп қоныстанды да, шарлар түрікмендер жеріне көшті. Түрікмендер оғыздардың шығыс жерлеріне көшті, ал оғыздар Армян теңізіне жақын маңайдағы печенеттер жеріне көшіп барды». Бұл арада Армян теңізі деп Қара теңіз айтылады. Демек, бұл көшу Қытайдан Қара теңізге дейінгі халықтарды қамтыды. Бұл мәліметтерге бірқатар ғалымдардың жасаған талдауы қысқаша түрде мынадай көріністі көзге елестетуге мүмкіндік береді: қай және құн тайпалары қимақ-қыпшақ тайпаларының бір тобын Солтүстік-Шығыс Жетісу мен Ертіс өңіріне ығыстырып, Қимақ мемлекетіне соққы береді. Сөйтіп қайлар қыпшақтарды орнынан қозғайды, ал қыпшақтар оғыздарды Сырдария өзенінің аңғарынан, Аралдың батыс өңірі мен Каспийдің солтүстік өңірінен ығыстырып, оларды орыстың оңтүстігіндегі және Қара теңіз өңірі далаларына көшуге мәжбүр етеді. Оғыздардың жерін басып алғаннан кейін қыпшақ хандары едәуір күшейіп, қимақ-қыпшақ және қуман тайпаларьшың бұрынғы қоныстанған негізгі жерінде күш-қуаты жағынан басым болады, ал қимақтар осы оқиғалар барысында саяси үстемдігінен айырьшып қана қойған жоқ, сонымен қатар қыпшақтарға тәуелді болып қалды. Қимақтар бір бөлігі Ертісте қалып, екінші бөлігі Түркістан және Орта Азия аймағына қоныс аударды, енді біразы қыпшақ тайпаларымен бірге батысқа, оңтүстік орыс далаларына қарай қозғалды. Қыпшақтар Қимақ мемлекетінің орнын басты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]