Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
21.1 Кб
Скачать

Қазақ Экономика , Қаржы және Халықаралық Сауда Университеті

“ Халықаралық туризмнің тарихы

пәні бойынша

курстық (жоба) жұмысты орындаудың және хаттаудың

Әдістемелік нұсқауы

5В090200 «Туризм» мамандығының

күндізгі және сырттай

оқитын студенттеріне арналған

Астана

5В090200 «Туризм» мамандығының студенттеріне арналған «Халықаралық туризмнің тарихы» пәні бойынша курстық жұмысты орындаудың және хаттаудың

әдістемелік нұсқауы.–Астана ҚазЭҚжХСУ БПО- – 8 б.

Құрастырушы; Аға оқытушы Оразаева Зипаш Акзамқызы

Әдістемелік нұсқау оқу жоспарларының және «Халықаралық туризмнің тарихы» пәні бағдарламасының талаптарына сәйкес құрастырылған және курстық жұмысты орындау бойынша барлық қажет мәліметтерді құрайды.

5В090200 «Туризм» мамандығының ішкі және сыртқы бөлімдер студенттеріне арналған.

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

«--- «--------------ж. хаттама

Оқу- әдістемелік кеңесінің төрағасы

© Қазақ экономика , қаржы және халықаралық сауда университеті.

Кіріспе

Курстық жұмыс «Халықаралық туризмнің тарихы» пәнін оқыған кезде студенттердің өзіндік жұмысының міндетті компоненті болып келеді.

«Халықаралық туризмнің тарихы» пәнінен курстық жұмыс – курсты оқыған кезде бекіту сатысы болып келетін студенттердің өзіндік жұмысының негізгі нысанының бірі.

Студеттер курстық жұмысты орындаған кезде, күрделі теориялық мәселелерді талдаған кезде өздерінің ойларын нақты және логика бойынша дұрыс көрсетуді, теорияны қазіргі тәжірибемен, өздерінің туристік мамандығының негізімен байланыстыруды үйренеді.

Курстық жұмыс жазу үрдісінде студенттер дербес қажетті туристік және экономикалық әдебиетті,нақты факталық материалды Қазақстан Республикасының және басқа елдердің мысалында зерттеу объектісі бойынша қажет туризмнің әдебиеттерін, статистикалық элеметтерінің мәліметтерін өзі іріктеу қабілетін пайдалану керек. Бұның бәрі оларға туристік құбылыстарды талдауға және жалпылауға, берілген мәселе бойынша қорытындылар мен ұсыныстарды жасауға мүмкіндік береді.

Курстық жұмысты жасаған кезде оны жасаудың келесі сатыларын ретімен жүзеге асыруды қажет.

1. Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау

Ол курстық жұмыстың тақырыбы студенттің болашақ мамандығына сәйкес болу арқылы анықталады. Дұрыс таңдап алған тақырып студентке диплом жұмысы мен нақты туристік пәндер бойынша курстық жұмыстарды орындаған кезде теориялық негіз ретінде курстық жұмыстың материалдарын болашақта пайдалануға мүмкіндік береді.

2. Әдебиетті таңдау

Курстық жұмыстың тақырыбын тереңдетіп аш берілген мәселе бойынша туристік әдебиеттің көп санымен жұмыс істеумен байланысты. Егер студент бұл мәселемен бірінші рет кездессе, оның мәнін түсіну үшін туризмнің оқу әдебиетіне сәйкес әдебиеттерді оқу керек. Содан кейін университеттен және қаланың ғылыми кітапханасында алфавиттік және жүйелік каталогтармен курстық жұмыстың тақырыбы бойынша библиография құрылады, сонымен қатар библиографиялық анықтама басылымдармен пайдалануға болады. Әдебиет тізіміне мерзімді туристік басылыстарда шыққан негізгі әдебиеттер мен монографиялардан басқа Қазақстан Республикасының статистикасы бойынша Агенттіктің нормативтік-құқықтық актілер мен берлгендерді пайдалануы керек.

Пайдаланылған әдебиет тізімі 10-15 аталымдырдан аз болмауы керек. Оның жасау реті төменде келтірілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]