Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

калалар

.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
181.25 Кб
Скачать

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1.ХІV-ХVІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЛАЛАР МЕН ҚАЛАЛЫҚ ҚОНЫСТАР

1.1 ХІV-ХVІ ғасырлардағы қалалар мен олардың өмірі

1.2 Қалалардағы қолөнер және сауда қатынастары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Ерте орта ғасырлық

http://magistr.kz/referat/show/5470/45/2

ХV-ХVІІ ғ. қалалар мен ауылдар

Қазақстанның өткен тарихын зерттеген ғалымдар күні кешеге дейін мұнда моңғол шапқыншылығынан кейін қалалық тіршілік үзіліп, тек бірнеше қалалар ғана қалды деп тұжырымдап келді, бұл орайда олар кезінде гүлденген отырықшы өмір мен қала мәдениеті туралы тамсана жазды. Расында да, моңғол шапқыншылығы Жетісудағы – Іле мен Талас өңіріндегі қалалардың дамуына алапат зиянын тигізді. Бірақ Сырдария мен Қаратау бойындағы қалалардың тағдыры бұған қарағанда өзгеше сипат алды. ХІІІ ғасырдың басында өртенген, тоналған бұл қалалар ХІІІ ғасырдың аяғында және XIV ғасырда қайта қалпына келтіріліп, қолөнер мен сауданың маңызды орталығына айналды, ал XVІ- XVІІ ғасырларда қазақ хандарының ордасы болды. XVІ ғасырдан бастап бұл қалалар Орта Азиядан Сырдария алқабы мен Қаратау асуы арқылы Ресейге өтетін керуен жолының бойында зор маңызға ие болды, өйткені Ресей ол кезде ортаазиялық және қазақ хандықтарының басты сауда серіктесіне айналған еді. Жалпы алғанда, Қазақстанда XVІІ- XVІІІ ғасырлар аралығында қала тыныс-тіршілігінің салтанат құруына сауданың өзіндік орны ерекше болатын.

Археологтардың барлау жасаған сапарларының арқасында Сырдарияның сол және оң жағалауынан, Бөген және Арыс жазықтарынан, Түркістан алқабынан, Қаратаудың солтүстік және оңтүстік қыраттарынан кейінгі ортағасырлық ондаған қалалар мен қоныстарды табуға қол жеткізілді.

XV ғасырдың жазба мәліметтеріне қарағанда, Отырардан онша қашық емес жерде Шілік қонысы орналасқан. Бұл барлық белгілері бойынша, Отырардан бес фарсах қашықтықтағы қоныс. Шілікпен қатар Оңтүстік Қазақстанның ортағасырлық ірі қалаларының бірі Бұзықтөбенің үйіндісі орналасқан: тек оның орталық үйіндісі биік жазық дөң түрінде көзге шалынады. Дөңнің ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке қарай 150 м және шығыстан батысқа қарай 300 м болып созылып жатыр. Бекініс қабырғаларының шөгінділері мен қаланың аумағында жиналған керамиканың сынықтарына қарағанда, Бұзықтың іргесінің қалануы бірінші ғасырдан бастау алады. XV ғ. Қала өзінің өмір сүруін тоқтатқан, бұл фактіні XVІ- XVІІ ғ.ғ. жазба деректерде Шілік атауының бұдан әрі кездеспеуін дәлелдейді.

Деректер кейінгі ортағасырлық Түркістанды ірі экономикалық округтің орталығы болды деп атайды. Сондай-ақ оның айналасында көптеген қоныстардың болғанын еске салады, оның ішінде неғұрлым белгілі Қарашық, Қарнақ, Йунка және Сура тәрізді атаулар бар. Қарнақ Ахмет Йассауи кесенесіне арналған тайқазан құйылған орын екені белгілі. Түркістанның солтүстік жағындағы 25 шақырым жердегі Атабай селосына қаланың болған жері сәйкес келеді. Бұл село жақын кезеңге дейін өзінің ежелгі қала атауын сақтап, Қарнақ деп аталып келді. Қала Ишкан (ескі қала) деп аталады. Бұл дөң қазіргі жүргізілген құрылыстармен қатты бүлінген, бірақ ортағасырлық қаланың топографиясы сақталып қалған.

Қарашық, Сура және Йунка Хафиз Таныштың шығармаларында Ишкан қаласынан күндізгі өту кезінде кездескен қалалар ретінде суреттеледі, оның орналасқан жері жақсы белгілі, өйткені онымен аттас елдімекен сақталып қалған. Қарашық сонымен қатар XVІІ ғ. Орыс жазба деректерінде келтіріледі. Оған сүйенсек, ол Түркістаннан 5 шақырым жерде, Сібірден Орта Азияға баратын керуен жолының бойында орналасқан.

Қарашық атауы аймақтың гидронимикасында сақталған: осындай атты өзен Түркістан маңында бар, оның жағасынан бірнеше ежелгі егін шаруашылығымен айналысқан қоныстар және ортағасырлық қалалар табылды. Оның бірі ІІ Төрткөл деп аталады. Оған кейінгі ортағасырлық қалалардың өзіндік ерекшелігі бар топографиясы тән. Сондай-ақ одан XV- XVІІІ ғ.ғ. керамикалары көп кездесті. Қала Қарашық өзенінің сол жағалауында, Түркістанның солтүстігіне таман 8 шақырым жерде орналасқан. Бұл тікбұрышты екі дөңнен тұрады, оның топографиясына қарағанда, көшелердің, қала орамдарының, бекініс қабырғалары мен ондағы мұнаралардың іздері байқалады. Көптеген керамикалық шлактар, жарамсыз ыдыстардың сынықтары, сайып келгенде ежелгі қыш-құмыра жасаушылардың орамдары қай жерде орналасқанын айқындауға мүмкіндік береді: олар өзен жағасында, суға жақын жерде орналасқан Қарашықтың ІІ Төрткөл қаласы екендігіне күмән туғызбайды.

Қарашыққа жақын маңда Йунка қонысы бар. Оған Түркістаннан онша алыс емес жерде орналасқан қала орны сәйкес келеді, бұл Түркістанның солтүстік – шығысына таман 15 шақырым жерде жатқан Жойнақтөбе қаласы дегеніміздің өзі, сірә, сол болса керек. Қаланың орнын ішінара Шерменсай өзені шайып кеткен, қазба қимасынан жиналған материалдарға қарағанда, бұл бірінші ғасырларда пайда болып, XVІІІ ғасырға дейін гүлденген, мұны сол кезеңге тән жылтырақ керамикалардың табылуы дәлелдейді. Батысқа қарай 40 шақырым жерде ірі қала Сауран орналасқан. Оның шөгіндісі әлі жақсы сақталған.

Қазақстанның кейінгі ортағасырлық тарихында Сырдарияның сол жағалауындағы қалалардың маңызы зор. Жазба деректерде Сүткент, Құджан, Аркөк, Аққорған және Өзкент қалаларының атауы келтіріледі.

Құджан (Қуған) орнына Балтакөл поселкесінің оңтүстік шетіндегі Қуған ата қалашығы сәйкес келеді. Бұл дөңгеленген жобадағы биіктігі 8-10 м, диаметрі 170 м, периметрі бойынша мұнаралары бар қоршалған қабырғалы төбе. Бір шақырымға дейінгі радиус шамасында жекелеген үй жайлар мен шағын елді мекендер болғаны байқалады. Табылған керамикаға қарағанда, қаланың жоғарғы қабаты XVІ-XVІІІ ғ.ғ. кезеңіне жатады. Бұл кезең Йасы мен Бұхар шығарған теңгелері табылған қалалардың жоғарғы қабатына сәйкес келеді.

Аркөк XV- XVІІ ғ.ғ. тарихшылары мейлінше мұқият сипаттаған қоныс ретінде бұрыннан белгілі. Ол Сырдариядан фарсах қашықтықта орналасқан, оның аумағы онша үлкен болмаған әрі күшті бекінісі бар, егін шаруашылығымен айналысатын бай қоныс атанған, сондықтан оны «басқа бекіністерді алуға қажетті кілт» деп атаған. Аркөктің Мұхаммед – Шейбани билік еткен кезінде атағы шықты. 1509 жылы осы ханның қазақ әскерлеріне жасаған жорығы тығырыққа тірелді, яғни азық-түліктері мен жем-шөбі таусылды. Жолда Аркөк кездесіп, оның тұрғындары әскерді қажетті барлық нәрсемен толық қамтамасыз етті. Бұл қоныстың байлығы Шейбаниді таңғалдырды. Шежіреші осы бір көріністі былай деп сипаттаған: «Бұл өзі мейлінше таңғаларлық іс болды, өйткені, егер мұндай әскер Мәуереннахр, Қорасан, Ирак және Әзірбайжан жерлерінің үлкен бөлігі арқылы өткен болса және ол бір айға азық-түлік қамтамасыз етсе, ол астықты іздеп табу кезінде жазалар мен қорлаудан халықтың көбі жапа шегіп, кедейленіп, қырылуы мүмкін еді. Әскер өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмас еді. Ал ондай қоныстар өзінің дамып, өркендеуінен жұрдай болар еді, тіпті арада ұзақ уақыт өтсе де бірде-бір округінде ешкім де егін сала алмас еді...». Шейбани Аркөк туралы мынадай сөздерді бекер айтпаса керек: «Бұл Аркөк бекінісі, пайғамбар үшін Мединаның орны қандай болса, біз үшін бұл қаланың орны сондай.

Аққорған және Өзкент қалалары күні бүгінге дейінгі сақталған топонимдері арқылы анықталды: Сырдарияның солтүстік жағалауындағы екі қала осылай деп аталады. Масуд бек Усман Кухистани «Әбілхайыр хан тарихы» шығармасында Аққорғанды Әбілхайыр ханға Сығанақ, Созақ, Аркөк тәрізді өз еркімен берілген қалалардың қатарына жатқызады. Бұл қала XVІІ ғ.ғ. орыс деректері бойынша белгілі. «Үлкен сызба кітабында» Аққорған Жанақорғаннан 70 шақырым және Сайрамнан 110 шақырым жерде орналасқан.

Аққорған қаласы Сырдариядан 4 шақырым жерде орналасқан. Бұл трапеция пішінді екі үлкен қабаттан тұратын дөң, жан-жағы әлемнің төрт жағына қаратылған. Қаланың ең биік бөлігінің мөлшері 150*110 м, жалпы үйіндінің бетінен 6 м биіктікке орналасқан. Қаланың бұл бөлігі мұнаралары бар қабырғалармен қоршалған. Биіктетілген бөліктің айналасында тегіс дөң түріндегі үйінділер жатыр. Оның жақтарының мөлшері: шығысы -210, батысы-240 және оңтүстігі -230 м. Қаланың айналасына ор қазылған. Бұл ескерткіш табылған материалдарға қарағанда ХІІІ - XVІІІ ғ.ғ. кезеңіне жатады.

Күлтөбе шахристанның төртінші бөлігін ашқан қазба жұмыстары нәтижесінде көше орамдары, олардың арасындағы көшелер, тұрғын үйлер табылды. Қаратаудың тасы Қарақұрын құрылысшыларына үй қыбырғаларын тастан немесе тас қосылған шикі кірпіштен қалауға мүмкіндік берген. Бұл үйлер отырарлық үйлерге ұқсас екендігі анықталды: онда міндетті түрде тандыры бар бөлмежай болады, тандырдан сәкі ішімен түтін жолы жүреді. Ол қабырғадағы тіке мұржаға барып қосылады. Тандырдың қасында ташнау бар, оның бет жағы қалың – қалың тас тақталармен қаланған. Үйде тандыры бар бөлмежайдан басқа шаруашылыққа арналған бөлме бар.

Бұл қала бір қарағанда Отырардың провинциялық үлгісі болып табылады. Отырар қала болса, ал Қарақұрын Қаратаудың түкпіріндегі егін шаруашылығымен айналысатын қоныс. Қазба жұмыстары кезінде қолдан жасалған ыдыстардың көптеген түрлері табылды. Бұл – көшпелі тұрмысқа тән қазандар, қыш құмыралар. Ал Отырарда мұндай ыдыстардың аз кездесетіні таңғаларлық.

Баласағұн – Шу өзені бойында болған, мәдениет пен өнердің көптеген оқымысты өкілдерін өрбіткен жер. Баласағұнда «Диуани лұғат-ат-түрік» авторы Махмут Қашғари еңбек еткен. Ұлы Омар Һайям тұстасы, ХІ ғасырдың ғажайып ақыны, дүние жүзіне белгілі «Құдатғу білік» авторы Хас Хажип Жүсіп Баласағұнда туған.

Баласағұн қаласы туралы азды-көпті тарихи деректер ортағасырлық ғалымдардың, саяхатшылардың еңбектерінде кездеседі. VII ғасырдың соңы мен ІХ ғасырдың басында өмір сүрген Хорезм жерінде дүниеге келген Мұхаммед Ибн-Мұса әл-Хорезми (ІХ) өзінің дүниежүзілік географиялық картасында Шу, Талас, Жетісу өңірлеріндегі түркі қалалары туралы сөз қозғаған және де оларды картаға түсіріп, координаттарын белгілеген. Солардың ішінде Баласағұнды да дәл көрсеткен. Х ғасыр аяғы мен ХІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген, Хорезм елінің ұлы ғалымы Әбу – Райхан Бируни жасаған дүние жүзінің географиялық картасында Баласағұнды 91º 30′бойлықта, 44º 40′ендікте орналастырған, Таластың 89º 50′бойлықта, 43º 5′ ендікте жатқанын көрсеткен.

Махмұд Қашқари өзінің дөңгелек картасында Баласағұн қаласы жетінші климатта орналасқанын көрсетіп, Талас қаласының шығыс-солтүстігінде орналасқанын жазған. Ертедегі орта ғасырда, мұсылман дүниесінде карта сызғанда, Меккені орталығы етіп алып келген болса, ал Махмұд Қашқари өзінің картасында Қашқар қаласын орталық етіп алып, картаның Батыс Түркістан жағының орталығын Баласағұн қаласы етіп белгілеген. Кейінгі кездегі шығыстанушы кейбір ғалымдар Махмұд Қашқаридің картасын сызудағы кіргізген жаңалығы заңды құбылыс екенін атаған.

М. Қашқари «Түрік сөздігінде» Ұлы жібек жолының солтүстік желісінің бойындағы қалалар мен елді мекендер, асулар сияқты орындарға сондай-ақ Баласағұн туралы мәлімет бере келіп: «Арғу: екі таудың арасы.Тараз бен Баласағұн арасындағы шаһарларды «Арғу» дейді. Өйткені ол жерлер екі тау арасында жатыр», - дейді. Қазірдің өзінде де, Ақтөбе (Баласағұн) қаласының орны екі таудың арасында орналасқаны байқалып тұр. Оның солтүстік шығысында Жайсан тауы, оңтүстігінде Қырғыз Алатауы жайласқан.

Солт.-шығыс Жетісудағы барлық қала жұрттары “төрткөл” аталатын үлгіге жатады. Олар тік бұрыш, трапеция түрінде жоспарланған немесе дөңгелек болып келеді, жалпы жер бетінен сәл дөңестеніп тұрады және барлық жағынан бұрыштары мен мұнаралары бар дуалдармен қоршалған.

Төрткөлдер солтүстік-шығыс Жетісуға ғана емес, сонымен қатар оңтүстік-шығыс Жетісуға, Тянь-Шаньға, Орталық Қазақстанға, Тува мен Моңғолияға таралған. Осы үлгідегі немесе біршама өзгеше жоспарланған қала жұрттары Сырдарияның төм. ағысында, Азов т. маңында кездеседі. Олардың типологиясы жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Тянь-Шаньдағы Қошайқорған мен Шырдабек сияқты ірі қалалардың жұрттары орда-қалалар деп саналады. Ыстықкөл қазаншұңқырының төрткөлдері бекіністер және ауылдық қоныстар деп есептеледі. Сырдарияның төм. ағысындағы суреттеліп отырған үлгідегі қала жұрттары ауылдық мекен жайлар мен қала үлгісіндегі қоныстар деп саналады. Солт.-шығыс Жетісу төрткөлдері үш топқа бөлінеді.

Біріншісіне: Антоновка, Дүнгене, Шілік; Екіншісіне: Талғар, Сүмбе, Ақмола енгізілген; Үшіншісіне: Алматы, Лавар, Қапал, Бояулы, Ақтам, Арасан. Бірінші топқа аумағы 30 га-дан асатын қалалар енеді.

Антоновка — көне қала орны. Алматы облысы Қойлық (бұрынғы Антоновка) а-ның шығыс шетінде Ащыбұлақ өз-нің жағасында орналасқан. 1964 ж. Жетісу археол. экспедициясы, 1997 ж. Оңтүстік Қазақстан археол. экспедициясы (жетекшісі К.М. Байпақов) зерттеген. Қаланы қоршаған дуалдың биікт. 3,5-4,5 м. Бұрыштарының сұлбасы дүниенің төрт құбыласымен бағыттас орналасқан төртбұрышты төбе. Солт.-шығыс қабырғасының ұзындығы 1200 м, оңт.-батыс қабырғасының ұзындығы 750 м. Сыртқы қабырғасының бойында, бір-бірінен 30-40 м қашықтықта орналасқан дөңгелек мұнаралардың қалдықтары сақталған. Олардың кейбіреулерінің қазіргі биікт. 6-8 м-ге жетеді. Қазба жұмыстары кезінде жиналған материалдар: қыш ыдыстар, шынылар, белбеу тоғалары қаланың 8-14 ғ. аралығындағы өркениет орталығы болғанын көрсетеді. Қала жұртында зерттеу жүргізген ғалымдар А-ны 12-13 ғ-да Қарлұқ мемлекетінің астанасы болған Қаялық қ. болуы мүмкін деген болжам айтады.

Дүнгене – ортағасырлық қала орны. Талдықорған қаласынан батысқа қарай 20 км жерде, Көксу өзенінің оң жағалауында Балпық би кенті маңында орналасқан. Қаланы айнала қоршаған қорғаныс дуалдарының қалдығы сақталған және қала аумағы 30 га-дан астам жерді алып жатыр. Алғаш 1940 жылы Жетісу археология экспедициясы (жетекшісі А.Н.Бернштам) зерттеу жұмыстарын жүргізді. Қазба жұмыстарының нәтижесінде, жалпы аумағы 60 м2, биіктігі 4,5 м төбенің үш құрылыс қабатынан тұратындығы анықталды. Жоғарғы құрылыс қабаты 12 — 13 ғасырларға жатады, ал 2 және 3-қабаттарынан табылған Қарахан әулетінің теңгелері мен зерлі ыдыстардың қалдықтарына сүйене отырып, бұл қабаттар 9 ғасырға жатқызылды. Қыш ыдыстар сынығы арасынан орама әдіспен жасалған ыдыстардың тұтқалары да кездеседі. Археология материалдардың көрсетуінше, Дүнгене 9 — 13 ғасырлар аралығында болған. Дүнгенені Бернштам 13 ғасырдағы Қайалық қала, ал К.Байпақов ортағасырлық Екіөгіз қала деп есептейді. Махмұт Қашқаридің жасаған картасы (11 ғасыр) мен Рубрук жазбаларында бұл қала Эквиус деп берілген.

Талғар қаласында піл сүйегінен жасалған алты теңдессіз шахматтық мүсін табылған. Бұл - Қазақстан аумағындағы жалғыз шахмат табысы. Табыстардың ішінде Қытайдан, Үндістаннан, Ираннан және т.б. әкелінген бұйымдар көп. Талхиз тарихы Жібек жолының тарихымен тығыз байланысты, Көне қала Ұлы Жібек жолының ұлттық саудасының негізі болды.

Ақтам - Бақанас ауылының солтүстігінде 120 км жерде орналасқан. Жетісу археологиялық экспедициясы 1961 ж. (жетекшісі Ақышев), 1964 ж. (жетекшісі Ақышев, КМ.Байпақов), 1997 ж. Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (жетекшісі Байпақов) зерттеген. Ежелгі аты белгісіз. Қала орны дүниенің төрт құбынасымен бағыттас орналасқан төртбұрышты шоқы, аумағы 180x170 м. Бұрыштарында аумағы 10-12 м, биіктігі 2 м, Г әрпіне ұқсатып салынған қақпасының жалпақтығы 8 м. Қала сыртында 120-60 м қашықтықта қорғаныс қабырғалары бар. Биіктігі 0,5-0,75 м. Осы қабырғадан кіретін дарбаза ішкі қақпаға қарсы орналасқан. Екі шетінен дөңгелек мұнаралармен бекемделген

Ақмола — аққайрақ тастан әдемілеп жасалған ескерткіш белгілер.[1] Осындай бір ескерткіш (мола) Есіл өзенінің бойында, ескі керуен жолы өтетін Қараөткелде (қазіргі Астана қаласы тұрған жер) болған. «Мола» деген сөз ғұн тілінде биік қорған, қамал деген ұғымды береді. Ақмола – 13 – 14 ғасырларда тұрғызылған сәулетті күмбез. Тастан, күйдірген кірпіштен тұрғызылған мұндай күмбездер Есіл мен Нұра өзендері бойында (Ботағай, Көктам, Сұлутам, Сырлытам, т.б.) көп. Ақмола, Кеңгір бойындағы Домбауыл кешені солардың ескі түрінің бірі. Оның қабырғасы төрт бұрышты текше түрінде қаланып, үстіне жартышарға ұқсаған не киіз үйдің төбесі тәрізді күмбез орнатқан. Күмбез жолаушының көзіне алыстан жарқырап көрінеді. Кейіннен Ақмола Ақмола қаласы мен облысының ресми атына айналды.

Бұлар – көп қабатты ескерткіштер, мәдени қабаттарының қалыңд. 2 – 3 метрге дейін жетеді және одан да қалың. Қазба жұмыстары кезінде қала жұрттарынан алуан түрлі керамика, әйнек, теңгелер, қолөнер шеберханалары мен өндірістік күл-қоқыстар табылды, бұлар мұнда қолөнер мен сауданың дамығанын дәлелдейді. Бұл қалалар жұрттарының кейбіреулері нақты қалаларға: Антоновка – Қаялыққа, Дүнгене – Екі-Оғызға баланады. Олардың ішіндегі ең ірісі қарлұқ жабғуының астанасы Қаялық ретінде танылған – Антоновка. Бірінші топты құрайтын төрткөлдер ірі қалалар және астаналық орталықтар болып табылады. Екінші топтағы қалалардың аумағы 10 га-дан 30 га-ға дейін жетеді. Үшінші топ қалаларының аумағы 10 га-ға да жетпейді. Мұндай қала жұрттарының құрылысы Жақсылық қ-ның орнын кең көлемде қазған кезде зерттелді. Оларда тұрғын үйлер дуалдар іргесіне, ішкі жағында орналасады, ішкі аулалар бар. Іле қалалары жұртының бұл тобын бұрынғы көшпелілер мен жартылай көшпелілердің ауылдық қоныстары деп санауға болады. Кейбіреулері керуен-сарайлар болуы мүмкін. Сарыжас, Быжы және Айнабұлақ сияқты бірнеше қаланың жұрты бір-біріне жақын орналасқан екі немесе тіпті үш бекіністен тұрады. Олар әдетте жолдардың түйіскен тұсына салынған

Бұл кезеңде отырықшы және қала мәдениеті Қазастанның орт. және шығыс аймақтарына қарай ойысқан. Қазақстанның батысында қоныстар пайда болған. Орталық Қазақстанда, Нұра, Кеңгір және Жезді аңғарларында, Ұлытау етегінде ондаған төрткөлдер табылды, мұнда жүргізілген қазба жұмыстары олардың әкімш., қолөнер-сауда және а.ш. сипатын көрсетеді. Шыңғыс хан шапқыншылығы және одан кейінгі Шыңғыс хан ұрпақтары арасындағы соғыстар салдарынан Іле, Шу, Талас алқаптарындағы қалалардың көбі қирап, біржола жойылып кеткен. Италия елшісі Плано Карпини Сырдария жағалауында болғанда, бұл жерлерден көптеген қираған қалалар мен мекендерді кездестіргенін жазды. Француз королі Людовик ІХ-ның елшісі Виллем де Рубрук 1253 ж. моңғол ханы Мөңкеге бара жатып, Іле алқабы арқылы өткенде жазған күнделігінде жоғарыда аталған жазықта бұрын көптеген қалалар болғанын, олардың көбін мал жайылымына айналдыру үшін татарлардың қиратқанын жазады. Сырдария мен Қаратаудағы 13 ғ-да жермен-жексен етіліп, тоналған қалалар – Түркістан (Иасы), Отырар, Сығанақ, Созақ, Құмкент, Жент және Жаңакент 14 – 15 ғ-ларда Темір мен оның ізбасарларының солтүстік-шығысқа жасаған жаугершілік жорықтарында бекініс қамалдары болып, одан кейін қолөнер және сауда орталығы, хандардың резиденциясына айналған. Олар қазақ хандарының өмірінде маңызды рөл атқарды. 15 – 16 ғ-ларда Қазақ хандығының қалыптасу және нығаю кезеңінің күрделі саяси оқиғалары жағдайында, жерді игеру барысында қазақтардың этникалық аумағының қалыптасуы аяқталды. 13 ғ-дың 2-жартысы – 14 ғ-да айтылатын қалалар саны 20-ға дейін, ал мезгілі 15 ғ-дың 2-жартысы – 18 ғ-дың басына жататын қала жұрттары 23-ке дейін азайды. Жалпы алғанда, 9 – 12 ғ-лармен, қала мәдениеті барынша гүлденген уақытпен салыстырғанда, Оңтүстік Қазақстанның жазбаша деректемелер бойынша белгілі қалалар саны 3 еседей, ал қала жұрттарының саны 6 еседей азайып кеткен. 16 – 17 ғасырларда аймақтың саяси және экон. өмірінде Аркөк, Қожан, Аққорған, Үзкент сияқты қалалар маңызды рөл атқара бастады. Сайрам өркендеді. 15 – 18 ғасырларда Түркістан – қазақ хандарының астанасы, одан бұрын Сығанақ пен Сауран Ақ Орданың орталығы болды. 13 – 14 ғасырларда бұл қалаларда үлкен құрылыс жұмыстары жүргізілді, мешіттер, медреселер, басқа да қоғамдық архит. құрылыстар салына бастады. Түркістанда теңге соғылды. Мұнда Әмір Темірдің бұйрығы бойынша Қожа Ахмет Иасауи қабірінің үстіне кесене тұрғызылды, қала аймақтың ресми идеол. орталығына айналып, қауырт өсті.

Аққорған - орта ғасырлардағы қала. Қала аты Түркістан өңіріне байланысты саяси оқиғаларды баяндайтын орта ғасыр авторларының жазбаларында жиі кездеседі. Масуд бин Осман Кухистанидың хабарлауынша А. Сығанақ, Созақ, Аркук қалалары сияқты Әбілқайыр ханға өз еркімен берілген. "Үлкен сызық" кітабындағы деректерге қарағанда А. Жаңақорғаннан 70 қм, Сайрамнан 110 км жерде орналасқан. Осы тұста ежелгі қаланың орны сақталған. Оны алғаш рет 1970 ж. Отырар археологиялық экспедициясын зерттеген. Осы күнге дейін Аққорған болып аталады. Екі деңгейден түратын трапеция тәріздес төбе. Басқа бөлігінен едәуір биік орналасқан бөлігінің аумағы 150x110 м, биікт. 6 м. Бұл цитадельдің орны. Оны қоршай орналасқан аласа тобенің қабырғалары: шығысында 210 м, батысында 240 м, оңт. және солтұстік боліктерінде 230 м. Қаланың қорғаныс қабырғасы мен оның сыртындағы ордың іздері анық сақталған. Жинастырылған деректерге қарағанда қала 15-18 ғ-да өмір сүрген.

Өзкент, Өгізкент – ортағасырлық қала. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Ақжол ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 10 км жерде. Ортағасырлық араб деректерінде Сырдарияның сол жағалауындағы сауда орталықтарының бірі болған қала ретінде жазылған. Қалашықты алғаш 1900 жылы В.А. Каллаур, 1969 – 1970 жылдары Отырар археологиялық экспедиция (жетекші К.Ақышев), 2004 жылы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Тұран археологияылық экспедиция (жетекші М.Елеуов) зерттеген. Қаланың жобасы көпбұрышты, мықты қорғаныс қабырғасымен қоршалған. Сол қабырғалардың бойында 15 күзет мұнара орындары сақталған. Қалашықтың өлшемі солтүстіктен оңтүстікке қарай 250 – 300 м. Қорғаныс қабырғасының сыртынан айналдыра қазылған ордың тереңдігі 2 м, ені 10 м шамасында. Қалаға кіретін қақпаның орны шығыс шетінде орналасқан, оның ені 8 – 10 м. Зерттеу барысында табылған заттар қаланың 8 – 12 ғасырларда өмір сүргендігін көрсетеді

Cайрам - Исфиджаб, Испиджаб–Оңтүстік Қазақстанның орта ғасырдағы ірі қалаларының бірі. VI ғасырда тез өсіп- жетілген Испиджаб оңтүстіктегі ірі сауда және мәдениет орталығына айналды. VII ғасырда Орта Азияға арабтар келген кезде бұл қала гүлденіп тұрған еді.714 жылы араб әскерінің қолбасшысы Кутейба Шаш(қазіргі Ташкент) қаласын алғаннан кейін Испиджабқа үлкен жорық жасады. Бірақ бұл төңіректегі елдің күшті қарсылығы арқасында көп ұзамай кейін шегінді. Испиджабты өз резиденциясына айналдырмақшы болған араб қолбасшысының жоспары жүзеге аспады.IX ғасырдың басында Испиджаб қарлұқ мемлекетінің құрамына енді.840 жылы қарлұқ көсемі және Испиджаб басшысы Білге Құл Қадырхан қаған атағын алды.Бірақ сол жылы Испиджаб Орта Азиядағы саманилер шабуылына ұшырады.Саманилермен болған шайқаста Білге Құл Қадырхан қаза табады.Мұнан кейін мемлекет билігіне оның екі ұлы таласты. Үлкен ұлы Базар Арсыланхан Баласағұн (Шу өзенінің бойындағы қала) аймағын билейді,ал екінші ұлы Оғұлшақ Қадырхан Тараз (бұрынғы Талас қаласы) аймағын билейді.Тараз қаласын 993-жылы саманилер басып алғанда, Оғұлшақ Қашқарияға қашуға мәжбүр болады. 840 жылы саманлердің Самарқандағы билеушісі Нұх ибн Асад Испиджабты жаулап алады.Бұл аймақты жер өңдеу мәдениеті сол заманда аса күшті дамыған болатын. Самани билеушісі Испиджабты және оның аймағындағы егістік(жүзім мен астық) жерлерді сыртқы шапқынылықтардан қорғау үшін көптеген қорғандар соқтырды.Алайда Испиджаб Самани мемлекетіне түгелдей бағынышты болған жоқ. Қала және оның аймағын жергілікті түркі тайпалары биледі. Испиджаб аймағы өте үлкен болды. Оның шекарасы солтүстік-батыста Сауранға дейін, ал шығыста Талас аймағына дейін созылды.Испиджаб аймағы саманилер арқылы мұсылман діні тарады да,енді ол оңтүстіктегі ірі сауда және мәдениет орталығы ғана емес, сонымен қатар үлкен діни орталыққа айнала бастады.X ғасырдың ақырында, яғни 990 жылы Испиджаб Қарахан мемлекетінің қарамағына енді.Қарахан әскері саманилерді Испиджаб аймағынан түгелдей ығыстырды.

Сайрам жайлы алғашқы дерек Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» атты еңбегінде кездеседі. Онда: «Сайрам – Исфиджаб деп аталатын ақ қаланың аты» делінген. Демек, Сайрам. – Исфиджабтың кейінгі аты. 15 – 18 ғасырларда қазақ хандықтары кезінде Сайрам ірі сауда, қолөнер және діни орталық болған. Зерттеу жұмыстарын 1923 жылдары П.П. Иванов, 1925 жылдары М.Е. Массон, 1947 жылдары ауылы Н. Бернштам басқарған. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы жүргізген қазба жұмыстары барысында айналасы төрт қақпалы дуалмен қоршалған, көл. 28 гектар жерді алып жатқан қала орны анықталған. Қала ішінде көптеген мазарлар сақталған. Ең көнесі – Падишаһ Мәлік баба мазары. Бұл ескерткіштер 9 – 18 ғасырларға жатады.

Түркістан (қаз. تركستان) — Қазақстандағы қала. [2]. Облыс орталығына дейінгі қашықтық: 225 км[1]. Түркістан – V-VІ ғасырларда іргетасы қаланған. Есім ханнан бастау алып, XІV-ХVIIІ ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған. Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. ХІV ғасырда Ақсақ Темір іргетасын қалаған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі бар. Бұл қалада Қожа Ахмет Ясауи өзінің уағызшылық қызметін жүргізген. Кесене аумағында Қаз дауысты Қазыбек би, Абылай хан, Есім хан, Хақназар хан, Тәуке хан, Қанжығалы қарт Бөгенбай батыр тағы басқалар жерленген Қаланың іргетасы біздің заманымыздың 1-мыңжылдыктың бас кезінде каланған. Археологтар Түркістан қаласының тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп отыр. Түркістан қаласының айналасындағы аймақта тас дәуірі ескерт¬кіштері — Шоқтас, Қошқорған бұл өңірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткенін көрсетеді. Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықтан Түркістан қаласы төңірегінде Қазақстанның басқа да өңіріндегідей Андронов мәдениетін жасаушылар тұрған. Түркістанның ежелгі аты — Ясы. Архео¬логтар ертедегі Ясының орны қазіргі Күлтөбеге сәйкес келетінін дәлелдеп отыр. 7—12 ғасырлар- да Түркістан төңірегі Шауғар өңірі атанған. Бұл өңір Түрік қағанатына қарады. 9 ғасырда қарлұқтар мен оғыздардың қол астында болды. Бұл өңірге 809-819 жылы аралығында Хорасан билеушісі әл-Манун, 10 ғасырдың соңында саманилік билеуші Наср жаулаушылық жорықтар жасаған. 12 ғасырдың 1-ширегінде қидандар шабуылынан Шауғар құлағаннан кейін, Ясы өлкенің орталығына айналды. Қожа Ахмет Ясауи осында келіп қоныс тепкен кезде атақ-даңққа бөленді. Қожа Ахмет Ясауи қайтыс болғаннан кейін оның қабірі басы¬на мазар тұрғызылды. Ол касиетті орын деген атқа ие болды. Қаланың Ұлы Жібек жолының бойында, Дешті Қыпшақ пен Орта Азияның аралығында болуы, географиялық жағдайдың қолайлылығы, сонымен бірге адамдардың мазарға төуөп етуі, сауданың қызу жүруі елді мекеннің өркендеуіне ықпал етті. Ясы қаласы туралы деректер 13 ғасырда жарык көрген Киракос Гандзакенцидің "Армения тарихы" атты еңбе¬гінде кездеседі. Бұл еңбекте Ясы қаласы Асон деген атаумен берілген. Ясы атауы 14 ғасырдан бастап тарихи шығармалардың беттерінде жиі көріне бастады. Шараф әд-Дин Әли Йездидің хабарларына қарағанда, 1388 жылы Ясыны Тоқтамыстың әскерлері талқандап, түрік тайпаларының қасиетті мекеніне айналған Қожа Ахмет Ясауи мазарын тонайды. Әмір Темір Тоқтамысты талқандағаннан кейін жаулап алған олжаның бір болігін Қожа Ахмет Ясауи кесенесін салуға жұмсайды. Ясы орта ғасырларда Орта Азия ғимараттары үрдісі бойынша дамыды: қамал, шахристан, рабад қалыптасты. 15 ғасырдың 1-жартысында Шараф әд-Дин Әли Иезди Ясыны шағын елді мекен болды деп атап көрсетсе, ал 16 ғасырда Рузбехан Исфахани "Михманнаме-и Бухари" атты шығармасында Ясыны былайша суреттейді: "Аса қасиетгі Қожаның сағанасы орналасқан Ясы қаласы өрісі кең әрі құнарлы жер, Түркістан аймағының орталығы. Ясы қаласына тауарлар мен қымбат бағалы заттар жеткізеді де, сол жерде оларды сату басталады. Сондықтан ол көпестердің тең-тең жүктерін шешіп, саяхатшылар тобын ор елге аттандыратын орын болды". 15—17 ғасырларда зираттың төңірегіне ақсүйектер күмбездері салынып, олардың ішінде Рабига Сұлтан Бегім (15 ғ), Есімхан (17 ғ.) күмбездері ерекше маңызды болды. 1579 жылы Ясы қаласы Ақназар ханның иелігіне айналды. Түркістан Есім ханнан бастап Қазақ хандығының орталығы болды. Сол кезден Ясы қаласы Түркістан деп атала бастады. 18 ғасырда жоңғар шапқыншылықтары каланы құлдыратып жіберді. 1819—64 жылы Түркістан Қокан хандығының қол астына қарады. Сол кезеңде Түркістан қаласының аумағы 10 гектарға жуық болды. Оны балшықтан соғылған қамал қоршап тұрды. Қабырғада 12 мұнара мен 4 қақпа болған. 19 ғасырдың 60-жылдары Түркістанда 20-ға жуық мешіттер, 2 медресе, базар, 22 су диірмені, 5 мыңдай тұрғыны болды. 1864 жылы 11 маусымда Түркістанды Ресей әскер¬лері жаулап алды. 1872 жылдан уездік қала аталды. 20 ғасырдың басында Түркістан 1400 гектардай жерді алып жатты. 1903 жылы Түркістанда темір жолы вокзалы салынды. 1908 жылы 3616 үй, 41 мешіт, 2 класты қалалық училище, қыздар училищесі, 1 медресе, 23 мектеп, 2 шіркеу болған. Қала халқы 1910 жылы 15236 адам болды. Өнеркәсіп және сауда орындарынан 1912 жылы мақта тазалайтын, 10 май шайқайтын, 8 сабын қайнататын, кірпіш зауытттары, 15 су диірмені жұмыс істеді. 1918 жылы 6—9 каңтар аралығында Түркістанда Сырдария облысы қазақтарының съезі етті. Съез¬де Сырдария облысының Алаш автономиясына қосылу моселесі каралды. Онда Сырдария қазақтары Алаш автономиясына қосылған жағдайда Түркістан қаласы Алаш астанасы болады деген шешім кабылданды. Түркістан қаласы 1928 жылдан Түркістан ауданының әкімшілік орталығы. Қалада жөндеу-механик, мақта тазалау, жем, кірпіш зауыттары, темір-бетон бұйымдарын шығаратын, тұр¬мыс қажетін өтейтін комбинаттар т.б. кәсіпорындар жұмыс істейді. Саттар Ерубаев мұражайы қызмет көрсетуде. 1991 жылы "Әзіреті Сұлтан қорық-мұражайы" ашылды. Түркістанда орта білім беретін мектептерден баска, арнаулы білім беретін оқу орындары бар.