Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_a_1179_ty_1171_ystar.docx
Скачиваний:
18
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
70.92 Кб
Скачать

2.3 Кіріспе

Пән бойынша мағлұмат: Шешім қабылдау үрдістері және оларды саяси жетекшілер мен сыртқысаяси мекеме басшыларының жүзеге асыруын қарастыру да аса маңызды болып табылады. Сонымен бірге жиналған нақтылы деректерге теоретикалық тұрғыдан талдауға аса мән беріледі. Материалды беруде жүйелік, хронологиялық, жағрапиялық және маңызды мәселелік қағидалар пайдаланылған.

Көрсетілген мамандықтың типтік оқу жоспарының мақсаты мен міндеттерін ескере отырып, бұл бағдарлама студенттердің халықаралық қатынастар жүйесін және қазіргі сыртқысаяси мәселелерді толықтай түсінуін дамытуға көңіл бөледі.

Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiнiң жариялауы дүниелiк бiрлестiкке бiздің елiміздiң кiруiн бiлдiрдi. Өз сыртқы саяси функцияларының жүзеге асырулары үшiн егемендi республикаға халықаралық қатынастарға арналған мамандар керек. Олар халықаралық қатынастар тарихы білуі керек. Қазақстан Республикасы халықаралық аренаға шықты. Шетел елдерімен өзара әрекеттесуді оның саласы едәуір кеңіді.

Осы пәнді оқу барысында студенттер бұған дейін «Еуропа және Америка елдерінің тарихы», «Азия және Африка елдерінің тарихы», «Дипломатиялық және консулдық қызмет» пәнінен алған білімдеріне сүйенеді.

Курстың басты мақсаты: 050202-Халыќаралыќ ќатынастар мамандығының ІІ курс студенттерін қазіргі замаңғы қақтығыстардың тұжырымдары және теорияларымен таныстыру; қақтығыстардың тарихи негізі мен себептерін талдау; бұл мәселелерді түрлі теориялар мен методолгиялар шеңберінде талқылау; концепциялардың тарихи дамуын бағалау; «қырғи қабақ соғыс» кезеңінен кейінгі жылдардағы қақтығыстарды шешу, реттеудің соның ішінде этникалық және қлттық қақтығыстардың механизмі мен түрлерін талқылау.

  • Курс мақсаты мен міндеті: Халықаралық қатынастар және конфликтология саласындағы қазіргі замаңғы зерттеулердің категориалдық аппаратын игеру;

  • Қазіргі кезеңдегі қақтығыстар мәселесі бойынша халықаралық қатынастар теориялары мен концепцияларын білу;

  • Қазіргі замаңғы саяси жағдай талдай білу;

  • Қазіргі замаңғы қақтығыстар дамуына болжа және талдау жасай білу;

  • ҚР халықаралық статусы мен қлттық мүдделерін түсіну.

Пререквизиттер: «Қазіргі замаңғы қақтығыстар және оны реттеудің тәсілдері» - міндетті компоненттің негізгі пәнін меңгеру үшін студент келесілерді меңгеруі керек:

- курстың жекелеген тақырыптарын зерттеу барысында деректердің жаңа көздерін пайдалана білуі керек;

- әлемдік мәселелерді (экология, қауіпсіздік т.б.) шешудегі жетекші халықаралық ұйымдардың рөлдерін болжай білуі керек;

- аталған курсты оқу барысында халықаралық қатынастар тарихы, халықаралық қатынастардың теориясы т.б. пәндерді оқуда алған білімдерін қолдана білуі тиіс;

- курсты оқу барысында алған білімдерін әлемдік тарихтың іргелі курстарын оқуда пайдалана білуі керек;

- Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы;

- Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы пәндерін менгеруі тиіс. Сонымен бірге халықаралық қатынастардағы қазіргі замаңғы қақтығыстар және оны реттеудің негізгі түрлерін білуі тиіс.

Постреквизиттер: «Қазіргі замаңғы қақтығыстар және оны реттеудің тәсілдері» пәнін білу студенттерге «Халықаралық қатынастар теориясы», «Көпжаұты дипломатия», «Дипломатия тарихы», «Қауіпсіздік мәселесі», «Ұлттық және аймақтық қауіпсіздік проблемасы» және басқа да пәндерді табысты менгеруге көмегін тигізеді.

Оқыту әдістемесі: Сабақты оқыту дәріс және практикалық сабақ, өзіндік жұмыс түрінде жүргізіледі. Дәрісте оқу материалының негізгі мазмұны беріліп, алынған білім практикалық сабақта бекітіліп толықтырылады. Студенттердің білімін тексеру ауызша сұрау, коллоквиум, жазбаша бақылау, микроемтихан қаблдау мен тест тапсырмаларын , жеке тапсырмаларды орындау және оларды қорғау арқылы жүзеге асырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]