Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

dek_lektsii / Дәріс 8

.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
18.07 Кб
Скачать

Дәріс 8

Жел энергиясы

3.1.Жел энергиясын қолдану

Қазақстан аумағындағы жел энергия ресурсы. Жел энергиясының әлемдік деңгейдегі тәжірибесі. Жел энергетикалық құрылымдардың түрі. Жел қозғалтқыштарының және ВЭС құрылымдары,ВЭС қуатының жел дөңгелектерінің жылдамдығы мен жылдамдығына байланысы. Жел қозғалтқышының идеалды және реалды есебі.

Жел электр станциясының жұмыс уақыты.Энерго жүйедегі ВЭС жұмысы. Россиядағы жел энергетикасының даму деңгейі. Жоңғар қақпасы аймағы Қазақстанның ішінде жел энергиясын қолдануға тиімді де ыңғайлы жердің бірі болып табылады. Олар тау аралық дала 20км болатын және 10-15км ені бар. Қатты және ұзақ борандар жылдың салқын периодына тән. Жеке желдердің ұзақтығы 50-100сағатты құрайды, жеке жағдайда 250-300сағатты қамтиды. Желдің максималды жылдамдығы 40-60 м/с құрайды. Бұл аймақта шамамен 11000 дана 100-250кВт қуатты ВЭУ орнатылуы мүмкін( жел дөңгелектерінің диаметрі 25м). Бір ғана осында жел құрылғыларын өңдеу 600 тыс.кВт сағ алады.

Жел энергиясына қарағанда Қазақстанда күн және кіші көлдердің энергиясы көбірек. Тәжірибелік үйлер бар оларда күн энергиясымен жылу мен ыссы сумен қамту 70пайызды құрайды. Күн паенльдерін салуға болады, олар отынды біршама аз пайдалануға мүмкіндік береді. Ташкентте ауданы 1000м болатын күн приставкалары салынған.

Көрсеткіш атауы

Таулар

Манғыстау

Қырлар

Қара-тау

Шу-Іле

таулары

Алатау таулары

Ерементау таулары

Мұгалжар таулары

ВЭУ саны

8000

7800

6800

3400

2100

400

Қуаты мил.кВт

210

190

180

90

50

10

Орта жылдық табыс милрд.кВтч

410

230

270

130

110

10

Комитеттің мақсаты- мемлекеттік емес организациялардың қосылу шарттары. Қазақстандағы энергияны жинау және де қоршаған ортанынң тазалығын және қауіпсіздігін сақтау ҚР үшін жаңғыртылатын энергия көздерін пайдалану үлкен табысқа жетелейтінін көрсетеді. Комитет шешімі бойынша ПРООН пректасы арасында меморандум бар. Ол қызығушылық білдірген кәсіпкерліктерге жел энергиясын қолдануын қарастырады.

Алға қойылған стратегиялық мақсатқа жету үшін Комитет келесі тапсырмаларды орындайды:

  • Нормативті- дұрыс базаны жетілдіру жаңғыртылатын энергия көздерін эффективті пайдалану;

  • ВИЭ проектасын пайдалану үшін бүкіл әлемдік көмектің болуы;

  • Экономикалық механизмдерді жетілдіру;

  • Жаңғыртылатын энергия көздеріне байланысты ғылыми тәжірибелердің жасалуы;

  • Альтернативті энергия көздері мен жаңғыртылатын энергия ресурстарын бүкіл элемдік қауымдастықты дамыту;

  • ВИЭ туралы мағлұматты толық беретін ақпараттық мекеменің болуы.

Ассоцияцияның алда қойған жоспарларының бірі жаңғыртылатын энергия көздерін мемлекеттік деңгейге шығару, және де экономикалық жағдаймен сәйкестендіру. Ғылыми зерттеулеге бюджеттен қаражатты өз деңгейіне сай бөлу керек. Сонымен қатар заңды түрде мемлекеттен жаңғыртылатын энергия көздеріне көмек болатындай етіп, ал электроэнергияға барлық энергия көздерін соның ішінде кіші геотермалды энергия жүйелерін де қосып бекітуді талап етеді.

Жел энергетикасының артықшылықтар мен жетіспеушіліктері. Жел энегетикасының кемшіліктері қандай?

Біріншіден оның жұмыс істеуі телевизионды желінің жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. Мысалы мынадай мысал келтіруге болады. Біршама жыл бұрын Оркней аралдарының ( Ұлыбритания) тұрғындарынан ерекше арыз шағымдар түсе бастаған. Анықтағанда эел энергия станциясының әсерінен телевизионды көрсетілімдер тоқтап сигналдардың жойылғандығы бейнеленген. Шешімі табылып телевизионды станцияның сигналын күшейткіш қондырғылар қойылған.

Берілген көрсеткіштермен жел энергетикасы 0,1 МВт қуатпен 0,5км жерден телевизионды станцияға кері әсерін тигизетіндігі белгілі болды.

Жел қондырғыларының басқа күтпеген ерекшелігі – оның адам ағзасына себепсіз мазасыздық пен өмірлік жайсыздықты тудыратын әжептәуір қарқынды инфра дыбыс көзін шығаруы. АҚШтағы көптеген жел қондырғыларын пайдалану тәжірибелері көрсеткендей, бұл дыбысқа жануар да, құстар да шыдай алмай станцияның орналасу аумағын тастап кетеді екен. Яғни, жел станциясы орналасқан жер мен оған жанасып турған территория адам, жануар және құстар өмірі үшін жарамсыз аумаққа айналады.

Дегенмен жел жылдамдығының өзгерткіштігімен қоса бұл қуат түрінің басты жетіспеушілігі – қондырғыны орналастыру үшін елеулі аумақты талап ететін аласа қарқындылығы. Мамандардын жүргізілген есептеулері бойынша жел доңғалағына оңтайлы диаметрі 100 метр болып табылады.

Жел доңғалағының бірлік ауданына сәйкес мұндай геометриялық өлшемдер мен қуаттың тығыздығы 500 Вт/м2 (жел жылдамдығы 9,2) болған жағдайда жел ағысынан шамасы 1 МВт болатындай электр қуатын алуға болады. 1 км2 ауданда бір-біріне кедергі келтірмей және өз жұмыс тиімділігін жоғалтпайтындай етіп, олардың биіктіктерінен 3 есе асатындай қашықтықта болуы керек болатын, жоғарыда көрсетілген қуатты өндіретін тек 2-3 қондырғыны орналастыруға болады.

Соседние файлы в папке dek_lektsii