Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология.doc
Скачиваний:
89
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
368.64 Кб
Скачать

1 Сұрақ Жануарлар әлемі, құқықтық қорғау және қолданудың объектісі ретінде қр «Жануарлар әлемін қорғау туралы» заңы

Жануар әлемі Қазақстанның ұлттық байлығы, жердің биологиялық әр түрлілігі және табиғат ортаның негізгі элементі, биосфераның реттеуші және тұрақты компоненті Қазақстан халқының рухани және материалды қажеттіліктерді жүзеге асыру үшін қорғалатын және рационалды қолданылады.

Жануар әлемі үлкен мағында – жыртқыш фауна ғана емес, ол барлық тірі организмдері.

Жануар әлемінің қолдану және қорғаудың объектісі тек қана жыртқыш аңдар кіреді (құстар, балықтар, моллюскалар және т.б.). ҚР аумағында ьұрақты немесе уақытша еркін суда, құрғақта, атмосферада және топырақта өмір сүретін жануарлар.

Осы объектілерге ауылшаруашылықты және басқа да үй жануарлары, және де шаруашылық, мәдени, ғылыми, эстетикалық және басқа мақсаттарда пайдалынатын жыртқыш аңдар. Олар мемлекеттің, заңды және жеке тұлғалардың меншігі ретінде азаматтық заңына сәйкес қолданылады және қорғалады.

Жануар әлемінің мемлекеттік кадастрінің объектісіне, тағы да сулар және ормандар кіреді.

Ежелгі заманнан бастап жануар әлемі тамақ өнімі, өндірістік және дәрі-дәрішектер ретінде қолданды.

Жануар әлемінің ерекшелігі – ол қайта құруы болып табылады. Бірақ ол үшін белгілі шарттарды орындау қажет. Осы шарттарды орындамаған жағдайда жануарлардың жойылуына әкеп соқтырады.

Жануар әлемі келесі категорияларға бөлінеді:

  1. жойылуына жақын жануарлар түрлері;

  2. аулау объектісіне кіретін жануарлар;

  3. балық аулау объектісіне кіретін жануарлар;

  4. шаруашылық мақсаттарда қолданылатын жануарлар түрлері;

  5. шаруашылық мақсаттарда қолданылмайтын, бірақ экологиялық, мәдени және т.б. байлықтары бар жануарлар түрлері;

  6. халықтардың денсаулығын сақтау, шаруашылық және басқа да үй жануарлардың ауруларын қорғау және халық шаруашылығына келтіретін зиянды болдырмау мақсатында реттеу санына жататын жануарлар түрлерінің негізгі тағайындалуына сәйкес болады.

Жануарлар түрлерін категорияларға және бір категориядан ауыстырылуын ҚР Үкіметі және құзіреті бар жануар әлемімен басқара алатын арнайы мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

Қоғамдық қатынастар ҚР «жануар әлемін қорғау, өндіру және қолдану туралы» Заңымен реттеледі (21.10.1993ж.).

ҚР заңшығарушының мақсаттары жануар әлемін қорғау, өндіру және қолдану облыстарында заңдылықты күшейту.

Қазақстан Ресупбликасында жануар әлемі тек мемлекеттік меншігінде болады.

Жануар әлемін қолдану және билік ету ҚР Үкіметі, өкілетті және атқарушы жергілікті органдар және арнайы құзіреті бар органдар жүзеге асырады.

ҚР азаматтардың және басқа да тұлғалардың құқықтары:

  • жануар әлемінің сұрақтар шараларына қатысу;

  • жануар әлемін қорғау, өндіру және қолдану;

  • жануар әлемінің жағдайы туралы толық және шын ақпаратты алу;

  • жануар әлемінің қорғау және өндіру жұмыстарын өткізуге, сонымен қатар осы сұрақтар бойынша қоғамдық сараптамаларға қатысу;

  • заңмен белгіленген тәртіпте жануар әлемін қолдану.

ҚР азаматтар және басқа да тұлғалар міндетті:

  • жануар әлемін қорғау;

  • «жануар әлемін қорғау, өндіру және қолдану туралы» Заңымен және басқа актілермен қойылған талаптарды орындау;

  • жануар әлемін қорғайтын, өндіретін және қолданылатын органдардың құқықтық талаптарын орындау, және оларға көмек беру;

  • жануар әлеміне және өмір сүру ортаға келтірілген зиянды өтеу.

Жануар әлемін қорғау, өндіру және қолдану жолмен қамтамасыз етіледі:

  • жануар әлемін қорғау, өндіру және қолдану нормалар мен ережелерін қою;

  • жануар әлемімен пайдаға тиым салуды және шектеуді орналастыру;

  • жануарлардың көшіп қонуын, көбейуі жағдайларын, өмір сүру ортаны қорғау және сақтау;

  • жоюға жақын жануарларды қорғау және көбейту;

  • өндіру процесстерін жүзеге асырылғанда жануарлар әлемін алдын алу;

  • жануарларды зоологиялық жинақтамаларға алуын шектеу;

  • ақпарат көпшілік құралдар арқылы жануар әлемін қорғау үгіті;

  • азаматтарды жануар әлемін сүюге тәрбиелеу.