Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

TGP-testy-1

.doc
Скачиваний:
62
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
204.29 Кб
Скачать

1.1 Мемлекет және құқық теориясының тақырыбы(пәнi) болып табылады:

D) мемлекет және құқықтың пайда болуының, дамуының, мақсаттарының және қызмет етуінің жалпы заңдылықтары;

**********

2.1 Мемлекет және құқықтың пайда болуының, дамуының, мақсаттарының және қызмет етуінің жалпы заңдылықтары қай пәннiң тақырыбы(пәнi) болып табылады:

A) мемлекет және құқық теориясының;

**********

3.1 Заң ғылымдары төмендегідей болып классификацияланады:

C) теориялық-тарихи, салалық және арнайы/қолданбалы/ заң ғылымдары;

**********

4.1 Мемлекет және құқық теориясы заң ғылымы ретінде мынадай топқа жатады:

E) теориялық-тарихи заң ғылымдары.

**********

5.1 Мына заң ғылымы басқа заң ғылымдары үшін методологиялық негіз болып табылады:

E) мемлекет және құқық теориясы.

**********

6.1 «Зерттеу тақырыбын тану үшін және ғылыми нәтижелер алу үшін қолданылатын амалдар, тәсілдер, көзқарастар» анықтамасы қандай ұғымды білдіреді?

C) методология;

**********

7.1 Мемлекет пен құқықтың құрылымын ашуға мүмкіндік беретін, элементтері мен компоненттерінің арасындағы байланысты ашатын, сонымен қатар әсер етуге көмек беретін әдіс:

D) жүйелік-құрылымдық;

**********

8.1 Төмендегі ұғымдардың қайсысы, әдіс-тәсілдердің жүйесі ретінде анықталады:

А) методология;

**********

9.1 Мемлекет және құқық теориясының жалпы әдістері:

Е) жалпы философиялық әдістер.

**********

10.1 Қоғамдық ой-пікірді анықтау арқылы мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттейтін әдіс-тәсіл қалай аталады?

В) социологиялық;

**********

11.1 Алғашқы қауымдық қоғамдағы билік төмендегідей сипатта болды:

D) таза қоғамдық сипатта болды және белгілі бір рудың ғана мүддесін білдірді;

**********

12.1 Алғашқы қауымдық қоғамда адамдардың мінез-құлқын реттеу үшiн төмендегідей әлеуметтік нормалар қолданылды:

E) әдет-ғұрыптар/мононормалар/.

**********

13.1 Мемлекеттің пайда болуының теологиялық теориясының өкілдері болып табылады:

C) Ав.Августин, Фома Аквинский;

**********

14.1 Мемлекеттің пайда болуының патриархалдық теориясының өкілдері болып табылады:

B) Аристотель, Филмер, Михайловский;

**********

15.1 Мемлекеттің пайда болуының келісім/табиғи-құқықтық/ теориясының өкілдері болып табылады:

A) Томас Гоббс, Шарль-Луи Монтескье, А.Радищев;

**********

16.1 Мемлекеттің пайда болуының органикалық теориясының өкілдері болып табылады:

D) Спенсер, Вормс, Прейс;

**********

17.1 Мемлекеттің пайда болуының психологиялық теориясының өкілдері болып табылады:

E) Петражицкий, З.Фрейд, Г.Тард.

**********

18.1 Мемлекеттің пайда болуының күштеу теориясының өкілдері болып табылады:

D) Дюринг, Гумплович, Каутский;

**********

19.1 Мемлекеттің пайда болуының таптық/экономикалық/ теориясының өкілдері болып табылады:

C) Маркс, Энгельс, Ленин;

**********

20.1 Табиғи құқық теориясының өкілдері болып табылады:

E) Гуго Гроций, Т.Гоббс, Жан-Жак Руссо.

**********

21.1 Құқықтың тарихи мектебінің өкілдері болып табылады:

C) Гуго, Пухта, Савиньи;

**********

22.1 Құқықтың нормативистік теориясының өкілдері болып табылады:

B) Кельзен, Штаммер, Новгородцев;

**********

23.1 Құқықтың психологиялық теориясының өкілдері болып табылады:

D) Петражицкий, Тард, Росе, Рейснер;

**********

24.1 Құқықтың социологиялық теориясының өкілдері болып табылады:

A) Эрлих, Канторович, Муромцев;

**********

25.1 Құқықтың таптық теориясының өкілдері болып табылады:

D) Маркс, Энгельс, Ленин;

**********

26.1 Мемлекеттің пайда болуының келісім/табиғи-құқықтық/ теориясының басты идеясы мынау болып табылады:

C) мемлекет бірлесіп өмір сүру және қорғану үшін адамдар жасаған қоғамдық шарттың өнімі болып табылады;

**********

27.1 Мемлекеттің пайда болуының материалистік теориясының басты идеясы мынау болып табылады:

E) мемлекет қоғамдағы ымыраға келмейтін таптардың қарама-қайшылығының өнімі болып табылады.

**********

28.1 Социалистік мемлекеттің теориялық негізін қалаушылар болып табылады:

C) Маркс, Энгельс, Ленин;

**********

29.1 Мемлекеттің пайда болуын әке билігінің жалғасы және өсіп, ұлғайған отбасы деп түсіндіретін мемлекеттің пайда болу теориясы:

C) патриархалдық;

**********

30.1 Табиғи құқық теориясының негізін қалаушы:

В) Гегель;

**********

31.1 Тарихи - материалистік теория өкілдері:

А) К. Маркс, Ф. Энгельс;

**********

32.1 «Семья, жеке меншік және мемлекеттің пайда болуы» еңбегінің авторы кім?

Е) Ф. Энгельс.

**********

33.1 Табиғи-құқықтық теорияның басты идеясы неде?

Е) құқық адам табиғатынан, адамзат ақыл-парасатынан, жалпыға бірдей ортақ ізгілік қағидаларынан туындайды. Құқық дегеніміз негізгі ізгілік және құқықтық идеялар мен қағидаттар, табиғи заңдар.

**********

34.1 Табиғи құқық теориясын дамытушы ғалымдарды көрсет:

D) Гуго Гроций, Т. Гоббс, Д. Локк, Жан-Жак Руссо;

**********

35.1 Мемлекеттің пайда болуының әлеуметтік себептерін атаңыз:

С) рудың ыдырауы, отбасының, таптардың пайда болуы;

**********

36.1 Құқық туралы нормативистік теорияның өкілдері кімдер:

С) Кельзен, Штаммер;

**********

37.1 Мемлекеттің пайда болуы туралы «таптық» теорияның өкілдерiн атаңыз:

А) Маркс, Энгельс, Ленин;

**********

38.1 "Құқық-бұл үстем таптың заңға айналдырылған еркі",- бұл пiкiрді қандай теория өмірге әкелді:

С) марксистік теория;

**********

39.1 Социалистік мемлекеттің теориялық негізін қалаушыларды атаңыз:

В) Маркс, Энгельс, Ленин;

**********

40.1 Қан жағынан туыстыққа, ортақ шаруашылық жүргізу әдісіне негiзделген адамдардың тұрақты қауымдастығы қалай аталады?

Е) ру.

**********

41.1 Келтірілген анықтамалардың ішінен мемлекеттiң анықтамасын көрсетіңіз:

D) өзінің билігін елдің бүкіл аумағына және оның халқына тарататын, осы мақсатта арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты болатын, барлығы үшін міндетті өкімдер шығаратын және егемендігі болатын қоғамның бірыңғай саяси ұйымы;

**********

42.1 «Өзінің билігін елдің бүкіл аумағына және оның халқына тарататын, осы мақсатта арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты болатын, барлығы үшін міндетті өкімдер шығаратын және егемендігі болатын қоғамның бірыңғай саяси ұйымы» ненiң анықтамасы:

A) мемлекеттiң;

**********

43.1 Аталған белгілердің қайсысы тек мемлекетке ғана тән:

D) аумағының, бұқаралық биліктің болуы және заңдардың шығарылуы;

**********

44.1 Мемлекеттік биліктің биліктің басқа да түрлеріне қатысты үстемдігі төмендегідей ұғыммен айқындалады:

C) егемендік;

**********

45.1 Мемлекеттік биліктің биліктің басқа да түрлеріне қатысты үстемдігі төмендегідей ұғыммен айқындалады:

E) егемендiк.

**********

46.1 «Жария биліктің болуы, азаматтардың аумақтық принцип бойынша бірігуі» қай ұйымға тән белгі:

А) мемлекетке;

**********

47.1 Мемлекет егемендігі -бұл

В) мемлекеттік биліктің ішкі және сыртқы саясатты өз еркімен жүзеге асырудағы дербестігі мен тәуелсіздігі;

**********

48.1 Мемлекет типологиясындағы формациялық көзқарас мынаған негізделеді:

E) өндіріс тәсіліне және өндірістік қатынастарға.

**********

49.1 Өндіріс тәсіліне және өндірістік қатынастар мемлекет типологиясындағы мына көзқарас негізiне алынған:

E) формациялық.

**********

50.1 Мемлекет типологиясындағы өркениеттік көзқарас мынаған негізделеді:

E) аталғандардың барлығына.

**********

51.1 Мәдени, ұлттық, рухани, дiни факторлар мемлекет типологиясындағы мына көзқарас негізiне алынған:

A) өркениеттiк;

**********

52.1 Өркениеттік көзқарасқа сай мемлекет типтері:

D) ежелгі, орта ғасырлық, қазіргі;

**********

53.1 Мемлекеттің типін көрсетіңіз

Е) феодалдық.

**********

54.1 Формациялық көзқарастағы мемлекет типтері:

А) құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалистік;

**********

55.1 Формациялық көзқарастағы мемлекет типтері:

D) феодалдық, буржуазиялық, құл иеленушілік, социалистік;

**********

56.1 Мемлекет және құқық теориясында қоғамдық-экономикалық формация деп не түсініледі?

А) өндірістің белгілі бір тәсілі және өндірістік қатынастардың түрі;

**********

57.1 Мемлекет және құқық теориясында қоғамдық-экономикалық формация деп не түсініледі?

D) өндірістің белгілі бір тәсілі және өндірістік қатынастардың түрі;

**********

58.1 Формациялық тәсілі қандай критерийге басты назар аударады?

С) мемлекет типтерінің ауысуына;

**********

59.1 Мемлекет типологиясындағы формациялық көзқарасқа сәйкес мемлекет өзiнiң дамуында төмендегiдей формациялардан өткен:

А) өндiрiстiң азиялық тәсiлi, құлиеленушiлiк, феодалдық, капиталистiк және социалистiк;

**********

60.1 Мемлекет типологиясындағы өркениеттiк көзқарасқа сәйкес мемлекет өзiнiң дамуында төмендегiдей формациялардан өткен:

А) египеттiк, батыстық, далалық;

**********

61.1 Мемлекет формасы, яғни нысаны ұғымы мынаны білдіреді:

E) басқару формасы, мемлекеттік құрылым формасы және саяси режим.

**********

62.1 Мемлекеттің басқару формасы ұғымы мынаны білдіреді:

D) мемлекеттік биліктің жоғары органдары ұйымының жүйесі, олардың құзыреті, өзара қарым-қатынастары, олардың құрылу тәртібі;

**********

63.1 Мемлекеттік құрылым формасы дегеніміз - ол:

A) мемлекеттің оның құрамдас бөліктері арасындағы, мемлекеттік биліктің орталық, аймақтық және жергілікті органдары арасындағы қарым-қатынас сипатын айқындайтын ұлттық және әкімшілік-аумақтық құрылысы;

**********

64.1 Унитарлық мемлекет дегеніміз - ол:

C) бірыңғай аумағы және мемлекеттік биліктің бірыңғай орталықтандырылған жүйесі бар мемлекет;

**********

65.1 Федеративтік мемлекет дегеніміз - ол:

E) бөліктері дербес мемлекеттер немесе егемендік сипаттағы мемлекеттік құрылымдар болып табылатын күрделі одақтас мемлекет.

**********

66.1 Конфедерация дегеніміз - ол:

B) егемен мемлекеттердің олардың ортақ мүдделерін қамтамасыз ету үшін құрылған уақытша заңдық одағы;

**********

67.1 Саяси/мемлекеттік/ режим ұғымы нені білдіреді?

C) мемлекеттік билікті жүзеге асырудың әдістері және тәсілдері;

**********

68.1 Жоғарғы мемлекеттік билік жеке дара жүзеге асырылатын және мұрагерлік жолмен берілетін басқару формасы:

E) монархия.

**********

69.1 Аталған белгілердің қайсысы абсолюттік монархияға тән:

D) мұрагерлік жолмен берілетін шектеусіз жоғарғы мемлекеттік билікті жеке дара жүзеге асырудың болуы;

**********

70.1 Аталған белгілердің қайсысы дуалистік монархияға тән:

B) монархтың билігінің шағын көлемде шектелуі;

**********

71.1 Аталған белгілердің қайсысы конституциялық монархияға тән:

E) монархтың билігі өкілді органмен айтарлықтай дәрежеде шектеулі болады.

**********

72.1 Аталған белгілердің қайсысы республикалық басқару формасын сипаттайды?

D) мемлекеттік биліктің жоғары органдарын қалыптастырудың сайланбалы тәртібі және олардың қызметін белгілі бір мерзіммен шектеу;

**********

73.1 Үкіметті қалыптастырудың парламенттік тәсілі, мемлекет басшысының және үкіметтің заң шығарушы билік алдындағы заңдық жауаптылығы сияқты белгілер қандай басқару формасына тән болады?

E) парламенттік республикаға.

**********

74.1 Үкіметті қалыптастырудың парламенттен тыс тәсілі, үкіметтің сайланбалы мемлекет басшысының алдындағы заңдық жауаптылығы сияқты белгілер қандай басқару формасына тән болады?

A) президенттік республикаға;

**********

75.1 Аталған мемлекеттердің қайсысына монархиялық басқару формасы тән:

B) Испания;

**********

76.1 Аталған мемлекеттердің қайсысына республикалық басқару формасы тән:

E) Португалия.

**********

77.1 Аталған мемлекеттердің қайсысы унитарлық мемлекетке жатады?

A) Франция;

**********

78.1 Аталған мемлекеттердің қайсысы федеративтік мемлекетке жатады?

D) АҚШ;

**********

79.1 Бірыңғай аумағы, мемлекеттік биліктің бірыңғай орталықтандырылған жүйесі және бірыңғай конституциясы бар мемлекет дегеніміз – ол:

E) унитарлық мемлекет.

**********

80.1 Унитарлық мемлекетке тән белгі:

A) жалпы мемлекетке ортақ мемлекеттік биліктің және басқарудың жоғары органдарының, бірыңғай конституцияның болуы;

**********

81.1 Федеративтік мемлекеттік құрылым формасындағы мемлекеттер төмендегідей белгілер бойынша құрылады:

C) ұлттық және аумақтық;

**********

82.1 Аталған белгілердің қайсысы авторитарлық саяси режимге тән болады:

D) мемлекеттің атқарушы органдарының күшеюі және өкілді органдарының ролінің шектелуі, мемлекеттің қоғамның саяси өміріне, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының үстінен бақылау орнатуы, оппозициялық партияларға тыйым салуы, азаматтық құқықтар мен бостандықтарды шектеуі;

**********

83.1 Аталған белгілердің қайсысы тоталитарлық саяси режимге тән болады:

B) бір ресми идеологияның үстемдігі, мемлекеттің қоғамдық өмірге жаппай бақылау орнатуы, азаматтық құқықтар мен бостандықтарды басып-жаншу;

**********

84.1 Аталған белгілердің қайсысы демократиялық саяси режимге тән болады:

E) идеологиялық әралуандылық, саяси плюрализм, азаматтық құқықтар мен бостандықтардың шынайы қамтамасыз етілуі, мемлекетті басқару ісіне халықтың кеңінен қатысуы.

**********

85.1 Мемлекеттік саяси биліктің жүзеге асыру тәсілі:

С) саяси режим;

**********

86.1 Мемлекеттік құрылымы федеративтік формасындағы мемлекеттерді атаңыз:

D) ГФР, Ресей, Бразилия, Үндiстан;

**********

87.1 Қоғам өмірiн ұйымдастыруда мемлекеттiң шешуші ролiн теріске шығаратын саяси ағымды табыңыз:

А) анархизм;

**********

88.1 Парламенттік республикаға жататын мемлекеттерді атаңыз:

А) Германия, Үндістан;

**********

89.1 Демократиялық саяси-құқықтық режимді сипаттайтын белгіні көрсетіңіз:

В) оппозициялық партиялардың заңды қызметі;

**********

90.1 Мемлекеттің жоғарғы органдары мен мемлекет басшысы белгілі бір мерзімге тұрғындармен сайланатын, мемлекеттік билік халық атынан жүзеге асырылатын басқару формасы қалай аталады?

В) республика;

**********

91.1 «Мемлекет функциясы» ұғымы нені білдіреді?

D) қоғамды мемлекеттік басқарудың мәні мен әлеуметтік мақсаттарын айқындайтын мемлекет қызметінің негізгі бағыттары;

**********

92.1 Мемлекет функциялары төмендегiдей бөлiнедi:

A) iшкi және сыртқы;

**********

93.1 Нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, өзгерту, толықтыру немесе жою түріндегі мемлекет функциясын жүзеге асыру нысаны қалай аталады?

C) құқықшығармашылық;

**********

94.1 Мемлекеттің экономикалық функциясының мазмұнына аталған функциялардың қайсысы кіреді?

D) кәсіпкерлік қызмет үшін тең жағдайлар жасау, меншіктің барлық нысандарын шынайы қорғау, монополистік қызметті реттеу және шектеу;

**********

95.1 «Кәсіпкерлік қызмет үшін тең жағдайлар жасау, меншіктің барлық нысандарын шынайы қорғау, монополистік қызметті реттеу және шектеу» анықтамасы мемлекеттің қай функциясының мазмұнына кіреді?

D) экономикалық;

**********

96.1 Мазмұны еңбекті және адамдардың денсаулығын қорғау, еңбекке ақы төлеудің, зейнетақының кепілді мөлшерін белгілеу, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және т.б. болып табылатын мемлекет функциясын атаңыз:

C) әлеуметтік функция;

**********

97.1 Аталғандардың ішінен мемлекеттің ішкі функциясын көрсетіңіз:

B) әлеуметтік функция;

**********

98.1 Құлиеленуші мемлекет үшін неғұрлым маңызды функцияны атап көрсетіңіз:

E) құлиеленушілердің жеке меншігін қорғау, олардың мүдделерін білдіру.

**********

99.1 Феодалдық мемлекет үшін неғұрлым маңызды функцияны атап көрсетіңіз:

D) феодалдардың мүдделерін қорғау, мемлекеттік органдардағы сословиелік өкілдік;

**********

100.1 Қандай функция кез келген мемлекет типіне тән:

A) елді қорғау функциясы;

**********

101.1 Мемлекеттің сыртқы функциясы:

Е) елді шабуылдан қорғау.

**********

102.1 Өркениетті қоғамда мемлекеттің ең басты қызметі (функциясы) нендей болуы тиіс?

Е) адамның құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау.

**********

103.1 Мемлекетке қайтарымсыз алынатын табыстың бөлшегі:

С) салық;

**********

104.1 Мемлекет функциясы дегеніміз:

D) мемлекеттің мәнін айқындайтын қызметiнiң негізгі бағыттары;

**********

105.1 Мемлекеттің адамның өміріне қолайлы оның еркін дамуына жағдайлар жасау функциясы қалай аталады?

D) әлеуметтік қызметі;

**********

106.1 Мазмұны тауар-ақша қарым-қатынастарын дамыту; тауар және қызмет көрсету нарығын қалыптастыру мен жетілдіру болып табылатын мемлекет функциясы калай аталады?

В) экономикалық-қаржылық;

**********

107.1 Мемлекеттiң нормативтік құқықтық актілерді шығаратын, өзгертулер мен толықтырулар енгізетін және күшін жоятын функциясы қалай аталады?

D) құқық шығармашылық;

**********

108.1 «Мемлекеттік билікті, мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және мекемелердің біртұтас иерархиялық жүйесі» анықтамасы қай ұғымға сәйкес келеді?

B) мемлекет механизмі;

**********

109.1 «Мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін билік өкілеттіктері берілген, өзіндік ішкі құрылымы бар және заңмен белгіленген тәртіппен құрылатын мемлекет механизмінің құрамдас бөлімі» анықтамасы қай ұғымға сәйкес келеді?

C) мемлекеттік орган;

**********

110.1 Заң шығарушы/өкілді/ билікке жататын орган:

E) парламент.

**********

111.1 Аталған органдардың ішінен конституциялық бақылау/қадағалау/ функциясын жүзеге асыратын органды көрсетіңіз:

B) конституциялық сот;

**********

112.1 Мемлекеттік билікті тармақтарға бөлу принципі мынаны білдіреді:

D) мемлекеттегі биліктің барлық тармақтары тек қана өз функцияларымен айналысады, өз қызметтерін тепе-теңдік және тежемелік жүйесін пайдалана отырып жүзеге асырады және тек қана заңға бағынады;

**********

113.1 Мемлекеттік органның құзыреті басқа қандай ұғыммен беріледі?

E) өкілеттік.

**********

114.1 Қандай органдар өкілдік және заң шығарушы билікке жатады?

А) парламент;

**********

115.1 Төмендегі көрсетілген органдардың қайсысы өкілді органға жатады?

С) мәслихат;

**********

116.1 Мемлекет атынан билік жүргізетін, билік өкілеттілігі бар мемлекеттік механизмнің бөлігі қалай аталады:

С) мемлекеттік орган;

**********

117.1 Мемлекет басшысының заңды қабыл алмауы (оған қол қоймауы) және оны Парламентке қайтадан қайтаруы:

В) вето құқығы;

**********

118.1 "ҚазССР мемлекеттік егемендігі туралы" Декларация қабылданды:

D) 25.10.1990ж. ;

**********

119.1 Саяси жүйе дегеніміз:

C) солар арқылы азаматтар саяси өмірге қатысатын және саяси билікті жүзеге асыратын өзара байланыстағы мемлекеттік, қоғамдық және басқа да ұйымдардың жиынтығы;

**********

120.1 Саяси жүйенің орталық звеносы болып табылады:

B) мемлекет;

**********

121.1 Мемлекеттің аталған анықтамаларының қайсысы оның қазіргі кездегі түсінігін неғұрлым дұрыс айқындайды?

E) мемлекет дегеніміз – адамдарды заңдардың негізінде біріктіретін әлеуметтік ымыра құралы.

**********

122.1 Саяси жүйенін құрылымдық элементтері:

А) саяси нормалар, саяси институттар, саяси қызмет, саяси сана және саяси мәдениет;

**********

123.1 Саяси жүйенің құрылымдық элементі ретінде саяси партияның басты мақсаты:

D) мемлекеттік билікке жету, оны өз билігіне алу үшін күресу;

**********

124.1 Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының құрылымы мен құзырын бекітетін, азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын реттейтін құқық салаларының бірін атаңыз.

В) конституциялық құқық;

**********

125.1 Мемлекеттік билікті қалыптастыруда және жүзеге асыруға қатысатын өзара байланысты мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың жүйесі қалай атайды?

D) саяси жүйе;

**********

126.1 Саяси жүйенiң түрлерi:

А) демократиялық, демократиялық емес және аралас;

**********

127.1 Демократиялық саяси жүйеге тән белгi:

А) мемлекеттiк адамның құқықтары мен бостандықтарын тануы, сақтауы және қорғауы;

**********

128.1 Демократиялық емес саяси жүйеге тән белгi:

D) мемлекеттiң қоғамдық өмiрдiң барлық саласына бақылау орнатуы;

**********

129.1 Аралас саяси жүйеге тән белгi:

В) демократиялық және демократиялық емес жүйелердiң элементтерiнiң болуы;

**********

130.1 Тұлғаның мемлекеттің азаматы, қоғамның мүшесі ретіндегі ең алдымен конституциямен айқындалатын және ағымдағы жағдайлардан тәуелсіз болатын, барлығы үшін бірдей және бірыңғай болатын, салыстырмалы түрдегі тұрақтылығымен және қорытындыланғандығымен сипатталатын мәртебесі:

A) жалпы құқықтық мәртебе;

**********

131.1 Азаматтардың жекелеген санаттарының/мысалы студенттердің, әскери қызметкерлердің, т.б./ жағдайларының ерекшеліктерін бейнелейтін мәртебе:

B) арнайы құқықтық мәртебе;

**********

132.1 Адамның қоғамдағы қабiлеттерiн жүзеге асыруына және қажеттi өмiр сүруiне жағдайлар жасайтын қандай құқықтар?

D) экономикалық, әлеуметтiк және мәдени;

**********

133.1 Құқықтық мәртебе деген:

В) конституциямен бекітілген құқықтар мен міндеттердің жиынтығы;

**********

134.1 Азаматтық қоғамның құрылымдық элементтері

В) әлеуметтік, экономикалық, саяси, идеологиялық жүйе;

**********

135.1 Азаматтың жеке құқығына жатқызамыз:

D) абыройын қорғау;

**********

136.1 Адамның мемлекетке саяси-құқықтық тұрғыда байланысын білдіретін ұғым:

А) азаматтық;

**********

137.1 Тұлғалардың құқықтары, бостандықтары және міндеттерін анықтайтын құқықтық жағдай дегеніміз-ол:

D) құқықтық мәртебе;

**********

138.1 Өзара құқықтары мен міндеттерін білдіретін тұлғаның мемлекетпен арадағы саяси-құқықтық байланысы қалай аталады?

B) азаматтық;

**********

139.1 Мемлекеттік билікті тармақтарға бөлу принципі мынаны білдіреді:

B) мемлекеттегі биліктің барлық тармақтары бір-бірінен тәуелсіз және тек өз функцияларымен ғана айналысады, бір-біріне бағынбайды, тек заңға ғана бағынады, тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасайды;

**********

140.1 Аталған авторлардың қайсысы табиғи құқықтар негiзiнде құқықтық мемлекет теориясын жасады?

В) И. Кант, Ш.- Л. Монтескье, Дж.Локк;

**********

141.1 “Құқықтық мемлекет” терминiн ғылыми айналымға алғаш енгiзген кiм?

С) Роберт фон Моль;

**********

142.1 Құқықтық мемлекетте “заңмен тыйым салынбағанның бәрiне рұқсат етiледi” жалпықұқықтық принципi кiмдерге арналған?

D) нарықтық, шаруашылық, азаматтық-құқықтық қызметтiң субъектiлерi ретiндегі заңды және жеке тұлғаларға;

**********

143.1 Құқықтық мемлекетте “заңмен тiкелей көрсетiлгенге ғана рұқсат етiледi” жалпықұқықтық принципi кiмдерге арналған?

А) мемлекеттiк билiк құрылымдарына, лауазым иелерiне;

**********

144.1 Құқықтық мемлекеттiң түбегейлi принципi болып табылады:

С) заң үстемдiгi;

**********

145.1 Құқықтық мемлекет қамтамасыз етуге мiндеттi:

А) жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiктерiн;

**********

146.1 “Заңдардың рухы туралы” атты еңбегiнде мемлекетте билiктi тармақтарға бөлу және жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету идеяларын дамытқан:

Е) Ш. Монтескье.

**********

147.1 Құқықтық мемлекетте биліктің қандай тармақтары болуға тиіс?

C) заң шығарушы, атқарушы, сот;

**********

148.1 Құқықтық мемлекетте қандай саяси режим болуы мүмкін?

E) демократиялық.

**********

149.1 Азаматтардың негізгі шешім қабылдауға немесе референдумға қатысу кезіндегі демократияның формасы:

Е) тікелей.

**********

150.1 Азаматтардың табиғи құқықтары танылған және кепілдік берілген, мемлекеттік билік бөлінісі нақты жүргізілген, құқықтық заңның үстемдігі қамтамасыз етілген және азаматтардың мемлекет алдында және мемлекеттің азаматтар алдында өзара жауапкершілігі бар саяси билікті ұйымдастырудың ерекше нысаны:

Е) құқықтық мемлекет.

**********

151.1 «Жеке адам және қоғам мүддесін қорғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген мемлекет» деген анықтама қай ұғымға жатады?

В) құқықтық мемлекет;

**********

152.1 Мемлекет пен қоғамдық өмірдің мәселелерін демократиялық жолмен шешу, тең құқықтық және адамдардың құқықтарын қорғау қандай мемлекеттің ұйымдастырылуы мен қызметінің принциптері болып табылады?

D) құқықтық мемлекет;

**********

153.1 Қоғамдық келісім, мемлекет пен қоғамдық өмірдің мәселелерін демократиялық жолмен шешу, тең құқылық және адамдардың құқықтарын қорғау қандай мемлекеттің ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидалары болып табылады?

D) құқықтық мемлекет;

**********

154.1 Аталған анықтамалардың қайсысы құқыққа қатысты:

B) мемлекет тарапынан белгіленетін және қорғалатын, ел халқының жалпы және жекелей мүдделерін білдіретін және қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеу қызметін атқаратын жалпыға бірдей міндетті мінез-құлық ережелерінің жүйесі;

**********

155.1 «Мемлекет тарапынан белгіленетін және қорғалатын, ел халқының жалпы және жекелей мүдделерін білдіретін және қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеу қызметін атқаратын жалпыға бірдей міндетті мінез-құлық ережелерінің жүйесі» дегеніміз:

A) құқық;

**********

156.1 «Қолданылатын құқық» дегеніміз:

B) позитивтік құқық;

**********

157.1 Қолданылатын құқық болып табылады:

A) конституциялық нормалар;

**********

158.1 Объективтік құқық дегеніміз:

C) заңнамадағы және басқа да қайнар көздердегі заңдық нормалардың жиынтығы;

**********

159.1 «Заңнамадағы және басқа да қайнар көздердегі заңдық нормалардың жиынтығы» дегеніміз:

E) объективтік құқық.

**********

160.1 Субъективтік құқық дегеніміз:

D) оның мүдделерін қанағаттандыру мақсатында уәкілетті тұлға үшін көзделген, басқа тұлғалардың заңдық міндеттерімен қамтамасыз етілген мүмкін мінез-құлық шаралары;

**********

161.1 «Тұлғаның құқықтық мәртебесін құрайтын құқықтардың, бостандықтардың және міндеттердің жиынтығы» дегеніміз:

A) субъективтiк құқық;

**********

162.1 «Позитивтік құқық» анықтамасы:

D) қолданыстағы барлық заңдық нормалардың жиынтығы;

**********

163.1 Аталғандардың ішінен құқықтың белгісін көрсетіңіз:

E) жалпыға бірдей міндеттілік.

**********

164.1 «Құқықтың мәні» термині нені білдіреді?

D) құқықтың оның шынайы табиғатын және қоғамдағы міндетін айқындайтын басты, ішкі, салыстырмалы тұрақты сапалы негізі;

**********

165.1 «Құқықтың оның шынайы табиғатын және қоғамдағы міндетін айқындайтын басты, ішкі, салыстырмалы тұрақты сапалы негізі» анықтамасы нені білдіреді?

A) құқықтың мәнiн;

**********

166.1 Құқықтың таптық мәні мынаны білдіреді:

D) экономикалық үстем таптың мүдделерін білдіреді;

**********

167.1 Құқықтағы жалпыәлеуметтік мынаны білдіреді:

B) халықтың барлық топтарының мүдделерін білдіреді;

**********

168.1 Қоғамдағы құқықтың табиғатын көрсететін, оның басты ішкі, тұрақты, сапалы негізі:

В) мән;

**********

169.1 «Құқық дегеніміз үстем таптың заңға айналған еркі» деген анықтаманың авторы кім?

А) К.Маркс;

**********

170.1 Құқықтың еріктік сипаты нені білдіреді?

В) құқық - қоғамдық қатынастарды реттейді, тұлғалардың іс-әрекеттерінің, мінез-құлқының үлгісі. Құқықтық нормалар қоғамдық қатынастарды қажетті арнаға, тиісті жолға салады, реттейді, жөндейді, ұйымдастырады, тұрақтандырады, бассыздықтан қорғайды;

**********

171.1 «Заңдарда баяндалған, мемлекет арқылы қамтамасыз етілетін, болуы мүмкін мінез-құлық шегі» деген анықтама қайсы ұғымға жатады?

В) объективтік құқыққа;

**********

172.1 «Құқық-бұл үстем таптың заңға айналдырылған еркі»,- бұл пікірді қандай теория өмірге әкелді:

С) марксистік теория;

**********

173.1 «Халықаралық құқықтың» анықтамасы:

А) мемлекетаралық қатынастар мен шет ел жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен болатын ішкі мемлекеттік құқықтық қатынастарды реттейтін жалпы ғаламдық құқықтық жүйе;

**********

174.1 «Құқықтың принциптері» термині нені білдіреді?

B) қоғамдық өмірдің объективті заңдылықтарын заңдық негізде бекітетін негізгі бастапқы ережелер;

**********

175.1 Мына принцип жалпықұқықтық принцип болып табылады:

С) әлеуметтiк әдiлеттiлiк принципi;

**********

176.1 Құқық принциптерi төмендегiдей бөлiнедi:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]