Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
текст.doc
Скачиваний:
32
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
340.48 Кб
Скачать

Тәжірибелік (семинарлық) сабақтардың жоспары

1-тақырып. Отан – отбасынан басталады.

Сәлем – сөздің анасы. Сәлемдесу. Қоштасу. Танысу.

Сабақтың мақсаты: Студенттерге өз отбасын, отбасы құндылықтарын дәріптеуге

үйрету, тілдік дағдыларын қалыптастыру.

Оқылым.

Лексика:

С Ә Л Е М Д Е С У

  1. Қайырлы күн! (...күн, ...кеш, ... таң)- Добрый день!(...)

  2. Халіңіз қалай ? – как дела?

  3. Денсаулығыңыз жақсы ма? – Как Ваше здоровье?

  4. Үй-іші тегіс аман ба ?- Все ли дома живы-здоровы?

  5. Бала-шаға аман ба ?- Здоровы ли дети ?

  6. Рақмет! Жақсы! – Спасибо! Хорошо!

  7. Құдайға шүкір! – Слава богу!

  8. Жаман емес – неплохо.

  9. Ақырындап (ептеп-септеп)- потихоньку.

  10. Көңіл-күйіңіз қалай ? – Как ваше настроение ?

  11. Не (қандай) жаңалықтар бар ?- Какие новости есть?

  12. Бәрі бұрынғыша – все по-прежнему.

  13. Не үшін ? – За что? (для чего).

  14. Ренжімеңіз! (Ашуланбаңыз)- Не обижайтесь!

  15. Оқасы жоқ! – Ничего страшного!

  16. Бәрі дұрыс – все правильно.

  17. Түкке тұрмайды ! – Это ничего не стоит.

  18. Менің сізге өтінішім бар – у меня к Вам просьба.

  19. Тыңдап тұрмын – слушаю .

  20. Қайталаңызшы – повторите.

  21. Көрсетіңізші – покажите.

  22. Қалауыңыз білсін – будь по- Вашему.

  23. Алғыс айтамын- выражаю благодарность.

  24. Алғыс айтқым келеді – хочу выразить благодарность.

  25. Міндетті түрде ! – Обязательно!

Т А Н Ы С У

1. Танысайық ! (Таныс болайық)- Давайте познокомимся!

2. Танысқаныма өте қуаныштымын! – Я рад(-а) знакомству!

3. Мен де танысқаныма қуаныштымын!- Я тоже рад(-а) знакомству!

  1. Кешіріңіз! – Извините!

  2. Өтінемін – прошу

  3. Ренжімесеңіз! – Если не обидетесь!

  4. Бір минут уақытыңызды бөліңізші !- уделите немного времени.

  5. Өте ризамын! – Очень благодарна!

  6. Мың да бір рахмет! – Тысяча раз спасибо!

  7. Телефон нөмірін бермейсіз бе ?- не дадите свой номер телефона?

  8. Келістік ! –Договорились!

  9. Мен сізді асыға күтемін! – Я буду ждать Вас с нетерпеньем!

  10. Мынау менің визит карточкам- это моя визитная карточка.

  11. Бұл не дегеніңіз ? – Что это значит ?

  12. Ал сонда не болады ?- Ну а теперь что будет? (Тогда что будет?)

  13. Шынымен бе ? – Неужели?

  14. Мүмкін емес – не может быть.

  15. Бұл қызық екен! – Это так странно! (смешно).

  16. Танысқым келмейді – не хочу знакомиться.

  17. Таныссақ - танысайық – если хотите познакомиться, давайте познакомимся.

  18. Өкінішке орай (қарай) – к сожалению.

  19. Сіздікі дұрыс, танысайық! – вы правы, давайте познакомимся!

  20. Болмайды – нельзя.

  21. Кешіріңіз, менің қолым бос емес- извините, мне некогда ( нет времени).

  22. Келесіде қашан кездесеміз? – Когда встретимся в следующий раз ?

  23. Танысып қойыңыз, бұл менің...- Познакомьтесь, это ..

  24. Қарсы емессіз бе ?- Вы не против?

Қ О Ш Т А С У

-Сау болыңыз!

-Сау болыңыздар!

-Қош сау болыңыз!

-Қош сау болыңыздар!

-Кездескенше!

-Көріскенше!

  1. Сәттілік тілеймін! – желаю удачи!

  2. Көмегіңіз үшін рахмет! – спасибо за помощь!

  3. Бәріміздің атымыздан рахмет! – спасибо от имени всех!

  4. Келесі кездескенше сау болыңыз! – До свидания! До следующей встречи!

  5. Тағы кездесерміз ( кездесеміз) – еще встретимся.

  6. Сапарыңыз сәтті болсын!- (Жолыңыз болсын!)- Счастливого пути!

  7. Көріскенше күн жақсы болсын! – До скорой встречи!

  8. Сәлем айтыңыз!-передавайте привет!

  9. Шын жүректен ризамын! – Доволен (довольна) от всего

- Сәлеметсіз бе? өте жақсы

- Сәлеметсіз бе? жақсы

- Қал-жағдайыңыз қалай? жаман емес

- Рақмет, өте жақсы. тамаша

- Ал, сіздің ше? ойдағыдай

(Ал, сіздің қал-жағдайыңыз қалай?) бәрі бұрынғысынша

- Рақмет, ойдағыдай.

- Сау болыңыз.

- Сау болыңыз.

таң!

-Денсаулығыңыз қалай?

(Сіздің денсаулығыңыз қалай?) Қайырлы күн!

- Көңіл-күйіңіз қалай?

(Сіздің көңіл-күйіңіз қалай?) кеш!

түн!

Қоштасу. -Сау болыңыз!

-Сау болыңыздар!

-Қош сау болыңыз!

-Қош сау болыңыздар!

-Кездескенше!

-Көріскенше!

Сөйлесім.

1-тапсырма. Берілген сұхбаттарды ролге қойып оқып, сұхбат түрлерін анықтаңыз, өз бетіңізше сұхбат құрастырыңыз.

а) - Сәлеметсіз бе! Танысайық! Сіздің есіміңіз кім?

- Менің есімім Талғат. Ал, сіздің аты - жөніңіз кім?

- Менің аты - жөнім Айдосов Мұрат Алтайұлы.

- Танысқаныма қуаныштымын!

- Мен де Сізбен танысқаныма өте қуаныштымын!

* * *

ә) - Таныс болайық. Сенің есімің кім?

- Менің есімім Гүлнәр. Ал, сенің есімің кім ?

- Менің есімім Марал.

- Сен қайда оқисың ?

- Мен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік

университетінің студентімін. Ал, өзің ше?

- Мен де осы университетте оқимын.

- Сенімен танысқаныма өте қуаныштымын!

- Мен де, өте қуаныштымын!

* * *

б) - Кәрім, мына кісі кім ?

- Бұл кісі тарих пәнінің оқытушысы Исатай Айдарханұлы.

- А, Исатай Айдарханұлы деген осы кісі ме, естуім бар.

- Иә, осы кісі.

в) - Досжан, мынау кім?

- Танысып қой, бұл менің інім Айдос.

- Жақсы, танысқаныма қуаныштымын!

- Мен де, өте қуаныштымын!

* * *

г) - Сіз Алтай Ерікұлысыз ба ?

- Иә, мен Алтай Ерікұлымын. Ал, сіз кім боласыз ?

- Мен Жандос Мұратұлымын.

- Иә, сіз туралы естуім бар. Танысқаныма қуаныштымын!

- Мен де қуаныштымын!

2-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.

- Давай познакомимся ! Меня зовут Болат !

- Меня зовут Мурат. Где вы работаете ?

- Я работаю на фирме.

- А я работаю в банке. Где расположена ваша фирма ?

- Фирма находится на улице Мира. Где раположен банк ?

- Банк находится на улице Конституции.

- Рад знакомству.

- И я тоже рад знакомству с вами.

Жазылым.

3-тапсырма. Кесте бойынша «Танысу» сұхбатын құрыңыз.

Аты ?, Жасы ?, Қайдан ? Аты Ікәр. Жасы 18-де. Қарағандыдан.

Қайда (оқу)? Оқиды., ҚМУ-да

Қайда (тұру)? Қостанайда.

Ақылы (оқу)? Грант (оқу).

Оқу (қиын)? Аздап қиын.

Танысқаныма ...? Мен де .... .

Қоштасу. Келесі ... .

4-тапсырма.Берілген сұрақтарға жауап бере отырып, "Танысу" сұхбатын құрастырып, жолдасыңызбен еркін сұхбаттасуға жаттығыңыз.

- Сіздің есіміңіз кім?

- Сіз қай жерде дүниеге келдіңіз?

- Сіз қай жылы тудыңыз?

- Сіздің жасыңыз нешеде?

- Сіз қайда оқисыз?

- Сіз қай факультетте оқисыз?

- Сіз нешінші курста оқисыз?

- Сіз қалалықсыз ба?

- Бос уақытыңызда немен айналысасыз?

- Сіздің мекен-жайыңыз қаңдай?

- Сізбен танысқаныма қуаныштымын!

2-тақырып. Отбасы - шағын мемлекет.

Сөйлесім.

1-тапсырма. Сұхбатты рольге қойып, айтуға дағдыланыңыз.

ОТБАСЫ тақырыбына сұхбат

- Отбасы қандай мемлекет?

- Отбасы шағын мемлекет.

- Біздің тәуелсіз елімізде қандай адам отбасын құруға құқылы?

- Біздің тәуелсіз елімізде камелетке толған әр қазақстан азаматы отбасын құруға құқылы.

- Отбасы адам өмірінде қандай орын алады?

- Отбасы адам өмірінде маңызды орын алады.

-Әр адам өз отбасын қалай бағалап, құрметтеуге міндетті?

- Әр адам өз отбасын жоғары бағалап, құрметтеуге міндетті.

- Қазақ халқы отбасын, шаңырақты қалай бағалаған және артында қандай ұрпақ қалдыруға тырысқан?

- Қазақ халқы отбасын, шаңырақты жоғары бағалаған және артында үлгілі ұрпақ, сенімді мұрагер қалдыруға тырысқан.

- Сіз неше ағайындысыз және олар кімдер?

- Мен төрт ағайындымын.

- Сіздің қарындасыңыз (ағаңыз, ініңіз, сіңліңіз) бар ма?

- Менің екі апам және інім бар.

- Ата-анаңыз кім?, Олар қайда жұмыс істейді?

- Әкем - Өмірбек Асылұлы ауылшаруашылығында механизатор болып жұмыс істейді.

Анам - Жадыра Оралқызы емханада дәрігер болып жұмыс істейді.

- Ата-анаңыздың жасы нешеде?

- Әкем - Өмірбек Асылұлы 45 жаста. Анам - Жадыра Оралқызы 40 жаста.

- Сіз үйленгенсіз бе? (тұрмыстасыз ба?)

- Жоқ, мен үйленген жоқпын. (үйленбегенмін, тұрмыста емеспін, тұрмысқа шыққан жоқпын).

- Сіз отбасыңызбен қандай мерекелерді қарсы аласыз?

- Біз отбасымызбен Жаңа жыл, туған күн, наурыз мерекелерін бірге қарсы аламыз.

-Сіздің отбасыңызда нені дәстүрлі түрде орындап ұстанасыздар?

-Біздің отбасымызда дәстүрлі түрде отбасы мүшелерінің туған күндерін, Наурыз, Жаңа жыл мерекелерін бірге қарсы аламыз.

-Сіз отбасыңызды қалай бағалайсыз?

-Мен отбасымды жоғары бағалап, мақтаныш тұтамын

Жазылым.

Кестені толтырыңыз.

Менің

Сенің

Сіздің

Оның

бала

аға

іні

әйел

қыз

күйеу

келін

бала

Біздің

Сендердің

Сіздердің

Олардың

аға

іні

әйел

қыз

күйеу

келін

бала

Тәуелдік жалғаудың ерекшелігі:

Если слово оканчивается на п, к, қ, то после прибавления притяжательных окончаний глухие согласные переходят в звонкие б, г, ғ. (п – б, к – г, қ – ғ).

Мычалы:

І Менің мектеп + ім – мектебім І Біздің мектеп + іміз - мектебіміз

ІІ Сенің мектеп + ің - мектебің ІІ Сендердің мектеп + терің - мектептерің

Сіздің мектеп + іңіз - метебіңіз Сіздердің мектеп +теріңіз -мектептеріңіз

ІІІ Оның мектеп +і – мектебі ІІІ Олардың мектеп + тері - мектептері

Менің

Сенің

Сіздің

Оның

топ

жүзік

бастық

мысық

●Аударыңыз.

мой дом ...................................................

моя квартира (пәтер) ......................................................

мой ст. брат ...........................................................

ее сестра ..............................................................

его брат ................................................................

его отец ..................................................................

ваша дочь .................................................................

наш дом ....................................................................

наша семья ..............................................................

моя семья ..................................................................

твой сын .................................................................

твоя подруга (құрбы) ......................................

Аударыңыз.

дом моего отца ..........................................

работа моей сестры ............................................

день рождения сына .........................................

работа твоего отца ...........................................

семья Вашего друга ...........................................

Отбасы – шағын мемлекет

1. Мәтінді оқыңыздар, көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауларын жалғаңыздар.

Отбасы - әр адамның алтын ұя...... «Отбасы – мемлекеттің кіші «моделі» деуге болады. Отбасында белгілі дәстүрлер болу керек. Бұл отбасы үшін өте маңызды. Менің ат.... . Отбасы.... үлкен. Ата-әже...., әке-шеше.... бар. Апам....ның аты – Баян. Бір қыз....., екі ұл... бар.

Біздің үй......дің салт-дәстүр... бойынша әр сенбі сайын кең дастархан басында отбасымыз бен туысқандарымыз жиналып әңгімелесеміз. Алыс-жақындағы туыстар....мен хабарласамын. Маған осындай басқосулар ұнайды, себебі мен туысқандарымның жағдайын біліп, өзіммен болған қызық оқиғаларды айтып беремін. Отбасы...да туған күн әрдайым тойланады.

Менің ой....ша, отбасының дәстүрлер... отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастарды нығайтады.

Біз мықты отбасылық қарым-қатынастардың құндылығын бағалауымыз керек.

Сөздік:

1. Алтын ұясы – основа всему (фразеологизм), самое дорогое.

2. Өте маңызды – очень важно.

3. Салт-дәстүрі бойынша- согласно обычаю и традиции.

4. Кең дастархан басында – за большим столом.

5. Алыс-жақын туыстар – ближние – дальние родственники.

6. Басқосулар ұнайды – нравятся такие встречи.

7. Өзіммен болған оқиғалар – произошедшие со мной события.

8. Қарым-қатынастарды нығайтады – укрепляет взаимосвязь.

9. Мықты (күшті)- сильный.

10. Құндылығын бағалауымыз керек- должны ценить значимость...

Оқылым.

2. Сұрақтарға ііі жақтан жауап беріңіз.

а. Оның аты кім?

ә. Оның ата-анасы бар ма?

б. Олар әр сенбі сайын қайда жиналып тұрады?

в. Осындай басқосулар Мұхтарға неліктен ұнайды?

г. Ол қандай оқиғаларды айтып береді?

ғ. Отбасы дәстүрлері не істейді?

д. Ол нені бағалайды?

3. О Т Б А С Ы.

Лексика:

1. Өте тату – очень дружная.

  1. Әкемнің жасы .... ( анамның жасы ... )

  2. Отбасымыздың ең үлкені – самый старший в нашей семье

  3. Жанұямыздың отағасы ( иесі) – глава семьи

  4. Отбасымыз қонақжай – семья наша гостепреимная

  5. Ата –анамыз бізге жақсы тәрбие берген – родители дали нам хорошее воспитание

  6. «Тәртіпті болыңдар»,- дейді – говорят будьте воспитанными.

  7. Қонақтарды қарсы алуды жақсы көреміз – любим встречать гостей

  8. Ата – анамызды тыңдауды міндеттіміз – обязаны слушаться родителей

  9. Сыйлы кісілер (адамдар ) – уважаемые люди

  10. Өмірдің қиындығына төзу – терпеть трудностям в жизни

  11. Бізді үйретеді – учат нас чему –либо

  12. Тәртіпті болуға үйретеді – учат нас быть воспитанными

  13. Отбасымыздың дәстүрлері – традиции нашей семьи

  14. Дәстүрлі мерекелеріміз – наши традиционные праздники

  15. Отбасылық дәстүрлері – семейные традиции

  16. Кейбір кезде, (анда –санда) – иногда

  17. Бос уақытта – в свободное время

  18. Демалыс күндері – по выходным

  19. Қонаққа баруды ( қонақты қарсы алуды) жақсы көру – любить ходить в гости (встречать гостей)

  20. Лауазым (-ы) – его должность.

4Тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтуға дағдыланыңыз.

Менің отбасым туралы

Отбасы – шағын мемлекет. Біздің тәуелсіз елімізде кәмелетке толған әр қазақстан азаматы отбасын құруға құқылы. Отбасы – адам өмірінің ең негізгі бастауы. Әр адам өз отбасын құрметттеуге, жоғары бағалауға міндетті.

Қазіргі таңда отбасы құрушылардың саны қанша көп болса, ажырасушылардың саны одан да көп. Қазақ халқы шаңырақты, отбасын жоғары бағалап, артында үлгілі ұрпақ, сенімді мұрагер қалдыруға тырысқан.

Мен 1988 жылы Қостанай облысы Әулиекөл ауданында тудым. Менің атым Дәулет. Біздің отбасымыз үлкен, отбасымызда бес адам бар. Олар : әкем, анам, апам, інім және мен. Отбасымыздың отағасы (иесі) және ең үлкені - әкем. Оның аты-жөні Ыбраев Қайрат Сапарұлы. Мамандығы – инженер, лауазымы- бас инженер. Қазіргі уақытта Қазақстан Темір жолында жұмыс істейді. Жасы қырық екіде. Әкемнің келбеті: қараторы, шашы қалын, көзі қара және үлкен, құс мұрын, кең иықты және денелі.Мінезі: аяулы, жомартты, қайырымды және қарапайым . Жұмыста ол өте беделді адам. Біз әкемізді өте сыйлап, құрметтейміз.

Менің анамның аты-жөні Ыбраева Салима Алтайқызы. Ол тәрбиеші, балабақшада еңбек етеді. . Шешемнің жасы отыз сегізде. Келбеті: дөңгелек жүзді, шашы боялған, қысқа , қой көзді, кірпіктері ұзын, қыр мұрын және ол ең сымбатты, аяулы ана. Оның жұмысы өзіне өте ұнайды.

Апам институттың бірінші курсында оқиды. Оның болашақ мамандығы – дәрігер. Раушан көп оқиды, керек кітаптарды кітапханадан алып, кейбір кезде тіпті кеш жатады

Менің інімнің аты Дәурен. Ол тоғызыншы сыныптың оқушысы. Болашақ мамандығын әлі білмейді. Мүмкін ол суретші болады, себебі сурет салғанды өте ұнатады. Ал, өзім биыл мектепті бітіргенмін. Қазір Әлеуметтік – техникалық университетінің бірінші курс студентімін. Менің болашақ мамандығым – инженер.

Ата- анамыз бізге үнемі «Тәртіпті болыңдар»,- дейді және бізге жақсы тәрбие берген адамдар. Сондықтан ата-анамызды тыңдауды міндеттіміз.

Біздің отбасымыз түрлі дәстүрлерді өткізуді өте жақсы көреді. Сондықтан біздің үйімізге үнемі қонақтар көп келеді. Отбасымыз өте қонақжай және тату – тәтті тұрады !