Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsii_AB_i_KN_kaz_RK_2 (1).doc
Скачиваний:
112
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
494.08 Кб
Скачать

Тақырып. Бизнес-инкубаторлардың құрылуы және дамуы

1. Бизнес-инкубатордың Қазақстанда дамуы

Шағын кәсіпкерліктің табысты дамуы негізгінен дамыған және қалыптасқан инфрақұрылымының болуына байланысты болады. Нарықтың қалыптасу жағдайында отандық шағын кәсіпкерлік жүйесін құру және қолдау – Үкіметтің маңызды мәселелерінің бірі.

Қазіргі кезеңде республикада шағын кәсіпкерлікке қызмет көрсететін бизнес-инкубатор, технопарк және бизнес орталықтары қалыптасуда. Бұл инфрақұрылым элементтері шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету арқылы шағын кәсіпорындардың көбеюіне, отандық жаңа технологияларды құрып игеруге, жоғары тиімділіктегі өнімдер өндіруге жағдай жасайды.

«Бизнес-инкубатор» түсінігі “business”, “incubator” ағылшын сөздерінен туындады. Ал біздің түсінігімізде инкубатор құс шаруашылығындағы жылы жаймен, яғни жылы жайда балапан өсірумен байланыстырылады. Осындай жағдайлардың жаңадан құрылатын кәсіпорындарға жасалуын қарастырсақ, бизнес-икубаторды- жаңадан құрылатын кәсіпорындардың бизнес жасау тәжірибесін алатын, болашақтағы дамуына, нарықтағы орнын нығайтуға жан-жақты көмек алатын орны деп түсінуге болады. Дамуын тиісті деңгейге жеткізгеннен кейін, көбіне 3 жылдан кейін, фирма инкубатор қарамағынан шығып, олардың көмегінсіз өз еркімен жұмыс атқарады. Ал фирманың босаған орнына бизнесті жаңадан бастайтын фирмалар келеді.

Әдебиеттерде бизнес-инкубаторға әртүрлі анықтамаларды кездестіруге болады. Бір авторлар бизнес-инкубаторды шағын кәсіпкерлікке төмен төлемдермен жалға берілетін ғимаратдеп қарастырса, келесі авторлар жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында шағын кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасайтын инструмент деп қарастырады. Ал үшінші авторлар пікірінше бизнес-инкубатордың тек ғана кәсіпкерлердің ғимаратты пайдалануымен шектелмейтіндігін, яғни бизнес-инкубатор кәсіпкерлерге бизнесін дамытуға менеджмент, қаржы, бухгалтерлік есеп т.б. экономикалық мәселелерден жан-жақты кеңес, көмек беретін құрылым деп атайды.

Бизнес-инкубатор – жаңадан құрылған кәсіпорындарға шаруашылық қызметін жүргізуге қажетті өндірістік, офистік т.б. алаңдармен қамтамасыз ету, бизнес төңірегінде офистік қызмет көрсету (экономика, қаржы,заң, ұйымдастыру және технология мәселелері бойынша кеңес беру) және бизнеске қажетті қаражат іздестіруге көмек беру арқылы қолдау көрсететін шаруашылық кешендері формаларының бірі.

Бизнес-инкубаторлар дамыған елдерде, яғни АҚШ, Франция, Германия, Швеция, Англия, Жапония және Қытай елдерінде кең тараған.

Бизнес-инкубаторлар көбіне жабық ғимараттарда, төңірегінде бизнесті жаңадан бастаушы бірнеше фирмаларды орналастырады. Нәтижесінде бизнесті бастаушы фирмалар инкубатордың ғимараттарын, қондырғыларын, қызметін бір деңгейде пайдаланады.

Бизнес-инкубаторлардың негізгі ресурстары:

  • инкубатор персоналы, оның ішінде кеңес беруші қызметкерлері;

  • қондырғылары, оның ішінде оргтехникасы (ксерокс, факсимильді аппараттары, компьютерлері т.б.);

  • 1 ай мерзіміне жалға берілетін ғимараты және жиhазы, қажет болған жағдайда келісім-шарт мерзімі ұзартылады.

Бизнес-инкубаторлардың тиімді қалыптасуы төмендегі топтардың қызметіне байланысты болады:

  • спонсорлар;

  • кеңес берушілер;

  • аппарат басшылары мен қызметкерлері;

  • инкубатордың кәсіпорын-клиенттері;

Спонсорлары – инкубатордың жеке бизнес ретінде дамуына қаражат құюшы жеке азаматтар және ұйымдар. Спонсорлық көмек кейбір жағдайларда инкубаторға түсетін барлық қаражаттың 1/3 үлесіне дейін жетеді. Кейбір ұйымдар немесе университеттер қаражат құймай-ақ бизнес-инкубатордың дамуына әсер ете алады, және спонсоры болып есептеледі.

Кеңес берушілер - әртүрлі эксперттер, яғни тегін немесе шамалы төлемақыға кеңес берумен айналысатын ғалым, заңгер, банкир, бухгалтер, технологтар т.б.

Қазақстанда төмендегідей типте бизнес-инкубаторлардамуда:

  • арзан жал төлемімен бос қалған алаңдарда аз қызмет түрімен айналысатын инкубатор;

  • ірі кәсіпорын төңірегінде орналасқан инкубатор, яғни шағын кәсіпорындармен қарым-қатынаста болу нәтижесінде қосымша табыс алынады;

  • ірі ғылыми, білім беру кешені негізінде құрылған инкубатор немесе ғылыми парк.

Қазақстанда бизнес-инкубаторлардың даму ерекшеліктері:

  • көпшілігі халықаралық қорлар мен ұйымдардың қолдауымен құрылды;

  • ішкі донорлардың аз болуы;

  • клиенттерін сату-сатып алу қызметтеріне және қызмет көрсету аясына бағыттау;

  • университет негізінде құрылған инкубаторлардың аз болуы;

  • технопарктердің жетіспеушілігі;

  • инкубатор туралы үгіт жұмыстарының және ақпараттардың жетіспеушілігі.

Республикада 44 бизнес-инкубатор және 36 кәсіпкерлерді дайындау орталықтары қалыптасуда:

Облыс

Кәсіпкерлерді дайындау орталықтарының саны

Бизнес-инкубаторлар саны

Ақтөбе облысы

3

8

Атырау облысы

6

1

Ақмола облысы

9

3

Алматы облысы

1

1

Шығыс Қазақстан облысы

1

2

Батыс Қазақстан облысы

2

2

Жамбыл облысы

1

-

Қарағанды облысы

2

2

Қостанай облысы

2

1

Қызылорда облысы

1

8

Маңғыстау облысы

1

1

Павлодар облысы

2

4

Солтүстік Қазақстан облысы

2

1

Оңтүстік Қазақстан облысы

1

8

Астана қ.

1

1

Алматы қ.

1

1

Барлығы

36

44

Бизнес-инкубатор тиімділігінің негізгі көрсеткіші дайындап шығарған кәсіпкерлер саны және кәсіпорын-клиенттері жасаған жаңа жұмыс орындарының саны. Яғни, бизнес-инкубатордың тиімділігі оның табыстарымен, материалды-техникалық базасының жағдайымен бағаланбайды, арендатор-клиенттерінің қызмет нәтижелерімен бағаланады.

Бизнес-инкубаторлар қызметін бағалаудың негізгі критерийлері:

  • инкубатор арқылы құрылған экономикалық тұрақты шағын кәсіпорындар;

  • құрылған жаңа жұмыс орындарының саны;

  • бюджетке салық және басқа төлемдер түсімдері.

11.1 кесте

Қазақстанда бизнес-инкубаторлардың көрсеткіштері

Инкубатордың кәсіпорын-клиенттерінің саны

Жаңа жұмыс орындары

Инвестиция

(долл.)

Өтелген салық

(долл.)

Инкубатор алаңы, ш.м.

1999

18

120

233058

16824

5886

2000

48

256

417348

76592

7783

2001

109

1203

1244790

221418

16314

2002

128

1437

1182000

133853

17664

Соңғы 3 жылда бизнес-инкубаторлар құрған жұмыс орындарының саны 3 еседен артық өскені байқалады.

11.2 кесте

Бизнес-инкубатордың 1 клиенті үлесіне келетін орташа

статистикалық көрсеткіштер

Көрсеткіштер

Сома

Негізгі қорлар, долл.

1800-2500

Жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны, адам

5 – 9

Орташа жылдық табыс, долл

2000

Еңбек өнімділігінің орташа жылдық өсімі, %

23

Жалдамалы жұмыс орындарының өсімі, %

12

1 шағын кәсіпорынды құруға қажетті қаражат - орташа 1800-2500 доллар; еңбек өнімділігінің орташа өсімі - 23%; жұмыс орындары санының өсімі - 12% құрайды.

2002 ж. шағын бизнесті қолдауға және дамуына бөлінген қаражат «Астана инновация» бизнес-инкубаторын құруға жұмсалды.

Ақмола облысындағы бизнес-инкубатор арқылы жыл сайын 10-15 клиенттері қолдау алады, оның ішінде бизнесті жаңа бастайтын тендер негізінде таңдалатын қала-ауыл кәсіпкерлері бар. Ауыл кәсіпкерлері көбіне ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеуге көмек алады. Тендер негізінде алдымен өндіріс процесімен айналысатын бастаушы кәсіпкерлер таңдалады.

Инкубатор арқылы жыл сайын бастаушы кәсіпкерлерге жеңілдетілген несиелер беріледі.

Шағын кәсіпкерлік бизнес-инкубаторларының жүйесі:

  1. Әлеуметтік бағыттағы инкубатор қызметін тиісті әлеуметтік топтарға бағыттайды;

  2. Халықаралық бизнес-инкубаторқаржы және технология түріндегі шетелдік инвестицияға негізделеді;

  3. Өнеркәсіптік бизнес-инкубаторірі кәсіпорындармен байланысты болады, яғни олардың өнімдерін сатушы ролін атқарады;

  4. Салалық бизнес-инкубатортиісті саланың қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталады;

  5. Технологиялық бизнес-инкубатордың негізгі клиенттері -білікті инженерлері, ойлап шығарушы мамандары бар ірі кәсіпорындар;

  6. Университеттік бизнес-инкубаторғылыми жұмыстарды коммерциялаумен айналысады;

  7. Базалық бизнес-инкубаторспутниктердің бизнес-инкубаторларын қолдаумен айналысады;

  8. Сервистік бизнес-инкубатор оқызмет көрсету аясындағы шағын кәсіпорындарды біріктіреді;

  9. «Қабырғасыз» («без стен») бизнес-инкубаторбизнеске консалтингтік және маркетингтік қызмет көрсетуге мамандандырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]