Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
payyz_sayasaty.docx
Скачиваний:
26
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
144.11 Кб
Скачать

1.3 Пайыздық саясатты жүргізудің шетелдік тәжірибиесі

АҚШ пен Германияда міндетті резервтік нормалары біршама жоғары деңгейде бекітілген. АҚШ-та міндетті резервтер банктердің категорияларына депозиттердің шамасы мен түрлеріне байланысты болып келеді. Міндетті резервтер федералдың резервтік банктердің пайызсыз депозиттік шоттарында сақталады және резервтердің артық мөлшері федералды резервтік банктердің АҚШ ақша нарығында маңызды процестерге байла­нысты операциялардың басты бір көзін құрайды. АҚШ-тың банк жүйесінің резервтерінің тағайындалу негізі коммерциялың банктердің қызметіне бақылау жасауды білдіреді. Заңмен бекітілген резервтер коммерциялың банктердің несиелеу қабілетіне әсер ететін федералды резервтік банктік жүйенің басқару Кеңесінің басты құралы болып табылады. Резервтеудің басты мақсаты банк несиесінің артықшылығынан немесе жеткіліксіздігінен тұрады. Дәл осылай, жанама жолмен коммерциялық, банктердің несиесіне жасалатын бақылау құралы және экономиканы тұрақтандыру барысында бұл резервтер салым иелерінің мүдделерін қорғау құралы болып табылады деген Кэмпбел Р. Макконелл, Стэнли Л. Брю.

Федералды резервтік жүйе экономикалың құлдырау кезеңінде міндетті резервтердің іскерлік белсенділігін арттыру және ынталандыру үшін міндетті резервтің деңгейін жиі қысқартып отырған.

Ұлттың банк екінші деңгейдегі банктер үшін, олардың пруденциалдың нормативтерді орындауына байланысты ең төменгі резервтік талаптарды орындау барысында банктерге мынадай екі тәсіл қолданады:

1. Міндетті резервтер;

2. Резервтеудің альтернативтік тәртібі.

Резервтік талаптарды орындайтын банктерге Ұлттық, банк орташа айлық, қайта қаржыландыру мәлшерлемесінің 50% көлемінде теңгедегі резервтер бойынша, ал еркін алмастырылатын валютадағы резервтік талаптар бойынша Лондондағы депозиттер нарығындағы (LIVID) бір айлық депозиттің орташа өлшемді мөлшерлемесінің 50% көлемінде пайыз төленді.

2 «Қазақстан халық банкі» ақ-ның қызметіне талдау

2.1 «Қазақстан Халық Банкі» ақ-ның құрылу тарихы және негізгі қаржылық көрсеткіштері

«Қазақстан халық банкі» акционерлік қоғамы – екінші деңгейлі банк болып табылады және Қазақстан Республикасының банк жүйесінде Акционерлік Қоғам ретінде қызмет атқарады.

«Қазақстан халық банкі» Акционерлік Қоғамының даму стратегиясы – қаржы нарығында белсенді операциялар жүргізуде кең көлемді мүмкіндігі бар, клиент үшін тартымды шарттар мен міндеттемелердің барлық түрлері бойынша кепілдік бере алатын, халықаралық операциялардың ауқымы кең әмбебап банкін қалыптастыруға бағытталған.

Банк дамуының стратегиясына сәйкес, біздің ойымызша, жалпы стандарттарды, несие іс-әрекетінде шешім қабылдау өлшемдерін, несие тәуекелділігін басқарудағы негізгі принциптерін анықтап, Банктің несиелік іс - әрекетте келесі мәселелерді шешуге бағыттайды:

- Іс-әрекетті әрі қарай әмбебаптау және капиталдардың табысты орналасу салаларын кеңейту;

- Корпоративті несиелендіруді кеңейту және несие нарығындағы жаңа секторларды бекіту;

- Қаржы-несие байланыстарын мықты қалыптастыру, әрі Банктің тұрақты клиентурасынан шаруашылықпен айналысатын субъектілерінен жиынтық құру;

- Капитал мен активтердің тұрақты өсуін және жақсаруын қамтамасыз ету;

- Табыс диверсификациясының деңгейін көтеру және табыстың тұрақты өсуін қамтамасыз ету;

- Халықаралық несие байланысының тұрақты қалыптасу жағдайын жасау;

- Халықтың экономиканың дамуы мен реструктуризациясы туралы үкіметтің бағдарламасын жүзеге асыруға жәрдемдесу;

- Қазақстан Республикасында қаржы нарық жүйесінің қалыптасуы мен дамуына жәрдемдесу.

«Қазақстан халық банкі» Акционерлік Қоғамының даму тарихы Қазақстан Республикасының даму тарихымен шамалы байланысты. Өзінің ізашарлары - Өндіріс – құрылыстық банк пен Ішкі Экономбанктің бағалы тәжірибесін таңдап, «Қазақстан халық банкі» ауыспалы қиын кезең мен 21 ғасырға өту кезеңінде құлдырамай, екі аяғында нық тұра алды. Бүгінгі күні «Қазақстан халық банкі» - өз клиенттерінің сенімді серіктесі, Қазақстанның банк жүйесінің бетке ұстар өкілі, әрі динамикалық тұрақты банкі. [11]

80 жылдардың соңында 90 жылдардың басында бүкіл СССР кеңістігінде жаңа кезең басталды. Бұл кезең – ауысу мен жаңару кезеңі еді. Қазақстан тәуелсіздігін алған кезең. Нәтижесінде «Қазақстан халық банкі» Қазақстандағы үздік банк институты болып, бизнестің барлық негізгі салаларында – корпоративті, бөлшекті, халықаралық - қызмет атқарады.

Қазақстанда «Қазақстан халық банкі» Акционерлік Қоғамы және оның еншілес ұйымдары бөлшектік, корпоративті, лизингтік, сақтандыру және де басқа қаржылық қызмет түрлерін көрсетеді.

Жалпы активтердің көлемі бойынша «Қазақстан халық банкі» Акционерлік Қоғамы ауқымы бойынша Қазақстанда екінші банк болып табылады.

2013 жылдың 31 желтоқсанына сай мәлеметтерге сәйкес Банктің 27 аумақтық филиалы және 197 есеп – кассалық бөлімшесі (2012 жылы – 27 аумақтық филиалы және 189 есеп – кассалық бөлімшесі, 2011 жылы – 27 аумақтық филиалы және 188 есеп – кассалық бөлімшесі) бар.

Ал енді «Қазақстан халық банкі» Акционерлік Қоғамының 2013, 2012 және 2011 жылдың 31 желтоқсанына сәйкес жағдайына талдау жасаймыз.

2012 жылы банктің таза табысы 6 581 млн. теңге және «айқынсыз» акцияға 3 807 теңге, ал 2013 жылы таза табысы – 14 706 млн. теңге, «айқынсыз» акцияға – 5 297 теңге. Таза табыстың 2013 жылы өсуі (өткен жылмен салыстырғанда) негізінен банк активтерінің өсуі болып табылады.

(Қосымша А) байқап отырғанымыздай банкің ақша және оның эквиваленттері, 2011 жылы ол 161,088 млн теңге болса, 2012 жылы ол өткен жылға едәуір артып 480,622 млн теңгеге жеткен, дегенмен 2013 жылы 392,898 млн теңгеге кеміген. Міндетті қорларда 2011 жылы 30,825 млн теңге болса, 2013 жылы бұл сома 27,284 млн. теңгеге кеміген. Банктің қаржы активтеріде жылдан жылға кеміп отыр. 2011 жылы ол 14,987 млн теңге болса 2013 жылы 6,051.теңгеге кеміген.Керісінше банктің несиелік мекемелердегі қаржылары жылдан жылға артып отыр 2011 жылы ол 135,801млн.тг болса, 2012 жылы 200,221 млн.тг, ал 2013 жылы 281,294 млн теңгеге жеткен.Сатуға арналған инвестициялық бағалы қағаздарда өскен ол 2011 жылы 135,801млн.тг болса, 2013 жылы 281,294 млн теңгеге артқан. Қарызды жабуға арналған бағалы қағаздар 8,689 млн.теңгеден 174,419 млн теңгеге жетіп отыр.Құнды металдар 2011 жылы 34 млн теңге болса, 2012 жылы 1,445 млн теңге, ал 2013 жылы 1,665 млн теңге. Активтердің ең салмақты үлесін клиенттердің займдары құрап отыр, 2013 жылы жалпы активтердің үлесінде 51,92 пайызды құрап отыр. Дегенмен ол өткен жылдармен салыстырғанда жылдан жылға кемігенін байқаймыз. Мысалы ол 2011 жылы 1,133,235 млн. теңге болса, 2012 жылы ол 55,045 млн. теңгеге кеміген. Мұны халықтың несие алуға деген қызығушылының төмендегенімен байланыс-тырамыз.Банктің негізгі құралдары 2011 жылы 58,023 млн. теңге болса, ол 2012 жылы 5,135 млн теңгеге артқан. Ал 2013 жылы 63,988 млн. теңгені құрап өткен жылға қарағанда 830 млн.теңгеге есейіп отыр. Сатуға арналған активтер 2011 жылы мүлдем жоқ болған, ал 2012 жылы 8,447 млн теңге болса, 2013 жылы ол 9,770 млн теңгеге жеткен.Материалдық емес активтер мен сақтандыру активтерінің де өсіміне байланысты басқа да активтер жылдан жылға кеміп отыр. Мысалы ол 2011 жылы 29,222 млн.теңге болса, 2013 жылы 12,507 млн.теңгені құраған, ал 2013 жылы 12,977 млн теңге болған.

Талдаудан байқағанымыздай 2011 жылдан 2013 жылға дейін «Қазақстан Халық банкінің» активтерінің қорытындысы өткен жылдармен салыстырғанда 2,097,935 млн. теңгеге өсті.

Жиынтық активтердің өсуі негізінен несиелік несиелік займдардың 51,92% өсуіне, қаржы мен оның эквивалентінің 18,72% өсуіне және бағалы қағаздар портфелінің өсуіне байланысты өсуін бейнелейді.

Кесте 2- «Қазақстан Халық Банк» АҚ – ның капиталдың құрамы мен құрылымы

Көрсеткіштер

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

ауытқу

сомасы

%

сомасы

%

сомасы

%

2012

2013

Жарғылық капитал

65531

3,9

143695

7,1

143695

6,85

78164

0

Эмиссиялық кіріс

1908

0,12

1317

0,07

1352

0,06

-591

35

Тартылмаған пайда және басқа да резервтер

123428

7,47

135693

100

171744

100

12265

36051

Бақыланбаған үлес

257

0,02

350

0,02

1186

0,06

93

836

Барлығы капитал

191055

11,56

280952

13,89

317884

15,15

89897

36932

Дерек көзі: «Қазақстан халық банкі» АҚ экономикалық көрсеткіші

2012 жылдың 31 желтоқсанында акционерлік жиынтық капитал 45 253 млн. теңге (7,3% жалпы активтің) құраса, 2013 жылы 85 890 млн. теңге (жиынтық активтің 8,6%) құрады.

2013 жылдың 31 желтоқсанында жиынтық капиталы аз бөліктің мөлшерін есепке алғанда 87 108 млн. теңгені құрады, 2012 жылы бұл көрсеткіш 46 920 млн. теңге болатын. 31.12.10 төленген акционерлік капитал

3 421 516 қарапайым және 305 520 сатылып алынбайтын конвертті ерекше акциялардан тұрды (31.12.09 – 2 334 435 қарапайым және 84 021 сатылып алынбайтын конвертті ерекше акциялар).

Соңғы үш жылда банктің несие портфелінің өсуі мемлекеттің экономикасының даму қарқынына әсерін тигізді. 2013 жыл ішінде корпоративті клиенттердің несие портфелі 57,3% өсті. 2013 жылдың 31 желтоқсанына сәйкес олар 601 млрд. теңге немесе 4,48 млрд. долларды құрады.

2011 жылдан 2013 жылға дейін ипотекалық және тұтынушылық несиелендіру өскені байқалады. Ипотекалық несиелендіру 2013 жылы республика бойынша 29,2 млрд. теңгеге өсіп, күні бүгінге дейін ипотекалық несиелендіру нарығында озық ойыншы болып табылады.

«Қазақстан халық банкі» акционерлік қоғамы Қазақстан Республика-сының Үкіметімен 2012-2013 жыл аралығындағы тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудағы қызметтестік туралы меморандумға қол қойды, әрі бұл бағдарламаны жүзеге асыруда белсенді қатысушылардың бірі болып табылады.

«Қазақстан халық банкі» Акционерлік Қоғамы кіші және орта бизнестің сегментін өзінің даму стратегиясында ең басты бағыттардың бірі етіп айқындап, оны белсенді түрде қаржыландырып жатыр.

Осы диаграмманның негізінде «Қазақстан халық банкі» Акционерлік Қоғамының несиелік портфелінің қандай бөліктерге бөлінгенін көруге болады. Несие портфелінің негізгі бөліктерін келесі салаларға бөлінген: сауда-25%, құрылыс - 19% және өндіріс - 18%. Бұлар жалпы несие портфелінің 62% құрайды, ал қалған 38% өз ішінен мұнай мен газ, ауыл шаруашылығы сияқты салалар бөлісуде. Әрқайсысының басына шаққанда 12 - 11%. Қалған 15% транспорт, энергетика және басқа қызмет көрсетілерге бөлінген.

2013 жылы 34 мың кредит 465 млрд. теңгеге берілген. 2013 жылың бірінші қаңтарына сәйкес «Қазақстан халық банкі» Акционерлік Қоғамы кіші орта бизнес портфелі 88 427 млн. теңге немесе 56% құрайды. Банктің жалпы портфелінде кіші орта бизнес 11% құрайды. 2013 жылдың 1 қаңтарына сәйкес «Қазақстан халық банкі» кіші орта бизнес портфелі сауда саласына берілген несиелерден құралған («Қазақстан халық банкітің» кіші орта бизнес портфелінің жалпы қарыз беру көлемінің 33,5% құрайды). Дегенмен тағы бір атап өтетін мәселе, соңғы уақытта экономиканың нақты секторын несиелендіру мөлшері өсіп келеді.

Кесте 3- Кіші және орта бизнес портфелінің сала бойынша құрылысы

Атауы

%

Сауда

33,5

Басқалары

27,4

Құрылыс

12,6

Өндіріс

12,4

Ауыл шаруашылығы

9,6

Көлік және байланыс

4,5

Дерек көзі: ҚР Ұлттық банктің 2013 ж. Статистикалық бюллетені.

 

2013 жылы «Қазақстан халық банкі» жеке тұлғаларды несиелендірудің белсенді қызметін жалғастырды. 2013 жылдың ішінде жеке тұлғалардың несие қарызының қалдығы 86 842 млн. теңге құрады, яғни бір жыл ішінде 1,8 есеге өсті. 2013 жылы банк берген бөлшектік несиелердің көлемі 59 169 млн. теңге. Өткен жылмен салыстырғанда 25 777 млн. теңгеге көп. Жеке тұлғалардың тұтынушылық несиелендіруі 33 243 млн. теңгеден 63 725 млн. теңгеге дейін немесе 192 пайызға өсті.

Тұтынушылық несиелендіру портфелінің негізгі өсімі ипотекалық несие арқылы – 9 187 млн. теңге және жедел қажеттілікті қанағаттандыру үшін несие алу – 5 556 млн. теңге арқылы жүзеге асты.

Кестеде көрсетілген уақыт ішіндегі банктің пайызсыз табысы көрсетілген. 2013 жылы комиссиялық жинаудан түскен таза табыс 38,5 пайызға немесе 12 454 млн. теңгеге, 2012 жылы – 8 994 млн. теңге. 2013 жылы Банк саудалық бағалы қағаздардан 13 015 млн. теңге таза табыс алды (2012 жылы – 138 млн. теңге). Бұл жағдай ішкі және сыртқы нарықта жүргізілген сатып алу – сату белсенді операциялармен тікелей байланысты. 2013 жылы көрсеткіш 10 есеге, яғни 794 млн. теңгеге түсті (2012 жылы – 7 595 млн. теңге). Бұл негізгі валюталарды сатылу бағасының ауытқуымен байланысты. 2013 жылы андеррайтингтік қызмет арқылы банк өз көрсеткішін жақсартып, 539 млн. теңге таза табыс алды, 2012 жылмен салыстырғанда 478 млн. теңге шығын. 2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы басқа табыстар екі есеге дейін өсіп 1 139 млн. теңгені құрады. Ал бұл жағдай өзге операциялармен банк қызметімен байланысты емес жалға беруден түскен табыстың өсуімен байланысты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]