Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3_sabak.docx
Скачиваний:
30
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
26.3 Кб
Скачать

1.3. Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер

1-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз

1. Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?

2. Жаман мінезді қалай түзеуге болады деп ойлайсың?

3. Атаққұмарлық, мансапқорлық дегенді қалай түсінесіз?

4. Өзімшілдік денегіміз не?

2-тапсырма Төменде берілген сөздері орыс тіліне аударыңыз.

тәкаппарлық -

іштарлық -

екіжүзділік -

жағымпаздық -

қызғанушылық -

өзімшілдік -

жемқорлық -

жалақорлық -

3-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер

Кейбір адамдардың мінез-құлықтарында жағымсыз қасиеттер болады. Мысалы, біреуді-біреу көре алмаушылық, іштарлық, екіжүзділік, тәкаппарлық, жағымпаздық, пайдакүнемдік, қызғанушылық, өзімшілдік, жемқорлық, жалақорлық, бұзақылық және т.б.

Атаққұмарлық пен мансапқорлық жайлы Р. Шеридан: «Ең құдіретті құштарлық – атаққұмарлық. Міне осы құштарлықтан құтқарар болса, қалғандарынан мен өзім-ақ құтылар едім» – депті. Атаққұмарлар пен мансапқорлар атақ пен даңққа және мансапқа қызыққыш, айлакер, өркөкіректеу және өзімшіл болып келеді. Ондай адамдардың алдарына қойған басты мақсаты – шен-шекпенге, сый-құрметке бөлену, оңай даңққа, жеңіл атаққа және мол табысқа қол жеткізу, сондай-ақ лауазымды қызметке көтерілу. Олар өз бойындағы іскерлік пен білімділік, парасаттылық қабілеттерінің бар-жоғына қарамай атақ пен мансапқа қарай ұмтылады, ал қоғамдық жұмыстарға немқұрайды, атүсті қарайды және халықтың мұң-мұқтажымен санаспайды.

Қоғамдық жұмыстарға қабілеті аз, білімі мен талабы жоқ, бірақ қалталылар мен сүйеніші мықтылар көздеген мақсаттарына, аңсаған армандарына жетіп жатыр. Мұндай атаққұмарлық мен мансапқорлық адамдар арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың қалыптасуына кері әсер етіп және қоғамның ілгері басуына кедергі келтіреді.

Көлгірлік (екіжүзділік) адам бойындағы ең жаман жағымсыз қасиет. В.А.Сухомлинский былай деген екен: «Жамандықтың зоры – екіжүзділік, жағымпаздық ырқына жүру. Осынау сан құбылып тұратын жамандықты тани біл, оған төзбейтін, ымырасыз адам бол». Екіжүзді адамдар өзгелермен қарым-қатынас жасағанда өз бас пайдасын ойлап қулық, айлакерлік, зымияндық сияқты жаман қасиеттерге барады. Мысалы, қызметі жоғары кісіге бас пайдасын ойлап жағымпаздану, оған бағынышты болу. Ондай адамдарға бастық қалағанын тауып беріп, жұмысын оң шешіп берсе, жағымпаздығын жалғастыра береді. Ал көңілін таппаса, бетін ары бұрып, теріс айналып кетеді де, неше түрлі құйтұрқы әрекеттерге барады. Көлгірсіген жандар өз бойындағы жаман қасиеттерді бүркемелеп, өзін өнегелі, көргенді етіп көрсеткісі келеді. Олар өз пайдасын ғана ойлап, біреуге жалған айтып жағынып, өтірік айтып көлгірсіп, өсек тасып жамандап, біреуді шағыстырып, ұрыстырып жүреді. Ал өз шаруасын тындырып алғаннан кейін, бұрынғы таныстары, қызметтестерін танымай кетеді. Міне, осындай адамдардың бет-пердесін тану, ондай жандардан аулақ жүру кімге де үлкен олжа екенін ескере жүру қажет.

(Қ. Өрісбаев. «Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер»,

«Қазақстан-Заман» газеті, 27 желтоқсан, 2007ж.)

4-тапсырма Адам бойындағы жағымды қасиеттерді оң бағанға, жағымсыз қасиеттерді сол бағанға жазып шығыңыз.

Жағымсыз қасиеттер

Жағымды қасиеттер

5-тапсырма Өз бойыңыздағы жаман қасиеттерді қалай мойындайсыз?

6-тапсырма Мінезге қатысты сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын есте сақтаңыз!

Жібектей есілген - мінез- үй-ішіне, айналасына жұғымды, қайырымды, мейірімді, үлкенді құрметтеп, кішіні-ізеттеп, кісі бетіне, жел боп тимей тұратын кішіпейіл адамға тән.

Тентек-ұрыншақ, періншек, көп нәрсенің байыбына бармай, барса да ақырын тоспай айтып тастайтын, қағу көрмей өскен, тыюсыз, әл жеткенді ұрып жіберуден тартынбайтын адамға тән. Халық кейде біреулерді «ақылды тентек қой» деп те жатады.

Дөкір-сезімі аз, өзіне сенімі мол, көп сөзге жоқ дүңк етпе, бал-сауаппен санаса бермейтін, тоңмойын, томырық адамға тән.

Кесір-жөн істі теріске балап, өз пікірімен ғана есептесіп әр сөзге кесірленіп, қитығып, алдағанға көнбейтін, айдағанға жүрмейтін адамға тән.

Кербез-бойын түзеп, баптанып, кез-келген адмға әсем көрінгенсіп, жақсыны-киіп, жылтырақты-жиып, сөйлеген сөзі, істеген ісі ішіңді пыстыратын адмға тән.

Паң-тал бойына кісі баласын шақ тұтпай, тең санамай астамсып қарайтын күпірлігі көп адамға тән.

Мақтаншақ-жел сөзге әуес, жоғын-бардай, түйірін нардай ғып көрсетіп, болмасты-болдырып, оңбасты-оңдырып, ауызбен қырман орып, жақсы атансам деген адамға тән.

Ерке-сөзінен де, ісінен де еркіндіктің, ойнақылықтың, кайымсыздықтың лебі есіліп тұратын адамға тән.

Тура мінез- қара қылды қақа жарып бұлтақсыз сөйлемейтін, шыншыл, тәуекелшіл, қиянат, өсек-аяңға жаны қас адамға тән.

Шапшаңшыл- ыссылай қауып айтып қалатын, асығыстай, іс тындыратын, төзімі аздау, тыпырлап қалған тынышсыз адамға тән.

3 СӨЖ тапсырмасы

1-тапсырма. «Мінез және келбет» тақырыбын мазмұндау.

2-тапсырма. «Сұлулық әлемді құтқарады немесе сұлулықтың сыры» тақырыбында шағын шығарма жазыңыз.

3-тапсырма. Әдемілік, сұлулық тақырыбына мақал-мәтел табыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]