Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EURASIA_UMKD_2012-2013.doc
Скачиваний:
65
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
751.1 Кб
Скачать

6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі

6. 1 Негізгі әдебиеттер:

  1. Вернадский Г.В. Начертание русской истории.- Прага, 1927.

  2. Гумилев Л.Н. Көне түріктер (Орыс тілінен ауд. Ә. Жұмабаев, П. Бейсенов).- Алматы: «Білім», 1994. – 480 б.

  3. Гумилев Л.Н. Хұндар. (Орыс тілінен ауд. Ә. Жұмабаев, П. Бейсенов).- Алматы: «Қазақстан», 1998.-528 б.

  4. Савицкий П.Н. Евразийство // Основы евразийства.- Москва, 2002.-С.280.

  5. Трубецкой Н.С. Европа и человечество.- София, 1920.

6.2 Қосымша әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н.А. Евразийское пространство: интеграционный потенциал // Евразийский союз. Идеи, практика, перспективы: 1994-1997.- Москва, 1997.

  2. Проблемы евразийства.-Астана: издательство Евразийского университета. 1998.- 225 с.

  3. Гумилева Н. Лев Николаевич Гумилев и идеи евразийства // Евразийский университет и евразийское сообщество: взгляд на начало XI века.- Астана, 2002. – С. 152-159.

  4. Ермекбаев Ж.А. Теория этногенеза и евразийские идеи Л.Н. Гумилева в преподавании исторических дисциплин. Учебное пособие. –Астана: ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2003.- 90 с.

  5. Евразийская идея Н.А. Назарбаева и тюркское пространство. /Коллективная монография под общ. ред. Ибраева Ш./. – Астана: «Сарыарқа», 2011. -404 с.

7. Оқуды бақылау мен оның нәтижелік бағасы

Пәнді оқу барысында ағымдағы, аралық, қорытынды, сондай-ақ белгіленген бақылау түрлерін жүзеге асыру қарастырылған. Студенттерге үнемі сабаққа келу, үздіксіз оқуға және топтық пікірсайыстарға белсеңді қатысуға тұра келеді. Студенттер үшін аудиториялық сабақтардағы процесстерге белсенді қатысу міндетті болып саналады, өйткені сабақ айту сапасының негізінне қарап бағаланады.

Егерде студент қойылған талаптарға сәйкес тапсырмаларды саналы орындаса ең жоғарғы балдарға қол жеткізеді. Белгіленген уақытында өткізілмеген тапсырмалар қабылданбайды.

Бағалау жүйесі: Ағымдық бал: - 25 %. Аралық тест – 10 %. СӨЖП және СӨЖ – 25 %.

Эмтихан – 40 %. Барлығы: - 100 %.

Пән бойынша пайыздық мазмұндағы қорытынды баға төмендегі формуламен анықталады:

И% = Р1+Р2 х 0,6 + Э х 0,4,

2

Онда: Р1– 1 рейтинг бағасының пайыздық мазмұны, Р2 – 1 рейтинг бағасының пайыздық мазмұны, Э – емтихан бағасының пайыздық мазмұны (тест–емтихан).

8. Оқу пәнінің саясаты.

«Еуразияшылдық: теория және практика» пәні бойынша барлық сағат саны: 90 сағ. Дәріс-15, семинар-15, СӨЖ-60. Сабақтың барлық түрлеріне қатысу міндетті болып келеді. Сабақта өзін-өзі ұстауы ЖОО ішкі тәртіп Ережелеріне сәйкес болуы тиіс.

Глоссарий

Адаптация мінез-құлықтың жаңа стериотиптерін туындату жолымен жүзеге асатын этностың ландшафқа икемделуі.

Дала өркениеті түркі тектес халықтардың, соның ішінде қазақтардың материалдык және рухани құндылықтарының даму сатысы; этномәдени жүйенің қалыптасуындағы табиғи-тарихи тұрпат.

Еуропоцентризм мәдени аяда басқа халықтар мен өркениеттерден еуропалық халықтар мен батысеуропалық өркениеттің үстемдігін және еуропа халықтарының әлем тарихындағы рөлін жақтайтын ғылыми үдеріс немесе саяси идеология.

Еуропалық одақ (Еуроодақ, ЕО) Еуропаның Еуропалық Одақ туралы келiсiм шартына қол қойған 27 мемлекетің экономикалық және саяси бірлестігі.

ЕО – халықаралық саяси және экономикалық бірлестік. Жалпы саны 373 млн адамнан асатын халқы бар Еуропа территориясында орналасқан Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люксембург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия, Австрия, Финляндия, Швеция сияқты елдердің (1993) қатысуымен құрылған. Кейіннен бұл Одаққа – Польша, Венгрия, Чехия, Словакия, Словения, Хорватия, Эстония, Латвия, Литва елдері мүше болды. Еуропалық одақ аясындағы интеграциялық ынтымақтастықтың басты мақсаттары Бірегей еуропалық актіде (1987), Маастрихт келісімшартында (1992) және Амстердам келісімінде (1997) көрсетіліп айқындалған.

Еуропалық одақтың жалпы органдары қатарына Еуропалық комиссия, Еуропалық парламент, Еуропалық Одақтың Кеңесі, Еуропалық сот, Аудиторлар палатасы, т.б. жатады.

Идеология ілім, қоғамдық сана (гр. Идса – ой, пікір, идея + логос – сөз). Идеолог – таптың немесе қоғамдық топтастықтың ойын білдіруші, идеялық мүддесін қорғаушы деген түсінік.

Алғаш 8еет«идеология» деген терминді француз философы және экономисі Де Гресси (1754-1836) қолданды. Ол «Идеологияның элементтері» деген төрт томдық еңбек жазған.

Комплиментарлық - «өзінікі» «өзгенікі» дегенді айқындаушы санадан тыс адамдар қауымдастығының өзара үйлесімі.

Ориенталистика -   (лат. Orientalis – шығыстық)– Шығыс елдерінің тарихы, философиясы, өнері, әдебиеті, тілі мен экономикасын зерттеумен айналысатын ғылыми пәндер жиынтығы, шығыстану.

Орталық Азия - Кеңес Одағының ыдырауы нәтижесінде бұрынғы Орта

Азия республикалары мен Қазақстан аумағында пайда болған геосаяси кеңістік. Геоаймақ ресми түрде 1993 жылы 4 қаңтарда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан Республикалары президенттерінің Ташкент қаласында өткен саяси, экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөніндегі басқосуында бекітілді. Орталық Азия болып аталуы – жер аумағының Еуразия құрлығының ортасында орналасуына және бұл елдердің тарихы, діні мен тілі, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпы, мәдениеті мен шаруашылығындағы жақындықтар, ұқсастықтардың көп болуына байланысты.

Пассионарлық импульс тұлғалық және түрлі инстинктерге қарама-қарсы бағытталатын мінез-құлық импульсы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]