Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
16-10-2013_09-57-32 / гражданское право каз.ppt
Скачиваний:
46
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
123.9 Кб
Скачать

Азаматтық құқықтық қабілет

Азаматтардың құқықтырға ие болу және міндеттерді атқару қабілеті.

Құқықтық қабілет ол туылған кезден басталып, қайтыс болған соң тоқтатылады.

Әрекет қабілеттігі азаматтың өз құқықтарын жүзеге асыру қабілеті.

Азаматты хабар ошарсыз кетті деп тану

Егер азаматтың тұрғылықты жерінде ол

туралы бір жыл бойы деректер болмаса, мүдделі адамдарың арызы бойынша сот

оны хабар ошарсыз кетті деп тануы мүмкін.

Азаматты өлді деп жариялау

Егер азаматтың тұрғылықты жерінде ол туралы үш жыл бойы деректер болмаса, мүдделі адамдардың арызы бойынша сот оны өлді деп жариялауы мүмкін.Егер де азаматты өлім қатері төнген немесе жазатайым тапты деп жорамалдауға негіз болса, мерзім алты ай болуы мүмкін. Азаматты өлді деп жариялау үшін алдымен хабар ошарсыз кетті деп танудың қажеті жоқ.

Соғыс қимылдарына байланысты хабар ошарсыз кеткен адамды соғыс қимылдары біткен күннен бастап, кемінде екі жыл өткеннен кейін ғана өлді деп жариялауға болады.

Заңды тұлға

Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.

Заңды тұлға

Заңды тұлға өз қызметін жарғы не құрылтай шартымен жарғысы негізінде жүзеге асырады.

Дербес балансы мен сметасы болуы керек.

Заңды тұлғаның құқық және әрекетқабілеттігі бір мезгілде пайда болып, бір мезгілде тоқтатылады.

Мәмілелер

Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді анықтауға, өзгертуге немесe тоқтатуға бағытталған әрекеттері.

Мәміле – адамдардың ықтиярлы актісі, яғни әрекеті.

Меншік құқығы

Субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын, қорғалатын және тиесілі мүлікті өз қалауынша

иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.

Иелену құқығы дегеніміз

Мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету, яғни тұлғаның өз қалауынша мүлікке ықпал жүргізудің мүмкіндігі.

Пайдалану құқығы дегеніміз

Мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі.

Билік ету құқығы дегеніміз – мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.