Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лек от7.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
37.07 Кб
Скачать

Бала мен оның отбасына психологиялық-педагогикалық көмекті ұйымдастырудың түрлері

Мекеменің Психологиялық-педагогикалық тәжірибе мамандары

Ата-аналарға арналған тақырыптық дәрістер

мен семинарлар

Балалар тобындағы сабақтар

Құрдастары Бала мен ата-ана ұжымындағы бірлескен сабақтар

Ата-аналармен топтық жұмыс

Отбасы Ата-аналардың тұлғалық кеңес алуы 97

Қазіргі таңда ауыр интеллектуалдық бұзылыстары бар балаларға түзетушілік – дамушылық көмек көрсету мәселесіне қызығушылық артты. Осы топтағы балалардың потенциалдық мүмкіндіктерінің дамуы мен олардың қоғамдағы реабилитация сұрақтары үлкен әлеуметтік маңызды-лығына айналып жатыр.

Интелектуалдық бұзылыстары тұлғаларды оқыту мен тәрбиелу, зерттеу мәселелері қазіргі таңда үлкен маңызға ие. Бұл көптеген еңбектерге байланысты: осындай балалар тобының көп туылуы, осындай балаларды тәрбиелеуде ата-ананың ниеті болмауы және т.б. жатады.

Жалпы қабылданған классификация интеллектуалдық жетіспеуші-ліктің дәрежесіне байланысты олигофренияның әртүрлі формалары жүйелену негізінде құрылған, оның үш негізгі тобы анықталды: идиотия, имбецил және дебил. Кемістіктің айқындалу дәрежесіне байланысты баланы оқыту үшін ұсынатын мекеме түрі туралы сұрақ шешіледі.

Қазіргі уақытта осы бұзылыстардың классификациясы Халықаралық аурулардың 10 қарастыру классификациясына сәйкес «жеңіл», «орташа», «ауыр» және «терең» кемақылдылық деп бөлінеді.

Заманауи даму кезеңінде дамуында кемістігі бар тұлғаларда осы мемлекеттің басқа азаматарында сияқты тең мүмкіндіктер бар жаңа түсінікті көрсететін бірқатар заңдарды халықаралық қоғам сол үшін қабылдады.

Біздің және шетелдерде орташа және ауыр ақыл-ой кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің мемлекеттік жүйелер маңызды өзгерістерден өтіп жатыр. Ол балалардың бейімделу мүмкіндіктерін бөлу мен «оқытылатын» және «оқытылмайтын» топтарды ерекшелеуден бас тартудан көрініс табады, яғни әрбір бала мүмкіндігіне байланысты олар білім ала алады.

Интеллект бұзылыстардың орташа және ауыр категориядағы балалар өз алдына әртүрлі топты көрсетеді. Олар барлығы жалпы сипатқа ие, бастысы орталық жүйке жүйесінің ауыр органикалық бұзылыспен шартталған, ауыр психофизикалық кемістігі болады. Терең айқын интеллектуалдық бұзылысы кезінде, бас миының үлкен жарты шарлармен қатар, басқа да асты жатқан бөлімдері зақымдалады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша интеллектісі бұзылған балалардың жалпы санының 20%-н осы балалар құрайды.

Осы категориядағы барлық балаларға интеллектуалдық іс-әрекеттің төмендеуімен қатар психиканың барлық жақтарының дөрекі бұзылыс-тармен (ойлау, сөйлеу, есте сақтау, зейін, моторика, эмоционалдық-ерік саласы) кеш дами бастауымен сипатталды. Оларда белсеңділік пен бағдарлау іс-әрекеттері тез төмендейді және де заттық әрекеттерді меңгеруде маңызды бұзылыстарға әкелетін, физиологиялық, примитивтік күшейту жағына деген қажеттіліктер жүйесі араласып кеткен. Заттық әрекет дамуының толығымен болмауы, сезімдік танымның тым кедей болуына әкеледі, ал ол ақыл-ой дамуының базасы болып келеді.

Тәртіптік реакцияларда орташа және ауыр интеллектуалдық бұзы-лыстары бар балалар әртүрлі реакцияларды береді. Ереже бойынша полярлық сипатқа ие болған тәртіптік көріністердің екі тобын ерекшелейді.

Бірінші топқа «гипербелсеңді» балаларды жатқызады, оларды ерте шақта жеңіл тануға болады. Ерте жаста олар тынымсыз, ашуша4 және ерке болады. Мектепке дейін шақта өзін тым шулы етіп көрсетеді. Осы балалардың тәртібі импульсивтілігімен, қозғалыс тынымсыздығымен және ерікті зейінінің тым тұрақсызыдығымен ерекшеленеді. Сабақ кезінде осы топтағы балалар орынан тұрып, әртүрлі заттарды алады да, ұстаздарды тыңдамайды және ескертулерге назар аудармайды. Бейтаныс адамдардың алдында қозуы тым жоғары, көп сөйлейді, адекватты емес күледі және де ең жаманы бөлек тапсырмаларды назар аудармай орындайды. Осы балалардың тәртіптері тұрақсыз, сондықтан ол түскен жағдайына тәуелді болады. Қоршаған ортаның сәл өзеруі кезінде қозғыштығы күшейеді. Осы балалардың эмоциялары тұрақсыз, лабилді және өзгермелі.

Ал екінші топтың балалары тәртіптің қарама-қарсы формасын көрсетуі мүмкін. Олар тым баяу, барлық іс-әрекетте көмекті қажет етеді және сабақтарда пассивті болады. Осы балалар мұғалімдерге сұрақтармен жақындамайды, қойылған сұрақтарға жауап беруге тырыспайды. Қандай да іс-әрекетке олар мұғалімнің бірнеше рет ұсыныс жасаудан және тапсырманы бірнеше рет қайталаудан кейін ғана қосылады. Топта осындай балалар сабырлы, әрі жауапты әсер қалдыруы мүмкін. Сыртқы жағдайлар-дың өзгеруіне одан да қатты тұйықтылықпен, «өз-өзіне кетуімен», т.б. жауап береді.

Интеллектуалдық іс-әрекеттің осындай бұзылыстары ерте, бір жасқа дейін немесе өмірдің алғашқы жылдарында анықталады және диагностика-ланады. әрбір нақты баланың кемістік дәрежесі, оның құрылымы, сонымен қатар темп пен әрі қарай дамуының сипатының индивидуалдық ерекшелік-терге ие болады.

Айқын интеллектуалдық жетіспеушілігі бар бар балалардың қалпы өмірдің алғашқы күндерінен ауыр дамымаушылығымен ерекшеленеді. Сәбилік шақта осы балалар басты кеш ұстайды (4-6 айдан бастап), өзі 88

аударылуынан және отыруы да кеш өтеді. Үш жастан кейін жүруді меңгереді. Оларда гуілдеу, былдырлау болмайды, «тірілу кешені» қалыптаспайды.

Әртүрлі топтағы балалардың моторлық жетіспеушілігі әртүрлі көрініске ие болады. Ақыл-ой кемістігінің тежелу түрі кезінде қозғалыс дамымаушылығы кедей, бірдей қозғалыстармен, олардың тым тез баяулы-ғымен, әлсіздікпен көрініс табады. Ал, керсінше, қозу үдерісі басым балаларда қозғалуы тым жоғары, бірақ олардың қозғалыстары мақсатты бағытталмаған және тәртіп сақтамайды, олар бірізділік қозғалыстарды жасауға қиналады. Жиі бала бастаған қозғалысты өзі аяқтамайды. Балаларда жіңішке, дефференияланған қол мен саусақтар қозғалыстары ерекше қиындатылған; олар аяқ киімде бауларды байлауға және түйме-лерді салуға қиналып үйренеді.

Айқын интеллектуалдық жетіспеушілігі бар балаларда психиканың барлық жақтары дөрекі бұзылған: қабылдау, зейін, ойлау, есте сақтау, сөйлеу, эмоционалдық-еріктік сферасы.

Осы балаларға сыртқы қабылдау тән, яғни заттарды жалпы қабыл-дау. Олар қабылдаған материалдарға талдау жасамайды және басқа объектілермен салыстырмайды. Ол қарапайым және күрделенген мате-риалды қабылдау арасында көрінеді. Қарапайым, күнделікті көретін заттарды қабылдайды және жеткілікті жақсы ажырата алады.

Мақсатты бағытталған тәсілдердің анализ салыстыру, жүйелік іздеу, материалды толығымен қамту, әрекеттің адекватты тәсілдерін қолданудың болмауы, олардың іс-әрекетінің тәртіпсіз, саналы емес сипатқа ие болуына әкеледі.

Интеллектуалды жетіспеушілігі анық байқалған балалардың зейіні бұзылған, қабылдау түйсігі шамалы, баланың қабылдау сезімін, зейінін аудару қиынға соғады, балалар назары жиі басқа нәрсеге бөлінеді. Бұндай балалардың белсенді зейіндері өте әлсіз болады, сол себептен алға қойған мақсатқа жету мүмкін емес. Бастауыш сынып оқушыларының назарын тек қана жарқын суреттер, заттар арқылы аударуға болады, бірақ ұзақ назарын аударуға қиынға соғады.

Айқын интеллектуалдық жетіспеушілігі бар балалардың психикасын зерттеу нәтижелері, олардың логикалық және механикалық есте сақтау қабілеті тым дамымаған екенін көрсетті. Сонымен қатар есте сақтаудың гипертрофияланған жағдайлар кездеседі (бұл сәттерді, сандарды, орындарды және т.б. жартылай есте сақтауды білдіреді.). Сөздердің өзара байланысты емес қатарды айтқанға, қарағанда, байланысты мәтінді еске сақтау жақсы нәтижелерге әкеледі. Бұл орталық жүйке жүйесінің терең зақымдалуы бар балалардың мәтіндегі қарапайым мәнді байланыстарды миниалды дәрежеде орнатады және ол есте сақтау үдерісі кезінде көмектесетінін білдіреді.

Балаларда қатты танымдық іс-әрекеттің дамымауы, ең алдымен, ойлау үдерісінде көрініс табады. Осы категориядағы балалар үшін жиі 89

дербес түрде тасымалдау мүмкін емес және бекітілген білімдерін қолдануға өте қиын болады. Осы балалар үшін алған білімдер мен икемдерді тасымалдау, сәл өзгерген жағдайларда қолдануы, жағдайды дербес түрде талдау жасауды, күрделі емес өмірлік міндеттерін шешуін таңдау қиынға соғады.

Терең ақыл-ой кемістігі бар балалар қарапайым жалпылауға қабілетті. Оқыту кезінде олар заттарды категориялы топтарға біріктіруге үйренді (көкіністер, жемістер, киім, жануарлар, жиһаз және т.б.). осы жалпылаулар тек қана арнайы оқыту нәтижесінде, үлкен қиындықпен пайда болады. Бірізділікті құрастыруға, сюжеттік суреттер бойынша және т.б әңгімелеу үлкен қиындықтарды туғызады. Бірақ та, балалар жалпылауды өз өмірлік тәжірбиелерімен байланыстырады.

Сонымен қатар ойлау қабілетінің жетіспеушілігі, жазу мен есепті үйрету кезінде көрінеді. Көптеген зерттеушілер оларды оқуға үйретуге болады, бірақ олар мәтінді түсіну үдерісі өтпейтінің ерекшелеген. Балалар оқығанды жалпылай алмайды, оларда жарқын фрагменттарлық қабылдау байқалады, сол себепті мәтін сөйлемдер арасында логикалық байланыс қалыптаспайды.

Айқын интелектуалдық жетіспеушілігі бар балалар 10, 20-ға дейін қатарлап санауды тек қана көрнекілік құралдары арқылы жүзеге асырады. Ерекше түрде балаларға есепті шешуде қиындықтар кездеседі: олар бірізді әрекетті орындау мәнін түсінбейді және т.б.

Осы категориядағы барлық балаларда жұмыс қабілеттілігі өте төмен: әлсіз, олардың дамуының ерте шақтарынан анықталатын эмоционалдық көріністердің пассивті және адекватты еместігі анықталады. Ерте шақта олар жарқын заттарға, дыбыстарға жеткілікті түрде назар аудармайды. Мектепке дейінгі жаста ойыншықтармен және басқа балалармен ойнамайды. Жаңа ортада осы балалар сырттан қатысуынсыз, пассивті болып көрінеді.

Терең интеллектуалдық бұзылыстары бар балалар үшін дербестігінің және инициативаның болмауы тән. Оларға сыртқы әсерлерге деген импульсивті жауаптар, ойланбаған әрекеттер тән болады. Олардың көбі жеңіл сендіруге жақын тұрады, бірақ та барлық таныс емес және жаңаға қарсылық білдіреді. Осындай балалар барлық жерде рутинер: олар таныс, белгілі жерлер бойынша серуендейді және т.б. қазіргі медицина интел-лектуалдық іс-әрекет бұзылыстарын өзін емдей алмайды, бірақ та көптеген үйлесімді және тежейтін жағдайлар медикаментоздық терапиямен жеңілдетуге болады. Балалардың дамуы үшін көптеген түрлі арнайы диета-лардың маңызы зор, сонымен қатар өмірлік іс-әрекеттің тәртібін орнату – осының барлығы денсаулықтың жалпы қалпын жақсартуы мүмкін.

Жоғарыда аталған ерекшеліктер жалпы психикасының ауыр бұзылыстары бар танымдық жақтары бұзылған балалардың барлығына тән. Бірақ, өте терең ақыл ойының кем болуы орталық жүйке жүйесінің түрлі бұзылысының нәтижесінен болады, психологиялық-педагогикалық

ықпал бала тұлғасының даму ерекшеліктерін есепке алған жөн. Түзету педагогикалық жұмыс әр баланың жеке мүмкіндігіне негізделген жөн.

Отбасы - адамзаттың өсіп-өнер, қаз тұрып қанат қағар ошағы, алтын бесігі. Сондай-ақ ол адам қоғамының ең негізгі және өте ертеде пайда болған алғашқы бірлестігі. Бұл тұрғыда отбасын баланың өзі және басқалар туралы ойы қалыптасатын әлеуметтік, сонымен қатар рухани мәдениетінің орталығы деуге әбден болады. Шаңырақтағы береке-бірлік, әлеуметтік, т.б. жағдайлар отбасы мүшелеріне тікелей әсер етеді. Содан да болар ата-аналардың балаларымен өзара қатынасы сол отбасының байырғы тарихымен тығыз байланысты.

Кеңес психологиясында баланың дамуы қоғамдық тарихи тәжірибиені меңгеру формасында өтеді деп қарастырылады. Баланың психикалық дамуының басты шарты ересектермен қарым-қатынасы болып табылады (Л.С.Выготский, А.В. Запорожец, Д.В. Эльконин, М.И.Лисина). Л.С.Выготский кішкене балаларды жақын ересектерге бағдарланған «максимальды әлеуметтік тіршілік иелері» деп атайды. Оның ойынша бала үшін ересек адам «барлық жағдайдың психологиялық орталығы» болып табылады. Баланың ересектермен қарым-қатынасқа деген қажеттілігі оның ары қарайғы психикалық дамуының негізін және қозғаушы күшін құрайды.

Жақындық сенім және ынтымақтық атмосферадағы қарым-қатынас бала психикасына жақсы әсер етеді және баланың эмоциялық сезінулеріне дұрыс жол салады, сондай-ақ әлеуметтік сезінулердің алғашқы мектебі болып табылады (И.С.Кон, А.А.Люблинская, Т.А.Рипина, С.П.Тящина).

Отбасының өзара әрекеттестігінде баланың жеке адам аралық байланыста көрінуін Т.В.Нещерт өз зерттеулерінде көп қарастырған. Қазіргі кезде тұлғаны қалыптастыру мәселесі маңызды міндеттердің бірі болғандықтан аталмыш мәселені шешудегі басты рольді отбасы алады. Өйткені мұнда рухани тұлғаның негізі қаланады, адамгершілік және азаматтық өзіндік сана, сондай-ақ адамның өзін-өзі анықтауы қалыптасады. Сондықтан отбасы әсерінің күшін басқа тәрбие институттарымен салыстыруға келмейді. Демек отбасының бала тәрбиесіндегі алар орнын халқымыз “ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” деген даналық оймен түйе білген.

Тұжырымдай келгенде, дұрыс қалыптасқан отбасылық қарым-қатынас баланың тұлғалық – психологиялық дамуының ғана емес, оның твочестволық қабілеттері мен іскерліктерінің дамуының қайнар көзі болып табылады.

Кемістің түріне және күрделілік деңгейіне байланысты балаларды тәрбиелеу мүмкіндігі де өзгеріп отырады. Келесі кезекте бірнеше синдромдарды қарастырамыз және оларды отбасында тәрбиелеудің жолдары мен тәсілдерін көрсетеміз.

Даун синдромы бар балалардың сыртқы құлақ жолы, ауыз қуысы, сілекей қабықтары қалыпты баламен салыстырғанда құрғақ болады. Сондықтан олардың еріндері тез құрғап, жарылады. Бұл жайсыздықтың алдын алу үшін абрикос, өрік, күнбағыс майын аптасына үш рет, дене температурасына лайықты етіп жылытып, екі тамшы тамызады. Баланы шомылдырғанда, құлағына су кетіп қалмауы үшін, мақтаны пайдаланады. Даун синдромы бар балалар құлақ отитіен жиі ауырады, мұндай жағдайда балаланың құлағына су кіріп немесе суықтап қалуынан сақтандыру қажет.

Қол және беттің терісін күту кезінде түйін гүлдің судағы ерітіндісі жақсы көмек береді. Жарты литр қайнаған суға емдік шөптерді салып, дене тептературасына сай жылығанға дейін бетін жауып демдеп қоямыз. Бірнеше минуттан соң сол сумен баланың бетін кейіннен қолдарын ақырын жуамыз.

Ортаңғы құлақтың аурулары бас сүйектің пішініне байланысты пайда болады. Даун синдромымен ауыратын балалардың бас қаңқасы алға шығыңқы болғандықтан құлатың дыбыс өту жолы тіке орналасқан. Сондықтан, олардың құлақтарына инфекциялар тез түседі. Олар ауыз және мұрын қуысы арқылы жұтқыншақ арқылы өтеді.

Мұрынмен тыныс алудағы бұзылыстары мұрыннан сілекей көбейуімен бірге кездеседі. Ал ол оттегі алмасуына кері әсер етеді. Ал оттегінің жетіспеуі жүректің жұмысына, бас миының оттегі алмасуына және дене температурасының бір қалыпты болуына кедергі жасайды.

Аденоидтар үлкейіп хирургтың көмегін қажет етеді. Балаға мұрын қуысындағы сілекейден арылуды үйретеміз. Мұрынның бір қусын жауып, кейін екіншісін сілекейден босату.

Естудің бұзылуы құлақ жарғағында орналасқан сүйекшелердің анатомиясындағы өзгерістері салдарынан пайда болады. Ол балалар ауа өтімділігі бойынша 30-60 Дб аралығындағы дыбыстарды қабылдайды(сыбырлап айтылған сөзді 1-5 метр қашықтықтан естіледі). Есту қабілетінің жетіспеушілігі балаланың сөйлеу тілі мен өзіне қаратылып айтылған сөздің мағынасын түсінуі артта қалады. Даун синдромы бар балаалрға нейросенсорлық есту қабілетінің кемістігі жиі байқалады. Балаалр айтылған сөздге талдау жасай алмайды.

Ата-ананалар көбінесе балаларының есту қабілетінің төмендігіне назар аудармайды. аудиометрлік тексеруден өткізуге тиісті.

Даун синдромы бар балалардың тілі жалпақ және ұзын болып келеді (жырықтармен қапталған – «географиялық»). Ол балаға шайнау кезінде кедергі жасайды, оны операция арқылы тілдің жартысын резекция етіп алып тастайды. Алайда ол баланың тәбетін жоғалтып оның артық салмақ жинауна себепші болады.

Тілдің және аденоидтың (мұрын жұтқыншақ миндалинін) жартысын алып тастағаннан кейін бала ауызын еркін жаба алады. Жақ сүйектің және тістемнің дұрыс дамуына әсер етеді. Балалардың сілекей ағуы да азая түседі.

Мұндай операцияны басынан өткізген бала респираторлық ауруларға ұшырамайды. Ақыл ойы кемдік дәрежесі жеңіл балалар осы операциядан соң бет әлпетінің әдемі болғанын байқап, өзін бағалау деңгейі көтеріледі.

Көздің шәлгез тілігі даун синдромына тән ерекшелік (сыртқы көз бұрышы ішікіге қарағанда жоғары орналасқан). Эпикант – көздің ішкі бұрышын жауып тұратын, вертикальді қатпар. Көздің сыртқы қабығында жарық дақ бар (Бруш фильда дағы). Ол көздің пигметтерінің жетіспеуінен пайда болады.

Даун синдромымен ауыраты балаларда катаракта кіші жаста онша байқалмай, үлкейген сайын 10 жастан бастап оның белгілері айқын көріне бастайды.

Баланың көзі шамалы зарықаннан соң (ұзақ уақыт теледидар қарағанна соң, компьютерде ойын онағаннан кейін) бала көзі ауыратынына шағым жасайды. Көз алды қарауытады, басы ауырады, көзін уқалайды. Мұның бәрі сайып келгенде глаукоманың нағыз белгілері болады. Тума глаукома – көздің алдынғы камерасының бұрыштық дренажының дұрыс қалыптаспауының салдарынан. Көздің ішкі қысымы жоғарылағанда қан айналым нашарлайды (көз қантамырлары бойлап). Мұндай жағдайда көздің ішкі бөлігінде орналасқан жүйке жапа шегеді, ол жүйке талшығының атрофиясына алып келуі мүмкін. Атрофия – грек тілінен аударғанда «қорек» деген мағына береді, ол қандайда бір жасушаның қоректену прцесінің бұзылып солуы.

Глаукомасы бар балаларды басқа топқа бөлу керек. Оларға ауыр көтеруге, суға түсуге болмайды. Тума глакомаларды (гидрофтальм, буфтальм) хирургиялық жолмен емдейді.

Даун синдрмы бар балалардың 1/3 де миопия(близорукость) байқалады. Ол астигматизмамен (рефракцияның түрлі деңгейі) бірге келеді. Жақын орналасқан заттар оларға анық көрінеді, бұл белгі тума алыстан көрмеушілікте байқалады. Оның жүре пайда болуына жақын аралықта отырып көзбен жұмыс жасау, жұмыс орнын жарықпен дұрыс қамтамасыз етпегенде және майда жазуларды 30 см ара қашықтықтан оқу.

Көз ауруларының алдын алу мақсатында балалардың күн тәртібіне көз жаттығуларын ендіру қажет. Баланы дұрыстамақандыру және оларға тұрмыстық қолайлы жағдай жасау керек. Алыстан көрмеушілігі бар Даун синдромымен ауратын балаланың көруін толықтыру мақсатында арнайы көзідліріктер ұсынылады. Егер алыстан көрмеушіліктің жеңіл түрі (3,0 дптр/дан) болса онда бала көзілдірікті театрда, қойылымдарда тағады.

Алыстан көрмеушіліктің алдын алу үшін көздің бұлшық ет аккомодациясын жақсартуға арналған жаттығулар жасалады. Емдеудің хирургиялық жолдарын да ұсынуға болады. Линза қолдану бұл жағдайда пайда бермейді, себебі Даун синдромы бар балалар линзаны қолдана амайды.

Рефракция бұзылуынан бір немесе екі көздің нашар көруі, көбінесе миопия, сонымен қатар ОЖЖ өзгеру салдарынан болған көру бұзылысы; жұқпалы аурулар да баланың көз қимылына әсер етеді. Көз алмасының еріксіз ритмикалық қимылдары – нистагм да пайда болады. Қыли көздік кезінде бинокулярлы (екі көз де) көру бұзылады.

Егер балалаға «Даун синдромы» деген диагноз қойылса, келешекте ол балаалды қандай да бір көз немесе құлақ аурулары болуы әбден ықтимал. Ондай жағдайда педагогикалық медициналық жұмыс жасау барысында ескеру керек.