Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
деп негіздері оу ралы 2012-1 посл..doc
Скачиваний:
719
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
11.89 Mб
Скачать

Сөйлеу этикеті

  1. Өзіне қарату және назар аударту Бейтаныс адамды өзіне қарату

Сөйлеу этикет лебіздері

Қолданылатын жағдайлар, түсініктеме

Кешірініз... Кешірім сұраймын... Мархабат етіңіз... Ғафу етіңіз... Өтінем, айтып жіберіңізші…

Өзіне қаратудың көп таралған түрлері, бұл сөздерден кейін көбіне сұрақ, өтініш және т.б. айтылады.

Мазалағаныма кешірім өтінем ...

Сізден сұрайын деп едім...

Көбіне ересек адамдардың арасында айтылатын сыпайы назар аударту лебіздері

Тыңдаңызшы! Тыңда !

Әдетте соңынан сұрақ, өтініш және т.б. жүретін еркін түрдегі өзіне қаратудың әдісі

Жолдас!

Көбінесі ер адамға айтылатын жиі қолданыстағы қаратпа сөз

Жолдас оқытушы (жүргізуші, сатушы, хатшы, сатып алушы, жолаушы, директор т.б.)

Ер адам мен әйел адамдардың кәсібіне, сол уақыттағы жағдайы немесе мінезіне байланысты арнайы айтылады. Ресми реңкі бар.

Мырзалар! Ханымдар мен мырзалар!

Азаматтар!

Құрметті студенттер! (ата-аналар, телекөрермендер, радиотыңдаушылар т. б.)

Аудиторияда айтылатын көп таралған ресми қаратпа сөздер

Достар! Қымбатты достар!

Аудиторияға достық лебізде сөйлеу

Азамат! Азаматша!

Мекемелерде (әсіресе заңгерлік) айтылатын ресми қаратпа сөз.

Жас жігіт! Бойжеткен!

Жастарға үндеу

Ұл бала! Қыз бала! Балалар!

Балаларға үндеу

Балам! Қызым!

Егде адамдардың балалар мен жастарға айтатын қаратпа сөздері

Тәте! (әпке), Көке! (аға)

Бейтаныс адамдарға айтатын кішкентай балалардың қаратпа сөздері

Ата! Апа!

Балалар мен жастардың қарт адамдарға айтатын мейірімді сөздері

НАЗАР АУДАРТУ ЛЕБІЗДЕРІ

Сөйлеу этикет лебіздері

Қолданылатын жағдайлар, түсініктеме

Не ? Иә ? А?

Көп қолданыстағы сөздер

Не болды, Ержан Берікұлы (мама, Алия)

Сыпайы

Марқабат етіңіз. Марқабат, рақым етіңіз.

Сыпайы; көбінесе «кешіріңіз», «кешірім сұраймын» т.б. лебіздерге жауап ретінде айтылады.

Тңдап тұрмын! Сізді (сені) тыңдап тұрмын!

Ресми. Әңгімелеуші алғашқы жауапты естімеген жағдайда естімеген жағдайда, қайта жауап беру ретінде айтылады.

Сіз (сен) маған айтасыз ба?

Сіз (сен) мені (шақырдыңыз ба? Сұрадыңыз ба?

Нақты сол адамға айтылғандығы жөнінде сенімсіздік туса ғана айтылады

Мен!

Ресми, түгендеу кезінде (әсіресе оқу орындарында)

КІРІП КЕЛГЕН АДАМҒА ЛЕБІЗ

Сөйлеу этикет лебіздері

Қолданылатын жағдайлар, түсініктеме

Сіз маған келдініңіз бе?

Сіздің (сенің) менде шарауң(ыз) бар ма?

Сіз (сен) мені күтіп тұрсыз (тұрсың) ба?

Сіз (сен) мені күтіп тұрған жоқсыз (жоқсың) ба?

Сіз (сен) маған бір нәрсе айтайын деп пе едіңіз?

Әлі өз жағдайы туралы ештеңе айта қоймаған, бірақ өз тұрысынан назар аударатын болашақ әңгімелесушіге сіздің назарыңыз.

КІРІП КЕЛГЕН АДАМҒА НАЗАРЫҢЫЗ

Сөйлеу этикет лебіздері

Қолданылатын жағдайлар, түсініктеме

Иә! Кіріңіз!

Кіруге рұқсат беру

Өтінем! Сізге өтінем!

Кіруге ресми шақыру

Өтінем күте тұрыңыз!

Бір минут күте тұрыңыз!

Күте тұруға өтініш жасау

(Бір) минут . Бір минут ғана!

Күте тұрудың еркін күйдегі түрі

ТЕЛЕФОНМЕН ҚОҢЫРАУ ШАЛУ

Алло!

Бұл ректордың қабылдауы ма?

Кешіріңіз (ғафу етіңіз), бұл емхана ма?

Бұл Еркін Ғаббасұлы ма? Еркін Ғаббасұлы?

Бұл сен бе? Айнұр? Айнұр?

ТЕЛЕФОН ҚОҢЫРАУЫНА ЖАУАП

Сөйлеу этикет лебіздері

Қолданылатын жағдайлар, түсініктеме

Алло! Иә! Тыңдап тұрмын!

Мен тыңдап тұрмын! Сізді тыңдап тұрмын!

Телефон қоңыруына жауап (алғашқы реплика)

Бұл мен! ... (аты-жөнін айтады)

Телефон тұтқасын алған адамды шақырған кезде айтылатын жауап

Иә , бұл мен!

«бұл Марат па екен?» сияқты сұрақтарға жауап ретінде

Кешіріңіз, сөйлеп тұрған кім?

Тыңдаушы әңгімелесушісін танымаған кезде

Сіз нөмерді дұрыс термедіңіз. Сіз қателестіңіз.

Номерді қате терген жағдайда айтылады