Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом.docx
Скачиваний:
39
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
300.41 Кб
Скачать

1 Кесте - Табысты түзету

Таза табысты түзететін операциялар

Түзетуді жүргізудің тәртібі

Материалдық емес активтер мен негізгі құралдар бойынша есептелген амортизациясы

Есептелген амортизация сомасы таза табыс сомасына қосылады, өйткені ол ақша қаражаттарының шығысын әкелмейді

Ағымдағы активтердің сомасының өзгерістері: дебиторлық қарыздар, қорлар, болашақ кезеңнің шығыстары, басқа да ағымдағы активтер

Егер ағымдағы активтер өсетін болса, онда ағымдағы ақша қаражаттары азаяды, ал егерде керісінше болса, онда ақша қаражаттары өседі, онда олардан түскен табысы да көрсетіледі

Ағымдағы міндеттемелердің сомасының өзгерістері, кредиторлық қарыздар, салық төлемдері, басқа да ағымдағы міндеттемелер

Ағымдағы міндеттемелердің сомасы өссе, ақша ағынының сомасы да өседі, егер міндеттемелер азайса, онда ақша қаражаттары да азаяды, онда олардан алынған шығысы да көрсетеді

Ескерту: «VIP-ГТ» ЖШС мәліметтері негізінде автормен құралған.

Инвестициялық және қаржылық қызмет. Инвестициялық қызмет – ұзақ мерзімді активтерді сатып алу,сату және берілген несиені өтеу және алу.

Инвестициялық қызметке мыналар жатады:

  • Негізгі құралдарды, материалды емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатудан, қаржылық инвестицияны сатудан, басқа ұйымдардан алынған қарыз қаражаттары және басқа да түсімдер;

  • Негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға жұмсалған ақша қаражаттырының шығысы;

  • Қаржылық инвестицияларды алу, басқа ұйымдарға қарыз ақша беру, басқа да төлемдер.

Инвестицяилық қызмет бухгалтерлік баланстың ұзақ мерзімді активтерінің құрамына кіреді. Оған қаржылық инвестицияға әсер ететін операциялар да кіреді. Инвестициялық қызмет қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруінде көрініс табады, онда ол акцияларды сатудан алынған табыс немесе шығыс ретінде көрінеді, сондай-ақ негізгі құралдарды және басқа да сатудың нәтижесі көрініс табады.

Қаржылық қызмет меншік капиталы мен қарыз капиталының құрамы мен мөлшерінің өзгерісінің нәтижесі болып табылады:

Оған мыналар жатады:

  • Шығарылған акциядан түскен ақша қаражаттары және басқа да бағалы қағаздарды сатқаннан алынған банктік және банктік емес несиелер, басқа да түсімдер;

  • Алынған банктік және банктік емес несиелерді өтеуге жұмсалған ақша қаражаттары, өз акционерлерінен акциясын сатып алу үшін жұмсалған қаражаттар, дивиденттер және басқа да жұмсалған қаражаттар.

Ұйым қаржылық, инвестициялық және ақшасыз операцияларды жүзеге асыруы мүмкін. Оларға: материалдық емес активтерді және негізгі құралдарды ұзақ мерзімді несиенің есебінен алу, кредиторлық қарызды кредиторға акцияны және басқа да бағалы қағаздарды беру жолымен өтеу, басқа ұйымның акцияларын сатып алынған тауарларға және дайын өнімге айырбастау жолымен алу және т.б.[8]

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру үшін арнайы әзірленген кестелерді пайдаланады, онда келесі ақпараттар келтіріледі:

  1. Өткен және есептік жылдағы баланс, оның барлық баптары салыстырылады және олардың әрқайсысы бойынша ауытқуы анықталады;

  2. Өткен және есептік жылдағы қаржылық-шаруышылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, оның барлық табыстары мен шығыстары, есептік кезеңнің соңындағы таратылмаған табысы салыстырылады;

Мәліметтерді салыстырудың нәтижесінде қандайда қызмет түріне сомалардың үлес салмағын анықтауға болады. Осы әзірленген кестелердің мәліметтеріне шолу жасап, есеп беруге түзетулер енгізу мүмкіндігі туады.

Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру бойынша жазылған түсініктеме жазбада мыналар баяндалуы керек:

  • операциондық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысын ашу үшін ұйым қандай әдісті пайдаланады;

  • түсетін ақша қаражаттары мен клиент атына төленетін ақша қаражаттары нетто негізінде ашыла ма, әсіресе ұйымның өз ақша қаражаттарынан клиеттердің ақша қаражаттары асып кеткен жағдайда;

  • ақша қаражатының қозғалысы бойынша шектеулер және т.б.[9]

2 ҰЙЫМНЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ

2.1« VIP-ГТ» ЖШС-і технико-экономикалық сипаттамасы

Жеке меншікке негізделген «VIP-ГТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2005 жылдың қазан айынан бастап Алматы қаласында қызмет істеп келеді. Ұйымның шаруашылық қызметінің негізгі саласы – кеңсе тауарларын алып-сатудан бастаған. Сонымен қатар Серіктестік Ресей, Туркия, Қытай елдерінен әкелінген арнайы кеңсе тауарларын сатып өткізумен айналысады. Жеке ұйым " VIP-ГТ " жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып табылады , дербес балансы , жарғылық қоры бар .(А қосымшасы)

Ұйым қызметінің мақсаты - жоғары сапалы өнім шығару, заңды және жеке тұлғалардың сұранысын қанағаттандыру, ең аз шығынды шығарып, табысты көп табу. Кеңсе Ұйымларының қажеттіліктерін қанағаттандыру .

Қазақстан Республикасында ұйымның бірнеше филиалдары бар. Олар: Батыс қазақстандағы Ақтөбе қаласында, Астанада және Алматыда. «VIP-ГТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің «Альянс Банк», және «Банк ЦентрКредит» ашық акционерлік қоғамында ашылған есеп айырысу шоты бар.Альянс Банктегі есеп айырысу шоты №005477835, БанкЦентрКредиттегі есеп айырысу шоты №008357431.

«VIP-ГТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шет елдермен тығыз экономикалық қарым-қатынаста, атап айтсақ N-T Kitap kirtasiye Buro, Түркия, MONARK TRADE Consulting Co Limited CN, Қытай, Ресейдегі «Стамм » Ұйым.

Салық төлеуші ретінде Әуэзов аудандық салық комитетіне 2005 жылдың аяғында тіркелген, салық төлеу бойынша тіркеу №000678008540.

Басқару органдарына жататындар:

  1. Ұйым кеңесі. Серіктестікті басқарудың жоғарғы органы – Қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады. Ол жылына бір рет сайланады. Оның құрамына басқару аппаратында жұмыс істейтін адамдар кіреді Бұл жоғарғы орган серіктестіктің қызметімен байланысты кез келген мәселені талқылауға құқықты.

  2. Функционалдық қызметтер мен бөлімдер.

«VIP-ГТ» ЖШС-нің ұйымдық құрлымы төмендегі сызбада (1.) келтірілді.

Ұйымды басқару функциясын жүзеге асырушы - бас директор . Ол өз орынбасарын (директор), құрылыс бөлімшелердің басшыларын , қызмет басшыларын және бөлімдерін тағайындайды және жұмыстан босатады. Ұйымның қаржылық жағдайын одан әрі жоғарылату үшін басқадай амалдарды қарастырады.

Директор құрылыс бөлімшелерінің басшыларын өндірістік цехтардың , учаскелердің , бөлімшелерінің басшыларын тағайындайды және жұмыстан босатады.

Серіктестік төмендегі құжаттарға сәйкес өзінің қызметін жүзеге асырады:

  • «VIP-ГТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғысы;

  • Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;

  • Қазақстан Республикасының серіктестік туралы заңы;

  • Қазақстан Республикасының басқадай заңдары мен нормативтік-құқықтық актілері. [10]

1 сызба-«VIP-ГТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдық құрлымы.

БАС ДИРЕКТОР

ДИРЕКТОР

ҚАРЖЫ ДИРЕКТОРЫ

БАС БУХГАЛТЕР АҒА МЕНЕДЖЕР

1-ші бухгалтер 1-ші менеджер

2-ші бухгалтер 2-ші менеджер

Кассир 3-ші менеджер

Бухгалтерия бөлімі. Бас бухгалтердің міндеті:

  • Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына басшылық жасау;

  • Бюджетпен есеп айырысу операцияларына бақылау жасау;

  • Салық бойынша қорытынды есепті, қаржылық есептілікті дайындап тапсыру.

1-ші бугалтердің міндеті:

Ұйымның аванстық есебін есептеп тапсыру, әр күн сайын басқа филиалдардан келіп отыратын қаржылық жағдайын, яғни олардың кассаларында қаншалықта бар нақты ақшаны көрсетіп, директордың алдында есеп беру.

2-ші бухгалтердің міндеті:

Ұйымға әкелінген тауарлардың, бөлшектердің,жабдықтардың құжаттарын қабылдап, 1 С компьютерлік бағдарламадағы « тауарларды қабылдау» бөліміне еңгізу. Тауарларды сатылған уақытта, сатылғандығы жөнінде накладной толтырып жазып беру. Ұйым директорының, бас бухгалтердің қолы толтырылған құжатта тұруы тиіс.

Кассирдің міндеті:

Кассалық кіріс, шығыс ордері бойынша касса кітабын жүргізеді. Кассадан берілген немесе кассаға түскен нақты ақша қаражатының құжаттарын толтырып, оған ұйым басшысының , бас бухгалтердің және кассирдің қолы қойылады. Ақша алушы алған сомасын жазумен көрсеткен соң қол қояды. Сонымен бірге кассир еңбек ақы және сол сияқты басқадай төлемдер қызметкерлерге арнайы төлем ведомастары бойынша төлейді. Жұмыс күннің соңында кассир кітап бойынша кіріс және шығыс операцияларын жинақтап, келесі күнге қалған қалдықты анықтайды, оның ішінде еңбек ақыға арналған соманы бөліп көрсетеді.

Менеджмент бөлімі.Бас менеджер – менеджерлердің жұмысын қадағалап отырады.

1-ші менеджер шет мемлекеттен алып келетін кеңсе тауарлары үшін Қазақстандағы кеңсе тауарлар Ұйымларына сатып өткізумен айналысады.

2-ші менеджер кеңсе материалдарын сатып өткізумен айналысады және басқа ұйымға жарнамалайды.

3-ші менеджер кеңсе материалдарын зауыттардан, цехтардан сатып алумен айналысады.

«VIP-ГТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 110000 мөлшерінде жарғылық капитал құрылған.

Қойылған мақсаттардың шешіміне жету үшін ұйым көптеген функцияларын жүзеге асырады. Кеңсе тауарлар өнімдерін ( жұмысты, қызметті) сатып өткізер алдында берілген тариф бойынша немесе сатып алушылармен келіскен бағамен сатады .

Есеп жағына келетін болсақ ұйымға түсетін барлық ақша қаражаттардың, босалқылардың, негізгі құралдардың толық есебін жүргізеді.

Зерттеу жүргізілген ұйымның құқықтары және міндеттемелері келесідей болады :

  1. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес сыртқы экономикалық қызметті дербес жүзеге асырады .

  2. Сату , ауыстыру , жалға тапсыру ; ғимаратты басқа ұйымдарға және уақытша пайдалануға беру, жабдықтау, көлік құралдарын жалға беру, сонымен қатар баланстан жойуға құқығы бар,егер олар тозған немесе моральдық ескірген болса.

  3. Заттық және ақшалы қорларды тапсыру құқығы бар, сонымен бірге еңбек ұжымының келісуімен басқа ұйымдарға экономикасын ынталандыру үшін және «VIP-ГТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестікке жұмыс орындайтын, қызмет көрсететін ұйымға ақшалай көмек беру.

  4. Бекітілген жарғыны, нормативті құжаттарды, меншік иесінің шешімдерін міндетті түрде орындау тиіс.

  5. Ұйымның сауда құпиясын міндетті сақтау.

Қызметкерлердің еңбек ақы төлеу ең аз мөлшері Қазақстан Республикасының заң шығаратын актілерінде бекітілген. Атқаратын жұмыс мөлшеріне байланысты еңбек ақы төлеудің мөлшері ұйым басшысы өз еркінмен белгілейді.

Қайта ұйымдастыру ( қосылу , бөліну , бөліс , өзгерту ) және қызмет тоқтату жөніндегі шешім Қазақстан Республикасының заңында бекітілген.

Нарықтық экономика жағдайында ұйымның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.

Қаржылық жағдайына талдау жасауға табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды көрсеткіш қарастырылады.(кесте 3)

Өнімді (жұмысты, қызметті) сатып-өткізуден түскен табыс ол қаржы –шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталынып көрсетіледі.

Кестеде келтірілген мәліметтерден «VIP-ГТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өнімді (жұмысты, қызметті) сатып өткізуден түскен табысының 2014 жылды өткен жылмен салыстырғанда 81199117,5 теңгеге көбейгенін көреміз.

Өнімді сатып-өткізуден түскен табыс пен сатып-өткізілген өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны да 125556159,6 теңгеге көбейген .

Жалпы табыс – ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді (жұмысты , қызметті) сатып өткізуден түскен табыс пен сатып-өткізілген өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнының айырмасы болып табылады. Жалпы табыс зерттеу жүргізілген ұйымда есепті жылды өткен жылмен салыстырғанда 31262875,87 теңгеге көбейген.[11]