Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7.комп сети.doc
Скачиваний:
39
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
355.84 Кб
Скачать

2. Кабель типтері. Коаксиальді кабель. Айналмалы жұп. Оптоталшықты кабель. Сигналдарды жіберу. Сымсыз желiлер. Желiлiк адаптер платасы.

Кабель (голл. kabel – канат, сым арқан), электрлік– сырты қорғағыш қаптамамен қапталған, бір не бірнеше оқшауланған өткізгіштерден (ток өткізетін талсымдардан) тұратын өткізгіш. Кабель электр энергиясын және сигналдарды қашықтыққа жеткізу үшін пайдаланылады. Кабель арналу мақсатына орай күш кабелі (электр энергиясын тасымалдайтын), байланыс кабелі (сигналдарды тасымалдайтын), радиожиіліктік кабель (жоғары жиіліктік) болып бөлінеді. кабельдің құралымы оны тарту (су және жер астында, ауада, зиянды ортада, т.б.) және пайдалану ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болып жасалады.

Кабельдердің типтері.Жаңа замандағы желілерде қолданылып жүрген кабельдердің бірнеше түрлері бар.Төменде ең көп қолданылып жүрген кабельдер жайлы жазылған.Мыстан жасалған кабельдердің түрлері электрлік кабельдерді құрайды.Олар телефон желісін жүргізуде және ЛВС-ті инсталляциялауда қолданылады.Ішкі құрылысы бойынша кабельдер қос ширатпа және коаксиалды деп бөлінеді. UTP немесе Айналмалы жұп сымдар (ағылш. twisted pair) - Кабель сымдарының түрі. Сыртынан пластик қапталған. өзара айналмалы оратылған бір немесе бірнеше жұп айырылған электр өткізгіштер. «Қос ширатпа» типті кабель(twisted pair) Қос ширатпа деп,екі өткізгіш біріктіріліп, бірнеше рет ширатылып бұралған тұтас кабельді айтамыз. Сымдарды ширатып бұрау кабель бойымен сигнал жіберген кезде болатын электрлік ақауларды азайтады. Ал экрандалған қос ширатпа кедергілердің болмауын одан да бірнеше есеге ұлғайтады.«Қос ширатпа» кабелі Ethernet, ARCNet и IBM Token Ring сияқты көптеген желілік технологияларда қолданылады. Қос ширатпадағы кабельдер экрандалмаған (UTP – Unshielded Twisted Pair) және экрандалған мыс кабельдерге бөлінеді. Соңғысы екіге бөлінеді: әр жұбы экрандалған және жалпы экрандалған (STP – Shielded Twisted Pair) және тек бір ғана ортақ экраны бар (FTP – Foiled Twisted Pair). Кабельдегі экранның бар болуы немесе жоқ болуы жіберілген ақпараттың қорғанысы туралы еш мәлімет бермейді, ол тек өзгеріске ұшырауының әртүрлілігін көрсетеді. Экрандалмаған кабельдерде экранның болмауы кабельдерді майысқақ және өзгеріске төзімді етеді. Сонымен қатар оларэксплуатация үшін экрандалған кабельдер сияқты құнды жерлестіру контурын талап етпейді. Экрандалмаған кабельдерді ғимаратттардың ішінде жүргізген дұрыс, ал экрандалған кабедерді көбінесе ерекше эксплуатация жағдайлары бар жерлерде қолданады, мысалы электромагниттік сәулеленуі өте жоғары жерлерде.

Коаксиалды кабель (коаксиальный кабель; coaxial cable) — 1) орталық өткізгіштен және металдан өрілген (торланған) сыртқы экраннан тұратын электр кабелінің бір түрі. Өткізгіш пен экранның арасы айырғыш материалмен толтырылған. Орталық өткізгіш пен экран осьтерінің дөл келуі коаксиалды атаудың шығуына түсінік береді. Мәліметтер жеткізу жылдамдығы 5-10 мбит/с шамасында; 2) теледидар кабеліне ұқсас,сырты экранды қабықшамен қоршалып, диэлектрикпен қапталған бір өткізгішті өзегі бар кабель. Олар жоғары жылдамдықты терминалдарда және басқа да компьютер кұрылғыларында пайдаланылады. Коаксиалды кабельдердің типтері кестесінде берілген.

Оптоталшықты желілер

Волоконды оптика халықаралық байланыста қолданылуы мүмкін локомды жүйе үшін де, бірақ оны орнату Ethernet не қосылуға қарағанда анағұрлым қиынырақ болады. Оптикалық кабельді локальды жүйеге қосудың бір түрі ол сақина, оны «нүкте-нүкте» деп 2.7. суретінде көрсетілген қосындылар деп қарастыруға болады. Әрбір компьютердің Интерфейсі сәулені сақинаға өткізеді, жәнеде Т компьютерге мәліметтерді алуға жіберуге көмекткседі. Бұнда интерфейістің екі типі қолданылады. 2.7 суреттегі көрсетілген интерфейсте активті повторитель деп аталады. Кіретін сәулелі импульсты электрик сигнал бар, онда керісінше алып сосын ол сәулелі пучокқа айналады. Компьютердің интерфейсі қарапайым жез сымнан сигналды ренераторлап қосатын сымнан құрылған. Таза оптикалық қайталанушыларды қазіргі жағдайда қолданылуы мүмкін. Бұл құрылғылар жоғары жылдамдықтан жұмыс істей алады. Белсенді қайталайтын сақина бұзылып қалса онда барлық жүйе жұмысын тоқтатады. Басқа жағынан қарағанда сигнал әрбір иноперфейспен регенеризеция компьютермен километрлік ұзындықты жалғайды, ол өз кезегінде сақинаны қандай үлкендікте жасай алатындығын көрсетеді. Белсенді емес интерфейс сигналдың ішіндегі қосылымдарға әсер етеді, ол компьютерлермен сақиналардың жалпы санын шектейді. Сақиналық топология лоркальдік жүйедегі оптикалық кабельді қолданудағы жағымсыз схема болып табылмайды. Белсенді емес жұлдыз топологиясын құрастыра отырып кең ауқымды оптоталшықты кабельді құрастыруға болады.

Сигнал (лат. signum — белгі) — берілген хабарды тасымалдайтын(алып жүретін) физикалық процесс. Сымсыз компьютерлік желілер бұл кабельді қолданусыз толығымен қарапайым сымды желілер (мысалы, Ethernet) стандартына сәйкес келетін есептеу желілерін құруға мүмкіндік беретін технология. Мұндай желілерде ақпаратты тасушы ретінде СВЧ –диапазонды радиотолқындар қолданылады. Сымсыз желілер кабельде орнату қиын немесе мүмкін емес жерлерде . “RadioEthernet” стандартына сәйкес желі мәліметтерді жіберу ортасына коллизионды механизмдік рұқсатыбар Ethernet қарапайым кабельдік желісіне ұқсас. Айырмашылығы тек орта мінездемесіне байланысты. Radio Ethernet толығымен ғимарат ішінде мәліметтерді сымсыз жіберудің барлық қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Radio Ethernetті сыртта қолданғанда кабель орнына «соңғы миля» желісін пайдалану ыңғайлы, яғни абонент пен желідегі жақын түйін арасын байланыстыру үшін. Бұл жағдайда «соңғы миля» бірнеше жүз метрден 20-30 км-ге дейін болуы мүмкін, және тек тікелей көрінумен шектелуі мүмкін. Ендірілген сымсыз LAN құрылғысы Интернетке қатынасуға және кабель жоқ ортада желіде жұмыс істеу артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік береді.

Интернет модем Сымсыз маршрутизатор (кіру нүктесі) КомпьютерТД

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]