Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tekhnika_i_taktika_1-99_deyin.docx
Скачиваний:
235
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
1.03 Mб
Скачать

53.Белсенді туристік жорықта кездесетін беткей түрлері

Беткей – таудың жоғарыдан төмен қарай орналасқан кең жағы

Шөпті беткей. Қаүіптер: тас құлауы, тайғанақ жол. Тар шатқалда келе жатқанда тас көшкіні болатын жерлерді анықтау керек. Өте қауіпті болса, алдында байқаушы тәжірибелі адамды қою керек. Көшкін басталса немесе тас домалап келе жатса, қатты дауыстап: «Тас!» – деп айқайлайды.

Жүрген кезде аяқтың өкшесін толық басып жүрген жөн. Беткей тік

болса, қиғаштап жүру. Жүрісті жеңілдету үшін альпеншток қолданған артық емес. Жартас үстіндегі шөпті беткейге бармаған дұрыс, себебі – мұндай жерде аяқ тайғанап кетуі мүмкін.

Шөгінді үйінділер, мореналар. Шөгінді тас үйінділері жоғарыдан төмен құлаған тастардан тұрады. Олар бірте-бірте таудың етегінде жиналады.

Морена дегеніміз мұздықтың сырғытып әкелген тастардан тұратын ірі үйінді болады. Жүрген кезде өте сақ болу керек: кейбір тастар шайқалып тұрады, кейбіреулері тайғанақ (әсіресе жаңбырдан кейін немесе үстінде қырау, мүк, қына болса) болады. Тасты қар басып тұрса, арасындағы қуыстар көрінбей қалады да, аяқты мертіктіріп алу ғажап емес.

Жүрген кезде, түнеуге тоқтаған жағдайда тас құлайтын жерлерден

аулақ болу керек. Мықты жатқан тастар күңгірт, үстінде қына өскен тастар болады – бұл қауіпсіздіктің белгілері. Ал жаңадан құлап жатқан тастар ақшыл, кескінді болып көрінеді. Мұндай жерде түнеуге, тіпті ұзақ уақытқа тоқтауға да болмайды. Тас құлағанда қатты айғайлау керек.

Қар Қарлы жер бедерімен қозғалу қар күйіне байланысты. Ең қолайлысы – тәңертең жүру. Күндіз, қар еріген кезде өте қиын болып кетеді. Дәл осындай жағдай – жаңа қалың қар түссе де болады.

Жартастар.Мұз.

Асулар. Асу дегеніміз тау жотасындағы төмен жері, бір аңғарданекіншіге өту үшін ең қолайлы жер.

54.Топырақ, шөпті беткейлерден өту, жолмен, соқпақпен жүру техникасы мен тактикасы

Шөпті беткей. Қаүіптер: тас құлауы, тайғанақ жол. Тар шатқалда келе жатқанда тас көшкіні болатын жерлерді анықтау керек. Өте қауіпті болса, алдында байқаушы тәжірибелі адамды қою керек. Көшкін басталса немесе тас домалап келе жатса, қатты дауыстап: «Тас!» – деп айқайлайды.Жүрген кезде аяқтың өкшесін толық басып жүрген жөн. Беткей тік болса, қиғаштап жүру. Жүрісті жеңілдету үшін альпеншток қолданған артық емес. Жартас үстіндегі шөпті беткейге бармаған дұрыс, себебі – мұндай жерде аяқ тайғанап кетуі мүмкін.

Соқпақпен жүру ережелері. Жүрген кезде бір ырғақты сақтау керек. Тамыр соғуы тоқтағаннан кейін (5-6 мин) қалпына келуі тиіс, шынықпаған

адамдікі – 8-10 мин. Жазық жерде рюкзакпен жүргенде жылдамдық 3,5-4 км/сағ болады. Топ созылмау керек. Жүріс жылдамдығы ең артта қалатындардың жылдамдығынан аспаған жөн, сондықтан алда келе жатқан кісі қатты асықпауы қажет және де дәл жетекшінің соңында топтың ең

әлсіздерін қою керек. Топ қатты созылып кетсе, тоқтап, арттағыларды күту керек.

Шөгінді үйінділер, мореналар. Шөгінді тас үйінділері жоғарыдан төмен құлаған тастардан тұрады. Олар бірте-бірте таудың етегінде жиналады. Морена дегеніміз мұздықтың сырғытып әкелген тастардан тұратын ірі үйінді болады. Жүрген кезде өте сақ болу керек: кейбір тастар шайқалып тұрады, кейбіреулері тайғанақ (әсіресе жаңбырдан кейін немесе үстінде қырау, мүк, қына болса) болады. Тасты қар басып тұрса, арасындағы қуыстар көрінбей қалады да, аяқты мертіктіріп алу ғажап емес. Жүрген кезде, түнеуге тоқтаған жағдайда тас құлайтын жерлерден аулақ болу керек. Мықты жатқан тастар күңгірт, үстінде қына өскен тастар болады – бұл қауіпсіздіктің белгілері. Ал жаңадан құлап жатқан тастар ақшыл, кескінді болып көрінеді. Мұндай жерде түнеуге, тіпті ұзақ уақытқа тоқтауға да болмайды. Тас құлағанда қатты айғайлау керек

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]