Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor-GTK.docx
Скачиваний:
241
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
178.69 Кб
Скачать

9. Қазақстан туризм дамуына әсер ететін экологиялық факторлар және олардың туризмдегі қолайлық себебі

Экологиялық фактор туризмға зор ықпалын тигізеді. Себебі, қоршаған орта туристік қызметтің негізі және әлеуеті.

Туризмның пропоциональды дамымауы, оның өз негізін жоюы мүмкін: туризм табиғи ресурстарды қолданады; көпшілікті туризм орталықтарында бұл процесс бұзушылық сипатта ( табиғи орта өзгерісі, адамдардың, жануар және өсімдіктердің өмір сүру жағдайының нашарлауы). Табиғи ортаның бұзылуы туристік ұсыныстың құлдырауына әкеледі.

Туризмнің дамуы әр уақытта өзекті мәселе болды, бірақта казіргі шақта оны шешу өте қоңіл қоярлықты кажет етеді, өйткені жыл сайын туристік

қозғалыстың күшеюі қоршаған ортаға қауіп туғызады, өндіріс орындарының немесе транспорттың дамуы сияқты. Ондай қауіп белгілі демалыс орындарының көрікті сұлу көріністерінің туристердің өте көп келуінен жойылуынан, лас қоңыстардың жыйналуынан, музыкалық аппараттардың

қатты шыққан үндерінен, сондай-ақ транспорттың жиі келуінен туады. Ауа мен суды ластауда туризмді траспортпен күшейтудің ролі зор болды. Жаппай

туризмнің дамуы экологиялық қажеттілікті ескермей табиғи комплекстердің бірте-бірте азып-тозуына әкелді. Рекреациялық территорияның азып-тозуының ең бір себебі туристік ұсыныстың туристік сұраныстан қалып отыруы яғни айтқанда рекреациялық саланың әртүрлі объектілерінің саны жағынан жетіспеуі, сондықтанда көрікті демалыс орындарында демалушылардың шамадан тыс шоғырлануы. Міне осындай жағдайларға байланысты көпдеген елдерде табиғи комплекстерге көп күш түспеу үшін жоспарлы туристік территориялық қозғалыстар ұйымдастырылады.

10.Туризмнің теориялық негізгі терминологиясын атаңыз және түсініктеріне сипаттама беріңіз

«Туризм» мен «турист» түсініктері әдебиетте 18 ғасырдың соңында пайда болып, 19 ғасырда, әсіресе 20 ғ. Кең қолданыла бастады «Туризм» және «турист» түсініктері француз тілінен келген(tour –саяхат деген мағынаны білдереді). Ресми түрде ғылыми әдебиетте туризм түсінігі 20 ғ. 30-шы жылдары туризмнің зерттеу жұмыстарымен айналысатын Берлин институтының журналында мақаласының алғы сөзінде шыққан.

Экскурсант – түнеуге қалмай белгілі бір жерге, ауданға немесе елге саяхаттайтын адам.

Туристік құндылықтар дегенімізі- табиғи және табиғи емес ортаның элементтерінің жиынтығы.

Туристік аймақ деп үлкен туристік сұранысқа ие туристік нысандардың шоғырланған орны болып табылады. Бұндай аймақтар қатарына ел аумағындағы Көкшетау жері, Алтай тауы, Балқаш маңы, Алакөл және де ерекше қорғалатын аумақтар(қорықтар, саябақтар, қорықшалар т.б.) және т.б. жатады.

Туристік сұранысқа туристердің қажеттерін қанағаттандыратын туристік ұсыныс сəйкес болуы керек. Туристік ұсыныс деген – бұл көрсетілетін туристік қызметтер мен туристік құндылықтардың жиынтығы. Сонымен қатар, туристік ұсыныстың элементіне туристік инфрақұрылым да жатады. Туризм географиясында қалыптасқан туристік ұсыныс туристік аттрактивтілік түсінігімен сəйкестенеді.

Рекреация – бұл халықтың тұрақты жерінен тыс жердегі арнайы мамандандырылған территориядағы тәуліктік, апталық және жылдық өмір циклдеріндегі, адамның бос уақытын пайдалану кезінде іске асатын сауықтыру, танымдық, спорттық және мәдени-көңіл көтеру қатынастар мен құбылыстар жиынтығы. Рекреация арқылы ғана адамның бос уақытындағы іс-әрекетінің мәнін түсінуге болады. Рекреация дегеніміз этиологиялық мәндердің жинағы: recreation(латынша) – қайта қалпына келу, recreation(французша) – демалыс, көңіл көтеру, іс- әрекеттердің өзгеруі.

«Туристік орталық»(туризм орталығы)-бұл бөлінген жер,табиғи объект немесе халық тұратын мекендер.Бұнда туристік-рекреациялық ресурстарға байланысты туристік-экскурсиялық қызмет көрсету кешендері құрылады.Оған туристерді орналастыру,тамақтандыру,туристік-экскурсиялық қызмет көрсету мекемелері кіреді.

«Туристік аудан»-туризмнің дамуына арналған бірнеше табиғи,тарихи-мәдени және әлеуметтік-экономикалық жағдайлары бар экономикалық салалы аудан.Осыларға байланысты ауданда туристік іс-әрекеттер басымды болып келеді.

«Туризм орталығы»(туристік орта)-бұл бөлінген жер,табиғи объект немесе халық тұратын мекендер.Бұнда туристік-рекреациялық ресурстарға байланысты туристік-экскурсиялық қызмет көрсету кешендері құрылады.Оған туристерді орналастыру,тамақтандыру,туристік-экскурсиялық қызмет көрсету мекемелері кіреді.«Территориялық рекреациялық жүйе» – бұл әлеуметтік география жүйесі, жер мен оның функциясын бүтін түрде бейнелеп көрсетеді, оның ішінде ең бастысы – адамның денсаулығы мен еңбек қаблетін, физикалық және психоэмоциялық күш – қуатын қалпына келтіріп және кеңейте түсіру. Құрылымы жөнінен ТРЖ бір-бірімен байланысты элементтерден тұрады: табиғи және мәдени кешендер, техникалық құбылыс, қызмет көрсету, басқару органы және демалушылар тобы – рекреанттар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]