Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
informatika_shpor.docx
Скачиваний:
179
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
148.95 Кб
Скачать

31 Жергілікті желіде мәліметтермен алмасу. Желілік баспаға беру.

32 Желідегі барлық ресурстарға қатынасу. Жергілікті желіде құжаттармен жұмыс істеу.

Компьютерлік желі – бір бірімен мәлімет аламаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютерлердің және де принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.

Телекоммуникация құралдарымен байланысқан компьютерлер жиынын компьютерлік желі деп атаймыз. Компьютерлік желілер құрылымы бойынша жергілікті, аймақты және аумақты болып бөлінеді.Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір – бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі.n Компьютерлік желі жұмыс істеу принципіне, аппараттық және программалық қамтамасыз етуіне байланысты жергілікті (ЖКЖ) және аумақты (АКЖ) компьютерлік желі болып бөлінеді. 1. Жергілікті желі. n Жергілікті желі шектеулі аймақтағы (бір бөлмеде, бір мекемеде, зауыт немесе бекетте т.с.с) компьютерлерді біріктіреді. n Жергілікті желі құрудағы себеп — өндірістік процестерді автоматтандыру, әр түрлі құжаттарды жедел өңдеу. Егер жалпы желіге бір-бірінен айтарлықтай қашықтықтағы компьютерлер немесе жергілікті желілер біріктірсе, онда мұндай құрылымды таратылған немесе аймақтық желі деп атайды. Қазіргі кезде ірі компьютерлік желілер саны жүздеген мыңдармен есептеледі. Бір немесе бірнеше желілерді бір – бірімен өзара байланыстыру желіаралық байланыс немесе ауқымды желі деп аталады. Ауқымды желі қала, аймақ, ел, бүкіл Жер шарын қамтуы мүмкін.

2. ЖКЖ – нің физикалық негізіЖергілікті желінің физикалық негізі n Компьютерді жергілікті желіге қосу үшін қажет: желі адаптері (желі картасы), ол кейде кеңейтілген еркін слотқа қойылады немесе аналық тақшамен (материнская плата) бірге болады және арнайы кабелді желіге қосатын орын (разъем) болуы шарт Шиналық топология – мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистральға (кабельге) қосылады. Дәл осындай тәсілмен магистральға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау процесінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларының барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс станциясы қабылдайды

Жұлдыз тәрізді топология – мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін-желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізудіжүзеге асырады. Бұл топологияның артықшылығы – кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді. Сақиналық топология – мұнда байланысу арналары тұйықталған сақина бойында орналасады. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станцияларын аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның кемшілігі – кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысты бұзады.

• Компьютерлердің біріне басып шығарғыш қосылған болуы мүмкін, онда жергілікті желінің арқасында басқа компьютерлерді пайдаланушылар одан өз компьютерлеріндегі құжаттарды басып шығара алады. Жергілікті желі – бұл компьютерлер арасында мәліметтер жеткізу үшін пайдаланылатын кабелдер (сондай-ақ телефон желісі немесе радиоарналар) арқылы өзара қосылған бірнеше компьютер тобы. Жұмыс үстелінде жергілікті желімен жұмыс істеуге арналған Желілік орта қалтасының белгішесі көрініс табады. Компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру үшін әрбір компьютерде желілік бейімдеуіш немесе желілік тақша орнатылған болуы тиіс. Компьютерлердің қазіргі заманға сай моделдерінде әдетте желілік бейімдеуіш аналық тақшаға бірге орнатылған болады. Содан кейін компьютерлерді кабелдермен жалғау керек. Компьютерлер арасында мәліметтер алмасу арнайы құрылғы – шоғырлауыш (немесе хаб) көмегімен жүзеге асырылады. Желідегі әрбір компьютерді жұмыс станциясы деп те атайды. Әрбір жұмыс станциясының атауы бар және ол қандай да бір жұмыс тобына жатады. Компьютердің атын білу оны жергілікті желіде таба алу үшін қажет. Internet – бұл дүниежүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы, ал қол жеткізуге болатын ақпарат көлемі тіпті бағалаудың өзі қиынға түседі. Internet ең соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райы туралы мәлімет алуға, қандай да бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс беруге, аз ғана уақыт аралығында электронды пошта арқылы хабарламалар алмасуға, бейнеконференциялар өткізуге және тағы да басқа көпетеген мүмкіндіктер ұсынады. Internet-тегі ақпарат веб-сайттар түрінде ұсынылады. Веб-сайт (сайт, интернет қор көзі, портал) – ортақ тақырыппен, навигациямен, ортақ URL-мекенжайымен біріктірілген, өзара еренсілтемелер көмегімен байланысып, бір серверде орналасқан веб-беттері жиынтығы. Әрбір веб-сайттың өзінің бірегей мекен жайы – URL (ағылш. Uniform Resource Locator) бар, оны желіден осы мекенжай бойынша тауып алуға болады. Веб-сайтқа арналған URL-дің көрінісі мынадай болады: http://www.атауы.үйшік. Веб-сайттың атауы оны сәйкестендіру үшін пайдаланылады (мысалы, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ресми сайтының мекен жайы – http://www.akorda.kz, ал ҚР Үкіметі сайтының мекенжайы – http://www.government.kz.). Желі қатысушыларының ортақ пайдалануы үшін бөлінген компьютер сервер деп аталады.

Сервер – ортақ пайдалануға арналған барлық ресурстарды қамтитын компьютер. Ортақ ресурстарды пайдалану үшін сервер қосулы болуы қажет. Желідегі жұмыстың көп бөлігін сервер атқарады.

33 Ақпаратты қорғаудың криптографикалық әдістері.Ақпараттық жүйелердегі ақпаратты қорғаудың криптографиялық əдістері ЭЕМ-де өңделген немесе есте сақтау құрылғысының əртүрлі типінде сақталған ақпаратты қорғау үшін қалай қолданылса, байланыс жолдары

бойынша əртүрлі элементтер арасында берілген ақпаратты жабу үшін де солай қолданылады.

Мəліметтердің криптографиялық өзгеру əдістері:

1. Шифрлеу. 2. Кодтау. 3. Басқа түрлері.

Шифрлеу – қорғалатын хабардың əрбір символы өзгеруге жатады. Шифрлеу тəсілдері:

• ауыстыру; • алмастыру; • аналитикалық өзгеру; • гаммирлеу; • аралас шифрлеу. Кодтау – қорғалған элементтердің кейбір элементтері (жеке символдар міндетті емес) алдын ала таңдалған кодтармен ауыстырылады. Кодтау тəсілдері: • мағыналық кодтау; • символдық кодтау. Басқаларға (жеке түрлеріне) – кесу, тарату жəне мəліметтерді қысу əдістері кіреді. Кесу – мəліметтерді тарату, қорғалатын мəліметтер массиві əрқайсысы қорғалатын ақпараттар мазмұнын ашуға мүмкіндік бермейтін элементтерге бөлінеді жəне осындай тəсілмен ерекшеленген элементтер есте сақтау құрылғысының əртүрлі аумағында орналасады. Шифрлеу процесін басқару кілттің көмегімен жүзеге асады. Криптожүйелер екі класқа бөлінеді:

1. Симметриялық (біркілтті) криптосистемалар. 2. Асимметриялық (ашық кілті бар екікілтті криптосистемалар). Симмметриялық криптожүйеде құпия кілтті жіберуші мен алушыға кілттерді таратудың қорғаушы каналы бойынша беру керек. Ашық кілтті асимметриялық криптожүйенің ықшамдалған сұлбасы. Асимметриялық криптожүйеде қорғалмаған канал арқылы тек ашық кілтті ғана беруге болады, ал құпия кілтті оның генерациялық орнында сақтайды. Ақпаратты жабу құралдарын қолдану тəсілі бойынша ағындық жəне блоктық шифрлеу деп бөледі. Ағындық шифрлеуде бастапқы мəтіннің əр символы басқалардан тəуелсіз өзгереді. Сондықтан мұндай өзгеру байланыс арнасы бойынша мəліметтерді берумен біруақытта жүзеге асуы мүмкін. Блоктық шифрлеуде жабық бастапқы мəтіннің кейбір символдар блогі біруақытта өзгереді, сонымен қатар блоктар шегіндегі символдардың өзгеруі өзара тəуелді болады. Кейбір аралас блоктардағы символдардың өзгеруі арасында да тəуелділік болуы мүмкін. Криптоталдау – кілтке қатынаусыз шифрленген хабардың бастапқы мəтінін ашу жайлы ғылым.

Криптоталдаудың орнықты ережесі (1-ші рет XIX ғасырда голланд А. Керкхофпен құрылған) шифрдың (криптожүйенің) тұрақтылығы кілттің құпиялылығымен анықталуы керек деп қорытындыланады. Криптожүйелерге қойылатын талаптар: Шифрленген хабар тек кілт болғанда ғана оқылуы тиіс. Шифрленген хабар фрагменті бойынша шифрлеудің қолданылған кілтін анықтау үшін қажетті операциялар саны жəне оған сəйкес ашық мəтін мүмкін болатын кілттердің жалпы санынан аз болмауы керек.

34 Компьютерлік жүйе құралдарын қорғау критерийлері. Жүйені қорғау. Жұмыстада да, үйде де-компьтеріңізге пайдаланушылардың қолы жетуін, мүмкіндігінше, әрқашан және қайда болмасын шектеңіз. Бұл үшін компьютерді зааттай орналастыружәне парольмен қорғау сияқты мүмкіндіктерді қарастыруға болады. Бұл шығу тегі белгісіз программамен қамтамасыз ету көмегімен жанама жетуге де қатысты, бұл вирус программасы немесе Троян аты болуы мүмкін.

Ақпаратты қорғау ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын қолдауды түсінеді. Сонымен, ақпаратты қорғау - ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін жасаудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезін қойылатын шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, программалық және техникалық әдістер мен құралдардан тұрады.

Ақпараттық қауіпсіздік режимін қалыптастыру кешендік мәселе болып табылады. Оны шешу үшін заңнамалық, ұйымдастырушылық, программалық, техникалық шаралар қажет.

Тұтастық - ақпараттың бұзудан және заңсыз өзгертуден қорғанылуы. Ақпарат тұтастығы деп ақпарат кездейсоқ немесе әдейі бұрмаланған (бұзылған) кезде есептеу техника құралдарының немесе автоматтандырылған жүйелердің осы ақпараттың өзгермейтіндігін қамтамасыз ететін қабілетін айтады. Жасырындылық Жасырындылық - заңсыз қол жеткізуден немесе оқудан қорғау.

1983 жылы АҚШ қорғаныс министрлігі қызғылт сары мұқабасы бар «Сенімді компьютерлік жүйелерді бағалау өлшемдері» деп аталатын кітап шығарды. Қауіпсіз жүйе Қауіпсіз жүйе - белгілі бір тұлғалар немесе олардың атынан әрекет жасайтын үрдістер ғана ақпаратты оқу, жазу, құрастыру және жою құқығына ие бола алатындай етіп ақпаратқа қол жеткізуді тиісті құралдар арқылы басқаратын жүйе. Сенімді жүйе Сенімді жүйе - әр түрлі құпиялық дәрежелі ақпаратты қатынас құру құқығын бұзбай пайдаланушылар тобының бір уақытта өңдеуін қамтамасыз ету үшін жеткілікті ақпараттық және программалық құралдарды қолданатын жүйе. Жүйенің сенімділігі (немесе сенім дәрежесі) екі негізгі өлшемі бойынша бағаланады: қауіпсіздік саясаты және кепілділік.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]