Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих шпор Аук151.docx
Скачиваний:
116
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
208.87 Кб
Скачать

1. Каз тарихы гылым жане оку пәни ретінде. Қаз тарихынын деректеи мен тарихнамасы. Бүгінде Қаз. өз тарихында күрделі бетбұрыс кезеңін бастан кешіріп отыр. Респ. Тәуелсіздік алып, дүниежүзілік қоғамдастық таныған егеменді мемл.-ке айналды. Жаңа азаматтық қоғам ж-е президенттік басқару нысанындағы демократиялық мемл. дүниеге келді. Жаңа әлеуметтік саяси ж-е экон-қ шындықтар Қаз. Халықтарының сана сезімін өзгертуде. Дүниеге, қоғамға, халықтың тарихына көзқарас өзгеріп келеді. Ұлттық сана-сезім, ал сонымен бірге Отанымыздың шыншыл да ақиқатты ғана айтатын тарихына деген ынта-ықалас та қауырт өсті. Болып жатқан өзгерістерге өткен кездерден ұқсастық іздестіріліп, қазіргі заманның күрделі проблемаларын шешу жолын табуға талпыныс жасалуда. Осындай жағдайларда Қаз.-ның тарихи өткен жолының объективті, идеялогиялық конъюнктурадан ада көрінісін қалпына келтіру халықтың тарихи зердесін қайта түлетудің негізі, ұлттық бірлікті қалыптастырудың, азаматтылық пен елжандылыққа тәрбиелеудің аса маңызды факторларының бірі болып табылады. Қаз. Тар-ң міндеті өзін түркі халқының қара шаңырағы – Қаз.-ды өзінің отаны, елі, сол мемл.-тің патриоты боламын деген адамға осы жерде кімдердің мекен еткенін, олардың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, солардың салт-дәстүрін, рухани ж-е материалдық байлығын, біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, билеріміз тарихи тамырымыз жайылған кең байтақ өлкені бүгінгі ұрпаққа көзінің қарашығындай етіп сақтап жеткізгені, осы күнгі жастардың осы ата-баба ізін жалғастырып, оны қасық қаны қалғанша қорғауға, дінін, тілін қорғауға тарихи әділдік беретін бір-бірден құрал. 1)Археологиялық ескерткіштер: тұрақтар, обалар, қорғандар, қалашықтар. 2) Этнографиялық ескерткіштер: үй, табақ, салт дәстүр, әдет ғұрып, құрал саймандар. 3) Халық ауыз әдебиетінің ескерткіштері: эпос, фальклор, шежіре, аңыз, қисса. 4) Жазба әдебиет ескерткіштері: а) Антик авторлар: Авеста, Геродот, Страбон, парсы тіліндегі Ахеменид кітабы, Қытай жазбалары ә) Ежелгі түркілердің руникалық ескерткіштері б) Араб-парсы авторлары в) Орыс жылнамалары. г) Европа тілдеріндегі деректер Марко Поло, Плано Карпини, Вильгельм Рубрук. ғ) Жергілікті авторлар: Махмұд Қашғари, Жүсіп Баласағұн, Мұхамед Дулати, Қадырғали Жалаири, Әбілғазы. д) Ресей тарихшылары: Миллер, Фишер, Балас, Левшин (қазақ тарихының Геродоты), Потанин, Уалиханов, Абай, Шәкәрім, Мәшхұр Жүсіп Көпеев е) Кеңес тарихшылары: Асфиндияров, Тынышбаев, Досмұхамедов, Галуза, Ляпкин, Рязанов, Марғұлан, Бекмаханов, Гумелев.

2. 16-18 г. Казак-орыс карым-катынасы. XVIIIғ.-дың ортасына қазақ өлкесінің саяси-экономикалық дамуында жаңа өзгерістер қалыптасты. Отарлау саясатына қарамастан қазақ-орыс сауда байланыстары және шет елдермен қатынас өзара тиімді жағдайда дамыды. Осы кездегі сауда айналымының орталығы – Орынбор қаласы . XVIIIғ. 60 жылдары қазақ-орыс сауда байланыстарының кеңейген кезеңі.Өазақтардың жиі саудаласытын тауарлары: мал терісі, киіз, көбінесе мал.Қазақтармен сауданың тиімділігіне көңіл аударған орыс үкіметі бекіністерде мешіттер салғызды, айырбас сарайларын кеңейтті. Батыс Сібір, Орта Азияны сапалы ас тұзымен қамтамасыз ететін орталықтар пайда болды: Керекудің маңындағы Қалқаман, Қарасу тұз көлдері.1766ж.Әбілмәмбет хан Екатерина патшайымға хат жолдап, Түркістан арқылы өтетін ірі керуенді Семей, Жәміш бекіністерінде шек қоймай қабылдауға рұқсат алды.Ресейден әкелінетін тауарлар – көшпенділірдің күнделікті өмір қажеттерін қанағаттандыратын заттар.1767 ж. 15 қараша – екінші Екатерина Бұхар саудагерлеріне Қазақстан териториясында еркін сауда жасауға рұқсат берді. Қазақ-орыс саудасындағы отарлық белгілер кейін бұл сауданың бір жақты дамуына жол ашып, Қазақстанның Ресейге тәуелділігін күшейтті.

3. Казакстандагы палеолит кезенинин зерттелуи Ағашқы адам тіршілік иелері мен оның қарапайым шаруашылығының қалыптасу кезеңін қамтитын ежелгі тас дәуірі өндіргіш күштердің өте төмен деңгейімен сипатталады. Ол тұстағы адамдардың кәсібінің мәні табиғаттың дайын өнімдерін пайдаланумен шектелген. Олар өздігінен өсіп тұрған дәндерді, жеміс-жидектерді теріп жеп, жабайы аңдарды аулап, олардың етімен қоректенеді. Бұл тұстағы адамдардың өзара қарым-қатынасы олардың теңдігіне, еңбек бөлінісінің жынысқа, жасқа қарап реттелуіне негізделеді.Еңбекке бейімі бар, адам тақылеттес ең әуелгі тіршілік иесі ғылымда презинджантроп деген атпен белгілі. Оның сүйектерінің қалдықтары шығыс Африкадан табылған. Ғылымда «Homo habilis» («шебер адам») деп аталып кеткен ол осыдан 1 миллион 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. «Шебер адамның» еңбек құралы малта тастың сындырыл- ған түрлерінің қырлары пышақ сияқты өткір болып, кесу үшін пайдаланыл- ған.Адамзаттың дамуындағы тас дәуірінің орта және соңғы кезеңдеріне сәйкес келетін «Homo erectus» («түрегелген немесе бойын жазған адам») питекантроп (маймыл-адам) және синантроп (адам) болып екіге бөлінеді.Бірінші питекантроп 1891 жылы Ява аралында табылды. Питекантроп бұдан бір миллиондай жыл бұрын өмір сүрген. Ол «Homo habilis» - пен салыстырғанда елеулі эволюциялық өзгерістерге ұшырған. Синантроп 1927 жылы Чжоу-коу-дян үңгірінен табылды.синантроптар от жағуды білген деген қорытынды жасауға болады. Бұл кезде піскен етті, өсімдікті тамақ ету адамның дамуына, әрине, өзінің игі әсерін тигізбей қойған жоқ. Б.з.б. 300 мың жыл бұрын «Homo erectus» қазіргі кезеңдегі адам түріне, немесе «Homo sapienske» («ақылды адам») айналды. «Ақылды адамның» қалдықтары Еуропада, соның ішінде Германиядағы Неандерталь жотасында табылған. Сондықтан ол тарихта неандерталь адамы деген атпен белгілі.

Қазақстанда, соңғы мәлімет бойынша, 450-дей Палеолиттік ескерткіш орындары анықталған. Ең ежелгі ескерткіштер Қаратау жотасынан табылған. Мұндағы Тәңірқазған, Бөріқазған, Шабақты, Ақкөл, т.б. тұрақтар материалдары шелль-ашель дәуіріне жатады. Қаратау тас құралдары тұрпаттары және оларды өңдеу тәсілдері Африка, Үндістан, Пәкстан мен Қытай жерлерінен табылған бұйымдарға ұқсас. Ашель дәуірінің тұрақтары Орталық Қазақстаннан (Қойтас, т.б.), Ертіс алабынан (Қазыбай), Мұғалжар тауларынан, Маңғыстаудан көптеп табылған. Қаратау жотасынан (Тоқалы, Қызылрысбек, Алғабас, Үшбұлақ, Шабақты, Дегерес, т.б.), Орталық Қазақстан мен Жоғарғы Ертіс өңірінен (Обалысай, Мұзбел, Жаман Айбат, Қосмола, Батпақ-8, 12, Құдайкөл, Қанай, т.б.) ашель мен мустье замандарына жататын ескерткіштер зерттелген болатын. Мустье құралдарының негізгі түрлері үшкіртас пен қырғыштан тұрды. Кейінгі Палеолитте тас құралдарын жасау техникасы жетілдірілді. Мустье дәуіріндегі дөңгелек және үшкіл өзектастар орнына призма пішіндес өзектастар пайдаланылды. Бұл кез ескерткіштері (Уәлиханов атындағы тұрақ, Қарабас-3, Бұқтырма, Свинчатка) алдыңғы уақыттарға қарағанда аз зерттелген.

Қазақстан жерінде ежелгі адамның қазынды қалдықтары әзірге кездесе қоймағанына қарамастан олардың мекен еткен аудандарының бірі-Қаратау жотасы болғаны анықталып отыр.Қаратаудың алғашқы тұрғындары от жағып, оны сөндірмей ұстай білген. Олар аңдарды аулаумен, тамақ болатын өсімдіктерді жинаумен шұғылданған. Соңғы палеолит дәуірінде адамдардың рулық қауымы мен топтық ұжымдары қалыптаса бастады. Рулық қауымдар көп жерде алдымен отбасының қамқаоршысы, бала өсіруші ана төңірегінде топтасты, осыған байланысты әйелдер алғашқы қауымда үстемдік жасады, мұның өзі аналық-матриархаттық дәуір деп аталды.Тас дәуірінің тарихында мезолит пен неолит біздің заманымыздан бұрынғы XII-V және V-III мың жылдықтардың арасын қамиды (мезолит-орта тас дәуірі, неолит-соңғы тас дәуірі). Ол кезде табиғат осы заманғы бейнеде болды. Жануарлар дүниесінің құрамы өзгеріп, енді аңшылардың аулайтыны көбінесе бизон мен жылқы, жабайы ешкі мен киік, қоян, үйрек болды. Мезолит заманындағы адамдардың садақ пен жебені ойлап шығаруы үлкен жетістік еді және осы тұста микролиттер-үшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент тәрізді ұсақ қалақтар пайда болды.Б.з.б.V мың жылдықта басталған неолит тас құралдарны барынша пайдаланған дәуір болды. Бұл кезде еңбек құралдары жетілдіріліп, жаңадан бұрғылау, тастарды тегістеу, ағашты арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістер қолданылған. Неолит дәуірінде Қазақстан жерінде кен кәсібі мен тоқымашылықтың бастамалары дүниеге келген. Сонымен қатар керамикалық ыдыс жасау іске аса бастады. Әлеуметтік жағынан алғанда неолит дәуірі рулық қауым дәуірі еді. Онда бірігіп еңбек ету және өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Осы кезде тайпа бірлестіктері құрылды. Тайпалар туыстық жағына және шаруашылықтың түріне қарай құрылды. Ежелгі қазақ жеріндегі тайпалар аңшылықпен, балық аулаумен, өсімдіктерді жинаумен шұғылданған. Кейініректе олар мал өсірумен , егіншілікпен және кен өнеркәсібімен шұғылдана бастайды.Б.з.б. екі мың жылдықта мал және егіншілік шаруашылығымен қоса металл өңдеу кәсібі дами бастады. Мұның өзі Қазақстан жеріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайларды өзгертуге жол ашты. Мал өсіруші тайпалар ірі және қуатты бірлестіктер құрды. Бұлардың арасында әр түрлі себептермен келіспеушіліктер болып, қарулы қақтығыстар да орын алды. Қару енді жабайы аңдарды аулау үшін ғана емес, сонымен қатар тайпалардың соқтығыстарына да жиі қолданылатын болды. Қару жасау бірте-бірте металл өңдеудің дербес саласына айналды.

4.Ежелги ру тайпалык курылыстын ыдырауы. Соңғы палеолит дәуірінде адамдардың рулық қауымы мен топтық ұжымдары қалыптаса бастады. Рулық қауымдар көп жерде алдымен отбасының қамқаоршысы, бала өсіруші ана төңірегінде топтасты, осыған байланысты әйелдер алғашқы қауымда үстемдік жасады, мұның өзі аналық-матриархаттық дәуір деп аталды.

Ертедегі тас дәуірі - адамның және оның шаруашылығының қалыптасуының бастапқы уақыты. Палеолит дәуірінде адамдардың қоғамдық ұйымдары өте күрделі және ұзақ даму жолынан өтті. Бастапқы кезеңде жабайы үйір пайда болды. Ол ерте ашельге сәйкес келеді. Осы кезеңде бірте-бірте жаңа әлеуметтік организмнің, яғни алғашқы қауымның пайда болуының алғы шарттары қалыптаса бастады. Іс жүзінде алғашқы қауымның жетілген түрлері тек кейінгі палеолитте ғана қалыптасады. Ол, көптеген зерттеушілердің пікірінше, прогрессивтік дамудың алғашқы айқын нышандарының бірі болып, неандертальдықтардың қазіргі адам түріне айналу кезеңімен түспа-тұс келді.

Соңғы палеолит (40-35 мың жыл - б.з.д. 10-мыңжылдық). Бұл адамның жер шарындағы климаттық аймақтарда кеңінен орналасу және нәсілдердің, нәсіл топтарының қалыптасу уақыты болды.

Ойлауға қабілетті адамның пайда болуы мен соңғы палеолит дәуіріндегі адам қоғамының материалдық және рухани мәдениетінің әрі қарай дамуы арасында тура байланыстың болуы әбден мүмкін. Бұл құбылыс қоғамдық қарым-қатынастың ілгері дамуымен, рулық қоғам қалыптасу үдерісімен, адамдар ұжымындагы қоғамдық ұйымның алғашқы айырықша формасы - рулықтың (алғашқы туыстық рудың) пайда болуымен тығыз байланысты. Туыстық ұйым барлық жерде аналық жүйелі және аналық тарапты болған, ал әйел қоғамда жоғары орында тұрған деп пайымдалады. Осылайша аналық ру, өзара қандық туыстық байланыспен және анасы бойынша есептелетін туыстық арқылы бірігетін адамдардың экзогамдық тобын құрды. Әйелдердің қоғамдық өмірдегі жоғарғы жағдайы отбасындағы қауымдық шаруашылыктың ерекшеліктерінен, әйелдердің ұрпақ жалғастыратын рөлінен келіп шыққан еді.

5. Кола дауириндеги Казакстан. Б з б 2 мын жылдыктын ортасында Каз тайпалары кола заттарын жасауды меңгерген тас дәуірі адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезең адамның жерден бауырын көтеріп, екі қолдың еңбек әрекетіне бейімделуі іске асты. Мұның өзі алғашқы адам іспеттес тіршілік иелерінің күнкөріс үшін тас құралдарын жасауына мүмкіндік берді.. Қола-әр түрлі өлшемдегі мыс пен қалайынның, кейде сүрменің, күшаланың, қорғасынның қорыптасы. Мыспен салыстырғанда қола өте қатты және балқыту температурасы төмен, түсі алтын сияқты әдемі болып келеді. Ол еңбек құралдары мен қару жасау үшін қолданылатын негізгі шикізат болып табылды.б.з.б. 2 мың жылдықтың аяғында – I мың жылдықтың басында дала халықтары шаруашылықтың жаңа түрі - көшпелі мал шаруашылығына ауысады.Қола дәуіріндегі экономикалық басты-басты екі бағыттағы: мал шаруашылығы мен металл өңдеу кәсібінің тез дамуы, ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті. Мұның өзі қоғамда еркектер рөлінің күшебне әкелді. Сөйтіп, аналық рудың орнына аталық ру (патриархат) пайда болды. Жеке отбасылар бөлініп оқшауланды, меншік ұлғайып кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі көрініс бере бастады.Андронов мәдениетінің негізгі орталықтарының бірі-Қазақстан жері Археологиялық деректерге қарағанда, Андронов мәдениеті дәуірінде халық- тың басым көпшілігі отырықшылықта өмір сүрген. Өзендердің, көлдердің жағасындағы жайылымы мол жерлерге орналасқан патриархаттық отбасылардың үйлері мен үлкен жер төбелері болған. Олардың жанынан әр түрлі шаруашылық жайлар мен мал қамайтын орындар салынған. Өйткені, бұл кезде мал бағу кәсібі басымырақ еді. Андронов мәдениеті дәуірінде адамдар металдан еңбек құралдарын, қарулар және сәндік заттар жасауды жақсы білген. Олар түбі шығыңқы балталар, сағасында ойығы бар пышақтар, балға, шоттар, найзалар мен жебелердің өзгеше ұштары, білезіктер, айналар, моншақтар және әр түрлі ілмешектер, егінді оратын орақ, пішенді шабатын шалғы сияқты құралдарды өздері жасап күнделікті тұрмыста кеңінен қолданды.Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін 1914 жылы А.Я. Тугаринов ашты. Содан бергі өткен уақыт ішінде Кеңес елінде, сонымен бірге Қазақстанда бұл мәдениетке қатысты орасан көп археологиялық материалдар жиналды. Андронов мәдениеті қола дәуірінің алғашқы кезеңін (б.з.б. XVIII-XVI ғасырлар) және орта кезеңін (б.з.б. XV-X ғасырлар) түгелдей қамтиды.

6.Андронов мадениети Андронов мәдениеті дәуірінде адамдар металдан еңбек құралдарын, қарулар және сәндік заттар жасауды жақсы білген. Олар түбі шығыңқы балталар, сағасында ойығы бар пышақтар, балға, шоттар, найзалар мен жебелердің өзгеше ұштары, білезіктер, айналар, моншақтар және әр түрлі ілмешектер, егінді оратын орақ, пішенді шабатын шалғы сияқты құралдарды өздері жасап күнделікті тұрмыста кеңінен қолданды.

Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін 1914 жылы А.Я. Тугаринов ашты. Содан бергі өткен уақыт ішінде Кеңес елінде, сонымен бірге Қазақстанда бұл мәдениетке қатысты орасан көп археологиялық материалдар жиналды. Андронов мәдениеті қола дәуірінің алғашқы кезеңін (б.з.б. XVIII-XVI ғасырлар) және орта кезеңін (б.з.б. XV-X ғасырлар) түгелдей қамтиды.

Орталық Қазақстанда қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б.з.б. X-XIIIғасыр- лар) Андронов мәдениетімен салыстырғанда анағұрлым жоғары Дәндібай-Беғазы мәдениеті болғанын білеміз. Ол Қарағанды қаласы маңын- дағы Дәндібай ауылында және Балқаштың солтүстік төңірегіндегі Беғазы қойнауында қола ескерткіштерінің алғашқы қазылған жаріне қарай аталған. ДәндібаБеғазы мәдениеті Атасу өзенінен Ертіске дейінгі байтақ даладан табылған көптеген ескерткіштерімен сипатталынады. Олардың қатарына Ақсу-Аюлы-2, Ортау-2, Байбала-2, Бесоба, Бұғылы-3, кешендері жатады. Бұл ескерткіштерге тән нәрсе, бір жағынан Андроновтық дәстүрлердің сақталуы, екінші жағынан, мәдениеттің жаңа элементтерінің,тұрпаты ерекше бәйттік тамдардың, жатаған, домалақ ыдыстардың пайда болуы. Жерлеу ғұрпы да Андронов мәдениетіне тән емес. Әдеттегі бүктелген қаңқалармен қатар аяқтарын созып, шалқасынан жатқызылған қаңқалар да кездеседі. Мұндай жерлеу ғұрпы кейінгі ерте темір дәуірінде Қазақстан жерінде тұрған малшы тайпаларда кеңінен тараған.

  • Ертедегі Нұра кезеңі — жерлеу салтында крематация (мәйітті өртеу) басым болған. Мәйтті табытқа салып қою рәсімімен де жерлеу кездеседі. Керамика ыдыстар жоғары жағы ғана әсемделеді. Қабір ішінде мәйітпен қатар үй жануарларының сүйектері де табылған.

  • Келесі — Атасу кезеңінде жерді игеру, оның ішінде шөлейт аудандарды да игеру кеңінен жүргізіледі. Тау-кен жұмыстарының көлемі күрт өседі. Мәйіттерді бір жамбасына бүк түсіріп жатқызып жерлеу жиірек ұшырасады.

  • Кейінгі кезеңі — Бегазы-Дәндібай мәдениеті. Оның ерекшелігі — мәйіттерді шалқасынан жатқызып қою. Мысалы:Ақсу-Аюлы−2 қабыры. Жер бетіне тастан қалап қабырғалы тұрғын үйлер салу рәсімі кең жайылады. Сондай-ақ ағаш та қолданылған.

7.Бегазы Дандибай. Беғазы-Дәндібай мәдениеті — қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б.з.б. 9 — 8 ғасырлар) Орталық Қазақстанды қоныстанған тайпалар мәдениеті. Беғазы және Дәндібай ескерткіш кешендерін алғаш зерттеп, мәдениет атауын ғылыми айналымға енгізген академик Ә. Марғұлан. Беғазы-Дәндібай мәдениетін өркендеткен тайпалар батысында Ұлытау, шығысында Абыралы, Шыңғыс таулары, оңт-нде Жетіқоңырдан Ертіс бойына дейінгі Нұра, Сарысу, Кеңгір өзендері бойлары мен Қызылтау, Бұғылы, Қызыларай, Қарқаралы, Баянауыл таулары аралығындағы кең жазықтарды қоныс еткен. Бұл кезде одан бұрынғы андрон мәдениетіне тән үлгілер сақталумен қатар, жаңа жерлеу ғимараттары, тұрғын үйлер пайда болып, жерлеу салты, өзіндік шаруашылық түрлері қалыптасады. Жаңа мәдениет қауымның жоғарғы лауазымды билеушілеріне арнап салынған қақпақ тастардан тұрғызылған зәулім кесенелерімен, мәйітті бір қырынан, аяқ-қолын бауырына жинап, сонымен қатар шалқалатып жерлеу, олардың жандарына қару-жарақ, әшекей бұйымдар қою ғұрыптарымен ерекшеленеді. Қыш көзелердің пішіні, жасалу, өрнектелу өзгешелігімен де айрықшаланады. Б.-Д. м-нің кесенелері күрделі сәулет өнері ескерткіштеріне жатады (Ақсу-Аюлы, Бұғылы, Беғазы, Дәндібай, Ортау, т.б.). Олар көбіне дөңгелек, төртбұрышты болып келеді.

Б. з. б. II мыңжылдықтың аяғы мен I мыңжылдықтың басында, басқа далалық аудандардағы сияқты, Қазақстанда да климат өзгеріп, ол барған сайын қуаң тарта берді. Табиғи су көздері кеміді, оның өзі үлкенді-кішілі өзендердің жайылмаларында егіншіліктің өрістеуін тежеді, ал кейбір аудандарда оны күрт қысқартты. Уақыт өткен сайын малшылық-егіншілік тайпалары ішінде үздіксіз көбейе түскен халық пен өндіргіш күштердің осы халықты күнкөріс құралдарымен қамтамасыз ете алмайтын үйлесімсіз төмен деңгейі арасында сәйкессіздік пісіп-жетіле бастады. Ежелгі тайпалар өз өндірісін тез жетілдіре алмады да, орын алған жағдайдан шығудың жолы бір ғана нәрсе — жер аумағын кеңейту деп білді. Қазақстанның суы аз жерлердегі суармалы егіншілікті дамытуға мүмкіндік бермеген далалық аудандары халқының көпшілігі үшін алғашқы экономиканың халық саны артуының өндіргіш күштеріне қысымын жоятын бірден-бір бағыты мал шаруашылығының көшпелі және жартылай көшпелі түрлеріне ауысу болды. Орасан зор жайылымдық алқаптары жағдайында мұндай шаруашылық бағыты мүмкін әрі тиімді болған еді.

8.Сактардын саяси тарихы

Қазақстандағы өмір сүрген тайпалардың ішінде аты-жөні жақсы сақталған тайпалардың бірі-сақтар. Археологиялық зерттерлеуге және жазба деректерге қарағанда б.з.б. VII-IV ғғ. сақ тайпалары Орта Азия және Қазақстан жерін мекендеген. Парсы жазба деректері бойынша, Орта Азия мен Қазақстан территориясында мекендейтін көшпелі тайпаларды жалпы атпен сақтар деп атаса, ал гректің атақты тарихшысы Герадот (б.з.б. V ғ.) сақтарды «азиялық скифтер» деп атаған. Осымен қатар Герадот өзінің «Тарих» деп аталатын еңбегінде б.з.б. I мыңжылдықта Орта Азия және Қазақстан жерінде «Сақ» деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары болғаны айтылады. Ол одақтар: массагеттер, даилер, каспийшілер, исседондар, сарматтар, алаңдар, аримаспылар т.б

Сақ патшайымы Томирис келіссөз жүргізуден бас тартады. Парсы патшасы Кир сақтарға қарсы шабуылға шығады. Өз жерінде соғысуға қолайлы деп есептеп, Томирис парсылардың судан өтуіне əдейі мщмкіндік береді. Кир əскерін өзеннен өткізіп, біршама жер жүргеннен кейін қостарын тікті. Келесі күні ол қулық ойлады: əдейі қорыққан болып, лагерін тастап, қаша бастаған сыңай танытты. Патшайымның баласы Спаргапис жаудың соңынан қуып, тəжірибесіз жас болғандықтан, торуылға түсіп қалады. Баласының қайтыс болғанын естіп, Томирис көп əскермен Кирге аттанады.

Кир қайтыс болғаннан кейін 11 жыл өткен соң б.з.б. 519 жылы парсылар сақтарға қарсы қайта шабуылға шығады. Бұл жорықты Дарий I патша басқарады. "Мен əскеріммен сақ жеріне жорыққа шықтым" деген Дарий I сөздері Бехустин жазбаларында айтылады. Сақтарды Скунха атты көсемі басқарады. Скунха соғыста жеңіліп, парсы əскері Сырдариядан өтеді. Осы соғыстағы таңғажайып оқиғалардың бірін ежелгу грек тарихшысы Полиэн былай деп суреттейді: "Шырақ есімді бір сақ өзінің денесін қанжармен жаралап, парсыларға қашып барып, өзінің көсемінен жəбір көрген етіп көрсетеді. Парсы əскерлерін сақтарға бастап апарамын деп алдап, оларды сусыз шөлде адастырып кетеді. Сосын Шырақтың алдағанын білген парсы əскерлері оны өлтіреді. Осының зардабынан Дарий I қырғынға ұшырап, ары қарац соғысқа шыдай алмай, Персияға қайтып кетеді

9. Сактардын саяси алеуметтик курлысы, шаруашылыгы

Сақ тайпалары одақтарының басында көсемдер тұрды, оны патша деп атады. Патшаларды тайпа көсемдерінің кеңесі сайлады. Тайпа көсемдерін оның барлық мүшелері сайлайтын болған. Тайпа ішіндегі аса маңызды ішкі және сыртқы істер халық (вече) жиналысында талқыланып отырды. Оған әйелдер де қатысқан. Қоғамның осындай саяси үйымын Ф. Энегельс әскери демократия деп атады. Себебі ол кезде соғыстың мәні зор еді. Соғыс тайпа үшін жайылымдық жер мен мал тартып алудың және өздерін сыртқы жаудан қорғап отырудың құралы болды. Көсемдер әскер басы болды да, билік жүргізді. Олар тайпаны қару-жарақпен, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Ол өз тайпасы атынан бітім немесе келісім жасады. Патшалар (көсемдер) рулар мен тайпаларға жайылымдарды, көшіп қонатын жерлерді бөліп берді; ол жерлерді пайдалану тәртібін белгіледі. Жер үшін таласарды шешіп, рулар мен тайпалар арасында қарулы қақтығыстар болмауын қадағалады. Сақ тайпаларында көпке дейін матриархаттық ел билеу тәртібі сақталып, әйелдер ерекше жағдайда болған. Патшалар жауынгелер тобынан шықты. Сақтар б.з.б. 519-518 жылдары парсылармен соғысып, I Дарийдің әскеріне қарсы ерлікпен шайқасады. Сақтар парсылармен бірге Грекия, Египет жеріндегі соғысқа қатысады. Сақтың әйел патшасы Тамирис парсы патшасы Кирдің әскерін женген (б.з.б. 530 ж.). Сақ қоғамының адамдары үш әлеуметтік топқа бөлінді. Олардың әрқайсына бір түс тән болды.: 1) жауынгерлер (қызыл) 2) абыздар (ақ) 3) басқа қауым адамдары (сары, көк)

Сақтар, негізінен мал шаруашылығымен айналысты. Мал шаруашылығының үш түрі болды: 1)Көшпелі мал шаруашылығы. Батыс және Орталық Қазақстанда өріс алды. Жылдың суық мезгілін көшпелі сақтар құм жоталарының баурайына орналасқан қыстауларға немесе ірілі-уақыты өзендер жағасында өткізді. Олар бір жерде ұзақ отырып қалмай, мал жайымен келесі қыстауға, қолайлы жайылымдарға қарай орын ауыстырып отырды. 2)Жартылай көшпелі шаруашылықпен айналысатын сақтар малды қыстатып шығаратын тұрақты қоралар салды. Олар жыл сайын малдарын осы қора-жайларға айдап әкеліп отырды. Шаруашылық кәсібінің бұл түрі орманды дала оңірінде және биік таулы жерлерде кең тарады. Мұндай жерлер Тянь-Шань және Алтай тауларының баурайы, Жетісу, Шығыс Қазақстан аймағы болды. Қыстау маңындағы жерлерде тары, арпа, бидай өсірді. Пішен дайындалып, малды қолда ұстаудың мүмкіндігі туды. Енді сақтар қыстауларда ұзақ уақыт тұру үшін ағаштан, тастан жылы тұрғын үй салатын болды. 3)Сақтарда шаруашылықтаң үшінші түрі- Отырықшы егін және мал шаруашылығы– Оңтүстік Қазақстанда, Сырдарья, Шу, Талас, Арыс өзендерінің бойында, табиғи су қорлары мол жайылымдары көп жерлерде кеңінен тарады. Бұл жерлерде суғармалы және тәлімі егіншілік басым болды. Сақтарда мал шаруашылығының, негізігі бағыты қой өсіру еді. Олар қылшық жүнді қойлармен қатар, биязы жүнді қойда өсірді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]