Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пульм., ОМ 4 курс каз., )))))).doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
256 Кб
Скачать

Өкпе аурулары кезіндегі рентегнологиялық өзгерістер

(Кушимбаева К.Ш., аударған Ахметова Н.)

187. Зақымдалған жақта өкпе суретінің күшеюі, контуры айқын емес және біркелкі емес ошақты инфильтративті өзгерістер түріндегі рентгенологиялық көрініс сипаттамасы қандай тыныс алу ағзаларының ауруына тән?

1)+Пневмония

2) Созылмалы бронхит

3) Бронх демікпесі

4) Өкпенің өатерлі ісігі

5) Бронхоэктаз ауруы

188. Өкпе паренхимасында біркелкі емес бұдыр контурлы дөңгелек көлеңкелердің болуы, лимфа түйіндерінің ұлғаюы түріндегі рентгенологиялық көрініс сипаттамасы қандай тыныс алу ағзаларының ауруына тән?

1)+Өкпенің қатерлі ісігі

2) Бронхоэктаз ауруы

3) Пневмония

4) Созылмалы бронхит

5) Плеврит

Пульмонология бойынша клиникалық есептер (Касенова С.Л., аударған Ахметова Н.)

  1. 14 жастағы жасөспірімде жедел респираторлы аурудан кейін құрғақ, жанға бататын жөтел, ентігу, төс артындағы ауру сезімі пайда болды. Аускультацияда өкпеде қатаң тыныс, аздап құрғақ сырылдар естіледі. Қан анализінде: лейкоциттер 6,0 х 10 9/л, ЭТЖ 15 мм/сағ. Қақырық анализінде – жабысқан эпителий, бірен-саран макрофагтар.Спирография мәліметтері: FVC – 80%, FEV1 - 65%.

Диагноз қойыңыз:

  1. +Жедел бронхит

  2. Ауруханадан тыс пневмония

  3. СОӨА

  4. Бронх демікпесі

  5. Өкпенің қатерлі ісігі

  1. 40 жастағы ер адам шырышты-іріңді қақырықты жөтелге, дене қызуының 37,6 ° жоғарылауына. 17 жыл бойы күніне 1 қорап шылым шегеді. Аускультацияда өкпеде қатаң тыныс, шашыранды құрғақ сырылдар естіледі. Қан анализінде: лейкоциттер 12 х10 9/л, ЭТЖ 18 мм/сағ. Қақырық анализінде – көру алаңында 10-12 лейкоциттер. Бронхоскопияда катаральды-іріңді эндобронхит анықталған. Спирография мәліметтері: FVC – 75%, FEV1 - 70%, FEV1 / FVC – 70%. Диагонз қойыңыз:

  1. +Созылмалы бронхит

  2. Ауруханадан тыс пневмония

  3. СОӨА

  4. Бронх демікпесі

  5. Өкпенің қатерлі ісігі

191. 59 жастағы ер адам физикалық жүктемеден кейінгі ентігуге, шырышты және тұтқыр қақырықты жөтелге шағымданады. Анамнезінде 30 жыл бойы шылым шегу. Науқасты қарап тексергенде тері жамылғыларының цианозы, қабырғааралықтар кеңейген бөшке тәрізді кеуде клеткасы, қораптық перкуторлы дыбыс, әлсіз везикулярлы тыныс. Спирография мәліметтері: FEV1 - 50%, FEV1 / FVC – 45% . Диагноз қойыңыз:

  1. Созылмалы бронхит

  2. Госпитальды пневмония

  3. +СОӨА

  4. Бронх демікпесі

  5. Өкпенің қатерлі ісігі

192. 69 жастағы ер адам қақырықта қан жағындыларының пайда болуына, әлсіздікке, дімкәстікке, даусының қарлығуына шағымданады. Соңғы жылда пневмониямен 3 рет ауырған. Кеуде рентгенограммасында оң өкпенің түбір аймағында диаметрі 4 см түйін пайда болған. Жалпы қан анализінде бірен-саран атипиялық клеткалар бар. Спирография мәліметтері: FVC – 55%, FEV1 - 75% . ЭКГ-да – ЖЭО оңға ауытқуы, жүректің оң жақ қарыншасының гипертрофиясы. Диагноз қойыңыз:

1) Созылмалы бронхит

2) Госпитальды пневмония

3) СОӨА

4) Бронх демікпесі

5)+Өкпенің қатерлі ісігі