Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kukyk_bilety.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
91.28 Кб
Скачать

Билет 20

1Құқықтық мемлекет – көп өлшемді даму үстіндегі құбылыс. Құқықтық мемлекет – бұл тәуелсіз мемлекет, ол өз бойына бүкіл халықтың, ұлттың және елді мекендейтін аз ұлттардың тәуелсіздігін жинайды. Мұндай мемлекет үстемдікті, бәріне бірдейлікті, биліктің толықтығын, ерекшелігін іске асыру арқылы, адалдыққа негізделген азаматтардың қоғамдық қатынастарын, бостандығын қалтықсыз қамтамасыз етеді. Құқықтық мемлекетке мәжбүр ету, мемлекет тәуелсіздігінің маңызды көрсеткіші ретінде, құқықпен шектеледі, заңсыздық пен бассыздыққа жол бермейді. Мемлекет өз күшін, құқық негізінде, тек өзінің тәуелсіздігі, азамааттарының мүдделері бұзылса ғана пайдаланады. Ол жеке адамның да бостандығын тежейді, егер оның әрекеті басқа адамдардың бостандығына қауіпті болса.

Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері:

  • Барлық қоғам өмірінің аясындағы заң деңгейінің жоғарылығы. 

  • Жеке адамның құқығының шындығы, оның еркін дамуын қамтамасыз етуінде

  • Мемлекет пен жеке адамның арасындағы жауапкершілік.

2. Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – заңда қарастырылмаған жеке немесе дәнекерлер арқылы мүліктік игілікке және мемлекеттік функцияларды атқаратын басымды тұлғалардың және де соларға теңестірілген тұлғалардың,  лауазымдық дәрежелерін қолдана отырып және де  лауазымының мүмкіндіктерін өз мүддесіне қолдана отырып мүліктік табыс алу үшін жасалынатын қадамдар 

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа байланысты  (сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық), Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 2 шілдесінің «Сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында ескерілген, сонымен қатар басқа да заңда бекітілген сыбайлас жемқорлық немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті еліктіретін іс-әрекетке байланысты тәртіптер. 

Жемқорлық құқық бұзушылықты хабарлаған және басқа да жолмен жемқорлықпен күреске ат салысқан тұлға мемлекет қорғауында болады. Жемқорлықпен күреске көмек берген тұлға туралы ақпарат мемлекеттік болып табылады. Бұл ақпаратты жариялаған тұлға Қазақстан Республикасының «Сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңымен бекітілген жауапкершілікке тартылады. Қажет болған жағдайда, жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органдар жемқорлыққа қарсы күреске ат салысқан тұлғаның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Билет 21

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабында кызметкерлердің   жұмыс   уақытты   тынығу   уақытымен   тығыз байланыста белгіленген. Аталған бапта «Әркімнің тынығу құкығы Еңбек  шарты  бойынша  жұмыс  істейтіндерге  заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзактығын, демалыс және мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі делінген.

Жұмыс уақыты — қызметкер жұмыс берушінің актілері мен еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт. Еңбек кодекстің 77-бабына сәйкес қызметкердің жұмыс уақытының қалыпты ұзактығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс. Еңбек шарттарында тараптардың келісімі бойынша жұмыс уақытының ұзактығы белгіленген нормадан азырақ көзделуі мүмкін.

Өндірістік күнтізбелікке сәйкес уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағат белгіленген қызметкерлер үшін жұмыс күнінің ұзактығы

  • 5 күндік жұмыс аптасында — 5 күн — 8 сағаттан;

  • 6 күндік жұмыс аптасында — 5 күн — 7 сағаттан, ал бір күн — 5 сағаттан болып белгіленген (Қазақстан Республикасының Енбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2000 жылгы 18 желтоқсандағы № 05 — 2 (8008 хаты).

Қысқартылған   жұмыс уақыты. Жұмыс уақытының қысқартылған       ұзақтыгы санаттарының   еңбегін   қорғау, оқы мен өндірісті онтайлы ұштастыруға   жағдай   жасау, жеткіншектерді    және    еңбекке қәбілеттілктері төмендеген тұлгаларды  тарту  мақсатында белгіленген.  Еңбек туралы заңнамаға сәйкес қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзактығы:

14 жастан 16 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін — аптасына 24 сағаттан, яғни 6 күндік жұмыс аптасында күніне 4 сағаттан, ал 5 күндік жұмыс   аптасына   —   4    сағаттан; 16 жастан 18 жасқа дейін  астасына – 36 сағаттан, яғни 6 күндік жұмыс аптасына күніне – 6 сағаттан, ал 5 күндік жұмыс аптасына — 4 күн 7 сағаттан 15 мин.

Ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін — аптасына 36 сағаттан аспайтын болып белгіленеді.

Толық емес жұмыс күні. Үй шаруасындағы әйелдердің, оқушылардың,  мүгедектердің, зейнеткерлердін және тағы басқа азаматтардың жағдайларын ескере отырып, олармен жеке еңбек шарты толық емес жұмыс күніне жасалуы мүмкін. Қысқартылған жұмыс күнінен толық емес жұмыс күнінің айырмашылығы мынада: егер алғашқысында жұмыс күні жалақы азаймай кысқартылатын болса, толық емес жұмыс күнінде кызметкер жалақысын жұмыс істеген уақытына немесе шығарған өнімнін көлеміне карай алады.

2. Жаза дегенiмiз - сот үкiмi бойынша тағайындалатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кiнәлi деп танылған адамға қолданылады және ол осы адамды құқықтары мен бостандықтарынан осы Кодексте көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады.

Жазаның түрлері:

а) айыппұл салу;

б) белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;

в) қоғамдық жұмыстарға тарту;

г) түзеу жұмыстары;

д) әскери қызмет бойынша шектеу;

е) бас бостандығын шектеу;

ж) қамау;

з) тәртіптік әскери бөлімде ұстау;

и) бас бостандығынан айыру;

к) өлім жазасы.

Жазаның мақсаты деп түпкілікті әлеуметтік нәтижелерді айтады, оған жазаны қолдану мен жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болады. Жазаның мақсаттары мынадай:

а) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру. Ол кінәлі адамға жазаны қолдану қылмыстық әрекет жасау нәтижерінде бұзылған жеке және қоғамдық мүдделерді қалпына келтіруді және қол сұғу объектісіне келтірілген зиянды өтеуді білдіреді;

ә) сотталушыны түзеу. Бұл мақсат кінәлінің теріс бағдарын өзгертуге бағытталған. Егер адам басқа жаңа қылмыстаp жасамаса және қылмыстық заңның сақталуының қажеттілігін сезіне бастаса, түзеуге қол жеткізеді;

б) жаңа қылмыстардың жасалуының алдын алу. Бұл мақсатты әрбір нақты қылмыс үшін қылмыстың жауапты бекітуді және жаза тағайындау мен оның орындалуын бұлтартпауды қамтамасыз ету арқылы қол жеткізіледі. Жазамен сескендіру адамдардың санасы мен әрекетіне әсер етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]