Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9 тема оценка мяса.конс каз.DOC
Скачиваний:
9
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
108.54 Кб
Скачать

Ет адамның жұқпалы ауруларының қоры.

Ет адамдар мен малдардың арасында жұқпалы ауруларды тарататын қоры да болуы мүмкін.

Бұларға жататындар:

1*. Өте қауіпті инфекциялар – күйдіргі /сібірлік жара/. Бұл ауру табылса оны таратпайтын тез шұғыл шаралар қолданылады.

2*. Туберкулез. Туберкулездің қоздырғыштары көбінде белгілі бір малдың мүшелеріне /өкпесіне/ ғана зақым келтіргендіктен, басқа мүшелерінде бактерия болмайды. Туберкулездің жалпы ағзалық және ұсақ бөртпелік /милиарлық/ түрлері өте қауіпті.

Туберкулезбен ауырған малдың етін санитарлық сұрыптағанда мынандай жайларды еске алу керек.

А. Малдың, туберкулездің жалпы ағзалық /генерализовандық/ түрімен ауырған етімен мүшелерімен тағам үшін пайдалануға рұқсат етілмейді. Оларды техникалық пайдаға асыруға болады.

Б. Егерде жалпы ағзалық туберкулез болмаса, онда малдың етін мұқият тексерген соң және аспаздық баптаудың ережелерін толық қолданып ақ ас үшін пайдалануға болады.

В. Егерде туберкулездің даму морны /локализациясы/ белгілі болса, тек малдың сол мүшесі ғана жойылуға тиісті, ал қалған таза еттері пайдалануға тиісті.

3*. Бруцеллез. Ірі қара және ұсақ мүйізді малдар мен шошқаның ауруы. Ауру адамға түйісу /контакт/ арқылы жұғады. Бруцеллез микробтары ыстыққа шыдамсыз. 60-65 С температурада 5-20 минут ұстаса, бәрі өледі. Бруцеллезбен ауырған малдың етін шартты жарамды деп қарап, оны мұқият пісірсе, адам денсаулығына қауіпті емес.

4*. Аусыл /Ящур/. Қоздырушысы – сүзілетін вирус, ыстыққа өте шыдамсыз, 60С ыстыққа 5-минут қайнатса өледі. Ірі қара мал мен ұсақ мүйізді малдар ауырады.

Аусылмен ауырған малдың етін бруцеллезбен ауырған малдың етіндей, мұқият қайнатып пісіргеннен соң, шұжық сияқты әртүрлі ыстықпен баптайтын тағамдар жасауға қолдануға рұқсат етіледі.

5*. Шошқа обасы. Қоздырғышы – сүзілетін вирус, адамға тікелей қауіпсіз болғанмен обаланған еті басқа еттерге жұғып, екінші инфекция тудыруы мүмкін. Мұндай шошқаларды бөлек ұстап, жеке бөлмеде сойып, қасаптау қажет. Мұндай етті шартты жарамды деп, пайдалануға қайнатқаннан кейін рұқсат етіледі.

Балықтардың тағамдық және тіршіліктік құндылығы.

Балық және балық өнімдері тамақтанудың негізгі азық-түліктеріне жатады. Олар адамды мал уыздарымен қамтамасыз ету бағдарламасын орындауда ықпалы өте зор. Өйткеі, балық уыздарының сапасы мен сандық құрамы еттің уыздарынан қалыспайды.

Балық еті тез қорытылады, организмге жеңіл сіңеді.

Балықтың химиялық құрамы тұрақсыз. Ол мекендік жағдайына, қорына, аулануының мезгіліне сияқты т.б. ерекшеліктерге байланысты маңызды өзгерістерге ұшырайды.

Уыздар.

Балықтың уыздары жылы қанды жануарлардың етінің уыздарынан айырмашылығы бар. Әр түрлі балықтардың етінің уыздары айтарлықтай тұрақты 8-ден 14 пайызға дейін етінің құрамынан айырмашылығы өте аз. Балықта адамның дамуына қажетті амин қышқылдарының қатынасы жағымды теңгерісте. Балықта лизин және аргининнің көп болуы балалардың тамақтануы үшін өте қажет.

Балықтың құрамында дәнекерлік тканьда құндылығы жоғары азық-түлікке жатады. Өйткені, онда арахидондық және басқа да көп қанықпаған /полинен ащысы/ май қышқылдары көп. Балық майы майда еритін витаминдерге /витамин А –ретинол, витамин D2 –кальциферол т.б./ бай.

Балықтың минералдық құрамы, әсіресе теңіз балықтары микроэлементтердің жиынтығына, оның ішінде тіршіліктік белсенді йодқа бай.

Балық етінің сығынды заттары, малдың етіне қарағанда аздау, бірақ жоғары белсенділігімен айрықшалануы және негізінен крептинмен, криатинмен, гипоксантинмен, сүт қышқылымен, гликогенмен көзге түседі.

БАЛЫҚТАР ЖҰҚҚЫШ ҚҰРТТАРДЫҢ ҚОРЫ /ГЛИСТ К ИНВАЗИЯ/.

Балық кейбір құрт ауруларының пайда болу себебі де. Олар диффилоботриоз және описторхоз – адам денсаулығына ең залалдылары.

Диффилоботриоз – адамның ішегінде жынысы жетілген ұзындығы 2-4м, кейде 10м жалпақ таспа /лентен/ құрттың дамуымен байланысты.

Балықты санитарлық сұрыптау, оның осы құрттың жұққыштық дәрежесіне байланысты. Егерде балықтың етінен бірен-саран плероцеркоидтар /балапаны/ табылса, онда оны мұқият қайнатқан соң, асқа пайдалануға болады. Егерде жаппай жұғылған болса, яғни балықтың етінде өте көп плероцеркоидтар, онда оны техникалық пайдаға жаратады.

Описторхоз – описторхоз құртынан /гельминт/ пайда болады. Гельминттер бауырда, еттің жалдары мен қуығына орналасады. Адам бұл аурумен холицистит сияқты науқастанады. Эпидемиологиялық тізбегі: адам тұщы су моллюскелері- тұқы балық /карп/ -адам.

Профилактикасы диффилоботриоздың профилактикасындай.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]