Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Tarikh_1

.docx
Скачиваний:
113
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
369.68 Кб
Скачать

1-сұрақ( Жас ұрпаққа тәрбие және білім берудегі Қазақстан тарихы курсының маңызы мен орны.) Карпат пен Хинган тауларының аралығындағы Еуразиялық құрлықта,40-50 ендікте созылып жатқан ұлы даланы менкендеген әлемдік өркениетті дамытуға өзіндік сүбелі үлесін қосқан түркі тілдес халықтардың қашаннан бір тармағы болып келетін,тармағы болғанда "қазақ түрік емес,қазақсыз түрік түрік емес" деген мәтелге өзек болған түркі тектес халықтардың ең іргелісі қазақ халқы болып табылады.Оның тарихы да,тағдыры да осы ұлы даламен тығыз байланысты:сабақтас,салалас,аралас,ортақ.Сондықтан да қазақ халқының тарихын алып даладан бөле-жара қарай алмаймыз.Сайып келгенде, осы ұлы даланы айдынды асқар теңіз ретінде көз алдымызға елестететін болсақ,теңіздің қайнар бастауы, оның деңгей-дәрежесін негізі-осы даланы жайлаған түрік тектес халықтар,оның ішінде қазақ халқы екенін ұмытпауымыз керек.Кезінде Қазақстанның осы ұлы даланың елеулі бөлігін қаусырв құшақтап,қарымды қамтып жатқан бүгінгіден де үлкен жері болды.Қазақстан тарихында болып жатқан бүгінгі бетбұрыс,оның саяси-экономикалық және мәдени-әлеуметтік өміріндегі қайта түлеу,жаңару көп жылдар бойы тоталитарлық басқару жүйесінің езгісінде боолып,халықтың өткенін білуі күңгірттеніп,ұрпағы мәңгүрттеніп,өз елінің тілі мен дінінен,дәстүр салтынан қол үзе бастаған жартылай орыстанған шала қазақтар көбейіп келе жатқан кезде қолға алынды.Осындай бетбұрыстың нәтижесінде жұртшылықтың өз халқының тарихына деген ынтасы мен ықылас пейілі,құштарлығы мен шексіз құмарлығы жаппай бой көрсетті.Білсек деген сұрақтар көбейді."Біз қазақпыз,сонда кімбіз,өткенімізде ғибрат аларлық не бар,келешегіміз не болмақ,елдің тарихындағы батырлар мен билері бетке ұстар адамдары кімдер?"-осындай сұрақтар ашық қойыла бастады.Жасыратыны жоқ,соңғы он төрт жыл ішінде қазақ халқының тарихына,өткеніне байланысты жоғарыда айтылған сұрақтарға біршама толық жауап беретін көптеген басылымдар мен жарияланымдар,мақалалар,ірілі-уақты кітаптар жарық көрді.Қазақ жеріндегі аталып өтуге лайықты аса маңызды саяси оқиғалар мен тұлғалы азаматтардың тойлары өткізілді.Қазір халқымыздың тарихын жастардың зердесіне құйып,оларды осы тарихтың тағылымымен таныстырудың,әсіресе жоғары,орта оқу орындарында оқып жүрген студенттердің тарихи санасын бүгінгі талаптар тұрғысынан қалыптастырудың маңызы зор.Жастар халқымыздың келешегі,заманымыздың болашағы.Бүгінгі қоғамда атқарылып жатқан әлеуметтік-эконмикалық игі істердің бәрі солар үшін,солардың берекелі бақыты үшін істелуде.Тарих латын тілінен аударғанда "өткенді баяндау,айту,жеткізу" дегенді білдіреді.Тарих өткенді баяндап қана қоймай,оның болу мерзімін деңгейін барлығын зерттейді.Тарих-халықтың жады,ол біздің патриоттық сезімімізді туғызады,ата-бабамыздың қандай болғанын,және біздердің олардан қандай айырмашылығымыз бар соны зерттейді.Тарих ғылымының ең басты мақсаты-шындықты бұрмаламаусыз,боямасыз көрсету болып табылады. . Тарих тағлымын терең зерделеген халықтың ғана болашағы жарқын болатыны өмірде дәлелденген.Өйткені,бүгініміз бен болашағымыз өткеннің негізінде жасалған.Мемлекеттің өсіп өркендеуі,оның азаматтарының белсенді іс әрекетінсіз мүмкін емес.«Тарихсыз халық жоқ »деген бізге белгілі қағида бекер айтылмаса керек.Тарих тәжірибені зерделеу барысында тарихи сана,дәстүр мен мәдениет,ұрпақ сабақтастығы қалыптасады.Тарих адамзат өркениеті мен қазіргі заманғы ғаламдық мәселелердің диалектикасын түсінуге мүмкіндік береді. Тарих мынандай негізгі міндеттерді шешеді:гносеологиялық(Отанымыз бен халқымыздың өткені туралы білім береді) аксеологиялық(Әр адамның бойында тарихи оқиғаларға қатыстылық сезімін қалыптастырады,сондықтан ол азаматтық қасиеттердің негізі болып табылады)прогностикалық(Тарих,ол болашақтыңнегізі қаланған өткен заман,тарих аяқталмайды.тарихта үлкен мүмкіншіліктер бар,өйткені онда бұрын ашылмаған шындықтарайқындалады).Тарих қай халықтың бломасын қайталанбас ерекшелігін,нақтылығын дербес қарастыра отырып,олардың бүкіл адамзат қауымдастығының құрамдас бөлігі екенін көрсетеді,соған сәйкес әлемдік тарих жүйесіндегі орнын айқындайды.Жалпы алғанда тарих өзгермелі өмірден адамның өзіндік орнын табу жолының кілті.Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстан нақты мысал бола алады.Өйткені,қазақстандық қоғам жүздеген ұлыстардың,сан алуан діндер мен өзіндік қайталанбас ерекшелігі бар мәдениеттердің тоғысқан қоғамы.Халық тарихы оқиғалар зердесі арқылы өзінің дүниетанымын,менталитетін қалыптастырады әрі өзінің қоғамда және ғаламдық деңгейдегі қауымдастықта алатын орнын айқындайды. Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден бастау алатын,тарихи кезеңдер мен ғасырларды қамтитын өзіндік логикалық темірқазығы бар.Ол мемлекет құрушы қазақ ұлтының этногенезі мен Қазақстанда тұратын барлық халықтардың ортақ тарихы.Қазақстан тарихын оқытудағы негізгі мақсат Отанымыздың тарихы,ол киелі Қазақ жерінде өмір сүрген барлық алдыңғы ұрпақтың,соның ішінде,әрқайсымыздың ата бабамыздың саналы қызметінің нәтижесі екенін ұғындыру,ал біздің өміріміздің мәні оған қомақты үлес қосу екенін әрбір азаматтың санасына сіңіру. Адамзаттың қалыптасуы мен дамуының ежелгі кезеңдері туралы тарихи білім ертедегі адамдар қалдырған мәдени ескерткіштерді зерттеу негізінде қалыптасады.Мәдени ескерткіштерді адамдардың еңбек құралдары,тұрақтары,тасқа жазылған бейнелер,жерлеу әдістері құрайды.Ежелгі Қазақстан аумағындағы ежелгі тұрғындар туралы жазба деректер кейін пайда болды.Оларға парсы,грек,латын,араб,түрік және қытай тілдеріндегі деректер кіреді.Бұл жазба деректерінде осы жерде мекен еткен тайпалардың тұрмысы,шаруашылық өмірі,саяси оқиғалары,көршілермен қарым қатынасы,ұлттық қалыптасу үрдісі жайлы мәліметтер беріледі.Тарих білімінің негізін деректер құрайды.Тарихи деректер ол қоғамда адамзат дамуының тарихын баяндайтын жазбаша құжаттар,айғақтық деректер.

2-сұрақ(Тас дәуіріндегі Қазақстан)Тас ғасыры – адамзат тарихындағы ең ұзақ мәдени-тарихи кезең. 3 кезеңге (ежелгі, орта, жаңа) бөлінеді. Шамамен б. з. б. 1 млн. 800 мың – 8/7 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Т. д. ескерткіштері Қазақстанның барлық аймақтарынан кездеседі. Аймақтар тарихының ертедегі кезеңін зерттеу, әдетте, сонау адамзат қоғамының қалыптасу тарихынан, яғни алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінен басталады.Тас дәуірінде ертедегі адамдардың материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасуы мен алғашқы дамуы орын алған. Палеолит. Ежелгі тас ғасыры.1) Олдувай (ертедегі немесе төменгі палеолит) - 2,6 млн. - 700 мың жыл. 2)Ашель - 700 - 150 -200 мың жыл.3) Мустье (орта палеолит) - 150-200 - 35-30 мың жыл.4) Кейінгі немесе жоғарғы палеолит- 40-35 мың жыл - б.з.д.10-мыңжылдық.Мезолит (орта тас ғасыры немесе палеолиттен неолитке өту кезеңі) - б.з.д. 10 - 7-мыңжылдықтар.Неолит (жаңа тас ғасыры) - б.з.д. 7-6 - 4-мыңжылдықтар.Тас ғасыры мен қола дәуірі арасында жатқан ерекше дәуір энеолит деп аталады. Бұл кезеңнің шекарасы немесе хронологиялық шектеуі әлі толық анықталмаған, дегенмен де ол шамамен- б.з.д. 4-3 - 2 мыңжылдықтар аралығында орын алады.Ертедегі тас дәуірі - адамның және оның шаруашылығының қалыптасуының бастапқы уақыты. Палеолит дәуірінде адамдардың қоғамдық ұйымдары өте күрделі және ұзақ даму жолынан өтті. Бастапқы кезеңде жабайы үйір пайда болды. Ол ерте ашелъге сәйкес келеді. Осы кезеңде бірте-бірте жаңа әлеуметтік организмнің, яғни алғашқы қауымның пайда болуының алғышарттары қалыптаса бастады.Іс жүзінде алғашқы қауымның жетілген түрлері тек кейінгі палеолитте ғана қалыптасады. Ол, көптеген зерттеушілердің пікірінше, прогрессивтік дамудың алғашқы айқын нышандарының бірі болып, неандертальдықтардын кәзіргі адам түріне айналу кезеңімен түспа-тұс келді.Олдувайлық мәдениет - бұл Homo habilis деп аталған ертедегі адамның («іскер адам») өмір сүрген уақыты. Олдувайлық кезең өзінің ұзақтығымен (шамамен 2 млн. жыл) палеолиттің басқа да кезеңдерін бәрін қосқаннан да асып түседі.Бұл кезде тас бұйымдардың негізгі бөлігін жаңқалар құраған, ал құралдардан сол кезең мәдениетіне сәйкес чопперлер мен чопингтер болған. Ағылшын тілінде чоппер және чопинг «шабатын құрал», «балта», «кесу механизмі» дегенді білдіреді. Чоппер - бұл тақыр тас кесінділерінен (өзен жұмыр тасы немесе домалак тастар), немесе жуан тастың жаңқасынан жасалған, кесетін жағы дөңес немесе жазық, тек бір беті (жағы) ғана өңделген, дөрекілеу келген кескіш сайман. Осы кезде ежелгі "Ноmo erеktus" ("тiк жүрген адам") архантроптары палеоантроптарға айналған. Бұл - ғылымда белгілі мустьелік неандарталь адамдарының уақыты. Сонғы палеолит (40-35 мың жыл - б.з.д. 10-мыңжылдық). Бұл адамның жер шарындағы климаттық аймақтарда кеңінен орналасу және нәсілдердің, нәсіл топтарының қалыптасу уақыты болды.Ойлауға қабілетті адамның пайда болуы мен соңғы палеолит дәуіріндегі адам қоғамының материалдық және рухани мәдениетінің әрі қарай дамуы арасында тура байланыстың болуы әбден мүмкін. Бұл құбылыс қоғамдық қарым-қатынастың ілгері дамуымен, рулық қоғам қалыптасу үдерісімен, адамдар ұжымындагы қогамдық ұйымның алғашқы айырықша формасы - рулықтың (алғашқы туыстық рудың) пайда болуымен тығыз байланысты. Туыстық ұйым барлық жерде аналык жүйелі және аналык тарапты болған, ал әйел қоғамда жоғары орында тұрған деп пайымдалады. Осылайша аналық ру, өзара қандық туыстық байланыспен және анасы бойынша есептелетін туыстық арқылы бірігетін адамдардың экзогамдық тобын құрды.Әйелдердің қоғамдық өмірдегі жоғарғы жағдайы отбасындағы қауымдық шаруашылыктың ерекшеліктерінен, әйелдердің ұрпақ жалғастыратын ролінен келіп шыққан еді.Ертедегі адамдардың идеологиялық танымдарындағы ошақтың ұйтқысы, оның басшысы ғана емес берекелі сақтаушысы да болған әйелдерге табыну ғұрпы кездейсоқ құбылыс емес.Соңғы палеолит дәуіріндегі адамдардың дүние танымы күрделілене бастады. Осы кезде жануарлардың бейне-сипатын меңгеру арқылы оларға билік ету сенімі арқылы шыққан жатқан аңшылық магия кең тарала бастады. Мезолит (орта тас ғасыры немесе палеолиттен неолитке өту кезеңі) пышақ пішінді пластинкаларды, оның ішінде микропластинкаларды бөлу техникасының өте жоғары дамуымен ерекшеленеді. Осы кезеңде пышақ пішінді пластинкадан құралдар жасау өте кең таралды.Әртүрлі микролиттерді дайындау, оның ішінде геометриялық бейнелі құралдар - сегменттер, трапециялар, үшбұрыштар, тікбұрыштар, параллелограммдар өндірісі кеңінен дами бастайды. Микролиттер дайындауда қолданылатын микроқиятын техника дамиды. Балта, шот балта, қашау сияқты кесу құралдарын, макролиттік арнаулы құралдар - кетпен, қайла жасау кең таралады.Кейбір мезолиттік мәдениеттерде тас қаруларды тегістеу техникасы, бұрғылау мен аралау техникалары пайда болады.Палеолитпен салыстырғанда түрлі сүйек индустриясы қалыптасады. Мезолиттік уақыттың тұрақтарында әртүрлі сүйек және мүйізден жасалған гарпундар, садақтар мен сүнгілердің ұштары, пышақтар, қанжарлар, балта мен шот және оларға муфталар, т.б. көптеп кездеседі. Осы құралдардың кейбір түрлері мезолитте ғана жасалынған.Өнердің сипаттарында да өзгерістер болды. Соңғы палеолитке тән жартастарға жазу біршама азаяды. Өнерде шартты-тұспалды сипаттағы бағыт ұлғаяды. Геометриялық оюлар кеңінен таралады. Оюдың негізгі элементтері түрлі сызықтар, нүктелер, штрихтер, "шыршалар", иректер, торлар, т.б. болды. Оюды жүргізуде көбіне ойып түсіру және бұрғылау техникасы пайдаланылды. Соңгы палеолиттегі орын алған ірі жаңалық - садақ - мезолитте негізгі аңшылық қару ретінде толығьшан қалыптасады. Соңғы палеолитте мүлдем белгісіз болған сыналы құралдар дамиды, олардың түр-түрі тарайды. Мезолиттегі аң аулау нысандары мезолит мәдениетінде өмір сүріп жатқан түрғындардың орналасуына қарай, яғни нақты экологиялық ортаға байланысты қалыптасады.

3-сұрақ( Қола дәуіріндегі Қазақстан)Тас ғасырынан кейін қола дәуірі келді. Біздің жерімізде қола дәуірі б.з.д. 3-мыңжылдықта басталған. Бұл дәуірде адамзат металды игерді.Ал өндіріске металдан жасалған құралдардың енуі еңбек өнімділігін арттырды, шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуына себеп болды, жаңаша әлеуметтік қатынастарды қалыптастырды.Адамзат баласының ой-санасы, өмір сүру тәжірибесі заман өткен сайын өсіп, өзгеріп отырды. Өндірістік тәжірибе ұрпақтан-ұрпаққа берілді. Сөйтіп, қоғамдық дамуда көбіне алға басу, ілгерілеушілік болып отырды.Адамзат қоғамының тарихында әр түрлі себептермен (табиғи зілзалалар, соғыстар, жаппай қуғын-сүргіндер, формациялардың ауысуы, т.б.) үлкенді-кішілі шегіністер де болып тұрды. Бірақ бұлар адамзат тарихындағы ілгерілеушіліктің уакыттық тоқыраулары, мезгілдік шегіністері еді.Өндірісте, тұрмыста ең бірінші пайдаланылған металл—мыс. Адамдар алдымен табиғатта кездесетін таза мыс қорытпасын пайдаланған.Осындай энеолит дәуірінен бастап табиғи таза мыстан жасалған ұсақ құралдар — біздер, жебе ұштары, мыс тілікшелер біздің жерімізде жиі кездеседі. Ал енді тотыққан мыстан металл қорыту тек қола дәуірінде басталды. Қазақстанның қола дәуірі, шамамен б.з.д. XVIII—VIII ғасырлар аралығын қамтиды. Кең тарихи-мәдени мағынасында қола дәуірінің алдыңғы (б.з.д. XVIII —XVI ғғ.) ЖӘНЕ ортаңғы кезеңдерінде (б.з.д. XV—XII ғғ.) тұстас. Қазақстанның қола дәуіріне үңілмес бұрын «Андронов мәдениеті» деп аталатын мәдениетке тоқталайық.Еуразия даласында қола дәуірінде өмір сүрген адамдардың қалдырған мәдениеті тарих ғылымында «Андронов мәдениеті» деп аталады. Бүгінгі таңда Андронов мәдени- тарихи бірлестігінің қола заманында өте кең таралғандығы белгілі болып отыр.Бұл мәдениет құрамына Қазақстан жері түгелімен кіреді.Қола дәуірінде Қазакстан жерінде бірінен соң бірі жалғасып келетін екі мәдениет болған. Оның көнесі — Андронов мәдениеті. Ал б.з.д. XII—VIII ғасырларда соңғы қола дәуірінде Беғазы-Дәндібай мәдениеті қалыптаскан.Орталық Қазақстанның қола дәуірі.Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштерінің ең көп таралған және жақсы зерттелген аймағы—Орталық Қазақстан. Бұл аймак қола дәуірінде адамның өмір сүруіне өте жайлы болды. Онда: Қарқаралы, Баянауыл, Ұлытау, Атасу, Көкшетау, Имантау, Жақсы-Жаңғыз- тау, т.б. кішігірім таулар бар. Бұл таулардың өзен-бұлақтарының бірі солтүстікке, бірі оңтүстікке қарай ағып жатады. Оның үлкендері — Есіл, Нұра, Сарысу, Торғай өзендері. Біз бүгінге дейін Бұл өлкелерде қола дәуірінде қандай тайпалар өмір сүргендігін білмейміз. Археология ғылымында осындай аты белгісіз жұрттарды солардың қалдырған археологиялық мәдениетінің атымен атайды. Қола дәуірінде Қазақстан жерінде Андронов мәдениеті таралғаны белгілі.Біз Бұл кезеңде өмір сүрген тайпаларды шартты түрде «андрондықтар» деп атаймыз.Орталық Қазақстанды археологиялық жағынан жоспарлы, нысаналы зерттеу 1946 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрылуымен байланысты. Оны ұйымдастырған және 80-жылдардың басына дейін баскарған Әлкей Қақанүлы Марғұлан болатын. Ә.Х.Марғұланның кезеңдеуі бойынша, Орталық Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштері екі мәдениетке — Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттеріне жатады. Андронов мәдениеті екі кезеңге бөлінеді: а) алдыңғысы—Нұра кезеңі; б) ортаңғысы—Атасу кезеңі. Нұра, Атасу өзендері атымен аталады. Андронов мәдениеті мен Беғазы-Дәндібай мәдениетінің арасында өтпелі кезең бар. Өтпелі кезеңнің мерзімдемесі — б.з.д. XII—XI ғасырлар. Беғазы-Дәндібай мәдениеті б.з.д. X—VIII ғасырлар, Бұл соңғы қола дәуіріне жатады.Нұра кезеңінін ескерткіштерін, негізінен алғанда, жерлеу орындары — көне қорымдар құрайды.Жерлеу орындары кішігірім қазандай, жалпақ тастарды жерге жартылай батырып орнатқан қоршау түрінде болып келеді. Тас қоршаулардың пішімі әр түрлі, киіз үйдің орны сияқты дөңгелек, тіктөртбүрышты, кейде тіпті шаршы (квадрат) түрінде де кездеседі. Әдетте, қоршаудың орта шенінде қабір болады. Қабір қабырғалары кішігірім жалпақ тастардан қаланған тас сандық сияқты. Тас сандық үсті (беті) бір немесе екі-үш жалпақ тастармен жабылады. Кейде тас сандықтың қабырғалары да тігінен қойылған үлкен жалпақ тастардан жасалады.Бұл дәуірде көбінесе өлген адамның сүйегін жартылай өртеп қойған. Адамның денесін қабірден тыс жерде өртеп, содан соң күйген сүйектерін қабірге жерлеген болуы керек. Өйткені адамның сүйектерімен қатар қойылған қыш құмыраларда, әшекей заттарда, қару-жарақтарда оттың ізі, белгісі жоқ. Нұра кезеңінін кейбір зираттарында адамды өртемей жерлеу ғұрпы да кездеседі.Адамды қол-аяғын бауырына алғызып отырғызып жерлеу қола дәуірінің басқа да ескерткіштерінде сирек болса да кездеседі. Кейбір андрондықтар «адам өлгеннен соң Жер-ананың жатырына да солай орналасуы»қажет деп есептеген болуы керек. Нұра кезеңінін қоршауларында адаммен бірге қыш құмыраларды, малдың етін қойған. Беғазы-Дәндібай мәдениеті.Бұл кезеңде Андронов дәуірінің кейбір белгілері сақталғанымен, жаңа сипаттағы,әжептәуір биік (1—1,5 м) оба-қоршаулар,сыртын айнала үлкен гранит тастармен көмкерген ірі-ірі жерлеу орындары пайда бола бастады. Өтпелі дәуірге тұрқы қысқа, бүйірі шар тәріздес томпайған, түбі тегіс қыш ыдыстар тән. Мысалы,ыдыстың бүйірінің көпшілік аумағында — ішінде көлбеу сызықтары бар (штрихталған) ленталар осы өтпелі кезеңде пайда болды да, Беғазы-Дәндібай заманында ең жиі кездесетін өрнекке айналды. Өтпелі кезең ескерткіштері өте аз зерттелген. Өтпелі кезеңде түрлі түсті тастардан жасалатын ұсақ моншақтар пайда болды. Ертеде майдан шебінде каза тауып, сүйегі жау қолында кетіп, не табылмаған жағдайда, сол адамның тіпті бір бармағы табылса да, не сауытының бір бөлігі табылса да, зиратына соларды көметін ғұрып болған. Бұл ескерткіштер сол қауымның ішінен шыққан көсем, қолбасшы, ру басылардың зираты.Орталық Қазақстанның қола дәуірінің ең соңғы кезеңі — «Беғазы-Дәндібай мәдениеті» деп аталады. Оның хронологиялық шектері, өтпелі кезеңді қоса есептегенде, б.з.д. XII—VIII ғасырлар. Беғазы-Дәндібай мәдениеті ескерткіштерінің ең басты ерекшелігі болып өте жоғары дәрежеде дамыған тас архитектурасы. Бұл мәдениетке жататын үйлердің, жерлеу орындарының кұрылыстары өте ірілігімен, тас қашау, тас қалау өнерінің жетілгендігімен ерекшеленеді. Олардың қабырғалары екі қатар болып, тастар бір-бірімен иленген балшық арқылы байланыстырылып, ішкі және сыртқы жақтарына тастың тегіс бетін қаратып қалаған. Шаруашылық кәсіптің жаңа түріне көшу тұсында ірі-ірі мәдени кауымдар пайда болды. Зерттеулердің нәтижесі Орталық Қазақстанның дүние жүзіндегі ежелгі мәдениет орталықтарының бірі болғандығын айқындап берді.

4-сұрақ (Қазақстан тарихы бойынша ертедегі жазбаша деректер) Көне парсы деректері.Тарих ғылымы белгілі бір мәселені зерттеуді, оң алдымен, деректер жинаудан бастайды. Деректер тарихи болмысты шындық тұрғысынан оқып-үйренуге бағыт береді. Ежелгі Қазақстан тарихы жөнінде жазбаша деректемелер көне парсы, көне грек, латын, қытай тілдерінде бізге келіп жетті. Бұл жазбаша деректемелер мазмұны мен сипаты жағынан сан алуан.Басты деректемелердің бірі Зороастризмнің киелі «Авеста»1 деген ісітап атауымен белгілі. Ахура Мазда Құдайына арналған «Авеста» жырларының авторы Заратуштра («Кәрі түйеші» деген мағына береді) делінеді. Заратуштра Каспий теңізінің шығыс-солтүстігін қоныстанған арий тайпасының Спитама руынан шыққан.Шамамен алғанда, адамзат тарихындағы тұңғыш пайғамбар, абыз Заратуштра, біздің заманымызға дейін IX ғасырда өмір сүрді. Табиғи дарынының арқасында арийлердің батыр ұлдары жайлы жырлап, отыз жасында жаңа дінді ойлап табады. Қазақстан, Орталық Азия, Иран, Әзірбайжан, Aуғанстан жерінде таралған Заратуштра ілімінің қасиетті жазбалар жипағы біздің заманымызға дейін III ғасырында хатқа түскен 21 кітаптан тұрады. «Авестаның» сақталған бөлігінде Құдай атына айтылатын әнұрандар (гимндер) бар.Басында Айға, Күнге, отқа, суға табынатын арийлер оның діни уағыздарын қабылдай қоймады. Әсіресе турлар қатты қарсылық көрсеткен. Заратуштра басқа жақтарға қоныс аударып, өз ілімін көрші елдерге таратады. Осылайша зороастризм діні дүниеге келді. Көне грек авторларының шығармаларыКелесі кезекте — Ежелгі Қазақстан жөнінде ең көп хабар жинақтаған антик (көне грек) авторларының шығармалары. Көбіне грек және ішінара латын тілдеріндегі деректердің ішінен Кіші Азиядағы Галикарнас қаласынан шыққан ежелгі грек тарихшысы Геродотты (біздің заманымызға дейін 490 және 484—425 жылдардың арасы) ерекше атауға болады. Ежелгі Рим ғұламасы Цицерон Геродотты «тарихтың атасы» деп көрсетеді. Көне грек авторларын үлгі етуіміздің себебі, олардың мұраларының ең ескі дерек көздері болғандығынан деп ойлаймыз. Біздің заманымызға дейін V ғасырдың ортасында жазған «Тарих» атты тоғыз томдық еңбектің 4-томында тұңғыш рет антикалық әдебиетте скифтердің географиялық орналасуы, саяси тарихы, әдет-ғұрпы, тұрмысы суреттеледі. Геродот скифтердің Шығыстағы далалық көшпелі тайпалар арасынан келгенін айтады. Геродот грек авторларының көпшілігі сияқты сақтарды «азиялық скифтер» деген терминмен атайды. Скиф атауы Солтүстік Қара теңіз өңірі мен Алдыңғы Азияның көшпелі тайпаларына қатысты қолданылады. Грек деректемелерінде басқа да тайпа атаулары кездеседі. Мысалы, массагеттер, сарматтар (савроматтар), аргиппейлер, аримаспылар, исседондар және т.б. Геродот массагеттерді Каспий теңізінен шығыска қарай, Сырдарияның (Аракстің) арғы жағына орналастырады. Сақтар мен массагеттер еліне жасалған Дарийдің, Кирдің жорықтарын егжей-тегжейлі әңгімелейді.Сақтардан солтүстікке қарай орналасқан сайримдер туралы Геродоттан барынша толығырақ деректер алуға болады. Геродот: «Танаис өзенінің (қазіргі Дон) арғы жағы сарматтардың қолында», — дей келе, Доннан Еділге дейінгі аралықты меңзейді. Сарматтар тайпа бірлестігі құрамына Солтүстік-батыс Қазақстан өңірінен шыққан аорстар да енген. Жайық — Елек өзендері аралығынан табылған археологиялық ескерткіштер де аорстардың сарматтармен мәдени ұқсастықтары бар екендігін анықтады. Геродот Дарийдің Скифияға жорығы туралы айта келіп: «Сарматтар скифтер жағында белсенді түрде соғысты», — деп жазды. Оларды әйелдер басқаратындығын айта келіп, амазонка әйелдер тайпасы туралы аңызды баяндайды.«Сармат әйелдері садақ атады, сапы лақтырады, аттың үстінде жүреді. Барлық саны үш жауды өлтіргенше қыз күйеуге шықпайды», — деп көрсетеді. Сарматтар негізінде біздің заманымға дейін IV—III ғасырларда Сармат тайпалар одағы құрылды. Бұл жаңадан құрылған Сармат тайпаларының одағы аорстар, сирақтар, роксаландар, аландар, 30 языгилерден түрды. Соңғы жылдардағы Батыс Қазақстаннан табылған » Алтын адам», «қайқы қылыш» сияқты археологиядағы жаңалықтар сарматтардың әскери өнері дамығандығы туралы Геродот жазбаларын растай түседі. Ал Геродот болса, халықтардың шығыстан батысқа қарай көшуін айта келіп: «Солтүстік-шығыс Қазақстанды мекендеген аримаспылар исседондарды өз жерінен ығыстырып шығарды. Ал исседондар скифтерді отырған орнынан қозғады, ал киммериліктер скифтердің тепкісіне төтеп бере алмай, өз елін тастап кетті», — деп жазды. Геродот: «Осынау көші-қон біздің заманымызға дейін VII—VI ғасырларда жүзеге асты» деп көрсетеді. Исседондарға ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстандағы Тасмола мәдениеті тән. Ал Шығыс Қазақстандағы сақтардың Берел, Пазырық, Шілікті қорымдары ежелгі өркениеттің қанат жайғандығын көрсетеді. Геродот сақтардың шөптен шыққан буды пайдаланатыны туралы таңғала әңгімелейді. Геродоттың баяндауынан сақ тайпалары ішінен массагеттер мен исседондардың бір-біріне ұқсас тайпалар екендігін байқауға болады. Тарих атасының айтуынша, массагеттер Аракс (Сырдария) өзенінен шығысқа қарай исседондарға қарама-қарсы мекендеген ірі әрі күшті тайпа болған.Бұл тайпалар жайлы Страбон еңбектерінен де табуға болады. Ертедегі грек географы әрі тарихшысы «География» еңбегінің авторы Страбонның (біздің заманымызға дейін 64 — біздің заманымызда 23 жылдары) мәлімдеуіне қарағанда, Каспий теңізінің шығысына қарай тұратындар массагеттер мен сақтар делінеді. Ал қалғандарын Страбон жалпылама скифтер деген атаумен береді. «Бірақ әрбір тайпаның дербес атауы бар. Олардың арасындағы барынша белгілілер: асиилер, пассиактар, тохарлар, сакаравилер. Массагеттер тек Күнді ғана Құдай деп санайды және оған құрбандыққа жылқы шалады… аттылы-жаяу жақсы жауынгерлер. Ұрысқа алтын белдік тағып шығады. Аттарына алтын жүген салады. Оларда күміс жоқ, темір аз, бірақ қола мен алтын өте көп..Қытай жазба деректері Қытайдың Батыс аймақтарды бағындыруға ұмтылуы сол өңірдегі халықтар жөнінде материалдар жинаудан басталды. Қытай жазба деректері өзінің көлемі жағынан және жүйелі жазылғандығымен ерекшеленеді.Қазақстан тұрғындары туралы алғашқы анық мәліметтер император У-ди (біздің заманымызға дейін 140—87жылдары) Батыс өңірге жіберген тұңғыш Қытай елшісі Чжан Цяннан алынды. Қытай жазбаларындағы «Батыс өңір» деген жерлер қазіргі Шыңжаң (Шығыс Түркістан) және Қазақстан мен Орталық Азияның біраз бөлігіне қатысты қолданылды.Чжан Цянь екі рет Батыс өңірде болып қайтты.

5-сұрақ( Қазақстан жеріндегі сақтардың тайпалық одағы) Б.з.б. І мыңж. Қазақстан территориясын мекендеген – сақтар. Олардың материалдық мәдениеті мен қоғамдық құрылысы жағынан оңтүстік Сібір тайпалары және Ресейдің Еуррпалық бөлігінің далалық аймақтарын мекендеген скиф тайпаларымен ұқсастықтары болды. Сақтарды әр елде әр түрлі атаған: гректер – Азиялық скифтер, парсылар – құдыретті еркектер, ирандықтар – жүйрік атты турлар. Б.з.б VII – VI ғасырлрда сақ одағы құрылды. Сақ қоғамының сипаты – әскери – демократиялық . 3 негізгі топқа бөлінген, әр топтың өзіндік дәстүрлі түстері болған: жауынгерлер – қызыл түс, абыздар – ақ түс, қауым мүшелері – сары және көк түс. Тайпа көсемдерін жауынгерлер тобынан сайлады. Мейрамдарда садақ атып сыналған садақшылар ең мергені – тайпаны басқару құқығын иеленді.Тайпа одағының билеушісі – патша. Сонымен қатар патша – көктемде жерге алғ. сақа салушы, малшыларды үйрететін ұстаз, құдайлардың қалаулысы, аспан мен жер арасындағы дәнекерші болып есептелген. Маңызды мәселелер халық жиналысында талқыланып, оған әйелдер де қатысты. Сақ әйелдері қоғамдық құрылысқа белсенді араласып, ерлермен қатар сағысу құқығына ие болған. Малға жеке меншік п.б., мүлік теңсіздігі шықты. Соғыс тұтқынд. құл етіп, үй жұмыстарына салды. Бұл кезең алғ. қауымлық құрылыстар ыдырап, әскери демократия құрылысының п.б. бастаған кезең. Әскери демокр. таптықкезенге өту, кезеңі болғандықтан, сақтар мемлекет құру ісінің қарсаңында болды. Сақтардың негізгі шаруашылығы – көшпелі мал шаруашылығы. Бұл дала өміріндегі тайпалардың өміріндегі үлкен экон. пргресс болып саналды. Сақтар м/ш үш түрін үйлестірді: 1) көшпелі м/ш – Батыс және Орталық Қазақстанда; 2) Жартылай көшпелі м/ш – Шығыс Қ-н, Жетісу, Батыс пен Орт. Қ – ның бір бөлігі, Тянь-Шань, Алтай тауларының етегінде; 3) Отырықшы м/ш – Оңт. Қ – н, Талас, Шу, Сырдариы, Келес өзендерінің бойында. Сонымен қатар бұнда суармалы егіншілік те басым болды. Жылқы өсіру маңызды орын алды. Шөлейт жерлерде түйе өсіру дамыды. Ірі қара аз өсірді. Өзен, сулы аймақтарда тұратындар суармалы егінш. айналысты. Ерекше суару жүйесі бар егістік аймақтар: Сырдарияның оңт. аңғарындағы Шірік – Рабат, Бәбіш молда қоныстары. Сақ тайпалары металл, қолөнер дамыды. Сақтар Алтай, Сібір, Шығыс және Еур. халықтарымен сауда жасады. Б.з.б. І мыңж. Еуразия далаларында дәстүрлі халықаралықжәрмеңке өткізіліп отырған. Ұлы Жібек жолының лазурит пен нефрит тасылатын жеке бөліктері: Лазурит – Памирден Иран мен Месапотамияға, Нефрит – Қашқаридан Қытайға жеткізілген; б.з.б. І мыңж. орт. «дала жолы» жұмыс істей бастады: Хуанхэ өзенінен Алтай, Қазақстан және Қара теңіз жағалауындағы даладан өтіп, грек, этрустар еліне жеткен. Б.з.б. VII ғ. бастап Сібір, Қазақстан, Еділ бойы және Еур. оңт. «аңдық стиль» п.б. Бұл өнерменАлдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарында танысқан. Жылқы күн мен отпен байланыстырылды. Қабан күн күркіреу құдайы деп сенді. Сықтардың әлем құрылымы туралы түсініктер: Жер асты, жер, көк әлемі; дүниенің төрт бұрышы- оңжағы, сол жағы, алдыңғы, артқы. Ал көшпелі отқа, күнге, соғыс құдайына табынды. Зергелік өнер жоғ. дәрежеде болды. Ағаштан ойып жасаған бейнелер, сәндік бұйымдарды алтынпен аптау кең таралды.Олар Екік және Шірік-Рабаттан табылды. Антропологтар олардыеуропалық нәсілге жатқызады, алайда монғолоидтық белгілер Солт. және Шығыс Қ-дымекендеген сақтардан байқалады. Сақтар тілі – шығыс – ирандық Сақ әулетінің негізін қалаушы Алып Ер Тоңға (Афрасиаб) деген дерек бар. Сақтар көк тәңіріне табынды. Оларды матриархаттық ел билеу дәстүрі сақталған. Мысалы, Зарина, Томирис.Сақтардың саяси тарихы. Парсылардың патшасы Кир, Мидия патшасы Крезбен б.з.б. 558-529 жж. соғысқанда, сақтармен одақтасқан. Кейін Кир сақтарды, массагеттерді өзіне бағындаруды ұйғарды. Кир сөйтіп, Сақ жеріне басып кірді. Алайда парсылар сақтарды жеңдік деген кезде, сақ жауынгерлері тұтқиылдан бас салады. Кир де, әскерлері де өлтіріледі. Томирис туралы аңыз осы кезде шықты.Кирдің Орта Азиядағы басқыншылық жорықтарын 1 Дарий /б.з.б. 521-486 жж/ жалғастырды. Парсылар сақтарды аз уақыт бағындырады. Б.з.б. 6 ғ. соңы 5 ғ. басында (500-449 жж) ежелгі Шығыстағы грек-парсы соғысында сақ тайпалары парсылар жағында болды. Б.з.б. 490 жылғы грек-парсы әскерінің Марафон жерінде болған соғысында сақтар парсылармен бірге гректерге қарсы соғыстыБ.з.б. 4-ғ. 30-ж. Александр Македонскийдің грек әскерлері соңғы Ахеменид, 3 Дарий Кодоманның армиясын талқандап, Орта Азияға басып кіреді. Олар Маракандты (Самарқанд) алып, Сырдарияға келеді. Сыр бойына бекіну үшін, Шеткі Александр деген қала салады. Алайда гректер жеңгенімен , ыстық табиғатқа шыдамаулары, Александрдың аурып қалуы гректерді Самарқанға шегінуге мәжбүр етті. Александр б.з.б.323 ж. сүзектен өлді. Оның ала-құла империясы ыдырап кетті.Археологиялық ескерткіштері. Бұлар қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері.Орталық Қазақстан. Бұл жерден Тасмола мәдениеті (б.з.д. 7-3 ғғ.) ашылды. Зерттеуді археологтар Ә.Марғұлан, М.Қадырбаев жүргізді. Бұл обалардың ерекшелігі – оларда тас жалы, “мұрты” болады. Бірнеше варианттардан тұрады. Негізгі обаға жанаса немесе оның шығыс бетінде, иек астында кіші оба тұрады, одан шығысқа қарай доғаша иіліп, ені 1,5-2 м, ал ұзындығы 2-200 м дейін кейде одан ұзыныда болады, екі жал кетеді. Үлкен обаға үйілген төбе астында жерден қазылған қабырда өлген кісінің мәйіті жатады, ал кіші қорғанда үйінді астындағы қабырға ат пен ағаш ыдыс-аяқтар қойылады.Батыс және солтүстік Қазақстан. Еділ мен Жайық арасындағы аймақтан қорымдардың көп шоғырланған жері – Үлкен және Кіші өзеннің бойлары, Қамыс-Самар көлдерінің өңірлері, Елек, Шаған, Ембі жағалаулары. Обалардың көбінде үйінділері бар, ал олардың аса үлкендері орлармен қоршалған. Тас үйінділері немесе топырақ пен уақ тастар араластырылған үйінділері бар обалар сирек кездеседі. Қабырлар шығыстан батысқа қарай ыңғайлай қазылады, ал өлгендер молаларда емес, обалар үйінділері астындағы арнайы дайындалған алаңдарға қойылады. Шығыс Қазақстан. Алтай аясынан, Шыңғыстау мен Тарбағатай бөктерлерінен кездеседі. Үлкен патша обалары бар. Ол Шілікті алқабында шоғырланған. Бұл өңірдің мәдениеті үш кезеңнен тұрады. Мәйемір кезеңі (б.з.д. 7-6 ғғ), берел кезеңі (б.з.д. 5-4 ғғ.), құлажүргін кезеңі (б.з.д. 3-1 ғғ.). Мәйемір кезеңінің соңында салт кісіні атымен бірге қоятын қабырлар пайда болады. Жетісу мен оңтүстік Қазақстан. Бұл сақ тайпалары мекендеген аса көлемді аймақ: тиграхаудтар – Жетісуда, ал массагеттер Арал өңірі мен Сыр бойында. іле алқабында Бесшатыр, Есік, Түрген, Кеген, Алексеев обалары осы алқаптан табылды. Жетісудағы сақ мәдениеті екі кезеңді: ерте кезеңі (б.з.д. 8-6 ғғ) және кейінгі кезең (б.з.д. 5-3 ғғ.). Соңғы кезеңдегі патша обасына Бесшатыр қорымы мен Есік обасы жатады. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағалауындағы Шылбыр деген жерде, ол 31 обадан тұрады. Қорымның барша обалары екі топқа бөлінеді, үлкен обалар – диаметрі 45 м-105 м-ге дейін. Биіктігі 6-18 м. Салынған уақыты б.з.д. 5 ғ. Есік обасы Алматының шығысында 50 км жерде. 1969-1970 жж. зерттелінді. Іле Алатауы баурайында. Обаның диаметрі 60, биіктігі 6 м. Топырақ үйіндісінің астында екі қабыр – орталықтағы және бүйірдегісі бар. Орталық қабыр тоналған. Бүйірдегісі аман жетті. Жерленген 18 жасар ханзада. Ол киіндіріліп, қару-жарақ таққан күйінде жерленген. Ыдыс-аяқтар, бүйіріне 26 таңбадан тұратын екі жол сөз жазылған күміс тостаған жатыр. Өліктің басына биік былғары қалпақ-дулыға кигізілген, оның сыртына алтын бұтақтарына құстар қонған, сирек ағашты тау бейнеленген. Дулығаның төбесіне тәж ретінде титімдей арқар бейнесін қойған. Марқұмның мойнына ұшы барыс бастарымен безендірілген алтын өңіржиек салынған, құлағына бирюзадан салпыншағы бар сырға тағылыпты. Екі саусағында алтын жүзіктері бар. Белбевінің оң жағына қызыл түсті ағаш қынапты, ұзын сессер ілініпті. Семсер темірден, оралмалы-орам бедері бар сабы имектев. Сол жағына ақинақ-қанжар ілінген. Есік обасының салынған кезі б.з.д. 6 ғ. деп есептеледі. Оны зерттеген археолог К.Ақышев (Курган Иссык. М., 1973г).Арал өңірі сақтары мәдениеті – Хаомаваргалар. Тегіскен, Ұйғарақ, Оңтүстік Тегіскен қорымдары. Шаруашылығы мен қоғамы. Мал шаруашылығымен де егін өсірумен де айналысқан. Жылқы өсірген. Екі тұқымы болғаны анықталды. Оның біревІ басы үлкен, аяғы жуан, денесі шомбал, жатаған жылқы, ал екіншісі шоқтығы биік бойшаң, сымбатты жылқы, оны қарулы жауынгерлер мінетін болған. Қой бағумен де айналысқан.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]