Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Документ Microsoft Word.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
25.10.2016
Размер:
26.17 Кб
Скачать
  1. Унификацияның мақсаты

Унификация мақсаты - ақталмаған өнім, процесс түрлерін жою және оларды негізгі тұтынушыларға қажетті ең аз санға жеткізу.

Унификация - стандарттау нысандарының жүйеленуінде, типтенуінде, селекциялануында, симплификациялануы мен оптимизациялануында негізделіп, мынандай бағыттарда жүзеге асады:

♦ бұйымдар, машиналар, жабдықтар, құрылғылар, тораптар мен бөлшектердің

параметрлік және типтік өлшемдік түрде жасалуы;

♦ біртектес өнімнің унификацияланған топтарын құру мақсатында типтік

бұйымдарды жасау;

♦ унификацияланған технологиялық процестер, сынақтан өткізу әдісі,

құжаттар формасы және т.б. жасалуы;

♦ стандарттаудың біртектес нысандары номенклатураларының мақсатқа лайық

минимуммен шектелуі.

  1. Селекция, симплификация, оптимизация

Селекция - өндірісті ары қарай дамыту немесе қызметтің әр саласында қолдану үшін мақсатқа лайықсыз болып мойындалған стандарттаудың нақты нысандарын іріктеуде анықталады.

Симплификация, селкция қарама - қайшылығында өндірісті ары қарай дамыту немесе қызметтің әр саласында қолдану үшін мақсатқа лайықсыз болып мойындалған стандарттаудың нақты нысандарын іріктеуде анықталады.

Басқа сөзбен айтқанда, симплификацияның астарында мақсатқа лайық минимумге (мысалы, тара, ыдыс, бекітпе элементтері типтік өлшемдерінің қысқартылуы) дейін ең аз қолданылатын элементтердің қарапайым түрде қысартылуы жатыр.

Оптимизация - стаңдарттаудың ең жақсы (оптималды) нысанының таңдалуы. Стандартталатын нысандардың параметрлеріндегі (тұтынушы қасиеттерінің қауіпсіздігі, сапасы және белгіленуі) оптималды мәндердің табылуында анықталады.Унификация типтік көлемдік (мысалы, басты параметрдің өзара сандық мәнмен ажыратылатын бір қызметтік міндеті бар өлшем), ішкі типтік (мысалы, бас параметрлі бірдей бірақ құрама бөлшектерінің құрылымдары әр түрлі өнім) және типтік аралық (мысалы, құрылымы әр түрлі өнімдер) өтілетін салаға байланысты нысан унификациясы салааралық, салалық және зауыттық болуы мүмкін.

Унификация өзінің экономикалық әсерін жобалау сатысында көрсетеді.

Унификация нәтижесі бөлшектер, тараптар, типтер, құралған бірліктер мен стандарттар, параметрлер мен көлемдерді, құрылым, марка және т.б. типтік құрылымдарды альбом түрінде рәсімдейді.

Бұйымның типтік көлемдік қатарындағы унификацияның пайдаланылуына тоңазытқыштардың ГОСТ 26678 мысал бола алады. Параметрлік қатарда тоңазытқыштардың 17 түрі және белгілі бір типтік көлемді яғни жалпы көлем мен температурасы төмен бөлім көлемінің белгілі бір мәні бар мұздатқыштардың үш түрі бар. Стандартта параметрлік қатардың шеңберінде (мысалы, 270 және 300см3камера көлемі және 80см3төмен температуралы бөлім көлемімен) унификацияға жататын және бір типтік көлем шеңберінде (мысалы, қосылатын көлемдер бойынша тоңазытқыштық агрегаттар, конденсаторлар) унификацияға жататын құрама бөлшектердің тізімі көрсетіледі.

Қорытынды

Техниканың кез - келген басқа салалары сияқты стандарттау саласындағы қызметтің сәтті болуы үшін де нақты, ғылыми тұрғыдан негізделген терминология қажет. Терминологияның жүйесіздігі мамандардың бір - бірін өзара түсінулерін қиындатады, ортақ әдістемелік қүралдарды жазуға кедергі береді, халық шаруашылығын бақаруға арналған жаңа, есептеуші техниканың енуіне кері әсерін тигізеді. Унификация (латын тілшен аударғанда unus - один) - өнім, процесс және қызмет түрлері оптималды санының таңдалуы және олардың параметрлері мен көлемдерінің мәні. Бірыңғай мақсатқа пайдаланылатын объектілер санын тиімді түрде азайту.

Унификация стандарттаудың тиімді және кең тараған әдісі. Оның негізгі мақсаты еңбек өнімділігін арттыру, өнімді өндіруге және пайдалануға жұмсалатын шығынды азайту, сапасын жоғарылату, бұйымдардың бір-бірін алмастыратындай болуын қамтамасыздандыру.

Унификация – бұл бір заттың бір жүйеге, формаға, біркелкілікке алып келінуі. Мысалы, техникада унификация деп өнім түрлері мен оның өндірілім қорының типтік көлемдері, маркалары мен өзіне тән қасиеттерінің ең аз санына келтірілуі және бірдей қызметтік мәні бар бөлшек, агрегаттардың тиімді түрде қысқартылуын түсінеді.