Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

На сортировку / 2 / Тарих / билет тарих / 1.Қазақстан тарихы / Тарих / жанарбектен / на каз / Қазақстан Республикасының Конституциясы

.doc
Скачиваний:
26
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
29.18 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының Конституциясы (Негізгі заңы)

Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің тұңғыш Конституциясы 1993 жылдың 28 қаңтарында қабылданды. Тәуелсіздік алған 1991 жылға дейін Қазақстан Қазақ Кеңестік Социалистік республикасы деген атпен бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының құрамында болып келді. КСРО дегеніміз – құрамында 15 одақтас республикалар, ұлттық өлкелер, автономиялық облыстар мен аудандар кіретін алып социолистік империя болатын. Ол 1991 жылдың желтоқсанында саяси және экономикалық дағдарыстың салдарынан ыдырап кетті де, одақтас республикалар өз тәуелсіздіктерін алды. Кеңес империясының идеяларына саяси және экономикалық дағдарыстан басқа ұлттық аймақтарға азаттық, егеменді және тәулсіздік үшін болған күрестер де әсер етті, 1993 жылғы алғашқы Конститутция қабылданғанға дейін Қазақстан азаматтары Қазақ КСР Конституциясын пайдаланып келді. Контитуция (негізгі заң) бәрінен бұрын мемлекеттің саяси құрлымы туралы басты құжат болып табылады. Басқа заңдар соның негізнде туындайды. Аталған Контитуция 1993 және 1995 жылдардағы өтпелі кезеңде Қазақстан Республикасының жаңа тәуелсіз ел ретінде қалыптасуында елеулі рөл атқарады.

Астана – Арман қаласы

Мемлекетіміздің астанасы – Астана қаласы 1998 жылға дейін астанамыз әлемдегі ең сұлу қалалардың бірі Алматы болып келеді. Астананы ауыстыру көптеген экономикалық, саяси, демографиялық, геграфиялық жағдайларға байланысты туындады. Біріншіден, бұрынғы Ақмола, қазіргі Астана қаласы республикасының ортаңғы аймағына орналасқан. Бұл облыстар мен аудандарды басқару қолайлы. Екішіден, қаласы кеңдетіп, жаңа кұрылыстар салу бұл өлкенің экономикасын көтеруге, еліміздің солтүстік аудандарындағы әлеументтік – экономикалық ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді.

Үшіншіден, Астаналық орналасқан жері мемлекеттің геосаяси мүдделерін қанағаттандырып, оның ұлттық қауіпсіздігін нығайтуға ықпал жасайды.

Бүгінгі таңда Астана қаласы күн сайын көркейе түсуде. Астананы Алматыдан Астанаға ауыстыруға байланысты Н.Ә. Назарбаев: «Бізге ұлы Алатаудың баурайы тар бола қойған жоқ, керісінше жетісуды тастап кетуді қимаймыз. Бірақ тарихтың қатал талаптары осындай. Ахуал өзгеруге Астананы ғана емес, көрші облыстарды да өзгерту әлем алдында күлкіге қалдырмақ. Ал Алматы республиканың ғылыми және мәдени орталығы ретінде әрбір Қазақстандықтың жүрегіне жақын қала болып қала бермекші», деді.

Экономикасы

Қазақстан Республикасында өндірістік бұйымдар шығаратын 2700-дей кәспорын жұмыс істеп тұр. Оларда 812 мың адам еңбек етеді. Еліміздің жер қайнауы пайдалы қазбаларға бай. Бізде мыстың, қорғасынның мырыштың, кадлеийдің, бір сөбен айтқанда, пеиодтық кестедегібарлық элементтердің мол қоры бар. Хром кендері жөнінен Қазақстан дүниежүзінде бірінші орынға ие. Хром қоры 430 млн. тоннаны құрайды. Ал 10 млн. тонна қоры бар марганец кеңі жөнінен біз әлемдегі үшінші орынға иеміз.

2000-ші жылдың 1 қаңтарында қарай Қазақстанда екі мыңдай шетелдік және біріккен кәсіпорындар жұмыс істеді. Олардың 1004-ті біріккен және 861-і шетел кәсіпорындары болды. Оларды құруға 92 елдің өкілдері қатысқан екен. Африка елдерімен жасаған келісім шарттарға сәйкес жер ретіндегі барлық құрлықтармен сауда қарым-қатынасын орнатқан.

Қазір Астана Құрлысы шапшаң жүруде, жаңа тұрғын үйлер мен зәулім ғимараттар жаңбырдан кеінгі саңырауқұлақтай көбейіп келеді. Аз уақыттың ішінде Прези денттік Мәдени орталық, Конгресс – холл, Мәдениет сарайы, Л.М. Гумилев атындағы Евразия университеті ауқымды жаңа тұрғын ықшам аудандар, халықаралық деңгейдегі мейманханалар салынып, Абай мен Кенесары ханға ескерткіштер орнатылады. Қала ортасын жарып өтетін Есіл өзеннің жағалауы көркейтіліп, жаңа алаңар мен сад-бақтар бой түзеді. Есілдің сол жағалауында тұтастан тұрғын үй кварталдары Үкімет пен Парламентке арналған әкімшілік ғимараттары, Президент Резиденциясы, министірлік үйлері, жаңа опера театыры, жаңа әуежай салынуда. Жұрттың өз алдында Астана Қазақстанның ең көркем қаласына айналды!